Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет5/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 

салыстыра бастайды. Әркім махаббатын өзінше білдіреді. 
Біреу сыйлық жасап, романтикаға жақын болады, сезімін 
күнделікті сөзбен айтып отырады, ал біреу сөзбен мүлде 
айтпай, тек қамқорлығымен көрсетеді. Ер адам сізді қатты 
жақсы көріп тұрса да гүл сыйламауы мүмкін. Оған 
көптеген факторлар әсер етеді. Әкесінің анасына деген 
қарым-қатынасы, тәрбиесі, достарынан естіген мынадай 
әңгімелері; «Әйелді еркелетпеу қажет, гүлді тек анаңа 
сыйлауға болады» немесе туысқанының үйінде болып 
жатқан жағдай, яғни ол үйде күйеуі әйеліне қымбат 
сыйлықтар, гүл береді, ал әйелі күйеуінің «басына шығып 
кеткен» және т.б. себептер бар. Оның сыйлық немесе гүл 
бермеуі жақсы көрмейді деген мағынада емес. Ер адам 
«әйел адамға гүл беруге болмайды» деген түсінікті өзіне 
бір рет қалыптастырса, өмір бойына есіне сақтап қалады. 
Ол түсінікті өзгерту қиын, бірақ мүмкін. Ер адам 
махаббатын қалай көрсететіні жайлы бөлек тақырыпқа 
жаздым, мұқият оқып шығыңыз! 
Сонымен, отбасылық кризис дегеніміз не? Одан қалай 
шығамыз? 
Кризис отбасыда емес, әйелдің миында 
басталады. 
Ерім 
мені 
түсінбейді, 
сыйламайды, қабылдамайды деп ойлағанда 
әйелдің миында бірден отбасылық кризис 
басталады.
3 жылдық кризис, тіпті, бір жылдан кейін де бола 
алады, немесе 10 жыл өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бұл 
екі жұптың психологиясына, «ожидание-реальность» 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 

жайлы көзқарасына, отбасы жайлы ойына тікелей 
байланысты.
Сіздерден ештеңені жасырмай, бір сырымды айтайын. 
Осы жайлы кітапта жазамын деп ойламаған едім, бірақ 
барынша ашық болсам, сіздер де мотивацияға толып, әлі 
де кеш емес, бәрі де мүмкін екенін түсінетін шығарсыздар 
деген оймен бар тәжірибеммен бөліскім келді. 
Менің отбасылық кризисім тұрмысқа шыққаннан 
кейін 1-2 ай өткенде басталды. Біз ата-енеден 
бөлек тұрдық, мен студентпін, бос уақытым өте 
көп. Бұл дағдарысқа дейін алғашқы ай өте 
керемет өтті. Кешкілетіп шығып, қыдырып, көп уақытты 
бірге өткізіп жүрдік. Бос уақытым көп болған соң менің 
фокусым күйеуіммен бірге болуға бағытталатын. Көп 
жерден естіген сөздеріңізді айтайын, адаммен күнде көп 
уақыт бірге өткізсең, қызығы кетеді екен, шаршайды 
екенсің, және миың жақсылықты көргісі келмей, фокусын 
минустарға бағыттайды екен. Күнде сүйікті бәлішіңізді 
жей берсеңіз, 1 айға жетпей-ақ бәлішіңіз сүйікті болмай 
қалады ғой, тым тәтті, әрі тым майлы сияқты көріне 
бастайды, шаршайсыз да, оған қарағыңыз келмей кетеді. 
Адамның миы қарым-қатынаста да осындай күйді кешіреді 
екен. Күнде күйеуіме фокусымды арнаған сайын, менің 
миым одан шаршай бастады. Шаршаған нәрседен тезірек 
арылу үшін минустарды ғана көре бастады. Бәлішті тым 
тәтті, тым майлы деп көре бастағандай, күйеуім мен үшін 
тым еріншек, ұйқыбас, потенциалы жоқ адам сияқты 
өзгеріп жатқандай көрінді. Ал біздің миымыз ойлағанның 
бәріне сырттан дәлел іздейді. Бұл ойларымды 
мақұлдағандай, күйеуім азанда жұмысқа кешігіп шығатын, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет