А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет5/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Қҧл саудасының рӛлі. 
Отарлық кезеңнің ең маңызды үр-
дісі құл саудасы болды. Ол Американың (Вест- Инд) батысын-
дағы плантациялық шаруашылықтың ауқымы кеңейген кезде 
тіпті күшейе түсті. Мысалы, жүз жыл аралығында (1680-1780) 
Африкадан ағылшындардың солтүстік-америкалық отарларына 
2 млн. 200 мың құл тасымалданды. Ал ХҮІІІ ғасырдың соңында 
құл тасымалдау жылына 80 мың адамды құрады.
Империялық жҥйедегі отарлық саясат.
1870 жылдар-
дан бастап капиталистік дамудың жаңа кезеңі басталды – ескі-
дегі «еркін» монополиялық империализмге аяқ басты. Алдыңғы 
қатарлы ӛнеркәсіптер иеленген державалар арасында қандайда 
бір тиімді аймақтар үшін күшті ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде 
ірі отарлық империя құру дәуірі аяқталды, оның ішіндегі ең 
ірісі Шығыста Гонконгтан бастап Батыста Канадаға дейінгі 
аймақты алып жатты. Бүкіл әлем бӛліске түсті, тіпті ешкімдікі 
емес деген территория мүлдем қалмады. Ұлы еуропалық бас-
қыншылық дәуірі аяқталды. Сонымен, отарға айналған елдер 
ӛзін-ӛзі басқару құқығынан айырылды, ол жартылай отар елдер 
ӛздерінің дәстүрлі басқару жүйесін сақтап қалды. Дегенмен, аз 
ғана жартылай отарлар ӛздерінің егемендігі тек немқұрайлы 
түрде ғана болды. Теңсіз келісімдер, үлкен пайыздық несиелер 
және әскери одақтар нәтижесінде олар ӛнеркәсібі анағұрлым 
дамыған елдерге үнемі тәуелді болып отырды. Сонымен, ӛзінің 
әлеуметтік-экономикалық құрылымы жағынан жартылай отар 
елдер отарлардан еш айырмашылығы болған жоқ. 
Отар және жартылай отар елдерді қанау әдісі.
Дүние-
жүзіндегі кӛптеген елдерді отар және жартылай отар елге ай-
налдырған монополия енді қанаудың қатыгездік түрімен мил-
лиондаған жергілікті халықтың еңбегін тегін пайдаланды. Мұн-
да жұмыс күші ӛте арзан болды, ал отаршылдар бұрынғыдай 
шикізатты сыртқа тасымалдауды тоқтатқан жоқ. Отар және тә-
уелді елдерден капитал шығару дәстүрлі жолмен жүргізілді. 
Оның кең түрде қолға алынған түрі империалистік держава-



лардың банктері тәуелді елдердің басшыларына займ беру ар-
қылы тұншықтырып ұстап тұру болды. Займдар метрополия 
банктерге жоғарғы табыс қана алып келген жоқ, сонымен бірге 
қарыз - елдерге ӛздерінің қаржылық бақылауларын орнатуға 
алып келді. Мұның ӛзі тіпті банктер бүкіл елге бақылау орна-
туға дейін жағдай туғызды. Ал мұның арты бастапқы кезде эко-
номикалық, ал артынша саяси тәуелділікке алып келді. Шикі-
затты сыртқа тасымалдау және қазба байлықтары олжасына қа-
тысты кӛптеген ӛнеркәсіп орындарын да банктер иелік етті, мы-
салы Кореяда жапон банкі, ал Египетте Ұлттық банктің рӛлі 
күшті болды, Түркия және Иранда ағылшын-француз Осман 
банкі және ағылшындардың Шахиншах банкі және т.б. болды. 
ХХ ғасырдың басында Англия ірі 50 отарлық банкті иемденді 
ал олардың әртүрлі қалаларда 5000-ға жуық бӛлімшелері болды. 
ХХ ғасырдың басында нарық жүйесі ӛзгерді, метрополия 
енді фабрикалық бұйымдар шығара бастады, осы кезеңде жаңа 
теңсіз келісімдер жасалып метрополия мүддесіне сай кеден сая-
саты іске асты. Метрополия отар және жартылай отар елдердің 
жерін дәнді дақылдар және басқа шикізат кӛзі ретінде пайдала-
ну үшін сатып алумен болды. Мысалы, Үндістанның шәй план-
тациясының кӛп бӛлігін ағылшындар иемденді, голландық мо-
нополия Индонезияда үлкен кӛлемдегі плантацияны иемденді, 
ал француздар отты қарудың күшімен Алжирді тепкіге алып, 
әртүрлі алаяқтық салдарынан Марокко мен Тунистің жерін ба-
сып алды. 
Азия және Африка елдерінің алдағы үрдісі капиталистік 
ӛндіріс үшін шикізат кӛзіне айналды. Метрополия отарларының 
ауыл шаруашылығында тек ӛздеріне керек ӛнімді шығаруды 
мақсат етті. Мысалы Ассам, Цейлон, Ява аудандары шәй ӛсіру-
мен ғана айналысты. Бенгалияда ағылшындар кендір ӛндірісі-
мен мамандандырылса, Иракта арпа, Солтүстік Африкада-зәй-
түн, Вьетнамда-күріш, Угандада-мақта ӛсірумен айналысты. 
Сонымен бірге Мысыр жері де ағылшын ӛнеркәсібі үшін мақта 
ӛсірді. 
Алайда, отар және тәуелді елдердегі маңызды орындар - 
теміржол, порттардың құрылысы, телеграф жүйесі және әскери-
стратегиялық жұмыстар болды. Мысалы, неміс монополистері 



Бағдад теміржолын салды, тек Оңтүстік-Африкалық Одақтың 
ӛзінде ғана бельгиялық және француздық монополиялар 7 мың 
миль теміржол салды, ал Египет территориясындағы Суэц ка-
налы да отаршылдар мүддесіне сай қызмет жасады. Сонымен 
қатар, отар және тәуелді елдерде шетелдік ӛндіріс орындары 
ашылып жатты. Осындай мақсатты іске асыру үшін концессия 
(бір мемлекеттің ӛз ӛндіріс орнын басқа мемлекетке арнаулы 
мерзімге жалға беру шарты) шарты жасалды. Мұндай шарт 
Иранда ағылшын-парсы (кейін ағылшын-иран) мұнай компа-
ниясы болды. Қытай жерінде де болды, ал кейін мұнай, кӛмір, 
қазба байлықтар, тау-кен, фосфат - барлығы шетелдік монопо-
лиялардың қолына кӛшті. Иран, Индонезия және басқа араб 
елдеріндегі мұнай компанияларын иемденді. Египет, Үндістан, 
Вьетнам, Түркияда тұзды ӛндіру және сату құқығына да шетел-
діктер ие болды. Африка елдеріндегі алмаз және алтын кендері 
ағылшын, француз және бельгиялық компаниялары құзырына тиді.
Кеден саясаты да метрополияға тәуелді болды. Американ-
дықтар -Филиппинде, француздар - Үндіқытайда, ағылшындар - 
Үндістан және Египет жерінде кеден және теміржолға баж са-
лығын орнатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет