А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Ҧлттық мемлекет және Революциялық кеңес жылда-



Pdf көрінісі
бет103/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Ҧлттық мемлекет және Революциялық кеңес жылда-
рындағы Алжир.
Сӛйтіп, 132 жылға созылған жатжұрттықтар-
дың үстемдігінен кейін жас егеменді мемлекет үлкен қиындық-
тарға тап болды. Алжир экономикасы кӛп шығынға ұшырады. 
1962 жылы ӛнеркәсіп орындарының 90% дерлік жұмыс істемей 
тұрды. Терең дағдарыс транспортты, сауданы, қаржы және басқа 
шаруашылық салаларына зардабын тигізді. Елдегі 3 млн. жұ-
мысқа жарамды алжирлік азаматтардың 2 млн. жұмыссыз күй 
кешті. 
1964 жылы 8 қыркүйектегі референдумнан кейін АХДР-
ның Конституциясы қабылданды. Ұлт-азаттық майдан партия-
сының ұсынысымен жалпы және құпия дауыс беру арқылы пре-
зидент 5 жылға сайланды және бір уақытта ол Министрлер 
кабинетінің басшысы болды. Конституцияда адам адамды қа-
науды жою, білім жүйесін дамыту және ұлттық мәдениетті кӛ-
теру және т.б. мәселелер туралы айтылды.Алжирде нақты жұ-
мыс істеп тұрған партия Ұлт-азаттық майдан болды. 1964 жылы 
жазда Сахара және Аурестегі жеке ақсүйектерді қолдап бүлік 
шығарған полковник 
Шаабани 
армиясы талқандалды. Күзде 
Кабили және басқа таулы аудандардағы қарулы күштер жойыл-
ды. Үкіметке қарсы оппозициялық топтардың басшылары 
Ф.Аббас және 
Х.Айт Ахмед
тұтқындалып, эмиграцияға қашып 
кеткен 
М.Будиаф
және М.Хидерді сырттай соттап жіберді.
Мемлекеттің дамуына маман қызметкерлер, аграрлық 
техникалар жетіспеді және қаржы жүйесінің нашар болуы қатты 
әсер етті. 1965 жылы мамырда Бумедьеннің жақыны, елдің 
сыртқы істер министрі Абд әл-Азиз Бутефликті жұмыстан шы-
ғару қолға алынған кезден бастап, Бен Белла режимінің құлауын 
тездете түсті. 1965 жылы 19 маусымда әскери тӛңкеріс салдары-
нан билікті полковник Х.Бумедьен басшылығындағы Револю-
циялық кеңес басып алып, нәтижесінде бұл Алжирде Револю-
циялық жаңару күні деп атала бастады. 
Революциялық кеңес ӛздерінің бірінші декларациясында 
елде анархия мен астаң-кестеңге жол берген бұрынғы үкімет 
басшыларын сынға алды. 1965 жылы шілдеде Х.Бумедьен бас-
қарған жаңа үкімет құрылды, Ұлт-азаттық майданның Орталық 


170 
Комитеті және Саяси бюро енді Атқарушы секретариатқа кӛшті. 
Сыртқы саясатта Батыстың алдыңғы қатарлы дамыған мемле-
кеттерімен қарым-қатынас орнай бастады және социалистік 
елдермен де тиімді байланыс орнатты.
Х.Бумедьеннің стратегиялық дамуындағы басты қолға 
алғаны елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығын модерни-
зациялап, жұмыссыздықты жою болды. 1971 жылы ақпанда мұ-
най-газ ӛндірісі мемлекет қарамағына ӛтті, нәтижесінде шетел-
дік компаниялардың 51-75% мемлекет меншігі деп есептелді. 
Елде қалған шетелдік компаниялар тұтастай бірде бір ӛндіріс 
орнын иеленген жоқ. 1973-1974 жж. мұнайдың әлемдік бағасы-
ның кӛтерілуі Алжирдің қаржы-экономикалық саласын ғана 
жақсартып қойған жоқ, сонымен бірге отандық ӛнеркәсіп ӛнді-
рісі саласын дамытуға да үлес қосты. Осы 70-ші жылдардағы 
табыстар елдегі саяси жағдайды да тұрақтандырды. Жұмыссыз-
дық азайып, халықтың ӛмір сүру деңгейі кӛтеріліп, артта қалған 
аудандар дами бастады. 1966 жылдан 1978 жылға дейін 600 мың 
жұмыс орны 1900 мыңға дейін кӛбейді.Тегін медициналық кӛ-
мек кӛрсетілді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді, жергі-
лікті халықтың кедей топтары салықтан босатылды, ӛнеркәсіп, 
ауылшаруашылығы, білім және мәдениет саласында жұмыс 
істейтін еңбекшілердің жалақысы ӛсті. 
Халықаралық сахнада АХДР саяси одақтарға қосылмай 
бейтарап бағыт ұстанды. Сонымен бірге Палестинаны азат ету 
ұйымы, Азия, Африка және Латын Америка елдеріндегі басқа да 
ұлт-азаттық қозғалыстарға қолдау кӛрсетіп отырды, ал 1974 жы-
лы әділетті дүниежүзілік экономикалық тәртіп үшін күрес жүр-
гізген жас мемлекет болды.
1978 жылы желтоқсанда мемлекет басшысы 
Х.Бумедьен
қайтыс болған соң билік үшін күресте шешуші рӛл қайта әске-
рилерге тиді. 15 жылдық үзілістен кейін, 1979 жылы қаңтарда 
Ұлт-азаттық майдан партиясының ІҮ съезінде Орталық Комитет 
және Саяси бюроға сайлау, ал 1979 жылы 7 ақпанда полковник 
Шадли Бенджедид
елдің президенті болды. 1965-1976 жж. ел 
басқарған Революциялық кеңес ӛз қызметін тоқтатты. 


171 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет