Ер мен әйелдің шекарасында,
самооценкасында қандай
айырмашылық бар?
Ер
адамдар
көбінесе
өздерін
біріншімін деп ойлайды. Өздерінің
өмірінде олардың самооценкалары өте
жоғары. Оларға біреу шектеу қойса,
бірден бұлқан-талқан болып шығады.
Мысалы, әйел адам оған контроль
жасаса, телефонын алып, хаттарын ашып, қалтасын
тексерсе, ол өз шекарасын бірден қорғайды. Ұрысып,
ашуланып, ештеңесін ұстатпай қояды. Тағы ер адамдардың
көбісі басқа адамның қызығушылығын өзінікінен жоғары
қоймайды дей аламын. Мысалы, әйелі бір затты алғысы
келіп тұр. Ал ер адам алғысы келмейді. Ол шаршап тұр,
немесе ақшасын қимай тұр. Ондай кезде ер адам біреудің
қызығушылығын бірінші орынға қоймайды. "Қойшы,
келесі жолы алайық",- дей салады. Бұл еркектің әйелді
бағаламайтыны, жақсы көрмейтіні дегенді білдірмейді.
Бұл ер адамның өз қажеттілігін (шаршап тұр, бір жаққа
шаршағандықтан шыққысы келмей тұр) бірінші орынға
қойғанын білдіреді. Өзінің қажеттілігін кім жоғары қояды?
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
74
Самооценкасы жоғары, шекарасын қорғай алатын адамдар
жоғары қояды. Ал ер адамдардың көбісінде балалық
травма, салыстырып өсу, қысылып өсу деген болмады.
Біздің менталитетімізде ер баланы патшадай көреді, ер
баланың айтқанын екі етпей орындап, оның қажеттілігін
қыздарға қарағанда жоғары қояды. Соның арқасында ер
адамдарымыздың самооценкасы жоғары, ал шекарасы
нық. Бұл жаман демеймін, бізге керегі тек ер адамдардан
үлгі
алып,
өзіміздің
дәрежемізді
көтеру
және
шекарамызды қорғау.
Ер адамның керемет самооценкасын айттық, ал әйел
адамда қалай? Әйел адам шаршап тұрса да, ауырып тұрса
да, енесі, қайын апасы, күйеуі "мынаны істей салшы"
дегенде, әйел адам өзінікін қояды да, солардың айтқанын
бірінші орынға көтереді. Барлық әйел емес, тек өзінің
маңыздылығын көре алмайтын әйелдер ғана сөйтеді. Ал
бізге ондай нәрседен құтылу керек. Мысалы, қазір
қолыңыз бос емес, бірақ бір адам сізден көмек сұрап тұрса,
оған «жоқ» деп айтып үйреніңіз. Ойланып көріңізші, сіз
үнемі келісе беретін адамды көбірек сыйлайсыз ба, әлде
қалаған уақытта «жоқ» деп бас тарта беретін адамды
сыйлайсыз ба? Қайсысының қажеттілігі сіз үшін маңызды
болады? Мысалы, менің анам «жоқ» дей алмайтын, өте
қарапайым, ешкімге қиындық туғызбайтын ақкөңіл,
жомарт адам. Бұл өте керемет қасиеттер, бірақ анамды
барлығы бірдей сыйлайды деп айта алмаймын. Осы
жасыма дейін анам сияқты қарапайым адамдар анамды
сыйлағанын, ал өзінің дегенін ілгері қоятын адамдар анама
«маңызды адам» деп қарамайтынын байқадым. Бұл
бақылауым қонаққа барған сайын расталады. Бұл
адамдардың
бейсаналы
әрекеттері
деп
білемін.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |