Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер
туралы не білеміз?
3. Қазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм) дегеніміз не?
4. Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)дегеніміз не?
5. Неге диссимиляцияны (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық
өзгерістерінің бір түрі деп қарайды?
6. Тілдегі қандай басқа да фонетикалық құбылыстарды білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№12 тақырып: Фонема ұғымы. Дыбыс және фонема. Фонеманың қызметі.
Орфоэпия жайлы ұғым.
Жоспары:
1.
Фонема ұғымы туралы түсінік
2.
Дыбыс және фонема
3.
Фонеманың мағына ажыратқыш қызметі
4.
Орфоэпия жайлы ұғым
1.Тілдегі сөздер бір-бінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады.
Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер
екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуына қарап
ажыратылады. Мағына мен дыбысталудың әр басқа болуы сөздердің формаларын
да, морфемаларды да ажыратады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және
тағы басқа формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен
дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл
мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп , бір-бірінен сөздерді ғана
емес сонымен бірге, сөздің формаларын және иорфемаларды ажрататындығын
көреміз.
Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда
болды. Фонема – сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары
қарай
бөлшектеуге
келмейтін
дыбыстық
единица.
2. Тіл білімінде фонема туралы ұғымның сыр-сипатын ашып айқындау
фонетиканың тарихында жаңа үлкен белес болды және оның мазмұнына тіл
дыбыстарын лингвистикалық аспектіде қарастыратын ілім – фонологияны енгізіп,
фонетиканың шеңберін кеңейте түсті. Енді, сол фонемалардың табиғатын ашып
айқындау
мәселеріне
келейік.
Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің
жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта,
олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы.
Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика
екеуі екі түрлі пен емес, тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі
жағы.
Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бірі-
бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі
дыбыстан да құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде
айтылады.Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана
ц дыбысы түрінде айтылады. Фонемалардың саралап ажыратушы қызметі тілдің
өзінің табиғатынан, оның бүтіндей жүйесінен келіп туады.Тілдегі дыбыстардың
бір-бірінен ажыратылуы қаншалықты қажет болса, морфемалардың да жігі
ашылып ажыратылуы, сондай-ақ сөз тіркестерінің де шегі айқындалып өз ара
ажыратылуы, - тілдің табиғатына тән және қажетті нәрсе. Фонемаларды саралап
ажыратушы қызметі бүтіндей тілдің жүйесінен, оның атқаратын қызметінен келіп
туады
дейтініміз
де
осыдан.
3. Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ және
қалыптасқан біріңғай нормалары болады. Солар жайындағы ережелердің
жиынтығы орфоэпия деп аталады. Әрбір әдеби тілдің орфоэпиясы дыбыстар мен
дыбыс тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес, сонымен бірге сөздер
мен
фразалардың
да
дұрыс
айтылу
ережелерін
қамтиды.
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар бір-
бірімен өз ара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеуде олардың үндестігін сақтап,
нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың
бір-біріне
әсер
ету
заңдылықтарын
жете
білу
қажет.
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында қатар
келген екі дауысты дыбыстың алдыңғысы сөйлеуде түсіріліп айтылады. Мысалы,
торы ала ат, бара алмады, келе алмады, бала ісі, бері отыр деген тізбектер торалат,
балмады,
келалмады,
балісі,
беротыр
түрінде
айтылады.
Әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруда мектеп, радио,
телевидение, театр және киноның атқаратын ролі айрықша күшті.
Әрбір сауатты адам үшін жазудың ережелерін меңгеріп, дұрыс жаза білу
қаншалық қажетті және міндетті болса, айтылудың ережелерін меңгере білу
сөйлеуде үндестікті сақтап айту, жалпыға ортақ қалыптасқан қағидалардан
ауытқымау да соншалықты қажет және міндетті болып саналады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Дыбыс және фонема дегеніміз не?
2. Фонеманың қызметі қандай?
3. Фонеманың жаңа ажыратқыш сипатына не жатады?
4. Орфоэпия дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№13 тақырып: Жазу және оның даму кезеңдері. Орфография және орфоэпия
мәселелері. Транскрипция және транслитерация ұғымдары.
Жоспары:
1. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі
2. Жазу және оның даму кезеңдері
3. Орфография және оның ұстанымдары
4. Транскрипция және транслитерация мәселелері
5.
Орфоэпияның ережелер жиынтығы
1.Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де
атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның
қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу – адамдардың кеңістік
пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-
қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің
тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың
тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз.
Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді.
Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де
өзгеріп отырды.
2. Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу
– суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды.
Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.
Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу
пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады.
Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан
біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы
формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла
бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер
жазуынан көруге болады.
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде
таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың
фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді.
3.Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи
қалыптасқан жүйесі. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.
Морфологиялық ұстаным – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, бастапқы
құрамын сақтап жазу. Фонетикалық ұстаным бойынша сөз айтылуындай
жазылады. Дәстүрлік ұстаным - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге
айналған түрінде сақтап, жазу. Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын,
оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай
қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан
мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық
жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық
және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал
транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция
үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ.
Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете
бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе
фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі
фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады.
Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол
әрқашан
бір
ғана
таңбамен
белгіленеді.
Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация
жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын
алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация
әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі
қолданылады.
5. Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың
(сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер
жиынтығы.
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір
айтушылардың бірі проф – М.Балақаев. Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің
мәселелері” деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердің
айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз
қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-
құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы
дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай
есітеді – бәрібір – әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін
әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты
талаптарының бірі етіп қою керек ”.-дейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жазудың қандай түрлері бар?
2. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?
3. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
4. Орфографияның қандай ұстанымдары бар?
5. Транскрипция және транслитерация нені қарастырады?
6. Орфоэпияның қарастыратын мәселесіне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№14 тақырып: Лексикологияның міндеті мен зерттейтіні. Лексикологияның
бөлімдері. Сөз – тілдік бірлік. Сөзге тән басты белгілер.
Жоспары:
1.
Лексикологияның міндеті мен зерттейтін нысаны
2.
Лексикология және оның түрлері мен салалары
3.
Лексикологияның бөлімдері
4.
Сөзге тән басты белгілер
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын
(лексикасын) зерттейді. Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын
шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол
тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы
мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама
лексикология болып бөлінеді.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің
шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын
айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар.
Сөздердің
мағыналық
жақтары
семасиологияда
қарастырылады.
Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы –
ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық
заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір
сөзбен аталуының неліктен екендігін қарастырады. Ономосиологияның
айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз
ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу
объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу
объектісі
етіп
қарастырады.
Лексикологияның жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында
деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның
арнаулы бір саласы фразеология деп аталады.
Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің
дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Тарихи тұрғыдан қарағанда,
сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге
бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі
түрге бөліп қарауға болады: оның бірі – тура мағына, екіншісі келтінді (немесе
ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Лексикологияның зерттеу нысаны мен міндетіне не жатады?
2.Лексикологияның қандай салалары бар?
3. Сөз дегеніміз не? Сөзге қандай басты белгілер тән?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№15 тақырып: Сөздің көп мағыналылығы. Омонимдер және олардың түрлері.
Сөз мағыналарының ауысу түрлері
Жоспары:
1.Сөздің көп мағыналылығы
2.Омонимдер және олардың түрлері
3. Полисемия мен омонимияның айырмашылығы
4. Сөз мағыналарының ауысу түрлері
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа
сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура
мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни тура мағыналарға ие
болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып,
жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын
сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да,
бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) – 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің,
ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;
5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Омонимия (грек homonymiа – аттас атаулар) – тіл білімінде мағыналары бөлек
тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей,
бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.
1.Жүз – жүз (сан есім).
2. Жүз - өң, бет, әлпет (зат есім).
3. Жүз – суда жүз (етістік).
Полисемия мен омонимдерді бір – бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір –
бірінен ажырату мәселесі тіл білімінде өте–мөте күрделі мәселеле болып
табылады. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен
омографтар, омофоралар мен паронимдер. Бұл омонимдер құбылысының
қатарында қарастырылғанда, сөздердің, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің
орфографиялық жағы мен орфоэпиялық жағының ара қатынасы ескеріледі.
К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы
пайда болған.2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық
өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда
болған.3)Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы
арқылы жасалады.4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің
дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Омонимдік қатарға
енетін сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты
дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-
грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-
бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып
саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы)
полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек
сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен
омографтар, омофоралар мен паронимдер.
Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де ықпал етеді. әсіресе,
сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек
әсер ететіндігі байқалады.Сөз мағынасының ішкі (линвистикалық) өзгерістерінің
бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда,
бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналары мен өзара қарым - қатынасқа түсіп,
солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі
жағдайда болуы мүмкін.Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына
бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы
мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсері болуы
ықтымал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру
заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ
бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын
айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер
арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше,
құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б.
бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған
сөздер.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға
байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес»,
егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес,
жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге,
тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде,
ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес
адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына
туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын
сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі,
мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық
тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату,
мұрны
қолақпандай
т.б.
Метафора, сыртқы не ішкі белгілеріндегі(тұлғасындағы ,қимылындағы не
атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап,бір зат атаулының басқа бір затқа
атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады.
Мағына
ауысуының
бұл
тәсілінің
негізінде
ұқсату
заңы
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |