Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
79
Ер адамның өзі істей алатын
амалдарына араласпаңыз.
Мысалы, сіз ауырып қалсаңыз, ол өзіне тамақты ысыта
алады. Сіздің барып тамақ ысытуыңыз міндетті емес.
Оның өзінің қолы бар, қарны ашып қалса тамақты табады.
Ер адамды жауапкершіліктен жұрдай қылып,
кішкентай
бала сияқты қолынан түк келмейтіндей етіп жаман үйретіп
қоятын өзіміз. Мысалы, сіздің қолыңыз мүлдем босап
жатқан жоқ. Қонақтар келіп жатыр. Ол келіп «киімімді
үтіктеп бер» дейді. Сіздің асығып, үлгере
алмай
жатқаныңызды көріп тұр. Егер сіз оны үйретіп тастасаңыз,
ол ренжуі мүмкін, ашулануы мүмкін. «Сен маған үтіктеп
беруің керексің, ол сенің міндетің, барлық нәрсені қойып,
сен менің затымды бірінші істеуің керексің», - деп айтуы
мүмкін. Ал егер де үйретпесеңіз, қарым-қатынастың ең
басында қалай басталды, солай кете беретін болады.
«Жаным, күнім, алтыным, қарашы мен үлгермей
жатырмын. Қонақтар жарты сағаттан кейін келеді. Мен
барлығын істеп үлгеруім керек.
Өтінемін, өзің үтіктей
салшы. Келесі жолы мен саған үтіктеп беремін» деп
еріңізге еркелеп, өз әлсіздігіңізді көрсетсеңіз, онда еркек
ұрысса да, бұлқан-талқан болса да өзі барып үтіктейтін
болады. Бір рет, екі рет, үш рет осы ситуация қайталанса,
еріңіз осындай ситуацияда
өзін қалай ұстау керегін, не
істеу керегін тез үйреніп кетеді. Және төртінші рет сізді
кеп түртпей, үлгере алмай жатқаныңызды көріп, өзі киімін
үтіктей салады, тамақты ысыта салады,
кір киімдерді
машинаға сала салады. Біз өзіміз үйдің ішінен оның кір
киімдерін іздеп жүреміз, иә? Себебі өзіміз сондай нәрсеге
үйреттік. Қарым-қатынастың басында ер адамды қалай
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: