Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет11/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   122
Байланысты:
фольклор

 
 
Сілтемелер және ескертпелер: 
 
1. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. Л., 1940; Пропп В.Я. Исторические корни 
волшебной сказки. Л., 1946; Соныкі. Фольклор и действительность. М., 1976; Каскабасов 
С.А. Казахская волшебная сказка. А.-А., 1972. 
2. Қазақ мифтері туралы кеңірек қараңыз: Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. А., 
1984; Соныкі: Жаназық. Астана, 2002. 
3. История древнего мира. В 3-х томах. Т.3. М., 1982. С. 269-277. 
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1, 2 томдар. А., 1996, 1998.
5. Қазақстан тарихы. 1-том, 13-б. 
6. Геродот. История. В 9-ти книгах. Л., 1972. С. 76-79. 
7. Қараңыз: Стеблева И.В. Поэзия тюрков VІ-VІІІ веков. М., 1965; Жолдасбеков М. Асыл 
арналар. А., 1990. 
8. Стеблева И.В. К реконструкции древнетюркской религиозно-мифологической системы 
// Тюркологичес-кий сборник – 1971. М., 1972. С. 213-226; Патапов Л.П. Умай – божество 
древных тюрков в свете этнографических данных // Тюркологичесий сборник – 1972. М., 
1973. С.265-286. 
9. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории 
Средней Азии. М., 1964. 
10. Стеблева И.В. Поэзия тюрков... С. 61. 
11. Қазақ әдебиетінің тарихы. І том, 1-кітап. А., 1960, 715-б. 
12. Сонда, 717-б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


28 
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ БҮГІНГІ ЖАНРЛЫҚ ҚҰРАМЫ 
 
 
 
Бізге жеткен фольклор – жанр жағынан бай, көркемдігі жағынан 
кемелденген, әр алуан қызмет атқаратын рухани мұрамыз және күнделікті 
тіршілігімізге қолданыста болып, мәдени қажеттігімізді атқарып жүрген 
ұлттық өнеріміз. Бүгінгі заманға ол көптүрлі, көпсатылы руханият ретінде 
жетіп отыр. Оның біраз түрі есте жоқ ескі заманда туса, енді бір тобы кейінгі 
дәуірлерде пайда болған. Олар ұзақ тарихи даму жолында бір-бірімен 
араласып, тоғысып, бірі-біріне сіңісіп кеткен, сондықтан олардың 
әрқайсысын жеке бөліп алып, тек соған ғана тән белгілерді анықтау оңай 
емес. Сол себепті ғылымда фольклордың тарихы, оның жанрлық құрамы 
дегенде басты критерий етіп фольклорлық шығармада белгілі бір дәуірдің 
шындығымен қатар санасы, ұғым-түсінігі, наным-сенімі қандай дәрежеде 
көрсетілетінін, қаншалықты сақталғанын, шығарманың көркемдігі қай 
дәрежеде екендігін және оның қандай мақсатпен орындалатынын алады. 
Міне, осы тұрғыдан келгенде бізге жеткен фольклордың жанрларын ежелгі, 
көне және жаңа (ғұрыптық, көркем және бейкөркем) деп шартты түрде 
бөлуге болады. Жоғарыда қай жанр қай дәуірде пайда болғанын, кейін 
қандай өзгеріске түскенін шолу түрінде баяндап шыққандықтан біз ұлттық 
фольклорымыздың жанрларын осы күнгі жағдайы бойынша ең ескі дегеннен 
бастап бертінгі кездерде туғандарына дейінгісін қысқаша түрде сипаттап 
беруді жөн көрдік. Сонымен, біздің дәуірге сарқыншақ түрінде өзгеріп 
жеткен ең ежелгі жанр деп мифті айтамыз. 
Мифтер.
Әлем фольклорында мифтің түрі көп. Олар әр елдің өмір салты 
мен рухани даму деңгейіне сәйкес әр алуан сипатта болады. Айталық, жаңа 
дәуірге дейін алғашқы рулық қауым формасында өмір кешкен 
австралиялықтардың, африкалықтардың мифтерінде архаикалық белгілер көп 
сақталған. Ал, феодалдық мемлекет түрінде ғұмыр кешкен жұрттарда мифтер 
ежелгі қасиеттерін жоғалтқан, немесе басқа бір жанрға айналып кеткен, я 
болмаса өзге жанрларға сіңіп, сарқыншақ түрінде көрінеді. Қазіргі ғылым 
осының бәрін зерттей келіп, мифтің мынадай түрлерін анықтаған: 
жасампаздық мифтер, космогониялық мифтер, этиологиялық мифтер, 
эсхатологиялық 
мифтер, 
тотемистік 
мифтер, 
шамандық 
мифтер, 
генеалогиялық мифтер, дуалистік мифтер, т.т. Қазақ фольклорында бұлардың 
барлығы дерлік ұшырасады, бірақ олар көбінесе таза күйінде емес, басқа 
жанрлардың құрамында, кейде жеке әңгіме түрінде кездеседі. Мифтің басты 
міндеті – жер бетіндегі нәрселердің, аспан шырақтарының, адамның, жан-
жануардың пайда болу себептерін түсіндіру. Бұл үшін алуан түрлі ежелгі 
наным-сенімдер, ұғым-түсініктер пайдаланылады. Солардан мифтік сананы, 
оның өзгеруін, сөйтіп бірте-бірте көркем құралға айналғанын көруге болады. 
Қазақ мифінің ішінде әсіресе кең тарағаны – жер бетіндегі тау-тастың, көлдің 
пайда болу тарихын баяндайтын, сондай-ақ аспан әлемінің құрылысын 
түсіндіретін және әртүрлі жануар мен жәндіктердің кейбір қасиеттерін 
әңгімелейтін шығармалар. Айталық, Жетіқарақшы, Ай мен Күн, Құс жолы 


29 
мен Кемпірқосақ туралы әңгімелер – космогониялық мифтер болса, 
қарлығаштың құйрығы неге айыр, қоянның ерні неге жырық, суыр неге 
адамша қол қусырып тұрады? – деген сұрақты-себепті баяндаулар 
этиологиялық мифке жатады. Ертедегі адамдар табиғаттың құбылыстарын
аспан әлеміндегі шырақтарды түсіну үшін олар туралы неше түрлі миф 
шығарып, өз тұрмысын соларға көшірген, көп нәрсені күнделікті шаруа мен 
тұрмыс, адамдық қасиеттер мен қатынас тұрғысынан түсіндірген. Мифтердің 
басты кейіпкерлері – ілкі ата, жасампаз қаһарман, тотем-баба мен шаман. 
Бұлармен бірге ежелгі рух-иелер: желаяқ, көлтауысар, саққұлақ, таусоғар 
жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет