А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Солтҥстік Африка елдерінің тәуелсіздік алуы



Pdf көрінісі
бет110/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Солтҥстік Африка елдерінің тәуелсіздік алуы.
Тәуелсіз 
Египет мемлекеті де Африка жеріне жатады, бірақ Египет кӛбі-
несе шығыс-жерортатеңізі аймағындағы араб әлеміне арқа сү-
йенді. Дегенмен, Солтүстік Африка елдерінің барлығы осы араб 
әлеміне жатады. Бәрінен бұрын ол Ливия; сосын Магриб елдері: 
Тунис, Марокко, Алжир; ең соңғысы Судан.
Ливия соғысқа дейін Италияның отары болған. Ал соғыс 
жылдары ағылшын әскері Ливиядағы германдық және итальян-
дық корпусты талқандап, елді басып алады. Соғыстан кейін 


183 
итальяндық отар елдердің тағдыры БҰҰ-ның құзырына бері-
леді. 1949 жылы мамырда Италияның үш отарынан Ливия пат-
шалығы құрылады. Таққа Киренаиктың әмірі 
Мұхаммет Ыдрыс 
ас-Сенуси
отырады, ал 1951 жылы БҰҰ-ның шешімімен Ливия 
тәуелсіз мемлекет деп жарияланады. 
Магриб елдеріне соғыстан кейін Франция үстемдік етті: 
Алжир отары, ал Тунис пен Марокко протектараты болды. Осы 
үш территорияда иммиграция күшті жүріп, нәтижесінде кӛпте-
ген француз қоныстары пайда болды: фермерлер, саудагерлер, 
кәсіпкерлер, әкімшіліктер, әскерилер. Франция осы Магрибтегі 
саясатын жалғастыра берді, ал Алжир туралы мәселені фран-
цуздар мүлдем есепке алған да жоқ, ӛйткені ол Францияның бір 
провинциясы ретінде қала берді. Туниске соғыс жылдары фран-
цуз түрмесінен босап шыққан «Жаңа Дустур» партиясының 
басшысы 
Хабиб Бургиба
келеді. 1945 жылы ол Каирға барып, 
одан әрі АҚШ-қа кетіп, елге тек 1949 жылы оралады. 1950 жы-
лы Хабиб Бургиба 
бей
басқарып отырған үкімет құрамына кі-
ріп, француздармен бірге болашақ конституциялық реформа 
жүргізу мәселесін талқылайды. 1955 жылы маусымда Х.Бургиба 
Тунистің ӛзін-ӛзі басқаруына қол жеткізеді, ал 1956 жылы нау-
рызда Тунис тәуелсіз мемлекет деп жарияланады. Марокконың 
билеушісі 
сұлтан Мұхаммет У Бен Жүсіп
болса Тунистік 
бейге
қарағанда тәуелсіздікке асыққан жоқ. Бірнеше жылдар ішінде 
сұлтанның тек ӛзінің араласуымен елде біршама тұрақтылық 
орнады. 1950 жылы сұлтан Парижге ресми сапармен барды, ал 
1951 жылы француздар ұсынған реформаны қабыл алды.
1956 жылы 2 наурызда Марокконың тәуелсіздігі жарияланды. 
Алжир тәуелсіздігін тек 1962 жылы 3 шілдеде ал-ды (6-тарау. 
Алжирді қараңыз). 
Суданды ағылшындар басқарды, 1945 жылы елде екі сая-
си ағым болды: «Ағайындар» партиясы басшысы 
Измаил әл-
Азхари
және «Ұлт» партиясы басшысы 
Абд әл-Рахман әл-Махди
(ХІХ ғасырдың соңында Суданды басқарған ақсүйектің бала-
сы). Осы кезде Суданда діни, нәсілдік, экономикалық және мә-
дени түрдегі күшті шиеленіс орын алды. Елдің оңтүстігіндегі 
қара нәсілді тайпалар африкалықтарға қарай бет бұрды, олар-


184 
дың кӛпшілігін христиандар мен пұтқа табынушылар құрады. 
1948 жылы Англия Суданның жаңа Конституциясын бекітіп, 
Заңшығарушылық және Атқарушы кеңес енгізді. 1953 жылы 
Измаил әл-Азхари сайлауда жеңіске жетіп, елді басқарды.
1955 жылы Суданның Оңтүстігінде кӛтеріліс шығып ондаған 
мың адам кӛрші африкалық елдерге қашып кетті. Бұл жағдай 
елдің тәуелсіздік алуын тездетте түсті, сӛйтіп 1956 жылы 1 қаң-
тарда Судан тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет