159
сының 85% мемлекет қарамағына берілді. Сонымен қатар жаңа
аграрлық заң қабылданды, ол бойынша жер иелену 200-ден
100 федданға қысқарды (1969-50 феддан). 1964 жылы тартып
алынған жерлері үшін ауқатты шаруаларға жәрдем ақша беру
жойылды.
Осы кезде еңбекшілердің
жағдайын жақсартатын заң да
қабылданды: 42 сағаттық жұмыс аптасы, жұмысшыларға бірінші
рет жыл сайын ақшалай демалыс, зейнетақы,
пәтерақы және
емделу құны тӛленді, әлеуметтік сақтандыру жүйесі жақсарды.
1961 жылы қарашада реформа жүргізуге қарсы шыққан ескі
Ұлттық жиналыс пен Ұлттық одақ таратылды. Ал 1962 жылы
Халық Күштерінің Ұлттық конгресі – экономикалық, әлеуметтік
реформа негізінен және жақын 10 жылға саяси бағдарламаның
Ұлттық хартиясын қабылдады.
1964 жылы Египетте тӛтенше заңдар жойылды. Түрме жә-
не концлагерлердегі саяси тұтқындар, сонымен бірге коммунис-
тер босатылды. 1964 жылғы жаңа Конституция бойынша Египет
демократиялық социалистік мемлекет деп жарияланды, оның
негізі
ұлттық буржуазия, солдаттар, жұмысшы табы, шаруалар
болды. Мұндай ішкі саяси табыстарға
қарамай-ақ Египеттің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыр күйде болып, инфля-
ция және жұмыссыздық кӛбейіп отырды. Осындай жағымсыз
құбылыстар салдарынан Египет
«алты күндік соғыста» жеңіліс
тапты
. 1967 жылы кӛктемде Таяу Шығыс аймағындағы саяси
жағдай аяқ асты шиеленісіп нәтижесінде Израиль Египетті бом-
балай бастады. Осы «алты күндік соғыс»
қорытындысында
Израиль Синай түбегін, Газа секторын, Иордан ӛзенінің Батыс
жағалауын, Иерусалимнің шығыс бӛлігін және Сирияның оң-
түстігіндегі Голан жотасын басып алды.
«Алты күндік соғыста»
жеңіліс тауып, ішкі саяси күрес
шиеленісіп тұрса да таңдалып алынған саяси бағыт ӛзгерген
жоқ. Алайда болашақ стратегиялық реформа ең мықты мемле-
кеттік қайраткер Г.А.Насердің қазасынан кейін үзілді. Прези-
денттік орынды иемденген Анвар Садат алғашында біртіндеп,
кейін толықтай Насер бағытынан бас тартты. Насердің жақтас-
тары мемлекеттік аппараттан шектетілді.
Мемлекеттік сектор-
160
дың бір бӛлігі жекеменшік қолына ӛтті. Жекеменшік кәсіпкер-
лер мен шетелдік инвестицияға жақсы жағдай жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: