Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Қара аспанды бу алды
Топырақ базданып-
Қара жерді су алды.
Екi аяқты жұмыр бастының-
Зəре-құтын ұшырып,
Салып тудым лаңды...
Бiрiншi көрiнiстегi Қорқыт монологы - ортасына сыймай 
аласұрған, тек табиғатты медеу тұтып, соған бас ұрған, Жаратушы 
Иемен тiлдесiп, жаратылыстың құпиясын бiлмекке ұмтылған 
ерекше болмысты адамның жан толғанысы мен жүрек шерi.
Жаратушы Иеге:
Қорқыттың кiм екенiн
Жаратушы өзiң болмасаң,
О,Тəңір,
Түсiнбейдi бұл тобыр,-
деп наз айтып, налыған Қорқыт:
Көк төрiнде-
Сен жалғыз,
Жер бетiнде-
Мен жалғыз,
-
деген күңiренiсiн күрсiнiспен айтады. Қорқыт болып күңi ренiп,
Қорқыт болып налыған ақын Жаратушы Иеге деген шексiз 
сенiмiн осы жолдармен бiлдiрiп тұрғандай. Жердегi тiрлiкке 
көңiлi толмаған Қорқыт:


99
Мен де ұмытам Сенi!
Бұдан былай-
Өзiме-өзiм-Құдай,-
деген сəтте Күн тұтылып, Жер - қозғалғандай болады да, кəрi 
жартас құлап түседi. Жартас-Дауыс Қорқытқа «Құдай болмағың 
құр қаңқу» дейдi. Оны да тыңдамаған соң, Жартас басындағы 
Шырғай ағашқа жай түсiп құлайды. Ендi Шырғай дауыс:
Құдай бола алмайсың,
Қорқыт!
Мен тəрiздi!
Омақаса жығылып,
Сен де бiр күн-
Тынасың,-
дейдi. Қорқыт шырғай-ағашқа балта сiлтеген кезде, одан 
таңғажайып үн шығады. Сол сəтте Дауыстар сөйлеп, Тəңiрге тiл 
тигiзбей, райынан қайтуын өтiнедi:
-Сен де-өлесiң ,
Қорқыт!
Көресiңдi көресiң-
Қорқыт.
-Өлесiң,-
десiп жамырайды. Шырғай-Ағашқа балта сiлтеген сайын 
Таңғажайып үн əуелеп, күллi дүниенi ұйытады.
Қорқыт туралы аңыздың бiрi - оның қобызды дүниеге əкелуi 
болса, осы желi Иран-Ғайыптың дастанында мəнi тереңдеп, 
тартыспен берiледi. Қорқыттың өлiмнен қашуы - өлiммен 
арпалыс, оған қарсы күрес болып көрсетiледi.
Екiншi көрiнiсте - оң қолына аса, сол қолына шырғай ағаштан 
жасалған қобыз ұстаған Қорқытты жанды-жансыз табиғатпен 
тiлдесiп келе жатқан сəтiнде кездестiремiз. Аққу-дауыстар:
Қобыз үнiне
Зармыз...
Қорқыт,-
деп назданады. Тырна дауыстар Қорқытты күткен сұлу да 
сұңғыла жар бар екенiн жеткiзедi. Сол сəтте Қорқыт қобызын 
шалады. Күй соңы елеске ұласады. Елес iшiнде - Қорқыт күйiнiң 
талып естiлген үнiне елтiп, қырық қызды қасына ертiп, Қорқытқа 
жетпек болып жолға шыққан Сарын-ару. Таңғажайып үнге елiтiп, 


100
күн-түн сапарда келе жатқан қырық қыз шөлге ұрынады. Ақыры 
қырық қыз да мерт болып, Сарын-Ару табаны ойылғандықтан 
ақсаңдай басып жетiп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссiз 
құлайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың тағы бiрi - қырық қыз 
бен ақсақ қыз туралы. Аңыз айтады: қырыққыз бiрдей Қорқытқа 
жетемiз деп сапарға шыққанымен, жолда ажал тауып, iштерiнде 
жалғыз бiр ақсақ қыз ғана жеткен екен дейдi. Ендi бiр аңыз 
айтады-Қорқыт күйiне өлердей ынтық болған ақсақ қыз абыз-
атамыздың жары екен дейдi. Ал, Иран-Ғайып қыздың ақсау себебi 
- жол азабы, есiмi Сарын-ару дейдi. Ақын аңыз əлемiн кезе жүрiп, 
жаңа бояу, тың желi мен соны оқиға тудырады.
Екiншi бөлiмдегi оқиға оғыз-қыпшақ елiнiң билеушi-бек 
қаhаны қайтыс болып, оны жұрттың азалауы сəтiнен басталады. 
Дауыстар бектiң тiрлiктегi бектiгiн, жақсылығын айтып, жоқ-
тайды. Осы сəтте «күн-тұтылып, жер қозғалғандай» болады. 
Алыстан əуелi сарын жетiп, сонан соң Қорқыт келедi. Өлген 
бектiң жанын қайта кiргiзбекшi болып, қоңыраулы асасын қолға 
алып, бақсылығына басып, жындарын шақырады. Алайда əл-
дəрменi жетпейдi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет