Список литературы
1. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии Текст. / А.Адлер. - М. :
Прогресс, 1993. - 176 с.
2. Зимбардо Ф. Застенчивость Текст. : Что это такое и как с ней справляться : пер. с
англ. /Ф.Зимбардо. - СПб. : Питер : Питер-пресс, 1995. - 252 с.
3. Кон И.С. В поисках себя. Личность и ее самосознание Текст. /И.С.Кон. - М.:
Политиздат, 1984. - 335 с.
4. Кондрашенко В.Т. Общая психотерапия Текст. /В.Т.Кондратенко, Д.И.Донской. 3-е
изд., испр. и доп. - Минск : Высшая школа, 1998. - 463 с.
5. Психотерапия Текст. /Под ред. Б.Д.Карвасарского. - СПб. : Питер, 2000. – 544 с.
Резюме
Мақалада жоғарғы сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу кезінде кесел
келтіретін психологиялық ерекшеліктердің, мінез-құлықтарындағы комплекстердің
(өзіне деген сенімсіздік, мазасыздану, қорқыныш, ұялшақтық т.б.) көріністері мен
оларды жеңудің жолдары көрсетілген.
Summary
The article examines hang-ups of complexes in the behavior of senior pupils which
often occur in them (self-doubt, anxiety, timidity, shyness, stiffness, constraint etc., and
have a negative impact on their studies and interfere with the successful preparation for
INT.
ӘОЖ 37.035.6
К.Д. Джуманова, А.М.Маликова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІ
Аннотация
Бүгінгі таңдағы рухани байлық-ұлттық тәрбиеде деген қағиданы білдіреді.
Ұлттық мәдениет туған топырақта екендігі баса айтылады. Ұрпақ тәрбиесі
мәңгілік,халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелерін,озық үлгілерін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыру. Салауатты өмір-ұрпақ жалғастығы,ұлтжанды ұрпақ деп
тұжырымдайды.
Негізгі сөздер: ұлттық тәрбие,ұлттық мәдениет,салт-дәстүр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «...жеке тұлғаның
ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері
негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілуі үшін жағдайлар жасау»
қажеттілігі айтылса, ал қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің негізінде,
халықтық мәдениеттінің маңызы ерекше деп атап көрсетілген [1].
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
130 ~
Тәуелсіз Қазақстанның белсенді азаматтық ұстанымы, интеллектуалды
әлеуеті, ұлттық санасы дамыған және өз Отанының тарихы мен оның болашағына
жауапкершілікті қатынасы бар жаңа ұрпақ азаматын тәрбиелеу – қазақстандық
қоғамның гүлденуінің негізі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының
объективті үдерістері, жоғары дәрежелі этникалық көптүрлілігі жас ұрпақ
тәрбиесіндегі бірқатар мәселелерді: рухани даму дағдарысының байқалуын, ізгілік
тапшылығының айқын сезілуін, жастардың жалпы адамзаттық құндылықтар,
моралдық нормалар мен адамгершілік талаптардан алшақтауын айқындайды. Әрбір
адамның өзінің белгілі бір ұлтқа жататынын және басқа адамды рухани мәдениетті
сақтаушы ретінде құрметтеуді саналы сезінуі олардың ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарды меңгеруінің негізі болып табылады. Объективті ақиқат
тұлғаның ұлттық санасының жоғары деңгейі өзін мемлекеттің патриоты, азаматы
ретінде саналы ұғынуымен байланысты екендігін көрсетеді. Бұл мәселелерді шешу
тәрбие мазмұнын жаңартуды, оқу мекемелеріндегі білім беру үдерісінің тәрбиелік
және әлеуметтендіру қызметтерін күшейтуді талап етеді. Сондықтан қазіргі кезеңде
ұлттық тәрбие мәселесі ерекше мәнге ие, оны шешуде жастарды әлеуметтендірудің
маңызды институты ретінде орта оқу орындары ерекше орын алады.
Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне аса мән берген. Баланың жаман әдетті
бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуіне ата-ана, ағайын-туғанды
былай қойып, ауыл болып атсалысқан. Қазақтың кез келген баласы обал-сауапты
жасынан түсінген. Қазақ баласы кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп,
үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы ұрып-соғып, ұрсып-
зекіп емес, жол сілтеп, жөн көрсетіп тәрбиелеген. Үлкеннен өнеге көрмеген балада
ұлағат болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып кеткен.
Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті
жайдың бірі – ұлттық тәрбие мәселесі болып тұр. Ол жайдан- жай емес.Ұлттық
тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі.
Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың
мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи
тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани
тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз
халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы- халықтың мәдени мұрасы.
Тәрбиелеу - мәдениетке баулу деген сөз. Рухани байлықтың көзі – ұлттық
мәдениетте. Адам өзінің даму барысында қоғамдағы мүмкіншілігін, рухани дамуын
мәдениеті арқылы көрсетеді.Ол қоғамның дамуының түрлі кезеңдеріне сәйкес
мазмұны өзгеріп отырады. Ұлттық мәдениет – халықтың туған топырағында
жинақталған өмірлік тәжірибесінің жиынтығы. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие
арқылы қалыптасады.
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері
бар құбылыс. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен
айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени
уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін
(мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт,
инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық — қазақ
халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, —
дейді [2]. Ұлттық мәдениет – күнделікті тұрмыс ырқымен дарып, ұрпақ – ұрпаққа
тарайтын, әрі бүкіл қоғамның немесе әлеуметтік топтың аясында тәжірибені екшеп,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
131 ~
реттеуге қызмет ететін, белгілі бір байланыстағы адамдар үшін ортақ болып
саналатын әлеуметтік мәні бар құндылықтардың,мінез – құлық нормалы мен
қағидаларының, түсініктердің, нанымдар мен дәстүрлердің жүйесі.
Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпелі және
отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи – әлеуметтік жағдайларға сәйкес
дамытып, өзінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін қалыптастырады. Тәуелсіздігімізді
алып, өркениеттілікке құлаш сермеген таңда адамгершілігі мол, сапалы да
салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Қазір оқу
орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. Жастарымызды ұлтын сүйетін
ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік
парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің
өзі – ақ көрсетіп отыр. Сабақ үдерісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге
байланысты салт – дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта
қолданылатын салт – дәстүр, ырым – тыйымның рөлі, сәлімдесу әдебі сыйластық,
қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию
тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет
үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды
оқытуымыз керек.
Ұлттық тәрбиенің мақсаты –сана – сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің
өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық
құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени – әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы
ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен
тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық
интеллектуалдық мінез – құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық –
инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы
белсенді іс – әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени – рухани тұрғыда басқа
өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам
мен табиғат қарым- қатынасының өркениеттілік сана – сезімін ұлттық рухта
қалыптастыру.
Тәрбиенің басты нысаны – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен
ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.
Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстаған ұлттық салт – дәстүрлер мен
рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа
ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісін басты
нысанаға алып отыр.
Ұлттық тәрбиенің көздері- фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет,
әдет – ғұрып, салт – дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге – өсиеті
бар мақал – мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге ойшыл ғұламаларымыздың
еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге, отбасы
тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым – қатынас, жеті ата туралы түсінік,
перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана – сезім, отансүйгіштік қасиеттер
ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.
Ұлттық тәрбие – ұлттық сана - сезімі жоғары болашақ жастарды
тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Бұл орайда ұлттық салт –дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс
сабақтарда, тәрбие сағаттарында көрсету үдеріске айналып келеді. Еліміздің ертеңін
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
132 ~
сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп
келеміз.
Қазақ ұлтының басты тарихи жетістіктерінің бірі – тіл, екіншісі –біртұтас
қазақ халқының өзіндік салт – санасы, дәстүрі, мінез - құлқы, үшіншісі – атамекен,
ата тегімізді сақтап, қастерлеу.
Әр ұлттың өзіне тән әдеті, ғұрпы, салты, дәстүрі тарихи жағдайға
байланысты өзгеріп және қалыптасып отырады.
Ұлттық тәрбие берудің мазмұны, жан –жақты әдіс – тәсілдері ауыз
әдебиетінің барлық жанрларында көрініс тапқан. Халық ауыз әдебиеті мен ұлттық
тәлімгерлікті бөле жарып қарауға әсте болмайды. Халықпен бірге дүниеге келіп,
бірге жасап келе жатқан ауыз әдебиеті де адам тәрбиесінің түгелге жуық
ерекшеліктерін бойына жинақтаған. Батырлар қайсарлық, намысшылдыққа, ертегі,
аңыздарға парасат мен ақылдылыққа, тапқырлыққа, зерделікке, жанрлардағы
ойлау, сараптау, зеректілік қабілеттеріне үйрету дидактикасы нағыз тұрған тәрбие
теңізі екені анық. Ұлттық тәрбиенің теориялық негізі – ауыз әдебиетінен,
фольклордың сан алуан жанрларынан, халық тәжірибесінен алынады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: "Қазақстан Республикасын топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының парызы", - деп айтқандай, мемлекеттік тілді
дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар
жүзеге асырылды [3].Қазіргі таңда тіл үйренушілерге қазақ тілінен арнайы
мұғалімдер сабақ жүргізіп, бүлдіршіндерді қазақ тілінің мөлдір бұлағынан
сусындатып, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, ұлттық тәрбиемізді дамытуға зор
үлес қосып жүргенін мақтаныш етеміз [4]. Біздің Республикамыздағы мектептерде
ұлттық тәрбиені мемлекеттік тілдің негізінде оқытудың жандана бастауы -
қуанарлық жай. Тіл үйренушілер белсенді түрде, бағытта әсер ету үшін педагог
өзін жан-жақты, терең зерттеп, өзгелермен араласу жолдарын меңгеруі керек.
Ұлттық тәлiм-тәрбие мәселесi бойынша кейiнгi жылдары iргелi зерттеулер
жүргiзілiп ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазiрде соңғы педагогикалық
тәжiрибелер,
сондай-ақ
психологиялық-дидактикалық
және
қолданбалы
педагогикалық озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие мәселесiн одан
әрі ғылыми негiздеп, қайта жаңғырту мен дамыту бүгiнде өмір талабы болып отыр.
Ұлттық
тәлiм-тәрбие
мұраларын
мектептегi
оқушылар
ұжымдарының
iс-
әрекеттерiнде барынша пайдалану - қазiргi кездегi педагогикалық талаптардың бiрi.
Замана жетiстiктерi негiзiнде тіл үйренуші ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен
көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық
педагогикасының асыл мұралары арқылы саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан
тыс қалдырған емес.
Ұрпақ тәрбиесі – мәңгілік нәрсе. Халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері
сол халықтың ой-тілегімен ұштасып келгендіктен озық үлгілерінің мәңгі сақталып,
үнемі жетілдіріп, ұрпақтарға жалғасып отырылуына ғұламалар мен ойшылдар
ерекше мән берген. Қазақ халқының ұрпақтар қамын ойлаған, жастарды жан-жақты
салауаттылық пен парасаттылыққа тәрбиелеудегі тәжірибесі ерекше. Оның озық
үлгілері инабаттылық, парасаттылық түрінде қалыптасқан.
Қазақстан Республикасындағы демократиялық қайта құрылулар қоғамдық
өмірдің барлық салаларына, оның ішінде өскелең ұрпақтың тәрбие процестеріне
нақты мақсаты мен міндеттере айқындау, жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауын
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
133 ~
қамтамасыз ету мақсатында тәрбие кеңістігін үлгілеу, балалардың рухани –
адамгершілігін қалыптастырып, оларды дербес өмір сүруге даярлау құрайды.
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батылбетбұрыс
жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы
армандаған мәдени –рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім – тәрбие саласындағы,
білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Ұлттық тәрбие –біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, А., 1992, РУМК.
2. Қасымжанов А. Рухани тамырлар. Қазақ.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылдың 28
ақпанындағы қазақстандықтарға жолдауы. -Егеменді Қазақстан. 2007ж, 1-наурыз.
4. Есімбеков Н.В. Қазақстан кәсіпкері 2005.
5. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы,
"Рауан", 1998.
6. Наурызбаева
Р.
Бастауыш
мектепте
халықтық
тәлім-тәрбие
берудің
шығармашылық жолдары. -Алматы, Білім, 2006.
Резюме
Данная статья посвящена вопросу национального и патриотического
воспитания молодежи, сохранению духовных ценностей в процессе воспитания.
Summary
This article deals with the problem of youth national and patriotic education and
spiritual values in the educational preservation process.
ӘОЖ 374.33
Ғ.У. Қабекенов, М.Төреханова
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
ҚАЗІРІГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада еліміздегі қосымша білім берудің өзектілігі мен қажетілігі
жазылған. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы косымша білім беру ұйымдарының даму
бағыттарына, жағдайына және педагогикалық мәселелеріне тоқталған. Балалардың
шығармашылық дамуына, тұлғалық келбетінің қалыптасуына қосымша білім беру
ұйымдарының да өзіндік ықпалының бар екендігі жайында қарастырылған.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуде қосымша білім беру ұйымдарының
атқаратын қызметі өте маңызды болып табылады.
Негізгі сөздер:
Қосымша білім беру, мектептен тыс мекеме, бос уақытты тиімді
өткізу, оқушылардың шығармашылығы.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
134 ~
Тәуелсіз мемлекетіміздің келелі келешегі өскелең ұрпақ пен жастардың
қолында екендігі айдан анық. Сондықтан да, жастардың рухани-мәдени дүниесі
байытып,
зияттылық
қабілетін
дамытып,
моральдық-этикалық
қасиеттерін
жетілдіріп, отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру білім
беру және тәрбие жүйесінің негізгі міндеті болмақ. Қазіргі таңда елімізде осы
айтылған
мәселелерді
жүзеге
асыруда
қосымша
білім
беру
ұйымдары
белсенділігімен танылып отыр. Қосымша білім беру жүйесінің оқу-тәрбие
жұмысындағы өз белсенділігін арттырудың жолдары нормативтік құжаттарда
қарастырылған.
Атап айтқанда, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік
бағдарламасында,
Мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл
жоспарында қосымша білім беру жүйесін жетілдірудің жолдары ашып көрсетілген.
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қосымша білім беру жайында
төмендегідей анықтама берілген: «білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-
жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту
процесі».
«Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бiлiм алушылардың
өзiн-өзi билеуiн, шығармашылығын дамыту, олардың қабiлеттерiн iске асыру, қоғам
өмiрiне бейiмдеу, азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын
қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасауды
көздейдi» [1].
Қосымша білім беру арқылы балалар мен жастардың бойында жеке тұлғалық
қабілеттер мен ерекшеліктерді дамытып, шыңдай түсуге болады. Жастар мен
балалардың мектептен тыс бос уақытын тиімді өткізу, бойларындағы барлық
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасалатын орындардың бірі қосымша білім
беру ұйымы екені анық.
Бүгінгі таңда балалар мен жастар арасындағы бос уақыттарын рухани-мәдени,
этикалық құндылықтар аясында тиімді өткізе алмауы, ішкі жан дүниесіне сай
ортасын таба алмауы қоғамдық нормаларға қарсы әрекеттермен айналысуға ықпал
етеді. Балалар мен жастардың субъмәдени топтарға бірігуі, ұлттық құндылыққа жат
ұйымдарға топтасуының артуы ата-аналар мен ұстаздар қауымын ойландыратын
жағдай. Сондықтан да, мектеп оқушыларының қызығушылықтарына сай қосымша
білім беру ұйымдарының үйірмелері мен клубтарына қатысуға жағдай жасалуы
қажет деп санаймын. Осы орайда, қазіргі таңда қосымша білім беру жүйесіндегі
ұйымдарының өзекті мәселелері жеткілікті екендігін жоққа шығара алмаймыз.
Елімізде мектеп оқушыларын қосымша білім ұйымдарымен толық қамтамасыз ету
мүмкін емес болып отыр. ХХ ғасырдың 90- жылдарымен салыстырмалы түрде
қарағанда бүгінгі таңда қосымша білім беру ұйымдарының саны азайып
отырғандығы байқалады. Мәселен, елімізде 1992 жылы оқушылар сарайлары мен
үйлері және орталықтарының саны 328 болса, 2011 жылы 167-ні құраған, ал, 1992
жылы жас техниктер станцияларының саны 121-ден 2011 жылы 19-ға дейін, жас
натуралистер саны 89-дан 18, балалар музыкалық мектептері 548-ден 208 дейін
азайған.
Бұл саладағы өзекті мәселелердің бірі – күні бүгінге дейін еліміздің кейбір
облыстарында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының ашылмауы
болып отыр. Атап айтқанда, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жас
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
135 ~
натуралистер мен жас техниктер станциялары, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды,
Павлодар, Маңғыстау облыстарында жас туристер станциялары, Маңғыстау,
Қызылорда облыстарында өнер мектептері ашылмаған.
Қарастырылып отырған мәселе аясында Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
ерекше аталып көрсетілген: «Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының
қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа
елдермен (30 – 50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды
спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды [2]. Бұл сандық көрсеткіш
қосымша білім беру жүйесінің оқушыларды қамту көлемі жағынан азайғандығын
көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген деректер қосымша білім беру мекемелерін
жаңадан ашуды, қаржылық тұрғыдан қолдауды, материалдық-техникалық базасын
жақсартуды, оқу-әдістемелік аспектілерін жетілдіруді, заманауи техникалық
құралдармен қамтамасыз етудің қажетілігін айқындайды.
Қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты мен алдына қойған міндеттері:
оқушылардың
әлеуметтік-тұлғалық,
ақпараттық,
азаматтық
құзыреттілігін
қалыптастыру; функционалдық сауаттылығын дамыту, шығармашылық, ізденушілік
қабілеттерін жетілдіру; еліміздегі балалар мен жастардың мектептен тыс бос
уақыттарын заман талабына сай, тиімді, ұтымды етіп өткізуді ұйымдастыруды уақыт
сұранысына қарай сәйкестендіру; көркем-эстетикалық, музыкалық бағыттағы мектеп
білім алушыларының жеке шығармашылық қабілеттерін, адамгершілік сезімдерін
дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; туристер, жас натуралистер
станциялар, жас экологтар мектептері негізінде оқушылардың экологиялық білімдері
мен мәдениетін, дүниетанымдық қасиеттерін жетілдіру.
Жас техниктер станциялары арқылы оқушылардың жаратылыстану, заманауи
технологиялар мен инновациялар туралы білімдерін шыңдау және кәсіби бағдар
беру негізгі міндеттердің болып табылады. Қосымша білім беру мекемелерінде
оқушылардың ғылыми ізденушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру, жалпы білім беру
мектептерінен алған теориялық білімдерін практикада қолдануына жағдай жасау
арқылы олардың әлеуметтік-тұлғалық құзыреттеліктерін дамыту. Ал өлкетану
үйірмелері болса, жастардың отансүйгіштік сезімдерін оятып, өз жеріне, еліне,
атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 600-ден астам
қосымша білім беру мекемелерінің педагогтеріне оқу-тәрбие үдерісіне, оқу-
әдістемелік жұмысқа қажетті типтік бағдарлама, ғылыми-практикалық, оқу-
әдістемелік құралдарды, жалпы ережелерді дайындау қызметтерін атқарады.
Қосымша білім беру мекемелерінде оқу үдерісін жаңа инновациялық әдістер
негізінде ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістері жайында
бағыт-бағдарлар беріледі. Қазіргі білім беру кеңістігінде ақпараттар ағынының
толассыз өзгеруі, мәдени-рухани диалогтардың артуы, балалардың білім мен
тәрбиеге деген талаптарының жоғарылауы педагогтер білімін жетілдіруді қажет етіп
отыр. Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының директоры,
педагогика
ғылымдарының
докторы,
профессор
Ү.Б.Жексенбаеваның
ұйымдастыруымен педагогтердің біліктілігін арттыру бөлімі 2011- 2012 оқу жылының
екінші жарты жылдығында бойынша ұйымдастырылды. Бұл курстарға әр аймақтан
барлығы 285 тыңдаушы қатысып, біліктілігін арттырды.
Қазіргі таңда респубикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында
төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс атқарылуда:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
136 ~
көркем-эстетикалық, музыкалық
экология-биологиялық,
туристік-өлкетанушылық
ғылыми-техникалық,
әскери-патриоттық,
этно-мәдени.
Республика бойынша қосымша білім беру саласында 548 балалар музыка
мектебінде 39740 оқушы білім алады. Республикалық қосымша білім беру оқу-
әдістемелік орталығы қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды
республикалық
деңгейде
ұйымдастырылған
байқаулар
мен
іс-шараларға
қатыстырып, жеңімпаздарды марапаттап тұрады. Мұндай байқаулардың өткізілуі
оқушылардың шығармашылығын шыңдап, өнердегі кәсіби біліктілігі мен дағдысын
дамыта түседі. Бүгінгі таңда оқушылардың оқу жүктемелерінің көптігі олардың бос
уақытын азайтып, көркем-эстетикалық бағытта дамуына кері ықпал етеді.
Сондықтан да оқушылардың рухани қанағаттануын қамтамасыз ету, қоршаған
ортасынан жағымды әсер алып, жастық күш-қуатын еліміздің мәдени тұрғыдан
өркендеуіне бағыштауы қажет.
Наурыз айында қосымша білім беру мекемелері оқушыларына арналған
музыкаттардың дәстүрлі республикалық фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Бұл
сайыстың негізгі мақсат мен міндеті музыка мектептері оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін шыңдау, музыкалық білімдерін жетілдіру, ұлттық
музыкалық байлығымызды терең меңгерту. Бұл сайысқа белсенді қатысқан
жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Республикалық
қосымша
білім
беру
оқу-әдістемелік
орталығының
ұйымдастыруымен 2012 жылдан бастап балаларға арналған «Экоәлем» және
«Темірқазық» атты журналдар шығарылды. Бұл журналдар арқылы оқушылардың
ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамытып, бұқаралық ақпараттық ізденушілігін
жетілдіре
түсуде.
Оқушылар
тарапынан
«Экоәлем»
және
«Темірқазық»
журналдарына қызығушылық артып келеді.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ең үздік тәжірибені
насихаттау мақсатында 2012 жылғы 26-27 маусым аралығында Шығыс Қазақстан
облысының «Ульба» жазғы сауықтыру лагерінің базасында Жас экологтардың IV
республикалық форумы өткізілді. Форум «Мектептегі жаратылыстану білімі: ХХІ
ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» атты Қазақстан Республикасы химия
және биология пәндері мұғалімдерінің І Съезі аясында өтті. Форумның мақсаты –
балалардың
экологиялық
мәдениетін
қалыптастыру
және
табиғаттының
экологиялық қырларын зерттеуге деген шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту. Осы
сияқты қосымша білім беру мекемелері мен оқушыларын қамтыған сан алуан мәдени
шаралар мен республикалық деңгейдегі байқаулар ұйымдастырылуда.
Соңғы жылдары қосымша білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан назар
аударылуы көңіл қуантатын жағдай. Осы ойымызды үкімет қаулысымен бекітілген
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қуаттай түседі. Бұл жоспардағы
«Қосымша білім беру мазмұны жаңаратын болады, балалардың интерактивті
парктерін, технопарктерін, балалардың ғылыми мұражайларын құру арқылы
оқытудың жаңа технологиялары және интерактивтік, инновациялық, ұйымдастыру
нысандары енгізіледі. Сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін жас техниктердің,
натуралистердің, туристердің жұмыс істеп тұрған станциялары қазіргі заманғы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
137 ~
интерактивтік
техникамен,
жабдықтармен
және
технологиялармен
жарақтандырылатын болады»[3]- деген жолдар қосымша білім беру мекемелеріне
ерекше мән берілгендігін байқатады.
Осы Ұлттық іс-қимыл жоспарында Мектептердің және қосымша білім беру
жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және қажетті
техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жолдары анық көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |