Жүнісов С. Ж88 Пьесалар



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Алматы 2014

7-том
Алматы 2014
Пьесалар

  Жүнісов С.
Ж88    Пьесалар/Сәкен Жүнісов. – Алматы: «Таймас» баспа үйi,  2014.  
            ISBN 978–601–264–115–8. Т. 7. – 288 бет.
  ISBN 978–601–264–134–9
Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лау-
реаты Сәкен Жүнісовтің шығармалар жинағының 7-томына «Әр үйдің еркесі», 
«Тұтқындар», «Құстар айтысы», «Төгілген қандар, шашылған жандар», т.б. 
пьесалары енген.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
ISBN 978–601–264–134–9 - (Т.7.) 
ISBN 978–601–264–115–8 
© Жүнісов С., 2014
© «Таймас» баспа үйі, 2014
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүліктік құқықтары
«Таймас» баспа үйіне тиесілі
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-6
 Ж88
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-6

5
ТҰТҚЫНДАР
(Екі бөлімді драмалық новелла)
 Кейіпкерлері:
КОМПОЗИТОР 
НАДЗИРАТЕЛЬ 
БЕЛГІСІЗ ТҰТҚЫН 
КАПЕЛЛАН 
МИССИС АДВОКАТ
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫ (әрі полиция жандармы) 
БАСТЫҚТЫҢ КӨМЕКШІСІ 
ГАЗЕТ ТАРАТУШЫ БАЛАЛАР
Оқиға қара полковниктер жайлаған Греция, Стресе-
нер дің фашистік қылмыс әрекеттері қаулаған Парагвай, 
тонтон-маку талардың жауыздығына ұшыраған Гаити, 
сол сияқ ты бос тандыққа ұмтылған патриоттарды еркі-
нен айырған Оңтүстік Африка, Уругвай елдерінің бірінде 
болады.
БІРІНШІ БӨЛІМ
ПРОЛОГ
Қайғылы музыка – Моцарттың реквиемі. Реквием 
бас тала бере күрт өзгеріп, неше түрлі битлз пластин-
ка лары ойналады. Көше жарнамаларының мың құбыл ған 
жа рықтары. Ағылған машиналардың дабылы, гүрілі, ың-
шың. Солардың ішінен күн күркірегендей дыбыс естіле ді 
– аспанға ұшқан космос кораблінің үні. Газет тарату шы 
бала лар жүгіріп шығады, жақтарында тыным жоқ.

6
Б і р і н ш і   г а з е т   т а р а т у ш ы  бала. Сенсация, 
сен сация! Адам айға қонды. Бүкіл дүние жүзі газеттерінің 
бетінде материалдар басылған, алыңыздар.
Е к і н ш і   б а л а .  Жаңа газеттер сатып алыңыздар. 
Амери каның «Нью-Йорк таймс», ағылшынның «Гарди-
ан», Жапонияның «Асахи», «Нихон Кэйдзей».
Ү ш і н ш і   б а л а .  Францияның «Монд», Германияның 
«Нойес Дойчланд», Италияның «Паеза Сера» газеттері.
Б і р і н ш і   б а л а .   « А д а м  баласының ғажайып 
қа бі летін, кереметтерді игергенін есту қашанда қуаныш. 
Оның Айға, тіпті одан да әрі шыға алатыны айдан анық».
Е к і н ш і   б а л а.  «Осы заманда Айды игеру адам бала-
сына не жақсылық әпереді? Жер бетінде әлі қайыршылық-
тан арылмай жатып, бұл жүз миллиондаған доллар ақшаны 
желге шашумен бірдей емес пе?»
Ү ш і н ш і   б а л а.  «Техника қаулап өсіп, ғажайыптар 
ашы лып жатқан заманда, космосты игерген кезде, жер 
бетінде әлі де әділетсіздік, қайыршылық, аштық бел алды 
деген не масқара!»
Б і р і н ш і   б а л а.  «Адам баласы космосты игеріп 
жатқан 
да Грецияда полициялық террор белең алған, 
кез келген уақытта үйлерді тінту, адамдарды түрмеге 
заңсыз қамау, себепсіз ұстау, тыңшылық жүргізу – 
гестапошылардың айуандығынан түк айырмасы жоқ».
Е к і н ш і   б а л а .   Уругвай, Парагвай, Оңтүстік 
Афри ка патриоттары қамауға алынған, оқыңыздар, алыңыз-
дар. «Юманите» газеті Мәскеуде өтіп жатқан коммунистік 

7
және жұмысшы партияларының халықаралық мәжілісі 
жөнінде хабар басқан.
Көгілдір сәуле астында тұтқын композитор мен надзира-
тель транзистор тыңдап тұр.
Т р а н з и с т о р д а н   д а у ы с .   Сөйлеп тұрған 
Мәскеу, сөйлеп тұрған Мәскеу. Мәскеуде өтіп жатқан 
коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық 
мәжілісінде сөйлеген делегаттардың сөзін береміз.
Б і р і н ш і   д е л е г а т .   « Б і з  коммунистердің ұлы 
армия сының, ең ұлы еркіндік армиясының өкіліміз. Осын-
да жиналған партиялардың қай-қайсының да жұмысшы 
табының ісі жолында жанын пида еткен өз ерлері бар...
Е к і н ш і   д е л е г а т .  Америка империализмінің 
қолдауы мен үкімет басына келген заңсыз өкімет жүргізіп 
отырған үрейлендіру, аштыққа душар ету саясатына қарсы 
көтерілген еңбекші халық наразылығын фашистер оқпен де, 
қылышпен де тұншықтырғысы келеді...
Сахна айнала береді. Пистолет жарығында өңдері қаш-
қан, сақал-мұрттары өскен, жүдеу тұтқындар бірінен 
соң бірі өтіп жатады. Репродуктордан дауыс естіледі.
Р е п р о д у к т о р д а н .   Бұл еңбек қара полков ник-
тердің түрмесінде қаза тапқан гректің белгілі қайраткерлері 
Попендреуге, Ламбракиске, сол сияқты еркіндік жаршысы 
Анджела Девиске, қапаста қамалып, еркіндік аңсаған Уруг-
вай, Парагвай, Оңтүстік Африка елдерінің патриоттарына 
арналады.

8
 Бірінші  көрініс
Камера буалдыр көгілдір түске бөленген. Тақтай нар-
да сақал-шашы өскен тұтқын композитор ұйқтап жа-
тыр. Шұбатылған ұзын қара мантия киген Капеллан 
жанына келеді.
К а п е л л а н .  Тұр орныңнан, балам, қане тұр, тұр!
К о м п о з и т о р   (орнынан тұра бере шошынып). 
Сен тағы келдің бе?
К а п е л л а н   (крест ұсынады). Сен өлім жазасына 
кесілгенсің, құдайдың құлы...
К о м п о з и т о р .  Құдайың да, кресің де өзіңе.
К а п е л л а н .   Ә,  пенде, олай қателеспе, басқа пәле тіл-
ден. Бұл тіршіліктегі иелеріңе де тіл тигіздің, жазаңды содан 
тарттың.
К о м п о з и т о р .  Сенің ақылың еді маған жетпегені.
К а п е л л а н .   Тіршілікте ешкімнен сескенбесең де, 
дә мің таусылған сәтте құдайыңнан қорық. Ертең мәңгілік 
өмірге барғанда өкініп жүрмегейсің.
К о м п о з и т о р . О  дүниеден рақат тілер жайым жоқ, 
рақымы күшті болса, құдайың бұл дүниедегі бүкіл адамзатқа 
сол рақатын неге бөліп бермеген. Біреуге сараң, біреуге жо-
март, не деген ала қол еді!
К а п е л л а н .   О,  тойымсыз пенде, тойымсыз нәпсі. 
Құдай тағала саған екі қол, он саусақ берді. Әр саусағың-
ның басына сайраған бұлбұл қондырды. Өзің емес пе сол 
құстардан айырылып қалған.
К о м п о з и т о р .   Саусақ түгілі басыңды еркіңнен 
айырса, сайраған әр бұлбұлың қанатын еркін жаза алмай, 
тынысы тарылып, бұлқынып, өз жүрегіңді тырнайды.

9
К а п е л л а н .   О,  құдайдың құлы, басыңды еркіңнен 
айырған ең алдымен өзің емес пе, ән-күйге жаралған басты 
саясаттың добына айналдырдың.
К о м п о з и т о р .  Жоқ, қателестің, қасиетті патер, мен 
жұртым үшін басымды оққа байлағам, допқа айналдырған 
сендер.
К а п е л л а н .   Сен де қателестің, жарқыным, менің 
саған әмірім жүрмейді, бар тақсіретті жазмыштан, осы 
дүниеге жіберген замандасыңнан тарттың. Сен шырыл-
дап жөргекке түскенде, жаза бассаң, жағаңнан алатын, қия 
бассаң шеңгелін салатын екінші сәби де бірге келген дүниеге. 
Адам баласы біріне-бірі қарауыл екенін білмейтін бе едің. 
Тудың – еркіңнен айырылдың. Өз дегеніммен болам деу – 
жасағанның билігіне таласу.
К о м п о з и т о р .  Құдай адам мен сайтанды бір күнде 
жаратыпты дегенді естуші едім. Ал сені қай күні жаратты 
екен? Адам да емес, сайтан да емес.
К а п е л л а н .   Мен жаратылысымда құдай мен адам 
арасындағы дәнекермін, тәубесінен жаңылған адамның тілін 
калимаға келтірер түрме капелланымын. Мені о дүниеге ат-
танар сапарыңда ғана екі дүниенің деңгейінде көресің.
К о м п о з и т о р .   Сонда сені құдайдың өзі аспаннан 
осы күйіңде түсірді ме? (Күледі.)
К а п е л л а н .  Күлме, жарқыным, құдай тағала әрқай-
сымызды о баста әрқалай жаратқан. Біреуді басшы, біреуді 
бағынышты, біреуді дәулетті, енді кейбіреулерді жетім-жесір 
етіп, таршылыққа, жоқшылыққа кіріптар еткен. Жазмыш-
тан озмыш жоқ. О баста басыңа не жазды, – соны істе, 
басқаға ұмтылма. Бұл фани жалғанда не боп жатыр, – оған 
менің қатысым жоқ. Құдай жолынан басқаны көрмеймін.

10
К о м п о з и т о р .   Сенің қара кебін сүйретіп бықсық-
қоқсықтың арасынан түнде шығатын тарақандай жарық 
көрмей, көрсоқыр болғаның сол екен ғой.
К а п е л л а н .   Олай қателеспе, пенде, сен тіл тигізді 
деп менің күнәға батар жайым жоқ. Сен секілді айға шауып, 
мерт болар да жайым жоқ.
К о м п о з и т о р .   Сен тарақансың деймін, тарақан-
сың. Ай түгілі, жарыққа тура қарауға дәтің шыдамайды. 
Сенің тіршілігің қараңғылықта өтпек. Ал мен Жарыққа 
ұмтыламын.
К а п е л л а н .   Бәрібір одан ештеңе өзгермейді. Жер 
бетінде күн мен түн қандай өзгермесе, өмірде тапжыл-
майтын егіз дүниелер бар. Ол – махаббат пен зұлымдық, 
қайырымдылық пен қиянат, тоқтық пен аштық, еркін-
дік пен тәуелсіздік. Дүниеде болып жатқан соғыс, айқас, 
дүрбелең – бәрі тіршілік заңы. Оған араша тұру – замана 
доңғалағының шабағына түсу.
К о м п о з и т о р .  Жоқ. Оларды істеп отырған – адам, 
оларды ауыздықтайтын да – адам.
К а п е л л а н .   Сендерді желіктіретін құдайсыздар елі 
бар. О, жасаған, кешіре гөр! Онда кісі күлерлік нәрселер 
ойлайды: олардың құдайы – адам! (Ақырын күледі.) Бәрі 
соның қолында. Сонда қалай болғаны? О, есуас жараты-
лыс, сен де құдай, мен де құдай. Ал адам қайда?
К о м п о з и т о р .   Иә, дұрыс айттың. Адам қайда, 
нағыз адам қайда? Оны сен де көре алмайсың, көрсоқыр. 
Сенің түрме бастығың – абжылан, сен – ібіліс, ал қазіргі 
өкімет басшылары – пайғамбарлар, ең басшысы – құдай. 
Бәріңнің жалпы атың – фашизм. Ал солардың бәрін би-
лейтін, жанын жаһаннамға жіберетін тағы біреу бар. Ол 

11
– адам! Ол – мен! Ол – мына көрші камерада, одан әрі, 
алыс та – жер бетінде көп! Ха-ха-ха! Ха-ха-ха!..
Музыка.
Капеллан үрейленіп шегіншектей береді. Қараңғылық.
 Екінші  көрініс
.
Жарық қайта жанғанда композитор саңқылдаған өз 
күл кісінен өзі оянып, нар үстінде мәңгіріп отыр. Жеңі-
мен маң дайының терін сүртті. Түсінде көрген Капеллан 
жоқ. 50-55-тер шамасындағы тағы бір тұтқын (белгісіз 
тұтқын) камера ішінде ерсілі-қарсылы тынымсыз кезіп 
жүр. Композитор шытынап, оны жаратпай отыр. Кей-
де екеуі бір-біріне ұрлана қарап қояды, көздерінде сенім-
сіздік. Бір кезде құлып салдырлап, темір есік ашылады. 
Шашы аппақ қудай бүкшиген надзиратель сылбыр ба-
сып кіреді де, екі нардың қасына екі тостаған ас қойып, 
ұйқылы-ояу қалпында үнсіз шығып кетеді.
Құлып салдыры. Белгісіз тұтқын пойыз күткен жо-
лау шыдай ерсілі-қарсылы әлі кезіп жүр. Ақыры ком по-
зитордың шыдамы таусылады.
К о м п о з и т о р .  Құдай үшін аяғыңызға тыным бе рің-
із ші, сіз ұшатын самолет кешігіп жатқан болу керек, егер 
билетіңіз қалтаңызда болса, шыдамсызданбай, отырып-ақ 
күтсеңізші.
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Рақмет! Өте тауып айттыңыз, 
шынында да көп ұзамай жұмақтың төріне пейіш құсындай 
ұшпақпын.

12
К о м п о з и т о р .   О  дүниеге барған соң пейіштің ба-
ғында бұлбұл боп сайрадың не, қылкөпірден құлап, та-
мұқтың отында лауладың не?!
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Олай болса, сіз айтқандай 
қал 
қыған самолетпен емес, мені өңі түгілі түсімде де 
көрмеген әлдебір бейтаныс жендеттің қолынан о дүниеге 
аттанар алдымда, біраз жер басып қалуыма мұрсат беріңіз. 
(Пауза.)
К о м п о з и т о р .  Иә, жер – қасиетті ана, оның тө-
бесіне шығып ойнақтасаң да, баласындай санап еш ауыр-
сынбайды, әттең адамдардың өзі ғой, бірін-бірі алқымнан 
алып, жердің астына түсіргенше әлектенетін. Әттең тіршілік 
қасиетін бар адамзат бірдей түсініп, бірдей өмір сүрсе ғой...
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Қазір жер шарының жарты-
сы, бүкіл көзі ашық адамзат ондай түсінікке жетті. Бізге ар-
ман болған заманда келешек ұрпақ өмір сүрмек.
К о м п о з и т о р .   Тым құрмаса соңғы рет саясат-
пен шұғылданбай-ақ қояйықшы. Жаңа ғана о дүниеге ат-
тан бақшы болып, буынып-түйініп, өлімге мойын ұсынған 
сияқты едіңіз. Енді болашақ жөнінде философияның қаже ті 
не?
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Одан сіз неге безесіз? Тегі, 
сізді де осында әкелген тіршілікке қажетті, кейбіреулерге 
қажетсіз философияңыз болар. Атам заманнан бері – Про-
метейден Галилейге дейін, Леонардо да Винчиден біздің за-
мандастарымыз – Лумумба, Назым Хикметке дейін адам 
баласы бар тақсіретті кезінде өзінің асқақ ойымен ұлы істері-
нен тартқан, ондай адамдар әлі де сол қасіреттен құтыла ал-
май келеді.
К о м п о з и т о р .   Тіліңіз не деген майда еді. Тегі, 

13
бұл арадан өз міндетіңізді ойдағыдай атқара алмай кететін 
мерзіміңіз тақаған болар. Мұндай парасатты ойларыңызбен 
әлі де талайды сөзге тартарсыз. Мен сізге серіктікке жа-
рамаспын. Ғафу етіңіз, енді қысқа өмірімді жіпке тізіп, не 
болды, не қойды, тыныш отырып есіме түсіріп, соңғы ми-
нуттарымды мазасыз өткізуіме мұрсат беріңіз.
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .   Мен сіздің тыныштығы ң-
ыз ды күндемеймін. Тым құрыса өлер алдында адам бірін-
бірі күндемей көз жұмуына болатын шығар. Осы арада кім 
қалып, дар ағашының астында, не үңірейген мылтық аузын-
да кім бұрынырақ тұрады, оны күндеудің не керегі бар?
К о м п о з и т о р .  Әрине, ол айтқан орныңызда менің 
бұры нырақ тұратыныма көзіңіз жеткен соң, сізге тіпті қын-
жылудың реті жоқ.
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Оған асықпаңыз. Мен бәрібір 
сіздің алдыңызды орап кетемін. Маған кесілген өлім жаза-
сы бүгін орындалмақ.
К о м п о з и т о р .  Өлім жазасы?!
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Иә, өлім жазасы.
К о м п о з и т о р .   Тегі өлім жазасын жоғарғы өкі-
мет бекіткен ғой!
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Фашистер үшін конфирмация 
деген не, тәйірі!
К о м п о з и т о р .  Осындай суық сөздерді айтуға түк 
жүрексінбейді екенсіз. Өлім сіз үшін ойыншық болғаны-ау!
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Жүрексінгенде не істеуім ке-
рек?
К о м п о з и т о р .   Жоқ, әншейін... өлімді тәлкек ете-
тініңізді айтам. Өлетінін күні бұрын білген адам нендей күй де 
болады екен деп ойлаушы едім. Сіздің қалжың сөздеріңіз ге, 

14
ұстамдылығыңызға қарағанда, өлімнің пәлендей қиындығы 
жоқ-ау, сірә.
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н.  Сіз өлімнен қатты үрейленеді 
екенсіз.
К о м п о з и т о р .   Мезгілсіз жеткен қазадан кім қо-
рықпайды дейсіз.
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Иә-иә-ә!.. (Аз ойланып, 
өзіне-өзі.) Мен де қорқамын... Қаншама орындалмаған 
істер, орны толмаған арман. Егер адам төтенше келген 
апатқа ұшырап, не аяқ астынан бақытсыздыққа кезігіп, 
мерт болмаса, төтелеген ажалға қынжылмайды. Әрине, 
жасы жетіп қаусап отырса да, кімнің өлгісі келеді дейсің. 
Әйтсе де, жас қартая келе, өзінің ғұмырлық емес екенін 
сезетін пәнде өлімге де мойын ұсынбақ. Ал жаңа ғана 
өмірге көзіңді ашып, бойыңда күшің тасып, тіршілікке үлес 
қосамын деп жанталасып, қараңғыдан жарыққа ұмтылған 
шағыңда, жаңа ғана өзіңе де, жұртқа да пайдаң тие бастаған 
кезде, орта жолда тырп еткізбей ұстап алып, қия бастыр-
май қара күшпен тамағыңнан алып, сенің жан сырыңа 
құлақ аспай, тіршілік жолынан неге әкететінін сұрауға да 
мұрсат бермей қылғындырғанда, дәрменсіз мүсәпір халге 
жеткеніңе ғана қиналасың. Әсіресе тұтқиылдан бас салған 
жыртқыштың тырнағында, өзіңнің анандай өмір мен өлім 
арасында толғатып жатып табар анадан туған періштенің 
тырнағында, бір кезде шыр етіп дүниеге өзіңмен қатар келіп, 
ана жөргегінде жұп-жұмсақ балапан қолдарын тырбаңда-
тып жатқан сәби шеңгелінде тұншығып бара жатқаныңды 
білгеннен ауыр азап жоқ... (Пауза.)
К о м п о з и т о р .  Жасы жеткен ондай сәбилердің аты 
адам емес, жендет қой! Неге шатастырасыз?

15
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Иә-иә, ә, адам деген атау-
дың баламасы осылайша көбейе береді. Сөйтіп сөздік құрам 
осындай сұрқия синонимдермен байып, бара-бара олар мүл-
дем қалыптасып, сөздік қорға енеді.
Композитор. «Арамза» да «кісі», «пенде» сияқты мәндес 
сөздер емес пе?
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н . Т ы ң ш ы . . .
К о м п о з и т о р .  Провокатор?..
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Сатқын? (Кідіріс.)
К о м п о з и т о р .  Тегі, сен тіл маманы боларсың? Әлде 
өзің жайлы бірдеңе бықсытқың келе ме?
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Ә, бәлкім сен туралы болса 
ше?
К о м п о з и т о р .  Мен туралы ма, ехэ! (Ұзақ кідіріс.)
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Егер жаңылмасам, жарқыным, 
сені полиция үйінде көрген сияқтымын.
К о м п о з и т о р .  Полицияда? Түк те жаңылған жоқ-
сың. Сен мені тек сонда ғана көруге тиістісің.
Б е л г і с і з   т  ұ  т  қ  ы  н  (ызалы). Тым тез мойындайды 
екенсің. О жолы сақал-шашың мұндай емес, жып-жылтыр 
мұнтаздай едің.
К о м п о з и т о р  (бұл да ызалы). Мені сағат сайын 
тепкінің астына алып дүрелеп, сілікпемді шығарғанда, кез 
келген өлексе өз күнін менен артық санап, жиіркене қарамақ 
түгілі, бетіме түкіруі ықтимал. Бірақ мен есім ауып, көзім 
қанға толып жатқанда, сені анықтап көре алмадым. Тегі, сен 
талай рет қасымда тұрғансың ғой. Рақмет, жасырмағаныңа!
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Жоқ, сіз мені түсініңкіре мей 
қал дыңыз. Анығырақ айтуға рұқсат етіңіз. Мен сізді поли-
ция жандармының мундирін киіп, үстіңізден әтір иісі аң қып, 

16
қазіргідей аузын түк басқан маймыл сияқты емес, аршыл ған 
жұмыртқадай болып тұрған күйіңізде көріп ем.
К о м п о з и т о р .  Ах-ха-ха! (Ызалы). Мундир киіп, 
ар шылған жұмыртқадай боп тұрғамын! Иә-иә, дұрыс айт-
тың жұмыртқадай... Бірақ сәл қателестің, аршыл ған жұ-
мыртқадай емес, асылған жұмыртқадай тұрған өзің шы-
ғарсың, ал мен жатқамын, бар қабығымнан сау-там тық жоқ, 
мылжа-мылжам шығып, тас еденде домалап жат қанмын.
Б е л г і с і з   т  ұ  т  қ  ы  н (бұл да ызалы күлкімен). 
Тегінде, сен полиция мектебінде ғана оқып қоймай, актерлік 
гимназияны да жақсы бітірген боларсың.
К о м п о з и т о р  (жүзінен күлкі табы жоғалып, өңі 
сұрланып, ашуға булығып әр сөзін зорға құрайды). Жетер 
енді. Нені жеткізгің келеді, сұра, сұра, жауап берейін. Күнде 
айтып жүрген жауабымды берейін, онан басқаны менен ала 
алмайсың. Саған күн көру керек, сормаңдай балаларыңды 
асырағың келеді сорлы әке, сұра, сұра!
Б е л г і с і з   т ұ т қ ы н .  Жетсе жетеді енді жасы-
рын бақ ойнауымыз! О дүниеге аттанар сапарымда, соңғы 
рет кіммен, қандай арамзамен, тыңшымен, сатқынмен отыр-
мын, білгім келеді. Иә-иә, білгім келеді. Тым құрымаса 
ақтық рет, ақ өліммен...
К о м п о з и т о р   (соңғы сөйлемін тыңдауға шы-
дамы жетпей, бар даусымен айғай салады). Иә-иә, мен 
ком позитормын, композитормын. Сенің балаң үшін, елім-
нің ұл-қыздары үшін, ата-аналарға, халқыма арнап ән 
шығардым. Қайда жүрсе де еңбек етіп, қуанышын тойла-
сын, демалсын, бәрін шаттықпен өткізсін, еркін билеп, еркін 
ән салсын дедім... Иә, иә, коммуниспін. Иә, өз мақсатым, 
өз бағытым болғанына, қоғамда, жер шарында өз орным 

17
барына мақтанамын... Жасым... жасым отыз екіде... Бар, 
бар, әйелім де, балаларым да бар. Екеу – бір қыз, бір ұл. 
О, бақытсыз қарлығаштарым... Неше рет сұрайсыңдар, 
иә, мен өкіметке, оның жауыздығына, әділетсіздігіне қарсы 
шықтым. Талай рет, иә, иә!
Үшінші көрініс
.
Композитор сөйлей бастағанда камера ішін қараң-
ғылық басады да, әлсіз жарық қайта жанып, қызара бе-
реді. Камера іші оттай лаулаған қып-қызыл түске бө-
ленгенде, композитор шоқтың үстінде отырғандай 
көрінеді. Белгісіз тұтқын жоқ. Композитордың қарсы 
алдында талтайып полиция жандармы – түрме началь-
нигі тұр. Композитордың алғашқы сөздері ауру адамның 
сандырағы сияқты, ол белгісіз тұтқынға ыза болған кезде, 
полициядағы тартқан азабы, көрген қорлығы көз алды-
на елестеп, нәзік жанды адам тағы да өзін жандармның 
алдында отырғандай сезінеді. Енді оның алдына поли ция 
жандармы келіп, сонымен сөйлескендей болады. Келесі 
эпизод соның көзімен (галлюцинация) беріледі.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Ақырын, ақырын, асық-
па, саспа. Рет-ретімен, жүйе-жүйесімен. (Композитор 
қар қынынан басылып, сұлық түскен.) Қашаннан бері өкі-
метке наразылық білдірдің? Ол «өнерді» өзің бе бастаған, 
әлде біреулер үйретті ме?
К о м п о з и т о р  (баяу ғана). Мен бар болғаны 
шын дықты, еркіндікті жақтадым, ешкім үйреткен жоқ, неше 
рет қайталау керек!

18
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Ештеме етпейді. Тағы 
да қайтала, одан ештеңең кетпейді. Ойлан, рұқсат, мүмкін 
бұрын айта алмағандарың есіне түсер, асықпа, асықпа. 
Наразылықты алғаш неден бастадың?
К о м п о з и т о р   (сәл ойланып). Наразылық ең алғаш 
өкімет тарапынан болды.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Ол қандай наразылық, 
неге?
К о м п о з и т о р .   Ең  алғаш жаңа өкіметтің бұй-
рығын орындамаған күннен басталды. Сол күннен былай 
артымнан салақтаған тыңшы ерді.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Нендей бұйрық?
К о м п о з и т о р .  Жаңа республикаға арнап жаңа гимн 
жазу.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Сен жазған жоқсың ба?
К о м п о з и т о р .   Иә.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Неге?
К о м п о з и т о р .   Музыка бұйрықпен, тапсырыс-
пен жазылмайды. Сонан соң маған сөзі ұнамады. Тіпті, шы-
нымды айтсам, жүрегім айныды.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Былайша айтқанда, 
гимнге жазылған өлең ұнамады де, неге?
К о м п о з и т о р .  Шып-шылғи өтірік. Жалған!
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Несі өтірік?
К о м п о з и т о р   (даусы қаттырақ шығады). Біздің 
елде қандай теңдік, еркіндік бар? Еркін сөйлеуге, бар аза-
мат тең тұруға жол жоқ. Адал жандарды, халықтың нағыз 
бетке ұстар ұл-қыздарын – коммунистерді, ғалымдарды 
күнде ұстау, түрмеге қамау... Еңбекші жұрт аш-жалаңаш, 
алым-салықтан көз ашпайды. Айнала қайыршылық – пау-

19
перизация. Осындай тапшылыққа, қорлыққа қарсы ас-
қақ, өтірік гимн жазбағаным үшін аңдуға түстім, ақыры 
үкіметтің жауы боп, қамауға алындым. Осы ма сендердің 
бостандықта рың?
П о л и ц и я     ж а н д а р м ы.  Сен композитор ғана емес, 
бөтен адамдардың сөзін ұрлайтын ұры да екенсің. Компо-
зитор үшін ән шекарасынан шығудың зияннан басқа, түк 
пайдасы жоқ.
К о м п о з и т о р .   Композитор – алдымен өз елінің 
азаматы, оның да тілі, ойы бар. Оның тілі – ән. Музыкадан 
хабарыңыз тым көп екен.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы  (мысқылмен). Бұл ән-
шейін мылжың, құрғақ саясат, қызыл большевиктердің 
ілімі... Сонымен сен еш уақытта да гимнге ән шығарған 
жоқсың ба?
К о м п о з и т о р .  Шығардым. Бұрынғы республикаға 
арнап шығарғанмын. Бірақ артынан авторлықтан бас 
тарттым. Осы күнге дейін аңғалдығыма өкінемін.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Себеп?
К о м п о з и т о р .   Ол  республиканың бүгінгіден түк 
айырмашылығы жоқ, қазір тек өкіметтің түрі ғана өзгерген. 
Халыққа қажетсіз метаморфоза.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы .  Онда несіне жаздың?
К о м п о з и т о р .   Ол  кезде тым жас едім, көп нәрсенің 
парқына түсіне бермейді екем! Сонан соң отбасымды асы-
рау үшін қаламақыға қызығыңқырап кетсем керек.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы. Қазір байыған шығарсың?
К о м п о з и т о р . И ә ,  байыдым, тек әйелім мен бала-
ларымның күн көрісі қиындау.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы.  Бірақ өзіңнің тамағың 

20
тоқ болған ғой. Сенің соңғы жазған шығармаларыңды – 
жұмысшылар гимнін, жаңа өкімет туралы сықақ әндеріңді, 
қаза болған коммунистер жөніндегі қайғылы реквиемді 
жас тар жақсы білетін көрінеді, тегі, оларға көп ақы төлеген 
шығар?!
К о м п о з и т о р .   Соқыр тиын алғаным жоқ. Бірақ 
олар өзім үшін де, көпшілік үшін де өте бағалы, құнды. Оны 
жүрегімнің қанымен, сен сияқты жендеттердің қолынан қаза 
тапқан жазықсыз коммунистердің қанымен жаздым!
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы  (ақырып). Жетті! Тоқтат! 
Біраз қалжыңдастық. Болар енді, сұмырай. Пигмей! (Пау-
за.) Ұйымдарыңда қанша мүше бар, кімдер?
К о м п о з и т о р .  Өте көп, сан жетпейді.
П о л и ц и я   ж а н д а р м ы  (алақанын соғады). 
Қане, айт олардың есімдерін. Қай жерде жиын өткіздің-
дер, нендей тақырыпта, мақсаттарың не? Айтқызбай қой-
маймын. (Тағы да алақанын соғады.)
К о м п о з и т о р   (жаны ышқынып). Әкет, әрі  әкет, 
білмеймін, білмеймін, ештеңе де білмеймін, әкет. Әкетің-
дер, сұр жыландар. Білмеймін ештеңе, білмеймін, бәрің де 
жылансыңдар, бәрің де. 
Сырттан барабан үні, артынша шіркеу қоңырауы-
ның үні шығады. Камера қа раңғыланады. Қайтадан 
әлсіз сәуле түскенде, жандарм жоқ, әбден шаршаған, 
қажыған композитор мен оның есінің кіруін күтіп, бел-
гісіз тұтқын тұр. Екеуі де сырттағы суық үн аяқ-
талғанша қыбыр етпей, үнсіз отыр.

21


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет