А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Соғыстан кейінгі ҧлт-азаттық кҥрес



Pdf көрінісі
бет102/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Соғыстан кейінгі ҧлт-азаттық кҥрес. 
1945-1947 жж. ел-
дегі саяси ӛмірдің алдыңғы қатарында Алжир коммунистік пар-
тиясы, сонымен бірге жергілікті федерация жанынан құрылған 
Француз-мұсылман демократиялық одағы болды. 1946 жылы 
наурызда Алжирлік манифестегі демократиялық одақтың ал-
дыңғы қатарлы кӛшбасшысы Ф.Аббас Алжир конституциясы-
ның жобасын жасап, онда Франция федерациясы шеңберінде ӛз-
дерінің Министрлер кабинеті және заң шығару жиналысы бар 
автономды республикасын құру туралы айтады. Алайда оны 
Париж қабылдамай кері қайтарып жіберді. 1946 жылы жасырын 
Алжир халқының партиясы негізінде "Демократиялық бостан-
дыққа жету үшін" деп аталатын ұйым құрып, олар ішкі қайшы-
лықтарға қарамай-ақ ол кӛптеген алжирліктерді ӛз маңына топ-
тастыра білді. 
1950 жылы кӛктемде арнайы жасырын ұйымды полиция 
біліп қойып, оның мүшелерін1951 жылы әртүрлі мерзімге түр-
меге қамайды. Алайда, 1952 жылы Қозғалыстың белсенді мүше-
лерінің біразы түрмеден қашып шығады. 
Бен Белла
және 
Махсас
Египетке қашып барып, Каирда ӛз штаб-пәтерлерін құрды.
1954 жылы шілдеде құрамында 
Бен Мхид, Битат, Будиаф, 
Дидуш
және партизандар әскерінің командирі Аурес Бен Буланд 
Революциялық ұлттық кеңес құрады. Кейін оларға партизан 
басшылары Кабили Белькасем Крим, шетелдік эмиграциядағы 
кӛшбасшылар Айт Ахмед, Бен Белла, Хидер қосылады. Соңғы-
ларына дипломатиялық қолдау және әскери-техникалық кӛмек-
пен қамтамасыз етіп отыру жүктелді. Кӛп ұзамай Ұлттық кеңес 
Ұлт-азаттық майданға біріктіреді және Ұлт-азаттық армия да 
соның қарамағына ӛтті.
1954 жылы 1 қараша күні түнде Ұлт-азаттық майдан елдің 
оңтүстік-шығысында кӛтеріліс бастайды. Мұнда оларға таулы 
аудандардағы кедей шаруалар, буржуазия, пролетариат және 
студенттер қолдау кӛрсетеді. 1956 жылы тамызда Суммам жазы-
ғында Ұлт-азаттық майдан басшылары және партизан коман-


168 
дирлерінің съезі болып, онда күрестің басты мақсаты Алжирдің 
тәуелсіздігі деп жарияланды. Сонымен қатар демократиялық-
әлеуметтік республика құру, аграрлық реформа жүргізу, ӛнеркә-
сіп орындарының негізгісін мемлекет қарамағына ӛткізу, алжир-
ліктер мен еуропалықтардың тең құқығы туралы мәселелер 
қаралды. 
Ұлт-азаттық армияның қарсыластығын жоюды кӛздеген 
ІҮ Республика үкіметінің саясаты 1958 жылы 13 мамырда отар-
шылдыққа қарсы еуропалықтар мен француздар армия басшы-
лығының бүлігіне алып келді. Бұл Ш. де Голль билігіндегі 
Францияда Бесінші Республика режимінің орнауын тездете 
түсті.
Алжир халқының тәуелсіздік үшін табанды күресіне басқа 
араб және социалистік мемлекеттер қолдау кӛрсетіп отырды. 
1960 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Алжирдің тәуелсіздік 
құқығы туралы ұсынысын қабылдайды. Мұның алдында
1958 жылы қыркүйекте Ұлт-азаттық майдан Алжир республика-
сының эмиграциядағы Уақытша үкіметін құрып, оны Азия және 
Африка елдерінің кӛпшілігі мойындаған болатын. Алайда, отар-
шылдар алжирліктерге қарсы әскери қимылдарын тоқтатқан 
жоқ. Ұлт-азаттық армияны француз әскерлері Марокко және 
Тунис шекаралары жағынан жауып тастады. Шығын кӛлемі де 
ӛте кӛп болды: 9 млн. алжирліктер қаза болып, 2 млн. адам түр-
меге жабылды, 9 мың қоныстар қирап, ӛртенді бұл оқиғаның ӛзі 
де халықтың бостандық үшін күресін тоқтатқан жоқ. 1961 жылы 
мамырда Алжир республикасының эмиграциядағы Уақытша 
үкіметі мен Франция арасында келіссӛздер басталып, 1962 жы-
лы 18 наурызда Эвиан келісіміне қол қойылды, әскери қимыл-
дар тоқтатылды.
1962 жылы 5 шілдеде Ү Республика Алжирдің тәуелсізді-
гін мойындады. 1962 жылы 20 қыркүйекте Құрылтай жиналыс-
қа сайлау болып Алжир 
Халықтық Демократиялық Республика-
ның
(АХДР) құрылғандығы туралы жарияланды. Бірінші үкімет-
ті 
Бен Белла
басқарып, ал Қорғаныс министрі 
Х.Бумедьен
болды. 
Сонымен, Алжир тәуелсіз мемлекетінің тарихы басталды.


169 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет