Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет270/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
7 минут 
 
 
 
 
 
 
Жеке жұмыс: Тақырыпта көтерілген ойды негізге ала 
отырып, берілген кестені толтырыңыз.
Маған 
ұнаған 
пікір 
Ақынның, 
зерттеушінің 
айтар ойы 
Менің ойым Түйін, нақыл 
сөз 
А4 кесте 
Сабақтың 
соңы
5 минут 
Кері байланыс: 
«
DEAL» ДИЛ
D – Describe – 
баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді 
сипаттау, сынау, өлшеу). 
E –
Explain – 
түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не 
білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). 
A – 
Anallуse – 
талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, 
себептерін атау). 
L – Links – 
байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, 
өзінде бар біліммен байланыстыру). 
Ақ парақ 
1 минут 
Сабақты қорытындылау 
ҚОСЫМША 
 
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» - Абайдың 1902 ж. жазған өлеңі. Қазақ 
топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен арнайы шұғылданған ойшыл 
болмаған. Өзін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, 
пайғамбар хақ» дегеннен аспаған. «Алла» бір, неліктен «пайғамбар хақ» деп мәселе 
нақтылы қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. 
Абай Алланың насихатшысы емес, оны танушы, зерттеуші ойшыл. «Алланың өзі 
де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп, Абай мәселені діни сана 
ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айырықша көңіл бөлген. Ақын 
«рас» деген түсінікпен нені айтқалы отыр. Бұл-бір мәселе. Сонымен бірге Алланың 
өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде нені меңзеп отыр. Бұл, біріншіден 


325 
туындайтын екінші мәселе. «Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың 
мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы 
да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат, келе-келе мәнсіздене рас емеске 
айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де рас. Демек, растың бір-ақ 
мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының бір қыры. «Растың» екінші 
қырына келсек, сонда растың растығын тану мәселесіне тірелеміз. Бұл 
философиялық мәселе. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға 
болады. Онда Алланың барлығына сенуден өзге амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас 
дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік болмыс ретінде 
қарастырған.
Абайдың өлеңінің екі жолында «расты» үш рет қолдануы тегін емес. Ол 
өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік.
Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты - адамға 
адамшылық жасау. 
«Алла ішімді айтқызбай біледі ойла, 
Бендесіне қастықпен кінә қойма. 
Распенен таласпа мұмин болсаң, 
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!..» 
Абай ұғымында Алланы сүю адамның жеке басындағы асыл қасиеттерді 
қастерлеу, адамгершілікті негізгі қағидаға айналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді 
өзің тазалауың қажет. Алланы сүю ізгілікке байланысты жол. Өзің күнә арқалап 
тұрып Алланы сүйе алмайсың, алдымен күнәңнен арыл, өзіңді өзің ыластан аршы, 
одан әріде барып хақ жолына түс. Бұл жолға түссең, бойындағы қуатың, ақылың, 
сезімің өріс алмақ, санаң сәулеленбек. Алланың сүйікті құлы болуға Абай 
фаталистік мәнде емес, адамның бостандығы үшін шақырады. Адамның жеке 
басының бостандығы ол адамға тән қасиеттерді дамытқанда ғана болатынын ұлы 
ақын жақсы білген. «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...» деп Абай өзгерісті 
мойындаған. Дүние бір қалыпта тұрмайды, ол күнде өзгерді. Абай Алланың 
өзгермейтінін нақтылап, басын ашып айтқан. Сонда Алла туралы өлшем мен Адам 
туралы өлшемнің мәні екі басқа болғаны ма? Алла мен Адамға ортақ өзгеріс 
заңдылық бар ма, жоқ па, оны Абай айтқысы келмейді. Өмір мәні және болмысы 
туралы толғана келіп Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол 
Алланы жаннан тәтті...»- дейді. 
Алла - ислам дінінде қудай есімі. Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға 
дейін де көп болған. Ақынның айтып отырғаны-сен Алланы адамзатты 
махаббатпен жаратқаны үшін сүй деп отыр. Демек, мәселе махаббатқа тірелген. 
Абай бұл тұста махаббатты Адамға емес Аллаға қатысты айтып отыр, Алла 
адамзатты махаббатпен жаратқан. Олай болса, махаббат Адамға дейін болған 
шындық. Демек, махаббаттың субъектісі-Алла. Ол Алланың құдыреті, қуаты, рухы. 
Бірақ, ол өзіне де танылмаған, сезілген тылсым, әзірше шындыққа айналмаған 
мүмкіндік. Махаббат Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз, өлшеусіз шындық. 
Демек, ол туралы таным да шексіз. Махаббат мәңгі таусылмайтын тақырып. 
Абайдың «махаббатсыз дүние бос» дейтіні сондықтан. Жалпы өлеңде Абай діни 
ой-толғамнан Адамға қызмет ететін асыл қасиеттерді уағыздайтын үғым-


326 
түсініктерге ерекше тоқталып, жетіспеген жерлерін өз пікірімен толықтырған.
Өлең орыс тіліне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет