Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (31) 2013



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата24.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10288
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Список литературы 
1.  Шукиров 
М.У. 
Адвокат 
в 
уголовном 
процессе. 
http://advocat-
mereke.ucoz.ru/index/ugolovnyj_process/0-16
  (дата обращения: 12.11.2013). 
2.  Канафин  Д.К.    Совершенствование  правового  статуса  адвоката  в  свете 
разработки  нового  Уголовно-процессуального  кодекса  Республики  Казахстан.  
http://оnline.zakon.kz/medialaw.asia/posts/05-11-2012/66648html
    (дата  обращения: 
12.11.2013). 
3.  Жамиева Р.М. Тактика профессиональной защиты по уголовным делам: Автореф. 
дис. канд. юрид. наук. - Алматы, 1999.- 22 с.  
4.  Рагулин  А.В.  Стратегические  принципы  участия  адвоката  -  защитника  в 
уголовном процессе// Следователь. - М., 2011, №3 (155). - С. 18-25. 
5.  Федерякин  В.А.  Процессуально-правовые  и  нравственные  основы  участия 
защитника  -  адвоката  в  производстве  следственных  действий:  дис.  канд.  юрид. 
наук. Фемида. -М., 2008, №1. - С. 56-58. 
 
Түйіндеме 
Осы мақалада адвокаттың – қылмыстық сот  процесіндегі қорғаушы ретіндегі 
алатын  орны  мен    қазіргі  таңда  олардың  құқықтары  мен  міндеттерінің    қорғалу 
мәселесі  талқыланады.   
Summary 
This  article  discusses  current  issues  lawyer  -  as  defense  counsel  in  criminal 
proceedings and their rights and responsibilities. 
 
 
ӘОЖ 343.13 
К.У.Турдалиев  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ 
 КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫНА ШОЛУ 
                              
Аңдатпа 
    
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық іс  жүргізу кодексінің  жобасының  3-
тарауына  шолу  жасалған.  Қабылданғалы  тұрған  жаңа  қылмыстық  іс  жүргізу 
кодексінің  тиімділігі  көрсетілген.  Қолданыстағы  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексімен 
салыстырмалы түрде зерттеу жасалған. 
        
Қылмыстық  іс  жүргізу  заңының  негізін  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі 
құрайды.Ал  бүгінгі  күні  қолданыстағы  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі  13  желтоқсан  

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

89 ~
 
 
1997 жылы бекітілген болатын.Олай болса біраз уақыт өткен сияқты.Жалпы 16 жыл 
ол  аз  уақыт  емес.Заңның  өзгертілуі  мемлекеттімізде  болып  жатырған  елеулі  даму 
процесстеріне байланысты,олардың қатарында,экономикалық,әлеуметтік,саяси және 
т.б.  Бұрын  қабылданған  заңнамаға  қажетті  өзгерістер  өте  көп.1997  жылдан  бері 
санағанда  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексіне  енгізілген  өзгерістермен  толықтырулар 
саны  68  болып  отыр.Бір  сөзбен  айтқанда  бұндай  толықтырулар  енгізгеннен  жаңа 
қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдаған жөн болып отыр. 
   
Қазіргі  таңда  ҚР  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  жобасы  қызу 
талқылануда,бұл  жобаның  тек  қана  3  тарауымен  таныса  отырып  өзгерістердің 
көптігіне көзім жетті. 
 
Қылмыстық 
іс 
жүргізу 
кодексінің 
жаңа 
редакциясына 
енгізіліп 
отырған,қылмыстық  ізге  түсіуді  оңтайландыру  негізінен  қылмыстық  ізге  түсу 
барысында    қылмыстық  процесске  қатысушы  азаматтардың  құқықтарымен  
мейлінше  қорғап,  сапалы  түрде  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Яғни  қылмыстық 
істердің  көптеген  түрлерін  азғантай  уақытта  тергеп,қорытынды  процессуальдық 
шешім  қабылдауға  бағытталған.    Бұндай  заңдық  реттеу  процесске  қатысушы 
субъектілерді  көп  жүріске  салмай,  өзіне  психологиялық  әсер  қалдырмай,  қойылған 
мәселені тез арада шешуге икемделіп отыр деп айтуға болады. 
 
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясында қылмыстық қудалау 3 
тараудың 32-36 баптарымен қамтылған болса. Ескі редакциясында 3 тараудың 32-38  
баптарымен қамтылған. 
 
Жаңа  рекдакцияда  ҚІЖК  32  бабы  1  бөлігінде.  Жеке,  жеке-жариялы  және 
жариялы қудалау мен айыптау істерi бойынша. 
 
Жасалған  құқық  бұзушылықтың  сипатына  және  ауырлығына  қарай 
қылмыстық  қудалау  мен  сотта  айыптау  жеке,  жеке-жариялы  және  жариялы  түрде 
жүзеге  асырылады  деп  көрсетілген.  Ал  бұрынғы  редакцияда  жасалған  қылмысы 
бойынша  деп  көрсеткен.Яғни  іс  әрекеттің  қылмыс  екендігін  тек  қана  сот 
анықтайтыны ескерілмеген. 
 
Жаңа  рекдакцияда  ҚІЖК  32  бабы  2-3  бөлігінде.  Жеке,  жеке-жариялы  және 
жариялы  қудалау  мен  айыптау  істерi  нақты  баптары  көрсетілген.Ал  бұрынғы 
рекдакцияда  33  бапқа  сілтеме  жасаған,жаңа  редакцияда    жеке,  жеке-жариялы 
түрде  жүргізілетін  қылмыстық  кодекстегі  баптардың  саны  анағұлым  жоғары  болып 
отыр.Бұндай  жағдай  бір  жағынан  ҚР  қылмыстық  кодексіне  енгізілген  өзгертулерге 
байланысты,қылмыстардың  санаттарға  бөлінгендігінен  байланысты.Нақты  айтатын 
болсақ  ауыр  қылмыстарының,  орта  ауырлықтағы  қылмыстардың    қатарында 
дәрежеленуі болып табылып отыр. 
 
Жаңа рекдакцияда ҚІЖК 32 бабы 5 бөлігінде. Қылмыстық құқық бұзушылық 
туралы хабар сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен және шұғыл 
тергеу  іс-әрекеттері  жүргізілгеннен  кейін,  жеке  және  жеке-жариялы  айыптау  істері 
бойынша  іс  жүргізу  және  тіркелген  кезден  бастап  үш  тәуліктен  кешіктірмей 
жәбірленушінің  шағымы  болмаған  кезде  қудалау  осы  Кодекстің  35-бабы  бірінші 
бөлігінің  5)  тармағында  көзделген  негіздер  бойынша   қысқартылады  деп 
көрсетілген.  Яғни  бұл  жерде  де  қылмыстың  ауырлығы  ескеріліп  мәселені  азғана 
уақытта шешуді белгілеген. 
Жаңа  рекдакцияда  ҚІЖК  32  бабы  6  бөлігінде.
 
Осы  баптың  екінші  және 
үшінші  бөліктерінде  көрсетілгендерді  қоспағанда,  қылмыстық  құқық  бұзушылық 
туралы  iстер  жариялы  айыптау  iстерi  болып  есептеледі.  Бұл  iстер  бойынша 
қылмыстық  қудалау  жәбiрленушiнiң  шағым  беруiне  қарамастан  жүзеге  асырылады 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

90 ~
 
 
деп  көрсетілген  бұның  өзі  көптеген  ауыр  және  аса  ауыр  қылмыстардың 
жәбiрленушiнiң  шағым  беруiне  қарамастан  міндетті  түрде  тергеліп,кінәлі  адам 
қылмыстық жауаптылыққа тартылады деген сөз. 
 
Жаңа  рекдакцияда  ҚІЖК  32  бабы  көптеген  жасалған  құқық  бұзушылықтың 
сипатына  және  ауырлығына  қарай  қылмыстық  қудалау  мен  сотта  айыптау  жеке, 
жеке-жариялы  түрде  жүзеге  асырлатын  істердің  жәбiрленушiнiң  шағым  беруiне 
немесе бітімгершілікке келуіне байланысты қысқартылады деп ескерілген. 
 
Жаңа рекдакцияда ҚІЖК 36 бабы 1 бөлігінің айтарлықтай ерекшеліктер бар. 
Қылмыстық қудалау органы, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 66 
–  68  баптарында,  69-бабының  екінші,  үшінші  бөліктерінде,  70,  71,  84-бабының 
бірінші  бөлігінде,  сондай-ақ  442  –  443,  445  –  449,  454-баптарының  ескертулерінде 
көзделген жағдайларда, тиісті мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды 
қылмыстық  жауаптылықтан  босата  отырып,  қылмыстық  қудалауды  қысқартуға 
құқылы.  Осындай  жағдайларда  сот  қылмыстық  жауаптылықтан  босата  отырып, 
айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.  
 
Ескі  рекдакцияда ҚІЖК 38  бабы 1 бөлігі былай көрсетілген бұнда. 
 
Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе анықтау 
органы тиiстi мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық  кодексiнiң  65,  66-баптарында,  67-бабының  екінші  бөлігінде  және  68-
бабында,  сондай-ақ  373,  375  -  378,  381-баптарының  ескертулерінде  көзделген 
жағдайларда  адамды  қылмыстық  жауаптылықтан  босата  отырып,  қылмыстық  іс 
қозғаудан бас тартуға не қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот 
қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы. 
 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші бөлігінде 
көзделген  жағдайларда  сот  кәмелетке  толмаған  баланың  жәбірленушімен 
татуласуына  байланысты  оны  қылмыстық  жауаптылықтан  босата  отырып, 
қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. 
 
Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  жаңа  редакциясына  енгізіліп  отырған 
айырмашылықтардың  бірі  қылмыстық  қудалауды  жүзеге  асырушы  органдардың 
құқықтарымен,міндеттерінде. 
 
Жаңа  рекдакцияда ҚІЖК 58-бабының 1 бөлігінде 
 
Прокурор  –  өз  құзыретi  шегiнде  жедел  iздестiру  қызметiнің,  анықтаудың, 
тергеудiң  және  сот  шешiмдерiнiң  заңдылығын  қадағалауды,  қылмыстық  процестiң 
барлық  сатыларында  қылмыстық  қудалауды  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ  айыптау 
актісін,  қылмыстық  теріс  қылық  туралы  хаттаманы,  осы  Кодекстің  35-бабының 
алтыншы  бөлігінде  аталған  негіздер  бойынша  қылмыстық  істі  қысқарту  туралы 
қаулыны бекітетін прокурорлар деп көрсетілген.  
 
Ескі  рекдакцияда ҚІЖК 62  бабы 1 бөлігі 
 
Прокурор  -  өз  құзыретi  шегiнде  жедел  iздестiру  қызметiнiң,  сотқа  дейінгі 
жеңілдетілген  іс  жүргізудің,  анықтаудың,  тергеудiң  және  сот  шешiмдерiнiң 
заңдылығын  қадағалауды,  сондай-ақ  қылмыстық  процестiң  барлық  сатыларында 
қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға болып 
табылады. 
Жаңа  рекдакцияда ҚІЖК 58-бабының 4 бөлігінде 
 
Прокурордың сотқа дейiн тергеу және iстi соттың қарауы кезiндегi өкiлеттiгi 
осы  Кодекстiң  187  (сегізінші  және  тоғызыншы  бөліктері),  190  (бесінші  бөлігі),  193, 
301 – 305, 337, 414 (үшінші бөлігі), 484, 486-баптарына сәйкес айқындалады. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

91 ~
 
 
 
Ескі    рекдакцияда  ҚІЖК  62    бабы  3  бөлігі  Прокурордың  сотқа  дейiнгi  iс 
жүргiзу  және  iстi  соттың  қарауы  кезіндегі  өкiлеттiгi  осы  Кодекстiң  190,  190-4,  192 
/алтыншы және жетiншi бөлiктерiне/, 197, 289, 317, 396 /үшiншi бөлiгiне/, 458, 460-
баптарына сәйкес анықталады деп көрсетілген. 
 
Яғни  жаңа  редакцияға  сәйкес  прокурордың  құқықтары  айтарлықтай 
көбейтілген болып отыр. 
 
Жаңа    рекдакцияда  ҚІЖК  60-бабының  1  бөлігінде  тергеушi  –  өз  құзыретi 
шегiнде  қылмыстық  iс  бойынша  сотқа  дейін  тергеудi  жүзеге  асыруға  уәкiлетті 
лауазымды  адам:  iшкi  iстер  органдарының  тергеушiсi,  ұлттық  қауiпсiздiк 
органдарының тергеушiсi және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi, сондай-
ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – прокурор. 
 
Ескі    рекдакцияда  ҚІЖК  64    бабы  1  бөлігі  тергеушi  -  өз  құзыретi  шегiнде 
қылмыстық  iс  бойынша  алдын  ала  тергеудi  немесе  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс 
жүргізуді  жүзеге  асыруға  уәкiлеттiк  берiлген  лауазымды  адам:  арнайы  прокурор, 
iшкi  iстер  органдарының  тергеушiсi,  ұлттық  қауiпсiздiк  органдарының  тергеушiсi 
және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi.  
 
Бұндағы  айырмашылық  кейбір  қылмыстық  істер  бойынша  тергеу  ісін 
жүргізуге прокурорға құқықтардың берілгендігін байқауға  болады. 
 
Жаңа  рекдакцияда ҚІЖК 60-бабының 3 бөлігінде, тергеуші істің мән-жайын 
жан-жақты,  толық  және  объективтi  зерттеу  үшін  барлық  шараларды  қолдануға, 
оның  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасағанын  көрсететін  оған  қатысты  жеткілікті 
дәлелдер  жиналған  адамды  күдіктінің  әрекеттерін  саралау,  Кодекске  сәйкес  оған 
бұлтартпау  шараларын  таңдау,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  мән-жайлары 
баяндалған,  жинақталған  дәлелдер  сипатталған  айыптау  актісін  жасау  арқылы 
қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті. 
 
Ескі    рекдакцияда  ҚІЖК  64    бабы  1  бөлігі,  тергеуші  істің  мән-жайын  жан-
жақты,  толық  және  объективті  зерттеуге  барлық  шараларды  қолдануға,  оның 
қылмыс  жасағандығын  көрсететін,  оған  қатысты  жеткілікті  дәлелдер  жиналған 
адамды  айыпталушы  ретінде  тарту,  айып  тағу,  Кодекске  сәйкес  оған  жолын  кесу 
шараларын  таңдау,  айыптау  қорытындысын  жасау  жолымен  оны  қылмыстық 
қудалауды жүзеге асыруға міндетті. 
 
Яғни жаңа редакцияда тергеуші жинақталған дәлелдер сипатталған айыптау 
актісін  жасау  арқылы  қылмыстық  қудалауды  жүзеге  асыруға  міндетті.  Ескі  
рекдакцияда жеткілікті дәлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып 
тағу, Кодекске сәйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын 
жасау  жолымен  оны  қылмыстық  қудалауды  жүзеге  асыруға  міндетті  деп 
көрсеткен.Бұл кезде тергеуші кінәлі адамға айып тағу барысында оның қаншалықты 
қылмысын  толықтай  мойындайтындығын  немесе  ішнара  мойындайтындығын 
көрсетіп, 
қаншалықты  Конститутциялық 
тәртіптің 
бұзылғандығын  көрсетіп 
отыр.Себебі  адамды  кінәлі  деп  тек  қана  заңды  күшіне  енген  сот  үкімі  шықаннан 
кейін айтуға болатындығы. 
 
Жаңа    рекдакцияда  ҚІЖК  61-бабының  3  бөлігінде  анықтау  органының 
барлық  қылмыстық құқық  бұзушылық туралы iстер  бойынша  сотқа  дейiн  iс жүргiзу 
және  кезек  күттiрмейтiн  тергеу  қимылдарын  орындау  жөнiндегi  құқықтары  мен 
мiндеттерi  сол  сияқты  алысқа  жүзу  сапарындағы  теңiз  кемелерiнiң  капитандарына, 
геологиялық  барлау  партияларының  осы  баптың  екiншi  бөлiгiнде  аталған  анықтау 
органдарынан алыстығы басқа да мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң 
басшыларына да, көлiк қатынасы болмаған кезеңде жүктеледi. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

92 ~
 
 
 
Ескі    рекдакцияда  ҚІЖК  64    бабы  2  бөлігі  жоғарыда  көрсетілген  анықтау 
органының басшылығына тікелей анықтауды жүргізуді жүктеп отыр. 
 
Жаңа    рекдакцияда  тек  қана  көлiк  қатынасы  болмаған  кезеңде  жүктеледi  
деп  көрсетілген.  Бұлда  мейлінше  дұрыс  деп  есептеймін,  себебі  көлік  қатынасы 
болған  жағдайда  арнайы  кәсіби  тергеу  немесе  анықтау  органдарының  қылмысты 
қудалауды жүзеге асырғандары дұрыс болар еді. 
 
Қорыта  келгенде  айтуға  болатыны  ҚІЖК  жаңа  рекдакциясында  келтірілген 
заң  нормаларының  тиімділігі  және    Конститутциялық  заңи  нормаларға  қайшы 
келмейтіндігі деп айтуға болатындығы деп есептеймін. 
 
Әдебиеттер тізімі
 
1.Қазакстан Республикасының Конститутциясы 1995 жыл.Алматы, 
«Юрист». 
2013. 
2.
 Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексi. 
Алматы, 
«Юрист» 
2012. 
3.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі.
Алматы 
«Юрист» 
2012. 
4.Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  проектісі. 
Астана 
2013. 
Резюме 
В  данной  статье 
изложена
  правовая  оценка  к  проекту  Уголовно-
процессуального  кодекса  Республики  Казахстан  через  проведённое  сравнение  с 
действующим  Уголовно-процессуальным  кодексом.  Определены  положительные 
аспекты  нового  принимаемого  закона.  А  так  же  установлены  существенные 
изменения правах и обязанностей субъектов уголовного преследования. 
 
Summary 
        
This article outlines the legal assessment of the draft Code of Criminal Procedure 
of  the  Republic  of  Kazakhstan  through  comparisons  with  the  current  Code  of  Criminal 
Procedure. Identified positive aspects of the new law received. And also found significant 
change in the rights and duties of the subjects of criminal prosecution.
 
 
 
ӘОЖ 342.722 
В.Қ.Наурызова  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТАҒЫ ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ 
 
Аңдатпа 
Бүгінде қоғамдағы әйелдердің саясат пен билікке, кәсіпкерлік пен қоғамдық 
өмірге  араласуы  өзекті  тақырыптардың  біріне  айналды.  Қазақстанда әйелдердің іс-
керлігі,  көшбасшылық  танымалдығы  артып  келеді.  Әйелдер  атқармайтын  жұмыс 
қалмады  деуге  болады.  Олар  билікте  де,  заң  шығарушы  органда  да  өздерінің осал 
еместігін байқатып жүр. 
Негізгі сөздер: 
гендір, гендерлік саясат, гендерлік теңдік, әйел теңдігі, тепе-теңдік, 
ер адам, ана, қыз-келіншектер. 
 
 «Құдайдан  кейінгі  құдірет  иесі  -  ана»  деген  екен  бір  данышпан.  Расында 
адамға  өмір  сыйлау  тек  ананың  ғана  маңдайына  жазылған.ал,  отбасының  жылуын 
нәзік жанды әйел затынсыз көзге елестету мүмкін емес. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

93 ~
 
 
   
 Жаугершілікте  ерлермен  бірге  қолына  қару  алып,  атқа  қонған,  бейбіт 
кезеңде  бесік  тербетіп,  ұрпақ  тәрбиелеген  ана-әжелеріміз  де  аз  болмады.  Сонау 
1941-1945 жылдары болған Ұлы отан соғысыда ерліктің үлгісін көрсеткен Әлия мен 
Мәншүктер әйелдердің  де ерен батырлық жасай алатындарын дәлелдегендей. Тіпті 
1986жылы  Желтоқсан  көтерілісінде  де  қазақ  арулары  бастарын  бәйгеге  тігіп, 
тәуелсіздік таңын жақындата түскен болатын. 
   
 Қазақ  халқы  ежелден  әйелдерді  билік  басына  араластырмаса  да,ақ 
жаулықтылардың  пікірін  қашан  да  ескеріп  отырған.  Халқымыз  үшін  үлкен  сын 
болған өтпелі кезеңде қыз-келіншектер қауымы еліміздің еңсе тікеуіне өлщеусіз үлес 
қосты.  Сонау  90-жылдары  ішерге  ас,  киерге  киім  болмай,  жұрт  абдырап  қалған 
кезде де білек сыбанып іске кіріскен әйелдер де аз болмады [1]. 
   
 Қазіргі  таңда  гендерлік  саясат,  гендерлік  теңдік,  гендер  деген  сөздер 
күнделікті қолданылатын сөздер қорына еніп кетті. 
   
 Жалпы гендерлік  тепе-теңдік-екі жақты теңдік, яғни ер мен әйелдің теңдігі, 
олардың  тең  құқықтары  мен  мүмкіндіктері.  Ешкім  де  ешкімге  басымдық 
көрсетпейді,барлық адам тең құқылы. 
   
 Бұрындары 
қазақтың 
ер 
азаматының 
сәулесі 
отбасынан 
асып, 
айналасына,ағайынға тегіс жететін. Соның арқасында жесір әйел, жетім бала болған 
емес.  Ал,  бүгінгі  кей  азаматтар  өзге  түгіл,  өз  баласына  жан  жылуын  бере  алмай 
жүргені де өтірік емес. 
 Жаратушы  ер  мен  әйелді  бірдей  етіп жаратпаған. Физиологиялық жағынан 
әйел  нәзік  жаратылыс  иесі.  Бірақ  гендерлік  тепе-теңдік  әйелдің  ғана  емес,  ер 
азаматтың  да  құқығы  аяққа  тапталмауын  көздейді.  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының 14-бабының 2-тармағында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және 
мүліктік  жағдайына,  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дінге  көзқарасына, 
нанымына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты  немесе  кез  келген  өзге  жағдаяттар 
бойынша  ешкімді  ешқандай  кемсітуге  болмайды»  делінген.  Еліміздегі  гендерлік 
саясаттың  басты  ұстанымы  осы  ата  заңда  бекітіліп,  кепілдік  берілген  әйелдер  мен 
ерлердің тең құқығы мен олардың еркіндігі болып табылады. 
  
Бүгінгі таңда мемлекет саясатын жүзеге асырудағы әйелдердің үлес салмағы 
мынадай  әкімшілік,мемлекеттік  қызметтерде  жүргендердің  арасында  әйелдердің 
үлесі  42%-ды,  сот  және  кәсіпкерлік  салаларда  жүргендердің  үлесі  40-42%-ды 
құрайды,  парламент  депутаттарының  арасындағы  әйелдердің  үлесі  9%,  жергілікті 
атқарушы органдардағы әйелдердің үлес салмағы 17% және соңғы екі-үш жылдағы 
мемлекеттік қызметкерлердің 53%-ын әйелдер құрап отыр. БҰҰ дерегіне қарағанда, 
былтыр  әлем  елдерінде  өткен  парламент  сайлауында  нәзік  жандар  депутаттық  
орынның  20%-ын  иеленген.  Салыстырмалы  түрде,  10  жыл  бұрын  бұл  көрсеткіш 
11%-ды құраған [2]. 
    
Біз  әлемдегі  дамыған  50  елдің  қатарына  қосылуға  ұмтылып,  бар 
мүмкіндіктерді пайдаланып отырған  жас мемлекетпіз. Ал үстіміздегі жиырма бірінші 
ғасыр сана мен білім ғасыры десек те, осы уақытқа дейін «Әйелдердің сана-сезімі ер 
адамнан  аздау  екенін»  теориялық  тұрғыдан  зерттеп  берген  бір  де  бір  ғалым  жоқ. 
Бүкіл  дүниежүзіндегі  халықтың  рухани  тірегіне  айналған  киелі  төрт  кітапта  да 
мұндай мағына берер сөз кездеспейді. Әйелдің білімі мен білігі, іскерлігі ер адамнан 
еш  кем  емес  екенін,  ақыл-парасаты мейлінше  мол  әйел  отбасының  берекесі,  бала-
шағаның ұйытқысы екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. 
Ғасырлар  бойы  әлеуметтің,  мемлекеттің  назарынан  тыс  қалып  келген 
адамның  ұстанған  сеніміне,  ұлтына,  нәсіліне,  әлеуметтік-экономикалық  деңгейіне 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

94 ~
 
 
және  т.б.  қарамастан,  олардың  табиғи  теңдігінің,  құқықтарының  халықаралық, 
мемлекеттік  деңгейдегі  құжаттармен  танылуы  өркениеттік  ғаламдық  дамудың  бір 
сатысына жоғарылағанын көрсетеді. 
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, қылмыс жасағандардың жалпы саны 
2008ж-103471  адам  болса  (оның  12,7%әйелдер),  2009ж-96386  (13,3%  әйелдер), 
2010ж-80932  (12,7%  әйелдер),  2011ж-73925(11,7%  әйелдер),  2012ж-80210  (10,8% 
әйелдер)  қылмыс  жасаған.  Тек  2013  жылы  қаңтар-маусым  айларында  тіркелген 
қылмыскерлер саны республика бойынша 68857 адам болса, оның 19164-і әйелдер, 
ал 3212-і кәмелетке толмаған жастар екен. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс 
жасағандар саны-15580 болса, оның 3646-сы әйелдер, 1328 жасөспірімдер екен. 
Еліміз  бойынша  сотталған  әйелдер  колония  Алматы,  Қарағанды,  Шығыс 
Қазақстан облыстарында бар, 2013-1-қаңтарындағы дерек бойынша осы түрмелерде 
2000-нан аса әйел өз жазаларын өтеуде. Түрмеге әйелдердің көбі күйеулерін өлтіріп 
не оларды жарақаттап түседі екен. Оған себеп, ішімдікке салынған отағасының өзіне 
жасаған қорлығына шыдамаған әйелдер амалсыздан қылмысқа барады [3]. 
1998 жылы 29-маусымда Қазақстан Республикасының әйелдерге байланысты 
кемсітушіліктің  барлық  түрін  жөніндегі  халықаралық  конвенцияға  қосылды.  Сөйтіп 
өзіне  Қазақстан  Республикасындағы  әйелдерді  кемсітушіліктің  барлық  түрінен 
қорғауға  міндеттеме  алды.  Осы  жылы  елімізде  Қазақстан  Республикасының 
президенті  жанында  әйелдер  және  отбасы  істері  жөніндегі  Ұлттық  комиссия 
құрылды.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  Ұлттық  комиссия  қызметінің  төрт  бағытын 
анықтап  берді,  оларға  әйелдердің  саяси  және  экономикалық  тұрғыдан  алға  басуы, 
әйелдің  және  олардың  отбасының  денсаулығын  жақсарту,  сондай-ақ  әйелдерге 
қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою. 
 1999 жылы Парламент БҰҰ-ның «Тұрмысқа шыққан әйелдердің азаматтығы 
туралы» 
және 
«Әйелдің 
саяси 
құқықтары 
туралы» 
конвенцияларын 
ратификациялады.  2009  жылы  5-наурызда  президент  жанындағы  әйелдер  істері 
және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 
он  жыл  толуына  орай  Қазақстан  әйелдерінің    бесінші  форумы  өтті.  Форумды 
өткізудегі басты мақсат-әйелдердің әлеуеті мен күш-жігерін экономиканы, қоғамның 
әлеуметтік-саяси  өмірін  тұрақтандыру  және  елді  демократияландыруды  одан  әрі 
жаңарту  үдерісіне  жұмылдыру.  Ұлттық  комиссия  атқарған  істердің,  шаралардың 
басты бір бағыты әйелдің заң шығарушы және атқарушы билікке тартылуына ықпал 
ету  болса,  бүгін  де  үлкенді-кішілі  мемлекеттік  қызметтерде  54  мыңнан  аса  қыз-
келіншектер  еңбек  етеді  екен.  Парламентте  әйелдердің  үлес  салмағы  16,  ал  түрлі 
деңгейдегі мәслихаттарда 17%. 
Әйелдердің  тұрмыстық  өмірде  тартатын  қиындығы,сонымен  қатар  ерлердің 
тарапынан  орын  алатын  заңға  қайшы  әрекеттің  қоғамдық  қауіптілігі  және  оның 
алдын  алу  керектігі  көп  жылдар  бойы  заңнаманың  қаперінен  тыс  қалып  келді. 
Дегенмен қазіргі кезеңде «Қазақстан Республикасындағы ерлер мен әйелдердің тең 
құқығы  мен  тең  мүмкіндіктері  туралы»  заң  жобасы  мәжілісі  қарауында  қаралуда. 
Отбасы мүшелерінің ынтымақтығына сызат түсірмей, ер мен әйелдің бойында бұғып 
жатқан  қайраты  мен  қасиетін  оятып,  ортақ  игілікке  қызмет  еткізу  басты  мақсаты 
болып табылатын ұлттық комиссия қызу жұмыстар жүргізуде. 
 2012 
жылы 
отбасы-тұрмыстық 
қарым-қатынастағы 
азаматтарға 
сыйламаушылық  көрсетіліп,  дөрекі  сөйлеу,  қорлап  тиісу,  кемсіту,  үй  заттарына 
зақым  келтіру  және  жеке  тұрғын  үй  немесе  пәтер  шегінде  жасалған  олардың 
тыныштығын  бұзатын  басқа  да  әрекеттері  үшін  ӘҚБтК-ң  79-5б-мен  отбасы-

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

95 ~
 
 
тұрмыстық  қатынастар  саласындағы  құқыққа  қарсы  іс-әрекеттері  үшін  әкімшілік 
жауапкершілік қарастырылды. 
 Әйел  де,  еркек  те  табиғат  перзенті.  Ал,  табиғаттың  адамдар  тәніне  еккен 
қасиеттерін,  рухани  құндылықтарын  шектеуге  болмайды.  Қазақта  әйел  мойын 
болса,  еркек  бас  деген  сөз  бар,  егер  екеуі  бірлесіп  билікте  де,  отбасында  да  бірге 
жұмыстанса, ол, әрине дұрыс. 
 Әйел  жағдайын  жақсарту-қоғамды  дамытудың  ең  тиімді  жолы.  Сондықтан 
еңсесі  биік  ел  болу  үшін  әйелдердің  жағдайын  жасау  маңызды  мәселелердің  бірі 
болып қала бермек [4]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет