Лингвистиканың өзекті мәселелері
212
3. Адамның ішкі ойлау табиғатын зерттеу.
4. Аффект кезіндегі когнитивтік процестерді зерттеу.
Зерттеушілердің
көрсетуінше, қазіргі кезде когнитивтік
лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Табиғи тілдің түсінілуі және жасалу процесін зерттеу;
Тарихи жағынан біршама бұрынғы зерттеу түрі.
Мәтіннің
туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады.
Бұл бағытта елеулі жұмыс атқарған,
яғни сананың
категорияларын және оның негізгі ұғымдарын зерттеген У.
Чейфтің еңбектері белгілі.
2. Тілдік категоризация ұстанымын зерттеу;
Бұл салада
Э.Роштың идеяларын ілгері дамыту арқылы Дж. Лакофф
біршама табыстарға қол жеткізді. Э.Рош
категория туралы
дәстүрлі түсінікті (Аристотельден бастау алған) жоққа шығарып,
категориялардың
мүшелері
бірыңғай
белгілермен
сипатталатынын эксперимент арқылы дәлелдеді.
3. Ұғымдық құрылым мен оның тілдік қатынасын
зерттеу
; Бұл жұмыстар да жасанды
интеллект шеңберінде
(олардың өкілдері фрейм және сценарий сияқты негізгі
категориялардың авторлары – М.Минский, Р.Шенк, Р.Абельсон)
қалыптасып, одан кейін Ч.
Филлмор еңбектерінде
лингвистикалық зерттеулердің қажетіне қарай жалғастырылған.
Бұл жағдайда когнитивтік лингвистика зерттеуі әлеуметтанумен
және мәдениеттанумен іргелес жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: