Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-
дың журналистика
факультетінде
«Айқын»
республикалық
қоғамдық-
саяси газетінің
бас редакторы
Нұртөре Жүсіптің
«Мың құмырсқа
және біз» атты
кітабының
тұсаукесері
аясында
студенттермен
кездесу өтті.
Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп,
беттелдi. “бизнес-Информ“ баспаханасында басылды
тел:.2-93-09-09
Радионың көптеген табиғи қасиеттерінің,
әсіресе жеделдігінің арқасында ақпарат
жеткізуде көш бойы озық тұр. Сондықтан
да журналистика факультетінде студенттік
радио жұмысына ден қойылуда.
Аталмыш шараға «Түркістан» газетінің бас редакторы
Шамшидин Паттеев, журналистика факультетінің деканы
Сағатбек Медеубекұлы, факультет профессорлары – Сағымбай
Қозыбаев, Клара Қабылғазина, Аманқос Мектептегі қатысып,
құнды кітап төңірегінде пікірлерін айтты.
Студенттерге өз тәжірибесі төңірегінде түрлі кеңес берген кітап
авторы Нұртөре Жүсіп: «Басылымның қандай түрінде қызмет
істесем де, мен азаматтық көзқарасымды алға қоямын. Ол,
біріншіден, қасиетті қарашаңырақ – ҚазҰУ берген дипломды
ақтау, екіншіден, ұжыммен дайындап отырған газетімді кәсіби
деңгейде шығару, үшіншіден, құрылтайшының талап-тілегінен
шығу керек, ал, төртіншісі, редакция қызметкерлерінің еркін
жұмыс жасауына мүмкіндік беру”, – деді.
Алмагүл ҚҰРМАНБАЕВА,
журналистика факультеті
Жапондықтардың мәдениеті мен өркениетіне қызыға қарайтын жандар жетерлік.
Сондай адамдардың басын қосып, күншығыс еліне ойша саяхат жасауға мүмкіндік
беретін мерекеге толы апталық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі
түрде өтіп келеді.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 1
мамыр аралығы шығыстану факультетінде
жапонтану апталығына арналды. Қиыр
Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен
жүзеге асырылған бұл апталық «Күншығыс
еліне саяхат» атты концерттік бағдарламамен
ашылды. Қонақтар арасында жапондықтар
болатынын ескеріп, бағдарлама жапон және
қазақ тілдерінде жүргізілді. Меймандар
жайғасқан соң, шығыстану факультетінің
деканы Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы мен
Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі
Ем Наталья Борисқызы келген қонақтар мен
студенттерге арнап сөз сөйлеп, жылы лебіздерін
білдірді. Іс-шараның шымылдығын талантты
сазгер, дәстүрлі жапон музыкасын Қазақстанда
насихаттаушы Төреғали Аймұрат мырза ашты.
Оның жапон ұлттық аспабы – сямисэнде (ішекті
аспап) ойнағаны мерекелік іс-шараға қатысып
отырған жапондықтарды бір қуантып тастады.
Сондай-ақ, сямисэн аспабы туралы айтқан
әдемі әңгімелері де көпшіліктің аспапқа деген
қызығушылығын оятып, Төреғали Аймұрат
мырзаға қойылған сауалдар легі толастамады.
Концерттің жалғасын заманауи жапондық
би жалғады. Бірнеше тілді меңгерген студенттер
ағылшын тілінде ән айтып, өздерінің әдемі
дауыстарымен халықты таң-тамаша етті.
Жапондарда театр өнерінің тарихы терең,
ауыз әдебиеті көрнекті, мазмұнды екеніне
2-курс студенттерінің дайындаған сахналық
көрінісінен куәгер болдық.
Апталық аясында ашық есік күндері де
өткізілгендіктен, қонақтар қатарында сынып
жетекшілерімен бірге келген мектеп оқушылары
да болды. Жапониямен жақын танысуда олар
үшін ең ұнаған келесі сәттің бірі – жапон ұлттық
тағамдарын дайындау бойынша өткізілген
шеберлік класы болды. Жапон қорының
өкілі, Ph(D) Ониши Юми мен кафедраның
аға оқытушысы Рыспекова Назира жапон
асханасында күнделікті күріштен дайындалатын
«онигири» тағамы мен теңіз балдыры қосылған
«мисо» сорпасын көпшілікке ұсынды.
Жапонияның тарихымен және салт-
дәстүрімен танысу сәттері көпшілік көңілінен
шығып жатты. Әсіресе, бірнеше айдан кейін
студенттер қатарына қосылатын мектептің
бітіруші түлектеріне ұнады деп ойлаймыз.
Олар алдағы уақытта жоғары оқу орнына құжат
тапсырар кезде өз таңдауларын шығыс тілдерін
үйрететін осы факультетке беретіндіктерін
жасырмай да айтып жатты. Мұндай шаралар
оқушыларды өз университетімізге тартуға көп
көмегін тигізетіні анық. Осылайша, жапон тілі
апталығы тартымды да, қызықты, студенттер
мен оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін
шараларға толы болды.
Л.Д. НҰРСЕИТОВА,
Г.Р. ОРАЗБЕКОВА,
Қиыр Шығыс кафедрасының
аға оқытушылары
1997 жылдың 16 қаңтарынан Қазақ
радиосының бірінші арнасынан қазақ және
орыс тілдерінде алғаш рет студенттік бағдарлама
эфирге жолдама алған еді. Тұңғыш студенттік
радионың хабары ұлт тілінде республикалық
Қазақ радиосында басталып, алғашқы жарты
сағаттық бағдарлама мақала авторының
жетекшілік етуімен эфирге шыққан болатын.
Алғаш «Сана» деп аталған радио атауы өзгеріп
кейін «Әл-Фараби» радиосы атанды.
Студияның қазіргі жұмысы тікелей эфирге
ауысқан. Радиостудия шәкірттердің тәжірибе
мектебіне айналып отыр. Хабарлар қазақша,
орысша, ағылшынша аптаның алты күнінде
беріледі. «Армысыздар, әл-Фараби радиосының
тыңдармандары!» деген жүргізушілердің
дауыстары бүкіл ҚазҰУ қалашығына таныс.
ҚазҰУ жаңалықтарымен қоса көптеген айдарлар
бойынша хабарлар беріледі. Күнделікті үлкен
үзіліс кезінде эфирге қосылатын студенттік
радио өз жұмысын ҚазҰУ өмірінде болып
жатқан жаңалықтардан бастайды. Қосымша
спорт жаңалықтары беріледі. Шығармашылық
топқа енгендер алдымен тақырыптық жоспар
жасап, студияға кімдерді шақыру керек деген
мәселе төңірегінде ақылдасып отырады. Кейде
жалпы проблемалық тақырыптар аясында
да хабар дайындалатын кездер болады.
Ондай тақырып мазмұнын, идеясын ашатын
факторлар іріктеліп алынып, барлық қырларын
көрсетуге ықпал ететін белгілерді табу үшін
студенттер жан-жақты ізденеді. Бағдарламаның
кешегі де, бүгінгі де басты мақсаты – студенттер
өмірінің күн тәртібінде тұрған проблемаларын
жан-жақты көрсету, жастардың мүддесінен
шыға алу, көңілді музыкалар бере отырып, өз
аудиториясын жинау.
Студенттер радиосының бір ерекшелігі –
неғұрлым көп сюжеттерге орын бере отырып,
қысқа-қысқа хабарлар арқылы тыңдарман
мағлұматын молайту. Көбінесе, музыкаға
орын берген жөн деп тапқанмен, болашақ
журналистің қаламын ұштау, тілін, стилін
қалыптастыруға, сөйлей білуге, сөйлесуге
дағдыландыру, өмір құбылыстарына барып,
араласып үйренудің маңызы зор. Студенттік
радио арқылы шәкірттер хабар жасауға төселе
түсуде. Техникалық безендіруді меңгеруде.
Монтажды операторлардан кем жасамауға
ұмтылады. Яғни, дайын журналистер
ретінде радионың ісіне араласуға әрекет
етуде. Шынында да үйрену зертханасының
қазанынан қайнап шыққан студенттер хабар
жасаудың қарапайым процесінен бастап,
күрделісіне, дыбыс жазудан кейін монтаждап,
музыкамен әрлеуге дейін меңгеруді мақсат
тұтады. Қазір оларда кемшіліктер де жоқ емес.
Өмірде қолданылатын жаттанды сұрақтар,
шиыр болған тақырыптардың айналасынан
шықпайтын әдеттер оларда да бар. Жас
журналистер ертең үлкен нағыз журналистика
«майданына» араласқанда ондай кемшіліктерді
қайталамаулары үшін де тәжірибе мектебінен
өтулері тиіс.
«Әл-Фараби» радиосы үшін үлкен бір
серпіліс жүзеге асырылды. Ол – студенттік
радионың интернетке қосылуы. Ендігі жерде
дайындалған хабарларымызды әлемнің
түкпір-түкпірінде тұратын отандастарымыз
тыңдай алады. Алайда, бұл жаңалық болашақ
журналистерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Хабарлардың мазмұндылығын, сапасын
арттырумен қатар, университет имиджін көтеру
үшін қызмет етуіміз керек. Яғни, әлемге танымал
оқу орнының рейтингіне сай радио болуы
қажет, ол үшін болашақ радиожурналистерді
шындайтын, қаламдарын ұштап, үлкен өмірге
даярлайтын тәжірибе мектебі өз парызын өтеп,
кәсіби шеберлік бастауы бола бермек.
Клара ҚАБЫЛҒАЗИНА,
баспасөз және электронды БАҚ
кафедрасының профессоры
Ата дәстүрімізде жетімін жылату –
елдікке – сын, сүйекке – таңба еді.
Қазақстанда дәл қазір жеті жүзге
жуық интернат бар екен. Еліміздегі
жетім балаларға арналған осындай
мекемелерде шамамен 40 мыңнан
аса жаутаңкөз тәрбие алуда. Бір
өкініштісі, солардың 80 пайызға
жуығы – әлеуметтік тастанды, ал
қалғаны – жетімдер екен.
Дегенмен, бүгінгі күні елімізде бала
асырап алуға деген көзқарас түзеліп,
жетімдерді жебегендердің саны едәуір
артыпты. Жүрекке аз да болса жылылық
ұялататын жайт – осы. Осындай ата-
ананың аялы алақанына зәру болған
балаларға көлдің тамшысындай болса
да көмек көрсетіп, қол созу ниетімен
жуырда Алматы қаласы Наурызбай
ауданы Ақжар кентіндегі «Ақ үміт»
балалар үйінің қамқоршы басшысы
Қалинұр Қасықбайқұлына хабарласып
баратынымызды ескертіп, рұқсат алдық.
«Айналаңды нұрландыр» жобасы
аясында жүзеге асқан қайырымдылық
шарасына ЭжБЖМ-нің 1-курс студентері
белсене атсалысты. Олар балаларға
арналған базарлығымызды беріп, ойын-
концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Бала күлкісімен қуанышына бірге қуанып,
қуат алғандай болдық. Бұл рас, кім Алла
ризалығы үшін бір жетімнің басынан
сипаса, оның қолы тиген әр тал шашындай
жақсылық болады деген сөз бар. Барлық
жақсылықтар тек имандылықтың,
адамгершілік пен мейірбандықтың
арқасында болады. Қайырымдылық қанат
жайып, сүйіспеншілік, салтанат құрған
елдің ғана болашағы баянды. Жастар
балалар үйінен осыны терең ұғынып
қайтты.
И.У. КУЛИЕВ,
З.Ш. АЙТУҒАНОВА,
экономика кафедрасының оқытушылары
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (фото)