Жүнісов С. Ж88 Пьесалар



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

СОҢҒЫ КӨРІНІС
Қараңғы аурухана палатасында ұзынды-қысқалы ауру-
хана киімімен жалғыз тұрған Аманай. Сырттан, қолында 
ораулы киім-кешегі бар, шекарашы сержант формасындағы 
Советбек кіреді.
С о в е т б е к .   Оу, Аманай, қалай жалғыз, скучно? 
Ладно, мына киімдерді ки. Ауруханада бір ай жаттың 
хватит. Енді выписать етіп, бүгін судқа барамыз.

254
А м а н а й .  Сутқа? Ол немене?
С о в е т б е к .   Суд деген, ну, такая формальность, 
сен қытайдан келген перебежчик, орысша не білмес. Пог-
ранзаставада қазақша сөйлейтін мен ғана. Маған мульдем 
обуза болдың ғой.
Балаға лайық ықшамдалған шекарашылар киімін 
Аманай киіп жатқанда Советбек сөйлей береді.
Полковниктің заданиесімен сен айтқан атамекенің нің бә-
рін араладым. Ол жерлерде сен айтқан ештеме жоқ. Атымтай 
дедушкаңды, Балзия бабушкаңды ешкім знать не знает. Ол 
жерлерде Красновка, Андреевка, Семиреченская, Озерная, 
Третий партсъезд деген селолар бар. Дедушкаларыңның 
зираттары да жоқ. Енді ол жер лерге иностранцы – ин-
весторлар келіп, шахталар ашпақшы. Какой-такой ата мекен. 
Сені ешкім білмейді. Бұрынғыдай детдомдар да жоқ. Не 
знаю, сен қайда барасың? Наверно Китайыңа қайта қайта-
сын. Саған бұл жерде нечего делать! Ал киініп болдың ба? 
Жүр енді, судқа барамыз.
Музыка.
Жарық сөніп, пистолет жарығы сот залындағы айып-
кер тұратын қоршауда тұрған Аманайдың бетіне түсе-
ді. Қараңғы жақтан «Тұрыңыздар, сот келеді» деген, 
«Сот үкімі оқылады» деген сөз естіледі.
С   о   т  (үкім оқиды).
1. Қытай жақ шекарадан өткен Заманайұлы Аманай дың 
аузынан естілген атамекен жерлері жоқ, жалған болып 
шық ты. Сондықтан Аманай Заманайұлының айтқандары-
ның бәрі балалықтың нышаны деп, кешірілсін.

255
2. Аманай Заманайұлының жастығын ескеріп, оның 
шекара тәртібін бұзып өтуі балалық әуесқойлық деп та-
былсын.
3. Аманай Заманайұлының басқа шетел азаматы екені 
ескеріліп, өз еліне қайтадан жеткізіп салу, екі ел арасындағы 
келіссөзден кейін орындалсын.
4. Қашан еліне жеткізілгенше, Аманай Заманайұлы ше-
кара заставасында мемлекет қамқорлығында болсын.
Музыкалық астар.
Советбек Аманайды жетелеп авансценаға алып шығады.
С о в е т б е к .  Ал, Аманай, заставаға кеттік.
А м а н а й  (ойланып, терезеге қарағандай). Советбек, 
Советбек! Анау жаңа ай – менің айым ба?.. Әжем елге 
барған соң айың оңыңнан туады деп еді.
С о в е т б е к .  Да, да, предрассудки. Да, сенің айың.
А м а н а й .  Әжем құздан құлады ғой. Тасқа тиіп өлді 
ме?
С о в е т б е к .  Жоқ, өлмейді, өзен суының ағыны қағып 
алады. Сосын, таудан төмен әкетеді.
А м а н а й .  Тоқтамай ма, аға бере ме?
С о в е т б е к .  Да, аға береді, бір өзеннен екінші өзенге, 
ен үлкен Іле өзеніне дейін аға береді.
А м а н а й .  Сосын қайда барады?
С о в е т б е к .   Сосын?.. Сосын... да, сосын Балхашқа 
құяды.
А м а н а й .  Балхаш деген не?
С о в е т б е к .  О-о, Балхаш – үлкен өзен. Да, тенгиз 
деуге болады.

256
А м а н а й .  Әжем одан қайтып шықпай ма?
С о в е т б е к .   Қайтып шықпайды... Жо-оқ, қалай 
енді?! Да, былай енді, ол енді сол тенгиздің бетінде қалқып, 
жүзе береді, жүзе береді. Адамдар тапқанша жүзе береді.
А м а н а й .  Әжемді табамыз ба?
С о в е т б е к .  Табамыз.
А м а н а й .  Әже, мен сені сағындым. Әлима тәтемді де, 
Томар-Омар атамды да сағындым. Әже, ақ әже, сені мен 
күтемін. Өзің айтып едің ғой... (Кемсең қағып.) Мен енді 
сен айтқан атамекенімнен өлсем де ешқайда кетпеймін!
С о ң ы .

257
КЕМЕҢГЕРЛЕР МЕН КӨЛЕҢКЕЛЕР
Қатынасушылар:
МҰХТАР ӘУЕЗОВ 
СӘБИТ МҰҚАНОВ 
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ 
ВАЛЕНТИНА НИКОЛАЕВНА 
СЫҒАНАҚ
ҚАРАКӨЗІЛДІРІКТІ  (ұлты белгісіз. ГПУ, НКВД, КГБ 
формасында.)
КӨЗІЛДІРІКТІ ӘЙЕЛ (кілбикез) (ұлты белгісіз) 
ҚАБАСАҚАЛДЫ (орыс әдебиетінің рухы) 
ХАТШЫ ӘЙЕЛ
КӨЛЕҢКЕЛЕР – 1, 2, 3, 4 (Тасада – перде сыртында 
көлеңке бейнеде сөйлейтін ер, әйел адамдар) 
ҚЫЗ, ЖІГІТ – студенттер
ПРОЛОГ
Перде ашылмай тұрып дуылдата соққан қолшапалақ.
Овация арты әлдебір салтанатты кештің басында, 
не ая ғында ойналатын көңілді музыкаға ұласады да, 
сырғып перде ашылады. Арьерсцена да – Академиялық 
драма теат рының ғимараты. Терезелерінен жарқыраған 
жарық сама ладай жайнайды. Алдында Мұхтар Әуезовке 
қойылған ескерткіш-мүсін. Театрдан дабыраса сөйлескен 
адамдар лек-легімен шығып жатыр. Жігіт пен қыз 
тықыршып, әл декімді күтіп тұр.
Ж і г і т. Әне, келе жатыр.

258
Қ ы з. Сығанақ Жолшыбаевич, жолдас профессор.
Музыка тоқтайды. Терезелерден шамдар сөнеді. Қо-
лын да шоқ-шоқ гүл Сығанақ Жолшыбаевич Жолшыбаев 
келеді.
С ы ғ а н а қ (анадайдан). Оу, біздің балалар: біздің 
студент шәкірттеріміз тұр ғой. Қарағым, мынау – тойдан 
тәбәрік. (Қызға гүл береді.) Бүкіл гүл баяндамашыға 
емес, маған жауып кетті ғой, маған. Мұхаңның аруағын 
бүгін Алатаудың басына бір көтеріп тас таған шығармын. 
Шіркін, ана мүсініне жан бітіп, сөйлесе, мұрнын қайта-
қайта сипалап, Мұхтардың даусына салып: «Пәлі, пәле, сен 
өзің бүгін мені ғарышқа көтердің-ау, менің шырпыдайымды 
шы 
бық 
тай, шыбықтайымды сырықтай етіп көрсеттің-ау, 
рахмет!» – деп, дән риза болып, балаша қуанар еді. Өздерің 
тыңдадыңдар ғой, қалай-қалай мадақтадым?! Ал ана екі 
жағындағы мүсіндер Сәбит пен Ғабитке қоятын болашақ 
ескерткіштердің макеті. Сәбит! (Сәбиттің даусына 
салып.) «Әй, бала, Сығанақ», – деп тамағын қырнаса, 
Ғабит (Ғабиттің даусына салып.) «Ң-ай, Сығанақ» деп 
ыңыранар еді.
Ж і г і т. Егер мүсіндерге жан кіріп, тіл бітсе, Мұхаң 
алдымен былай дер еді.
С ы ғ а н а қ .  Ие, балақай?!
Ж і г і т (Мұхтардың даусына салып). «Пәлі, Мұхаңмен 
бірге өстім, бірге өндім, досы да, кейде ақылшысы да болдым, 
талай сұм-сұмдықтан сақтап қалдым, талай пәле-жаладан 
ақтап қалдым деп менің есіркеушім де, мүсіркеушім де 
болып, жұртқа шығармаларымның тізімін тізіп шыққанша, 
мен өткерген сол сұмдықтар мен пәлелерді неге айтпадың?»

259
С ы ғ а н а қ (зекіңкіреп). Сендерге, немене, менің сөзім... 
ұнамады ма?
Қ ы з .  Ұнамады!
Ж і г і т. Соны айтуға тұр едік.
С ы ғ а н а қ   (шошынып). Бұрын мұндайда жұрт қо-
лың ды алып, құттықтауға күтіп тұрушы еді, ендігі жас-
тар...
Ж і г і т. Өтірік құттықтау, өтірік мақтаудың күні қалған, 
профессор жолдас. Біздің де шындықты білгіміз келеді.
С ы ғ а н а қ (кекетіп). Жариялылық?! Ашық сөз?!
Қ ы з. Сізге ұнамай ма ашық сөз? Қашаңғы бүркеме, 
даурықпа сөздермен басымызды қатырып, шын жолдан 
адаса береміз?!
С ы ғ а н а қ. Сонда сендерге мен марқұм болған кісілердің 
бақталас күншілдігін, ұрыс-керісін, өсек-аяңын, дау-да-
майын, жапқан жаласын айтайын ба? Өлген адамдардың 
өтірік те болса, жақсы жақтарын ғана айту керек.
Қ ы з. Бізге өтірік жамандық та, көлгір жақсылық та 
емес, шындық керек.
Ж і г і т (профессордың білегінен ұстап, ымдап). 
Жолдас профессор, қараңыз мүсінге жан бітті, қимылдай 
бас тады, өзінен сұрайық.
С ы ғ а н а қ   (үрейленіп). Тұрды орнынан.
Қ ы з. Бізге қарай келе жатыр.
Ж і г і т  (қыз екеуі машинаға қайтқан Сығанақты екі 
жағынан бас салып.) Жо-оқ, ешқайда бармайсыз.
С ы ғ а н а қ  (ышқынып). Келіп қалды.
Ж і г і т. Құбыжық емес, Мұхаң ғой. Неге қорқасыз?
Қ ы з. Неге үрейленесіз?
М ұ х т а р. Ә-ә, Сығанақпысың? Қайда сырғанап 

260
барасың? Студенттеріңнің сұрағына неге дұрыс жауап 
бермейсің?!
С ы ғ а н а қ .  Мұха-ау, айналайын Мұха-ау, сіздерде не 
жасырын сыр бар. Сіздер бір туа маңдайларыңыз ашылып, 
бақытқа кенелген адамдарсыздар. Атақ та, абырой да, 
медаль да, орден де, гонорар да, бірінен соң бірі құйылып, 
жазғандарыңыз бірден бұрқырап шығып, халық алақанын-
да әлдимен тербеліп жүріп, тербеліп кеткен талантсыздар.
М ұ х т а р. Пәлі, сонда біз халық тәрбиесін көрмей, сол 
халық үшін күреспей, әшейін, сол халықтың алақанында 
не мойнында отырып қана күн көрген ерке масылдар боп 
шықтық па?
С ә б и т (анадайдан). Октябрь жеңісі біздің көзімізді 
ашып, қолымызға құрал берді. Біз сол революция жемісін 
қорғау жолында небір жанталас майдан салып өттік. Кейде 
жаңылып, кейде қателесіп, дос-жаранмен текке қырқысқан 
күндеріміз болған. Жо-жоқ, Сығанақ, революция бір күнде 
жеңіп, бір күнде сап болып тоқтап қалмайды.
М ұ х т а р. Ол әр майданда, әр түрде көрініс тауып 
жалғаса бермек. Қашан түбегейлі жеңгенше. Міне, сол 
күрестерді жасырмай айту керек.
Ғ а б и т (креслосымен бірге айналып, бұрылып, қо-
лындағы кийін сүйей салып, алақанын баппен соғады). 
Браво, браво! Шындықтың бүкпесіз айтылатын күні тууы 
керек!
 Бірінші  көрініс
Әсем Алатаудың жазғы көрікті саяжолы. Ұзын, 
сырлы отырғышта әлдекімді күтіп, елегізіп Сәбит 

261
Мұқанов отыр. Қара көзілдірікті Сығанақ анадайдан 
сәлемдесіп, қолын алады.
С ы ғ а н а қ. Ас-салау-мағал-ляйку-уум, айналайын Сәбе, 
қазақтың маңдайына біткен жалғыз тірі классигі, тойс, нөмір 
бірінші классик жазушысы, ақыны, драматургі, публицисі, 
ғалым академигі, үй іші, бала-шағаңыз, ауыл-аймақ, қора-
қопсыңыз аман ба, бірінші байлығыңыз –денсаулығыңыз 
жақсы ма, екінші байлық – аяулы жеңгеміз, өзіңіздің кеңес-
ші қосағыңыз Мәриям апай қалай, үшінші байлығыңыз – 
шығармашылығыңыз ойдағыдай өркендеп, алға адымдап, 
гонорарлар жер-жерден бұлақтай ағып құйылып жатыр ма?!
С ә б и т. Рақмет, рақмет, аман, бәрі аман, өзің қашан кеп 
қалдың?
С ы ғ а н а қ. Сәбе-ау, мен осында астанада тұрамын, 
астанада.
С ә б и т. Оны білем ғой. Осы араға қашан кеп қалдың 
дегенім де.
С ы ғ а н а қ. Бұйыртса жаңа ғана кеп қалдым, Сәбе, 
айналайын Сәбе!
С ә б и т. Дұр-рыс... Ал өз амандығың, келіннің ден-
саулығы қалай?
С ы ғ а н а қ. Сәбе-ау, оқу-оқу деп білім қуып жүріп, 
келін жағына әзірге кінәліміз...
С ә б и т. Оны білем ғой. Әлгі-і... шешең аман ба дегенім 
ғой, жас жағынан ол маған келін болады.
С ы ғ а н а қ. Сәбе-ау, менің шешем өлгелі неше жыл...
С ә б и т (сасқанынан бетін сипап). Оны білем ғой. 
Өлгенге дейінгі денсаулығын сұрағаным да. Дұр-рыс. Сенің 
осы... қосшы бала, қосшы бала, тілім ұшында тұр, атың, 

262
атың?.. (Күнге көзін көлегейлейді. Сығанақ күн жақтан 
көлеңке жаққа отырып, ішек-сілесі қата күледі).
С ы ғ а н а қ. Сығанақ... Сәбе... Сығанақ деймін.
С ә б и т. Өй, бар бол, бар бол, сен бе едің? Мына көзіл-
дірігің мен басындағы шіләпшіндей шалапайыңнан танымай 
қалдым. Сығанақ... Сығанақ екенсің ғой. Сосын осы бір 
атың да тілге оңай орала бермейтін қиын ат. Қазағым да ат 
қойғыш-ау. Сығанақ деген атты бірінші естуім.
С ы ғ а н а қ. Сәбе, сіздің бір шығармаңызға керек бо-
лар: мен жайлауда туыппын. Әкем мал соңында жүріп, киіз 
үйде ешкім болмай, содан көшіп жүрген бір сыған аман-
есен босандырып алыпты. Шілдеханада біреу: «Бала кіндік 
атасына тартады деуші еді, осы әлі, ұшарын жел, қонарын 
сай білетін сыған боп кетпесін десе, әкем марқұм: «Еһ, қай 
қазақ көшіп-қонбай күн кешіпті, сыған да көшпелі сері 
халық, сыған болса мейлі сыған-ақ болсын!» – депті. Содан 
менің атымды Сығанақ қойыпты.
С ә б и т. Дұр-рыс, қосшы бала, айтқандай, Академия-
ларыңда не жаңалық? Енді, әдебиеттің денсаулығына кө-
шейікші.
С ы ғ а н а қ. Академияда не жаңалық болсын, Сәбе? Қазір 
академияда да, барлық институт атаулыда, тіпті бүкіл Қазақстан 
халқының аузында бір-ақ сөз: «Лениндік сыйлықты кім алады 
екен?» – деген талас.
С ә б и т. Талас деймісің?
С ы ғ а н а қ. «Мұқанов ала ма екен, Әуезов ала ма екен?» 
«Сәбит алады да, жоқ Мұхтар алады», – десіп, сіздердің 
достарыңыз бен дұшпандарыңыз әйда, әңгімені неше саққа 
жүгіртіп жатыр.
С ә б и т. Енді тыйылатын шығар.

263
С ы ғ а н а қ   (шошынған болып). Тыйылатыны қалай?
С ә б и т. Сыйлықты Әуезов алады.
С ы ғ а н а қ .  Қалайша?
С ә б и т. Егер мен алмасам, Мұхтар алмағанда кім алады? 
Соңғы турға дейін тайталасып келген екеуміз ғана...
С ы ғ а н а қ. Не, сізді шығарып тастады ма?.. Мен 
естігенім жоқ.
С ә б и т. Әзір шығарған жоқ... Жарыстан өзім шығайын 
деп тұрмын.
С ы ғ а н а қ. Ө-Өзім?! Ондай бола ма екен?
С ә б и т. Кандидатурамды өзім снимать етсем, онда 
кімнің шаруасы бар.
Сы ғ а н а қ. ...Ә-әрине... онда комиссияға да жеңілдік 
түседі.
С ә б и т. Ауылдағы көпірде қарама-қарсы кездескен 
екі текедей жолға таласып тұрғанымыз жетер, енді Мәскеу 
өткелінде екі қазақтың қасарысуымыз бүкіл елден ұят 
шығар.
С ы ғ а н а қ .  Мүмкін екеуіңізге де берер.
С ә б и т. Бір-ақ орын дейді ғой. Мұндай таудай 
дәрежені екі қазақ қатар алмай-ақ, әзірше біреуі алса да 
үлкен рахмет.
С ы ғ а н а қ .   Онда неге Әуезов өз кандидатурасын 
алып тастамайды?
С ә б и т. Қайдам... Әлгі Ғабит, қазір осы араға келмекші 
еді. Сол айтады: Мұхтар сенен жасы да үлкен, әдебиетке 
де бұрынырақ, ширағырақ келді. Егер осы жолы оған 
жол берсең, ертең ол да, басқамыз да сенің алуыңа ат 
салысамыз. Бір-бірімізге жол беруді дәстүр етейік. Қарсы 
жолыққан текелердей бір жолға таласып тұрып екеуің де 

264
көпірден құласаңдар, әдебиетке қиянат, өздеріңе ұят сонда 
болады дейді. Мұндайға тіс қаққан ғой Ғабит, біледі.
С ы ғ а н а қ. Иә, Ғабит біледі, ол өзіне жол ашып алуды 
жақсы біледі.
С ә б и т. Дұр-рыс. Қазір Мұхтарға барып, соны ақыл-
дасып алмақшымыз. Жұрттың біз туралы қате түсі ніктері 
де жөнделер еді. Біздің әдебиет жөніндегі айтыс тарымыз-
ды бақталастық деп жаятындар бар көрінеді. Сондықтан 
біздікі дұрыс емес пе?
С ы ғ а н а қ .  Түк те дұрыс емес!
С ә б и т. Неге, неге, қосшы бала!
С ы ғ а н а қ. Сәбе, тісіңізден шықпасын.
С ә б и т. Иә!
С ы ғ а н а қ (жан-жағын барлап алып). Біріншіден, 
ертең Әуезов алып кетсе, сізге жалт та қарамайды. Ол – 
сіз секілді салдырлап, аңқылдаған ақкөңіл емес, сіздің әдеби 
айтыстардағы кейбір ұнамсыз сөздеріңізді ол ешуақытта 
кешірмейді. Екіншіден, бүгін бір қазаққа сыйлық берсе, ер-
тең екінші қазаққа бермейді. Басқа республикалардың жазу-
шылары қайда? Кезінде өткізіп алып, енді Еңбек Ері атағын 
ала алмай жүрген жоқсыз ба?! Кербабаевтан кемсіз бе? 
Ендеше бұл жолы қалсаңыз, енді кемі он-жиырма жыл ала 
алмайсыз. Қазір отыздағы Сәбит емессіз, игіліктің ерте, кеші 
жоқ дейтін. Үшіншіден, өнерде жасы үлкен, жолы үлкен деген 
ақсақализм жоқ. Қазіргі жастар үстіңнен аттап өтіп жүре 
береді. Не, айналып өтеді. Олар кезегін ешқашан бермейді.
С ә б и т. Қой, бекер сөз, ғұмырымда менің орныма 
таласқан жас ты көргем жоқ.
С ы ғ а н а қ .  Тірі болсаңыз көресіз. Сізді қара кесек, то 
есть қара дүрсін жазушы дейтіндер шыға бастапты... Соны 

265
айтқызбас үшін де атақ керек, Сәбе, қазаққа атағыңыз 
жетеді, бүкілодақтық атақты айтамын. Оу, өзі тіпті, мұны 
сарапқа салудың керегі қанша? Бұл атақ – сіздікі. Не 
таласатыны бар?! Ол – аксиома!
С ә б и т. Қосшы бала, былай өзі... сөзіңнің жаны бар. 
Өзім де солай ойлаушы едім. Бірақ дәлел?!
С ы ғ а н а қ. Не дәлел? Сәбе, тісіңізден шықпасын, 
бұл сыйлық ауыл арасындағы қазағымның сыйлығы емес. 
Бұл – Ленин сый лығы... Ленин сыйлығы! Бұған саяси мән 
беру керек. Бұл – партиялық әдебиетке берілетін Кеңес 
үкіметіндегі ең үлкен сыйлық. Сонда мұны қаршадайынан 
партияның мүшесі, қартайғанда сол партияның өрге тартар 
«өгізі» Сіз алмай, партия қатарынан шығып қалған, осы 
күнге дейін безпартийный Мұхтар алуы керек пе?
С ә б и т (селк етіп). Өй, қосшы бала, сөзіңнің жаны 
бар. Өзім де солай ойлаушы едім.
С ы ғ а н а қ. Ол 1932 жылы болса, одан соң 1937, 1950 
жылдар?! Ол қайда болды, ә? Ал сіз, «кандидатурамды 
алып тастаймын» дейсіз, қайта сіз оған: «Кандидатураңды 
алып таста!» – деуге толық қақыңыз бар... Қақыңыз ғана 
емес, коммунист ретінде міндеттісіз!.. Ана келе жатқан 
Мүсірепов емес пе?
С ә б и т. Сол шығар, маң-маң басып бипазданып келе 
жатқан.
С ы ғ а н а қ. Жарайды, мен кеттім.
С ә б и т. Өй, қосшы бала, сен өзің бір түсінігің мықты 
жігітсің, асықпа, үшеулеп ақылдасайық.
С ы ғ а н а қ. Менің ақылымды алыңыз, алмаңыз – өз 
еркіңіз, сізден сұрарым бір-ақ нәрсе, аузыңызға берік 
болыңыз. Мен – пас! (Асығыс кетеді.)

266
С ә б ит (соңынан). Әй, қосшы бала, үйге кел, көп болды 
ғой...
Ғабит келеді.
Ғ а б и т. Ң-ай, күтіп қалдың-ау, өңің келмейді. Жүр, 
кеттік.
С ә б и т. Ғабит, отыршы мына араға.
Ғ а б и т. Мен шаршаған жоқпын,
С ә б и т. Мен... мен айныңқырап отырмын.
Ғ а б и т. Қой, кәләкәйтті. Айтылған сәз – атылған оқ.
С ә б и т. Ә, менің мылтығым мүмкін қосауыз шығар?! 
(Орнынан тұрып, дағдарып қалған Ғабитке.) Жарайды, 
бара көрейік. Мүмкін, ол жол беретін шығар?!
 Екінші  көрініс
Әуезовтің жеке (особняк) үйінің террасындағы шағын 
би льярд үстелінің қасында, қолдарында кий, Мұхтар 
мен Ғабит. Бұлардың ойынына қарап, кең шезлонгта 
Сәбит отыр. Қасындағы журнал үстелінде газеттер, 
қымыз құйған торсық, жеміс-тағамдар, әртүрлі сусын 
шөлмектері, ыдыстар.
С ә б и т. Қарадан-қарап отырып мен шаршадым, сендер 
қалай жалықпайсыңдар, тентек танадай айнала бересіңдер, 
айнала бересің дер?!
М ұ х т а р. Айналған сайын тұла бойыңдағы қан да айнала 
береді, айнала береді.
С ә б и т. Сонда немене, менің қаным ұйып қалып па? Бір 
сәт әңгімеге де мойын бұрсаңдаршы.

267
Ға б и т. Ң-ай, Сәбит, бұл дүние жүзі адамдарының ең 
мәдениетті, пайдалы ойын түрлерінің бірі, сен білмейді екен 
деп біз мақрұм қалмасақ керек.
С ә б и т. Сен кішкентайыңнан ойының осылғыр бала 
едің. Саған дауа жоқ.
М ұ х т а р (кийін борлап тұрып). Ал сонда не айтпақ 
едің, құлағымыз сенде.
С ә б и т. Мен осында неге келдім, Мұхтар, білемісің?
М ұ х т а р. Е, қайдан білейін, сенің келісіңді алдын ала 
білетіндей мен сәуегей де, балгер де емеспін. Топшылауымша, 
менің соңғы табыстарымның бірінде бас сұққан жоқ едің, 
тегі, құттықтауға келген шығарсың?
С ә б и т. Мен сен деймісің, қуанышқа, қонаққа Валясыз 
жалғыз жүретін. Ондай ниетпен жүрсем, Мәриямды қасым-
нан қалдырармын ба?!
Валентина Николаевна келеді.
В а л е н т и н а   Н и к о л а е в н а .  Сабит Муканович 
алдымен тамақтанып алмай, шешіліп сөйлесе алмайды. Жү-
ріңіздер, ас дайын.
С ә б и т. Рахмет, Валентина Николаевна, бұл жолы 
тамақ ішпей-ақ бел шешіп келгенмін...
М ұ х т а р (Валяға). Пәлі, бұл «жұбайыңды той-думанға 
ертіп жүрмейсің, ескі кертартпа дәстүрді қолдайсың» деп 
мені күстаналай келіпті. Өзің айтшы...
В а л е н т и н а   Н и к о л а е в н а .  Сабит Муканович 
сені олай жазғырмауға тиіс. (Сәбитке.) Орынсыз той-ду-
ман, мазасыз ырдудырду жиындарды, қонақтап жүруді та-
би ғатымда  ұнатпайты ны м ды  жақсы  білетіндей  болдыңыз 
ғой... Оның үстіне, менен басқаның бәрі отырыста қазақша 

268
сөй леседі, ештеме түсінбей «аққарға» болып отыру – қандай 
қор лық.
С ә б и т. Сіз осы Мұхтарға қосылғалы неше жыл? Содан 
бері...
В а л е н т и н а .   Қонбайды, лингвистикалық қабілетім 
нашар-ау, тегі.
С ә б и т. Жоқ, құлық жоқ қой. Әйтпесе, ана бір жылдары 
келген неміс, шешен, ұнғыштар кемпір-шалдарынан бала-
ларына дейін, тез арада-ақ қазақшаға судай боп кетпеді ме? 
Солар, құдай біледі, линг вист те, полиглот та емес.
Ғ а б и т. Ол қажеттіліктен туған қабілет.
С ә б и т. Сонда қалай? Ағамыздың өзі, білімі, гонарары, 
Әуезовше айтқанда, бәрі-бәрі керек болғанда, солардың 
бәр-бәрін тауып отырған жалғыз тілі қажетсіз болғаны ма?!
В а л е н т и н а .  А-ай, Сабит Муқанович, сіздің қалжы-
ныңыз қалмайды-ау... Мұхтарға жалғыз, еркін жүруге мен 
рұқсат бергелі қашан. Жүріңіздер, жүріңіздер, ас суып 
қалады. (Шығып кетеді.)
С ә б и т. Мұхтар, бүгін мен саған екі түрлі мәселемен 
келдім.
М ұ х т а р. Мәселемен бе, шаруамен бе?
С ә б и т. Сен мені түзетпей-ақ қой, ана тілін сенен үйрен-
бей-ақ қойдым... Бірінші мәселе – саған дау айта кел дім.
М ұ х т а р. Пәлі, оның несі мәселе бопты. Сен қашан 
ырғаспай, дауласпай күн кешіп ең?! Одан да соқтығуға, 
сүй кенуге келдім десеңші. Сенің дауыңның арты ұрысқа 
айналушы еді. Менің ұрсыса алмайтыным өзіңе аян. Ұрыс 
жүрген жерде, артық-тыртық тұрпайы сөздер жүреді. Мен 
ондайға жоқпын...
С ә б и т. Білем, білем, сен ұрсысуға келгенде сыпайысың 

269
да, қырқысуға келгенде ұпайыңды жібермейсің. Бетпе-бет 
айтысқанда мен дөрекі де, сен интеллигент...
М ұ х т а р. Пәлі, сөзім-ақ, интеллигент болғанға да 
кінәліміз бе?
С ә б и т. Мен дөрекі болсам, тура пролетариаттан шық-
тым... Сен монтаны интеллигент болғаның – түбің шикі...
М ұ х т а р. Жетістірдің. Сонда пролатариаттан интел-
лигент шықпауы керек пе? (Күледі.)
С ә б и т. Несіне күлесің, Мұхтар. Сен сияқты қолы 
ұзын әкем болып, Мәскеу, Ленинград, Ташкенттің оқуын 
тәмәмдасам, көрер ем, Сен мынадай (бас бармағын көр-
сетіп) Абайдың тәрбиесін алып, мынадай (шынашағын 
көрсетіп) Мұхтар боп шықсаң, мен мынандай 
(шынашағын көрсетіп) Мұқаның тәрбиесінен мынадай 
(бас бармағын көрсетіп) Сәбит боп шықсам, тақияңа тар 
келе ме?!
М ұ х т а р. Пәлі, пәлі, Абайдың тәрбиесін мен ғана 
меншіктеппін бе? Бәріміз де сол Абай мектебінен тәрбие 
алған жоқпыз ба?
С ә б и т. Енді сенің әке-шешең бір елі болса да Абайға 
жақын, қоян-қолтық араласып дегендей.
М ұ х т а р. Оның енді орысша білуге қандай қатысы бар?
С ә б и т. Сен құсап Валя сияқты орыстың қызына да 
қолымыз жеткен жоқ, тілімізді сындыратын. Біз сияқты 
ауылдың тап тақыр кедейіне орыс қызы қараушы ма еді, біз ге 
қазақтың Мәриямдары да жетеді.
М ұ х т а р. Сенікі сүйгенін шұнағым дегеннің кері де. 
Түбі, балаларыңнан да, басқалардан да гөрі осы Мәриямнан 
көрерсің шапағатты.
С ә б и т .  Оны өзім де сезем...

270
Ғ а б и т (сусын ішіп тұрып). Ң-ай, Сәбит, Мәриям да 
саған қарамайтын еді, егер кеңес үкіметімен қорқытып алып 
қашпасаң... Қыз кедейге қарамайды деп сылтау айтқан ша, 
әйелге қырым жоқ десейші...
С ә б и т. Оның рас. Бір актриса: «Мұхаң жылы-жылы 
сөйлеп, асты-үстіңе түсіп, басыңды шыр айналдырып 
арбағанда, әйел мен түгілі, еркек сен де қалай ыңғайына 
көніп, икемделе бастағаныңды білмей қаласың» депті. Мен 
әйел алдында ондай көлгір емеспін. Жасымда көршінің 
сұ луына көз қысатын, қартайғанда қыз құшатын сендей 
өлермен де емеспін.
Ғ а б и т. Ң-ай, Сәбит, ішің күйсе, тұз жала. Жас келмей 
шартиып, қарным қампиып, сен құсап қартайып тұрғам жоқ.
С ә б и т. Шынында да, Ғабит, сенің не сайтаның бар 
жылда жасаратын. Баяғыда, бала кезімізде, сен менен екі 
жас үлкен емес пе ең?
Ғ а б и т. Білем, білем, сенің сол бала кезден сөзге жортақ, 
есепке шорқақ екеніңді...
С ә б и т. Әрине, сағат сайын күтініп, бетімді де, етімді 
де күнде сылап-сипатып, қарақан қара басымның қамын 
ойласам, мен де жұтынып тұрар ем...
Ғ а б и т   (таяқты үстелге тастай салып). Түһ, шын 
саппас екенсің. Мен кеңесуге, бәтуаға алып келсем, енді ма-
ған салдың ба ауызды. Мұха, жүріңіз, ас суып қалды. Сәбит 
ішпейді. Жалғыз қалсын...
С ә б и т. Қалсам, қаламын. Бетке тура айтар әділ адам-
ның күні – жалғыздық, оны ешкім ұнатпайды, білем, білем... 
(Ғабит пен Мұхтар кетеді.)
Қап, екеуін де өкпелетіп алдым-ау. Ә-әй, осы бір тілімнен-
ақ жазып келемін.

271
Қыз бен жігіт – студенттер шығады.
Ж і г і т. Сәбе, сіз әлі өкпелететіндей сөз айтқан жоқсыз.
Қ ы з. Сіздің бірінші айтам деп келгеніңіз Мұхаңның 
партиялық мәселесі емес пе еді?
С ә б и т. Мен соны қанша төңіректеп, сипалақтағанмен 
бетіне салық ете алмай отырмын. Бірақ... бәрібір айтуым 
керек. Айтамын.
Мұхтар мен Ғабит шығады.
М ұ х т а р (жүре сөйлеп). Сәбит, оның несі салық? 
Кезінде оны жалғыз сен емес, талайлар айтқан. Айыптап 
айтқан.
Ғ а б и т. Көбінесе сырттан, жасырын тұрып тас лақ-
тыратын...
М ұ х т а р. Олар – адамзат пайда болғалы соның кө-
леңкесіндей көлеңдеген – көзге көлгір, сыртыңнан тірідей 
көмгіш адамдар емес пе?
Ғ а б и т. Ң-ай, Сәбит, оларды мына болашақтың балала-
ры жөндемесе, біз жөндей алмаймыз.
М ұ х т а р. Ендеше, сол жөндейтін ұрпақ тыңдасын да 
жерісін.
Жұқа перде артындағы көлеңкелер сөйлейді.
1 - к ө л е ң к е .   Алаштың бұрынғы лидері М. Әуе-
зов өзінің шыққан тегіне тартып, понимаете, бәрін кол-
лективтендіруге жаппақ болған, понимаете.
2 - к ө л е ң к е .   Колхоз болудан қашып, іріткі сал ған-
дарды көпе-көрнеу жақтау ниетін көздеген, жақтау ниетін...
1 - к ө л е ң к е . Бір ортаға топтасып, коллективтің жы-

272
рын жырлау орнына, Ермеков сияқты сыбайластарымен 
бірігіп, Шоқаев сияқты сұмырайлардың идеясын таратып, 
понимаете, бәрін коллективтендіруге жаппақ болған, пони-
маете.
3 - к ө л е ң к е .  Колхоз болудан қашып, іріткі сал-
ғандарды көпе-көр неу жақтау қашанда тап жауы. «Қас-
қырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын еш қой-
майды, қоймайды».
4 - к ө л е ң к е .   Оларға қолданар әдіс біреу-ақ: тамы-
рына балта шабу.
М ұ х т а р. Тау асқандардың бәрі тап жауы емес. Олардың 
көбі жаңа өмірден бейхабар, қараңғы еді, шаш ал десең, бас 
алатын әпербақан, шаласауатты белсенділердің әкіреңінен 
естері шығып, мәңгіріп қалғандар. Ет, жүн салығы деп бар 
малын сыпырып ала бастаған соң, не істерін білмей, далақтап 
қашқан байғұстар.
Ғ а б и т. Мұхтар сөзінің жаны бар: 1921 жылғы 
ашаршылықта да мал-мүлкін ала қашқандар көп болған. 
Ленин кемеңгер көрегендікпен қараңғы халықтың жағ-
дайымен, түсінігімен санасып, оларды жаңа қоғамнан үркіт-
пес үшін совнаркомның арнайы Декретін қабылдаған.
С ә б и т. Иә, біз де білеміз. Сол кездегі Қазақстан 
басшылары Ленинге телеграмма жолдаған.
Қ ы з (телеграмманы оқиды). Республикадағы көшпе-
лі, жартылай көшпелі тұрғындарды ет салығынан босату ту-
ралы декрет түгелдей құлақтандырылды. Мал шикізатын 
дайындау түз елінде қолдау тауып отыр. Монғолияға, рес-
публикадан тыс оңтүстік өлкелерге қазақтардың мал-мүл-
кімен көшуі азайып келеді, таяуда мүлдем тыйылады.
Ж і г і т. КазЦИК председателі Меңдешев,

273
КазЦИК председателінің секретары Шлейфер...
Сә б и т. Бұл тәртіп кейін бұзылды. Болашақты болжағыш 
көріпкел, данышпан адамның көзі жұмылар-жұмылмаста, 
отызыншы жылға дейін неше түрлі қателіктер басталды. 
Аяғы ашаршылыққа соқты.
М ұ х т а р. Өздері ештемені түсінбейтін, түсінгенді көзге 
ілмейтін шолақ белсенділер бүкіл ел-жұртты қан қақсатты.
Ж і г і т. Ия, 32-жылғы қырғын ашаршылық жайында 
осы күнге дейін еміс-еміс қана естіп келдік.
Қ ы з. 26-жылдан 59-жылға дейін еліміздегі басқа 
ұлттар сан жағынан аз да болса өскенде, жалғыз ғана қазақ 
халқының саны кемігенін демографиялық деректен білсек 
те, оның негізгі себептерін білмеуші едік.
Ж і г і т. Енді жұмбақ болған сол жылдардың сыры 
ашылып келеді, тек жағдай әлі көмескі..
Қ ы з. Сол кезде, бүкіл ел әлгі қателік салдарынан жұт-
қа ұшырап жатқанда, сіздер... алдыңғы қатарлы көзі ашық 
интеллигенттер... (Жігіт те қосылады.) Қайда болды ң-
ыздар?!
М ұ х т а р. Біз? (Ғабит пен Сәбитке қарайды.)
С әб и т. Қалада болдық.
Ғ а б и т  (кекесін). Үкіметтен паек алып тұрдық.
М ұ х т а р. Иә, келесі ұрпақ осыны сұрар деп ойлаушы 
едік. Анда-санда алатын мекеменің ақ нанынан гөрі, сол кез-
де түрмеде отырып жеген қайрақтай қара нан адалырақ еді.
С ә б и т. Оу, біз паек алып тегін жатқан жоқпыз, әркім 
қадари-қалыңша күреспеді ме?
М ұ х т а р. Оның рас. Әркім өзінше, әртүрлі күресті.
С ә б и т. Сәкен бастаған біраз интеллигенттер жұмысты 

274
тастап, бар қолдарынан келгендері – қайтсек аштық апа-
тынан сақтап қаламыз деп, елді-еліне әр сылтаумен тарап 
кетті.
Ғ а б и т. Біз – Ғатауллин, Дәулетқалиев, Алтынбеков, 
Қуанышев сияқты коммунистер асыра сілтеу зардабын, 
қынадай қырылған ел тағдырына кінәлі қателіктерді айтып, 
Қазақстан партиялық өлкелік комитетіне шағынып хат 
жолдадық.
С ә б и т. Білем, шағымдарыңнан да түк шықпаған. Ешкім 
құлақ аспады.
М ұ х т а р. Қолынан ештеме келмей ашынған дәрменсіз, 
жас Марғұлан ашу үстінде өзін-өзі құрмалдыққа шалып, 
бауыздап жіберген. Бірақ өлмеді, зақымдалды. Өмір бойы 
қырылдақ болып қалды.
Ғ а б и т. Ң-ай, Сәбит, сен осы қайда болып ең сол 
кездерде?
С ә б и т. Мен ол кезде бекіре балықша басымды тасқа 
ұрғам жоқ, әліптің артын бақтым. Кейін Голощекиннің сұм-
сұрқиялығын жаздым ғой. Бірақ түгел басылмады.
М ұ х т а р. Сәбит қаршадайынан мал бағып, бақыршы 
болған. Үскірік борандарда желдің өтіне шықпай, ықтасында 
бұғып қалуға машықтанған...
С ә б и т. Ықтасында қалайын, қалмайын, әйтеуір 
партбилетімді кеудемде қысып, сақтап қалғам. Мен сен 
емеспін ғой... партия қатарынан шығып қалған... Және... 
өзің шыққансың...
Сәбит пен Ғабит кетеді. Студенттердің жүзінде 
сұрақ.
М ұ х т а р. Сол күннен бастап қара көзілдірікті адам 

275
менің ізіме түсті. Өмірімнің соңғы жылдарына дейін оның 
үстіндегі киімі өзгерсе де, көзіндегі көзілдірігі өзгермеді. 
Маған ылғи алыстан да, жақыннан да қара көзілдірікпен 
қарайтын болды.
Қара көзілдірікті, сұсты адам сып етіп Мұхтардың 
қа сынан өте шығады да жалт бұрылып, тесіле, ұзақ 
қарайды.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .   Сен қылмысыңды мойын-
дайсың ба?
М ұ х т а р. Мен не қылмыс жасаппын?
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .  Сен неге менен сұрайсың?
М ұ х т а р. Енді білмесем кімнен сұрайын? Онда мен де, 
сіз де ештеме сұрамай-ақ қояйық.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .   Ә-ә, оңай құтылғың келген 
екен...
М ұ х т а р. Онда дұрыстап, әр нәрсені атымен сұраңыз. 
Қылмыс, қылмыс?! Мен еш қылмыс жасаған жоқпын, тағы 
да қайталаймын.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .   Жасаған жоқсың ба? Пар-
тия дан кім шығарды? А-а? (Кекесін күлкі.)
М ұ х т а р. Өзім шықтым. Сол ма қылмыс?
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і  (күлкісін тыйып). Сон-
да саған большевиктік партия ұнамады ма?
М ұ х т а р. Жоқ, партияға мен ұнамадым. Дәлірек айт-
қанда, қазіргі партия басшыларына.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .  Яғни жолдас Сталинге?!
М ұ х т а р. Мен дәл олай дегем жоқ. Одан да басқа 
басшылар бар.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .   Яғни партия басшыларына 

276
ұна мау, сөйтіп партия қатарынан өз бетіңше шығу, сеніңше, 
қылмыс емес!
М ұ х т а р. Сіздіңше, Кеңес үкіметіндегі неше миллион 
партияда жоқтардың бәрі қылмыскер ме сонда?
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .  Сен немене өзі, менен жауап 
алғың келе ме?
М ұ х т а р. Олар қылмыскер емес. Олар қара пайым 
халық. Социалистік қоғамның адамдары. Мен партия 
қатарынан кетсем, сол қарапайым халықтың қатарын да-
мын.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і . Сонда... сен... партия мен ха-
лықтың біртұтас организм екеніне күмән келтіремісің?
М ұ х т а р. Тап қазіргі саясатын түсінбеймін, халық 
қамымен үйлеспейтін сияқты.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .   Сияқты, сияқты! Дәлел! 
Дәлел, саяси айыпкер Әуезов!
М ұ х т а р. Сізге дәлел керек пе? (Ашынып.) Шын дәлел 
іздесеңіз, кең-байтақ далаға қараңыз. Қайда барарын, қайдан 
тіске басар бір үзім талға жау іздеп, қайтсе тірі қалудың 
қамымен жаяу 
 жалпылап, сеңдей соғылысып, өлімтігін 
сүйретіп, қолына іліккенді жұлып жеп, ит пе, мысық па, 
тышқан ба, құрт па, құмырсқа ма – қыбырлағанның бәрін 
ас етіп, енді қасындағыға ауыз сала бастаған, мағынасыз 
ауа қармап, мақсатсыз, бағытсыз шұбырған аш-арық қалың 
нөпір – жүздеген, мыңдаған дәрменсіз, бақытсыз жұрт, 
дер кезінде шара қолданбаса, ертең көмусіз жайрап қалар 
миллиондаған мәйіт. Жұпар иісі аңқыған қазақ даласынан 
қазір өлімтік иісі аңқиды.
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .  Оған не істе дейсің? 
Жал 
ғыз Қазақ 
 
 
станда ма, барлық жерде шаңы шыққан 

277
қуаң шылық, барлық жер де бетті шарпып азынаған аңызақ. 
Аяғы жұтқа соқты.
М ұ х т а р. Сіздер қателік атаулыны шімірікпестен табиғат-
қа, басқаға жаба салу әдісіне қалай машықтанғансыздар. 
«Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын» деген сөздің 
төркініне, ел басқару табиғатына үңілмейсіздер. Голощекин 
жолдас Николай патшаны бала-шағасымен атқан мылты-
ғын әлі тастамаған екен. Бүгінде жаңа «Кіші Октябрь» 
деген сылтаумен қазақ халқына оқтап отыр... Қара, шеш 
көзілдірігіңді, неге көрмейсің?
Қ а р а к ө з і л д і р і к т і .   Ә,  солай ма? Ендеше, өз 
обалың өзіңе. Сендер тірі тұрғанда қара көзілдірік шешіл-
мейді. Сен шеш үстіңдегіні! (Мұхтар пенжегін шешеді 
де қолына береді. Қара көзілдірік астарын айналдырып, 
өзіне қайтарады.) Мә! (Лақтырады. Кетеді. Мұхтар 
киімін қайта киеді: жолақ-жолақ түрме киімі, өңіріне 
нөмір жазылған.)
М ұ х т а р (қыз бен жігітке қарап). Мен ұсталып 
қамауға алындым... Сол кезде жан-жағымнан ылғи жел 
үрлеп, қар борап, үнемі алай-түлей түтеген боран ішінде, 
не тынымсыз жауған мазасыз қара жауын астында жалғыз 
құлазып отыр 
ғандай сезінетінмін өзімді. Ол арада да 
адамдар бір-бірімен сөйлесуге қорқып, бір-бірінен үркіп 
отыратын. Бір күні ма ған бір адам кездесті. Өзі Лев 
Толстойға ұқсайды. Ол мені сыртымнан бақылап жүреді 
екен. Сол адам менімен өмір бойы кездесіп келеді. Мен 
оны ылғи іздеп жүремін. Әсіресе қиналған кезде... Жүйкем 
тозған кезде... Мен шақырған 
да ол үнемі қасымнан 
табылады... Ол менімен кеңеседі де, айтысады да, ақылын 
да айтады... Бірінші рет өзі іздеп келді.

278
Қ а б а с а қ а л д ы . Ғапу етіңіз, сәл бөгелсеңіз қайтеді. 
Сіздің аты-жөніңіз?..
М ұ х т а р (төс қалтасы тұсындағы цифрды көрсе тіп
сәл мысқылмен). Мыңбаев Жүзбайұлы, саяси айыпкер...
Қ а б а с а қ а л д ы .   Сіз қалжыңдамаңыз, мен шын 
сұ рап едім, өзі айтсын деп. Сіздің аты-жөніңіз – Әуезов 
Мұх тар Омарханович, 1887 жылы Семей өлкесінде дүниеге 
келгенсіз, ұлтыңыз қазақ... Мен сіздің бүкіл өмірбаяныңызға 
қанықпын.
М ұ х т а р. Бүкіл дейтіндей менде не өмірбаян бар еді?!
Қ а б а с а қ а л д ы .   Иә, өмірбаяныңыз әзір қысқа, 
бірақ өте жақсы.
М ұ х т а р. Онда осы өмірбаянмен өле беруге бола ма?
Қ а б а с а қ а л д ы .   Жоқ. Қысқа, мәнді өмірбаянмен 
өлуге болмайды. Қайта оны ұзарту керек.
М ұ х т а р. Оны ұзарту кімге қажет? (Мысқылмен.) 
А-а, сізге қажет...
Қ а б а с а қ а л д ы .   Маған емес, жаңа өмірге, көзін 
жаңа аша бастаған момын халқыңызға керек. Сіздер сол ха-
лық тың  қанатысыздар.
М ұ х т а р. Халқыма керек болмаса менің өмірім кімге 
керек? Сол халық үшін жанталасқан адал көңілімді қаралап, 
жарық іздеп шарқ ұрған ойымды қараңғы қапасқа қамап 
тастаған жоқ па?!
Қ а б а с а қ а л д ы .   Сіздің ойыңызды іске асыруға 
жететін жа рық санаңызға түсіп еді ғой.
М ұ х т а р .  И-ие?!
Қ а б а с а қ а л д ы .   Сіз қазақ халқынан шыққан 
тұң ғыш оқыған азаматгардың бірісіз. Енді бірақ сол білім 
шы рағын жағуға тым асығыссыз, қызбасыз. Сіз білім бай-

279
лы ғын мейлінше меңгерген адамсыз да, мінез байлығын 
толық игере алмаған адамсыз.
М ұ х т а р (мырс етіп). Пәлі, менің мінезіме сын 
айт қан адамды тұңғыш көруім.
Қ а б а с а қ а л д ы .   Күлмеңіз. Сіз күнделікті тұр-
мыс тағы міне зіңізді айтып тұрсыз. Мен заманға лайық мі-
незді айтамын. Владимир Ильич шахмат ойыны үстіндегі 
қақтығыста құлағы қызарар қызба, орнында отыра алмай-
тын шыдамсыз болған.
М ұ х т а р. Сондықтан да одан ұлы шахматшы шыққан жоқ.
Қ а б а с а қ а л д ы . А л   революция жолындағы істе, 
күрес қақтығыстарда өте байсалды, шыдамды еді.
М ұ х т а р. Ол – Ленин ғой!
Қ а б а с а қ а л д ы .   Ендеше сол Ленин партиясынан 
ке тіп, кімді қорқыттыңыз, кімге еркеледіңіз, кімге өкпеле-
діңіз?
М ұ х т а р. Біріншіден, қазір Ленин партиясы деуге 
аузым бармайды. Екіншіден, партияға қорқыту мен еркелік 
жүрмейтінін білемін. Ал қазіргі партия басшыларына 
өкпе легенім рас. Жалғыз менің қара басым болса бір сөрі, 
менің елімді, менің халқымды ренжітіп, өкпелетпесе, оған     
мен...
Қ а б а с а қ а л д ы .  Айтпай-ақ қойыңыз. Бәрінде біле-
мін. Қазір кімнің кімге өкпелейтінін түсініп болмайды. Ал 
сіздің өкпеңізді көтеріп, шыдаммен түсіндіретін, жаңыл-
саңыз, өзіңізбен айтыса отырып, дәлелдеп, ұғындыратын, 
адас саңыз көзіңізді жеткізіп, қолыңыздан жетектеп, сара 
жолға салып жіберетін Лениндей қай көсеміңіз отыр?! 
Оларға да Ленин керек, Лениндей басшы жетпей отыр.
М ұ х т а р. Сонда қалай?! Қателіктерді, кемшіліктерді 

280
көре тұра көпе-кернеу үндемеу керек пе, коммунисше ақыл-
дасып, шын коммунисше ашынбау керек пе?
Қ а б а с а қ а л д ы .   Сіздің ақылдасқаныңыздан да, 
ашын ғаныңыздан да түк шықпайды, текке репрессия ау-
ласында құрмалдыққа шалынып, босқа құрбан болып ке-
тесіз. Сіз әкімқара емес, алдымен әдебиетші екеніңізді 
ұмыт паңыз. Сіздің күрес шығармашылық, әдебиет арқы-
лы жүрмек. Ал әдебиет саласында алғаныңыз өте көп, 
бергеніңіз өте аз...
М ұ х т а р. Сонда менің жаным орыс әдебиетшілерінен 
ардақты ма?! Орыс даласында талай жас таланттар көктемде 
көгеріп шыққан қылтанақтай жаңа бас жарып, буыны 
енді беки бастаған арамшөптер қатарында өртеніп, дөрекі 
дұдамал мен негізсіз күдіктердің құрбандығына шалынды. 
Олардың да бергендері әлі аз, беретіндері ұшан-теңіз емес 
пе? Оларға неге жаныңыз ашымайды?
Қ а б а с а қ а л д ы .  Ашиды. Демократия үшін алысып, 
қолы жеңіске жеткен адамдарды сол демократияның жалған 
жалынымен қайтадан өртесек, кімнің жаны ашымасын? Сол 
үшін де құрбан болдық. Ал сіздің жағдайыңыз мүлдем жан 
ашырлық халде. Өзіңіз айтқан жаңағы орыс таланттары кетсе, 
орыс өнері тап қазақ өнеріндей ойсырап қалмайды, сіздің 
ұлттық өнеріңізде қай Пушкин мен Толстойыңыз тіреліп 
тұр. Оларды күндердің күнінде Гоголь мен Достоевскийдің, 
Чехов пен Островскийдің, Чернышевский мен Белинскийдің 
рухы сақтап қала алады. Сіздің солардай арашашыңыз бар 
ма?.. Неге үндемейсіз? Мойындағыңыз келмей ме?
М ұ х т а р. Біздің де Шоқан мен Абайларымыз бар.
Қ а б а с а қ а л д ы .  Олар әлі өздерінің басын арашалап 
алсын.

281
М ұ х т а р. Менің халқым бар, араша түсер.
Қ а б а с а қ а л д ы .  Басшысы жоқ халық немен тең... 
Ол ха лықтың болашақ Пушкині, Толстойы сіздерсіздер. 
Сол үшін өміріңізді ұзартқым келеді.
М ұ х т ар. Менің халқыма неге жаныңыз соншама аши 
қалды?
Қ а б а с а қ а л д ы .  Мен орыстың өркөкірек шовинисі 
емеспін, демократымын. Орыс халқының кеңдігі мен биік-
тігін сақтау үшін де мен сізге қол ұшын бергім келеді.
М ұ х т а р. Иә, қашанда биікте тұрған адам ғана 
төмендегіге қол ұшын береді. Мені бұл ұрадан қалайша 
шығармақсыз?
Қ а б а с а қ а л д ы .   Ол  үшін үш түрлі шарт қоямын. 
Со ны орын дасаңыз, шығармашылығыңызға, ұлы мақса-
ты ң ызға бостандық. Білім мен талант өзіңізде жетеді.
М ұ х т а р. Бірінші шартыңыз?
Қ а б а с а қ а л д ы .  Шыдамдылық.
М ұ х т а р. Мұныңыз қиянатты күшке қарсы тұрма деген 
уағызға саймай ма?
Қ а б а с а қ а л д ы .  Тура өзі.
М ұ х т а р. Сонда бір бетіңнен ұрса, екінші бетін тосатын 
дәрменсіз сорлы бол демексіз ғой.
Қ а б а с а қ а л д ы .  Иә, қателеріңізді мойындайсыз.
М ұ х т а р. Қалайша? Біле тұра? Өтірік?
Қ а б а с а қ а л д ы .   Бұдан басқа амал жоқ. Егер хал-
қыңызға ең бегіңізді сіңіріп, еліңіз артқан үмітті жазушы 
ретінде ақтағыңыз келсе, жаңа ғана қылт етіп көрінген көк-
тей еңбегіңіздің қаулап өсуін қаласаңыз, баспа орындары 
арқылы ашық хат – мойындау хатын жазасыз. Одан басқа 
жол жоқ.

282
М ұ х т а р. Мынау қорлық қой.
Қ а б а с а қ а л д ы .  Шыдамдылық деген сол. Қорлыққа 
төзу.
М ұ х т а р. Мен сол күннен бастап қазақ халқының 
іздеушім болса да, құтқарушым бола алмайтынына көзім 
жетті. Өйткені ұлттық сезімі оянғанмен, ұлттық санасы әлі 
жетіле қоймаған дәрменсіз еді. Сол күннен бастап менің 
қолдаушым да, жебеушім де орыс демократының рухы еке-
ніне көзім жетті.
Сөйтіп, мен орталық партия газетіне ашық хат жол-
дадым.
Бұдан әрі мақала сөзін Жігіт пен Қыз оқиды.
Ж і г і т. «Социалистік Қазақстан» газетінің нөмірі.
Қыз (оқиды). «Ең алдымен, менің барлық саяси, әдеби 
теріс тіктерімнің себепшісі болған нәрсе не? Ол менің көп 
замандар бойында ұлтшыл алашордашы негізінде төң-
ке 
ріс 
тің жауы болған топтың салт-саналық бағытымен 
байланысты еді».
Ж і г і т (оқиды). «Қазақстанда партия мен үкіметтің 
жүргізіп жатқан ірі төңкерістік шараларына көбіне көзқа-
расым теріс болды».
Қ ы з (оқиды). «Жекелей айтқанда, байлар мен ру 
басыларын конфискелеудің қажеттігін іштей қабыл алма-
дым».
Ж і г і т (оқиды). «Үкіметтің колхоз, совхоз құрылысының 
тұсында істеген берік ұлы шараларына да қарсы болдым».
Қ ы з (оқиды). «Менің өткендегі жазғандарым «Еңлік-
Кебек», «Қаракөз» – ұлтшыл жазушылардың тобына кет-
кендікті білдіретін нәрселер».

283
Ж і г і т (оқиды). «Енді «Қазақстан правдасы» мен 
«Социалистік Қазақстан» арқылы барлық Қазақстан жұрт-
шылығының алдында өзімнің бұрынғы өдеби-саяси істерімді 
осылайша айқын күйде айыптайтынымды ашық жарияла-
мақ боламын».
Қ ы з (оқиды). «Сонымен бірге... енді мәдениет салт-
сана майданының ең жауапты, ең қызу тартысының кезең-
де рін де революция үшін іс істеуге өзімді-өзім міндеттімін 
деп санаймын.
Әуезұлы Мұхтар».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет