Біз біраз отырып əңгімелестік. Əңгімелестік дегенім
бекер болар, негізінен ол сөйледі, мен тыңдадым. Өмір
үшін, өлең үшін, өрен үшін Адамның, Ақынның, Ананың
бітіспес майданы көз алдымда кинодай жүріп өтті. Сондағы
түйгенім, кез келген адамның өмірі – жазылмаған кітап
дейтін болсақ, Марфуға ақынның соқтықпалы-соқпақты
ғұмыры том-том кітап болары анық. Мына баянымыз
соның бастамасы ғана шығар, сірə.
«Егемен Қазақстан» газеті,
13 шілде 2013 жыл
341
Қазтай ƏБІШ
АДАМ ЖАНЫНЫҢ ТАМЫРШЫСЫ
(Танымал ақын Марфуға Айтхожа 60 жаста)
Марфуға Айтхожа Тəңір тауының күнгейінде, əсем Сайрам
көлінің жағасында дүниеге келсе де, өмірдің қилы қиын
бұралаң жолынан өтіп, ақындық ақ арманның соңында сарыла
көз майын сарқып, жалықпай қиял құсын ұшырған, өлең сөздің
табиғи бір тумасы.
Отаншылдық, рухы күшті Марфуға ақынның ең тамаша
жырлары Атажұртта – Жетісу өлкесінде өрістей қанат қағып,
зерделі оқырмандарымен қауышқаны анық. «Тұлпардың
тұрманы» бастатқан жеті жыр кітабы орыс тілінде жарық
көрсе, Таңдамалы жəне «Жапырақ сілкінген кеш» атты өлеңдер
топтамасы ана тіліміздің інжу сөздерімен зерленіп, қалың қазақ
оқырманының алғыс сезіміне бөленді.
Марфуға – бейнелі ой мен мөлдір сезімнің ақыны. Ішкі
арпалыс серпін буырқаныстары да күшті... Сағыныштардың
селіне малшынған ұйқастары, сазды ырғақтары да оқыған сəтте
жүректі шымырлатады. Кейде жылаған жүрегін өлеңі уатса,
кейде жапырақтарды сілкіндірген сезім лебінен рахат табады...
Өзгеше жұмсақ, тəтті мұң əсерінен арыла алмаған шақтары да
аз ұшыраспайды... Тіпті «Жапырақтардың жанарына іркілген
жасты да» көргіш ол. Əсершіл ақынның айтары сол себепті де
құрғақ болмайды. Құба қырды гүлге айналдырғандай нақтылы
шындыққа үйір жанасымдылығымен жаныңа жақын... Өрімдей
бала тəрбиелеп өсіріп, күні бүгін немересін қызықтырған ақын
342
өн-бойынан жыр моншақтары үзіліп-үзіліп жерге тамып түсіп
жатқандай... Мысалы, «Ақ моншағым» деген өлеңін оқып кө-
релікші:
Сен менің кіп-кішкентай мақтаншағым,
Мойныма таққан інжу
Ақ моншағым!
Маздатып қараңғыда жаққан шамым,
Жарқырап маңдайымнан атқан таңым,
Кішкентай ақ моншағым,
Ақ моншағым!
Осы үзіндінің өзінен-ақ үлбіреген жібек сезім, мейірім
нұры аңқиды.
Ал «Тұсаукесер» атты өлеңінде:
Жылама сен,
Құлыным,
Анаң жоқта,
Сай-сүйегім сырқырар,
Алаңдатпа.
Жан жапырақ жайғаны сол емес пе,
Ақ бесікте уілдеп балам жатса... –
деп, аналық жүректің аса бір нəзік сырын мəпелеп оятады.
Қарап отырсақ, Марфуға ақын адам жанының тамыршысы
секілді. Жазудан қолы босағанда, немерелерін ойнатып, рахатқа
бөленген сəттерінде ұйып əн тыңдағысы да келеді. Əсіресе,
жас бала дауысқа іңкəр... Сірə, сондықтан болар «Айнұр əн
салғанда» деп аталатын өлеңінде:
Өмірдің босағасын жайдары аттап,
Қанатын айдын көлге жайған аппақ,
Ұқсаған аққу құсқа бір қыз көрдім,
Тұратын ерініне ай қонақтап.
Мінезі қырмызыдай сызылып тұр.
Кетердей қоңыраулы үн үзіліп бір.
Сызыла таулар толқып,
Жел желпініп,
Жатқандай сол дауысқа қызығып қыр, –
деп тебіренеді.
Иə, осылайша өлеңдетіп, өмір өріне көтерілген Марфуға
міне, алпыс жылды артқа қалдырып, ертеңгі болашаққа қарап
тұр. Ол болашақ – қазақтың қара домалақ ұландары өздерің
ғой.
Ақын өздеріңмен бірге ХХІ ғасырдың есігін ашып, жыр
нөсерін селдете берсін деп тілейік.
«Ұлан» газеті,
1996 жыл, 1 қазан (№39)
344
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ
ЖЫР-АҚҚУЫ ҰЯ САЛДЫ ЖҮРЕКТЕРГЕ
Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің
Мəдениет комитетінің ұйымдастыруымен «Тербейік, тəуел-
сіздік тал бесігін» деген атпен өткен Марфуға Айтхожаның əн-
жыр кеші Президенттің мəдени орталығында поэзия кешінің
тұңғыш рет салтанат құруы еді. Өнер атаулының неше бір түрі
саналуан бояумен жан баураған мəдени ошақ сахнасы бұл жо-
лы бөлек дүбірге бөленді. «Өлең – сөздің патшасына» биіктен
орын тигенде ғана тіліміздің бүгілген тірсегі жазылып, иілген
бұтағы қайта түзуленетініне көзіміз жете түскен. Астанадағы
өнердің ең көркем сарайы осы жолы қазақтың қасиетті сөз
өнерімен қабырғасына қалы кілем жапсырғандай құлпыра
түсті десек, артық айтпаймыз.
Ақын жаны əн бесігінде тербелмей, əсте бір саябыр тапқан
ба? Бүгінде əн сөзін де өзі жазар сазгер некен-саяқ болуы мүмкін,
ал өлеңі мен сазын өзі жазатын ақындар баршылық. Марфуға –
осы қос өнерді қатар қолтықтап келе жатқан ақындардың бірі.
Бұған оның Дəлел Уəшев орындаған «Исламабад аспаны» мен
«Сарбаздар» əні еді. Сөзі мен сазын ақынның өзі жазған бұл əн
бізге бүгін несімен қымбат десек, əлі күнге дейін ұландарымыз
сап түзеп жүргенде орындайтын қазақша əнге аса зəру
болатын. Осы жағынан келгенде, оның ел қорғар азаматтардың
бойындағы отаншылдық рухты оятуға екпін-ырғағы келіп
тұр. «Туған жерді аңсамайтын жан бар ма?» деп Қабылаш
Əбікей, «Ару Алматым» деп Ғалия Байғазинова салған əндер
тербелді. Желпініп, серпіліп Арқаның арқалы ақыны Серік
Ақсұңқарұлы алды баурап арғымақ жырларымен. Фариза
ақын жылы лебіз арнады. Алматы, Қарағанды, Астана қаласы
өнерпаздары жандандырды жыр кешін. Қарағанды облыстық
Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ақын өмірінен үзінді-
көріністер тамашалатты. Тəттімбет атындағы академиялық
халық аспаптар оркестрі əн, күйімен шуақтандырды. Жыр
кешінен жұрт лəззат алып тарқасатындай, оның бас-аяғын жып-
жинақы етіп əзірлеген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
режиссер Сəулебек Асылхановтың шек келтірмес шеберлігіне
жұрт тəнті болды.
«Егемен Қазақстан» газеті,
13.10.2001 жыл
346
Жанат ЕЛШІБЕК
ҚЫРАН-ЖЫР ҚАНАТЫ ТАЛМАЙДЫ
немесе
ОҢАШАДА ӨЛЕҢМЕН СЫРЛАСУ
...Жазу үстеліне табандап отыра алмай қиналғаныма
біраз уақыт. Түрлі-түрлі себеп, күйбең-күйбең тіршілік
қолыма қалам алғызбай-ақ қойғаны. Əншейінде бай-
қамайтын секілдіміз, əйтпесе, газет жұмысы да жүйкеңді
жонып, ынта-ықыласыңды мүжіп тастайды екен-
ау. Осындай шаршаған сəтіңде өлең шіркін, жаныңды
жадыратып, көңіліңді сергітіп бөлекше желпінтетіні
анық!..
...Бұл фəниде кітап парақтамайтын бірлі-жарым
адамды ұшыратып қалуың əбден мүмкін, бірақ өлең
оқымайтын қазақты кездестіруің екіталай. Өйткені, өлең
дегеніміздің өзі – қазақ дегеніміз ғой!..
...Қалт еткен бос мезгілде жыр жинақтарына қол созу
қашанғы əдетім. Əдемі əсерге бөлеп, ойға шомдырған
шумақтарды қайталап оқудан жалықпайсың. Ал жыр
мұхитынан сыршыл да нəзік жүректі танымал ақын Марфуға
Айтхожаның маржандай асыл өлеңдерін де оп-оңай сүзіп
аларың хақ. Өйткені, өзгеге ұқсамас дара қолтаңба əркез
көзге оттай басылады. Оны айғақтау үшін ақ тер, көк тер боп
ақын кітаптарын түгел оқып шық деуден аулақпыз. Жоғарыда
мезгеген жыр жақұтының алуан-алуан жарқылын жеткізер
347
«Жапырақ сілкінген кеш» кітабындағы «Қайран, Талқы
таулары-ай!..» өлеңдер топтамасына назар аударсаң, жетіп
жатыр. Сағынышқа толы, мұңайысқа толы жыр жолдары алыс
көкжиектерге жетелей береді, жетелей береді. Кəні, қадірлі
оқырман, өзіңмен бірге сағыныш жырларына үңілейікші.
Өлеңнің өніп жатса тасқа гүлі,
Жұртыма жетіп жатса асқақ үні.
Табаны аумай өтсе туған жерден
Адамның болар ма екен басқа мұңы?!
Тағдырдың тəлкегімен өз атамекенінен үдере көшкен
бабалардың тұяғы егіле, жүрегі езіле жыр селін тасқындатады.
Бүкіл жастық ғұмыры аңсаумен өткен ақын жүрегінің дүрсілі
сайын дала төсін дүбірлеткен арғымақтар дүбіріндей естілері
анық. Күні кешеге дейін қазағымыздың тұтас бір шоғыры
өзінің туған жерін де айтпай келгені жасырын емес. Отыз
жыл бойы өзінің ата-бабалары кіндік қаны тамған жерге құлақ
түрумен, көз сүзумен жүрген ақын туған топырақты басқан
кездегі көңіл-күйін төмендегіше жеткізеді:
Туған ел!
Өзіңе арнап өлең жазам,
Көз емес,
Жүрегімнің жасыменен!
Балдəурен балалық шағы, құрақтай желкілдеп өскен,
табанының ізі қалған туған жердің тасы да, суы да, шөбі де
еріксіз көзге жас үйіреді. Тағы да сағынышты жырлар тілге
үйіріледі:
Көрейін мен де өзімше ширатылып,
Жүрегі құштар жан ем жырға тұнық.
Жүйрік қой желген аттай уақыт деген,
Жүргенді көтермейтін ырғатылып.
Жүрген соң сағыныштан қанат байлап,
Өзіне адам биік талап қоймақ.
Кездесер осы күннің сəтін тосып,
Жүрегім тайдай тулап,
Таң атты ойлап.
Сарғайып жүдейді екен
Жапырақ та.
Көзіммен көк тауларды күнде шолып,
Жүрегім қақ бөлінер екі жаққа.
Араға жылдар салып туған жермен қауышқан ақынның қай
өлеңі болсын сезімді шақтарға бөлейді-ау. Сағыныш саздары
бірде мұңға, бірде ойға шомдырып түрлі-түрлі күй кешіреді.
Бір ғажабы, ақын жүрегін екіге бөлген өлең жолдары боркемік
күйге түсірмей, керісінше, төңірегіңе келешек биіктер төрінен
көз салдырады. Жаныңа жігер беріп, құштарлық сезіміңді
одан бетер оятар Марфуға жырлары талай жүректерді шым-
шым дірілдетері де белгілі. Сағынған жүректің ұшырар жыр-
кептерлері самғай берсе екен деп тілейсің іштей. Тек, жыр
қанаты талмасыншы...
349
Бижамал РАМАЗАНОВА,
философия ғылымдарының кандидаты
ЖЫР-ҚАЙНАРДАН АТҚЫЛАП ОЙ БҰРҚАҒЫ...
Қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожаны көпшілікке
таныстырып жатудың қажеті шамалы. Қырық жылдан бері
жыр төгіп, жиырмадан астам жинақ ұсынған ақын аты исі
қазаққа кеңінен мəлім. Ол əр жинағы сайын өсіп, бүгінгі
заманның ең көкейтесті мəселелерін көркем де айшықты жыр
жолдарымен көмкеріп жазып, көркейтіп айта білген, халықтың
ойындағысын, көкейіндегісін дөп басып жеткізумен келе
жатқан ақын. Қолымызға алған «Аңсау» кітабының ойлы да
сапалылығына еш күмəнсіз қуанышпен қолға ұстағанымыз
да сондықтан. Кітапты оқу барысында заман үнің, уақыт ты-
нысын, қазақ басындағы халыққа ортақ қуаныш пен қайғыны,
жеке басқа тəн бақыт пен шаттықты, бір сөзбен айтқанда,
жиырмасыншы ғасырдағы қазақ тағдырын көз алдымызға
елестетіп, тыныс-тіршілігін сезініп, көре алдық. Жəне əсем де
ойлы жырларға сусындадық. Қазақтың өлең-жыры десе аты
ауызға алдымен оралатын санаулы ақындардың бірі – Марфуға
Айтхожа бұл жинағында да рухани өскені, поэзияның, бүгінгі
қазақ поэзиясының нақты биігін көрсете алатындығын айтты.
Шалғайды,
Елеңдеткен жақын елді,
көңілдері көптен күткен сəті келді.
Қар қымтап кең даланы аппақ ұлпа,
Көңілді қуаныш құшып жатыр енді, –
350
деп шаттана бастайды ақын «Ғасыр үні» өлеңінде. Бұл
жинақтың ең басты ерекшелігі – ақынның қазақтың соңғы
он жыл көлеміндегі тірлігін, егемендік пен тəуелсіздікке қол
жеткізгеннен кейінгі бақытқа «мас» шағын асқақ та əдемі
жырлай білуінде. Өнердегі, ғылымдағы, мəдениеттегі жеңіс-
жетістіктерді, егемен еліміздің тəуелсіз тұғырын асқақтататын
тұлғалы ұл-қыздарымыздың табыстарын шынайы да əдемі
жырлайды. Кітап осы пафосымен құнды.
Жинақтың негізгі ой жүйесі «Ғасырлар үні», «Ислама-
бад аспаны», «Жетісу суреттері» деген үш бөлімнен тұрады.
Əрқайсысы тақырып мазмұнын айшықтап көрсетеді. Əдемі
өлеңдер əдемі теңеулермен көмкеріліп, сыршыл жүректен сыр
ақтарады. Мұңайтатын да, қуантатын да, шаттандыратын да,
ойландыратын да жырлар жетіп артылады. Себебі, жиырма-
сыншы ғасырдағы қазақ тағдыры əрқилы...
Өткенге салауат айта отырып, жиырмасыншы ғасырдың
қыры мен ойпатын, қоштасуы мен қауышуын, күрсінуі мен
аңсауын, артта қалған мұңы мен келер ұрпаққа айтатын ама-
натын кең шолып, жүрекпен тебіреніп, отты өлеңдермен
оқырманына жеткізеді.
Батыр Баукең – Бауыржан Момышұлы: «Ақын болу үшін
алдымен терең ой керек, тебіренетін жүрек керек», – деген екен.
Марфуға-ақынның жүрек тебіренісінің кілті – Арқаның сама-
лы. Талқының табиғаты, Шалкөденің шалғыны, Жетісудың
жаннат даласы. Жер – Анаға жүгінген, табиғатқа табынған
жырлармен кең-байтақ қазақ жерін қорғаған қаһарман батыр-
лар мен данышпан бабаларының атын атап, олардың ерен
еңбектерін баяндап, бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етеді.
351
«Аңсаудың» аздап айтарлық артықшылығы: ол тəуелсіз
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде еселі еңбек еткен, маңдай
терлерін төккен сан-саладағы саңлақтардың, аттары аңызға
айналған азаматтардың есімдерін мақтанышпен тарихтайды.
Жəне əрқайсысының бейнесі қайталанбас теңеулермен көркем
кескінделеді. Біз өзіміздің таныс-білісіміздің келбетін көріп
қана қоймай, қазақтың биік тұлғалы азаматтарымен жақын та-
нысамыз. Бүкіл қазақ даласының демін естиміз.
Əсіресе, «Жетісу суреттері» лирикалық поэмасын оқыған
кезде бөлекше бір шаттыққа бөленеміз. Себебі, мұнда Жетісу
аймағын көркейтуге, гүлдендіруге үлес қосқан аға буынмен
қатар бүгінгі ұрпақтың да бейнесі көрінеді.
Көлемді дастан оқырманын жалықтырмайды, қайта оқы-
ған сайын ынтықтырып отырады. Жетісу қашаннан құт-береке
дарыған, қазақтың əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрінің қаймағы
бұзылмаған аймақ. Сонау ерте заманнан-ақ халқымыз бұл
өлкені «Жер ұйығы – Жетісу» деп атаған. Сол өңірде туып-
өскен əр ұрпақ өкілі атамекенінің гүлденуіне, болашағының
жарқын болуына ілкімді үлес қосып келеді. Сара ақын, жыр
Құлагері – Ілияс, Ғали Орманов бастаған ірі тұлғалардың
өнердегі, мəдениеттегі үлгілі істерін кейінгі ұрпақ жалғас-
тыруда. Қос мəрте Социалистік Еңбек Ері атанған Нұрмолда
Алдабергенов бастаған еңбекшілер əулеті бір төбе. Ғылымнан
ғибрат терген азаматтар қаншама?!
Күллі Жетісу аймағын көзбен шолғандай, əр кейіпкермен
дəмдес болғандай əсер аласыз. Поэма деректілігімен жəне
жүрдек те жауһарлы жырларымен құнды.
352
Көзіме елестетіп ғұмырымды өткен,
Отырмын іштей толқып,
Күбірлеп мен.
Біржан мен ақын Сара айтысы ғой,
Жетісу мен
Арқаны дүбірлеткен!.. –
деп алып, сол заманды, кейінгі уақытты, даладағы жəне қала-
дағы жақсы істерді тілге тиек еткен ақын əркімді əрқилы ойға
жетелейді.
Ақиқатқа сүйенсек, қоғам өзгерген, заман жаңарған өтпелі
кезең тұстарында көптеген ақындардың жырлары көңіл-күй
реніштеріне, дəрменсіздік пен уайымшылдыққа бой ұрған
кездері аз болмады Ал, Марфуға Айтхожа болса сұңғылалы
сұңқып салған терең оймен:
Аз емес қолым жеткен табысым да
Арыстарым елімен қауышуда! –
деп бір желпінсе, ізінше:
Аналар бөленбесін күйіктерге,
Жалғасын ерлік жолын жігіттер де!
Қызыға қалсын қарап жарық əлем,
Тəуелсіз Қазақстан – сүйікті елге! –
деп марқайды.
Сары уайым, сенбеймін байбаламға,
Бəрі де бар, жетеді, бай далам да!
Жерін еміп тұрғанда – елім де бай,
Сабыр етем,
Əріден ойланам да, –
353
деп көтеріңкі рухпен шаттана жырлайды, ұлтжандық таныта-
ды, ер дəулеті, ел даңқы арта беретініне сенеді, сендіреді. Кітап
жаңа ғасырға жырмен шашу шашады.
Хантəңірі мен Алатаудың, Атырау мен Алтайдың, Сарыарқа
мен Жетісудың, қасиетті Түркістан мен Жидебайдың, Ұлытау
мен Қаратаудың, ақша бұлттардың ар жағындағы ғарышқа
қолы жеткен қазақтай қайсар елдің батыл да батыр азаматтары,
ұлдары мен қыздарының жыр керуенімен бірге жылжып, за-
ман үнімен үндесіп, келешекке қадам басып бара жатқанының
суретін береді.
Ақынның сағыныш сүйгіш ерекше сезімталдығынан туын-
дап, аңсау мен қауышудың түйіні шешілген «Аңсау» деп ата-
латын кітабы оқырманды жайбарақат қалдырмайды. Жинақта
ананы қадірлеуді аса бір ыждағаттық сезіммен жырлайды.
Ананың аялы алақаны, қайырымды жүрек дүрсілі, балаға деген
махаббаты оқырман жанын көптен сезінілмеген жылылыққа
бөлейді. Марфуғаның ана тақырыбына ерекше шабытпен ба-
руы – табиғи құбылыс. Себебі, оның аяулы анасы арғы бет-
те қалған. Баласына деген аманаты көп еді: туған жерге жетіп
жығылу, атамекен топырағын сүю, бауырлар ортасында болу.
Оны Марфуға орындады. «Қайран анам қайта алмай арғы
беттен, Жетісуын аңсаумен зарығып өткен» деген жолдар-
ды оқыған кезде елін-жерін сағынып, оның ауасын жұтуды
арман еткен, қазақ еліңнің келешегін көргісі келген ананың
күрсінісіне құлақ түреміз. Тағдырдың тəлкегімен жат жұртта
өмір сүріп жатқан, өз үйіріне қосыла алмай жүрген қазақ
ұрпақтарының мұңын түсінеміз. Өксігі басылмай; ел аңсаумен
күн кешкен тəуелсіз Қазақстанның тілегін тілеп, бебеулеп
отырған қандастарымыздың көңіл-күйіне ортақтасамыз.
«Аңсау» – Марфуға Айтхожаның ақындық шыңының
асқарына көтеріліп, шабыты шалқыған, тілінің кəусарынан
қана сусындаған, сезім əуені асқақтаған кезі. Ақжарма сыр, ақ-
жолтай тілек толы өлең өрімдері су төгілмес жорғадай жортып,
оқушысын бұйдалап баурайды.
Ақынға шығармашылық шабытының таси беруін тілеп,
əр уақытта жыр додасында қара үзіп, дара кел демекпіз. Бұл
жинақ бір топ қаламгерлердің еңбегімен бірге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып отыр.
Марфуға Айтхожаның аңсарлы ой-армандарының бесігі –
«Аңсау» өз биігінен көрінетініне сенім мол. «Аңсау» – Марфуға
ақынның толысқан, жыр əлемінің көгіне шалқи шарықтап,
өзінің айтулы ақын екенін танытқан шығармасы.
355
Жанат ЖАУБАСОВ
МАРФУҒАҒА
Жыр – айдын көлі, сен бір Аққу киелі,
Өлеңдерің жанға жайлы тиеді.
Қытай, Болгар кітабыңды аударып,
Орыс елі жырларыңды сүйеді!
Талантты құрметтейді бар елдер,
Оны сенің жетістігің дəлелдер.
Алтын медаль атындағы Есенин,
Нақтылайды ақындықты кемеңгер.
Алыптардың сарқытысың бұрынғы,
Моңғол халқы тербетеді жырыңды.
Кешегі өткен Қадыр, Тұмаш ағалар,
Еркелетті, ақын қызды бұрымды.
Мақтап жазды Сыр ағаң мен Ғафекең,
Бұлақ жырың дарияның басы екен.
Өлеңіңнен, өзіңнен де байқалар,
Өмірменен күресу мен бəсекең.
Берік болсын мызғымайтын босаға,
Өмір-өзен, жылжи берер тоса ма?
Егеменді еркін елдің ақыны,
Ортамызда бақытты өмір кеш, Ана!
«Қазақ əдебиеті» газеті,
21-27 қазан 2011 (№42)
356
Жарасқан ƏБДІРАШЕВ
МАРФУҒА АЙТХОЖАҒА
Күтіп жатқан айдынды –
Көрмесең де анықтап,
Бетке аласың Ай-Күнді
Аққу болып қалықтап...
Жұтып таңның нұрларын
Сыр айтасың желге кіл...
Соңғы кезде жырларың
Түспей қойды-ау жерге бір.
* * *
Өмірде де «Сіз» дейді,
Өлеңде де «Сіз» дейді.
Үлкенге де «Сіз» дейді,
Кішіге де «Сіз» дейді.
Сыпайылық қалпымен
Сыйластығын үзбейді!
Келе жатыр «Сен» демей,
«Кереметпін – мен!» демей.
Ағаларға – келіндей,
Інілерге – жеңгедей.
Түптің-түбі төзімін
Тек ашуы жеңбегей!
Ақ пейілін ақтайық,
Біз де мəрттік сақтайық!
Тым болмаса осынау
Мейрамдарда мақтайық!
«Қазақ əдебиеті» газеті,
08.02.1985 жыл
358
Жəркен БӨДЕШҰЛЫ
САРҒАЙЫП ТУҒАН ЖЫР ЖҰЛДЫЗ
Мен басынан өткен тағдыры бір, көзден аққан жаңбыры
бір, мұңдас, сырлас əпкем Марфуға Айтхожаның жырлары, сан-
алуан қырлары жайлы тұңғыш қалам тартып отырғаныммен
Шайырдың періштедей кіршіксіз, қаңтардың қарындай таза,
таудың бұлағындай мөлдір де тұнық поэзиясына баяғыдан бері
қанықпын.
Алаштың өнер аспанында бірін-бірі күндемей, бірінің
жүзіне бірі көлеңке түсірмей, əрқайсысы өз орнында жарқырап
жанып тұрған үркердей бір шоғыр жыр жұлдыздарының ішінде
оның жұлдызы ерекше сарғайып көрінеді. Неге сарғайды? Нені
күтіп сарғайды? ...Жезқармақтай сарғая қадалып тұрған осы
бір заңды сауалдың құпия, сырлы жауабын қайдан іздеп, қайда
барып табамыз?
Қанатын көзден жасырып ұшатын немесе шарықтап ұшса
да, жер бауырлап қонса да қанаты көрінбейтін бір құпия құс
болса, ол құстың шын аты – ақын. Əу баста Құдай оны осылай
жаратқасын осылай айтуымыз керек шығар. Əлгі сауалдардың
жауабын Сарыарқаны айналып сандалмай-ақ, сөзімізге ұйтқы,
ойымызға түрткі болып отырған Марфуға ақынның кісілік
болмыс-бітімінен, тарпаң тағдырдың маңдайына жазған
шытырман жазу сызығынан іздеп табарымызға ешкім күмəн
келтіре алмаса керек.
Асылы, Марфуға ақынның тағдыры – көп сарғайып, аз
көгерген тағдыр. Бұлай дейтініміз негізсіз емес. Болашақ жыр
359
жұлдызының туған əкесі Ғали жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіров
дүниеге келген Ақсу өзенінің «Қарағаш» ауыл мектебінде
мұғалім болып жүрген жерінде жазықсыз жалаға ұшырап,
абақтыға жабылады да, құлын-тайдай тебісіп өскен тете інісі
Шаймерденді сол кездегі кері заман шырғалаңына түсіріп,
ақыры атып тыныш табады. Ақынның үлкен атасы Айтқожа
қажыны ақ сақалын желпілдетіп итжеккенге айдатып, əжесі
Опа бəйбіше, Төретұрсын, Құдиярхан, Гүлмəнуар деген
балаларымен бірге тірі жесір болып қала береді де аштан өледі.
Асыраушысынан айырылған үлкен ошақ күйзеліске ұшырап,
керегесі сөгіліп, шаңырағы шайқалған соң, аман қалғандары
амалсыздан Ақсу өзенін өрлей көшіп түрмеден қашқан Ғали
ақсақалдың артынан ақынның анасы Бифатима, үлкен ағасы
Шаяхмет Қытай асып кетеді. Қазіргі Қапал ауданында атажұрты
сарғайып қала береді.
Басқаны қайдам, енесінен еріксіз айырылған құлынның
жанұшыра кісінегенін, боз інгеннен бөлінген боз ботаның
қоңыраудай күмбірлеп боздағанын естіген, баласынан айы-
рылған бейбақ ананың етегі жасқа толып, шашын жайып
жылағанын көзімізбен көрген мына біздер қолымызға қалам
алғанда басымызға нелер келіп, нелер кетпейді десеңізші?!
Ақын Марфуға осы бір удай ащы, мұздай суық шындықты
ширықтыра толғағанда көзіңе жас үйріліп, санаңа сағым
ойнағандай болады. Ақынның өз əріптес қаламдастарынан
ерекшенелер тұсы да, міне, осы тұс.
Тағдырды ешкім таңдап алмайды. Құдай басқа салған соң
жыламай көрісе бер... бір себептен Марфуға əпкемді ақпа
жырау ақын еткен де, мұнарлы мұңға жақын еткен де, сарғайған
сағынышқа бақыл еткен де – тап осы тағдыр.
360
...Сонымен, атажұртынан ауа көшкен манағы шаңырақтың
бір қызы байырғы Шығыс Түркістанның ұжымақ өлкесі – «Жер
атаулының қолқасындай, сулары сорпасындай» – Іле өзенінің
масатыдай құлпырған жағасында, Хантəңірі тауының терең
сағасында, арудың қарашығындай тұңғиық Сайрам көлінің
сабасында шыр етіп дүниеге келіпті. Көздің жауын аларлықтай
сұлу жер өзіңдей көркем ақын қыз өсіргенін кейін білді.
Арада аттай отыз жыл өткен соң сарғая күтіп жатқан жұртына
Марфуғаның туыс-туғандары қайта оралады. Ендігі жерде əке-
шеше, аға-бауырларының туған жерін, өскен елін сағынған
сарытап сағым-сағынышы Марфуғаның басына үйіріледі.
Қытай мен Кеңес үкіметі бір-бірімен жамандасып тұрған сол
бір замандарда, екі ел бір-бірінің шекарасынан ұшқан құс,
жортқан аң, ескен жел өтпестей темір тормен құрсаулап тұрған
шақта, бір-бірінен көз жазып, бөлініп-жарылып қалған ағайын,
туғандар ондаған жылдар бойы бір жапырақ хат-хабар алыса
алмай, өлі-тірісін білісе алмай күйзеле торықты. Жалғанда
жалған жалғанда, Тəңірі басқа салғанда жер сағынышы қиын
екен. Оны да мына біздер басымыздан өткіздік. Бастан өтпесе
мынадай жыр шумағын Құдайдан бір сұрап ала алмас еді менің
ақын тағдырласым:
Қоршалып тұрған елдің төңірегі,
Шекара десе тілім бөгеледі.
Келеді ұшып кеткім шекарадан,
Даланың сияқтанып көбелегі...
Əгəрəки, жүректен тулап туған осы туынды қылышынан
қан сорғалап тұрған Кеңес империясының тұсында бұл
күйінде жарық көре қалса, ұрынарға қара таба алмай, ақынның
361
қаламының ұшынан кір іздеп жүрген бір пəле «ойбай, пəленше
ақын Қытайға қашып кетуді дəріптеп жатыр, ойбай пəленше
қаламгер Кеңес өкіметінің қанатты құс ұшып өте алмайтын
шекарасынан көбелек ұшып өтеді деп ұлы қорғанысымызды
тəрк етіп жатыр» деп, бір мезгіл қара дауыл соқтырған болар
еді. Бостандық пен тəуелсіздіктің қадірін бір білсек осындай
кезде біледі екенбіз. Туған халқының бодандықтан бостандыққа
шыққанын өз көзімен көрген қазақ ақындары қандай бақытты
десеңші.
«Сарғайған жетер мұратқа» демеуші ме еді туған халқымыз.
Жылай-жылай көзінің жасы сарқылайын дегенде, күте-күте
үмітінің бұлағы тартылайын дегенде, құлан қара бұрымы
бурыл тартқан кезінде ақын аңсаған арманына жетті. Туған
топырағына аунап қайтудың мүмкіндігіне ие болды.
Қайран Талқы таулар-ай, биік неткен,
Сен екенсің іштегі күйік көптен.
Қарап тұрмын қасыңда көз ала алмай,
Бұрынғыдан кетіпсің биіктеп сен.
Немесе:
Көрсетші көлденең су, көк салаңды,
Айыптама көз жазған көп балаңды.
Төркіндеп келген қызың мен боламын,
Алыста жүріп білген тек бағаңды.
Елжіреп егіліп айтса да, толассыз төгіліп айтса да, ақынға
нанасыз. Осындай сағыныш пен өкінішке толы жыр жолдарын
Мəкеңнен оқып отырған кезімде, иə болмаса осындай-осындай
аңсау мен арманға толы жыр жолдарын өзім де ауық-ауық
толғап отырған кезімде, тағы бір тағалы ой келеді басыма.
362
Астарлап айтсақ та, аспандап айтсақ та енді біздер туған
топырақ – бұдан былай басқаның отаны, басқаның топырағы.
Ол топырақ енді бізге бұйырмайды. Ол жерге қолында қызыл
таңба басылған «шақырту» деген бір жапырақ қағазың болмаса
аттап баса алмайсың. Ешкімде де жер дауымыз, жесір дауымыз
жоқ. Басыңды тауға ұрсаң да күрке тауықтай бауырына басып
жатқан жерін саған бермейді. Ішің удай ашып, кеудең қара
қазандай қайнайды. Амал бар ма...
Марфуға ақынның дауысы еліміз тəуелсіздік алып, өз алдына
шаңырақ көтеріп, көк туын көлбеткелі əрі айқын, əрі еркін
шықты. Цензура дейтін темір үйшіктің кезінде айтқызбайтын,
айтып қалсаң қырқып, жыртып құртып, өшіріп тастайтын жыр
жолдары бұл күндері елмен бірге егемендік алып, елмен бірге
еңсесін көтерді. Көп бөгесін көріп, көп іркіліп қалған уытты
ойлар ақынның соңғы жазған шығармаларында айрықша көзге
ұрып тұрады.
Өз қолымда бағым да, бақытым да,
Білген біле жатады уақытында.
Басымдағы бақытым – еркіндігім,
Керек емес алтының, жақұтың да.
Көре, көре талайын қиянаттың,
Көкірегіме көп арман ұялаттым.
Қалың ойға қамалған мен секілді,
Бұлт астынан қарайды сығалап күн.
Немесе:
Арғымаққа кигізбеңдер ноқтаны,
Ноқталанған арғымақтың жоқ сəні.
Жіберіңдер кең көсілген далаға,
363
Арғымақтың көбейсінші топтары.
Тимесе екен содырлардың шоқпары
Жанарымда жансын дала шоқтары.
Дүбірлетіп көкірегімде тосын бір,
Жүр ме деймін белестерден тосып жыр.
Құрық тимес құландайын қырдағы,
Талай қиял,
Қайыру бермей босып жүр.
Кезегі келгенде айтпаса сөз төркіні өкпелейді. Ақынның
маңдайына бақ болып қонған көптеген жақсы жырларын
тұшына оқып жүрмін десем де, расымды айтсам, «Ауладағы
гүлге қарап» деп аталатын əдемі туындысына өлердей
ғашықпын. Осы өлең басылған «Жапырақ сілкінген кешті»
сол үшін жақсы көремін. «Жапырақ сілкінген кештің» сол өлең
басылған беті көзіме оттай басылады да тұрады. Оны ауық-ауық
оқып қоймасам көңілім көншімейді. Ол өлеңнен əрі тəкаппар,
əрі нəзік, əрі таза ана жүрегінің лүпілін сезгендей боламын мен.
Бұл өлеңнен мəңгі солмайтын өмір гүлін көргендей боламын
мен.
Су берші гүлге, қызым,
Шөлдеді ғой,
Шөл буса нəзіктіктің өлгені ғой.
Ауладан көкке қарап мұңаяды,
Сарғайған жапырағы шөлдегідей.
Тағдыры екіталай сында қалған,
Сабағын ақ шырмауық шырмап алған,
Қан жүрмей қылдай нəзік тамырына,
Булығып шыға алмай тұр шырғалаңнан.
Сүюші ең сұлулық асқақ əнін,
Күнім-ау,
Гүлге неге пəс қарадың.
Қарашы гүл көркіне қыз көркіндей,
Иісі аңқиды онан жас баланың...
Солмасын сұлулықтың асыл көркі,
Қонбасын оған мұңның масыл дерті.
Солғын гүл дүр сілкініп есін жисын,
Көзіңнің жалғыз тамшы жасын берші.
Құлпырып тұра берсін өз қасыңда
Мезгілсіз өмірі оның тозбасын да,
Өшкенді жандыратын құдірет бар,
Адамның мөлдіреген көз жасында.
Демек, қаламы құрғамайтын алғыр ақынның жыр жұлдызы,
қазақ елінің, Алаш жұртының тəуелсіздігін күтіп сарғайыпты.
Елінен ауып кеткен көштің қайта оралуын күтіп сарғайыпты.
Кіндік қаны тамып, кір жуған өлкесін аңсап сарғайыпты.
Марфуға Айтхожаның «жыр жұлдызы сарғайып туды» дейті-
нім де осыдан.
Достарыңызбен бөлісу: |