Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
78
сияқты тақылдап ұрысып, тергеп, ренжімеуіңіз керек. Тағы
хатшысы сияқты есіне салыңыз, бірақ «туууу, жаңа айттым
ғой, тағы ұмыттың ба не, неге айтқыза бересің» деп
ұрыссаңыз, еріңізден жылы лебіз бен өз өміріне
жауапкершілігін алуды күтпесеңіз болады. Кейбіріңіз
«тууу» деуден сорақысын да жасауыңыз мүмкін, ол
еріңіздің жауапкершілігін өз мойныңызға алу. Яғни
«қоқысты
лақтыра салуға ұмытып кетпеші, жаным» деп
алып, еріңізді күтуге сабырыңыз жетпей, ақыры өзіңіз
істей саласыз. Бұл қылығыңызбен еркектің аяушылығын,
өкіну сезімін
оятамын деп ойлайтын шығарсыз, бірақ
еріңіз сізге қарап тек қана іштей қуанады. «Жақсы болды
ғой, келесі жолы тағы ұмытып кете салам, ал
менің
жұмысымды әйелім істеп береді» дейді. Сондықтан сізге
бүгіннен бастап үлкеен сабырға толу керек.
Достарыңызбен бөлісу: