Некеден кейін әйел бақыты
75
Ұсынғанның бәріне келісетін адамнан ешкім «нені
қалайсың» деп сұрамайды, себебі іштей нені ұсынсаң да
алатынын біледі. Сонымен, егер сізге бір адам «жоқ» деп
айтса, сіз ол адамды сыйлай бастайсыз. Ол адамның бағасы
сіз үшін өсе бастайды. Себебі, ол адам өзінің шекарасын
қорғай алады деген сөз. Ол адам өзін сыйлайды және өзінің
қызығушылықтарын басқадан төмен қоймайды. Ол «жоқ»
деп айта алады. Ер адамда да тура солай. Мысалы, кешке
кино көрейін деп жатырсыздар. Ол боевик көрейік деп
айтады. Сіз келісе саласыз. Ужастик немесе комедия десе
де, жарайды деп келісе саласыз. Әйел іштей бағынып
жатырмын
деп
ойлайды.
Бағыну
мен
өзінің
қызығушылығын айту екеуі екі түрлі нәрсе. Біз оны
көбінесе шатастырамыз. Мысалы, ол сізге шариғатқа сай
келетін нәрсені бұйырса, сіз бағыну керексіз. «Рұқсатсыз
үйден шықпа, ер адамдармен сөйлеспе» десе сіз бағыну
керексіз. Ал шариғатқа қарсы келмесе, яғни өзіңіздің
қызығушылығыңыз рөл ойнап тұрса, сіз міндетті түрде
соны еріңізге білдіріп, өз қызығушылығыңызды жоғары
қою керексіз. «Жоқ» деп айта білу керек. Сізге боевик
ұнамаса, "жоқ, менің көргім келмейді",- деп айтыңыз. Ол
бұл үшін сізді іштей сыйлай бастайды. Сіздің өз ойыңыз
болғаннан кейін, келесі жолы сізден пікіріңізді сұрайтын
болады. Біздің бар қателігіміз өз қызығушылығымызды
жоғары қоймауымызда.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
76
Ер адамның анасы болуды қойыңыз.
Үлкен қателік - «мамочка» болу.
Біз киімдерін үтіктейміз, қарын ашып
қалмаса екен деп тамағын жасап
береміз, киімін жуып береміз, жұмысқа
кешігіп қалмасыншы деп таңертең
бетінен сүйіп, ерте оятамыз. Бұл
қамқорлық, иә? Қамқорлық жасау
дұрыс. Қамқорлық қарым-қатынасты жақсартады. Ер
адамның махаббатын оятады. Бірақ қамқорлық пен шектен
шығып кету деген нәрсенің айырмашылығын білуіміз
керек. Көбіміз оның анасы болып кетеміз.
Мысалы, күйеуіңіз үнемі бірнәрсені ұмытып кетеді
(туған күндерді, несие төлеуді, белгілі уақытты, кілтті).
Сосын біз не істейміз? Оның есіне саламыз. Анасы сияқты
есіне түсіреміз. «Тағы да кілтіңді ұмытып кетпе, сен өмірі
ұмытып кетесің ғой» немесе «Бүгін анаңның туған күні
ғой, анаңның туған күнін ұмытып кеттің ба?» немесе
«менің туған күнім ғой, неге ұмытып кете бересің?» деп
дауысымыз ананың тоны сияқты болады. Кетіп бара
жатқан кезде: «Есікті жауып кетуді ұмытып кетпе», «Тағы
да кешігіп қалдың ба? Кешікпейтін күнің бар ма сенің?».
Өзіңіздің анасы секілді тонмен сөйлейтініңіз есіңізге түсіп
жатқан болар.
Анаңыз
сізге
қалай
ұрысады?
Критикамен,
минусыңызды айтып ұрысады. Негізі біз мұны жек
көргеннен емес, ұрсысып қалғыңыз келгеннен емес,
жақсылық қалағаннан кейін солай айтамыз. Жақсы
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |