259
Лингвистиканың өзекті мәселелері
№44 орыс орта мектебін бітіргеннен
кейін шет тілдер
педагогикалық институтының (қазіргі Абылай хан атындағы
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің)
француз бөліміне түсіп, 1967 жылы бітіреді. Сол жылы институт
жолдамасымен Целиноград қаласына (қазіргі Астана қаласы)
Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік
педагогикалық институттың француз тілі кафедрасына француз
тілінің оқытушысы болып жіберіледі.
1971 жылы Баку қаласына (отбасы жағдайына байланыс-
ты) қоныс аударады. Ол жақта В.И.Ленин атындағы Азербайжан
педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасында,
одан соң Азербайжан шетел тілдері институтының француз
тілінің лексикасы кафедрасында дәріс берді.
Лейла Нушревановна 1985 жылы Баку қаласында 10.02.02
- СССР халықтарының тілі (азербайжан тілі)
мамандығы
бойынша «Азербайжан тіліндегі француз жалқы есімдері» атты
кандидаттық диссертация қорғады.
Жұмыстың зерттеу нысаны орыс тілі арқылы азербайжан
тіліне енген француз экзогендік ейдонимдерінің ерекшелігін
көрсету болатын. Құрылымы әртүрлі екі тілді зерттеу барысында
эйдонимдік галлорусизмдер көбіне сөздіктердегі белгілері
арқылы салыстырылып, олардың лексикалық ерекшеліктері
айқындалды. Зерттеу
жұмысының ғылыми жаңалығы
азербайжан тіліндегі бұрын-соңды зерттелмеген проблеманың
күн тәртібіне қойылуы еді. Диссертация бойынша жасалған
тұжырымдар лексикографикалық практикада сонымен қатар
жалпы және жеке тілдер лексикологиясына қосқан ғалымның
үлесі зор екендігіне дау жоқ.
Ғалым 1999 жылы Мәскеу қаласында Ресей ғылым
академиясының тіл білімі институтында 10.02.20 –
салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл
білімі
мамандығы
бойынша
«Экзогендік
лексика
ассимиляциясы» (азербайжан тіліндегі француз тұрпатты орыс
кірме сөздері материалдары бойынша)
деген докторлық
дисертация қорғады. Ғылыми жұмыстың ресми оппоненттері
филология ғылымының шыңына жеткен көрнекі ғалымдар
Лингвистиканың өзекті мәселелері
260
А.Н.Баскаков, В.Г.Гак және А.М. Курбанов болатын.
Экзогендік лексика ассимиляциясының жалпы заңды-
лықтарын көрсете отырып автор
өзінің жеке көзқарасын
ұсынады. Галлорусизмдер корпусын зерттеп, классифика-
циялайды. Азербайжан тіліндегі кірме сөздердің енуінің
ерекшеліктерін көрсетеді.
Ғалым екі монография, «Тіларалық аударма мәселелеріне»
еңбектер сериясы, лингвомәдениеттану,
мәдениаралық
коммуникация, шет тілдерді оқытудың әдістемесі, педагогика,
жалпы тіл білімі бойынша барлығы 140 аса ғылыми
мақалалардың авторы.
Өзінің ғылыми жұмысын француз тілінің оқытушысы
болып бастаған Л.Н.Таирбекова Францияда Сарбонна
университетінде, Греноблде, Монпельеде стажировкада болған.
Нидерландтың Утрехт университетінің филология
факультетінде екі рет, Нью-Йорктағы
Колумбия университетінде
русист-оқытушылардың біліктігін арттыру курстарында 3 рет
түркологиядан лекция оқыған.
Л.Н.Таирбекова Азербайжан шетел тілдері университе-
тінің француз тілі лексикасы кафедрасының меңгерушісі, Қазақ-
Түрік іскеи карьера және шет тілдері университетінде алғашында
шет тілдері кафекдрасының меңгерушісі, содан кейін сол
университеттің ғылыми істер жөніндегі проректор болып
қызмет атқарған. Қазіргі
уақытта Абылай хан атындағы
Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің
лингвистика теориясы және коммуникация кафедрасының
меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Лейла Нушревановна – ғылыми кадрлар даярлау ісінде де
өз үлесін қосуда. Ол кісінің жетекшілігімен 3 ғылым кандидаты
диссертациясы, 1 докторлық диссертация, 4 магистрлық жұмыс
қорғалды.
Ғалым қазіргі уақытта да көптеген магистрлік жұмыстарға
жетекшілік етумен қатар, ұстаздық жұмысты да жалғастырып
келеді. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және
Әлем тілдері университетінде «Мәтін лингвитикасы» курсынан,
261
Лингвистиканың өзекті мәселелері
«Социолингвистика» теориялық курсынан дәріс оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: