Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет45/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
72 
Өтініш айтып үйренгеннен кейін алғыс айтып 
үйрену керек. Алғысты міндетті түрде сыйлыққа, 
белгілі бір әрекетке ғана емес, жай ғана айта алу керек. 
Алғыс айта білу де сіздің әйелдік миссияңыз. 
 
 
Алғыс 
айту 
арқылы 
сіз 
өзіңіздің 
әйелдік 
энергетикаңызды көтересіз, ал өтініш айтып еркектің 
тестостеронын көбейтесіз.
Алғыс айтып үйрену үшін күйеуіңіз немесе жігітіңіз 
жайлы жақсы ойлап үйренуіңіз керек. Себебі сіздің 
миыңыз күйеуіңіз жайлы жаман ойласа алғыс та айта 
алмайды. Сіздің миыңыз өзіңіз сызып қойған жолмен 
жүреді.
Ер адам жайлы жақсы ойлау үшін жаттығу: 
Онымен жұмыс жасау үшін қағазға бір бағанға 
күйеуіңіздің сізге ұнамайтын әрекеттерін, жағымсыз 
қылықтарын жазып шығыңыз. Ал екінші бағанға әр 
жағымсыз қасиетіне қарама-қайшы қасиет жазып 
шығыңыз. Мысалы, жалқау деп бірінші бағанға жазсаңыз 
екінші бағанға еңбекқор деп жазыңыз. Сараң деп жазсаңыз 
жомарт деңіз. Барлық қасиетін толтырғаннан кейін екінші 
бағандағы 
қарама-қарсы 
жағымды 
қасиеттерін 
дәлелдейтін, бүгін жасаған әрекеттерін жазып шығыңыз. 
Күнделікті. Мысалы, екінші бағанға еңбекқор деп 
жаздыңыз ба, бүгін ол еңбекқор болатындай қандай әрекет 
жасады соны жазыңыз. Бүгін жомарттығын көрсететіндей 
қандай әрекет жасады? Осылай кестені күнделікті 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
73 
толтырыңыз. Солай сіз өзіңіздің миыңызды күйеуіңіз 
жайлы жақсы ойлар ойлауға үйретесіз.
Ал күйеуіңіз жайлы жақсы ойласаңыз, оған жай ғана, 
ештеңе істемесе де алғыс айта алатын боласыз. Сыйлық 
сұрап үйрену үшін, алдымен алғыс айтып үйрену керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет