А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші дҥниежҥзілік соғыс жылдарындағы Алжир



Pdf көрінісі
бет101/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші дҥниежҥзілік соғыс жылдарындағы Алжир.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде француз үкіметі 
соғыс жағдайын сылтауратып Алжир халық партиясы және 
Алжир коммунистік партиясының жұмысын тоқтатып тастайды. 
Сонымен бірге Түземдік федерация және 1938 жылы құрылған 
Алжир халқының одағы да ыдырап кетеді, ал олардың басшы-
лары 
Мұхаммед Бен Жаллул, Фархат Аббас
метрополияны қол-
дап армия қатарына қосылды. Отарлық әкімшілікпен қызметтес 
болудан бас тартқан улем-реформаторлар ассоциациясының 
кӛшбасшылары шейх 
Абд әл-Хамид Бен Бадис
және оның ізба-
сары 
Башир әл-Ибрахим
қудалауға түсті.
1940 жылы маусымда Франция тізе бүккенен кейін елдің 
қожайыны герман-итальяндық комиссия болды. Берлиннің тап-
сырмасы бойынша Вишидің қуыршақ үкіметі француздық Батыс 
Африка мен Алжирдің Оран портын жалғастыратын темір жол 
құрылысын бастайды, ондағы басты мақсат мұндағы табиғи 
шикізат кӛзін енді немістердің пайдалануы болатын. Германия 


166 
мен Италияға Алжирден фосфор, қара және түсті металл, азық-
түлік тасымалдау нәтижесінде 1942 жылы елдегі тауар құны
2 еседен жоғары ӛсіп кетті. 
Ел кедейлік күй кешіп жатса да фашистерге қарсы генерал 
Ш. де Голльдің
Қарсыластық қозғалысына да кӛмек кӛрсетуін 
тоқтатқан жоқ. Фашистерге қарсы қозғалыс ауқымы кеңейе бас-
таған 1943 жылы маусымда генерал де Голль Француз ұлт-азат-
тық комитетін құрады, ал 1944 жылы ол "Францияның уақытша 
үкіметі" деп аталып, Алжирден Францияға ауысады. 
1940-1944 жж. метрополияның әлсіздігін пайдаланып 
Мұхаммед Бен Жаллул және Фархат Аббас француз әкімшілі-
гіне 1942 жылы «Мұсылман ӛкілдерінің ұсынысын», 1943 жылы 
ақпанда «Алжир халқының манифесін», 1943 жылы мамырда 
«Реформа жобасын» жібереді. Онда түрме және концлагерлер-
дегі саяси тұтқындарды босату, азаматтық және саяси бостан-
дық кепілдігін автономды алжирлік мемлекеттің конституция-
сын бекіту үшін болашақта Құрылтай жиналысқа сайлау ӛткізу 
туралы айтылды. Бірақ француз ұлт-азаттық комитеті бұл талап-
тарды орындаудан бас тартады. «Алжир халқының манифесін-
дегі» қағидаларын ӛзгертпеген отансүйгіш ұлттық буржуазия 
Фархат Аббастың бастамасымен 1944 жылы наурызда «Мани-
фестің достары және бостандық» ассоциациясын құрады. Оның 
құрамына айдаудан келген 
Башир әл-Ибрахим
, Алжир халық 
партиясы, ұсақ қала буржуазиясы, студенттер, қолӛнершілер, 
интеллигенция және жұмысшылар кіреді. Ассоциация шеңбе-
рінде жасырын түрде араб және француз тілдерінде газеттер мен 
үндеухаттар шығара бастайды, онда қоғамдық және мәдени бір-
лік туралы жазылып отырды. 
1945 жылы 8 мамыр күні Сетиф және Гельм қалаларында 
алжирліктер бейбіт түрде ереуілге шығады, бірақ отаршылдар 
оларға оқ жаудырып, нәтижесінде бұл оқиға екінші дүниежүзі-
лік соғыстың аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келді. Бұл бүкіл ай-
маққа тарап, отарлық үкімет армия бӛлімшелерін, әуе, теңіз 
күштерін қайта құрып 1945 жылы 16-17 мамыр күні кӛтерілісші-
лерді жаппай қырып-жойып, 40 мың алжирліктер қаза болады. 
«Манифест достары мен бостандық» ассоциациясының қызметі 


167 
тоқтатылды. Бұл мамыр оқиғасы алжирлік белсенділерге тек 
ауыр жеңіліс қана емес, алдағы ұлт-азаттық саяси күрес үшін 
маңызды сабақ болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет