Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
Әдебиеттер: 
1.  Варданян  Ю.В.,  Кильмяшкина  Т.А.  Модель  вузовской  образовательной  системы  становления 
психологической компетентности педагога // Психология в вузе. – 2008. –   №2. – С. 5-16. 
2.  Братченко С.Л. Развитие у студентов направленности на диалогическое  обращение в условиях 
групповой формы обучения: автореф.дисс. канд.псих.наук. - Л.; 1987. – 16 с. 
3.  Емельянов  Ю.Н.  Теория  формирования  и  практика  совершенствования          коммуникативной 
компетентности: автореф.дис.докт.псих.наук.–Л.; 1991.– 38 с. 
4.  Жуков  Ю.М.,  Петровская  Л.А.,  Растянников  П.В.  Диагностика  и  развитие  компетентности  в 
общении. – М.: Моск. ун-т., 1990. – 104 с. 
5.  Митина Л.М. Психология труда и профессионального развития учителя. – М.: Академия, 2004. 
– 320 с. 
6.  Петровская Л.А. Компетентность в общении: Социально-психологический тренинг.- М.: МГУ, 
1989. – 216 с. 
7.  Павловец  Г.Г.,  Хабаева  Л.М.,  Резникова  И.Б.,  Филоненко  В.В.,  Дзгоева  Н.М.  Социально-
психологический  портрет  современного  студента  педагогического  вуза.    Монография.  – 
Владикавказ: Изд-во СОГПИ, 2010.- 262 с. 
 
Резюме 
В  данной  статье  затронуты  проблемы  формирования  коммуникативной  компетентности 
студентов, которая относясь к группе ключевых, является важной и неотъемлемой составляющей 
профессиональной  компетентности.  В  структуре  коммуникативной  компетентности  можно 
выделить  три  составляющие:  понятийную,  включающую  в  себя  коммуникативные  знания; 
операционную,  включающую  в  себя  коммуникативные  умения,  соответствующие    конкретным  
ситуациям;  мотивационноличностную,  содержащую  личностные  качества  и  установки,  
необходимые для осуществления эффективного общения. 
 
Summary 
      Communicative  competence  refers  to  a  group  of  key,  is  an  important  and  integral  part  of 
professional  competence  and  a  personal  quality,  which  includes  the  knowledge,  skills,  attitudes  and 
values that determine the  effectiveness of communication, success in social and professional fulfillment. 
In  the  structure  of  communicative  competence  may  be  divided  into  three  parts:  the  conceptual,  which 
includes  communication  skills,  operating,  which  includes  communication  skills  appropriate  to  the 
particular  situations,  motivation  and  personality,  containing  the  personal  qualities  and  attitudes  required 
for effective communication. 
 
 
 
 
 

26 
 
ӘОЖ  37.03:37.04 
 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ  БАЛАЛАРМЕН  ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ 
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
  
 
Ұ.Б.АҒЫБАЕВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
 
Қ. Б. ҚОЙШЫБАЕВА, педагогика ғылымдарының магистрі

А.Ж.САБИЕВА,
 педагогика ғылымдарының магистрі  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Елімізде  психологиялық  қызметті  ұйымдастыру  білім  беру  жүйесінде  де  жақсы 
жолға  қойылып  келеді.  Оған  дәлел  –  жекелеген  балалар  мекемелерінде  психолог 
штатының ашылуы, аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларында психологиялық 
кеңестің  ұйымдастырылуы,  жоғарғы  оқу  орындарының  психология  кафедрасында 
психологиялық ағарту жұмыстарының жандандырылуы. 
Дегенмен  де  бұл  жетістіктерге  қарамастан,  көңіл  алаңдатар  мәселелер  өте  көп. 
Оларға  мәселен  психолог  қызметін  кездейсоқ  атқару,  қызмет  ерекшелігін  жете  мән 
бермеу,  дұрыс  игермеу,  психологтық  қызмет  бағыттарын  жеке-жеке  нақты  білмеу  т.б. 
Психолог қызметінің жұмыс бағыттары қазіргі күнде мақсатқа сай жүргізілуі керек. 
Сонымен  қатар,  бала  тағдырын шешу  мәселесі,  оның  оқу  деңгейі,  тәрбиелік  дамуы, 
мінез-құлық  ерекшеліктерін  зерттеу,  басқа  да  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  түзету 
жұмыстары арқылы көмек беру, алдын-алу психолог қызметінің қол астында екені белгілі 
және  дер  кезінде  осындай  балаларға  көмек  көрсету,  оның  жағдайын  себебін  анықтау 
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 
Халық ағарту саласындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру жөнінде зерттеуші 
жаңашылдар  И.А.Дубровина,  Р.В.Овчарова,  Л.К.  Көмекбаева  тағы  да  басқалары  атап 
кеткен болатын. 
Ал,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  психокоррекция  жұмыстары  арқылы  көмек  беру 
мәселелері  –  қазіргі  кезде  де  кезек    күттірмейді.  Психологтың  бұл  мәселелері  бойынша 
жұмыс  бағыты  да,  балалар  үйінде  де  үлкен  сұранысқа  енуде.  Жалпы  осы  мәселе  
тұрғысында  атақты  психолог  мамандар  Н.Ю.Максимова,  Е.Л.Милютина,  П.Я.Гальперин  
еңбектері мен зерттеулерінде атап көрсетілген. 
Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  заңында  көрсетілгендей,  адамзат 
құндылықтарының ғылымы мен тәжірибе негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті 
жағдайларды  жасау  білім  беру  жүйесінің  негізгі  міндеті  болып  отыр.  Саналы  мақсатты 
бағдарлы тұлғаны қалыптастыру – ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық коррекция жұмыстары арқылы көмек 
беріп,  ішкі  жан  дүниесін  түсіну,  өмірге  өз  талпыныс-тілегіне,  өмірде  өз  орнын  табуға, 
ынта-ықыласына,  жалпы  жеке  дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып  психологиялық  көмек 
беруді қамтиды. 
Сонымен  қатар, мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  психокоррекция жұмыстары  арқылы 
көмек  беру  ерекшеліктерінің  сыртқы  көріністерін,  мінез  ерекшеліктерін  негізге  ала 
отырып,  олардың  орынды  сапаларын  қалпына  келтіру  жалпы  қоғамымыздың  және 
алдыңғы  қатарлы  мектептерде  қалыптасқан,  қалыптаса  бастаған  психологиялық  қызмет 
жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр[1]. 
Бұл  мәселелердің  ғылымда  қарастырылу  деңгейіне  келсек,  белгілі  психологтар 
Б.Г.Ананьев,  А.Г.Асмолов,  А.А.Бодалев,  В.Д.Давыдов,  Л.С.Выготский,  А.В.Петровский 
және  т.б.  зерттеулерінде  балалардың  әлеуметтік  және  жеке  даралық  білімдері  мен  өмір 
тәжірибелерінде  адамзат  қоғамының  жетістіктерін,  рухани  байлықтарын  игеріп,  мінез-

27 
 
құлықтарына,  дүниетанымдарына  қалыптастырып,  күнделікті  жүріс-тұрысын  басқарып 
отыруға өз биліктері мен бостандықтарынан алатын орны айқындалған. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  психокоррекция  жұмыстары  арқылы  көмек  берудің 
теориялық  және  әдістемелік  негіздерін  Л.С.Выготский,  Эльконин,  А.С.Белькин, 
К.Л.Кәрімов жасауға талпынды. 
Мүмкіндігі    шектеулі  балаларға  тиісті  кесте  бойынша    түрлі  сабақтар  жүреді,  бала 
дамуы төмен болса да әйтеуір жазуын жазып, кітабын оқып сабаққа дайындалады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытатын  арнайы  оқу  орындарында,  тәртіп 
ережелерін  сақтау  ол  баланың  өзінің  міндетті  түрде  атқаратын  әрекеті  болып  табылады, 
бұл  арнайы  оқу  орнында,  арнайы  педагогтармен  психолог  мамандары  жұмыс  жасайды, 
алты  жасқа  дейінгі  балалардың  әрекеттерінен  форма  жағынан  да,  мазмұн  жағынан  да 
өзгеше әрекеттер.  
Мүмкіндігі    шектеулі  балаларға,  оқу  -  тәрбие  жұмысының  нәтижесінде  балалардың 
психикалық  әрекеттері  жедел  дами  бастайды.  Бала  психикасында  бұрын  болмаған,  енді 
ғана  пайда  болып  келе  жатқан  жаңа  сапалардың  мейлінше  өріс  алуына  жол  ашылады. 
Мүмкіндігі  шектеулі баланың, психикалық функциясының ерікті әрекеттері күшейеді.  
Біртіндеп  дерексіз  қисындық  ойлау  пайда  болады,  оқу  баланың    ақыл-ой  еңбегіне 
үйретеді. Шала жасы онға келген балалар  өзінің  болашағын ойлауы мүмкін, сөйтіп түрлі 
жүргізілген  психологтың    көмегінің  арқасында,  бала  еңбекке  дағдыланып,  дайындалып, 
шыңдалады. 
Мүмкіндігі    шектеулі  балалар,  әр  жасқа  ғана  лайықты,  ешбір  өзгермейтін  тұрақты 
қасиеттер  болмайды.  Сондықтан  да  бір  кезеңге  лайықты  қасиеттер  басқа  кезеңдерде 
кездесіп отырады. Әр кезеңге лайықты, қасиеттер басқа кезеңдерде кезігіп отырады[2]. 
 Әр  кезеңге  лайықты  анатомиялық-физиологиялық  және  психикалық  өзгешеліктер 
болғанмен,  біркелкі  жастағы  балалардың,  мінез-құлқында  өзіне  лайықты  және 
өзгешеліктері болады.  
Ол  өзгешеліктер  нәсілмен,  баланың  қоршауымен,  оның  ондағы  орнымен    және 
әрекетімен байланысты. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысында «орта оқушыға» сүйенбей, әр 
баланың  жеке  өзгешеліктерін  біліп,  солармен  есептесіп,  соларға  лайықты  әсерлерді  де 
қолданып отыру қажет.  
Мүмкіндігі    шектеулі  бала,  айналасындағы  сан  алуан  заттарға  ерекше  көңіл  бөліп, 
қызығып  отырады.  Қызығуда  үлкен  орын  алатын  психикалық  әрекеттердің  бірі  –  тілек. 
Бала  бір  нәрсені  сезеді,  тілейді,  қалайды  осының  бәрі  мұқтаждықтан  пайда  болады. 
Қызығу  әр  уақытта  адам  зейінің  қызығатын  заттарына,  бет  алып  түйдектелуіне  керек 
етеді.  
Бала  бір  нәрсеге  қызығу  үшін  қызығатын  нәрселер  балаға  жағымды  эмоциялық 
сезімдер  туғызу  керек.  Егер  балаға  заттар  таңқаларлықтай  әсер  етпесе,  онда  бала  ол 
заттарға  ешуақытта  қызықпайды.  Бала  бір  нәрсеге  қызығу  үшін  оның  көңілі  көтеріңкі 
болуы  керек,  науқас  баланы  сау  бала  сияқты  әр  нәрсеге  қызыға  бермейді,  олар  өздерінің 
ауыруымен әлек болып, тек «жазылсам» екен деп  мақсатты алдына қояды.  
Егер  де  баланы  өз  бетімен  жіберсе,  белсенділігі  өзінің  дамуына  зиянын  тигізетін 
мінез-құлықтың  теріс  сипатын  қалыптастыратын  формаларды  оңай  қабылдауы  мүмкін, 
немен айналысуды білмеген мүмкіндігі шектеулі бала, тентектік жасайды, ойыншықтарды 
сындырады, кітап дәптерлерді жыртады, қарындашпен қабырғадағы қағаздарды бүлдіреді, 
хайуанаттарды әурелейді.   
Егер  де  психолог,  мүмкіндігі    шектеулі  баланы  басқа  іске  кірістірмесе  немесе  ол 
баланың  не  істейтінін  бақыламаса,  олар  «еркін»  тәртіпке  әрекеттенеді,  ересектерді 
тыңдамайтын  болады,  мүмкіндігі    шектеулі  бала,  өзінің  қисық  қиқарлық  жат  қылық  ісін 
іске бағыттайды. Мұндай әрекеттерден жеке бастың теріс сипаттары қалыптасады. 

28 
 
Психокоррекциялық    жұмыстар  жүргізу  бүгінгі  қоғам  талап  етіп  отырған 
мәселелердің  бірі  болып  табылады  Әрбір  бала  ол  өмірде  бақытты  болуға  және  қоғам 
талаптарына сай білім мен тәрбие алуға құқылы. 
Психокорреция бұл – психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсыбір 
жағымсыз  ауытқуларды,  мінез-құлықтық,  эмоциялы,  танымдық,  не  болмаса  адамға 
психологиялық  проблемаларды  тудыратын  басқа  да  көріністерді  бәсеңдетуді  немесе 
жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету. 
Психологиялық  түзету  жұмыстарының  мақсаты:  психикалық  дамуды  нормаға 
сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру; 
Міндеттері:  
- психикалық қалыпсыздықты анықтау; 
- психотренингтер, зерттеу әдістерін негіздеу; 
- диагностика жүргізу; 
- психокоррекция кезеңдерін талдау; 
- дамытушылық жұмыстар жүргізу. 
Психокоррекциялық  жұмыстың  міндеттері  коррекция  жүргізуді  талап  еткен  адам  
немесе  топ  ерекшеліктеріне   байланысты  анықталады.  
 Олар  келесі  мынадай  болуы   мүмкін:  
   - баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды әлеуметтік ортада қалыптасқан  
талаптарға  сай  келтіру;  
  - қалыптасқан  жағымсыз  мінез  құбылыстарын  бұзып,  оның  жағымды  көріністері  
басым  болатындай  етіп  қайта  құру;  
 -  мінез-құлық    стереотиптерін      және    оның    эмоционалдық    көрініс    беру  
формаларын  өзгерту;  
- жалпы  даму  барысында  қайта  құру;  
- ізгі  ниетті  қарым-қатынас  тәжірибесін  қалыптастыру.  
Психологиялық  түзету  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  талданатын  ситуациялар 
мазмұнын білу қажет: 
- сыныптастары сияқты кітапты тез оқуы үшін не істеу керек?; 
- ес көлемін кеңейту үшін не істеу керек; 
- өз жұмысыңа тез шоғырлану үшін не істеу қажет. 
  Бұл міндеттерді қалай шешу керек? Мұнда екі жол ұсынылады:  
1.Мұндай  тапсырмаларды  шешу  нормаларындағы  ортақ  түсінікке  бағдарлану  («Бұл 
жағдайда бұлай істеу керек»); 
2. Адамның жетілуінің даралық мүмкіндіктеріне бағдарланатын жол [3]. 
Д.Карнеги  еңбектерінде  психокоррекциялық  әсерді  жөндеулерді,  адамның  ішкі 
әлеміндегі  ерекше  өзгерулерді  қарастырған.  Д.Карнеги  өзінің  бір  сынағында 
психологиялық мәліметтерді психокоррекциялық жұмыстарда қолданады.  
Психокоррекция  жұмыстарын  жүргізуде  ол  негізі  былай  дейді:  «Тәртіпті  сақтаңдар, 
бәрі жақсы болады». Адамдарға ұнау үшін Д.Карнеги ұсынған  6 анықтаманы ұсынады: 
1. Басқа адамдармен қарым-қатынасқа шынайы түсіңіз. 
2. Күліңіз. 
3. Есіңізде болсын – адамның есімі, негізгі көмекші жақсы қарым-қатынасқа. 
4. Мұқият тыңдай біліңіз. 
5. Әңгімелесіп отырған адамыңызды не қызықтырады сол туралы айтыңыз. 
6. Өмірде өз орны бар екендігі туралы шынайы санасын иландыруға тырысыңыз[4]. 
Психокоррекцияны   жүргізудің    түрлері    көп   болғаны   мен  олардың    барлығының  
ортақ қасиеттері өте  мол. Ол  клиенттерді  психодиагностикадан  өткізу,  проблемаларына  
байланысты    коррекция  тобына    жинақтау,    балалар    жас    ерекшеліктеріне    байланысты  
және    үлкендердің    қажеттілігін    ескере    отырып      психокоррекция    жүргізу    реті    және  

29 
 
пайдаланылатын   әдіс-тәсілдерін    анықтау    ұқсас    нұсқамен    жүргізіледі.    Коррекциялық  
ойын  әдістері  көмегімен  оқушыларда  орын  алған  қорқыныш  сезімнің  әсерін  төмендету, 
мазасызданудан  шығару,  басқа  да  невроз  сырқаттары,  эмоционалдық  дүниесінің 
тапшылығы  байқалатындар  үшін  жүргізілетін  коррекциялық  жұмыстарда,  көптеген 
шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. 
Психологиялық  ойындар  –  психологиялық  мәліметтерді  коррекциялық  жұмыстарда 
қолдануға, адамның ішкі  әлемінің  ерекшеліктерін сұрыптауға, тапсырмаларды орындауға 
басынан  өткеруге  көмектеседі.  Психотехникалық  ойындар  Н.В.  Цезенан,  Ю.В.Пахомев 
еңбектерінде көрсетеді.  
Ол  ойындардың  ерекшелігі  функцияларды  дамытуға  бағдарланған  құбылыс 
шаршағандықты 
жеңу 
үшін, 
қабылдаудың 
концентрациясының 
жоғарылауына, 
эмоционалды тонусының (сарынының) жоғарылауына көмектеседі. 
Коррекциялық  ойындар  әр  адамның  өз  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  дамытып, 
пайдаланылған 
ертегілер, 
әңгімелер 
 
кейіпкерлерінің 
батылдық, 
ұстамдылық, 
мейірмандық,  сыйысымдылық  және    ертегі  баланың  қиялын  дамытып,  өзіндік  пікірін 
туғызады.  Адам  бойындағы  қасиеттердің  ара-жігін  ажыратып,  жағымды  жақтарын  өзіне  
азық етуге тырысады. 
Ойын  барысындағы  мінез-құлық  оның  құрылымына  сай  болуға  тиіс.  Үлкендер 
ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құру 
алты типте көрініс береді. 
 1.Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру. 
 2.Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу. 
 3.Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау. 
 4.Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу. 
 5.Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау. 
 6.Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы. 
Сонымен  қатар  ойын  барысында  неше  түрлі  себептермен  байланысты  әрекеттер 
араластырылып  қолданылады.  Мазасыздануды  диагностикалауда  осы  қайта  құруды 
зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады.  
Психолог 
мамандар 
психокоррекциялық 
және 
дамытушылық 
жұмыстарды 
жүргізгенде мыналарды басшылыққа алуы қажет: 
1. Баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған коррекциялық 
бағдарламаны жасау және жүзеге асыру; 
2. Дамыту және психокоррекциялық бағдарлама психологиялық және педагогикалық 
бөлімдерден тұрады: а) жеке баламен арнайы жұмыс; ә) топ баламен жұмыс. 
3. Бала психикасының және жеке басының дамуына бағытталған бағдарлама жасау. 
Қорыта    айтқанда,  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  жүргізу,  олардың  жан 
дүниесін  түсіне  отырып,  оларға  оқу  –  тәрбие  үдерісінде  ата-анамен,  мұғалімдермен 
байланысты  нығайту  маңызды  болып  табылады.  Сол  себепті  психолог  мамандар 
психокоррекциялық жұмыстарды тиімді, жүйелі түрде ұйымдастыра білуі қажет.  
 
Әдебиеттер: 
1.Практическая психология образования. / Под. ред. А.Е.Дубровской. – Москва; 2000. – С.45. 
2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога.  – М.; 1996. – 138 с. 
3.Практикалық  психологияның  теориялық-әдістемелік  негіздері.  Оқу  құралы/  Бапаева  М.Қ., 
Бапаева С.Т. – Алматы, 2006. – 83-127 б. 
4.  Карнеги  Д.  Как  выбрать  уверенность  в  себе  и  влиять  на  людей,  выступая  публично.  – 
Минск, 1990. – 178 с. 
 
 
 

30 
 
Резюме 
   В  статье  рассматриваются  проблемы    оказания    помощи  детям  с  ограниченными 
возможностями 
посредством 
психокоррекционной 
работы. 
Также 
рассмотрены 
виды 
психокоррекции  и  пути  ее  организации.  Уделено  внимание  обязанностям  и  особенностям 
психокоррекционной работы. Указаны  особенности детей с  ограниченными возможностями. 
 
Summary 
The organization of psycho-correctional works with limited intellect children.  
This  article  deals  with  the  problems  of  helping  with  limited  intellect  by  means  of  psycho-
correctional  works.  It also  considers  types  of  phsycocorrection  and  ways  of  their  organization.  It’s  paid 
attention to the obligations and features of psycho-correctional works. It’s shown peculiarities of children 
with limited intellect. 
 
 
 
ӘОЖ  374.3:373.3 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ
-ТАНЫМДЫҚ  
ІС
-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ж.О.АСЫЛБЕКОВА, магистр,
 
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті  
 
      Бастауыш    мектеп    –    бұл    оқушы    тұлғасы    мен    санасының    дамуы    қуатты  
жүретін,  ерекше   құнды,   қайталанбас  кезеңі.  Сондықтан  да  бастауыш  білім  берудің  
алғашқы  сатысы.  Бастауыш  мектеп  балаға  белгілі  бір  білім  беріп  қана  қоймай,  оны  
жалпы    дамытуды,    яғни    сөйлеу,    оқу,    талдау    жасауға    үйретуді    және    ойын    толық,  
дұрыс  жеткізуді  қамтиды.  Ғылым  мен  техниканың  кең  өріс  алып,  жедел  қарқынмен   
дамуы  білімнің  негізі  болып  табылатын -  бастауыш  мектепке  де  өз  әсерін  тигізуде.  
Соған    сәйкес    бүгінгі    таңда    Қазақстан    Республикасы    бастауыш    білімнің  міндетті  
мемлекеттік    стандарты    жетілдірілді.    Оқу    жоспарына    сай    зерделенетін    пәндердің  
барлығы  да  білімдік  және  тәрбиелік  рөлі  жағынан  бірдей  маңызға  ие  болып  негізгі 
пән,    қосымша    пән    деп    бөлінбей    оқытылады.    Барлық    пәндер    біртұтас    оқу-тәрбие  
үрдісінің    ерекше    қырларын    ұйымдастыра    отырып,    сананың    этикалық,    эстетикалық  
түрлерін    дамытудың,    оқушының    шығармашылық    әлеуетін    практикалық    іс-әрекет  
арқылы  ашуды  қалыптастырады.  Мемлекеттік  стандартта  дамыта  оқыту  ұстанымына  
сәйкес    білімнің    теориялық    деңгейін    көтеру,   оқу    әрекетін    қалыптастыруда    білімнің  
танымдық,  шығармашылық  рөлін мақсат  етіп  қойды.  
     Демек,    бұл мақсатты   жүзеге    асыруда    оқу,    жазу,    математика,   дүниетану,  ән, 
еңбек,  бейнелеу  т.б.  пәндерді  оқытуда  баланың   шығармашылық   дағдыларын,  еңбек 
біліктерін    қалыптастыру  –  негізгі    жұмыс    формасы.    Пәндерді   оқыту    арқылы   ұлттық  
және    әлемдік  тәлім  нәрімен  сусындаған,  болашақ   халық   игілігін  жасайтын  азамат  
тәрбиелеу.    Ал   міндеті  –  оқушылардың    танымдық   деңгейін    кеңейту,    шығармашылық  
және    еңбек    біліктерін,    қабілеттерін    дамыту,    рухани    байлықты    дамытуға    жағдай  
жасау,  салауатты   өмір  салтын  насихаттау.  Соның  негізінде  ұшқыр  ойлы,  жаны  сұлу,  
тәні    сау,    шығармашылықпен  ойлай   білетін    дара   тұлғаны   тәрбиелеуге    ұмтылуымыз  
қажет. 
 Оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін,  белсенділігін  қалыптастыруда  олардың 
қабілеттерін  дамытуға,  танымдық  жан  қуаттарының  оянуына  ықпал  етіп,  ізденісіне, 
талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. 

31 
 
Оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекеті  –  күрделі  процесс.  Ол  іс-әрекет  мақсатын, 
мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.  
Оқу-танымдық  іс-әрекет  –  шәкірттің  білімге  деген  өте  белсенді  ақыл-ой  әрекеті.  Ол 
танымдық  қажеттіліктен,  мақсаттан,  таным  қисындарынан  және  әрекетті  орындаудың 
тәсіл-амалдарынан  тұрады.  Оқу  үрдісі  оқушылардың  оқу-танымдық  әрекеті  негізінде  
жүзеге  асады,  ал  оқу-танымдық  әрекеті  негізінде  оқушылардың  танымдық  белсенділігі 
қалыптасады.  Танымдық  белсенділіктің  орындалуы  оқушылардың  оқу  материалын 
түсінуге,  өткенді  жаңамен  байланыстыруға,  негізгісі  мен  қосымшасын  анықтауға,  алған 
білімдерін  тәжірибеде  пайдалануға,  өз  пікірлерінде  оларға    сүйенуге  ұмтылысынан 
көрінеді.  Білімді  саналы  меңгеру  өз  бетімен  жаңа  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  ақыл-ой 
еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымдық 
іс-әрекетінің  көздейтін  мүддесі  –  білімнің  қоғамдық  мәнін  ұғыну,  қоғамға  қызмет  ету 
қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған 
білімдерін  өмірде,  тәжірибеде  нәтижелі  пайдалана  білуі  болып  табылады.  Оқушылардың 
танымдық белсенділігі  мына үш белгіге тән: 

 
Оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; 

 
Оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; 

 
Оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты. 
Сондай-ақ, 
танымдық 
белсенділігін 
дамыту 
тиімділігі 
мынадай 
жетекші 
факторлармен анықталады: 

 
Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу; 

 
Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кеңінен енгізу; 

 
Материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету; 

 
Бірте-бірте  күрделене  түсетін  тапсырмалар  кешенін  шешудегі  қол  жеткен 
табыстарды "нығайтуды" қамтамасыз ету т.б [1]. 
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық 
әрекеті  негізінде  оқушыларда  танымдық  белсенділік  қалыптасады.  Демек,  оқушылардың 
танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің 
негізгі 
шарты. 
Оқушылардың 
танымдық 
белсенділігін 
қалыптастыруда 
оқу 
материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру 
мен  оқу  үрдісін  ұйымдастыра  білудің  маңызы  зор.  Оқытудың  мазмұнына  фактілерден, 
әрекет 
тәсілдерінен 
басқа 
оқытудың 
шын 
мазмұнымен 
бірге 
оқу 
үрдісіне 
қатысушылардың  арасында  ақпарат  алмасу  қорын  құратын  және  оқушылардың  осы 
мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді. 
Сабақ  беруде  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға  қойылатын  негізгі 
талаптар: 

 
Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар 
оқытудың мақсатын түсіну керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың 
алдыңғы  тәжірибелеріне,  олардың  білім  жүйесіне  сүйене  отырып  жүргізілуі  керек. 
Мұғалім  оқушылардың  оқытылатын  материалға  қызығушылығын  арттыру  үшін  барлық 
тәсілдерді пайдалануы керек. 

 
Оқушылар  оқыту  процесінде  тек  қана  заттар  мен  құбылыстар  жөніндегі 
ақпараттарды  ғана  игеріп  қоймауы  керек,  сонымен  қатар  оның  ішкі  мәнін,  кейін 
тәжірибеде  қолданатын  заңдылықтарды  түсінуі  керек.  Сонан  соң  бірнеше  рет  қайталау 
процесінде жекелеген фактілерді игеруге және оларды жүйелеуге қол жеткізіледі. 

 
Оқушылардың  белсенділігінің  маңызды  шарты  оқыту  процесіндегі  өзін-өзі 
бақылау  мен  өзін-өзі  бағалау  болып  табылады.  Сондықтан  да  оларды  осындай  қызметке 
қажеттілік пен дағды қалыптастыру мұғалімнің бірден бір міндеті болып табылады. Өзін-
өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау  қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы 
қажет. 

32 
 

 
Білімді  саналы  және  белсенді  меңгеруде  басты  рөл  жарқын  үлгілерді  белгісіз 
оқушының  қосымша  оқу  материалын  пайдалануы  арқасында  көрініс  табатын 
қызығушылыққа беріледі. Саналылық және белсенділік принциптерін жүзеге асыру  үшін 
оқылатын  материалдың  тек  мазмұнына    ғана  емес,  сондай-ақ  оқыту  процесінің  өзіне  де 
қызығушылық  қалыптастыру  қажет.  Оқушыларға  тек  жаңа  ақпарат  алу  ғана  емес, 
сонымен  қатар  оқу,  оларға  таным  процесінің  өзі  де  қызық  болуы  керек.  Бұл  ережелерді 
сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді [2]. 
Оқыту  үрдісінде  оқушының  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру  үшін  білімдер 
мен  әрекет  тәсілдерін  алуды  қажеттендіруді  қалыптастыратын  шарттарды,  өзін-өзі 
бейімдеу  шарттарын,  мәселелерді  шешудің  түрлі  нысандарын  ұйымдастыру  дағдыларын 
дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. 
Оқушылардың  танымдық  белсенділігінің  деңгейлеріне  тоқталатын  болсақ,  оның  ең 
жоғарғы  деңгейі  танымдық  міндеттерді  өз  бетінше  қоюмен,  тапсырмалардың  шешімін 
табуда  неғұрлым  тиімді  жолдарын  болжаумен  және  өз  бетінше  айқындаумен,  өздігінен 
бағалаумен  сипатталады.  Ал  орташа  деңгей  жоғары  деңгейдің  кейбір  элементтерінің 
оқытушының  көмегімен  орындалатынымен  сипатталады,  мұнда  мұғалім  танымдық 
тапсырма  беріп,  оның  шешуін  бақылауы  немесе  оқушыға  шешу  тәсілдерін  көрсетуі  тиіс. 
Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері 
туралы  көмек  болғанда  ғана  танымдық  әрекетін  ынталандыруға,  белгілі  тәсілдерге 
бағдарлануда көрініс табады. 
Танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі 
болып табылады, ол – сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж 
бен  өз  бетінше  әрекет  тәсілдерінің  жиынтығы,  танымға  деген  тұрақты  құлшыныс  болып 
табылатын танымдық әрекетке бейімделуі. 
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторларына олардың өз 
мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз 
әрекетінен  қанағаттануы;  оларға  мұғалім  тарапынан  қойылатын  талап пен  қабілеттерінің 
сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы т.б. жатады. Бұл факторлар 
оқу  мотивтерінің  өрісін  кеңейтіп  шығармашылық  әрекетіне  негіз  қалайды.  Қабілеттер 
оқушыға дайын түрде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың  
нәтижесі.  Оқу,  білім  алу  қабілеттерінің  деңгейі  әр  оқушыда  әр  түрлі  болғандықтан, 
мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс. 
Төменгі  сынып  оқушыларының  танымдық  белсенділігін  арттыру  үшін  білімді 
меңгерудің мынадай мақсаттары керек: 

 
Мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру); 

 
Мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі); 

 
Нәтижені бағалай алу (бақылау, баға). 
Бүгінгі  мектептерде  тек  қана  екінші  буын  –  орындалатын  бөлім  ғана  жүзеге  асады. 
Сондықтан  да  ол  мектеп  тәжірибесінде  кең  таралған,  өйткені  мұғалім  оны  оңай  қолдана 
алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда ол мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-
бірімен бірікпеген оқу үрдісінің  талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқу үрдісінің  мұндай 
түрі  оқушылардың  өз  қызметін  бақылап,  оған  баға  беріп,  нәтиженің  тиімділігін 
қалыптастырмайды.  Басқаша  айтқанда,  оқушының  танымдыққа  емес,  тіпті  оқу  үрдісіне 
деген қызығуының артуы екіталай. Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін 
оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен 
қатар  әр оқу пәні  – жалпы білім жүйесінің  тек бір  ғана бөлігі екенін түсінгенде  ғана  іске 
аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық 
дамуында  ғана  қарастырылуы  керек.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  пәндік  білім  беру  жүйесінің 
негізінде  диалектикалық  қайшылық,  яғни,  бір  жүйеде  нақты  пәнді  алсақ,  білім  беру 
жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретін қозғаушы күш деп қарастырылады. 

33 
 
Түсініктерді қолдану үшін адам, алдымен, білімнің негізін үйрену керек. Егер түсінігі 
жоқ болса, адам әлемнің барлық түрлілігін тану керек, нәтижесінде ол ешнәрсені білмейді. 
Өйткені,  түсініктер  материалдық  заттардың,  құбылыстардың  жалпы  қасиеттері  мен 
қатынастарын нақты түрде қарастырады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларында  ұғынатын  түсініктер  оның  маңызын  жаттап  алып 
көптеген  жаттығуларды,  есептерді  орындағаннан  емес,  оларды  түсіну  арқылы  ғана 
болады. Танымдық белсенділік барысында логикалық ойлауы дами бастайды. 
Оқушылардың  танымдық  белсенділігі  –  баланың    жеке  дамуын  қамтамасыз  ететін, 
танымдық  тапсырмаларды  шешу  кезінде  игерілген  білімдер  мен  біліктерді  іс  жүзінде 
қолданылатын, 
ең 
бастысы, 
саналылықпен 
білімдеріне, 
дағдыларына 
және 
интеллектуалдық  бейімділіктеріне  сүйеніп,  өз  бетімен  кәсіптік  бағдар  мәселесін 
анықтайтын  және  өзіндік  шығармашылық  ой-өрісін  кеңейте  білуімен  сипатталатын  жеке 
тұлғаға тән қасиет. 
Сонымен, оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды 
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 
1.
 
Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі жағдайда қолдана білуі; 
2.
 
Іргелі білімдерге қол жеткізу; 
3.
 
Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері; 
4.
 
Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі; 
5.
 
Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті; 
6.
 
Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау. 
 Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру  үшін  мұғалім  тарапынан 
ұйымдастырушылық  пен  дұрыс  басшылық  және  оған  оқушылардың  өздері  белсенділік 
танытпағы  ләзім.  Ал  оқушылардың  жеке  басының  дамуына  белсенді  болуы  үшін  оны 
қажетсінуі,  ізденуі,  бағдарлай  білуі,  зерттеу  біліктері  болуы  қажет.  Бұл  жерде 
оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының  
оянуына  ықпал  етудің,  сол  жолда  ізденісін,  талабын  ұштап,  білім  деңгейін  жетілдірудің 
маңызы ерекше. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Рысбекова  А. Танымдық  қабілетті  арттыру  шарттары  //  Қазақстан  мектебі.  –2010.  –№  7.  –
38-39 бб. 
2.
 
Ильясов  С.   Танымдық  белсенділікті  дамыту  -  өзекті  мәселе  //Қазақстан  мектебі.  –2011.  –
№2. –66-67 бб. 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматриваются  вопросы  освоения  знаний  необходимые  для  усиления 
познавательной активности учеников, ее показателей и требования. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет