Төртінші көрініс
Бөренеден қиын салған ағаш үйдің іші. Биік терезеден
тау шыңдары көрінеді. Үйде Балзия, болашақ нәресте
бұйымдарын тігіп отыр. Сырттан аттың дүбірі естіледі.
Балзия тігіп отырған заттарын алас-құлас жасырып,
атып тұрып, самауырға ұмтылады. Самауырды ұстап
тұрып, көрермендермен ақылдасқандай болады.
202
Б а л з и я . Көкем кеп қалды. Соңғы күндері жиі-жиі
жоқ болып кетіп, үйде қонбайтынды шығарды. Қайтсін,
апам өлгелі екі жылдан асып барады, маңайдағы ауылдардан
лайықты адам қарастырып жүрген шығар. Ол сырын
маған айтуға қысылады, сырымды айтуға мен де көкемнен
ұяламын. Осы жолы шет жағасын суыртпақтап шығарсам
қайтеді?!.
Сырттан қабағы түсіп қажыған, елулердің ішіндегі
сұлу мұртты, көрікті адам Сәлімгерей кіреді.
С ә л і м г е р е й . Балзияш, балам, самауырынды қой
да, тез оралшы. Тіпті сол шайды баптанып ішіп отыратын
да уақыт жоқ.
Б а л з и я . Неге, көке? (Қуланып.) Шай ішетін бір
жылы жер тауып алғансың-ау.
С ә л і м г е р е й . Жоқ, қызым, өз туған жерімізден
біз ге енді суық көр болмаса, жылы жер бұйырмайтын шығар.
Б а л з и я. Не боп қалды?!
С ә л і м г е р е й . Бәрі де қылкеңірдекке тіреліп тұр...
Бүгін кетеміз, қызым. Біржола. Жиналып-терінуге уақыт
тығыз. Осы үйден ең керек-жарағыңды ал. Басы артық
дүние масыл болады. Іңірде, көз байлана жолға шығамыз.
Аңға киетін киімдеріңді ки. Жол ұзақ.
Б а л з и я . Қайда барамыз, көке? Қайдағы ұзақ жол?
Қайдағы аң?
С ә л і м г е р е й (терезеден сыртқа – тауға қарап).
Иә, аң аулап, қызық қуатын уақыт келмеске кетті! Уа, заман-
ай, енді өзіміз аң болып тау-тасты сағалап, үкіметтің аңшы,
тағыларынан қашатын шығармыз. Дайындал жолға, балам.
203
Тау асамыз, ауамыз. Қайда барып байыз табатынымызды
өзім де білмеймін. Құдайдың салғанын көрерміз...
Б а л з и я . Құдайдың салғанын көрсең көке, үйде оты-
рып-ақ көрмейсің бе?
Самауырлы алып, шығып кетеді. Сәлімгерей мәңгіріп
отырып қалады. Зарлы әуен.
С ә л і м г е р е й әуен аяқтаяғанда). О, заман-ай, ен-
дігі балалардың бәрі осылай болмақ па? Әкеге, туысқа деген
мейірбандықтан, досқа, жақынға деген мұсылмандықтан
айырылғанымыз ба? (Үйге Балзия қайтадан кіреді.) Сен,
балам... Балзия... бәрін естіп, біліп, бүгіп жүр екенсің ғой...
Сұм... Сұмдық-ай, жаңа жұрт айтқанда сенбегі ем, сенен
күтпеп ем... Тап сенен... О, заман-ай! Кішкентайыңнан боз
биенің сүтіне шомылдырып, есің кіре ер балаша киіндіріп,
еркекшора етіп, тең құрбысының алды болсын деп, алыстағы
қалада оқытып, жетілдіріп өсірген жалғызым... енді сенен
де айырылған екем біржола. О, заман-ай! Неден жаздым,
жазығым не?..
Б а л з и я . Көке, не айтып отырсың? Ендігі күдігің мен
бе едім?!
С ә л і м г е р е й (төр жақтан мылтығын, дүрбісін,
басқа көр-жер бұйымдарын жинастырып жүріп). Жа райды,
жарайды, балам. Саған қояр кінәм жоқ. Әттең... О, заман-ай!
Б а л з и я . Көке, мен енді бала емеспін, еркекшора да
емеспін, әйел баламын... Енді сенен жасырар меніңде өз сы-
рым, өз құпиям бар. Бірақ саған тиесілі, сенің жанына жара са-
лар сыр болса, оны саған айтпай, жасырып қалған күнім жоқ.
С ә л і м г е р е й . Сен ана Атымтаймен тете өскен
балалар едіңдер, енді уәде қосқан... О, заман-ай!
204
Б а л з и я . Иә, көке. Сенің сезіп жүргеніңді білгеміз.
Жазмыштан озмыш жоқ, алдыңнан қалай өтудің ретін таба
алмай жүр едік...
С ә л і м г е р е й. Өтпегендерің дұрыс болған.
Б а л з и я . Неге, көке?!
С ә л і м г е р е й . Асығыстық-сайтан ісі дейтін еді...
Бірақ ол сайтан торғай аулаған мысықтай аңдып, асықпай
алатын сайтан екен. Көзім жетті.
Б а л з и я . Неге, неге көзің жетті, көке? Жұмбақтамай
айтшы. Біреулер өзіңді қайрап жіберген ғой. Сөзге де, өсек-
ке де ермейтін, көке, қажиын дегенің бе?
С ә л і м г е р е й . Қажып қана қойсам бір сәрі, мұ-
қалдым. Мені мұқаған – заман... О, заман-ай, заманның
зауалынан да жаман тиген, жаныма батып, жүрегімді тіл-
ген сол заманның бел баласы, менің төл баламдай болған
Атымтай емес пе?!
Б а л з и я . Атымта-ай!?. Ол саған қандай қысастық
жасап жүр?
С ә л і м г е р е й . Мұнда келіп-кетіп жүргенде саған
ештеме айтпады ма?
Б а л з и я . Жоқ, көке. Тап саған қиянат жасайтындай
ештеме айтқан жоқ. Имандай сен, көке.
С ә л і м г е р е й . Балзия, саған айтпаса, айтпаған
шығар. Мені тап жауы ретінде соттап, өткен кәмпескеден
қалған аз ғана мал-мүлікті тағы да кәмпескелеп, өзімді жер
аудармақ, о, заман-ай!
Б а л з и я (шошынып). Соттап... жер аудармақ?
(Ойланып.) Бәсе, бәсе... Бірақтан сені соттап, жер аудару
ниеттерін сезбеп едім... Көке, сол қалған мал-мүлікті ба-
сымен беріп, өз басыңның амандығын сақтасаң қайтеді.
205
С ә л і м г е р е й. Әй, балам-ай. Аңғалсыңдар-ау. Қазақтың
малын тартып алу – қазақтың аузын ақтан айырып азапқа
ғана емес, дозаққа апару ғой. Малынан айырылған ежелгі
малшы ел бір жылға шыдай алмайды, басқа қоры – ақшасы
да, бақшасы да жоқ сорлы халық бір жылда-ақ тып-ти-
пыл қырылып қалады. Міне, мен өз басымды емес, сорлы
халқымды, елімді бастап, сол апаттан құтқару үшін қашайын
деп отырғам жоқ па? Қашқаннан басқа күресерлік бізде не
қайран, не дәрмен?!
Б а л з и я . Қазақтың басшы оқыған зиялы азаматтары
бар, халқын қырып салып, қарап отырмайтын шығар.
С ә л і м г е р е й. Қай басшыны айтасын? Еліңді
басқарған қай таза қазағың, жанашыр қай адал азаматың
бар? Ана үкімет басындағы Галашокын ба? Галашокынның
мұсылман баласына бүйрегі де бүлк етпейді. Қарамағындағы
қазақтарды, көрсоқыр Атымтайлардай белсенді қазақтарды
бір-біріне айдап салып, үрит соқ деп отырып, итжеккенге
айдайды, қамайды, атады, асады, аштықпен қырады. Қашан
еліңнің басына қазақтың айдарлы ұлы, аяулы азаматы келіп
таққа отырмай, көзін ашылмайды. Қазақтың қамын басқа
ұлттың баласы да, камонесі де ойлайды дегенді біржола
шығар есіңнен, Балзия балам. О, заман-ай!
Б а л з и я . Шынымен тұңғиыққа келіп тірелгеніміз бе?
С ә л і м г е р е й . Тіреліп қана тұрсақ бір сәрі итеріп
жі берейін деп тұрған жоқ па сол тұңғиыққа? Ендеше, мына
келе жатқан дауыл басылып, есімізді қашан жиып алғанша,
бас сауғалап құтты мекеніңнен қашқаннан басқа амал жоқ,
Балзияш.
Б а л з и я . Көке, кешір мені!.. Мен сіздермен кете ал-
маймын.
206
С ә л і м г е р е й . Неге, қалайша?!
Б а л з и я ( күмілжіп). Мен қазір, көке, баяғы өзіңе
еріп, тау-тасқа өрмелеп, ән қуатын еркекшора Балзия емес-
пін, затым әйел баламын. Мойныма тұзақ, аяғыма тұсау
түскен енді!..
С ә л і м г е р е й . Иә, иә, солай екен-ау. Иә, иә, айыбы
жоқ. Өзім де сезіктенуші едім... Бақытты болыңдар, уақасы
жоқ, бақытты болыңдар. Басқа не айтайын. Балзияшым,
қызым! Қорадағы самауырын сөніп қалған шығар, шәй ішіп
отыратын уақыт жоқ, ыстық сумен жібітіп шашымды алып,
мұртымды басып берші, елден таза аттанайын.
Балзия тысқа шыға бере тоқтап қалады. Сырттан
асы ғыс Омар кіреді. Бірдеме айта бере Балзияға сезіктене
қарап бөгеледі.
С ә л і м г е р е й (елеңдеп). Иә, айта бер, не боп
қалды?!
О м а р . Есет үйінде жоқ, бағанағы жиыннан соң орта-
лыққа қарай салт ұрланып кеткенін көргендер бар. Тағы да
ГПУ-ға хабарлауға кеткен ғой.
С ә л і м г е р е й . Көш дайын ба?
О м а р . Бәрі дайын. Ауданнан млица шықпай тез
қозғалуымыз керек дейді ақсақалдар.
С ә л і м г е р е й . Мә, мыналарды алып жүре бер.
(Омар кетеді.)
О м а р . Ал, Балзияшым, қарғам, тағдыр не салса да
көніп, берік бол. Менің де сыналатын күнім туған шығар.
Ә-ә, айтқандай, мынау сенде қалсыншы. (Қалтасынан
қақпағы алтын сағатын алып ұсынады.)
Б а л з и я . Көке, өзіңе керек, өзің ұста.
207
С ә л і м г е р е й . Балам-ау, айдалада қаңғып жүрген
маған сағаттың керегі не? Маған ай да, жұлдыз да, күн де
– бәрі сағат емес пе? Мә, үйде тұрсын, мүмкін... Атымтай
тағар...
Б а л з и я . Жоқ, көке, дүрбі мен мылтық, сағат пен
шақ ша сәнім демеуші ме едің. Қайда жүрсеңде сәніңнен
айы рылма! Көке, жолың болсын! Күтеміз...
С ә л і м г е р е й . Қош, Балзияшым! Иә... саған айтар
бір ақылым – ана Есеттен сақ бол. Кекшіл тұқым. Әкесі
пркәшік Пірімбай саған баласын жастайынан айттырып,
кейін талай рет құда түскенде, қолдарын қағып ем. Енді
Атымтайға қызғаныштан қиянат жасауы кәдік. Атымтайға
сәлем де, менің бұл кетісімді кейін түсінер. Түсінерде
кешірер. Ал, қош, Балзияшым, жалғызым!
Сәлімгерей кетеді. «Елім-ай» сияқты күйді білдіретін
музыка. Балзия дегбірі қашып, үй ішінде ерсілі-қарсылы
жүр. Ондық шамды жағып, сығырайта басып, терезе
алдына қояды да, екінші бөлмеге кіріп кетеді. Музыка
күшейе-күшейе келе, соңғы жағы басқа бір әуенге ауысып,
артынша-ақ салттылардың дүрсіліне айналып кетеді.
Сыртта үйдің қасына кеп тоқтағам аттардың тұяқ
дүрсілі. Шәуілдеп, әупілдеп үрген ауыл иттерінің үні.
Жатын бөлмеден шашы жалбырап, іш көйлегімен аға-
раңдап жүгіріп шыққан Балзия.
Б а л з и я (терезеден үңіліп). Бұ кім-ай, кімсіңдер?!
Есіктен ГПУ формасындағы еңгезердей Атымтай
ошарыла кіреді.
А т ы м т а й. Біз ғой. Қалдарың қалай?
208
Б а л з и я . Жақсы. Неғып түнделетіп жүрсіңдер?
А т ы м т а й (шам білтесін көтеріп жатып). Әкең
үйде ме?
Б а л з и я . Әк-е-ең?! Қашаннан бері бұлай атауды
шығардың, «көкең» емес пе еді?
А т ы м т а й. Енді-і... Сенің әкең екені өтірік пе? (Келесі
бөлме жақты шаммен қарап.) Қайда кеткен?
Б а л з и я . Мен бағып отыр деймісің? Басы бос адам,
менен сұрай ма?!
А т ы м т а й. Ым-м, жар-р-айды.
Б а л з и я. Не іздеп жүрсің? Енді өз үйіңді өзің тінтейін
деп пе ең? Көкем бе керегі, жүрген шығар ауыл-үйді аралап.
А т ы м т а й. Мылтығы да, дүрбісі де жоқ, ауыл-үйде аң
аулап жүр ме? Енді менің де осы үйге сенімсіз, бөтен адам
болғаным ғой... Жар-р-айды...
Атымтай ызадан булығып, белдігін, фуражкесін түзеп
тысқа ұмтылады.
Б а л з и я . Атымтай, тұра тұр, отыршы мына араға.
А т ы м т а й. Айта бер, отырмай-ақ тыңдауға болады ғой.
Б а л з и я . Қайда барасың түн ішінде?
А т ы м т а й. Осы ма сұрайын дегенің? Біздің жұмысты
білесің ғой. Бізге күні не, түні не, бәрібір.
Б а л з и я . Бәрібір болса, тап осы жолы бармайсың
ешқайда.
А т ы м т а й. Мәссаған! Ол не сөз?
Б а л з и я . Не сөз болушы еді? Жұмыс-жұмыс деп, бір
келгенде, қонбай кетіп барасың? Күніңе билігім жүрмесе де,
түніңе қожалық етуге болатын шығар.
209
А т ы м т а й. Оу, сен әлден бүйтесің. Кейін менің жұ-
мысыма мүттем араласарсың. Ұяттағы.
Б а л з и я . Атымтай, осы жолы ешқайда бармашы. Бар-
маңдаршы. Жібермеймін... Менің бір тілегімді орын дашы...
Бармашы...
А т ы м т а й. Жолымнан былай тұр. Масқара ғой мынауың,
ердің жұмысына әйелі араласты деген не сұмдық?!
Атымтай баса-көктеп шыға береді. Балзияның ащы
даусы саңқ етеді.
Б а л з и я . Тоқта-аһ!
А т ы м т а й (жалт бұрылып). Апырмай, даусың не
деген ащы еді!
Б а л з и я . Егер осы жолы мені тыңдамайды екенсің,
қайтып бұл үйдің есігін ашушы болма! (Талықсып, тәл-
тіректеп кетеді.)
А т ы м т а й. Балзия, Балзия! (Жүгіріп келеді, құшақтап.)
Апырмай, түсің қашып барады ғой. Балзия, Балзия, саған
ренжуге, ашулануға болмайды, нәрестеге зақым келеді, өзің
де менен жақсы білесің ғой, Балзия, Балзия, жаным...
Б а л з и я (Атымтайдың кеудесінен итеріп, құша-
ғынан сытылып шығып). Әрі тұрып сөйлеші. Үз дікпей-ақ
та қой. Қолың жеткен маған, енді қалай қорласаң да мен
илеуіне көнетін тулағыңмын, шідерлеулі жылқыңмын. Иле,
қорла!
А т ы м т а й. Кім кімді қорлап тұр, Балзия?!
Б а л з и я . Кім кімді? Неге олай қаярсисың? Сені кім
қорлапты?!
А т ы м т а й. Егер қасыңдағы жансүйер жары ерінің
210
жұмысына ретсіз килігіп бөгет жасай берсе, оған ынжық
еркек көне берсе, бұл – әйелдің қорлығы деп білем.
Б а л з и я . Сенің жұмысына ретсіз килігейін деген ниет
жоқ менде. Мен бұл дүниеде көрмеген қорлықты көріп,
мазаққа ұшырайын деп тұрған байғұс, жетім әкемді аяймын.
Екі дүниеде көрген жалғыз қызығы – жалғыз қызын саған
қалдырып, өзі амалсыз тентіреп кеткен сол әкеде сенің не
алашағың бар?
А т ы м т а й. Балзия, Балзия. Сенің орның бір бөлек те,
оның орны бір бөлек...
Б а л з и я . Ізіне түсіп, өкшелеп қуатындай не өштігің
бар онда? Екеуімізді егіз қозыдай қатар өсіріп, қатар жет-
кізгеннен басқа не жазығы бар?! Өз бетімен, өз жолымен
кеткен адамның өз тағдырымен өлер ақ өліміне араласпасаң
етті. Сенде оның еш шаруасы жоқ, сенің не шаруаң бар онда?!
А т ы м т а й (зілмен). Не шаруаң бар? Сен де біліп
тұрып қаярсыма, Балзия. Бұл – кеңес өкіметінің шаруасы.
Кеңес өкіметінің шаруасы – менің шаруам.
Б а л з и я . Кеңес өкіметінің алдында менің әкем не
жазыпты? Төңкеріске қарсы шықты ма?! Банды құрып,
елді шауып, бүлік салып жүр ме екен?
А т ы м т а й . Онда неге өз қағынан өзі жеріп, тау асып
қашады?!
Б а л з и я . Жазықсыздан жазықсыз жер аударамыз
десе, өз қара басын қорғауға қақысы бар шығар. Қайбір
жетіскеннен елден, жерден безуші еді адам.
А т ы м т а й . Балзия, жазықсыз адал адам еш уақытта
қорықпайды. Сенің әкең қашқын ғана емес, елді бүлдіріп,
еліктіріп, мал-мүлкімен тау асуға үгіттеп, кеңес өкіметіне
қарсы қойған жау!
211
Б а л з и я . Ж-жа-ау?!
Сырттан Есет кіреді.
Е с е т (амандық-саулық жоқ, аптығып.) Атымтай,
шекарашылармен бүкіл ауыл-үйді аралап шықтық. Біздің
үй мен осы үйдегі мына Балзиядан басқа тірі жан қалмапты,
тік көтеріле түгел кетіпті.
А т ы м т а й . Тірі жан жоқ? Ана бөрліккен иттер кімдікі?
Е с е т. Бар ит атаулыны қораларына, шошаласына тығып
байлап кетіпті!
А т ы м т а й . Байлап кетіпті?
Е с е т. Жол-жөнекей дыбыс бермесін, соңымыздан қуар
біреу болса, бағытымызды білмесін дегендері болар.
А т ы м т а й . Шынында да, қай қуысқа кіріп, қай
шатқал, қай сай-саламен кеткенін табу да оңай емес...
Е с е т . Ол оп-оңай, әлгі иттерінің өзі-ақ иелерінің
ізімен иіскелеп, қуып, тауып береді...
А т ы м т а й . Ә-әй, иісшілім-ай, сенің де білмейтінің
жоқ. Бар, шекарашылар түгел атқа қонсын, мен – қазір...
(Есет кетеді.)
А т ы м т а й . Балзия, сен көзі ашық оқыған адамсың.
Екеулеп жүріп, қисық жолда қателескен әкелерді жөнге
салып, ұғындырар адамбыз. Біз жаңа өмірдің көшін бастар
адамдармыз.
Б а л з и я . Жарайды, онда сол кешіңмен бара ғой,
екеуміздің арамыздағы сөз де, бәрі де бітті осымен!
А т ы м т а й. Олай қорқытпа мені. Егер мені, ұлы кеңес
өкіметінің өкілін олай қорқытсаң... тіршілік көрсетер.
Шыға жөнеледі. Үй ішінде ерсілі-қарсылы сендел-
ген Балзия, сыртта тасырлата шаба жөнелген салт
212
ат ты лар дың соңынан көрмесе де, көргендей болып қа-
раңғы терезеге үңіледі. Шамды сығырайтып шыңыл-
даған құлағын басып, бүк түсіп отырып қалады. Бөлме
іші қараңғылана береді. Балзияның елесі, ойы ұлғая бе-
реді, ұлғая береді. Үдере кө шіп, сай-саламен қашып бара
жатқан арбалы, жаяулы, салт ат ты қош шуылы. Тасыр-
лата шауып жан-жағынан қорша ған шекарашылар үні:
«Тоқтаңдар, қайда барасыңдар? Қайтпасаңдар, атамыз!
Қайтыңдар!» – деген Атымтайдың дауысы. Жылаған
балалар үні, маңыраған қой-ешкі, мөңіреген сиыр, боздаған
түйе, пысқырған, кісінеген мал үні. Гүрс-гүрс атылған
мылтық дауыстары, бақырған, шың ғырған адамдардың
дауысы. Ың-шың. Әлден уақытта әлгі бөлме жарықтана
береді де, мәңгіріп екі құлағын басып, ұйқылы-ояу бүк түсіп
отырған Балзия көзін ашып алады, екі құлағын қайта
ашқанда бағанағы дауыстар қайтадан шуылдап, гүрілдеп
қоя береді. Бұл жолы ауыл ішінен, үй сыртынан, тап
қасынан естілгендей бо ла ды. Балзия атып тұрып шамды
өшіреді де, терезеге ұмтылып, сыртқа көз салады. Әлгі
шу Көше ың-шың. Жылап-сықтаған әйелдер, шулаған
бала, мөңіреген мал. Сырттан біреулерлік тықыры ес ті-
леді. Ішке Есет пен Омар кіреді. Түстері келмейді, тұн-
жыраңқы. Босаға жақтағы әбдіренің үстіне отырады.
Е с е т. Балзия, түні бойы ұйықтамағансың-ау.
О м а р . Қайдан ұйықтасын, елден тыныштық кетті ғой.
Е с е т. Біз де міне ұйқы-күлкі жоқ, адасқан елдің көшін
қайтадан қотанға бұрдық. И-иә, азан-қазан азынаған
ел-жұртынан саған кіріп шығатын да адам шықпай,
ауылнайдың хатшысы деп мені, өзіңнің қатар құрбың,
213
жанашыр жолдастарының бірі деп мына қашқын Омарды
ұйғарып, осында жіберді.
Б а л з и я . Кім жіберді? Не боп қалды? Айтсаңдаршы
ұзын-сонарға салмай. Көкем қайда?
Е с е т. Соны айтпаққа келіп едік. Көкең түнгі атыста...
О м а р . Ауыр жараланып... былай... енді... берік бол,
Балзия!
Е с е т . Ертеде біреу айтқан екен – «әкеңнің өлгенін
жасырғанда, көмгенде қайда қоясың» деп... Сол айтқандай,
көкең ауылда сөрелі үй болмаған соң, ауылнай кеңсесінің
суық шошаласында... Жалғыз көкең емес...
О м а р . Екі-үш қыршын жас... шаһит болды.
Е с е т. Жараланғандары да бар іштерінде... Шека-
рашылардан да оқ тигендері бар...
Б а л з и я (киініп жатып). Көкем тірі ме, неге үйге
әкелмедіңдер?!
Е с е т. Көкең... көкең енді... келмеске... артының қайырын
берсін!
О м а р . Иманды болсын!
Екеуі де ауызтары жыбырлап, беттерін сипайды.
Б а л з и я (мәңгіріп). Не дедіңдер? Көкем... Көке-
тайым, не болды? Көке-ее-е!!. (Балзияның дауыс қылған үні
қайғылы музыкаға ұласады. Шам сөне береді. Қараңғыда
өксіп жылаған Балзияның сөзі жоқтау орнына.) Шыны мен
сенен айрылғаным ба? Не қызық көрдім деп кеттің өмір ден?
Жалғыз мені қарайлап жүруші ең. Жетім Атымтайды бала
етіп асырап, жетілдірдің. Біз жеткіздік сені осыған. Кешір,
көке! Кешіре гөр, көке. Екі дүниеде қарыздармын саған. Ел
үшін, жұртың үшін жасаған қамқорлығыңды жалғастырар
214
ұл боп тумаған екем, көке, екі дүниеде қарыздармын. Басым
аман болса, өтеуін өтеймін, көке. Қош бол, көке!
Бесінші көрініс
Ауылнай кенсесі. Әр жеріне алақандай-алақандай сия
төгілген қызыл шүберек жапқан үстелде Есет қағаз
жа
зып отыр. Анда-санда есепшотын қағып қояды.
Сырттан Атымтай кіреді.
А т ы м т а й . Есет, болдың ба есептеп?
Е с е т. Болмайтындай несі бар? Бұрын да есебі алынып,
қаттап, тіркелген малдың тізімі ғой. Бәрі түгел. Тек мына
өлгендерді актілеу керек.
А т ы м т а й . Мен де ана қашқындардан жауап алып
болдым. Енді өңірде орталыққа жүремін. Сенің қасыңа бар
қару-жарағымен бір-екі шекарашы қалдырсам болмай ма?
Е с е т. Шекарашыларың жарайды-ау, ана қыруар малды
кім бағады? Байлар қайтадан таратып алмай ма?
А т ы м т а й . Оларды малдың маңына жолатпау керек.
Е с е т. Сонда оларды мен бағам ба? Тезірек алып
кетпейсіңдер ме? Осынша маңғырған малды қайда қоямыз?
А т ы м т а й . Мал болса, оның жұмсайтын орны та-
былар-ау. Кеңес үкіметінің жер-жерде құрылып жатқан
алып құрылыстарының жұмысшылары не жейді ертең.
Бір ғана Магниткаға бір жылда миллиондаған бас қой мен
жылқы өткіземіз. Бізге берген жоспар аз емес. Бір жұмаға
шыдаңдар. Бәрін жақында өкіметке тапсырамыз.
Е с е т. Ал ана өлген адамдардың мәйітін туысқандарына
бүгін актілеп өткізбесек, шошалада бүлініп кететін түрі бар.
А т ы м т а й . Тапсырамыз. Бірақ Сәлімгерей мен ана
215
орыс шекарашының мәйітін аудан орталығына алып кетуге
тура келеді.
Е с е т. Не, оларды көрмеге қоясыңдар ма? Осы арада
актілесе жетпей ме?
А т ы м т а й . Жетпейді. Сәлімгерейдің өлімі кенеттен
болған өлім. Оны өлтірмеу керек еді. Кеңес үкіметінің
адалдығына нұқсан келтіретін оқыс өлім.
Е с е т. Өлімнің қай-қайсысы болмасын оқыс емес пе?
Тап жауын аямаймын дейтін өзің емес пе ең?
А т ы м т а й. Сәлімгерей атыс тоқтаған кезде, таң қылан
бере, бізге қарай неге жеке келді?
Е с е т. Қан тартқан ғой.
А т ы м т а й. Жоқ, сөйлесуге, бізбен бітімге келуге шықты.
Текке қан төгіспейін деп шықты.
Е с е т. Онда несіне ата салдыңдар? Енді несіне аяушылық
етіп тұрсың? Тап жауы болса да қайын атаң ғой, бүйрегің
бұрады-ау, тегі?
А т ы м т а й. Қалай-қалай құйтырқы сөйлейсің? Бұл арада
ата-матаның қандай қатысы бар? Мәселе - мылтықтың сен
жақтан атылуында.
Е с е т. Сонда, немене, мені кінәлағың келе ме? Олай
тісіңнің қанын жақпа.
А т ы м т а й. Сенің қасындағы солдатты да біз атқан
шығармыз!
Сырттан қайғылы Балзия кіреді.
Е с е т. Ал, Балзия, ендігі жағдай былай: біз мұндайда
өлген адамның сүйегін аудан орталығына жеткізіп, сол
арада қалай, қандай жағдайда өлді, қазасына кім кінәлі,
түгел тексеріп барып қағаздауға тиіспіз... Иә...
216
А т ы м т а й. Заң солай.
Е с е т. Осы жерде-ақ ауылнай мөрін басып, растауға
болар еді, оған жасыратыны жоқ, міне, көзіңше айтайын,
Атымтай көнбей тұр.
А т ы м т а й . Мен заңнан шығып кете алмаймын. Өл-
ген адамдардың бәрі де, балаларға дейін, дәрігерлік және
криминалистік тексеруден өтулері керек.
Б а л з и я . Ешкімге жазығы жоқ адамды қолдарың
қал тырамай атып өлтірдіңдер, енді тұлыптай домалатып
сүй ретпеге салуға дәттерің қалай шыдайды? Өлімтік емес,
мәйіт қой. Сендер, жаңа үкіметтің жаналғыштары...
А т ы м т а й . Балзия, Балзия...
Б а л з и я . Иә, баскесерлер, менің әкемнің жанын
алдыңдар, енді сүйегінде шаруаларың болмасын. Хақыларың
жоқ.
Е с е т . Шынында да, ауданға апарып, олай бір, бұлай
бір сүйрелеу адамшылыққа жатпайтын шығар. Мұсыл ман-
шылыққа да келмейді.
А т ы м т а й . Қайдағы мұсылманшылық?! Кеңес
үкіметінің заңына қайдағы мұсылманшылық. Есет, сен олай
бұлтаңдатпа. Бәрін білесің, біле тұра олай бұлтаңдатпа.
Е с е т. Бұлтаңдат, бұлтаңдатпа – өліп жатқан сенің
болашақ қайын атаң, бұрынғы әкең, маған несіне соншама
шүйліктің?
А т ы м т а й . Мен шүйлікпеймін, мен шын шүйліксем...
Сен Есет, бара тұршы. Балзиямен жеке әңгімем бар еді.
Е с е т. Одан да сүйдемейсің бе? Әлі де әңгімелерің бітпеп
пе еді? (Кетеді.)
А т ы м т а й . Балзия, мен, әрине, мәйітті осы арада
актілеп, қолыңа берем. Ол үшін жаза тартармын. Мейлі.
217
Мен әлгі сұмның көзінше әдейі айтып тұрмын. Әкеңе оқ
атқан сол сұмырай!
Б а л з и я . Есет пе?
А т ы м т а й. Мылтық сол қоршаған жақтан атылды.
Оның көкеңе деген өштігі болса, енді сол арқылы екеуіміздің
де арамызға от тастап, арандатпақ. Бірақ әзірше куә жоқ.
Әйтсе де тексереміз.
Б а л з и я . Мен үшін де, көкем үшін де енді ондай
тексерістің қажеті жоқ. Өлген адам онымен тіріліп келмей-
ді.
А т ы м т а й . Иә, иә... Балзия, кешір, бізге мұндайда...
топырақ салуға да болмайды. Мен үшін де топырақ са-
ларсың... топырағы торқа болсын!..
Б а л з и я . Сенің топырақ салуыңа кеңес үкіметі рұқсат
етсе де, ел қаламайды.
А т ы м т а й . Оны да білемін... Әрине, қаламайды.
Б а л з и я . Сен түгілі менің өзімді де қалар ма екен?
Омардан басқа біреуі келіп әлі көңіл айтқан жоқ. Бәрі де
мені қарабет етіп, бетіме түкіргелі отыр.
А т ы м т а й . Білем, білем, мен үшін ғой. Енді қайтеміз...
кейін бәрі қалпына келер, мені де түсінер... Уақыт солай...
Б а л з и я . Атымтай, менің ендігі айтпағым да осы
еді. Бүгін ғана емес, жетісін, қырқын бергенше, бұл ауылға
келмеші, сен жұртқа көрінбеші.
А т ы м т а й . Өзім де бүгін кетемін...
Б а л з и я . Қырқын берген соң, мен де ауылда енді
қалмаспын. Не бетіммен...
А т ы м т а й . Иә, иә, өзім алып кетем той.
Б а л з и я . Жоқ, сен мені алып та кетпе, өзім бара-
мын... Қашан нәресте дүниеге келгенше, ойын-тойдың
218
да ендігі жерде қажеті жоқ, қай бетімізбен үйлену тойын
өткізіп, салтанат құрамыз... Үй болғанымызды ешкімге
жария етпей-ақ, жасырынбақ ойнай тұрармыз.
А т ы м т а й . Түсінемін, түсінемін. Уақыт солай. (Есік
жаққа.) Есет, барсың ба, кел, бері кел. (Есетке.) Жарайды,
акт дайында, түгел қол қойғызып ал. Мен ала кетемін.
Е с е т (орнына отырып, қағазды алып). Міне, мен
осылай боларын біліп, алдын ала дайындап қойғамын.
(Балзияға.) Оқып ал, сосын қол қой.
Б а л з и я (оқымастан). Қай жерге?!
Е с е т . Мына араға.
Балзия қолын асығыс қойып, асығыс шыға береді.
Е с е т . Тұра тұр, тұра тұр, Балзия. Ұмытып барады
екем-ау, мынаны ал. (Түйіншекті аша береді.) Бәрін
тексеріп алғаның үшін бұған да қол қоясың.
А т ы м т а й . Заң солай.
Б а л з и я. Ол не?
Е с е т . Мына әкеңнің заттары: алтын сағаты, шақшасы,
дүрбісі!..
Б а л з и я (тақып кетіп, өзін зорға ұстап). Мұның
бәрін... бәрін... көкем көзі тірісінде күйеу баласына қалды-
рып еді. М-мен... мен өзіне қайта берген едім. Атымтай,
енді көкемнің заттарына сен иесің, бәрі сенікі, сенің мұраң,
ал, ал!
Көз жасына булып ап, шығып кетеді. Музыка. Қайғылы
әуен жоқтау, жылауға ауысып, ақыры сай-сүйек, құйқа-
тамырды шымырлатқандай әуенді аят оқылады.
219
Достарыңызбен бөлісу: |