Жануарлар



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Жапалақтардың қорегі
Жапалақтар – етқоректі құстар. Олар кішкентай 
сүтқоректілерді, құстарды, жорғалаушыларды, тіпті 
қосмекенділерді де аулап, қорек етеді. Кейбір кішкентай 
жапалақтар жәндіктермен қоректенсе, ал үлкендері бұғы, 
түлкі сияқты үлкен сүтқоректілерге де шабуыл жасайды. 
Сонымен қатар, кейбір жапалақтар балықтарды да аулайды. 
Барлық жапалақтар өздерінің жемтіктерін толығымен 
жейді.
Ұялары мен жұмыртқалары
Жапалақтардың көбі жалғыз жүретін құстар. 
Олар тек жұмыртқа салу кезеңінде ғана ұя 
салып, жұптасып өмір сүреді. Әдетте, олар ағаш 
қуыстарына немесе қарға не бүркіт секілді басқа 
құстардың тастап кеткен ұяларына жұмыртқа 
салады. Аналық жапалақтар жылына бір 
рет 2-4 жұмыртқа салады. Кейбір түрлері 
10-нан аса жұмыртқа салулары мүмкін. 
Жұмыртқалар 30 күн басқан соң 
жарып шығады. Балапандары жарып 
шыққан кезде соқыр болады, оларды 
үлпілдек қауырсындардың жұқа 
қабаты жауып жатады.
Виргин үкісі
Солтүстік, Орталық және Оңтүстік 
Америкада кездесетін виргин үкісі – 
ең үлкен және ең күшті үкілердің 
бірі. Оның басында үлкен мүйіз 
тәрізді түйіні болады. Виргин үкісінің 
ұзындығы 56 см, ал салмағы 1 кг-нан 
2,5 кг-ға дейін жетеді.
Ағаштың қуысында  отырған 
жапалақ 
90

Үкілер
Үкілер – жапалақтардың ең үлкен түрлерінің 
бірі. Олар – алып және мықты құстар. Олар 
бастарында түкті екі түйіннің болуымен және 
үлкен сарғыш көздерімен ерекшеленеді.  Оларды 
Еуропадан, Азиядан және Солтүстік Африкадан 
кездестіруге болады.
Солтүстік байғызы
Солтүстік байғызы – Америка Құрама 
Штаттарының батысы мен Канадада кез­
десетін орташа өлшемді үкі. Оның дене сінің 
түсі қара қоңыр, кейде ашық қоңыр түсті 
болады, қанат қауырсындарында ашық 
қоңыр немеса ақ түсті дақтар бар. Солтүстік 
байғызы жойылу қаупі бар құс деп саналып, 
АҚШ­та заңмен қорғалады. Бұл құстарға 
жойылу қаупінің төну себебі – қазіргі таңда 
адамдар ағаш материалдары мен жол 
құрылысын жүргізу үшін осы құстар мекен 
ететін ежелгі ормандарды жоюда. Сонымен 
қатар, бұлардың мекен ету орталарынан 
айырылуына бірден­бір себептердің бірі – 
ормандардағы өрт пен орман аурулары.
Ақ жапалақ
Ақ жапалақ деп 
өзінің аппақ 
қауырсынына 
байланысты 
аталған, бұл құс – 
арктикалық 
тундраның 
жергілікті құсы. 
Бұл – Солтүстік 
Американың  
солтүстігінде 
мекендейтін ең 
ауыр құс. Басқа 
жапалақтар­
мен салыстыр­
ғанда ақ жа­
па лақтар 
күндіз белсенді. 
Күндіз қорегін 
аулап, түнде ұйықтайды. Ақ жапалақтардың 
ұрғашылары еркектеріне қарағанда қаралау 
болып келеді. Олар тұтасымен аппақ болмайды. 
Денелерінде кішкентай қаралау дақтары болады. 
Ақ жапалақтар – өте шыдамды құстар. Көп 
жағдайда олар құрбандарын ұстамас бұрын, 
оларды ұзақ уақыт бойы күтіп отырады. 
Олардың қоректерінің көп бөлігін леммингтер 
құрайды. Ересек ақ жапалақ күніне үштен бес 
леммингке дейін жей алады.
Азия мен Еуропада 
кездесетін үкі ең үлкен үкі 
болып табылады
Солтүстік байғызы басын артына қаратып 
бұрып алған. Олар бастарын 270°-қа дейін бұра 
алады.
Еркек ақ жапалақ
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
91

Бүркіттер, қаршығалар мен   
          кезқұйрықтар
Ақиық
Бүркіт
Бүркіт – 
тұмсықтарымен 
құрбандарын 
шап беріп 
ұстап, бөлшектеп 
тастайтын 
тырнақтары мықты 
үлкен құс. Оларды 
Антарктидадан басқа 
барлық құрлықтан 
кездестіруге болады. 
Бүркіттердің ең көп 
саны Еуразия 
мен Африка 
да. Олар 
өте жақсы 
көреді, 
ұшатын 
қауыр-
сындары  
мықты 
болып 
келеді. 
Оңтүстік 
Амери-
каның гарпия 
бүркіті мен Азияның филиппин бүркіті – 
қанаттарының құлашы 2,5 м-ге дейін жететін ең 
үлкен бүркіттер. Бүркіттердің 60 түрі белгілі. 
Бұл түрлерді жалпы түкті аяқты немесе нағыз 
бүркіттер, теңіз немесе балық бүркіттері, орман 
бүркіттері және жылан бүркіті деп бөледі.
Ақбас бүркіт
Ақбас бүркіт – теңіз 
бүркіті. Бұл – Солтүстік 
Америкада кездесетін екі 
бүркіттің бірі, ал екіншісі – қыран. 
Ақбас бүркіт – Америка Құрама 
Штаттарының ұлттық символы. 
Бұл Солтүстік Американың Гавай 
аралдарынан басқа барлық елдерінде 
кездеседі. Әдетте, ақбас бүркіттер 
балықтары көп көлдерді, өзендерді 
және жағалау аймақтарын 
мекендейді. Олар өздерінің үшкір 
тырнақтарымен балық аулайды.
Бүркіттер, қаршығалар мен кезқұйрықтар – үлкен 
аңшылық құстары. Олар қаршыға  тұқымдасына жатады. 
Ежелгі заманғы күшігендер мен ителгілер де осы 
тұқымдасқа кіреді. Бұл құстар жыртқыш құстар 
және де құрбандарына белсенді түрде 
шабуыл жасайды, тек кейбір түрлері ғана 
жемістермен қоректенеді. Олардың 
көбінің қанаттары қатты болып келеді. 
Бұл құстар өте жылдам ұшып, көп 
уақыт бойы биікте қалықтап жүре 
алады.
Ақбас бүркіт ұшу үстінде
Ақиық 
Ақиық – әлемдегі ең ауыр бүркіттердің бірі. 
Мұны Ресей мен Жапонияның кей аймақтарынан 
кездестіруге болады. Ақиықтардың қанат 
құлаштары 2-2,5 м,  ал салмақтары  9 кг-ға дейін 
жетеді.
92

Кезқұйрық
Кезқұйрықтар – Антарктидадан басқа әлемнің 
барлық жылы аймақтарында кездесетін үлкен 
жыртқыш құстар. Сонымен қатар олар кейбір 
тропиктік аралдарда да кездеседі. Басқа құстарға 
қарағанда олардың аяқтары мен табандары 
кішкентай және әлсіздеу болып келеді. Олар 
уақыттарының көп бөлігін аспанда қалықтаумен 
өткізеді, әдетте өлекселермен және кішкентай 
жануарлармен қоректенеді.
Қаршыға
Қаршығалар – Антарктидадан басқа әлемнің 
барлық жерлерінде кездесетін кіші және орташа 
мөлшердегі құстар. Түктіаяқ қаршыға – ең үлкен 
қаршығалардың бірі. Оның биіктігі 56 см-ге дейін 
жетеді, қанат құлашы 1,4 м-дей болады. 
Барлық қаршығалар кішкентай 
құстармен, сүтқоректілермен, 
жорғалаушылармен және жәндіктермен 
қоректенеді.
Тұйғын
Тұйғын – әлемнің орташа температуралы 
аймақтарында кездесетін үлкен қаршыға. 
Мұны Солтүстік Америкада солтүстік тұйғыны 
деп атайды. Әдетте, тұйғындар көгершіндерді, 
кептерлерді және жабайы кішкентай шымшық 
тәрізді құстарды аулайды. Сонымен қатар, олар 
қоян секілді сүтқоректілерге де шабуыл жасайды.
Дала ителгісі
Дала ителгісі – 
ұзын құйрықты 
қаршыға. Сонымен 
қатар, мұны 
солтүстік ителгісі деп те 
атайды. Дала ителгілерінің 
еркектерінің басы, арқасы және 
кеудесінің үстіңгі жағы ашық 
сұр болса, ұрғашыларының арқалары қара қоңыр, 
кеудесі мен құрсақ тұсы жолақты сұр түсті болады. 
Сонымен қатар, ұрғашыларының бет шеңбері ақ 
түсті болып келеді.
Ежелгі заманғы күшігендер
Ежелгі заманғы күшігендер Африкада, Азияда 
және Еуропада кездеседі. Олар жаңа заман 
күшігендерімен, кондорларымен жақын туыстық 
қатынаста емес. Ежелгі заманғы күшігендердің 
15 түрі белгілі. Еуразиялық қара күшіген немесе 
қара күшіген – ежелгі заманғы күшігендердің 
ішіндегі ең үлкені. Африкада кездесетін 
африкалық құлақты күшіген – ең үлкен және 
екінші ежелгі заманғы күшіген.
Бүркіттер үшкір тырнақ-
тарының көмегімен тышқан-
дарды, түлкілерді және жас 
бұғыларды өлтіреді. Сонымен 
қатар, кейбір бүркіттер 
өлекселермен де қоректенеді.
Алтын бүркіт
Алтын бүркіт – нағыз бүркіт. Бұл – 
қанат құлашы 2,5 м-ге дейін жететін 
Еуропаның бірнеше елдерінде, 
Ресейде, Сібірде, Иранда, Пәкістанда, 
Оңтүстік Қытайда, Жапонияда және 
Қазақстанның барлық аумағында кездесетін 
құс. Алтын бүркіттердің түсі қара қоңыр 
болып, бастарында ашық сарғыш-қоңыр түсті 
қауырсындары болады. Олардың табандары 
үлкен сары және аяқтары толығымен түкті 
болып келеді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
93

Қырандар мен каракаралар – кішкентай және орташа өлшемді құстар. Олар қыран тәрізділер 
тұқымдасына жатады, сонымен қатар, бұл топқа күлекеш қырандар, орман қырандары, 
күйкентайлар және тағанақтар жатады. Бұл құстарды Африканың қалың ормандары мен 
Арктика және Антарктидадан басқа әлемнің барлық аймақтарынан кездестіруге болады.
Қырандар мен каракаралар
Қыран
Қырандардың жұқа сына тәрізді орақ пішінді 
қанаттары болады. Олар – өте ақылды құстар, 
сонымен қатар көру мүмкіндіктері де жоғары. 
Қырандар үш топқа бөлінеді: күйкентайлар, 
жағалтайлар және олардың туыстастары,  
ителгі-лашындар мен олардың туыстастары. 
Жағалтайлар 
Жағалтайлар – кішкентай қырандар. Олар өте 
жылдам ұшады. Жағалтайлардың төрт түрі белгілі, 
олар – еуразиялық, африкалық, шығыстық және 
австралиялық жағалтайлар. Олардың барлығына 
қауырсындарының қара сұр түкті болуы мен 
құйрықтарының қара немесе жолақты болуы тән. 
Еуразиялық жағалтайлар Еуропа мен Азияда 
жұмыртқа басып, Африкада қыстайды. Бұл құс 
ұя салмайды. Оның орнына олар жұмыртқаларын 
қарғалар мен басқа да құстардың ескі ұяларына 
салады.
Ителгі-лашын
Ителгі-лашын
Ителгі-лашын – үлкен қыран. Бұл – жыртқыш 
құстардың ішіндегі ең жылдамы. Оның 
жылдамдығы сағатына 322 км-ге жетуі мүмкін. Бұл 
құс өзінің құрбанын ауада жүріп-ақ ұстап, өлтіре 
алатын жыртқыштық қабілетімен белгілі.
 
Күйкентай
Күйкентайлар – биіктіктері 30 см­ге 
дейін жететін кішкентай мығым 
құстар. Әдетте, бұл құстар 
тышқанмен, кішкентай құстар 
және жәндіктермен қоректенеді. 
Сонымен қатар, күйкентайлар 
аспанда қалықтап та жүреді, 
олар қоректерін іздегенде 
қанаттарын жылдам қағу 
арқылы ауада қалықтайды.
94

Күлекеш қыран
Орталық және Оңтүстік Америкада 
кездесетін күлекеш қыран орташа өлшемді 
қыран болып табылады. Оның қара және 
ақшыл түсті басына және үкінікі секілді 
көздеріне қарап, оңай ажыратуға болады. 
Бұл қыран негізінен жыландарды аулайтын 
болғандықтан, жылан қыран деп те аталады. 
Күлекеш қырандар тіпті улы жыландарды да 
аулайды.
Ақсұңқар
Ақсұңқар – сұңқарлар тұқымдасының ең 
үлкен мүшесі. Оның ұзындығы 64 см, ал 
салмағы 1,5 кг­ға дейін тартады. Қанат 
құлашы 1,2­1,4 м­ге дейін жетеді. Ақсұңқарлар 
солтүстік полюс маңында Арктикада 
шағылысып, қыста оңтүстікке қарай 
жылжиды.
Кәдімгі каракара (айдарлы каракара)
Кәдімгі каракаралар басының 
төбесінде қара қауырсындардан 
тұратын қабаттың болуына 
байланысты айдарлы 
каракаралар деп те аталады. 
Мұны Оңтүстік және Орталық 
Америкадан, сонымен қатар 
Америка Құрама Штаттарының 
оңтүстігінен кездестіруге 
болады. Бұл – Мексиканың 
ұлттық құсы. Қырандар 
тұқымдасының 
басқа мүшелеріне 
қарағанда 
каракаралар 
құрбандарын ұшып 
жүріп ұстамайды. 
Керісінше, олар қорек 
табу үшін өрістер мен 
таяз сулы аймақтарда 
жүреді. Әдетте, олар сары 
шегірткелер мен қоңыздар 
сияқты жәндіктермен 
қоректенеді. Сонымен 
қатар, жұмыртқаларды, 
жемістерді және 
тұқымдарды да жей береді.
Ағаш бұтағында қонақтап 
отырған кәдімгі каракара
Орман қыраны
Орман қырандарының қанаттары қысқа, 
құйрықтары ұзын болады. Олардың есту 
қабілеттері өте жақсы дамыған. Бұл 
қырандар Солтүстік және Оңтүстік 
Америкада кездеседі. Орман қырандарының 
жеті түрі белгілі, олар – жолақты орман 
қыраны, қорғасын түсті орман қыраны, 
сызықты орман қыраны, жұмбақты орман 
қыраны, тынықмұхиттық орман қыраны, 
жағалы орман қыраны және Бакли орман 
қыраны.
Тағанақ
Тағанақтар – кішкентай 
аңшылық құстары. 
Тағанақтардың бес түрі 
белгілі: жағалы тағанақ, 
қара жамбасты тағанақ, ақ 
кеуделі тағанақ, филиппиндік 
тағанақ және ала­құла 
тағанақ. Сингапур, Малайзия, 
Индонезия және Тайландта 
кездесетін қара жамбасты 
тағанақтар – әлемдегі ең 
кішкентай жыртқыш құстар. 
Бұлардың биіктіктері 
шамамен 13 см болады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
95

Америкалық құмайлар мен кондорлар Солтүстік және Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұл 
құстар сұңқартәрізділер тұқымдасына жатады. Олар – өлекселермен қоректенетін құстар. 
Олардың қоректерінің көп бөлігін өлекселер құрайды. Сонымен қатар олар жемістерді, 
жұмыртқаларды және қоқысты да жейді. Америкалық құмайлардың иіс сезу мүшелері 
жақсы жетілген. Олар осы қабілеттерін өлексені табу үшін қолданады.
Америкалық құмайлар мен 
кондорлар
Теңіз жағасында қанатын жайып тұрған америкалық 
қара құмай 
Америкалық қара құмай
Америкалық қара құмай немесе қара 
күшіген – қанат құлашы 1,5 м-ге жететін 
үлкен күшіген. Оны Америка Құрама 
Штаттарының оңтүстік-шығысынан 
Оңтүстік Америкадағы Орталық Чили мен 
Парагвайға дейінгі аймақтан кездестіруге 
болады. Барлық басқа құмайлар сияқты 
бұл құмайлар өлекселермен қоректенеді. 
Алайда бұл жаңадан туылған жануарларға 
да шабуыл жасайды. Америкалық қара 
құмайлардың үш түрі белгілі, олар:  
солтүстікамерикалық қара құмайлар, 
оңтүстікамерикалық қара құмайлар және 
Анд қара құмайлары.
96

Үлкен сары бас құмайлар
Үлкен сары бас құмайлар – қанат құлаштары 
1,65-1,78 м болатын үлкен күшігендер. Олар 
өлімтіктермен қоректеніп, азықтың қайда 
орналасқанын білу үшін күшті иіс сезу мүшелерін 
пайдаланады. Үнді күшігені немесе королдік 
күшігендермен салыстырғанда үлкен сары 
бас күшігендердің тұмсықтары онша мықты 
болмағандықтан, қоректерін бөліктерге бөліп тастай 
алмайды. Сондықтан да ол қорегін жемес бұрын 
басқа күшігендердің келіп, өлімтікті бұзуын күтеді. 
Үлкен сары бас күшігендердің барлығының бастары 
сары жүнді және көк айдарлы болады. Олардың 
қауырсындары жасыл немесе күлгін түсті жылтырлары 
бар қара түсті болып, аяқтары жай қара түсті болады.
Король құмай
Король құмайлар Орталық және Оңтүстік 
Америкада, Мексикадан Аргентинаға дейінгі 
жерлерде кездеседі. Бұл – құйрығы мен қанатта-
рының ұштары қара, ал қалған жерлері ақ түсті 
болып келетін күшігендер. Оның басы мен мойны 
сары, сарғыш және қызыл түсті, ал көздері сабан 
түстес болады. Бұл – ең үлкен құмайлардың  бірі. 
Мұның қанаттарының құлашы 1,2-1,7 м болады. 
Барлық басқа құмайлар секілді король құмайлар 
да өлекселермен қоректенеді. Сонымен қатар кей 
кездері олар балықпен де қоректене береді.
Калифорния кондоры
Калифорния кондоры – Солтүстік Американың ең 
үлкен ұшатын құсы. Мұның қанаттарының құлашы 
2,9 м-ге дейін жетеді. Бұлар аспанда өте жақсы 
қалықтайды, тіпті бірнеше шақырымды қанаттарын 
бір-ақ рет қағу арқылы асып өтуі мүмкін. Бұл құс 
сағатына 88,5 км жылдамдықпен және де 4,6 км 
биіктікте ұша алады. Калифорния кондорлары 
Үлкен Каньон аймағында, Зайон ұлттық паркінде 
және де Калифорнияның батыс жағалау тауларында 
және де Солтүстік Калифорнияда кездеседі. Барлық 
басқа құмайлар секілді бұлар да шіріген дене 
қалдықтарымен қоректенеді. Әдетте, олар ірі қара, 
қой, бұғы және жылқы секілді үлкен жануарлардың 
өлекселерін қорек етеді.
Жойылып кету қаупі
Калифорния кондорлары – құмайлар 
тұқымдасының жойылу қаупі төнген 
жыртқыштары. Калифорния кондорлары жойылып 
кету шегіне де жеткен. 1983 жылы олардың саны 
небәрі 30 дара ғана болатын. Алайда, бірнеше 
қолдан көбейту бағдарламаларының арқасында бұл 
құстарды сақтап қалудың сәті түсті. 2008 жылы әр 
түрлі зообақтарда, ұлттық парктерде және жабайы 
өсетін Калифорния кондорларының саны 297-ге 
жетті.
Анд кондоры
Анд кондоры – әлемдегі ең үлкен ұшатын 
құстар  дың бірі. Мұның салмағы 15 кг-ға дейін 
жетіп, қанат құлашы 3-3,3 м-дей болады. Басқа 
америкалық күшігендерге қарағанда Анд кондор-
лары тірі жануарларды өлтіріп қорек ете алады. 
Бір топ Калифорния кондорлары
Күркетауық құмай
Күркетауық құмай – америкалық құмайлардың 
ішіндегі ең кеңінен тарағаны. Оның әдемі 
түксіз терілі қызыл беті және ұзын жалпақ 
қанаттары бар. Ұзын иілген тұмсығы 
және ұзын дөңгелектенген құйрығы болады. 
Барлық америкалық құмайлар, күркетауық 
құмайларының ішінде кіші сары бас құмайлар 
мен үлкен сары бас құмайлардың иіс сезу 
қабілеттері ең жоғары болады. Олар осы 
қабілеттерін қалдықтар мен қоқысты табу 
үшін қолданады. Ал үшкір тұмсықтарының 
көмегімен өлген жануарды бөліктерге бөледі.
Кіші сары бас құмайлар
Кіші сары бас құмайлар – Орталық Америкада, 
Мексикада, Оңтүстік Америкада, Аргентина 
мен Уругвайға дейінге аймақта кездесетін 
орташа өлшемді құмайлар. Олардың бастары 
сары, сарғыш және көк түсті болып, қара 
қауырсындарында жасыл жылтыры болады. 
Бұл құстар өлекселерден бөлек балықтармен де 
қоректенеді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
97

Гагарлар, балтатұмсықтар мен қайралар мұнтазқұс тұқымдасына жатады. Олар –  
Солтүстік жарты шарда, Арктика, Солтүстік Атлант және Солтүстік Тынық мұхиттарында 
кездесетін қара және ақ теңіз құстары. Әдетте, бұл құстардың басы үлкен, мойны қысқа және 
денесі кіші болып, қанаттары кішкентай және табандары жарғақты болып келеді. Олар суда 
жақсы сүңгіп, қанаттарын жүзу барысында қолданады.
Гагарлар, балтатұмсықтар мен 
қайралар
Гагарлар
Гагарлар – пингвин тәріздес теңіз құстары. 
Олар өмірлерінің көп бөлігін Солтүстік Атлант 
мұхитының ашық суларында өткізеді, сонда 
олар балықтармен, шаян тәрізділермен және 
ұлулармен қоректенеді. Гагарлар – колония 
құратын құстар. Көктем кезінде олар ашық 
рифтерде немесе індерде және төбелердегі 
жарықтарда үлкен топ болып ұя салады. 
Ұрғашылары бір салғанда бір немесе екі 
жұмыртқа салады. Балапандары жұмытқаны 
жарып шыққаннан соң ата-аналары оларға 
бірнеше ай бойы қарайды, кейін теңізге қысты 
өткізуге кетеді.
Кіші гагар
Кіші гагар – гагарлардың кішкентай түрі. Сонымен 
қатар, бұларды люриктер деп те атайды. Бұлар 
Гренландия, Исландия, Жаңа жер, Шпицберген 
және Франц-Иосиф жеріндегі жағалау тауларында 
жұмыртқа салады. Олардың ұзындықтары 19-
21 см, қанат құлаштары 34-38 см болады. Оның 
қысқа және мығым тұмсықтары мен қысқа қара 
дөңгеленген құйрықтары болады.
Жартас басындағы 
тынықмұхиттық 
балтатұмсықтар
Тынықмұхиттық гагарлар (мүйізді гагарлар)
Тынықмұхиттық гагарлар Атлант мұхитының 
гагарларына қарағанда шамалы үлкен. Ал сыртқы
түрлері Атлант мұхитының гагарларынан 
айнымайды. Мұның ұшы қызыл сары тұмсығы бар. 
Олардың көздерінің үстіңгі жағында кішкентай етті 
қара мүйіздің болуына байланысты мүйізді гагарлар 
деп аталады. Мұнтазқұс тұқымдастарының барлық 
басқа мүшелері секілді бұлар да суда өте жақсы 
жүзеді. Олар қысты ашық теңізде өткізіп, жазда 
құрғаққа келіп, жұмыртқа салады. Олар, сонымен 
қатар, ұша да алады. Алайда ауаға көтерілу үшін 
олар су бетінде ұзақ қашықтыққа жүгіру немесе 
жартастардан секірулері керек. 
98

Атлант мұхитының гагарлары сағатына 
88 км жылдамдықпен ұша алады.
Қайралар
Қайралар – орташа өлшемді теңіз құстары. 
Қайралардың екі түрі бар, олар: кәдімгі қайралар 
және қалың тұмсықты қайралар. Әдетте кәдімгі 
қайралардың арқалары қара және қоңыр түсті, 
ал  құрсақ маңы ақ болады. Оларды Солтүстік 
Американың батыс және шығыс жағалауларынан 
кездестіруге болады. Сонымен қатар, оларды 
Сібірден Жапония мен Кореяға дейінгі 
тынықмұхиттық жағалаулардан кездестіре 
аламыз. Қалың тұмсықты гагарлардың түсі қара, 
құрсақ тұстары ақ болады. Олар өте жылдам 
жүзіп, терең сүңгиді. Олар 100 м тереңдікте сүңги 
алады.
Кәдімгі қайра
Кіші конюга
Кіші конюга – қайралардың 
ішіндегі ең кішкентай түрі. Олар 
Аляска мен Сібірде көбейеді. Кіші 
конюгалардың үлкен топтары 
Алеут аралдарында, Әулие 
Лаврентий аралы мен Кіші Диомид 
аралында кездеседі. Әлемде кіші 
конюгалардың тоғыз миллиондай 
дарасы бар.
Атлант мұхитының гагары
Атлант мұхитының гагарлары немесе кәдімгі 
гагарлар – үлкен үшбұрышты тұмсықтары 
бар қара және ақ теңіз құстары. Сонымен 
қатар, олардың түрлі түсті тұмсықтары үшін 
оларды теңіз тоқылдақтары деп те атайды. 
Тұмсықтарының түсі жаз кезінде ашық түсті 
болып, қысқа қарай сұрға айналады. Бұл құстар 
өмірлерінің көп бөлігін теңізде өткізіп, тек 
жұмыртқа салу кезеңдерінде көбею үшін құрлыққа 
келеді. Олар суда жақсы жүзіп, 60 м тереңдікке 
дейін сүңги алады. Әдетте олар кішкентай 
балықтар және құм жыланбалықтарымен 
қоректенеді.
Үлкен конюга 
(айдарлы конюга)
Үлкен конюгалардың 
бастарының  
төбесінде алға 
қарай бағытталған 
қауырсынды 
айдарлары 
болғандықтан, олар 
айдарлы конюгалар 
деп аталады. Бұл – 
ашық қызғылт түсті 
тұмсықты, өте 
қысқа құйрықты 
және жарғақты қара 
табанды, кішкентай, 
мығым теңіз құсы. 
Оның биіктігі 
20 см­дей болады. 
Үлкен конюгалар 
үлкен топтарда 
көбейеді. Кейбір 
топтардың құрамына 
миллионнан аса үлкен 
конюга кіруі мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
99

Көкқұстар – өздерінің суға керемет сүңгитіндігімен белгілі, ашық түрлі түсті құстар. 
Көкқұстардың 90 түрі белгілі. Олар үш түрлі тұқымдасқа бөлінеді: өзен көкқұстары, ағаш 
көкқұстары және су көкқұстары. Көкқұстарды әлемнің барлық жерлерінен кездестіруге 
болады, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет