Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
Summary 
           This article discusses the development of objective knowledge to strengthen poznovatelnuyu 
activity. Indicators poznovatelnoy activity of students and the requirements set enhancement of cognitive 
activity of students. 
 
 
 
 
 
 
 
 

34 
 
УДК   004, 031.42:371.3:808.2 
 
ИНТЕРАКТИВНЫЕ МЕТОДЫ В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ РУССКОМУ ЯЗЫКУ
 
 
Ш.Ш.БЕЙСЕМБАЕВА, 
 
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата 
        
Известно, что среди средств  общения на первом месте стоит язык. Вся деятельность 
в  процессе  общения  -это  прежде  всего    речевая  деятельность.  Владеть  языком-  это  
собственно лингвистический уровень: хорошее знание норм произношения, грамматики , 
словоупотребления, умение использовать разные языковые средства для выражения одной 
и  той  же  мысли  (владение  синонимией),  способность  различать  внешне    сходные,  но 
разные по смыслу высказывания (владение омонимией), отличать правильные в  языковом 
отношении высказывания от неправильных. 
В  основе  обучения  языку  лежит  принцип  коммуникативной  направленности.  Там, 
где  есть  русская  речевая  среда  можно  добиться  больших  успехов,  так  как  возникают 
естественные речевые ситуации. 
Там, где нет русской языковой среды, нужно постоянно создавать речевые ситуации, 
организовывать  общение,  помня  о  том,  что  в  основе  коммуникативного  подхода  должна 
лежать  не  реальность  самой  ситуации,  а  реальность  деятельности  в  ситуации.  Обучение 
должно  быть  активным,  творческим  процессом.  Оно  успешно  проходит  тогда,  когда 
обучающиеся  принимают  активное  участие  в    учебном  процессе.  Это  стимулирует 
личную  усвояемость  изученного,  развитие  навыков  обучения,  которые  могут  быть 
применимы к другим ситуациям. 
Для  повышения  активности  деятельности  обучающихся  и  совершенствования 
содержания  занятий  предлагаются  некоторые интерактивные методы обучения  русскому 
языку: 
«Мозговой штурм»
 
Эффективный  метод  коллективного  обсуждения,  поиск  решения,  который 
осуществляется путем свободного мнения всех участников. «Мозговой штурм»- это путь к 
развитию творческого , нестандартного мышления.  
Вы  собираете  группу  студентов,  ставите  им  задачу  и  просите  всех  участников 
обсуждения высказать свои мысли по поводу решения этой задачи. 
 
«Проективные техники»
 
        1.  Метод  позволяет  обучающимся  спроецировать  свои  взгляды  и    отношения  к 
определенным  явлениям.  Например,  их  можно  попросить  дописать  незаконченное 
предложение, такие, как: 
- Я бы посоветовал преподавателю… 
- Я бы хотел, чтобы Президент… 
- Когда я вспоминаю детство, я думаю… 
        2.Другим  вариантом  «проективных  техник»  может  быть  рисунок  на  заданную 
тему, который послужит материалом для продуктивной дискуссии.  
 
Дискуссия
 
Эффективный метод, обмен мнениями на тему предмета общего интереса. Участие в 
обсуждении – ключ к освоению и сохранению в памяти. 
Направляемая дискуссия строится вокруг преподавателя (вопросы -ответы). 

35 
 
Структурная дискуссия. Преподаватель делит группу на несколько подгрупп и дает 
им  одинаковые  задания.  Участникам  дается  определенное  время  на  обсуждение.  Затем 
лидеры групп излагают свои выводы,  которые записаны и прикреплены к доске. 
Свободная  дискуссия.  Дискуссию  начинает  преподаватель,  который  позже  играет 
второстепенную роль , позволяя каждому участнику действовать по желанию.   
 
Ролевые игры 
Студенты  исполняют  роль  другого  человека.  В  игре  обычно  даются  ситуации  с 
открытым концом. Решения принимают они сами. 
 
Дилемма 
Дилемма  –  необходимость  выбора  из  двух    (обычно  нежелательных)  возможностей. 
В  этих  ситуациях  нет  однозначного  решения,  каждая  позиция  имеет  достоинства  и 
недостатки. 
Дебаты 
Дебаты  -  интеллектуальная  игра,  где  каждая  команда  отстаивает  свое  мнение 
умением правильно говорить, аргументировать, слушать своих оппонентов. Смысл игры в 
том, чтобы склонить аудиторию (зрителей) к своей точке зрения. 
 
Кейс-стади 
Группе  предлагается  информация,  основанная  на  реальных  или  вымышленных 
фактах с тем, чтобы детально проанализировав, вынесли решение. 
Таким  образом,  использование  интерактивных  методов  на  занятиях  формирует 
учебно-коммуникативные,  учебно-информационные,  учебно-интеллектуальные  и  учебно-
организационные  умения  и  навыки,  которые  обеспечивают  активность    обучающихся  в 
ходе  учебных  занятий,  создают  условия  для  их  самообразования  в  настоящем  и 
непрерывного образования в будущем. 
 
«Школа мнений» 
«Школа мнений» - это стратегия, которая позволяет студентам выразить свое мнение 
по изучаемому вопросу. Обучающимся предлагается, отвечая на вопрос или выражая свое 
отношение  к  какому-либо  мнению,  обвести  соответствующий  ответ  на  шкале.  На  шкале 
представлены  оттенки  мнений  (полностью  согласен;  в  основном  согласен;  не  уверен;  не 
совсем  согласен;  не  согласен).  Затем  каждый  участник  аргументирует  свое  мнение  и 
выслушивает противоположные точки зрения. 
 
Дискуссия в стиле телевизионного ток-шоу 
Группа  из  четырех-пяти  человек  ведет  дискуссию  на  заранее  выбранную  тему  в 
присутствии  остальных  участников.  Остальные  студенты  вступают  в  обсуждение  позже: 
они или высказывают свое мнение, или задают вопросы участникам беседы
 
Түйіндеме 
Мақалада  орыс  тіліне  оқытудың  интерактивті  әдістерінің    көп  қолданылатын  түрлері 
қарастырылған.  Интерактивті  әдісті  қолдану  арқылы  студенттердің  сабаққа  белсенділігі  арта 
түседі. 
 
Summary 
The  article  touches  upon  the  most  popular  kinds  of  interactive  methods  in  the  process  of  teaching 
Russian  lanquaqe.  The  use  of    interactive  methods  improves  the  activity  of  students  in  the  teaching 
process.  
 

36 
 
 
ӘОЖ  338.45:622.2:657.421.1 
 
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОЙЫНДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
 
 
С.БОЛАТ, 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
 
Қазакстан  Республикасында  Бiлiм  беру  Заңының  қабылдануы  ұрпақ  тәрбиесiне 
жаңаша қарауды, оны жақсартудың жолдарын нақты айқындауды талап етедi. 
Оқыту үдерісінде студенттерді ойын арқылы жан-жақты тәрбиелеуге негiздеу қажет. 
Осыған орай ойындар арқылы меңгертудің мынадай мақсаттары болуы қажет: 
Студенттерді оқыту үдерісінде дидактикалық ойындар арқылы iзгiлiк пен әдептiлiкке 
тәрбиелеу.  Бұл  үшiн  әлемдiк  тәрбиенiң  озық  үлгiлерiн,  үлкен  тәрбие  көздерiн  оқыту 
барысында тиiмдi қолдану қажет [1]. 
Жоғарыда  аталған  мақсаттарды  орындау  үшiн  дидактикалық  ойындар  арқылы 
студенттерді тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргiзген дұрыс: 
Бiрiншi  бағыт  –  ойындар  арқылы  студенттердің  интеллектуальдық  қабiлеттерiн, 
логикалык ойлауын тәрбиелеу. 
Екiншi  бағыт  –  студенттерге  iзгiлiктi  тәрбие  беру  -  оқыту  үдерісінде  халық 
педагогикасының  мол  мұраларын  пайдалана  отырып,  студенттерге  iзгiлiк,  адамгершiлiк 
касиеттерін бойына сіңіру. 
Үшiншi  бағыт  –  түрлi  көркем  шығармаларды  пайдалана  отырьш,  студенттерге 
эстетикалық  тәрбие  беру  арқылы  олардың  жеке  тұлғалық  қабiлеттерiн,  жат  нәрседен 
бойын аулақ сақтауға тәрбиелеу.  
Төртiншi  бағыт  –  студенттердің  сөздердi  орынды  қолдану  дағдыларын  жетiлдiре 
отырып, сөйлеу мәдениетiне тәрбиелеу. 
Жоғарыда аталған төрт бағыт  өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық 
ойындар арқылы студенттерді тәрбиелеу негіздерін құрайды. 
Сонымен,  тәрбие  –  тәрбиеленетiн  адамда  мiнез-құлықтың,  дүниеге  көзқарастың, 
мiнездiң  және  ақыл-ой  қабiлеттiлiгiнiң  қалыптасуы  үшiн  мақсатқа  бағытталған  жүйелi 
ықпал жасау. 
Жоғарыда  аталған  төрт  бағыт  өзара  бiрлiкте  жұмсалып,  тұтас  күйiнде  ойындар 
арқылы студенттерді тәрбиелеу негiздерiн кұрайды. 
Ғалымдардың  пiкiрлерiн  негiзге  ала  отырып, ойындар  арқылы  меңгерту  жұмыстары 
үш кезеңде жүргiзiлдi. 
Бiрiншi  кезеңде  пән  ережелерi  мен  заңдылықтарын,  сөздiң  тура  және  ауыспалы 
мағыналарын меңгертуге назар аударылды.  
Бұл  кезеңде  студенттер  жинақтаған  бiлiмдерiн  еске  түсiруге,  негiзгi  бiлiмдерiн 
жүйелеуге,  студенттердің  жағдаят  мен  зейiнiн  жетiлдiруге  арналған  ойындар  жүргiзiлдi. 
Ойындарды ойнау барысында студенттер ойын заңдылықтарының өзiндiк ерекшелiктерiн, 
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын танып бiлу дағдыларын игердi.  
Екiншi  кезеңде  студенттер  өздiгiнен  iзденуге,  тапсырмаларды  түрлi  әдiс  тәсiлдер 
арқылы  шешуге  үйрендi.  Осы  кезеңде  берiлген  ойындар  студенттердің  iзденiмпаздық 
қабiлетiн жетiлдiруге, проблемалық жағдаяттарда дұрыс шешiм қабылдауға үйрендi.  
Бұл  кезеңде  студенттер  тақырыпты  өздiгiнен  игеруге,  анықтама  мен  ережелердi 
өздерi шығарып дәлелдеуге, топтағы студенттердің пiкiрiн тыңдауға, басқа адамның сөзiн 
құрметтеуге дағдыланады. 

37 
 
Үшiншi  кезеңде  студенттер  өз  ойын  анық,  дәлелдi  және  сенiмдi  жеткiзуге  үйрендi. 
Игерген  бiлiмдерiн  тiлдiк  қарым-катынаста  орынды  қолдану,  шығармашылықпен  жұмыс 
iстеу кабiлеттерi жетiлдi. 
Сонымен  қатар  студенттер  шығармашылық  деңгейде  мәтiндегi  ойды  жалғастырды, 
өзiндiк 
айтар 
ойын 
жоспарлай 
алды, 
өзiнiң 
пiкiрiн 
анық 
жеткiздi.  
 
Ойын  арқылы  студент  бойындағы  ойлауға,  сөйлеуге,  қоғамдық-әлеуметтiк 
дағдыларды  шыңдауға  болатыны  қапысыз  тұжырым  болып  қалыптасқаны  аян.  Ендеше 
бiлiм беру жүйесiнде де осы ойын түрлерiн меңгерту мен адам тәрбеилеудiң әдiсi, құралы 
ретiнде пайдалану қажеттiгi дау туғызбайтын ақиқат [2]. 
Бүгінгі педагогикалық ұстанымдарға жүгінсек, оқытудың басты міндеті оқытушының 
білім беруі және студенттің білім алу қасиеттерінің біріккендігі. Білім беру жүйесінде жас 
мамандарды  даярлаудың  сапасын  арттыруда  білім,  ғылым  және  тәжірибенің  өзара 
байланысқан,  қалыптасып  қалған  көптеген  қарама-қайшылықтарын  шешуге  тура  келеді. 
Солардың  ішінде ең  негізгісі оқытудың әдістері мен формаларының,  мазмұнының сәйкес 
келмеуі.  Соңғы  кездерде  қолданылып  келе  жатқан  түбегейлі  бірден-бір  өзгеріске 
ұшырамаған  классикалық  ақпараттарды  жинақтап  қорыту,  иллюстративті  түсіндірмелі 
оқыту  жүйесі  мүмкіндігінің  шектелуі  екендігі  көпке  мәлім.  Осындай  өте  қызықты  және 
алдынан үміт күттіретін оқыту әдісіне ойын арқылы оқыту түрі жатады.  
  Ойын  –  адам  іс-әрекетінің  негізгі  түрінің  бірі.  Ол  адам  іс-әрекет  жүйесінің  негізгі 
құрамдық  бөлігіне  кіреді.  Ойын  іс-әрекетінсіз  адамдардың,  қоғамның  жеке  адамның 
дамуы  мүмкін  емес.  Қоғамдағы  ойын  іс-әрекетінің  объективті  маңыздылығы  білімді, 
шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді.  
Ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді  зерттеу,  ойынның  функциялық  шамаларының  кең 
екендігін,  ерте  уақыттан  белгілі  тиімді  педагогикалық  құрал  ретінде  сипатталатынын 
көрсетеді.  
Көптеген  зерттеулердің  нәтижесінде  оқыту  ойындарының  мынадай  жағдайлары 
ашылады: 
– ойын студенттердің таным мүмкіндігінің дамуына әсері; 

 
студенттердің оқыту үдерісіндегі іс-әрекетін белсендіру; 

 
дидактикалық ойындар құрылыстары; 

 
оқу-тәрбие үдерісін қалыптастырудағы дидактикалық ойындар әсері; 

 
дидактикалық ойындарды қолдануға жетекшілік әдістері; 

 
оқу үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар ерекшеліктері; 

 
оқу ойындарын сабақта және тәрбие іс-әрекетінде қолдану тәжірибесі; 
Ойындар  құрудың  көптеген  модельдері  бар.  Осы  модельдердің  барлығы  негізгі  үш 
бөліктен тұрады: 
–  Оқытудың мақсатын анықтау;  

 
Ойын сценарийінің, көрнекті құралдар, ережесінің болуы шарт; 

 
Ойынды өткізгеннен соң талқылау. 
  Ғылыми-әдістемелік 
әдебиетке 
шолу 
жасай 
отырып, 
педагогикалық 
технологиялардың құрылымын төмендегідей көрсетуге болады [3]: 
1.
 
Тұжырымдық негіз; 
2.
 
Оқытудың мазмұндық бөлімі: 

 
Оқытудың мақсаттары – жалпы және тікелей; 

 
Оқу материалының мазмұны; 
3.
 
Іс-әрекет бөлімі – технологиялық үрдісі; 

 
оқу үрдісін ұйымдастыру; 

 
студенттердің оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; 

 
оқытушының материалды меңгеру үрдісін басқарудағы іс-әрекеті; 
–  оқу үрдісінің диагностикасы. 

38 
 
Технология  оқыту  мазмұнына  сәйкес  болады,  бірақ  әртүрлі  адамдардың 
қолдануларына байланысты тікелей нұсқауға сәйкес болуы да немесе шығармашылықпен 
іске  асуы  да  мүмкін.  Студенттердің  іс-әрекетінің  реттілігіне,  құрамына,  материалды 
меңгеру заңдылығына байланысты оқытушының шығармашылық құрам бөліктері болады, 
соған сәйкес оның нәтижелері де әртүрлі болатыны сөзсіз.  
Оқыту  ойындары  арқылы  оқыту  –  оқытудың  жетілдірілген  түрі.  Студенттер  оқу 
бағдарламасына  сәйкес  білім  ала  отырып,  оқытушы  барлық  оқып  үйренушілерді 
назарынан  шығармауға,  білімдерін  дәл  анықтауға,  оқытушымен  тең  дәрежеде  еркін 
сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс жасауына мүмкіндік алады. Оқу үдерісі 
көңілсіз  күңірттіктен  айырылып  көңілді,  қызықты  іс-әрекетке  айналады.  Сонымен  оқу 
ойындары дегеніміз ғалымдардың түйіндеуінше оқу мазмұнымен оны игеруге негізделген 
технологияның бір мақсаттағы түйіні.  
Ойын  үдерісінде  іс-әрекеттен  ойынға  қатынасушы  бас  тарта  алмайды.  Сондықтан 
ойынның  бірінші  педагогикалық  маңызы  іс-әрекет  етуді  үйрету.  Студент  оқытушының 
бағдарлы түрдегі іс-әрекетіне сенімсіз түрде жауап береді. Студент үлкен қателер жіберіп, 
өзін-өзі  игере  алмай  отырады,  яғни  оқу  үдерісіндегі  белгілі  дағдарыс  өздігінен  ойлауды 
қажет  етіп  тұрады.  Оқытушы  тәжірибені  ауыстырып,  теориялық  және  тәжірибелік 
жұмыстарды біріктіріп  қояды. Студент ойын  үдерісі кезінде шешімді  өзі  қабылдайтынын 
түсіндіреді. Осы кезеңнен бастап оқып-үйренуші ойында мәселелі жағдайларды көтереді. 
Оқытушының  әрекеттерін  түсіну  үшін  сұрақтар  қойып  түсінуге  ұмтылғаннан  бастап  оқу 
мәселесі болып табылады. Оқытушы студенттің ойын әрекеттерін түсінгенін көріп, алдын-
ала мәселелі жағдайларды жоспарлап, студенттің өзінің шешуіне мүмкіндік етеді. Студент 
дағды, шеберлік, ойынға қажетті теориялық білім негіздерін жоспарлы құруға үйренгенде, 
ойын  үдерісінде  пайда  болған  мәселелі  жағдайды  көре  білетін  кезге  жетті  деп  шешеміз. 
Ойынның мәселесі жағдайды көре біліп, шешу жеңіске әкеледі.  
Оқыту  үдерісінде  дидактикалық  ойындарды  қолданудың  ғылыми-әдiстемелік 
негiздерiн айқындау барысында ойындардың студенттің пәнге қатынасын, оқу - танымдық 
мотивацияларын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны бағамдалды [4].  
Зерттеу  нәтижесiнде  ағылшын  тілі  сабағында  дидактикалық  ойындарды  колдану 
әдiстемесiнің тиiмдiлiгiн атай отырып, төмендегiдей тұжырымдар жасалды: 
1. Оқыту үдерісінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану арқылы жоғары оқу 
орнында  берiлетiн  бiлiм  мазмұнын  тереңдетіп,  студенттердің  пәнге  қызығушылықтарын 
арттыруға  мүмкiндiк  туады.  Өйткенi  пән  мақсатымен  табиғи  ұштастырылған  ойындар 
студенттердің дара тұлғалық қасиеттерi мен қабiлеттерiн қатар жетiлдiрудiң басты құралы 
болып табылады. 
2.  Оқыту  үдерісінде  дидактикалық  ойындарды  қолданудың  психо-педагогикалық 
негiздерiн  айқындау  студенттердің  ойлау  қабiлеттерiн  жетiлдiруге  игi  ықпал  етедi. 
Педагогика  психологияның  қалыптасақан  қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып  
ұйымдастырылатын  ойындар  студенттердің  оқу  мотивтерiн  қалыптастырудың  бiрден-бiр 
тетiгi бола алады.  
3.  Оқыту  үдерісінде  дидактикалық  ойындарды  қолдану  арқылы  студенттердің 
мәдениетiн,  сөздiк  қорын  жетiлдiруге  болады.  Ойындар  мазмұны  студенттің  өз  өмiрiне 
сәйкес  келгенде  ғана  олардың  өмiрлiк  дағдыларын  шыңдаудың  шарты  ретiнде  қызмет 
етедi. 
4.  Оқыту  үдерісінде  қолданылатын  дидактикалық  ойындардың‚  ұтымды  түрлерiн 
iрiктеу және тиiмдi әдiстердi анықтау сабақтың сапалы өтуiн қамтамасыз етедi. 
5. Тапқырлық ойындар бағдарлама бойынша көрсетiлген лексикалық, грамматикалық 
материалдарды, ғылыми қағидаларды қызықты мысалдармен сапалы игеруге ықпал етедi.  

39 
 
6.  Iзденiмдiк  ойындар  арқылы  студенттер  проблемаларды  өздерi  шешуге  талпынып, 
тапсырманы  әр  түрлi  амал-тәсiлдермен  орындауға  үйренедi.  Бұл  қазiргi  заман  талабына 
сай оқу студенттер бiлiмдi өз бетiнше алу мақсатарын жүзеге асыруға тiрек болады. 
7.  Рөлдiк  ойындар  студенттердің  шығармашылық  ойлау  қабiлетiн  дамытады, 
олардың өзiнше тұжырымдар жасау  қабiлетiн  жетiлдiредi. Рөлдiк ойындардың  танымдық 
қасиеттерiн  өзара  сабақтастыра  отырып  пайдаланудың  өзiндiк  қағидаларын  ескеру 
арқылы сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қамтуға мүмкіндік мол. 
 
Сондықтан  сабақтың  тақырыбына  мақсатына  қарай  ойын  түрлерін  ұтымды 
пайдалану тиімді болмақ. 
8.  Іскерлік  ойындар  студенттердің  түрлі  жағдаятта  дұрыс  сөйлеуін  қалыптастырып, 
диалогтық  және  монологтық  сөйлеу  үлгілерін  тез  меңгеруге  мүдделілік  туғыза  алады. 
Дидактикалық  ойындарда  сөйлесім  компоненттерін:  оқылым,  танымдық,  жазылым, 
айтылымы,  тілдесім  әрекеттерін  қатар  дамытуға  қажетті  жағдайларды  толық  қамту 
мүмкіндігі бар. 
Жалпы  қортындылай келе, оқыту  үдерісінде ойынды  қолдану арқылы студенттердің 
шығармашылығын  және  үйрену  үдерісінде  өте  нәтижелі  және  өте  тартымды,  жемісті 
сабақ өткізу үшін ойын мен ойын әдістерінің көмегі зор. Ойын әдістерін пайдалана сабақ 
өткізетін  және  үнемі  қолдана  білетін  оқытушының  сабағы  әрқашан  да  жемісті  және 
пайдалы. 
 
Әдебиеттер: 
1. Таубаева Ш.Т, Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. // Бастауыш мектеп. −1999. 
−  №3. -3-8 б. 
2.  Хайдарова  Ж.С.  Теория  и  практика  организации  игровой  деятельности  студентов  в 
учебном процессе: дисс. к.п.н., − Алматы, −121с. 
3.  Жадыбаев  М,  Нағашыбаев  Ә.  Бастауыш  сыныптар  үшін  грамматикалық  ойындар.  – 
Алматы: Мектеп, 1981.  − 48 б. 
4. Ақбаев К. Дидактикалық ойындарды пайдалану жолдары // Бастауыш мектеп. − 1992.  − № 
7,8,9.  − 25-88  б. 
 
Резюме 
В  статье  на  основе  выводов  и  мнений  ученых  рассмотрены  4  направления  и  3  этапа 
воспитательной работы со студентами в учебном процессе с использованием дидактических игр. В 
результате исследования сделаны выводы эффективности методики использования дидактических 
игр на уроках английского языка.  
 
Summary 
In  article  are  considered  on  the  basis  of  conclusions  and  opinions  of  the  scientists  of  4  directions 
and 3 stage of educational work with students in educational process with use of the didactic games. As a 
result  of research conclusions of  efficiency  of a technique  of use  of the didactic games at lessons of the 
English language are drawn. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

40 
 
ӘОЖ  37.035.6: 37.022: 341.231 
        
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА СҮЙЕНЕ 

ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ОТАНСҮЙГІШТІК РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ
 
 
Р.А.КЕРЕЙТБАЕВА,  магистр,
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
                                                                                   
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері талай тарихи оқиғаларды бастан кешірді, бұрын-
соңды  қол  жетпеген  табысқа  кенелді.  Жеңістеріміз  бен  жемістеріміздің  арқасында  ұлы 
Отанымыз жылдан-жылға өркендеп, бай әрі қуатты елге қай тұрғыдан қарасаңыз да әбден 
лайықты.     
Сондықтан  да  ертеңгі  күнге  зор  сеніммен  қарап,  болашақ  ұрпаққа  жан-жақты  білім 
де, тәрбие де беріліп келеді. Өйткені Елбасымыздың өзі айтқандай, келешек – жастардың 
қолында. Дана халқымызда «Өнерлі бала өрге жүзеді»деген нақыл бар. Өте дөп айтылған 
сөз.  «Жас  шыбықты  қалай  баптап,  күтіп  өсірсең,  кейін  оның  саясында  солай  демалып, 
мейірің қанады» демекші, жасынан бойына тәлімі мол тәрбиені сіңіріп, адамгершілік пен 
инабаттылықтың  мейірімінен  сусындап  өскен,  білімге,  өнерге  құштар  жастар  –  шын 
мәнінде, 
Қазақстанның 
болашағы. 
Елімізде 
осындай 
шәкірттер 
көп 
болса, 
тәуелсіздігіміздің  тұғыры  биік  боларына  сөз жоқ.  Өмірдің  өзі  білімді,  талабы  таудай,  өз-
өзіне  сенімді,  заман  ағымына  сай,  бәсекеге  қабілетті  ұрпақтың  көп  болғанын  талап  етіп 
отыр.  Жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің  тұнғыш 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  жолдауының  «Қазақстан  мұраты» 
бөлімінде  былай  баяндалған:  «...Ол  ұрпақ  тәрбиесінде  дана  болады:  оның  саулығына, 
біліміне  және  дүниеге  көзқарасына  қамқорлық  жасайды.  ...Олар  бабаларының  игі 
дәстүрлерін  сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс 
істеуге  даяр  болады.  Олар...  күллі    әлемге  әйгілі,  әрі  сыйлы,  өз  елінің  патриоттары 
болады» [1]. 
Жоғарғы  оқу  орнындарының  басты  бағыты  –  бүгінгі  заманғы  білім  беру  мен 
инновациялық дамудың соңғы жаңалықтарын оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану, кәсіптік 
маман даярлауға жаңа технологиялар мен тың идеяларды қолдану. Жастарға  сапалы білім 
мен  саналы  тәрбие  беруде  олардың  азаматтық  патроиттық  белсенділігін  қалыптастырып, 
өз  мамандығының  кәсіби  мазмұнын  күшейтіп,  тереңдетуде  көптеген  ауқымды  жұмыстар 
атқаруда.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  
арналған  мемлекеттік  бағдарламасындағы  басты  бағыттардың бірі – кәсіптік білім беру 
сапасын  арттыру  үшін  материалдық  техникалық  базасын  инфрақұрылымын  жаңғырту 
делінген.  Бұл  ең  алдымен,  барлық  мамандықтар  бойынша  оқу  бағдарламалары,  оқу 
әдебиеті,  оқу  құралдары  және  оқу-әдістемелік  кешендер  қорының  болуы.  Елдің  адами 
капиталы  тек  білім  арқылы  ғана  дәлелденеді  десек,  білім  кілті  оқулықта  және  ақпарат 
көздерінде екені анық.  Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру  үшін инновациялық 
білім  беру  технологияларын  пайдаланудың  тиімділігін  өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр. 
Иинновациялық,  ғылым  сіңіргіш  технологиялар  мен  тетіктерді  әзірлеу  және  енгізу, 
Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  даму  басымдылықтарына  сай  келетін  тиімді 
нарықтық жүйені қалыптастыру қажет етеді. 
        Білім 
берудегі 
инновациялар 
– 
қоғамның 
тұрақты 
өзгеріп 
отыратын 
мұқтаждықтарына  сәйкес  оның  дамуының  қажетті  және  табиғи  шарты.  Бір  жағынан 
құндылықтардың  сақталуына  ықпал  етсе,  екінші  жағынан,  олар  барлық  екі  нәрседен  бас 
тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін 
қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды. 

41 
 
Инновациялық  іс-әрекет  –  дәстүрлі  іс-әрекеттен  түбірлі  түрде  ерекшелентін 
индивид  қызметінің  негізгі  түрлерінің  бірі.  Ол  барлық  уақытта  қарама-қайшылықтар 
болған жағдайда іске асырылады. Іс-әрекет өнімінің талдауы – адамды оның материалдық-
идеалдық  (мәтіндер,  бейнелеу  т.б.)  өнімдерін  интерпретациялау,  талдау  арқылы 
эмпирикалық  зерттеу  әдісі.  Бұл  әдіс  педагогикалық  тәжірибеде  оқушылардың 
түсініктемелерін,  жасаған  баяндамаларын  т.б.  талдау  түрінде  кеңінен  пайдаланылады. 
Алайда,  ғылыми  зерттеу  барысында  іс-әрекет  өнімнің  талдау  әдісі  әрбір  ерекше  өнімнің 
мақсатын  болжамын  және  талдау  тәсілдерін  ұйғарады.  Педагогикалық  психологияның 
зерттеу  пәнінің  ерекшелігіне  байланысты  жоғарғыда  аталған  әдістердің  бірі  жиі, 
басқалары  сирек  қолданылады.  Оқушылардың  іс-әрекеті  өнімінің,  олардың  есептер 
шешімінінің, конспектілер т.б. нәтижесін талдау, әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы 
эксперимент  байқауымен  қатар,  педагогикалық  психологияда  тестілеу  әдісін  пайдалану 
кеңінен  таралып  келеді.  Осы  әдісті  қолданатын  зерттеуші-педагогтың  тек  жоғары  кәсіби 
жауапкершілігімен қатар, этикалық жауапкершілігін ескере отыруды қажет етеді. Тестілеу 
дәлірек 
айтқанда, 
психодиагностикалық 
 
процедура 
және 
«... 
пайдаланушы 
психодиагностикалық  әдістер  арқылы  психологияның  моральдық-этикалық  кодексінен 
туатын  бірқатар  міндеттер  алады».  Тесттер  толық  және  жүйелі  түрде  А.Анастазидің 
«Психологиялық  тестілеу»  атты  еңбегінде  баяндалған  [2].  Білім  беруде  тест  жүргізуді 
талдай  келе,  А.Анастази  бұл  процесте  қолда  бар  тестілердің  барлық  түрі  қолданылатын 
атап  өтеді,  алайда  барлық  стандарттандырылған  тестілердің  ішінде  ең  көбі  табыстылық 
тесті.  Олар  бағдарламалар  мен  білім  беру  процесінің  тиімділігін  анықтау  үшін 
жасалынған. 
Сабақтың 
психологиялық 
талдауы 
оқытушы 
бойында 
талдаулық 
қабілеттерді,  жобалаушы  іскерліктерді  қалыптастырады,  танымдық  қызығушылықтарды 
дамытады,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  психологиялық  проблемаларын  өз  бетінше  зертеудің 
қажет  екендігін  анықтайды.  Күрделі  педагогикалық  құбылысты  бақылай  алу  іскерлігі, 
оларды  талдау,  дұрыс  психологиялық  негізделген  қорытынды  жасау  –  оқытушы  үшін 
оның кәсіби-педагогикалық шеберлігін жетілдірудің сенімді құралы болып табылады.  
      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің  ертеңі – бүгінгі жас  ұрпақтың қолында, ал жас 
ұрпақтың  тағдыры  -  ұстаздардың  қолында»  деген  сөзі  оқытушылар  қауымы 
жауапкершілігінің  қаншалықты  жоғары  екендігін  білдіреді.  Бұл  тұрғыда  ата-аналарға  да 
артылар сенім зор.  
      Оқытушы  қашанда    жастардың  қорғаны,  білімге  жетелейтін  жетістіктеріне  қуанатын, 
адал  өз  ісінің  керемет  маманы  екені  анық.  Өз  баласына  жақсы  тәрбие  беру  кез  келген 
адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі 
болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу, сонымен қатар өсіп келе 
жатқан  ұрпақты  патриоттық  отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеу  кез  келген  адамның  міндеті 
болуы  тиіс.  Айналадағы  таңсық  нәрселерді,  құбылыстарды  білгісі  келіп  тұратын  кезінде 
балаға түрлі тәрбие бере білу керек. Мысалы: Күнделікті өмір де қиын да кездер болса да, 
әр  бір  жанұя  өз  балапандарын  өсіруде  адамды  танудың  жолы  –  ол  өмір  сүріп  жатқан 
отбасы, орта екендігін естен шығармаған жөн. 
Иә,  бүгінгі нарықтық экономика жағдайында патриотизмнің  сипаты  қандай болмақ? 
Бүгінгі  қоғам  талаптарын  қанағаттандыратын,  өсіп  келе  жатқан  жастарды  отансүйгіштік 
рухта  тәрбиелеуде  ұстанатын  бағыт-бағдар  мен  патриотизмнің  жаңа  тұғырнамасы  әлі 
толық айқындала қойған жоқ. Республикамызда ұлтық тәрбие беруде олардың мақсаттары 
мен  міндеттері  айқын  белгіленген.  Абай  атамыз  айтқандай,  жастардың  дүниенің  кетігін 
тауып,  қалануды  көздеу,  қоғамдық  өмірден  еш  уақыт  қол  үзбей,  өз  елін  сүюге,  өз  елінің 
тұрмыс-тіршілігін,  әдет-ғұрыпын  білуге  тәрбиелеуде  бүгінгі  педагогика  ғылымдарының 
алдында  тұрған  зор  міндеттердің  бірі.  Осы  тәрбиенің  ең  маңыздысы  –  жастарға 
патриоттық тәрбие беру. 
Патриотық  тәрбие  ең  алдымен,  ата-анасын,  туған  бауырларын  жақсы  көруден 

42 
 
басталады.  Туған  тілін  сүймеген,  оны  құрметтемеген,  қадірлемеген  адам  өз  елінің 
патриоты бола алмайды. 
Жоғарғы  оқу  орындарында  оқу-тәрбие  процесін  жетілдіру,  болашақ  мамандарға 
тәлім-тәрбие  беру  мәселелерін  зерттеуде  елеулі  үлес  қосқан  қазақстандық  ғалымдар 
Қ.М.Арынғазин,  Қ.Ж.Аганина,  Ш.Ә.Әбдіраман,  Б.Әбдікәрімұлы,  С.Ә.Әбдіманапов, 
Ғ.З.Әділғазинов, 
В.В.Егоров, 
А.А.Бейсенбаева, 
Е.З.Батталханов, 
С.Т.Каргин, 
Б.Т.Кенжебеков,  Ғ.М.Кертаева,  М.С.Мәлібекова,  Г.Ж.Меңлібекова,  Б.К.Момынбаев, 
Н.Ә.Мыңжанов, Л.А.Шкутина, Н.Д.Хмель, т.б.еңбектерін ерекше атап өтуге болады. 
Қазақ 
этнопедагогикасының 
теориялық-әдіснамалық 
негіздерін 
айқындау, 
мамандардың  этнопедагогика  және  этномәдениет  негізінде  кәсіби  даярлығын  жетілдіру 
мәселелері  қазақстандық  көрнекті  ғалымдар  М.Х.Балтабаев,  Қ.Бөлеев,  Қ.Б.Жарықбаев, 
С.Қалиев,  К.Ж.Қожахметова,  Ж.Ж.Наурызбай,  С.А.Ұзақбаева,  т.б.  еңбектерінің  арқауы 
болды. 
Қазақстанда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру 
мәселесіне  А.К.Қалимолдаева  [26],  Е.С.Салтанов  [27],  Ү.К.Санабаев  [28],  зерттеулері 
арналды.  Олар  өздерінің  жұмыстарында  патриоттық  тәрбиенің  маңызды  педагогикалық 
идеяларын  қарастыра  отырып,  мұғалімдердің  осы  бағыттағы  іс-әрекетінің  педагогикалық 
негіздерін  қалады.  Өз  бойымызда  және  балаларымыздың  бойында  жаңа  қазақстандық 
патриотизмді  тәрбиелеуіміз  керек.  Бұл  ең  алдымен  елге  және  оның  игіліктеріне  деген 
мақтаныш  сезімін  ұялатады.  2050  жылғы  қазақстандықтар  –  үш  тілде  сөйлейтін  білімді, 
еркін  адамдардың  қоғамы  екеніне  толық  сенімдіміз.  Келешек  жастар  жаңа  білімді 
меңгеруге  құштар  және  еңбексүйгіш,  өз  елінің  патриоттары.  2050  жылғы  Қазақстан  – 
жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамы  екеніне  сенімдіміз.  Ол  –  барлығы  да  адам  игілігі  үшін 
жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы 
да  үздік.  Бейбітшілік  пен  тыныштық  салтанат  құрған.  Азаматтары  еркін  және  тең 
құқықты,  ал  билігі  әділ.  Онда  заң  үстемдік  етеді.  «Қазақстан  2050»  Жаңа  стратегиялық 
бағытын  жүзеге  асыруда  бізге  –  қазақ  халқына  айрықша  жауапкершілік  жүктеледі  -  ҚР 
Президентінің  «Қазақстан-2050»стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  «жаңа  саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткен болатын. 
        Ұлттық  патриотизмді  қалыптастыруда  ата-бабаларымыздың  ұлағатты  ойлары  мен  
тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен, 
белгілі  бір  ұлттың  өкіліне  сүйіспеншілікпен  қарау,  оның  ұрпақтан-ұрпаққа  үзілмей 
жалғасып  келе  жатқан  құндылықтарын  бойына  сіңіру.  2004  жылдың  7  шілдесіндегі 
Қазақстан 
Республикасының 
«Мемлекеттік 
жастар 
саясаты 
туралы» 
Заңында 
қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтықты  қалыптастыру,  жастарды  адамгершілік  және 
рухани  дамыту  басты  міндеттер  ретінде  белгіленген.  Осындай  басымдық  мына 
стратегиялық  маңызды  құжаттарда  да  көрініс  тапқан.  Қазақстан  Республикасының  2020 
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының «болашаққа инвестиция» басты бағытында 
мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге  асыру  қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік-
экономикалық түрленулерге  белсене араласатын бәсекеге  қабілетті жастарды тәрбиелеуге 
бағытталған.  Патриоттық  сана-сезім  мен  азаматтық  жауапкершілікті  жоғарылатуға, 
белсенді қоғамдық ұстаным мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және 
инновациялық  басымдықтарды  дамытуға  және  жас  таланттарды  тауып,  оларды  қолдауға 
бағытталған жас ұрпақпен әрекеттесудің тиімді үлгісі құрастырылатын болады. 2011-2020 
жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамыту  мемлекеттік 
бағдарламасы жобасының маңызды бағдарламалық мақсаты «Тәрбие жұмысы мен жастар 
саясаты»  бөлімінде  жастардың  бойында  белсенді  азаматтық  ұстанымын,  әлеуметтік 
жауапкершілігін,  патриотизм  сезімін,  жоғары  адамгершілік  және  көшбасшылық 
қасиеттерін  қалыптастыру  меселелері  зор  маңызға  ие.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін 
мынадай мақсатты индикатор  құрастырылған: «Жалпы жастардың  ішінен жастар саясаты 

43 
 
мен  патриоттық  тәрбиелеу  саласындағы  шараларды  жүзеге  асыруға  белсенді  түрде 
қатысатын жастардың үлесі» (2010ж. – 25%, 2015ж. - 27%,2020 ж. - 55%).  
 
Біз  көздеген  мақсаттарға  жету  үшін  алдымен  мына  мәселелерді  шешіп  алу  қажет: 
Жастар  саясатын  жүзеге  асыру  қазақстандық  патриотизмді  рухани-адамгершілік 
мәдениетті  тәрбиелеу,  ұлттық  құндылықтарды  қалыптастыру  негізінде  орындалатын 
болады. 
        Жастарды патриоттық тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру үшін өзара сыйластық пен 
патриотизм,  Отан  мен  елге  адал  қызмет    принциптерінде  жастарды  тәрбиелеу  бойынша 
лекциялар,  кездесулер,  акциялар,  дөңгелек  үстелдер  мен  конференциялар  сынды 
бұқаралық шаралар өткізу әдістері қарастырылған. 
        Олай  болса,  2012-2013  оқу  жылында    университетімізде    студент  жастар  арасында 
жүргізіліп жатқан іс- шаралардың куәсі болумен қатар, оларға сапалы білім саналы тәрбие 
және 
патриоттық 
тәрбиелеу 
функцияларын 
практикалық 
түрде 
инновациялық 
педагогикалық  тәжірибені  жүзеге  асыруға  атсалысамыз.  «Жаратылыстану  және  аграрлы 
техникалық» институтының «Физика және инженерлік механика» кафедрасының  ұжымы 
және    политехникалық  институттың  бір  топ  студент  жастары  бірлесіп  семинар  тәрбие 
жұмыстары  орындалды.  Мұндағы  тақырыптар:  «Желтоқсан  жаңғырығы»,  «Адам  және 
космос»    және  т.б.  студенттерге  патриоттық  отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеу  мақсатында 
өткізілген  іс-  шаралар.  Осыған  байланысты  болашақ  жас  қазақстандық  келесі  тұлғалық 
және азаматтық қасиеттерді бойына сіңіруге, өзгермелі өмір жағдайына тез икемделу, өзін-
өзі  шынайы  бағалай  алу,  өмір  сүрудің  әр  саласында  әлеуметтік  белсенді  жаңашылдыққа 
талпыну студент жастардың бойында ұлттық сана-сезім мен өмірлік мәселелерді шешудің 
ерекшеліктерін таба білу.  
Қазақстан  педагогикасындағы  сапалы  білім  өз  мәні  жағынан  студенттердің  ішкі 
дүниесін,  оның  рухани–адамгершілік  келбетін  қалыптастыруға  бағыттала  алуы  мүмкін 
және солай бағытталуы тиіс.  Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды 
үйлесім  тауып  жатады.  Мұның  өзі  қазақ  халқының  өзіне  тән  ұлттық  ерекшелігін  терең 
танып, көре білуге мүмкіндік береді. 
Тәуелсіз  ел  қалыптастыру  барысында  егемендікпен  қоса  келген  «қазақстандық 
патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «қазақстандық патриотизм 
ерекшеліктері» мен «ұлттық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап, жоғарғы оқу орындары 
студенттеріне  патриоттық  тәрбие  берудің  мазмұны мен  бағыттарын  айқындауға  қашанда 
өз  үлесімізді  қосуға  талпынамыз.  Ұлттық  және  жалпы  қазақстандық  намысты  ояту 
мәселесіне  келгенде,  қазіргі  қоғамда  демократиялық  өзгерістерге  орай  жаңаша  жастарға 
отансүйгіштік  патриоттық  рухта  тәрбие  беруде  студенттердің  рухани  азығына  айналып 
отыр. 
 
Әдебиеттер: 
1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақ»  бағдарламасының        Стипендиаттарымен 
кездесуінде сөйлеген сөзі. -Астана, 30 қаңтар, 2008ж. 
2.    Тәрбие негізі отбасында // Қазақ тарихы. – 2003.- №1. – 57-60 бб. 
3. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің     «Жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -2012. 
4. Зимняя И.А.  Педагогикалық   психология. Оқулық. –  Алматы, 2005. 
 
Резюме 
     Одна  из  основных  задач  системы  образования  –  воспитание  гражданина,  патриота  своей 
страны. Поэтому «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм» являются показателем 
воспитанности будущего поколения. 
 
 

44 
 
Summary 
One  of  the  main  objectives  of  education  system  –is  upbringing  of  citizen,  patriot  of  the  country. 
Therefore  “Kazakhstani  patriotism”,  “national  patriotism”  is  indication  of  good  breeding  of  the  future 
generation. 
 
 
 
УДК 378.8:811.161.1 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет