Ж. М. Адилов академик, доктор экономических наук, профессор



Pdf көрінісі
бет27/51
Дата31.03.2017
өлшемі38,33 Mb.
#10662
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51

Ключевые  слова:  автоматизированное  управление,  динамические  системы,  инструментальная  среда 
разработки. 


Техникалық ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014 
159
Automation of the different types of manufacture 
Summary.  Modern  methods  of  production  processes,  themselves  on  the  basis  of  computer  technology  have 
received  wide-spread  in  most  of  the  industrial  enterprises  of  different  industries.  On  the  principles  of  supervisory 
control of large automated systems are being built in the industrial and energy, power industry, transportation, military 
and aerospace industry, in a variety of government agencies and private companies. 
Key words: automated systems, power industry. 
А.Ж. Жамалов, Ж.А. Канапияева  
(Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті, 
Алматы, Қазақстан Республикасы) 
КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫ 
Аннотация.  Для  обеспечения  человечества  на  несколько  веков  энергией  хватит  и  сотой  доли  той 
энергии, которая доходит от Солнца до Земли за один год. 
Ключевые слова: солнечные коллекторы, солнечная энергетика, ресурсы. 
Күн  фотогальваникалық  энергия  жылдан  жылға  жедел  дамып  келеді.  Қазіргі  таңда  басқа 
энергия  көзінің  тапшылығы,  ол  күн  сәулесінің  мол  кездесетін  өзін-өзі  аяқтайтын  жерде  күн  – 
альтернативті энергия көзі ретінде кең пайдаланылады. 
Құралды дайындауға қажетті шикізат – күн кремнийінің тапшылығына қарамай, нарықтағы күн 
энергиясының  жылына  орташа  өсімі  –  30%.  Кремнийге  негізделген  күн  қондырғылары,  жұқа 
пленкалы фотогальваникалық жүйелерге қарағанда кең таралған [1].  
Күннің  энергиясынан  өндірілген  қуаттың  шамасы  2001-жылы  989  МВт-тан,  2007-жылы  7,4 
ГВт-қа  дейін  артты.  Былтырғы  жылы  фотогальваникалық  нарықтағы  көшбасшы  Европа  болып 
табылады. Соңғы 7 жылда Европадағы күн электр станциясының қуаты 284,4 МВт-тан 4 689,5 МВт-
қа дейін өсті. 
Әлемдегі  нарықта  күн  энергиясының  дамуына  негізгі  кедергі  күн  фотоэлементтерінің 
қымбатшылығы, бірақ технологиялардың дамуына байланысты бұл кемшілік жойылады деп күтілуде. 
Бүгінгі  таңда  күн  баратеясына  қажетті  кремний  пластинкаларды  өндіру  үшін  бастапқы 
кремнийді  қымбат,  тиімсіз  жолмен  арамен  кесу  арқылы  жүргізіледі,  нәтижесінде  шикізаттың  50% 
жоғалады.  Осы  мәселенің  шешімі  –  жұқа  кремний  лентасын  алудың  жаңа  технологиясын  жасау 
қажет. Осы бағыттағы алғашқы қадамды «Schcott Solar» компаниясы жасады.  
Қазіргі таңда күн батареялары үшін анағұрлым арзан фотосезгіш компоненттеріне негізделген 
жұқа  пленкалы  фотоэлементтер  мысалы,  аморфты  кремний  альтернатив  бола  алады.  Осы  сияқты 
технологиялар нарыққа шығарылмақ [2]. 
Қазіргі  әлемде  экологиялық  мәселелер  өзінің  қоғамдық  мәні  жағынан  алдыңғы  қатардағы 
мәселелердің  біріне  айналып  отыр.  Тіпті,  ядролық  соғыс  қаупі  де  оның  көлеңкесінде  қалып  қойды. 
Адамның шаруашылық іс – әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік 
сипатта  әсер  етуде.  Адамның  табиғатқа  әсері  мыңдаған  жылдар  бойында  қалыптасқан  табиғи 
жүйелерді  өзгерту,  сондай-ақ,  топырақты,  су  көздерін,  ауаны  ластау  арқылы  жүзеге  асуда.  Бұл 
табиғат  ахуалының  күрт  төмендеуіне  әкеліп  соғып,  көп  жағдайларда  орны  толмас  зардаптар 
қалдырды.  Экологиялық  дағдарыс  шын  мәніндегі  қауіпті  төндіріп  отыр.  Оны  іс  жүзінде  кең  қанат 
жайып бара жатқан дағдарыс жағдайындағы кез-келген аймақтардан көруге болады. 
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи үрдістердің негізінде жатқан 
заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтыратынын 
айта кеткен жөн [3].  
Соңғы  уақытта  дүниежүзі  бойынша  энергия  тұтыну  кезеңінің  өсуі  байқалады,  ол  әлемдік 
экономиканың  қарқындап  өсуі,  халық  санының  өсуі  және  сонымен  қатар  адамзаттың  өмір  сүру 
салтының эволюциясымен тікелей байланысты.  
Қазып  алынатын  отын  қорының  сарқылуы,  оларды  жеткізу  жолдарының  қиындығы,  үнемі 
жоғарылап жатқан энергия бағасы – энергетикалық қауіпсіздікке әлемдік көлемде қауіп туғызуда.  
Сол  себепті,  «энергетикалық  қауіпсіздік»  әлемнің  өндірісі  дамыған  елдерінде  ұлттық 
қауіпсіздіктің элементі ретінде қарастырылады және мемлекеттің міндеті – энергетикалық ресурстың 
болуын қамтамасыз ету болып табылады [4].   
Konirbaev A.S. 


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
160 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  отын  мен  энергияны  ,  қайта  қалпына  келетін  жаңа  көздерді 
тиімді пайдалану және энергия үнемдеу негізінде әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
мақсатында тұрақты дамуға көшу қажеттілік болып табылады.  
Күн  энергетикасы  ұзақ  мерзімді  болашақ  ретінде  маңызға  ие.  Сонымен  қатар,  күн 
энергетикасына, экологиялық тұрғыдан және ресурстық база тұрғысынан ешнәрсе тең келмейді. Күн 
энергиясының ресурстары орасан зор және әрбір мемлекетке қолжетімді. Жер бетіне бір аптада келіп 
түсетін  күн  қуатының  толық  мөлшері  –  әлемнің  мұнай,  газ,  көмір  және  уранның  барлық  қорынан 
асып түседі [5].  
Қайта  жаңғыратын  энергия  (альтернативті)  көздерін  пайдалану  (күн,  жел,  биомасса, 
гиотермальді,  теңіз  бен  мұхиттың  энергиялары)  маңызды  болып  табылады.  Бұл  көздердің  негізгі 
ұтымдылығы  –  атмосфера  ластануын  азайта  отырып,  болашақ  ұрпақ  үшін  энергоқорларды  сақтау, 
сырттан  қуат  жеткізуге  мұқтаж,  экономикасы  осыған  тәуелді  мемлекеттердің  энергетикалық 
тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Әлемде  жел  энергетикасы  орта  есеппен  жыл  сайын           
50 %, күн сәулесі - 33%-дейін, геотермальді және су энергетикасы - 8%-дан жоғары қарқында дамып 
келеді [6].   
Қазір әлемдік қуат өндірісінің 19%-н қайта қалпына келетін энергия көздері қамтамасыз етуде. 
Жартылай  өткізгіштер  физикасы  бойынша  Нобель  сыйлығының  лауреаты,  академик  Ж.И.  Алферов 
20  жыл  бұрын  КСРО-ң  ғылым  Академиясының  жылдық  жалпы  жиналысында  егер  қалпына  келетін 
(альтернативті)  қуат  көздерін  дамытуға  атом  энергетикасын  дамытуға  берілген  қаражаттың  15% 
бөлінсе,  онда  КСРО-ң  электр  қуаты  өндірісі  үшін  АЭС  мүлде  қажет  болмас  еді  деп  айтқан  еді.  Бұл 
күн қуатын пайдалану энергетиканың болашақ бағыттарының бірі екендігін тағы да дәлелдейді [7].   
Қазіргі  заманауи  технологиялар  негізінде  күн  қуатын  электр  қуатына  айналдыратын  күн 
батареялары  мен  дербес  күн  коллекторлары  (су  жылытқыш)  көптеген  дамыған  елдерде, 
тұрғындардың күнделікті өміріне сеніммен еніп жатыр.  
Еуропалық  комиссияның  соңғы  болжамдарының  бірі  бойынша  2030  жылы аймақтағы  елдерде 
күн  қуатын  тұтынушылар  саны  200  –  400  мыңға  жетеді  (2004  ж.  –  30  мың),  әлемдік  электр  қуаты 
өндірісінде  күн  энергетикасының  алатын  орны  4%  жетеді.  Сонымен  қатар,  2030  ж  соң  күн 
модульдерін шығаруда өндірістік ұсталынымдарды табысты қысқартса, күн электр энергетикасының 
дамуы жаңа қарқынмен күрт жылдамдауын болжауға болады [8].  
Сарапшылар  ойынша,  күн  жылу  энергетикасының  дамуы  күн  электр  энергетикасымен 
салыстырғанда, жай жүруде. Бұл өндірістік дамыған елдерде мемлекеттік  демеулер негізінде жүзеге 
асуда.  Бірақ,  органикалық  энергия  қорының  бағасының  күрт  өсуі  соңғы  уақытта  күн  жылу 
энергетикасының  дамуына  қосымша  қарқын  беруде.  Тіпті,  күн  энергиясын  пайдалану  үшін 
климаттық  потенциалының  жоғары  болуына  қарамастан    Еуропаның  кейбір  елдерінде  (Италия, 
Испания) бұл сала нашар дамуда, 2004 – 2005 жылдары күн жылу энергетикасының дамыту жөнінде 
қосымша бағдарламалар қабылдады. 
Күн коллекторларын қолдану әлемдік тәжірибеде  тұрғын және қоғамдық ғимараттарды ыстық 
сумен  және  жылумен  қамтуда,  қауыздарды  жылытуда  және  суды    күнмен  тұщыландыруда  тиімді 
және сенімді болуы мүмкіндігін көрсетті [9].  
Күн  энергиясын  пайдалану  барысында  жергілікті  климатқа  байланысты  кез-келген 
шаруашылық  электр  энергиясының  40  –  80%  үнемдеуі  мүмкін.  Мысалы:  Сеулдегі  (Оңтүстік  Корея) 
24  қабатты  «Кук  Джей»  кеңселік  ғимаратының  күн  сайынғы  ыстық  суға  мұқтаждығының  85%-дан 
астамы  күн  коллекторлары  жүйесінің  көмегімен  қамтамасыз  етіледі.  Жүйе  1984-жылдан  бастап 
жұмыс  істейді.  Оның  тиімді  болғандығы  сонша,  ол  жоспарланған  көрсеткішті  жауып,  одан  жоғары 
жылуға деген жылдық мұқтаждықтың 10 - 20% -н қамтамасыз етуде [10].   
Тіпті, күн радиациясы саны салыстырмалы төмен аймақтарда (Солтүстік Еуропада), күн жүйесі 
ыстық су қажеттілігінің 50-70%, Оңтүстік Еуропада күн коллекторы қолданылатын ыстық судың 70-
90% қамтамасыз ете алады [11]. 
Күн қуатының көмегімен суды жылыту – өте ыңғайлы және үнемді әдіс. Фотоэлектрлі жүйенің 
тиімділігі 10-15% жеткенде, күн жылу жүйесінің ПӘК 50-90% көрсетеді [12]. 
Күн коллекторы қоршаған ортаға зиянды ықпал тигізбей ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір 
күн  коллекторын  қолдану  атмосфераға  бөлінетін  көмірқышқыл  газының  көлемінің  жылына  бір-екі 
тоннаға  азаюын  қамтамасыз  етеді.  Күн  энергиясын  пайдалану  басқа  да  күкірттің  қос  тотығы, 
көмірқышқыл газы және азот тотығы сияқты ластағыштардың атмосфераға бөлінуін қысқартады. 


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
161
Күн  коллекторын  өндірісте  суды  қайнату  немесе  бу  алу  мақсатында  оны  алдын-ала  жылыту 
үшін  пайдаланады.  Әдетте  күн  сужылытқыштарын  орнату  тез  және  айтарлықтай  электр  энергиясын 
үнемдеуіне алып келеді [13]. 
Күн  жылумен  қамту  жүйесі  (КЖЖ)  көптеген  елдерде  кеңінен  қолданылуда.  Әсіресе 
Еуропадағы  күн  жылу  энергетикасының  жетістіктері  жоғары,  онда    соңғы  он  жылдағы  сала 
айналымының  жыл  сайынғы  өсімі  11-12%  құрады.  Күн  жүйесінің  нарығы  Еуропада  екі  онжылдық 
бойы  қарқынды  түрде  дамып  келеді  және  қазіргі  уақытта  ол  толықтай  қалыптасқан,  ал 
орналастырылған  күн  коллекторларының  саны  жыл  сайын  тоқтаусыз  өсуде.  Мысалы,  2007  жылы 
Германияда су жылытатын күн коллекторларын орнатқан үйлердің көлемі 47% құрады. Күн қуатын 
пайдалану  технологиясы  бойынша  Германия  сөзсіз  көшбасшы  болып  табылады.  Еуропа  елдерінде 
күн коллекторларының кең таралуы біріншіден, Еуропалықтарға энергетикалық қорлардың жетіспеу 
мәселесінің  пайда  болуымен  байланысты.  Гелиоэнергетика  Австрия,  Греция,  Швейцария,  Швеция, 
Дания,  Голландия,  Финляндияда  белсенді  дамуда.  ЕвроОдақ  елдерінде  күн  энергетикасын 
қаржыландыру  бойынша  бағдарламалар  іске  асырылуда,  жаңа  технологияны  жетілдіру  мақсатында 
арнайы компаниялар құрылуда. КЖЖ нарығы Германия, Австрия, Грецияда айтарлықтай тез дамуда. 
2007 жылы күн коллекторларының үлес аумағы Грецияда – 1000 адамға шаққанда 347 м
2
, Австрияда 
– 320 м
2
, ал ЕвроОдақ елдері бойынша орташа алғанда  – 1000 адамға шаққанда 54  м

 құрады [8]. 
Бірақ, соңғы уақытта әлемдік күн жылуэнергетикасында жетекші орынды Азия елдері (бәрінен 
бұрын Қытай), ал сосын Еуропа иеленуде. 
Қытай  ірі  күн  энергиясын  түрлендіруші  және  тұтынушы  болып  отыр.  Шамамен  150  млн. 
қытайлық күн батареялары мен күн коллекторын пайдаланады. 
Сарапшылар  ойынша,  Қытайда  (ірі  өндірістік  дамыған  елдерден  ерекшелігі)  күн  жылу 
энергетикасын мемлекет тарапынан қолдаудың болмауы, айта кететін факті.  
Күн  сужылытқыш  жүйелердің  әлемдік  нарығында  –  конструктивті  сипаттамасын  жетілдіру 
негізгі тенденция болып табылады. Бұл күн коллекторлары өндіріс көлемінің күнделікті артуын және 
ірі  сериялы  шығарылымын  қамтамасыз  етеді.  2000  жылы  әлемде  олар  шамамен  60  млн.    м

жұмыс 
істеген, 2010 жылға болжам - 300 млн.  м
2
 (жалпы жылдық өсім 20% астам).  
Күн  коллекторларының  және  сужылытқыш  құрылғылардың  түрлі  типтерін  шығаратын 
көптеген өндіруші фирмалар Еуропада, Америкада, Қытайда табысты жұмыс жасап келеді. 
Қазіргі уақытта «күн құрылғысы» Еуропа жылу техникасы нарығының теңқұқылы тауары [14]. 
Күн  коллекторлары  мен  батареялары,  бак-жинақтағыштар,  қосарлы  сужылытқыштар,  арнайы 
циркуляциялық сорғыштар және гелиожүйе автоматикасы “Solvis”; ”Ritter-Paradigma”;  ”Viessmann”; 
”Buderus”;  ”Ikarus”;  ”Stiebel  Eltron”;  ”Junkers”;  ”Wolf”;  ”Solatherm”;  “Vaillant”  сияқты  жетекші 
жылытқыш техника өндірушілердің каталогтарына бірінші жыл шығып жатқан жоқ [15]. 
Энергияны және жаңартылатын ресурстарды тиімді пайдалану – Қазақстанның ХХІ ғасырдағы 
орнықты  дамуының  қажетті  шарты.  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  2006  жылғы  14 
қарашадағы  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстанның  2007-2024  жылдарға  арналған  орнықты  дамуға 
көшу тұжырымдамасына сәйкес елімізде жер, су, орман, балық, өсімдік шаруашылығының және мал 
шаруашылығы  ресурстарын  пайдаланудың  неғұрлым  қазіргі  заманғы  технологияларын  енгізу,  су 
энергетикасының  ресурстарын,  күн  және  жел  энергетикасының  объектілерін  және  басқа  да 
жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздерін ұтымды пайдалануды ынталандыру жолымен 
жаңартылатын  ресурстарды  және  балама  энергия  көздерін  тиімді  және  ұтымды  пайдалану  жөнінде 
шаралар қабылдау қажет болды. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.  Беляков  А.П.  и  др.  «Математическая  модель  гелиоконтура  для  сидячего  водоснабжения».  Журнал 
«Гелиотехника» № 23. 1989 г.  
2.  А.  Жамалов  Гелиоэнергетический  потенциал  Республики  Казахстан  и  его  методы  использования
Алматы 2010г. 
3. Энергетика мира: уроки будущего / Под ред. Башмакова И.А., МТЭА. – М., 1992. – С. 355 – 380. 
4.  Жамалов  А.Ж.  «Опыт  эксплуатации  солнечных  коллекторов  для  теплоснабжения».  ЦНИИТЗИ,                      
г. Москва, 1988 г. 
5. А.Жамалов, М.Кунелбаев, А.С. Умбетов. Системы солнечного теплоснабжения. Алматы 2012г. 
6.  Стребков  Д.С.  Проблемы  развития  возобновляемой  энергетики  //  Механизация  электрофикация 
сельского хозяйства. 1997. – № 6. – С. 4 – 8. 
7. Концепция энергетической политики России в новых экономических условиях. Энергия. 1992. – № 26. 
– С. 1 – 6. 


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
162 
8. «Использование солнечной энергии», «Гылым», 1985 г., Ашхабад. 
9.  Hisatome  Masatoshi,  Komuro  Takayoshi,  Matsuo  Takuji,  Nomiyama  Yutaka,  Ohki  Yoshinori.  Power 
Generating technologies for prevention of global warming // Mitsubishi Heavy Ind. Techn. Rev. – 1 97. – Vol.34, № 3. 
– P. 100 – 104. 
10.  Рост  рынка  солнечных  энергетических  установок.  Der  Solarmarktt  boomt  //  IKZ-Haustechn.  –  1997.             
– № 23. – C. 90 – 91. 
11.  О  дотациях  на  проекты  с  возобновляемыми  источниками  энергии.  Erneuerbare  Energien  –  Neue 
Richflinien // TGA – Mag. – 1995. – Vol.15, № 5, P.4. 
12.  A.Zhamalov.  M.Kunelbayev.  Technical  potrntial  of  thermal  energy  from  sunlight  in  the  republic  of 
Kazachstan. США 2012г. 
 
REFERENCES 
1.  A.P. white hares, etc.  "Mathematical model of a heliocontour for sedentary water supply".  Solar technology 
No. 23 magazine.  1989.  
2. A. Zhamalov Gelioenergetichesky capacity of the Republic of Kazakhstan and its methods of use. Alma-Ata 2010. 
3. Power of the world: future lessons / Under the editorship of Bashmakov I.A. MTEA. – M, 1992. – Page 355 – 380. 
4. Zhamalov A.Zh. "Operating experience of solar collectors for a heat supply". TsNIITZI, Moscow, 1988. 
5. A.Zhamalov, M. Kunelbayev, A.S. Umbetov. Systems of a solar heat supply. Alma-Ata 2012. 
6  .  Strebkov  D.  S.  Problems  of  development  of  renewable  power//Mechanization  agriculture  electrification.  1997.                 
– No. 6. – Page 4 – 8. 
7. The concept of power policy of Russia in new economic conditions. Energy. 1992 . – No. 26. – Page 1 – 6. 
8. "Use of solar energy", "Gylym", 1985, Ashkhabad. 
9.  Hisatome  Masatoshi,  Komuro  Takayoshi,  Matsuo  Takuji,  Nomiyama  Yutaka,  Ohki  Yoshinori.  Power 
Generating technologies for prevention of global warming//Mitsubishi Heavy Ind. Techn. Rev. – 1 97. – Vol.34, No. 3. 
– P. 100 – 104 . 
10.  Growth  of  the  market  of  solar  power  installations.  Der  Solarmarktt  boomt//IKZ-Haustechn.  –  1997.               
– No. 23. – C. 90 – 91 . 
11. About grants for projects with renewables. Erneuerbare Energien – Neue Richflinien//TGA – Mag. – 1995.          
– Vol.15, No. 5, P.4. 
12.  A.Zhamalov.  M.Kunelbayev.  Technical  potrntial  of  thermal  energy  from  sunlight  in  the  republic  of 
Kazachstan. USA 2012. 
 
Жамалов А.Ж., Канапияева Ж.А.  
Күн энергетикасының әлемдік нарығы 
Түйіндеме.  Соңғы  жылдары  энергоресурстардың  және  жылумен  қамту  жүйелерінің  бағасы  қарқынды 
өсуіне  байланысты  нарықтағы  отандық  күн  сужылытқыш  құрылғыларына  (СЖҚ)  және  жылумен  қамту 
құрылғыларына деген  сұраныс артып келеді. Кең тараған осындай қондырғылардың тиімділігін арттыру керек 
деген  алға  тапсырма  қоя  отырып,  күн  коллекторларының  жылу  техникалық  сипаттамаларын  біле  отырып, 
математикалық модельдеу арқылы шешімін табуға болады. 
Негізгі сөздер: күн коллекторы, күн энергетикасы, ресурстар 
 
Жамалов А.Ж., Канапияева Ж.А.  
Всемирный рынок солнечной энергетики 
Резюме. В последние годы в связи с быстрым ростом цен на энергоресурсы и стремлением к повышению 
надежности  теплоснабжения  потребителей  наметились  тенденции  развития  отечественного  рынка  солнечных 
водонагревательных  установок  (СВУ)  и  систем  солнечного  теплоснабжения,  долгое  время  отстававшего  от 
рынков  других  стран.  Все  более  широкое  распространение  таких  установок  ставит  задачу  оценки 
эффективности  таких  систем,  которая  может  быть  решена  путем  математического  моделирования  установок 
солнечного  теплоснабжения,  для  чего  необходимо  знание  теплотехнических  параметров  солнечных 
коллекторов. 
  Ключевые слова: солнечные коллекторы, солнечная энергетика, ресурсы 
 
Jamalov A.J., Kanapiyaeva J.A.,  
World market of solar power 
Summary.  In recent years in connection with rapid growth of the prices of energy resources and aspiration to 
increase  of  reliability  of  a  heat  supply  of  consumers  tendencies  of  development  of  the  domestic  market  of  the  solar 
water-heating installations (SWHI) and systems of a solar heat supply, long time lagging behind the markets of  other 
countries were outlined. More and more wide circulation of such installations sets a task of an assessment of efficiency 
of  such  systems  which  can  be  solved  by  mathematical modeling  of  installations  of  a  solar heat  supply  what requires 
knowledge of heattechnical parameters of solar collectors. 
  Key words: solar collectors, solar power, resources 


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
163
УДК 664.8/.9 
 
Б.Л. Леонидова, Г.Е. Есіркеп  
(С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы) 
 
ПАШТЕТ ӨНДІРІСТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚУЫЗ-МАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫНА АСҚАБАҚТЫ 
ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Андатпа.  Берілген  мақала  асқабақты  қолданудың  жаңа  бағыттарын  қарастырады,  макро-  және 
микроэлементтермен байытылған тамақ өнімдерін жетілдірілуін ескерген.  
Түйінді сөздер. Паштет, асқабақ, ақуыз-май эмульсиясы, технология, қой еті, рецептура. 
 
Қазақстан  –  2030  стратегиялық  жоспарда  негізгі  бағыттарының  бірі  болып,  республикада 
өндірістік  инфрақұрылымның  барлық  өндіру  салаларында,  сонымен  қатар  ет  өндірісін  жоғары 
дәрежеге көтеру болып табылады [1].   
Тамақ  өнеркәсібі  мамандарының  ең  басты  мақсаты  –  стандартқа  сәйкес  жоғары  сапалы, 
өзіміздің тұтынушымызға бейімделген өнім өндіру.   
Қой  шаруашылығы  –  біздің  республикамыз  үшін  тарихи  қалыптасқан  дәстүрлі  сала. 
Қазақстанда қой еті негізгі және дәстүрлі ет шикізаты ретінде қолданылады. Қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігі осы саламен тығыз байланысты, сондықтан қой шаруашылығының дамуына қашанда үлкен 
мән беріліп отырған. 
Зерттеу  жүргізудің  мақсаттары  мен  себептері:  қой  етінен  және  өсімдік  тектес  шикізатты 
пайдаланып, жоғары сапалы, барлық талаптарға сәйкес, өзіміздің тұтынушымызға бейімделген емдік-
сауықтыру қасиеті бар паштет өнімін  алу. 
Бүгінгі  таңда  тамақтанудың  екі  аса  маңызды  мәселесі  бар:  тұщы  су  мен  тағамдық  ақуыз 
тапшылығы.  Халық  саны  өскен  сайын  ақуыз  тапшылығы  арта  түсетін  болады.  Халықты  жеткілікті 
мөлшерде  жануар  ақуызы  өнімдерімен  қамтамасыз  ету  жылдан  жылға  қиындай  түсуде.  Сонымен 
қатар тамақтық ақуыз мәселесін шешудің, ақуыз өнімдерінің де, тиімді жолы – өсімдік шикізатымен 
бірігіп қолдану болып табылады.  
Кәсіпорындағы  технологтарға,  негізгі  шикізат  еттің  қасиеттерін  жоғарлататын  қоспалардың 
дұрыс  мөлшерін  тағайындай  білуі  қажет.  Бұл  қоспаларды  қолдану  мақсаты  –  дайын  өнімнің 
функционалды – технологиялық қасиеттерін қалыптастыру [2]. 
Санитарлы-гигиена ғалымдарының деректері бойынша, өнім құрамындағы жануар ақуызы мен 
өсімдік  ақуызын  біріктіріп  қолданса,  биологиялық  белсенділігі  жоғарлай  түседі.  Өсімдік  шикізаты 
етке  қарағанда  макро-  микроэлементерге,  дәрумендерге,  пектин  заттарына  өте  бай.  Өсімдік 
шикізатын етпен біріктіріп қолдану, дайын өнімді функционалды қоспалармен байытып ғана қоймай, 
сонымен қатар қажетті физиологиялық қалыпқа сәйкестендіреді [3]. 
Жануар  мен  өсімдік  шикізаттарын  қолданып,  жартылай  фабрикаттарды  өндіру,  дайын 
өнімдердің  ассортиментін  кеңейтіп,  қажетті  қасиеттерге  ие  өнімдерді  шығаруға  мүмкіндік  береді. 
Көп  компанентті  шикізатты  және  тағамдық  қоспаларды  қолдану,  дайын  өнімнің  сапасын  арттырып, 
биологиялық құндылығы жоғары және органалептикалық қасиетті жақсы өнімдерді алуға болады. 
Қой  еті  өзінің  тамақтық  құндылығы  жағынан  адам  денсаулығына  өте  пайдалы.  Оның 
құрамында етпен май тіндерінің дұрыс балансты арақатынасы, сонымен қатар холестерин көлемінің 
төмендігі  байқалады.  Құрамындағы  калии  тұзы,  магнии,  темір,  В,  РР  витаминдер  тобы  адам 
денсаулығының  дұрыс  жұмыс  істеуіне  әсер  етеді.  Соңғы  уақытта  қой  етінен  жасалған  өнімдердің 
пайдалы  қасиеттерін  арттыру  мақсатында,  оған  әртүрлі  өсімдік  тектес  шикізатты  қолданылады.  Бұл 
алынған  өнімнің  барлық  көрсеткіштерін  жақсартып,  емдік-сауықтыру  қасиетіне  ие  болады.  Қазіргі 
кезде өсімдік тектес шикізат ретінде: сәбіз, асқабақ, жасымық, бұршақ, ас бұршақ, соя т.б. өсімдіктер 
қолданылады [6]. 
Еттің  тамақтық  құндылығы  оның  құрамындағы  ылғалдылық,  май,  ақуыз,  аминоқышқылдар, 
толық  қанықпаған  май  қышқылдарының,  В  тобының  витаминдері  мен  микро,  макроэлементер 
қатынастарына тікелей байланысты болады [4]. 
Carpenter L.A., Kauffmann R.I., Bray K.W. еттің қаттылығы ондағы тін аралық май құрамының 
көбейген  кезде  азаятындығын  және  бұлшық  ет  талшықтарының  қалыңдағанда  артатындығын 
көрсеткен [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет