Жануарлар


Оңтүстіктік алып дауылпаз



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Оңтүстіктік алып дауылпаз
Оңтүстіктік алып дауылпаз – ең үлкен дауылпаз. 
Оның ұзын шошақ қанаттары және үлкен тұмсығы 
болады. Бұл оңтүстіктегі Маккуори аралдарында, 
Херд және Мак-Дональд аралдарында, 
антарктидалық аралдарда, атап айтқанда, Хокер 
және Фрейзер аралында ұя салады.
Арқасы қара альбатрос
Арқасы қара альбатростар Гавай аралдарында 
кездеседі. Барлық альбатростар секілді олар да 
уақыттарының көп бөлігін теңізде өткізіп, құрлыққа 
тек ұрпақ әкелу үшін ғана оралады. Бұл құстар 
өздерінің ерекше қамқорлықтарымен белгілі. 
Қамқорлық көрсету кезінде олар бастарын иіп, шайқап 
және тұмсықтарын аспанға көтеріп билейді.
Қар дауылпазы балапанымен
Оңтүстік алып дауылпазының балапаны
Арқасы қара альбатрос балапандарын 
қоректендіруде
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
81

Қоқиқаздар – қызғылт немесе қою қызыл түсті қауырсынды үлкен жыл құстары. Олардың 
жіңішке сопақша  пішінді денелері, жарғақ саусақты өте ұзын аяқтары және ұзын майысқақ 
мойындары болады. Бұл құстар Антарктидадан басқа барлық құрлықтарда өзен сағалары 
мен суы тұзды және қышқыл көлдерді мекендейді. Қазақстанда қоқиқаздар сәуір айынан 
қыркүйек айына дейін болады, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында қыстайды. Сирек 
кездесетін құс болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 
Қоқиқаздар
Түрлері
Қоқиқаздардың алты түрі белгілі, олар – 
үлкен қоқиқаздар, кіші қоқиқаздар, чилилік 
қоқиқаздар, Джеймс қоқиқазы, Анд қоқиқаздары 
және америкалық қоқиқаздар. Биіктігі 1,5 м-ге 
дейін жететін үлкен қоқиқаз осы тұқымдастың 
ішіндегі ең үлкені болса, кіші қоқиқаз ең 
кішкентайы болып табылады.
Сүзіп жегіштер
Қоқиқаздар – сүзіп жегіш құстар. Олардың 
тұмсықтарының ішінде қоректі судан сүзіп 
алатын қатты қабаты болады. Олар қоректі іздеу 
барысында бастарын толығымен суға батырып 
алады. Қоректі тапқанда бастарын шығарып 
алып, судан тазарып жатқанда аталған қабат 
қоректі судан сүзеді.
Өз-өзін тазалап жатқан қоқиқаз
Тұмсықтары
Қоқиқаздардың 
тұмсықтарының 
пішіні өте ерекше 
болып келеді. 
Тұмсықтары орта 
тұсында төмен қарай 
майысып иілген. 
Басқа құстарға 
қарағанда, олардың 
тұмсықтарының 
төменгі жағы 
үстіңгі жағымен 
салыстырғанда 
үлкенірек болады. 
Мұндай ерекшелік 
олардың су мен 
батпақта қорек 
табуына көмектеседі.
Қоқиқаздардың 
тұмсықтарының 
түсі түрлеріне 
байланысты әр 
түрлі болады.
82

Ұялары мен жұмыртқалары
Қоқиқаздар ұяларын таяз суларда батпақтардан 
конус тәрізді төбешік жасау арқылы соғады. 
Аналық қоқиқаздар бір немесе екі жұмыртқа 
салады. Әдетте, жұмыртқалары аппақ болады. 
Жұмыртқаны еркегі де, ұрғашысы да кезектесіп 
басады. 
Жұмыртқа 
26-31 күн 
аралығында 
жарып  шыға-
ды. Олар ба -
 ла пандарын 
75 күнге дейін 
қоректендіріп 
күтеді. 
Үлкен қоқиқаз
Үлкен қоқиқаздар – барлық қоқиқаздардың 
ішіндегі ең кең тарағандары. Олар Орталық 
және Оңтүстік Америкада, Кариб аралдарын да, 
Оңтүстік-батыс Еуропада, Азияда және Африкада 
кездеседі. Олар топтар немесе колонияларда өмір 
сүріп, қоректенеді. Бір колонияға 200 000-нан 
артық даралары кіруі  мүмкін.
Кіші қоқиқаз
Африка мен Оңтүстік Азияда кездесетін кіші 
қоқиқаздар – ең кішкентай және ең көп кездесетін 
түрлер. Бұлардың қауырсындары мен аяқтары 
қызғылт түсті болып келеді. Бұл қоқиқаздардың 
санының көптігіне қарамастан, олардың ұя салуына 
ыңғайлы аймақтар аз. Сондықтан оларға жойылу қаупі 
төніп тұр. Олардың жұмыртқа басатын орындарының 
көбі ластанудың салдарымен климаттық өзгерістердің 
нәтижесінде бүлініп кеткен.  Сонымен қатар, көп ұя 
салатын орындарда жасанды бөгеттер мен басқа да су 
құрылыстары салынған. 
Америкалық қоқиқаз
Америкалық қоқиқаз немесе карибтік қоқиқаз – 
ең ашық түсті қоқиқаздар. Бұл – Солтүстік 
Американың жергілікті жалғыз қоқиқазы. 
Бұл мүйістерде, батпақты жазықтарда және 
де Кариб аралдарының көлдерінде, Юкатан 
түбегінде ұя салады.
Қорек іздеп жүрген 
америкалық 
қоқиқаз
Су бойымен келе жатқан кіші қоқиқаз
Үлкен қоқиқаздар тобы 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
83

Тырналар – аяқтары, мойны және тұмсықтары ұзын жіңішке болып келетін жыл құстары. 
Олар Оңтүстік Америка мен Антарктидадан басқа әлемнің барлық жерінде кездеседі. 
Тырналардың көбі Солтүстік жарты шарда өмір сүріп, Оңтүстік жарты шарға тек қыс кезінде 
ғана ұшады.
Тырналар
Қорегі
Тырналар әр түрлі өсімдіктермен 
және жануарлар секілді азықпен 
қоректенеді. Жаңғақтарды, жидектерді, 
жемістерді, дақылдарды және 
жапырақтарды тауып жейді. Сонымен 
қатар, олар жәндіктермен, кішкентай 
жыландармен, кесіртке сияқты 
жорғалаушылармен және кішкентай 
сүтқоректілермен қоректенеді. Олар көп 
уақытын батпақты жерлерден қорек 
іздеп балшықты қазумен өткізеді. 
Қызыл тәжді тырна
Қызыл тәжді тырна немесе жапондық 
тырна – ең үлкен тырна. Оның қызыл 
тәжді деп аталу себебі – басының 
төбесінде қызыл қауырсындары болады. 
Бұл тырналар Ресейде жұмыртқа 
салып, қысты Кореяда (оңтүстікте 
де, солтүстікте де), Қытайда және 
Жапонияда өткізеді. Сонымен қатар, 
қызыл тәжді тырна өте сирек кездеседі, 
оған жойылу қаупі төніп тұр. Олардың 
небәрі 1200-і ғана дарасы қалған.
Қызыл тәжді тырналар 
Тырналардың түрлері
Тырналардың 15 түрі 
белгілі, оларға қара тәжді 
тырналар, сұр тәжді 
тырналар, кәдімгі 
тырналар, Канадалық 
тырналар, америкалық 
тырналар, үнді тырналары, 
австралиялық тырна, 
сібірлік тырналар, даур 
тырналары, қара тырналар, 
қара мойынды тырналар, 
қызыл тәжді тырналар, 
жұмақ тырналары, ақбас 
тырналар және сырғалы 
тырналар жатады. Жұмақ 
тырнасы, қызыл тәжді тырна, 
үнді тырнасы, сібірлік тырна, 
сырғалы тырна мен америкалық 
тырналар – 
жойылу қаупі бар тырналар.  
Қара тәжді, қара 
мойынды, тәжді 
тырналар, 
қара және даур 
тырналарына да 
қауіп төніп тұр.
Тәжді тырна 
84

Қара тәжді тырна
Қара тәжді тырнаның да, сұр 
тәжді тырнаның да қатты 
алтын түсті қауырсындардан 
тұратын әдемі тәждері болады. 
Қара тәжді тырналар көбіне 
қара түсті болып, беттерінде 
ақ және қызыл дақтар болады. 
Бұлар – Африканың Сахель және 
Судан саванналы аймақтарының 
жергілікті құстары. Олар ылғал 
жерлерде де, құрғақ жерлерде де 
өмір сүре алады.
Ақбас тырна
Ақбас тырналар – ең 
кішкентай тырналар. 
Олардың биіктіктері 
1 м­дей болады. Ақбас 
тырналар Азия мен 
Африкада кездеседі. 
Олар Орталық Азияда 
жұмыртқа салып, 
Оңтүстік Азия мен 
Африкада қыстайды.
Үнді тырнасы
Үндістанда, Камбоджада, Непалда, 
Вьетнамда және Солтүстік Австралияда 
кездесетін үнді тырнасы ең биік тырна 
болып табылады. Бұл құстың бойы 2 м, 
қанатын жайғандағы ұзындығы 2,4 м-ге 
жетеді. Оны ашық қызыл басы мен 
мойнына қарап оңай тануға болады. 
Сібір тырнасы
Сібір тырналары – Ресейдің 
арктикалық бөліктері мен Сібірдің 
жергілікті тырналары. Олар барлық 
тырналардың ішінде сиректігі жағынан 
үшінші тырналар, сонымен қатар, 
тырналардың ішінде жойылу қаупі ең 
жоғарысы да болуы мүмкін. Сібірлік 
тырналар – барлық тырналардың 
ішіндегі ең суға бейімделгендері. Олар 
ылғал аймақтарда жұмыртқа салып, 
қоректеніп, қонады. Тырналардың 
15 түрінің ішінде ең ұзаққа орын 
ауыстырып ұшатындары да осы сібірлік 
тырналар. Олар Ресей мен Сібірде ұрпақ 
әкеледі. Қыстарын Қытайда, Үндістанда 
және Иранда өткізеді. Алайда бұл 
тырналар Үндістанға 2002 жылдан бері 
келмеген.
Сұр тырна
Сұр тырна – саны үздіксіз кеміп бара 
жатқан, ұзындығы 120 см, салмағы 
6 кг­дай ірі құс. Қамыс пен құрақ 
қалың өскен таяз өзендер мен 
көлдердің бат пақты бөліктерін 
мекендейді. Ұясын жерге салады. 
Ұясында 2­3 жұмырт қасы болады. 
Жұмыртқасын аналығы мен 
аталығы кезектесіп басады. Өсімдік 
тамырларымен, құрттармен, 
насекомдармен, бақалармен, тыш­
қан дармен қоректенеді. Қазақстан­
ның  солтүстігіндегі  орманды­да ла лы 
аудандарда көптеп, ал республика­
мыздың оңтүстік­шығысын дағы өзен 
алқаптарында өте сирек кездеседі.   
Қорек іздеп жүрген қара 
тәжді тырна
Ақбас тырна
Сұр тырналар
Канадалық тырналар
Канадалық тырналар – барлық тырналардың ішіндегі 
ең көп тарағандары. Олар Солтүстік Америкада Аляска 
мен Канададан бастап, оңтүстікте Мексикада және 
Карибте, Кубада кездеседі. Сонымен қатар олар Сібірде 
де кездескен. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
85

Құтандар – үлкен жыл құстары. 
Олардың аяқтары ұзын, табан-
дарының ұшы жарғақты болып 
келеді. Сонымен қатар оның күшті 
қанаты және ұзын үшкір тұмсығы 
болады. Кейбіреулерінің беттері, 
бастары немесе мойындары түксіз 
болып келеді. Әдетте, құтандардың 
түсі қара, ақ немесе сұр. Кейбір 
түрлерінің ашық түсті тұмсықтары 
болады. Құтандарды ылғалды 
аймақтарда, шөпті алқаптарда және 
де ашық далада кездестіре аламыз, 
мұнда олар топ болып ағаштарға ұя 
салады.
Құтандар
Құтандардың қорегі
Құтандар – етқоректі құстар. Әдетте, олар су 
бетімен ұшып, балық, бақа, шаян, су жәндігі және 
жылан секілді қорек тауып алады. Кейбір түрлері 
өлекселермен де қоректенеді.
Түрлері
Құтандар құтан тұқымдасына 
жатады, сонымен қатар бұл 
топқа ашықауыз құтандар мен 
ябирулар да кіреді. Құтандар 
Антарктидадан басқа әлемнің 
барлық аймақтарында кездеседі. 
Әсіресе, әлемнің тропиктік 
аймақтарында көп болады. 
Құтандардың 18 түрі белгілі, 
олар – сұр құтан, Африка 
құтаны, үнді құтаны, Америка 
құтаны, үнді ашықауыз құтаны, 
ақбауыр құтан, түкті мойынды 
құтан, ақ мойынды құтан, Африка 
ашықауыз құтаны, магуари 
құтаны, азиаттық құтан, ақ 
құтан, қара құтан, қара тұмсықты 
құтан, көкқұтан, ябиру, ява 
марабуы, үлкен үнді марабуы және 
африкалық марабу.
Ұялары
Құтандар үлкен топтармен өмір сүреді. 
Алайда кейбіреулері жалғыз тұрғанды 
да қалаулары мүмкін. Бір топ бірнеше 
жұптан немесе мыңға жуық құстан 
тұрады. Олар бұтақтар мен таяқшалардан 
ағаштардың, шатырлардың, мұнара-
лардың және түтіндіктердің үстіне 
үлкен ұялар салады. Олардың ұясының 
неғұрлым үлкен болғаны олар үшін 
соғұрлым жақсы. Себебі биік ұядан 
айналасын жақсы көруге мүмкіндік 
болады. Сонымен қатар, кейбір құтандар 
жартастардың жанындағы қуыстарда да 
өмір сүреді.
Көкққұтан
Бұл құс Еуропа, Азия және 
Африкада таралған. Қазақстанда 
Сырдарияда, Балқашта, Зайсанда, 
Ертісте, Каспийдің солтүстігінде 
кездеседі. Тұрқы 1 м-дей, 
тұмсығы ұзын, қызыл 
түсті. Аяқтары ұзын, 
қара айдары бар, 
басы мен мойны 
ақ,  мойнында 
қара дақ бар. 
Қара құтан  Қазақстанның 
таулы аймақтарын, Алтай 
мен Марқакөл суларын 
мекендейді.  
86

Америка құтаны
Америка құтаны – Солтүстік Америкада кездесетін 
жалғыз құтан. Олар – ұзын күшті тұмсығы бар, басы 
түксіз үлкен құтандар. Ересек америкалық құтандардың 
биіктігі 83­114 см, қанатын жайғанда ұзындығы 
147­180 см­ге жетеді. Олар таяз батпақтардың жанын 
мекендеп, уақыттарының көп бөлігін сонда балықтарды, 
шаяндарды, құрбақаларды және басқа да кішкентай 
жануарларды жеумен өткізеді. Ұрпақ әкелу мерзімі 
кезінде америкалық құтандар 200 кг­ға дейін балық жейді.
Ақ құтан
Ақ құтан – басы мен денесі ақ қауырсынды, ал 
қанаттары қара қауырсынды болып келетін әдемі құс. 
Олардың ұзын түксіз аяқтары және де қызыл үшкір 
тұмсықтары болады. Жас ақ құтандардың  тұмсығы 
қара және  аяқтары түсті болып келеді. Ақ құтандар – 
жыл құстары. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді 
де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір ақ 
құтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын 
өзендердің бойында қыстап қалады. Қазір олардың 
қатары сиреп бара жатқандықтан, оларды тек Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл облыстарынан кездестіруге болады. 
Африка құтаны
Африка құтандары Замбия, Зимбабве және 
Мадагаскардың таяз көлдерін, батпақты жерлерін, 
жағалау мүйістері мен шалғындарын мекендейді. 
Бұлар сары тұмсықты. Бұл құстар – жартылай орын 
ауыстырғыш құстар, олар мекен ету орталарын су мен 
балықтың жеткіліктілігіне байланысты өзгертеді. Бұл 
құтандар топ болып өмір сүреді. Әдетте, бір топта 
10­20 жұп болады. Кейбір топтарға тіпті 50 жұпқа дейін 
кіреді.
Африкалық марабу
Африкалық марабулар – тықыр басты, 
түксіз мойынды және де мойнының астында 
салбырап тұратын қызғылт қапшығы бар 
үлкен құтандар. Олар тропиктік Африкадағы 
үлкен көлдер мен өзендердің жанындағы 
құрғақ ашық саванналарды мекендейді. Бұл 
құстар – етқоректі құстар және де кез­келген 
жануарды не тірідей болсын, не өлідей болсын 
жегенді ұнатады. Әдетте олар құстармен, 
жорғалаушылармен, жорғалаушылардың 
жұмыртқаларымен және жәндіктермен 
қоректенеді.
Ағаш басында 
қонақтап отырған 
ақбауыр құтан
Ақбауыр құтан
Ақбауыр құтан – Африка мен Араб түбегінің 
жергілікті кішкентай құтаны. Бұл құтандар 
ашық жайылымдарды, шабындықтарды және 
алқаптарды мекендеп, сонда шегіртке, 
тарақан, көк шегіртке және инелік 
секілді шабындық жәндіктерімен 
қоректенеді. Ақбауыр 
құтандар, сонымен 
қатар, кішкентай 
сүт қоректілермен, 
жорғалау шы-
лармен қоректене 
береді. Олар 
ылғалды 
жерлерге 
кел генде 
балық, 
шаян 
және 
моллюс-
каларды да жеуі 
мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
87

Көгершіндер мен кептерлер
Дене сипаттамалары
Көгершіндер мен кептерлер – қысқа мойынды, 
басы мен тұмсығы кішкентай, орташа мығым 
денелі құстар. Олардың ұзындықтары 15 см-ден 
76 см-ге, ал салмақтары 0,5 кг-нан 2 кг-ға дейін 
жетеді.
Қоректері
Кейбір кептерлер тек жемістермен қоректенеді, 
алайда кейбіреулері тек дәнді дақылдармен 
қоректенеді. Кей түрлері жәндіктермен, кішкентай 
омыртқалылармен және омыртқасыздармен 
қоректенеді.
Кептер
Көк кептер – ең кең тараған түр. Олар ұяларын 
қалаларда шатырлар мен үйдің төбелерінде 
салады. Сонымен қатар, олар ұяларын ауылдық 
аймақтар мен төбешіктерге салып мекен етеді. 
Будандастырудың арқасында ашық түске ие 
болғанына қарамастан, бұл құстардың көбі 
қанаттарында қара жолақтары бар көкшіл сұр түсті 
болып келеді. Олар жүгерімен, дақылдармен және 
нанмен қоректенеді.
Көк кептер
Жалды көгершіндер 
Никобар аралдары 
мен Малайзия 
архипелагының бірнеше 
аралдарында кездеседі.
Көгершіндер мен кептерлер – 
кептертәрізділер тұқым-
дасына жатады, оларға  
шымшық тұқымдастарға ұқсас 
16 түрден артық түр кіреді. Көгершіндер 
мен кептерлер бірнеше ғасыр бұрын қолға 
үйретіліп, үй жануарлары ретінде қаралды. 
Бұрынғы кезде оларды бір жерден екінші 
жерге хат-хабар тасу үшін пайдаланған. 
Сонымен қатар, бұл құстарды еті және 
қызықтау үшін аулаған.
Мекен ететін орталары
Көгершіндер мен кептерлер шөлдер мен 
қалың ормандардан бастап, қалалық 
жерлерге дейінгі әр түрлі жерлерді 
мекендейді. Олар Антарктида мен 
Арктикадан басқа әлемнің барлық жерінде 
кездеседі. Бұлардың көбі ағаштарда, 
кейбіреулері жерде тіршілік етеді.
88

Етқоректі тау көгершіні
Етқоректі тау көгершіндерінің 
36 түрі белгілі. Бұл құстар – ағаш 
бастарын мекендейтін үлкен 
құстар, олардың қауырсындарында 
металл жарқылы болады. 
Оңтүстік­шығыс Азияда кездесетін 
ала­құла тау көгершіні – ақ және 
қара түсті үлкен көгершін. Ол Үнді 
мұхитының бірнеше аралдарында 
жұмыртқа салады. Бұл көгершін сол 
аралдардың арасында өте жақсы 
ұшып жүре алатындығымен белгілі.
Саяхатшы көгершін
Кезінде саяхатшы көгершін әлемдегі ең 
көп көгершін болатын. Ол кезде саяхатшы 
көгершіндердің саны шамамен төрт миллионға 
жететін. Бұл көгершіндер Солтүстік Американың 
жергілікті көгершіндері болатын. Алайда, 
1900 жылдары бұлар жойылып кетті. Оларды 
адамдар еті үшін аулайтын. Саяхатшы 
көгершіндерді атып, тормен аулап, базарларда 
сатты. 1878 жылы бес ай ішінде саяхатшы 
көгершіндердің күніне 50 000-дайы ауланған. Ең 
соңғы саяхатшы көгершін – Марта 1914 жылдың 
1 қыркүйегінде Америка Құрама Штаттарындағы 
Огайо штатының Цинцинатти зообағында өлді.
Қара мойынды жеміс кептері
Қара мойынды жеміс кептері – 
жасыл денелі және сары тұмсықты 
орташа өлшемді кептер. Бұл 
жеміс кептерлері тобына кіреді, 
сонымен қатар, бұл топқа 
жеміс кептерлерінің шамамен 
50 түрі және жойылып 
кеткендерінің бірнеше түрі 
де кіреді. Жеміс кептерлері 
Оңтүстік-шығыс Азия, 
Австралия және Тынық 
мұхиты аралдарында 
кездеседі. Қара 
мойынды жеміс 
кептері Индонезия, 
Филиппин және 
Малайзияны мекендейді.
Қоңыр жер кептері
Қоңыр жер кептері – Орталық Америка мен 
Оңтүстік Американың орманды алқаптарында, 
өрістерінде, батпақты жерлерінде және орман 
жағаларында кездесетін кішкентай кептерлер. 
Бұл Мексика, Перу, Бразилия, Парагвай, 
Солтүстік Аргентина, Тринидад және Тобагода 
жұмыртқа салады. Оның басы сұр, ал денесі 
қызыл қоңыр болып келеді.
Жолақты кептер
Жолақты кептер – Оңтүстік-шығыс Азияның 
жергілікті кішкентай кептері. 
Ала-құла тау көгершіні
Қараторғай
Қараторғай, аты айтып тұрғандай, түсі қара, 
жұдырықтай ғана құс. Өзге торғайлардан 
ерекшелігі – секеңдеп емес, жүгіріп, тез 
қозғалады, ұшқанда тік көтеріледі. 
Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. 
Қараторғай жеміс ағаштарының, бақша 
дақылдарының зиянкестерімен қоректеніп, 
сона, шыбын, қоңыз, тағы да басқа жәндіктерді, 
далалы жерлерде шегірткелерді жояды. 
Сондықтан ол пайдалы құс саналады. Ұяны 
үйлер мен сарайлардың биік қуыстарына, ағаш 
бұтақтарының арасына салады, оған 5­6, кейде 
7­8 жұмыртқа салады. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
89

Жапалақтар Антарктидадан басқа әлемнің барлық 
жерлерінде кездесетін жыртқыш құстар тобына жатады. 
Жапалақтардың көбі түнде белсенді, олардың үлкен 
бақырайған көздері және имек тәрізді тұмсықтары 
болады. Жалпы, жапалақтарды екі топқа бөледі, 
олар – кәдімгі жапалақтар және құмайлар. 
Кәдімгі жапалақтардың шамамен 122 түрі, ал 
құмайлардың 12 түрі белгілі. 
Жапалақтар
Дене сипаттамалары
Кәдімгі жапалақтардың домалақ үлкен бастары және бас 
шеңберінде үлкен алға шығыңқы көздері болады. Олардың 
көру мүшелері өте жақсы дамыған, соның арқасында түнде 
де жақсы көре алады. Жапалақтар көздерін көп қимылдата 
алмайды. Олар қатты сүйекті көз ұяшығына бекітілген. 
Алайда  жапалақтардың бастары өте иілгіш болып келеді. 
Сондықтан да жан-жағына қарау керек болса, олар кез-
келген уақытта бастарын бұра салады. Жапалақтар бастарын 
оңға да, солға да 180 градусқа бұра алады. Оған қоса, 
олардың болмашы дыбысты естуіне мүмкіндік беретін есту 
мүшелері де өте жақсы дамыған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет