Жүнісов С. Ж88 Пьесалар


Мектеп сахнасына арналған скетч



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Мектеп сахнасына арналған скетч
Күміс табақ ай бозарып, алтын табақ күн қызарып 
шыққан кез. Айналасына тып-тығыз қамыс өскен айдын 
көл. Алқақотан отырған құстардың ортасындағы қаз 
соғады.
Қ а з. Ей құс қа-қақауымы, үлкеніміз бар, кішіміз бар, 
әлсізіміз бар, күштіміз бар, жүзгішіміз бар, сүңгуіріміз бар, 
биікке самғап ұшқышымыз бар – бәріміздің ортақ атымыз 
– құс. Бірақ құс бола тұрып, бір-бірімізге деген сонау 
атадан мирас болып келе жатқан өштігіміз де жоқ емес. 
Бүгінгі жиналып отырғанымыз, өздеріңе мәлім, арамыздан 
әділеттік айтып, бірлік нұсқап отыратын бір басшы құс 
табу. Ол, әрине, осы жердің иесі, қожасы атануға барлық 
қасиеттерімен лайық болуы керек. Сондықтан жөнсіз 
даурықпай, бетімен таласпай, әділ шешімге келейік. Ал, құс 
қа-қа-қауымы, бердім сөзді өздеріне! (Құстар ойланып 
қалады.)
К ө к е к (бір тұрып, бір отырып). Кәне, сөйлемейсіңдер 
ме, несі бар, сөйлеу керек. (Тағы да пауза. Айнала қарайлай 
берген көкек шыдай алмай.)
)
 Мен сөйлеймін, мен, мен! 
(Ортаға шығады.)
 (Ортаға(Ортаға шыгады.)
Қ а з. Көкек сөйлесін.
К ө к е к. Бүкіл адамзат баласының, бүкіл жүгірген аң, 
ұшқан құсқа салтанатты жаз мезгілінің ең бір сұлу айы – ма-
мыр айы. Сол тамылжыған мамыр айында, менің де тамыл-
жыта салар «Көкек» әнім естіледі. Көктемді сағынғандар 
менің әнімді де сағынады. Мен «кө-ө-кек, кө-ө-кек» де-

183
генде, үнсіз мүлгіп тұрған бүкіл дала жаңғырығып, сай-са-
ла «кө-ө-кек, көкек» деп қайталайды. Мамыр айы бәріміз 
тыныстайтын жаз айының ең әсем айы болса, көкек әні сол 
айдың меншікті әні секілді. Олай болса, сол әннің иесі менің 
орным құстар арасында ерекше ме деймін! (Көкек орнына 
барады. Ортаға қаратаған шығады.)
Қ а р а т а ғ а н .   Құста-а-а-р-р! Құста-а-ар-р! (Бар 
дау сымен шаңқылдап, айнала қарап алады.) Мен әуелі 
өз қасиетіме тоқтамас бұрын, жаңағы көкіп кеткен көкек 
жайында бір-екі сөз айтпақпын.
Көкек, сен несіне бөртіп, несіне пісесің. Қай өнеріңмен 
мақтанасың, осы жерге келгеннен бері өзің бір орнын-
да отырған жоқсың, бір ұшып, бір қондың. Дәйегің жоқ. 
Адам баласы өз ішінен шыққан ұшқалағын саған теңейді. 
«Көкекке ұқсамай», «секеңдей берген көкек екенсің» деген 
сөзді талайлардың аузынан естімедік пе? Әншімін дейсің. 
Сенің қай жеріңде әншілік бар. Әнің өз атыңды таныстыру 
үшін ғана айтылады. «Көкек, көкек» деп өзіңді өзің қайталау 
– мақтаншақтық. Ал бір айдан кейін сенде ол ән де жоқ. 
Сені жұрт «сақау көкек» деп атайды. Ендігәрі көктемнің 
сұлу айын өзің әкелгендей болма.
К ө к е к. Жала, жала, «айтшы көкек» дейді. Олай сөзді 
бұрмалама, сауатсыз қаратаған, жыртындыда құрт жеп 
талтандаған қаратабан!
Қ а р ғ а. Өзің құрт жемейтін шығарсың, өзің қызыл-
жасыл киініп, көрінген ұяда қызылшақа балапаныңды 
қалдырып жүрген масыл бейбақ.
Қ а з. Қысқарта сөйле.
Қ а р а т а ғ а н .   Сақылдаған сары аяздың зәрі тар-
қап, қар астына су түсіп, өткір өкпек жер тұрмаса, мамыр 

184
айы қайдан келер еді. Мамырды айтқанша, наурыз-көкек 
айларын неге айтпайсың? Сол қардың кетуін хабарлап жар 
салушы кім екен? Ол мына мен емеспін бе!? Олай болса, 
менің қасиетім сенен де зор-р-р-р, зор-р-р! (Басын шұлғи 
бітіреді сөзінің аяғын.)
Б ұ л б ұ л. Маған сөз берсеңіз.
Қ ұ с т а р. Е, бұлбұл сөйлесін, бұлекеңе сөз берейік.
Қ а з. Сөйле, бұлбұл.
Асығыс көтерілген бұлбұл, айналасына нөштене бір 
қарап алады да, сәл бөгеліп барып сайрап кетеді.
рып сайрап кетеді.
Б ұ л б ұ л. Иә, құстар, құстың ең ірі қасиеті – үнінде, 
әнінде. Не ырғағы, не мәні жоқ, дене тітіркендіретін 
барқыраған қарға даусы, көрінген жерде өсек айтып жағы 
талмайтын сауысқан шықылығы, мезгілсіз уақытта ты-
ным таппайтын бөдене бытбылдығы, жылқы айдадым деп 
өзін-өзі жұбатып жүретін жылқышы ысқырығы – бәрі де 
тыңдаған сүйсінерлік, қалғыған сергіп, мүлгігеннің көңілі 
оянарлық әсем ән емес, беймаза ғана.
С а у ы с қ а н   (таңдайын қағып). Тиіспей сөйле, бұ-
леке.
Қ а р ғ а. Р-р-рас, р-р-ас, басқада шаруаң болмасын, қа-
р-р-рағым, шыр-р-рағым...
Б ұ л б ұ л. Бәріңе аян, менің атым әніммен әйгілі. Бұлбұл 
ән салды десек-ақ, жел уілін, аң жүгіруін, мал күйісін 
доғарады. Қалғыған тау, мүлгіген дала, дірілсіз тынған 
тымық өзен, сылдырап аққан бұлақ, ырғалған тоғай – бәрі 
де сол әннің қошаметшісіне айналады. Міне, бүкіл табиғатқа 
әніммен тіршілік себетін, рақатқа бөлейтін менің үніме 

185
ұқсас басқа үнді естіп қалса-ақ адам баласыда: «Па, шір-
кін, бұлбұлша сайрайды екен, бүлбұлша тамылжытады», – 
деп маған теңейді. Олай болса, осы аймаққа қожа болуға 
жарамайсың деп кәне, қайсысың айта аласыңдар! 
Бұлбұл алдында ауыздарын ашып қалған құстар өзін-
өзі ұмытып, ұйып қалғандықтарын аңғарып селк етіседі. 
Бірдеңе десеңдерші десіп, бір-біріне қарасады.
Пауза.
Қоңыр үйрек қиралаңдай басып орнына тұрады да, басы 
қалтақтап ортаға беттейді. 
, ұйып қалғандықтарынбұлбұл
Қ а з. Сөйле, үйрек!
Ү й р е к (асықпастан, аптықпастан өзіне тән 
сабырлықпен сөйлей бастайды). Бұлбұлдің әншілігіне, 
оның тыңдағанды балқытар-р-р әсем үніне таласым жоқ, бәрі 
рас, р-рас. Бір-р-рақ, бір-р-ақ... бұлбұл, сен өзі жел гулеген 
жазық далада ән салып көрдің бе? Не болмаса қамыстан 
басқа панасы жоқ, кемерін шылп-шылп толқын ұрған көл 
жағасында болып көрдің бе? Ондай жерде тыңдаушыларың, 
сені білетіндер бар ма, бар-р-р ма? Әрине, жоқ. Сен, қайда 
мәуелі ағаш болса, қайда жел тимейтін, күн өтпейтін жа-
сыл жапырақты, жұпар иісті сая болса, сонда жүресің. Сен 
сияқты жаны ар-ар-ардақтылар бізге не әділдік айтпақ, не 
жөн сілтемек? (Отырғандар бас изесіп, «дұрыс айта-
ды» десіп құптасып қалады.) Осы бір жайылып жатқан 
ен далада құс іздегендер болса, сөз жоқ, тек қана көл ара-
лайды. Көл – құстың мекені, құс – көлдің сәні. Ал енді 
осы көлдерде көп отырып, көп мекендейтін, қар жауғанша 
жүретін құс кім? Ол – үйрек, үй-ир-рек!

186
Ш ә у к і л д е к   (жыпылдай басып, ұмтыла түсіп, 
шіңк ете қалады). Дұрыс емес, мені қайда қоясың?
Бырыспа да құрыспа,
Тырнаның жұмыртқасындай-ақ боп,
Жақынсың-ау ұрысқа!
Қ а з. Шәукілдек, тыныштал!
Ү й р е к. Көлдің бетінде сыпылдай ұшып тобымен 
көтерілетін шүр-р-егейді, еркін қалқып, балдырды сүзіп, 
сабырлы барылға салатын қоңыр үйрек мені, су астын-
да кең тыныстап, еркін сүңгитін сүңгуір қасқалдақты ба-
ғаламасаңдар, өздерің біліңдер. Онда айтар-р-рым жоқ. 
Бір-р-рақ, бір-р-ррақ...
Қалтақтай басып, орнына беттейді. Үйрек орнына 
жылжи бере-ақ «мен сөйлеймін, мен» дегендер даланы 
басына көтереді.
, мен» дегендер даланы басына көтереді.
Қ ы з ғ ы ш   (шаңқ ете қалады). Мен сөйлеймін! Ме-
ен, ме-ен!
Қ а з. Сөйле, қызғыш!
Қ ы з ғ ы ш (асыға, аптыға шаңқылдайды). Бәріңді 
қорғайтын, бәріңнің қамқоршың мен, мен! Көлдің көркі біз 
деп, үйрек, қателеспе! Біз болмасақ, сенің күніңді көрер 
едім. (Құстар ду күліседі.) Жоқ, күлетін ештеңесі жоқ, 
көлдің қожасы – мен! Олай болса көлді мекендейтін бүкіл 
құсқа қалайша қожа бола алмайды дейсіңдер. (Тыпыңдай 
басып орнына беттейді.)
Бағанадан мойнын ішіне тығып, ұзын аяғын алма-кезек 
ауыстырып тұрған тырна «Мен сөйлеймін», – дейді.
тын

187
Қ а з. Сөйле, тырна!
Т ы р н а. Әй, қызғыш-ай, саған билік не керек еді. Сен-
сіз де еркін толқып, еркін сылдырап жататын айдын көлдің 
маңына біреу жолап кетсе-ақ, «ой-ба-ай!» деп айқайлап 
көтерілесің. Көлді сенің ғана мандайыңа басып қойғандай 
қызғана тұра келесің. Адам баласы өз қызғаншағын «көл 
қорыған қызғыштай» – деп тегін айтпаған-ау. Ал мен бол-
са, артық сөйлеп, артық мақтанудан аулақпын. Тек айтарым, 
осы отырған барлығыңнан мойным да ұзын, сирақтымын 
да, бәріңнен биік сонау аспанның ең алыс теріне, бұлттан әрі 
ұшамын. Олай болса, бәріңнен биік, бәріңнен озық та орын 
менікі болуға лайықты шығар дегім келеді. (Айнала мойнын 
соза қарап барып тоқтайды. Ортаға қарақұс шығады.)
Қ а з. Сөйле, қарақұсым!
Қ а р а қ ұ с. Ей, тырна, мақтанбаймын деп тұрып, сен 
де мақтанып кеттің. Сенің серейген бойыңа, тырбиған 
сирағыңа, рабайсыз мойныңа, іліп аларға еті жоқ қу сүйек 
денеңе мақтанатын орның жоқ еді. Одан да, адам баласының 
еңбектеніп жер жыртып, ұрық сеуіп өсірген егінін отайтын 
жауымын десеңші. Мына бізді айт: күніне екі тышқан болса 
да қиядан көріп, қиыннан қисынын келтіреміз. Ол– адам ба-
ласына деген пайдамыз, егіннің жауына деген шабуылымыз. 
Олай болса, менің мақтанышым орынды бағалануға тиіс!
А қ қ ұ й р ы қ   т о р ғ а й  (қарақұстың көзі түсіп 
кеткенде құйрығын жыпың-жыпың еткізіп қағып алып, 
жағымпаздана басын изеп мақұлдай қалады). Иә, иә, 
дұрыс айтасыз!
Мұны аңғарып қалған қырғи, отты көзін қадап, имек, 
өткір тұмсығын тақылдатады. Жүрегі зор түбіне кет-

188
кен аққұйрық одан сайын бәйек болып, сасқалақтап 
қалады.
.
– Жоқ, сіз дұрыс айтасыз, сіз, сіз мәртебелі қырғи!
Ү й р е к (барқ-барқ күліп). Оу, қыр-р-ғи әлі ештеме 
деген жоқ қой...
А қ қ ұ й р ы қ   т о р ғ а й .  Қырғи ағай сөйлемесе 
де, не сөйлейтіні көзінен көрініп тұр, көзінен! Не деген өткір 
көз, тіпті өңменіңнен өтеді, тамаша!
Қ а з. Аққұйрық, тыныштал!
 
Сөйле, жапалақ!
Ж а п а л а қ. Ей, қарақұс, адам баласының досымын, 
қамқоршысымын, жауын жаралаушы жауынгерімін деп не-
сіне кеуде көтересің. Одан да, жаңа көзін ашып, анасының 
соңынан шиқылдап ерген жазықсыз тауықтың сары ауыз 
балапанын ұрлайтын ұрымын деуге батылың жетпей тұр 
ма? Қырағымын дейсің. Мына мені айт! Айсыз қараңғыда 
інінен көрініп қалған тышқандарды көз ілестірмей қағып 
аламын. Ешкімге залалым жоқ. Олай болса, адамзат сені 
емес, мені бағалайды. Ал сендер не дейсіңдер?
Алақандай көзін аударып-аударып жіберіп құстарға 
қарайды. Орнынан сып етіп қырғи тұрады. Кішкентай 
құс атаулы тегіс селк етіп, үрпиісіп қалады.
Қ а з. Қырғи, сөйле!
Қ ы р ғ и. Ей, соқыр жапалақ, көзің бажырайып сен де 
билік айтқын келді-ау!
Ж а п а л а қ. Әй, қырғи, сен соқыр ма, мен соқыр ма?! Сен-
дер, осы отырған бәрің күндіз ғана көргендеріңе мәзсіңдер. 
(Күледі.) Қи-қи-қи. Күлейін бе, күлмейін бе. Күндіз кім 

189
көрмейді? Ауылдағы ұша алмайтын жаман тауыққа дейін 
көреді. Мына дөдеңді айт, айсыз түнде жорғалап бара 
жатқан тышқаныңды қағып түсетін...
Қ ы р ғ и. Билік айтатын осы жерде қайсың барсыңдар, 
кәне! Бәрің ынжық, бәрің сорлысыңдар. Шетіңнен тиіс-
сем түгел қырып шығамын. Топшыларыңды қиып допша 
түсіремін. Кәне, рас емес деңдерші! Адам баласы «қырғидай 
тиіп» дегенді тегін айтпаған шығар. Ендеше билік те, қожа-
лық та менікі емес пе! (Отырғандар бүрісе тыңдап, қорқа 
бұғып, үнсіз қалады).
А қ қ ұ й р ы қ   т о р ғ а й .  Қырғи дұрыс айтады, 
дұрыс, дұрыс!  (Дамылсыз шық-шық етеді. Құйрығын 
жыпық-жыпық еткізеді. Орнынан қаз тұра келеді.)
Қ а з. Уа, қырғи, сен озбырлығыңа, жыртқыштығыңа 
несіне мақтанасың. Адал еңбек, бейбіт өмір сүрдім деп 
мақтанамысың? Саған билікті береді екенбіз, қоластындағы 
құс атаулыны қырарсың да саларсың. Көре тұра сені біз 
бұл жердің иесі етіп сайлай алмадық, қожамыз деп тани 
алмадық!
Адам баласы өз шешенін, өз әділ сыншысы Қазыбек 
дегеннің үнін менің үніме теңеп, «қаз дауысты Қазыбек» 
атаған. Олай болса, мен де сендерге билік айтуға жарармын 
деп ойлаймын.
Сылана басып, кіршіксіз аппақ аққу сымбатты мой-
нын сыпайы ие тұра келеді.
А қ к у .  Мен сендерді жамандап, не сынап ештеңе айт-
паймын. Тек айтарым, адамзат «Аққу – құстың патшасы» 
депті ғой, осыны ойларыңа жүгіртсеңдер болады.

190
Отырған құстар бір-біріне жалтақтап қарасып, не 
дерін білмей қалады. Пауза.
С у ы қ т о р ғ а й. Менің бір кішкене ғана айтарым бар, 
ұлықсат болса.
а басқа 
Оған күле қараған басқа құстар: «Бұл байғұстың не 
айтатыны бар екен, сөйлесін, тыңдайық десіп, бір қызыға 
ұлық сат етсе, бірі кекете әжуалайды.
 «Бұкұстар: «Бүл 
байғұстын не айтатыны бар екеқсат етсе, біі йды.
Қ а з. Жарайды, сөйле. Бірақ қысқа сөйле!
С у ы қ т о р ғ а й .   Мен билік үшін, қожалық үшін та-
лас паймын. Бірақ жаңағы сөйлеп кеткен құстардың мақ-
тануларына шыдай алмадым.
Бәрің де тамылжыған жаз айында, кең далада ер-
кін жүріп мақтанасыңдар. Ертең-ақ жапырақ сарғайып, 
көл тартылып, шөп қурап, қара суықты күз келіп, 
қараша мен желтоқсан жақындағанда көрер едім қалай 
паңданғандарыңды. Көбің тықыршып, мазаланып, 
қамданып, ақыры жылы жақ қай дасың деп, тізіліп алып 
қаша бастайсыңдар. Жемсауларың мен бөтелегеріңе қайда 
жем көп түседі – сонда боласыңдар. Сендер мұнда тойы-
ну үшін ғана келесіңдер. Сүйте тұрып, бұл жерге қожа 
болғыларың келеді.
Қ ы р ғ и. Байқап сөйле, пақыр торғай!
С у ы қ т о р ғ а й. Ал мен болсам осы араның ыстығына 
күйіп, суығына тоңып, шыжыған жаз айларында да, 
қақаған қыс айларында да еңбегіммен нәр тауып, баспана-
лап, өз жерімді ешқайда тастап кетпеймін. Сондықтан да 
адам баласы мені «суықторғай» атапты. Олай болса, бұл 

191
жердің негізгі құсы сендер емес, мен екенмін. Мен тұрғанда 
сендердің билік пен қожалыққа таласуларың ерсі-ақ.
Құстар мойындары төмен салбырап, үнсіз отырып 
қалады. Пауза.
. Пауза.
Қ а з. Таластың қорытындысы кейінге қа-қа-қалды-
рылсын!
Қ ұ с т а р. Солай болсын! Иә, сол дұрыс! Дұр-р-рыс!..
Ш ы м ы л д ы қ .

192
ТӨГІЛГЕН ҚАНДАР,              
ШАШЫЛҒАН ЖАНДАР
(Екі бөлімді трагедия (инсценировка)
Кейіпкерлері:
Басты рөлдерде:
БАЛЗИЯ – жас кезі (23 жаста) 
БАЛЗИЯ – кәрі кезі
АТЫМТАЙ – ГПУ қызметкері, кейін аруақ
АМАНАЙ – Заманай мен Әлиманың ұлы
ӘЛИМА – Заманайдың әйелі, Балзияның келіні
 ЕСЕТ – оқыған жігіт, үкіметке әрі-сәрі адам, кейін аруақ
Қосымша рөлдерде:
СӘЛІМГЕРЕЙ – Балзияның әкесі
ОМАР (кейін Томар-Омар)
ҚАНИПА – Томар-Омардың есі ауысқан әйелі
БАҚТЫ – пайжүсір (қытайдағы учаскелік милиционер)
ЗАМАНАЙ – Атымтай мен Балзияның ұлы.
ЕРЕЖЕП – бай 
ЖАППАР – бай 
ЕРКЕКШОРА
СОВЕТБЕК – сержант, шекарашы Жігіттер, кемпірлер, 
балалар

193
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші көрініс
Кешкі мезгіл. Тау-тасты жер. Шағын ауыл. Жан 
даусы шығып айғайлап, іздеу салып, ауыл үйді аралаған 
әйел даусы. Марғау жауап берген адамдар үні. Олар бір 
араға – дауыс салған әйел Әлиманың үйінің алдына 
жинала береді.
Ә л и м а   д а у с ы .  Аманай мен ақ әжем жоқ. Келмеді 
ме?
– Бізден не алсын?
– Жоқ, көргеміз жоқ.
Ә л и м а   д а у с ы .   Аманай мен ақ әжем жоқ. Сіздің 
үйге келмеді ме?
– Бізде не шаруасы бар?
– Келген жоқ.
Ә л и м а  д а у с ы. Ақ әжем мен Аманай жоқ. Қайда жүр 
олар?
– Қайдан білейік.
– Қайда кетті дейсің?
– Жүрген шығар тентіреп.
Ә л и м а   д а у с ы .  Қайда жүреді тентіреп? Аманай 
мен ақ әжем жоқ. Жын көтеріп әкетті ме?
Әлима әбден шаршаған, үй алдындағы бір тасқа келіп 
отырады. Жан-жақтан жиналған адамдар – екі аяқ 
ойыншық арбаға қондырған екі аяғы да жоқ Томар-Омар, 
оның жарымес әйелі Қанипа, бір-екі шал, жүдеу киімді 
бір-екі бала, екі-үш кемпір.

194
1-Ш а л. Оу, шынымен жоқ па?
Ә л и м а. Мен, немене, өтірік айтып, сендерден сүйінші 
сұрап жүр дейсіңдер ме?
1-К е м п і p. Өзі қашаннан бері жоқ?
2 -Ш а л. Бір жұмадай боп қалды-ау деймін.
2 -К е м п і р. Ақ әжең ауырып жатыр демеп пе едіңдер, 
дімкәс адам қайда барады? Бір жерде – ор-морға құлап 
қалған шығар?
Ә л и м а. Кемпір құласа, Аманай қайда?
1-К е м п і р. Иә, солай екен-ау.
1-Б а л а (сыртқа қарап). Ана қара, ана қара, алыстан 
шайтан кезі жарқырап машина келеді, ағаулыт
1
 жақтан 
келеді.
2-Б а л а (қарап тұрып). Е, ол өзіміздің пайжүсір Бақты 
ғой. Бақты. 
Т о м а р - О м а р. Ол дұңғанның кейінгі кезде келісі 
жиілеп кетті.
1-К е м п і p. Бірдеменің иісін сезіп жүрген шығар.
Т о м а р - О м а р. Иісін сезетіндей, біздің ауылда қылмыс 
істейтін жібі түзу еркек қалған жоқ, несіне төңіректей бе-
реді?
Ә л и м а. Омар ата, ол маған үйленгелі жүр.
1-К е м п і р. Үйленгелі?!
2- К е м п і р. Үйленгелі?!
Ә л и м а  (ашынып). Немене, Заманайдан хабар-ошар 
келмегелі он жыл. Осылай қу тіземді құшақтап отырайын 
ба? Бұл елде ұрпақ жаяр бір еркек кіндік құрып қалған жоқ 
па?
1
 Ағаулыт (ағаұлт) деп Шыңжаң қазақтары қытайлықтарды атайды.

195
1-К е м п і р. Дұрыс, дұрыс, қарағым.
2-К е м п і р. Қуарған бізге қарама, бұл кезде сенің екі-
үш нәрестенің анасы болатын шағың. Ешкімнің өкпесі жоқ, 
күтудей-ақ күттің Заманайды.
1-К е м п і р. Иә, иә, бала көтеретін кезің. Аулымызда 
бір басы бүтін шілдехана өтпегелі не заман. Бәтір-ау, ұрпақ 
қайдан өседі, жөн, жөн!
Т о м а р - О м а p. Ә, ә, енді білдім.
1- К е м п і р. Нені біле қойдың, Томар-Омар?
Қ а н и п а. Біздің Томар-Омар, томардай боп бәрін біледі.
Т о м а р - О м а р .  Әлима, сен Балзия енеңе, ақ, әжеңе 
деймін-ау, Бақтыға күйеуге тиетініңді айтып па едің?
Ә л и м а. Айтқамын. Шинсин қаласына баратынымызды, 
Аманайым әлі мектеп жүзін көрген жоқ, онға келгенде 
биыл оқуға беретінімді-ақ әжемді де тамаша шаһарға ала 
кететінімді – бәрін-бәрін айтып кеңескенбіз. Шинсин деген 
«төбе басындағы кент екен», жердің жұмағы дейді.
Т о м а р - О м а р .  Енді түсінікті.
Ә л и м а. Не түсінікті, Омар ата?
2-К е м п і p. Не түсіндің, Томар-Омар, айтсаңшы.
Т о м а р - О м а р .  Балзия мен Аманайдың қайда кет-
кенін енді білдім.
Ә л и м а (жаны ышқына). Қайда кетіпті, айтыңызшы, 
ата, тауып алайық, айтыңызшы, Бақтының машинасымен 
тез тауып аламыз.
Т о м а р - О м а р. Е-ей, ендігі, жеті күн өтті, ай-й, 
Сәукеледен өте алса жарар еді. Сәукеледен өте алса...
Ә л и м а. Сәукеле?
Қ   а   н   и   п   а .  Ә, Сәукеле дедің бе? Сәукеле. Сәукеле? 
Әһ! Мен Сәукелеге барам ба? (Екі көзі алақтап, 

196
жынданып,  Тамар-Омарды бас салып жығып, үстіне 
мініп алады.)
Біз Сәукелеге барамыз, иә, барамыз, барамыз!!! (Енді 
шеңдетіп, бас-аяғы жоқ әндеткен болып, бажылдап, ай-
ғайлап.)
Әңгек-ау! Әңгек!
Меруертімді қайтып берші,
Берші деймін меруертімді,
Өзім тағайын, өзім бағайын! 
Құлап қалды ғой, жылап қалды ғой. 
Берші деймін меруертімді! 
Өзім тағайын, өзім бағайын. 
Әй, Сәукеле, Сәукеле, 
Сенің қалтанда меруертім жатыр. 
Қайтып берші, 
Берші деймін меруертімді!
Машина гүрілі. Пайжүсір (қытайдың учаске мили-
ционері) формасын киген Бақты көрінеді.
Музыка
Екінші көрініс
Түн. Балзия кемпір мен оның немересі Аманай. Ай 
сәулесінде – алыста таулар, Сәукеле шыңы көрінеді. 
Аманай ұйықтай алмай тыпыршып, әжесін сұрақтың 
астына алады.
А м а н а й (басын көтеріп алып). Ақ әже, Сәукеле 
тауынан өттік, енді қайтамыз ба?
Б а л з и я. Жоқ, тағы да әрі қарай жүреміз.
А м а н а й .  Сәукеледен кейін тағы не бар?

197
Б а л з и я .  Тағы да тау бар.
А м а н а й .   Ол  таудың аржағында не бар?
Б а л з и я .  Тағы да тау бар.
А м а н а й .  Немене, тау таусылмай ма, бола бере ме?
Б а л з и я .  Сәукеленің ар жағында жеті тау бар.
А м а н а й .  Жеті таудың ар жағында не бар?
Б а л з и я .  Жеті таудың ар жағында жеті өзен бар, оны 
ел Жетісу дейді.
А м а н а й .  Жетісудың ар жағында не бар?
Б а л з и я .   Аржағында жеті рулы ел бар. Жетісуға 
жеткен соң, сонда қаламыз.
А м а н а й .  Неге қаламыз, ол жақсы жер ме?
Б а л з и я. О, одан асқан жер жүзінде жақсы жер жоқ.
А м а н а й .   Иә, деген! Анада Әлима маған Шинсин 
деген жерге барамыз. Одан асқан жер жоқ. Көшелерінде 
өзен ағып жатады – жаздай қайықта жүзесін. Тәтті же-
містер көп деген. Ал сен Жетісу жақсы дейсің.
Б а л з и я. Аманай, Шинсин деген қала Қытайдың 
жеріндегі қала. Ал сенің жерің – Жетісу. Ол – атамекенің. 
Атамекеннен асқан жер болмайды.
А м а н а й. «Атамекен» деген не?
Б а л з и я. «Атамекен» деген сенің аталарың, бабаларың 
туған жер.
А м а н а й .  Бабаларың кім?
Б а л з и я. Ол сенің әкеңнің әкесінің әкесінің әкесі. Яғни 
арғы... арғы аталарың.
А м а н а й .   Онда біз неге тұрмадық? Біз тұрған жер 
атамекен емес пе?
Б а л з и я. Жоқ, бұл жер қытай, тараншы, сібе, қалмақ, 
жақшын,  ойрат  дегендердің  жері.  Ал  біздің  қазақтың              

198
жері – әлгі жеті таудың аржағында – Жетісудан бастала-
ды.
А м а н а й .  Онда ол жақтан біз неге келдік?
Б а л з и я. О, оның себебі көп. Ол кезде сен жоқсың. 
Менің өзім жас қыз болатынмын.
А м а н а й .  Сен сонда әже емес, қыз болдың ба? Сенің 
атың ақ әже емес, кім болды?
Б а л з и я. Менің атым Балзия болды. Мен жас болдым. 
Сен қисайып жат. Мен атамекеннен қалай келгенімізді 
айтайын. Сен тыңдап жатып ұйықта. Ертең тағы жолға 
жүреміз амандық болса, бір-екі күннен соң «Тастам» деген 
тас үйге жетіп, ұзақ демаламыз. Ал, әңгіме айтайын. Бұл 
1930 жылы болатын...
Музыка: «Жетісу» әні
Үшінші көрініс
Тау іші. Өткен көріністе салған «Жетісу» әнінің жал-
ғасы. Тобатай ілген мосы астында от. Қасыңда жігіт пен 
қыз – Атымтай мен Балзия. Атымтай ағаш бұтақ-
тарын сындырып от жағып отыр да, Балзия жүнін жұл-
ған құсты жуып, тазалап отыр. Екеуі де аңшыларлай 
қарапайым киінген.
Б а л з и я  (әнін доғарып, күлімсіреп). Ертеден қара 
кешке дейін жүріп алғанымыз үш-ақ кекілік. Үйге апарсақ, 
көкемнен ұят-ау.
А т ы м т а й .   Әрине, бұл уақыт құс аулайтын мерзім 
емес, әлі құстар арық. Әшейін таза ауада сайраңдап, сергіп 
қайтқанымыздың өзі олжа емес пе?

199
Б а л з и я . Ә-әй,  қайдам, сенің бүгінгі жүрісіне қара-
ғанда,
 
саған құс тау таза ауа да қажет емес,
 
басқа сияқты-ау.
А т ы м т а й .   Оның рас: көптен көрмеген қалыңды-
ғың мен жұпар исі аңқыған тау ішінде кездескенге не жетсін!
Б а л з и я .  Жарайды, жалтармай-ақ қой. Аң аулауды 
сылтау етіп, мені қасына көзғып ерткеніңді несіне жасы-
расың?
А т ы м т а й .   Оу, енді екеуіміз баяғыда, бұдан жас 
кү німізде көкеме еріп, аң аулап, бармаған жер, баспаған 
тауымыз қалмаушы еді ғой. Оның несі енді жұмбақ бола 
қалды?
Б а л з и я .  Жалтарма дедім ғой, жалтарма.
А т ы м т а й .  Иә, қай жерде жалтарыппын, айта ғой.
Б а л з и я .   Айтса сол – сен мына жұдырықтай көк-
бақа кекілік үшін шыққан жоқсын, таудағы жылқыларды 
бақылауға шықтың.
А т ы м т а й. Е, өзің де біледі екенсің, онда менен несін 
сұрайсың?
Б а л з и я .   Сұраймын. Сұрайтыным сол – екеуміз 
титтейімізден бір әкенің қамқорында, ағалы-қарындастай 
қалай қатар өссек, енді болашақта ерлі-зайыпты боп бірге 
өмір сүрмекпіз. Екеуіміздің арамызда құпия болмасқа тиіс.
А т ы м т а й .   Біздің жұмысты білесің ғой. Құпия 
сақтамай болмайды... Оның бәрін сенің білуіңнің қажеті 
жоқ... Солай...
Б а л з и я .  Иә, солай – екеуіміз екі таптың адамымыз. 
Сен кедей, езілген тап, мен-бай – қанаушы тап.
А т ы м т а й. Балзия, осындай сөз не керек? Мен саған 
қашан «байдың қызысың» деп бетіңе салық қылдым?
Б а л з и я .   Әрине, екеуміз де бір әкенің тәрбиесін 

200
көрген соң именетін шығарсың. Бірақ екеуміз есейген сайын 
маған бір күдік пайда бола бастады.
А т ы м т а й. Ол неғылған күдік?
Б а л з и я .   Сен ГПУ-дің қызметіне тұрып, осы төңі-
ректегі бай атаулының жақсысына да, жаманына да тек кү-
дікпен қарайтын болғасын, мен саған күдіктене қарайтын 
болдым. Тегі екеуміз келешекте үйлесе алмайтын шығармыз.
А т ы м т а й .   «Әке үшін бала күймейді!» Сен қазір 
бай дың қызы емессің, кеңес үкіметінің оқыған, көзі ашық 
қы зысың. Сені кеңес үкіметі оқытты. Үйлесе алмаймыз 
дегенше, тездетіп үй болайық. Көкемнің алдынан қалай 
өтеміз, соны ойлайық та.
Б а л з и я .  Тездетпеуге енді болмайды да.
А т ы м т а й. Көкем де бізден қысылып жүрген шығар, 
қартайып тұрған жоқ, ол да төсек жаңғыртар. Шынында о 
кісіге тосқауыл болмай тездетуіміз керек.
Б а л з и я. Көкемнің төсек жаңғыртар ойын білмедім. 
Бірақ бірдемені анық сезетінін білемін!
А т ы м т а й  (күдікпен). Нені сезіп жүр екен?.. Осы 
ГПУ дегенді жұрт құбыжық көреді. Немене, көкем менен 
секем алып жүр ме?!
Б а л з и я. Жоқ, сен не айтып кеттің? Көкем басқаны... 
сезіп қойған сияқты – мен... мен жүктімін...
А т ы м т а й (сасқалақтап). Қ-қашан, қалай?!.
Б а л з и я (күліп). Қалайы несі?
А т ы м т а й  (күмілжіп). Енді... былай... қалай дегенде, 
қашан дегенім ғой. Оны қайдан білдің дегенім ғой.
Б а л з и я. Еһ, мен акушерлік оқуды тектен тек оқыппын 
ба? Және он бестегі жас қыз емес, оңы мен солын айырар 
жиырма үштегі кәрі қыз емеспін бе? Тіпті айы, күніне дейін 

201
айтып берейін. Мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың, 
қазақша желтоқсан айының жиырма үшінде дүниеге айғай-
лап келер, өзің сияқты кезі оттай жанған ұлдың шілдехана-
сына дайындала бер!
Атымтай балаша қуанып, Балзияны ебетейсіз бас 
салып құшақтап сүйеді де, жерде бір домалап, атып 
тұрып, қатар-қатар қаланған текпішекті тастарға 
қарай жүгіре жөнеледі. Зәулім түйе тастың үстіне ытып 
шығып, тау жаңғырықтыра жар салып айғайлайды.
А т ы м т а й .   Аха-ей, Ай-ей! Таулар, таулар! Шат-
қалдар! Шың, құздар! Сүйінші, сүйінші! Мен енді жалғыз 
жетім емеспін, менің де серігім, ұлым болады! (Жүгіріп 
авансценаған келіп, көрермендерге.) Мына жаңа дүниеге 
жаңа ұрпақ келеді. Жаңа ұрпақ, достарым, жаңа ұрпа-а-ақ! 
Ұрпа-а-ақ!
Жалт бұрылып, сол қуанышты айғаймен шыңдарға 
қарай жүгіреді. Тау іші күңіреніп, жаңғырығып тұр: Ұрп-
а-ақ, Ұрпа-а-ақ! А-ақ –А-ақ-аа!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет