А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Президент А.Садаттың жаңа бағыты



Pdf көрінісі
бет97/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Президент А.Садаттың жаңа бағыты. 
1973 жылы 
Анвар 
Садаттың
бастамасымен үшінші араб-израиль соғысы бастал-
ды, яғни оның мақсаты «алты күндік соғыста» Израиль тартып 
алған жерлерді қайтарып алу және араб әлемінде египеттік жаңа 
үкіметтің беделін кӛтеру болатын. Бұл соғыста бастапқы кезде 
египеттік және сириялық әскерлер үлкен табыстарға жетті. 
Израильдықтар кӛптеген әуе күштері мен танкілерінен айырыл-
ды, адам шығыны да ӛте кӛп болды. Сонымен, қатты қиналған 
израильдық Қарулы күшке АҚШ «әуе кӛпірін» салып берді.
1974 жылы 18 сәуірде А.Садат «Қазан құжатын» жарияла-
ды, онда ашық есік саясатының («интифах») негізгі қағидалары 
айтылды, ол бойынша елде шетелдік капитал еркін айналымға 
еніп, нарықтық шаруашылыққа ӛту туралы айтылады. «Инти-
фах» елдің экономикалық ӛмірін жақсартқанмен (әсіресе үй 
құрылысы, банк ісі және мұнай саласы) экономика «ғажайып» 
дами қойған жоқ. Сонымен бірге жаңа экономикалық дағдары-
сы 70-ші жылдардың соңында жұмысшылар мен студенттердің 
жаппай ереуіліне алып келді. 
Сыртқы саясатта да түбегейлі ӛзгерістер болды. Америка-
ға қарай бағыт ұстанған Садатқа басқа араб мемлекеттері теріс 
айналып кеткендіктен, ол Израильмен келіссӛз жүргізуге мәж-
бүр болды. 1975 жылы осындай келіссӛз нәтижесінен Синай тү-
бегінің кӛп бӛлігі Египетке қайтарылды. АҚШ президенті 
Картердің
араласуымен келіссӛздің негізгі бӛлімі 1978 жылы 
Кэмп-Дэвид келіссӛзінде қарастырылып, соңғы нұсқасына
1979 жылы наурызда қол қойылды, онда қандайда бір араб елде-
рінің Израильмен шиеленісі болса да тыныштықты сақтау, 
Израильға мұнай тасымалдау және дипломатиялық байланыс 
орнату туралы айтылды. Барлық араб елдері Садаттың бұл қа-
дамына наразылық танытты. Египетпен дипломатиялық байла-
нысты үзіп, мұнайды экспортқа шығаратын Араб елдері ұйымы-
нан шығарылды.
Сонымен бірге ішкі саясатта да ӛзгерістер орын алды. 
1976 жылы Араб социалистік одағы үшке бӛлініп кетті: Либе-


161 
ралды социалистік партия (ЛСП), Ұлттық дамушы партиясы 
(ҰДП) және Араб социалистік партиясы (АСП). ЛСП ұлттық 
буржуазия мүддесін қорғап, жеке меншік секторды дамыту 
үшін, ал ҰД партиясы Насер бағытын жалғастыру үшін күресті. 
АСП үкіметтік партия болды, ол кӛпшілік қолдауына ие болып, 
1976 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жетті.
Мұндай кӛп партиялы жүйе құру немқұрайлы түрде еді, 
елде оппозицияны шектейміз деп жүріп, әртүрлі саяси ұйымдар 
пайда болды (Жаңа Вафд, Ұлттық майдан т.б.). 1980 жылы кӛк-
темде «Египеттің отан сүйгіштер майданы» ұйымы құрылып 
оның құрамына кӛптеген оппозициялық топтар кірді. Ал
1981 жылдың екінші жартысында белгілі болғандай жағдай ты-
ғырыққа тірелді. 1981 жылы қыркүйекте Садат ӛзінің барлық 
саяси қарсыластарына қуғын-сүргін науқанын жүргізе бастады. 
ҰДП мүшелері, коммунистер және белсенді мұсылман қоғам-
дары қайраткерлерінің кӛпшілігі тұтқындалды, діни басылым-
дарды шығаруға тыйым салынып, кӛптеген мешіттерге бақылау 
қойылды. Бұл елдегі шиеленісті одан әрі тереңдете түсіп, нәти-
жесінде 1981 қазанда болған әскери шеру кезінде А.Садат мұ-
сылман батыл шараларды қолдаушылардың қолынан қаза 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет