Бүгінгі таңда рейтинг кеңінен танымал болып келеді, әлемнің 50-ден аса мемлекетінде түрлі ұйымдар өздерінің ұлттық рейтингілерін жариялауда. Ол жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін және білім беру жүйесінің сапа



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата18.03.2017
өлшемі12,68 Mb.
#10021
1   2   3   4   5

азаматтардың  діни  ағымдарға 

тартылуының басты себептерін көбіне 

әлеуметтік жағдаймен (жұмыссыздық, 

ақша тапшылығы және т.б.) байланыс-

тырып жатады. Әрине, дұрыс. Алайда, 

тек бұлай деп қорытынды жасау қате 

түсінік.

-  Сонда  жат  ағымдар  кімдерді 

көздейді?

- Сауалыңызға орталықтың кеңесіне 

жүгінушілердің мәліметтерімен жауап 

берсем, біріншіден жат ағымға - 



бизнес 

өкілдерін, ауқатты отбасыларды не-

месе қалталы азаматтарды арбаған 

тиімді. 

Мысалы,  орталыққа жолығушы бір 

ақшалы мұнай саласында қызмет еткен 

30  жас  шамасындағы  орыс  ұлтының 

И. деген азаматы 9 ай бойы жат діннің 

санатындағы «Сведители Иеговыдың» 

қатарында болған. Ол бұл жағдайды, 

бәрін біле тұра қызығушылық жағдаймен 

барғандығын баяндады. Яғни, көшеде 

кез дескен  үгіт теуші  қыз дардың 

сұлулығына  бола  қызығып,  сол  үшін 

дәрістеріне  қатысып  бастаған.  Ең 

соңында отбасымен ажырасқан, үйінен 

айырылған, барлық жиған ақшасынан 

айырылды және жұмыстан қуылған.

Екіншіден, 



талантты,  қоғамда 

белсенді,  жоғарғы  білімді  аза-

маттарды  аңдиды.  Өкінішке  орай, 

көпшілігі  бұған  назар  аудармайды, 

діни  культтардың  осындай  «қымбат» 

-  ақылды,  мақсатқа  жеткіш,  өмірге 

құштар азаматтарды аңдитынын біле 

бермейді. 

Мысалы,  мониторинг  жұмыстары 

кезінде зерттеу нысанына алынған М. 

есімді 25 жасар қыз, «Благодать» діни 

ұйымына келместен бұрын, оқуда және 

қоғамдық өмірде өте белсенді болған. 

Ләззат Шағатай

«Бізге ешкім «Мен жапа шегушімін» деп тікелей келмейді»



 Қоғам және жастар

Жоғары  оқу  орнында  оқып  жүріп  ол 

облыстық деңгейдегі түрлі шараларға, 

пікірталас ойындарына қатысқан, тіпті, 

достарының  айтуынша  оның  ақындық 

өнері болып, өлеңдері бір жинақ кітапқа 

да  енген.  Сөйтіп  жүргенде,  бір  жыл-

дары  жазғы  демалыс  уақытында  от-

басында  қатты  ұрыс-керіс  болып,  аяқ 

астынан  христиан  дінін  қабылдаған. 

Қазір ол қыздың мінезінде кері ықпалды 

өзгерістер  байқалады,  қоғамнан  өзін 

алшақ ұстайды. 

 Жуырда «Орал өңірі» газетінде жарық 

көрген  «Сектант  қыздың  сыры»  деген 

мақаламда да мәселе тура осыған ұқсас. 

Бұл  мақала  республикалық  www.abai.

kz, thenews.kz, www.muftiyat.kz, news.kz  

сайттарында да жарияланды.

Тағы бір айта кетерлігі, жат ағымдар 



ата-анасы  мемлекеттік  мекеме-

де  немесе  органдарда  жасайтын 

отбасылардың балаларын өздеріне 

жиі тартады. Мұндағы мақсаттары – осы 

балалар арқылы ата-аналарының қандай 

қызмет атқаратынын және мемлекеттік 

құпияларды білу үшін пайдаланады.

Сондай-ақ, біздің жұмыс барысында 

кездескені, жат ағымдар 



еңбекке жарам-

сыз мүгедек жандарды да баулыған. 

Себебі, үкіметтен берілетін жәрдемақы 

не  зейнетақыны    өздерінің  пайдасына 

асыру үшін.

Оған  да  нақты  дәлел  келтірсек, 

орталыққа  есту  және  сөйлеу  қабілеті 

шектеулі мүгедек баланың анасы келді, 

баласы соңғы бір айда мінездері өзгеріп, 

ата-анасын тыңдамай бастаған. Мүгедек 

болса да әр жексенбі күні өтірік айтып 

үйден  сұрануы  жиілеген.  Тіпті,  отба-

сында осыған дейін қозғалып көрмеген 

ақша  мәселесін  де  алдымен  баласы 

бастаған. Яғни, анасына «мен өз ақшамды 

өзім алам, ешқайда жойма, өзіме бер» 

деп  сұрайды.  Назар  салған  ата-ана 

баласының «Сведители Иеговыға» ба-

рып  жүргеніне  көзі  жетеді.  Сондай-ақ, 

жұмыстану барысында баласымен бірге 

оның  бірнеше  достарының  да  барып 

жүргендігіне көз жеткіздік.

-  Қазіргі  таңда  шешімі  күрделі 

бо лып  отыр ғ ан  са лафийдтік 

көзқарасты  ұстанушылар  жайы 

кездесті ме?

-  Кездесті.  Қазіргі  таңда  жастар 

арасында  салафийдтік  көзқарасты 

ұстанушылардан  келетін  ең  басты 

қауіп:


  өздерін  мұсылмандар,  намазға 

бет бұрмағанды діннен шыққандар деп 

қабылдауы.  Бұған  дәлел,  салафийлік 

бағытты ұстанушы 20 жастағы жоғары оқу 

орнының студенті кеңес барысында айта-

ды: «маған намазға жығылмаған ата-ана 

керек емес, ол маған қалай тәрбие бермек. 

Екіншіден, тамақ пісіргенде «біссімілә» 

сөзін айтпайды, мен ол тамақты маған 

жеуге  болмайды.  Мейрамдарда  неге 

құттықтамайсың  деп  айтады,  мейрам-

ды атап өту – ол күнә, оны түсінбейді. 

Менің діни киім кигеніме өте қарсы, біз 

алдымен қазақ емеспіз, мұсылманбыз» 

дейді. Тіпті, өзінің ұлтын да мойындамай-

ды. Ол қыздың оқып жүрген кітаптарын 

имамдарымызға көрсеткенімізде, барлығы 

да шет елден келген, таза осы ағымға 

үгіттейтін кітаптар екенін айтып берді. Осы 

турасында республикалық 



Abai.kz порта-

лында «Қазақ қыздарына қайран қалудан 

қалдық» деген мақаланы жарияладық. 

Оған 60-қа жуық түрлі пікірлер түскен.

Тағы  да  сондай  бір  мысалды  айта 

кетсем, биыл ғана ЖОО орнын үздік ди-

пломмен тәмамдаушы жапа шегуші 22 

жасар студент қыз, психологпен сұхбат 

барысында өзінің түпкі мақсаттарының 

бірінде  жиһадистік  ойларының  да  бар 

екенін жасырмаған. Тіпті, оған қазірден 

бастап  іштей  дайындық  жұмыстарын 

жүргізуде. Ол қыз дипломды ала салысы-

мен, салафийлік көзқарастағы шетелдік 

азаматқа тұрмысқа шығуға дайындалып 

жүр. Оның айтуы бойынша, біздің елде  

таза мұсылман жоқ, өзіне сақалды, намаз 

оқитын,  балағы  қысқа  кавказ  ұлтының 

азаматтары ұнайтынын да айтқан. Оның 

қазіргі алдына қойған бар мақсаты жұмыс 

жасау емес, тез арада тұрмысқа шығу. 

Ал, түптеп келгенде бұл қыз оқып жүріп, 

шешен  ұлттары  қызмет  ететін  сауда 

орталығында жұмыс жасауға келеді, со-

дан бастап қыз діни бағытпен өмір сүруді 

таңдаған.

Тағы бір кездескен жай, студент атана 

жүріп, намазға жығылғаннан кейін сабақ 

үлгерімі төмендеп, өз еріктерімен зайырлы 

білім алудан бас тартқандар да кездесті. 

Олардың айтуы бойынша, ақиқаттың бәрі 

ана дүние туралы ілімде дейді де, құдай 

туралы кітаптардан басқасының бәрінен 

оқудан бас тарту  олардың ойынша оңды 

іс екен. 

- «Жайық» орталығының бағыты 

жастармен жұмыс болғандықтан, осы 

болып отырған жағдайлардың басты 

себебі  неде деп ойлайсыз?

- Негізінен, орталықтың психолог ма-

мандарымен және қаламыздағы мешіт 

имамдарымен  сөйлесіп,  саралай  келе 

бұл  жағдайлар  -  көп  отбасында  ата-

ана мен бала арасындағы қатынастың 

жоғалғандығынан,  өйткені,  жұмыс  ба-

рысымен  жүрген  ата-ана  баласының 

немен шұғылданып жүргенінен бейхабар 

екендігінде болып отыр. Сондай-ақ от-

басында  рухани  тәрбиенің  жоқ  болуы, 

анасының  қызымен,  әкенің  ұлымен 

арадағы жеке сұхбаты болмауы. Соның 

кесірінен  бала  ата-анадан  алшақтап, 

кейде тіпті мойындаудан бас тартып, діни 

уағыз айтушы, осыған дейін өзі танымай 

келген, бөтен адамның сөзін сөйлеуші 

болып  шыға  келуі,  жапа  шегушілердің 

қатары  тек  әлеуметтік  жағынан  аз 

қамтылғандар  ғана  емес,  жоғарыда 

айтып өткен мысалдардағыдай ақшалы 

ортадан  да  кездесуі  деген  тұжырымға 

келіп отырмыз.

О

блысымыздағы 2009 жылы құрылған «Жайық» деструктивтік діни 

ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» жат ағымнан жапа 

шеккендерге көмек қолдарын созып келеді. Олардың айтуынша 

аталмыш орталыққа кеңеске жүгінушілердің саны күн санап артып келеді. Бұны  

қоғамда дін мәселесі алаңдататын жастардың  көп екендігімен түсіндіруге 

болады дейді. Орталықтың мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар 

айынан бастап кеңеске жүгінуші және мәлімет алушы 81 адамның пайыздық 

көрсеткіші:

11-17 жас – 21 адам – 26  %

18-20 жас – 24 адам – 30  % 

21-25 жас – 17 адам – 21  %

26-35 жас – 19 адам – 23 % 

Оның ішінде: тікелей орталықтың көмегіне жүгінгендер – 23 адам – 28 %, 

«Сенім телефоны» арқылы хабарласқандар – 21 адам – 26 %, antisekta_zko@mail.ru 

электронды поштаcына хабарласушылар – 37 адам – 46 %.

Пайыздық  көрсеткіштерді  қосар  болсақ,  50%-дан  астамын  18-25  жас 

аралығындағылар құрап отыр. Яғни, бұлар кімдер? Бұлар ауылдан мектепті енді 

бітіріп келген түлектер,  студенттер және жоғары оқу орнын тәмамдаушы жастар. 

Өйткені, бұлардың өмірлік ұстанымдары мен позициялары толық қалыптасып 

үлгермеген, халықтың психологиялық тұрғыда әлсіз тобын құраушылар болып 

отыр.  

Бұл мәселелерді шешу жолында орталық облыс әкімшілігі тарапынан БАҚ 

және құқық қорғау органдарымен тығыз байланысқан. Сол себепті де құқық 

қорғау органдарымен біріккен бірнеше шаралар іске асырылып және орталықтың 

қызметі БАҚ құралдарында жарық көруде. Осыған орай қазіргі жастардың ара-

сынан орын алған жайсыз жат ағымның мән-жайына қанық болу мақсатында 

орталықтың төрайымы Ләззат Шағатаймен әңгімелескен болатынбыз. 

- Қате жолда жүргендігін түсініп, 

дұрыс бағытқа бет бұрған адамдар 

бар ма?

- Орталыққа өз алғыстарын айтып, 

балаларына  көрсеткен  көмектеріне 

ризашылықтарын білдіріп келіп жатқан 

ата-аналар баршылық. Бізге тек қаланың 

ішінен ғана емес, аудан, ауылдардан, 

тіпті қала берді көршілес облыстан келіп 

те көмек сұраушылар болды. Жолығушы 

ата-аналар  көбіне  көз  жасын  төгіп, 

шығарға жол таба алмай, баласының 

бетін қайтара алмай тығырыққа тіреліп 

келеді. Біз қолымыздан келгеннің бәрін 

жасап жатырмыз, керек кезінде имам-

дарды  орталыққа  шақырамыз,  бала-

ларын  ертіп  бірге  мешітке  де  бара-

мыз, тіпті жапа шегушілердің үйіне де 

барып,  психологиялық  кеңес  берген 

жағдайларымыз  өте  көп.  Процесс  ке-

ремет  жүріп  жатады,  баланың  беті 

енді  бері  қарап  келе  жатқан  шақта 

ата-ана тарапынан «бізді тыныштықта 

қалдырыңдар, баланы мазаламаңдар, 

қазір  жақсы  сияқты,  келмеңдер»  деп 

байланысты үзіп тастайды. Осындайдан 

келіп екі ойда қалған бала кімге және 

қайда сенерін білмей түсініксіз жағдайда 

калады. Әрине, содан кейін өткен ісін 

кері жалғастырып, дес бермей, бәрі кеш 

болғанда ата-аналары кінәларын мой-

ындап жатады. Осындай жағдайда істің 

аяқсыз қалуы еш нәтиже бермейтіндігін 

айтқым келеді. 

Екіншіден, кейбір ата-ана болады, 

баласы үшін барлық жағдайды жасай-

ды, бірақ баласы көнбейді, теріс діннің 

ықпалына әбден шырмалып, кем деген-

де 1-2 жыл уақытын өткізіп алғандар;

Үшінші ден,  кей  ата - ана  бар 

ауыртпалықты  бізге  салады,  олар: 

«баламызды сендерге апарып бердік, 

таныстырдық,  міндеттерің  сол,  енді 

өздерің  шұғылданыңдар»  деген  қате 

түсінікпен қарайды. Бұндай жағдайда да 

біз ешқандай әрекет жасай алмаймыз.

Біздің мақсат, біреулер ойлағандай 

тұлғаны  сенімінен  айырып,  дінсіз  ету 

емес, бастысы дәстүрлі діннің қайсысы 

екенін айтып түсіндіру. 



- Әңгімеңізге рахмет. 

Қадірменді оқырман қауым!

Е г е р   с і з д і ң   д о с т а р ы ң ы з , 

таныстарыңыз, туыстарыңыз жайын-

да қандайда бір дүдамал ойларыңыз 

болып,  көмек  қажет  болса,  мына 

мекен-жайға  хабарласуыңызды 

сұраймыз: 

Орал  қаласы,  Ғ.Қараш  к/сі  -14,                     

12 каб. тел: 8 (7112) 50 71 59, 8 777 861 

71 81, эл. пошта: Antisekta_zko@mail.ru, 

веб-сайт: www.antisektazko.kz

«Жайық»  деструктивтік  діни 

ағымдардан жапа шекендерге көмек 

орталығы»  ҚБ  төрайымы  Шағатай 

Ләззат Ғиниятқызы.

Әңгімелескен 

гүлсая ШЫнТемІровА

Ґ

№ 9-10 (867)

 шілде-тамыз 

2011 жыл


7

тауқыметі 

ТЕМЕКІ

Темекіден туындайтын аурулар                                       

Арқа және бел ауруы. Темекі тарту бел ауруларын тудырады. Өйткені, 

адамның  омыртқа табақшаларына оттегі аз барады.



Простаттың  қатерлі  ісігі.  Темекі  тарту  простаттағы  ісік  түрлерінің  40 

пайызының себебі екендігі дәлелденген.



Жатырдағы  қатерлі  ісік.  Шылым  шегетін  әйелдерде  тартпайтындарға 

қарағанда жатырдағы қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі 4 есе жоғары.



Балалардың  тыныс  алу  жүйесінің  бұзылуы.  Әкесі,  не  анасы  темекі 

тартатын балалардың тыныс жолы ауруларына шалдығу қаупі 6 есе жоғары. 

(Суықтау, құлақтың қабынуы, бронхит, ентікпе және туберкулез, т.б. аурулар).

Диабет.  Темекі  дененің  инсулин  бөліп  шығару  қабілетін  уақыт  өте  келе 

жояды. Бұл диабет ауруына жол ашады.



Дәріге қарсы иммунитет. Темекі тартатын адамдар дәрінің әсерін сезіну 

үшін белгілі мөлшерден көбірек дәрі қолданулары керек.



Құлақ инфекциялары.  Шылым шегетіндердің  балаларының құлақ қабыну 

ауруына шалдығу қаупі өте жоғары.



Эмфисема  ауруы.  Өкпедегі  алвеольдердің  уақыт  өте  келе  серпінділігі 

жойылып, тыныс алу қиындайды және ауру адам тыныс алу құрылғысымен  

ғана  өмір  сүре  алатын  жағдайға  жетеді.  Бұл  ауруға  шалдыққандардың  85 

пайызына  темекі тікелей кінәлі.



Асқазандағы  қатерлі  ісік.  Темекі  тартатын  адамдардың  асқазан  және 

ішектегі қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтынға  қарағанда 

2 есе көп.

Жүрек аурулары. Шылым шегетіндер басқаларға қарағанда 4 есе жүрек 

ауруына көп ұшырайды



Бедеулік. Жұбайлардың біреуінің ғана темекі тартуы бедеулік қаупін 3 есе 

арттырады.



Гангрена. Өкпе қызметін дұрыс атқара алмағандықтан, денеге оттегі аз та-

ралады. Адамның денесі осы аз мөлшердегі оттегіні басқа ағзаларға таратуға 

мәжбүр.  Сондықтан  жүректен  алыс  орналасқан  саусақтың  ұшынан  бастап 

жасушалар өле бастайды. Көбіне қол мен аяқтар гангренаға ұшырайды.



Бауырдың  қабынуы.  Бұл  аурудың  80  пайызы  темекі  шегудің  әсерінен 

туындайды.



Кеңірдектегі  қатерлі  ісік.  Күніне  25  дана  темекі  тартсаңыз,  кеңірдекте 

қатерлі ісіктің (рак) пайда болуының ықтималы 30 есе көбейеді. Бұл алдымен 

сөйлеуге  қиындық  туғыза  бастайды  да,  соңында  толық  сөйлей  алмайтын 

жағдайға дейін апарады.



Ерте босану және баланың салмағының аз болуы. Күніне ең кемі 5 дана 

темекі тартатын жүкті әйелдің ерте босану немесе мүгедек бала туу қаупі өте 

жоғары.

Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы. Ауызда қатерлі ісіктің пайда болу 

жағдайларының барлығына темекі себепші.



Климакс.  Темекі  тартатын  әйелдерде  уақытынан  5-10  жыл  бұрын  кли-

макс басталады. Бұл сүйектердің ерте жұқаруына немесе әлсіреуіне себеп 

болады.

Өңештегі қатерлі ісік. Бұл аурудан қайтыс болғандардың барлығы  темекі 

тартқаннан осы дертке шалдыққандар.



Ерте қартаю. Әрдайым темекі тарту терінің құрылымын бұзып, әжімдердің 

пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, тістер сарғайып немесе қарайып, 

тырнақтар әлсірейді.

Жаралардың  баяу  жазылуы.  Темекі  тартатын  адамдардың  жаралары 

өте қиын жазылады. Сонымен қатар, операциядан кейін жараның жазылмау 

ықтималы бар.

Тістің түсуі. Темекі тарту тістің ерте  түсіп қалуына себепші.

Ана мен бала денсаулығына зияны                                

Қазiргi  қоғамда  алаңдаушылық  тудырып  отырған  бiр  мәселе  –  шылым 

шегушiлердiң қатарын қыз-келiншектердiң толтыруы. Болашақ ана болатын 

бүгiнгi  қыздарымыз  көшеде  сiздi  тоқтатып,  оттық  сұрағанда    сiзде  шақпақ 

болмай қалса, арулар кәдiмгiдей таңданатын күйге жеттi. Темекiнiң түтiнiне 

уланған қыздарымыздың көбiсi – жоғары оқу орындарының студенттерi. Шылым 

шегетiн ана, денi дұрыс сәби туа алмайтынын түсiнбейтiн болу керек. Ананың 

құрсағында  жатқанда  түтiнге  уланған  сәби  жарымжан,  әлжуаз  немесе  есi 

ауысқан болып жарық дүниеге келуi әбден мүмкiн. Темекі тартатын әйелдер 

темекі  тартпайтын  әйелдерге  қарағанда  15  жасқа  ерте  қартаяды.  Олардың  

балаларына оттегі аз баратындықтан, ақыл-ойы кем болып туылады. Мұндай 

әйелдердің балаларының мүгедек болу ықтималы 65 пайызға жоғары. Темекіге 

әуес әйелдердің арасында бедеулік 10 есе жоғары. Ал,  ерте босану және түсік 

тастаудың 80 пайызына темекі себепші. Бір шылымқор төрт тал шылым шеккен-

де, қасындағы бейкүнә баласы мен әйелі бір тал темекі «тартқандай» уланады. 

Тұтанған темекі құрамында улызаттардың 25 пайызы жанып кетсе, 25 пайызы 

шылымқордың, қалған 50 пайызы айналасындағылардың үлесіне тиеді. Темекі 

екіқабат әйелдерге өте зиянды. Шылымқорлықтың салдарынан сырқат, тіпті өлі 

сәби туу, түсік тастау оқиғалары жиі кездеседі. Бала емізетін әйелдер темекі 

тартса, никотин емшек сүтіне араласып, соның салдарынан сәби уланып тубер-

кулез, өкпе сырқаттарына шалдығады, мазасыз күй кешеді. Мәселен, отбасын-

да бір адам темекі тартса, үйдегі балалардың денсаулығына 68,4 пайыз, ал екі 

адам түтіндетсе 83,8 пайыз зиян келтіреді. Ал, үш адам шылым шегетін болса, 

ол үйдегі балалардың денсаулығы туралы әңгіме қозғамай-ақ қоюға болады. 

Темекі  шегу  болашақ  аналардың  денсаулығына  орны  толмас  орасан  үлкен 

қатер. Анасы никотинмен уланған баланың салмағы, темекі шекпейтіндерге 

қарағанда, орташа есеппен алғанда 30-40%-ға кем. Балалардың аурушаңдық 

көрсеткіштеріне қарасақ, шылым шекпейтін отбасыларында балалар аз ауы-

рады, олардың ағзасы әдеттегі ауруларға төзімдірек келеді. 

Қазақстан өз алдына тәуелсіздігін жариялап, сенім бостандығына ерік 

берген  тұста,  сырттан  ағылған  діни  ағымдар  ағыны  ұлғая  түсті.  Сөйтіп 

халықаралық  құқықтық  нормаларды  бекітіп,  конвенцияларға  қосылу 

сырттан  келетін  діни  ағымдардың  ықпалын  күшейтуге  жол  ашты.  Яғни, 

дәстүрлі  емес  діндер  санатына  кіретін  ағымдар  елдің  әлеуметтік  ауыр 

ахуалын пайдаланып, өздерінің мақсат-мүддесін жүзеге асыруға белсене 

кірісті. Соңғы оншақты жылдың көлемінде дәстүрлі емес діни ағымдардың 

саңырауқұлақтай қаулап кетуі осының айғағы.

Жаңашылдыққа және жалпы белгілеріне орай біріккен  жаңа діни ұйымдардың 

мақсаты, ұйымдастыру түрлері, қызмет сипаты бойынша ала-құла болып келеді. 

Қазақстандағы  аталмыш  ағымдардың  дәстүрлі  емес  болып  аталатын  себебі, 

олардың біздің мемлекетімізде пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және 

олардың бойында дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілері де жеткілікті.

«Дәстүрден тыс діни ағымдар» дегенде, еліміздегі жас буынның көз алдына 

не елестейді? Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп 

жатқандығы  туралы  жиі  айтылуда.  Алайда,  жастар  теріс  пиғылды  ұйымның 

өз  жұмысын  нақты  қандай  әрекеттер  арқылы  жүргізетінінен  бейхабар.  Олар 

дәстүрден  тыс  діни  ағымдардың  дәстүрлі  діндерден    іргесін  аулақ  салатын, 

белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі. Алайда, олар өздерін 

адамның  рухани  қажеттіліктерін  өтейтін,  өмірдің  мәнін  ұғынуға  көмектесетін, 

рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, 

өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. 

Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе 

жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.

Ақиқатында,  діни  бірлестіктердің  басым  көпшілігі  кейбір  аңғал  жандар 

ойлағандай, биік мақсат-мүдделерді көздемейді. Дәстүрден тыс діни ағымдар 

атаулының түпкі ниеті біреу-ақ, ол – қарапайым адамдарды өз мақсат-мүдделеріне 

пайдалану, сол арқылы материалдық игілікке кенеліп, билікке қол жеткізу.

Исламда ешбір адамның өз бетімен бөлек топ құрып, бөлінуге құқығы жоқ. 

Аллаһ Құранда патшаға, басшыға, қандай да болмасын билік иелеріне бағынуды 

бұйырған. Теріс ағымдардың алдын алу үшін белгілі мекеме басшысы, құзырлы ор-

гандар және ең бірінші ата-ана өз балаларын қадағалауы тиіс. Балаларымыздың 

қайда жүргенін, кіммен жүргенін, түнгі уақытта мезгілсіз жүрмеуін, мешітке барса 

кімнен не үйреніп жүргенін мұқият қарауымыз қажет. Мақсат – ұл-қыздарымызды, 

болашақ ұрпағымызды теріс ағымдардан сақтау және алдын-алу. Осындай ша-

раларды қабылдаған күнде ғана еліміздің ертеңгі  қауіпсіздігіне қатер төндіретін 

дәстүрлі емес діндердің іріткі салуының алдын алуға болады. 

Аллаһ тағала елімізге тыныштық, отбасымызға амандық бергей!

елдана АСЫлХАнҚЫзЫ

Дәстүрлі емес діни 

ағымдардың

көзд


еген

і не?


Түр-тұлғасы,  болмыс-бiтiмi  де 

әртүрлi қаптаған студенттер. Қабылдау 

комиссиясында талапкерлердің қасына 

сенің де кезекте тұрғаның. Әр өлкеден 

келген жастардың жүрек лүпiлi, жаңадан 

басталған  сабақтар,  ұйқыдан  айырған 

таңғы сәттер, бәрi-бәрi сағыныш екен-

ау, шiркiн! 

Оқуға түскен жас талапкер  1 курста 

оқу оқысам, бiлiм қусам, 2 курста – көп 

бiлсем,  басқадан  озсам,  3  курста  – 

жан-жағына  қарап,  ел  сияқты  жұмыс 

iстеп,  ақша  тапсам  дейдi.  Ал  4  курста 

–  «Ой,  қайтемiз?!  Бiтiретiн  жыл  ғой» 

деп  қол  сiлтейдi  де,  3  курста  жалдан-

ған  жұмыстарына  мастанып  жүре дi. 

Сөйтiп,  шыжығы  мен  қызығы  мол, 

қайталанбас студенттiк шақты уысынан 

шығарып алады. Әттең, уақыт ешкiмге 

бағынбайды. Әйтпесе...

Күні  кеше  келген  біз  де  төрт  жыл-

ды  артқа  тастап,  оқу  ордамыздан  жас 

маман  болып  қанат  қағып  отырмыз. 

Бірінші курста жат-жерге үйрене алмай 

біраз қиналғанымызбен, кейінгі курста 

көзіміз жаттығып, төртінші курста, міне 

қимастықпен қоштастық. 

Бірінші  курста  ата-анаң  күн  сай-

ын  хабарыңды  сұрап  тұрып,  бір  күні 

сұрамаса,  «қыз  керек  емес  пе  не, 

неге  соқпай  жатырсыңдар?»  деп  өзің 

қоңырау  шалатын  болсаң,  төртінші 

к урс та  «Телеф он  бірлік терің із ді 

жоймаңыздар, мені кім алып кетсін» деп 

сирек хабарласатын болдым. Басында 

мұғалім  келгенде  сасқалақтап,  ұялып 

тұрсақ,  соңғы  курста  әр  ұстазыңның 

мінезінен хабарың болып, тез тіл табы-

сып кеткеніңді байқайсың. 

Міне,  осылай  бағамдай  жүріп  төрт 

жылдың  қалай  өтіп  кеткенін  сезбей 

БҚМУ - менің 

мақтанышым!  

қалған  екенбіз.  Студенттік  өмірмен 

қоштасқанда  бір  өкінетінің  студенттік 

еркіндікті болашақ өмір көтермейтіндігі, 

не  ішем,  не  жеймін  демеген  кезбен 

қоштасатындығың,  ұрсып  та,  жай 

мінезімен бағыт-бағдар да беріп    отыра-

тын ұстаздарыңмен қоштасуың болмақ. 

Ендігі болашақ өмірде өзіндік «мен»-іңді 

қалыптастырып,  мойындататын  кез 

келді.  Өз  еңбегіңнің  нәтижесі  арқылы 

өзіңнің  тұлғаңды  қалыптастыруың 

керек.  Осылай  жүріп  үлкен  міндеттер 

мен  жауапкершіліктің  қамытын  киюіңе 

тура келеді. 

Төрт  жылды  да  қызықты  да,  есте 

қаларлықтай етіп өткіздім деп айта ала-

мын. Осы жылдарым үшін өзім оқыған 

«Қазақ  филологиясы»  кафедрасының 

ұстаздарына алғыс айтамын. Сабақ бер-

ген ағайларды атасақ, Серікқали ағай, 

Зейнолла ағай, Азамат ағай, Жанкелді 

ағай, Бауыржан ағай мен Айдарбек ағай, 

Марат ағай және апайлардың бойынан 

табылатын ақ көңілділік, еңбекқорлық, 

түсіністік пен жауапкершілікті бойымызға 

сіңіреміз деп ойлаймын. Ең бірінші менің 

ғылымға деген сүйіспеншілігімді оятқан 

Рита  апайға  (Рита  Сұлтанғалиева) 

алғысым  шексіз.  Апайдың  бойындағы 

еңбекқорлығы мен талап қойғыштығына 

тәнті  болам.  Сонымен  қоса,  мақала 

жазып,  тілшілік  бағытта  өзімді  сы-

нап  көруге  мүмкіндік  берген  «Өркен» 

газетіне  де  алғысым  шексіз.  Біліп, 

білмей жасаған бойымыздағы қателіктер 

болса, барлығы үшін кешірім сұраймыз. 

Саналы тәрбие мен сапалы білім берген 

жалпы  білім  ордаммен  мақтанамын, 

БҚМУ - менің  мақтанышым!  



гүлсезім бияШевА,

2011 жыл түлегі

8

Ґ

№ 9-10 (867)



 шілде-тамыз 

2011 жыл


МЕНшік иЕсі: 

М.Ґтемісов атындаєы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университеті.

Газет айына бір рет шыєады.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі 

Ақпарат  және  мұрағат  комитетінің 

келісімімен мерзімді баспасөз басылым-

дарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 

26.01.2011ж. есепке алу туралы №11390-Г 

куәлігі берілген.

Индексі 090000

Таралымы 1000 

РЕдактоР: 

ШыНТЕМІРОвА 

Гүлсая Каримоллақызы

тіЛші: 

АСыЛХАНОвА Елдана



коРРЕктоР: 

БЕККУЖИЕвА Светлана

ОПРЯ Оксана викторовна

БЕт ҚЎРУшЫ & дизайН: 

АБДУЛЛИНА Асель



ФотосУРЕтші:  

ХАЛЕЛОв Рафхат

Газет БАҚ және баспа орталығында 

теріліп, беттелді. «Полиграфсервис» 

ЖШС баспаханасында басылды.

Құттықтаймыз!!!

ҚОЛЖАЗБАЛАР АвТОРЛАРыНА КЕРІ  

ҚАЙТАРыЛМАЙДы. ДЕРЕКТЕРДІЅ 

ДӘЛДІГІ ЇШІН  АвТОР  ЖАУАПТы. 

ЖАРИЯЛАНыМ АвТОРЛАРыНыЅ 

ПІКІРЛЕРІ   РЕДАКЦИЯ  

КҐЗҚАРАСыН  БІЛДІРМЕЙДІ.

Сарайшық көшесі, 34, тел.: 50-76-52 

Біздің сайт: www. wksu.kz

e-mail: IC_SMI@wksu.kz 

М.Ґтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 

«Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет