●
Технические науки
№2 2014 Вестник КазНТУ
154
Сілемдегі қол тимеген тау-кен жыныстарындағы көмірдің газөткізгіштігін зерттеген Бобров
И.В. мәліметтері бойынша, тақта препарацияның жоғары типтері газөткізгіштің учаскелеріне сәйкес
келеді; қауіпті тақта қауіпсіз тақтаға қарағанда төмен газөткізгіштігмен ерекшеленеді.
Кейбір
зерттеушілер
кенеттен
лақтырысты
геологиялық
тектоникалық
бұзылыспен
байланыстырады, басқалары бұл байланысты әлсіз және тек тектоникалық, яғни дизъюнктивті типті
бұзылысқа ғана жатқызады. Кенеттен лақтырыстың геологиялық бұзылыс аймағымен тікелей
байланысы, Қарағанды көмір бассейніндегі (ресми тіркелген) көмір және газдың лақтырыстары
геологиялық бұзылыс аймақтарында болғаны деген дергі бойынша айқындалады. Оның ішіндегі 23
лақтырыстар негізгі лақтырыс алдындағы, жарылу бұзылыстары бар қазбалардың жақындасуы
аймағында, 19 лақтырыстары – ұсақ тектоникалық бұзылысы аймағында және 11 – тақта қуатының
өзгеру аймағында және көмір бумасының қарқынды жапырылуы немесе жапырылған біркелкі емес
әлсіз жыныстар болғанда байқалды.
Көмір мен газдың кенеттен лақтырысының маңызды ерекшелігіне келсек, тау-кен жұмыстарын
жүргізген кезде лақтырыстар жер бетінен белгілі бір ара қашықтықта жүзеге асырылады; жеке
бассейндер, кен орындары, шақтылары үшін және шақты тақталары жер үстіне дейінгі ара қашықтық
сан алуан болып табылады. Кенеттен лақтырыстың байқалу тереңдігінің минималды шамасы
болжаудық мәнінің зор болуына әсер етеді.
Көмір мен газдың кенеттен лақтырысының қауіпті тақталардың ерекшелігі жайлы баяндалып
өткен мәліметтер, әлдеқайда толық емес болып табылады және [3] атап өтілгендей, әдебиет
көздеріндегі бұл ерекшеліктер туралы деректер көп жағдайда бір-біріне қарама-қайшы болып келеді.
Сондықтан да танымның берілген кезеңінде тақтаның лақтырысқа қауіптілігін бір немесе бірнеше
қасиеттер бойынша және ұсынуға мүмкін емес ерекшеліктері бойынша нақты бекітуге болады.
Қауіпті, қауіп-қатерге бейім және қауіпті емес тақталардың арасындағы қасиеттердің мәнді
айырмашылығының болмауы, бір тақтаның жағдайындағы өзгерісімен тақтаның бір учаскесінде
байқалады, ал басқаларында байқала қоймайды. Бұл ахуал өз уақытында тақталардың емес,
уачскелердің бойынша қасиеттерін салыстыруға мәжбүр еткізеді [2].
Учаскелердің қауіптілігі немесе қауіпті еместігі кенеттен лақтырыстың фактілік болуына
байланысты бекітіледі.
Мұндай көзқарас жағымды нәтижелер берді: көмір тақталары учаскелерінің (аймақтарының),
Кузбасс, Қарағанды көмір бассейндері, Егоршинск және Партизан кен орындары жағдайындағы
көмір және газ бойынша кенеттен лақтырысының қауіпті және қауіпті еместігі бойынша шек қою
әдістерін өндіріске кең түрде енгізуді жеткізуге әзірленді.
Көмір мен газдың кенеттен лақтырысының аймақтық таралу сипатына бірнеше рет көптеген
зерттеушілер нұсқады.
Карпов А.М. Донбасс шақтысының орталық аймағындағы кенеттен лақтырыстың таралуын
сараптай келе келесі нәтижеге қол жеткізді: кенеттен лақтырыс тақтадағы белгілі бір аймақтарға
ұштастырады және бұл аймақ шегінде лақтырыстарға мүлдем орын болмайды.
Быков Л.Н. көмір мен газдың кенеттен лақтырысы геологиялық бұзылыстар аймақтарына, не
болмаса сол бұзылыстарға тікелей жақын аймақтарына қарай ұштастырылғаны туралы атап өтті.
Лақтырыстар ірі бұзылыстардың орнын жою шамасында не мүлдем тоқталады, немесе айтарлықтай
әлсіздене түседі. Печук И.М. тұжырымдамасына сәйкес, кенеттен лақтырысқа бейім учаскелердің
аймақтығы аз шамалыларды ескермесек Донбасстың барлық дерлік тәжірибесімен дәлелденеді.
Бобров И.В., Кричевский Р.М. және Михайлов В.И. келесі тұжырымдаманы атап өтті:
«Донбасстың орталық аймағында көмір мен газдың кенеттен лақтырысы 15 түрлі тақталарда орын
алған, бұл кезде 8 тақтада лақтырыстар, бір-бірінен кей жағдайда ондаған шақырымға қалып жүрген
бірнеше шақтыларда байқалды. Сирек емес жағдайда қауіпті тақталардағы лақтырыстар шақтының
бір қанатында ғана байқалған. Жиі жағдайда лақтырыстар тақтаның белгілі бір учаскесінде
топтастырылады.. Осындай жағдай Донбасс шақтыларының барлығында дерлік байқалған» [5].
Аса сирек емес үзілді-кесілді нысанда қозғалып отырған мәселе бойынша бірқатар геологтар
өздерінің пікірлерін білдірді (Иейте Е.С., Кравцов А.И., Эз В.В., Шатилов В.А. және басқалары).
Эз В.В. көмір тақталарының геологиялық құрылымын зерттей отырып «кенеттен лақтырыстар
жиі жағдайда топ-топпен орналасқан; лақтырысқа қауіпті тақта бірнеше жүздеген метр және тіпті
километрлер ара қашықтығында лақтырыс бермейді, сонан соң біраздан кейінгі учаскелерде бірнеше
лақтырыстар береді» және «кенеттен лақтырыс аймағының хабардарлығы айтарлықтай алуан түрлі
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014
155
және оны әлдебір геологиялық құрылымның элементінің хабардарлығымен заңдылықты түрде
байланыстыруға әлі де болса мүмкін емес болып табылады» деген нәтижеге қол жеткізді [7].
Шпаккелер Г. [8] Англияның кен орындарындағы кенеттен лақтырыстың таралуын сараптай
келе, шақты алаңының шекарасында кездесетін алаңның жергілікті, шектелген учаскелерінде қатты
кенеттен лақтырыс болатынын атап өтті. Бельгиядағы Льежск бассейніндегі кенеттен лақтырысқа
бейім тақталар, жиі жағдайда белгілі бір периметр шекарасында ғана бұл ерекшелікке ие болады,
периметрден тыс аймақта бұл ерекшелік өз күшін жояды [9].
Кенеттен лақтырысқа әсер ететін үрдістердің негізгі факторларына шолу жасай отырып,
әрқайсысының рөлін заманауи тұрғыдан қарастыру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ходот В.В. Внезапные выбросы угля и газа. Москва, Госгортехиздат, 1961.
2. Бирюков Ю.М., Пименов А.А., Ходжаев Р.Р. Научные основы техногенной газодинамической
безопасности ведения горных работ в угленосной толще: монография. – 2-е изд., испр. и доп. – Калининград:
Изд-во ФГОУ ВПО «КГТУ», 2009, 316 б.
3. Фейт Г.Н. Изменчивость прочностных свойств угольных пластов. В кн. Борьба с внезапными
выбросами в угольных шахтах. Москва, Госгортехиздат, 1962. б. 571-581.
4. Эттингер И.Л. Свойства углей, влияющие на безопасность труда в шахтах. Москва, Госгортехиздат,
95 б.
5. Бобров И.В., Кричевский Р.М., Михайлов В.И. Внезапные выбросы угля и газа на шахтах Донбасса.
Москва, Углетехиздат, 1954.
6. Премыслер Ю.С. Структура угля как показатель выбросоопасности угольных пластов. В кн. Борьба с
внезапными выбросами в угольных шахтах. Москва, Госгортехиздат, 1962. 582-590 б.
7. Эз В.В. Микротектоника угольных пластов и внезапные выбросы. В кн. Борьба с внезапными
выбросами угля и газа в шахтах. Москва, Недра, 1956.
8. Spackeler. Gasausbrüche. “Kohle und Erz”, 1932, №№ 9-14.
9. Kuff O., Ascher E., Bresle F. Die Wirkung der Sprengschüssen in Kohlensäurenden Steinkohlenflözen.
“Zeitschrift für Berg – Hütten – und Salinenwesen”, 1932, № 5.
REFERENCES
1. Hodot V.V. Vnezapnyie vyibrosyi uglya i gaza. Moskva, Gosgortehizdat, 1961.
2. Biryukov Yu.M., Pimenov A.A., Hodzhaev R.R. Nauchnyie osnovyi tehnogennoy gazodinamicheskoy
bezopasnosti vedeniya gornyih rabot v uglenosnoy tolsche: monografiya. – 2-e izd., ispr. i dop. – Kaliningrad: Izd-vo
FGOU VPO «KGTU», 2009, 316 b.
3. Feyt G.N. Izmenchivost prochnostnyih svoystv ugolnyih plastov. V kn. Borba s vnezapnyimi vyibrosami v
ugolnyih shahtah. Moskva, Gosgortehizdat, 1962. b. 571-581.
4. Ettinger I.L. Svoystva ugley, vliyayuschie na bezopasnost truda v shahtah. Moskva, Gosgortehizdat, 95 b.
5. Bobrov I.V., Krichevskiy R.M., Mihaylov V.I. Vnezapnyie vyibrosyi uglya i gaza na shahtah Donbassa.
Moskva, Ugletehizdat, 1954.
6. Premyisler Yu.S. Struktura uglya kak pokazatel vyibrosoopasnosti ugolnyih plastov. V kn. Borba s
vnezapnyimi vyibrosami v ugolnyih shahtah. Moskva, Gosgortehizdat, 1962. 582-590 b.
7. Ez V.V. Mikrotektonika ugolnyih plastov i vnezapnyie vyibrosyi. V kn. Borba s vnezapnyimi vyibrosami
uglya i gaza v shahtah. Moskva, Nedra, 1956.
8. Spackeler. Gasausbrüche. “Kohle und Erz”, 1932, №№ 9-14.
9. Kuff O., Ascher E., Bresle F. Die Wirkung der Sprengschüssen in Kohlensäurenden Steinkohlenflözen.
“Zeitschrift für Berg – Hütten – und Salinenwesen”, 1932, № 5.
Хуанған Н.
Көмір мен газдың кенеттен лақтырысы бойынша қауіпті шақты тақталарының қасиеттері
Түйіндеме. Мақала көмір шахталарындағы орын алған жыныс, көмір мен газдың кенеттен лақтырыс
мәселелеріне арналған. Бұл мәселелерді зерттеп мәселелерін шешу жолдарын қарастыру – гипотеза,
құбылыстың жаратылу табиғаты және пайда болу механизмі, күрес, болжау, газодинамикалық құбылыстардың
жіктелуі мен жүйеленуін қалыптастыруда оқымыстылардың еңбектері орасан зор. Осы мәселенің қазіргі
деңгейдегі шешімін қарастыратын мәселелердің бірі, көмір шахталарындағы жоғарғы өнімді және қауіпсіз
жұмыстарды қамтамасыздандыру үшін геотехнологиялық тиімді күрес, қазбаларды және тазартпа жұмыстарын
жүргізу сұлбасын жасау.
Негізгі сөздер: көмір мен газдың кенеттен лақтырысы, геотехнология, тазалау және даярлау жұмыстар.
●
Технические науки
№2 2014 Вестник КазНТУ
156
Хуанган Н.
Свойства шахт опасных по выбросам угля и газа
Резюме. Статья посвящена проблеме внезапных выбросов пород, угля и газа, происходящих на угольных
шахтах. Важное место отведено вкладу известных ученых, которые занимались изучением и решением данной
проблемы – разработке гипотез, выявлению природы и механизма этого явления, борьбы, прогнозирования,
систематизации и классификации газодинамических явлений. Одной из задач научных исследований в этой
области на современном этапе является разработка и использование эффективных геотехнологических
способов борьбы, совершенствование технологических схем ведения очистных работ и проведения выработок,
обеспечивающих высокопроизводительную и безопасную разработку газоносных угольных шахт.
Ключевые слова: внезапные выбросы угля и газа, геотехнология, очистные и подготовительные работы.
Khuangan N.
Properties mines hazardous emissions of coal and gas
Summary. Article is devoted to the problem of sudden rocks, coal and gas occurring in coal mines. An
important place is given to the contribution of famous scientists who were engaged in the study and solution of this
problem - the development of hypotheses, identify the nature and mechanism of this phenomenon, the struggle,
forecasting, ordering and classification of gas-dynamic phenomena. One of the goals of research in this area at the
present stage is the development and use of effective ways to combat geotechnical, improvement of technological
schemes of extraction works and workings of providing high-performance and secure development of gassy coal mines.
Key words: sudden coal and gas, geotechnology, cleaning and preparatory work.
ӘОЖ 517.518.1:681.5.015.28
А.С. Қоңырбаев
(Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы)
ЖОБАЛАУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ИНТЕГРАЛДАНҒАН ЖҮЙЕСІ
Аңдатпа.Технологиялық үдерістермен, өндіріспен және халық шаруашылығымен комплексті автоматты
басқару экономикадағы стратегиялық дамуы бағытындағы маңыздыларының бірі болып табылады. Жаңа
материалдар мен технологияларды құрумен қатар, технологиялық үдерістер мен өндірісті автоматтандыру
экономикалық дамудағы бағыты болып табылады.
Негізгі сөздер: автоматты басқару, технологиялық үдерістер
Өндірістегі қызметтің өндіріс пәнін алу мақсатындағы бастапқы шикізаттың өзгеріс әсерінен
тұратын барлық түрлері технологиялық үдеріс деп аталады.
Мұндай үдерісті автоматтандыру реттелген температураны, қысымды, газды сұйықтық энергия
тасығыштың шығынын қажет етеді. Басқару берілетін жүйелердегі парметрлерді өлшеу, мәліметтерді
өңдеу, бақылау және үдеріс режимін оптимизациялау арқылы жүргізіледі.
Технологиялық үдерістерді автоматтандыру өндіріс мәдениетін арттыруға және адамның
еңбегін жеңілдетуге, ауыр физикалық жұмысты автоматикаға жүктеуге мүмкіндік береді.
Автоматтандырылған жүйелерді ендіру кезінде жұмыс функциясы машина жұмысын бақылайды.
Автоматтандырудың есептерінің алдына қойған сәтті шешімі кәсіпорын жұмысын дамыту мен
жақсартуда жаңа белестерге жол ашады.
ТҮ АБЖ көп жағдайда ұйымдастырушы техникалық жүйелері болып табылады, ол адаммен
орындалатын функцияның бар болуын береді. Оператор мен технологиялық үдерістер арасындағы
өзара әсері SCADA жалпы бағытталуынан алынған бағдарламалық қамтамасыз етілуі арқылы
жүргізіледі.
«SCADA-жүйесі» (Supervisory Control And Data Acquisition System) – деректерді жинақтау және
жедел әдіскерлік басқару жүйесі. Атауына SCADA-жүйесіне жүктелетін екі негізгі функциясы
болады:
-/бақыланатын технологиялық үдерістер туралы деректерді жинақтау;
-/технологиялық үдерістерді басқару.
SCADA-жүйесі оператормен интерфейсті қамтамасыз ететін технологиялық үдеріс туралы
ақпаратты жинайды, үдерістегі тарихты сақтайды және қажет көлемде үдерістің автоматты
басқаруын жүргізеді.
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014
157
Алдында көрсетілген функциялар жалпы қолданыстағы жоғары жеңгейлі кез келген тілде
жасалатын қолданбалы бағдарламалардың жиынын орындай алады. Тіпті, жоғары әсерлілігімен,
ресурсты сыйымдылығымен және бағдарамалық қамтамасыз етілудің басқа да әсерлілігімен мұндай
бағдарламалар арнайыланған құрал-жабдықты SCADA-жүйелері арқылы құрылатын ұқсас
бағдарламалық жабдықтауды озып шығады. Бірақ, құрал-жабдықталған SCADA-жүйелері ТҮ АБЖ
жоғары деңгейлі бағдарламалық жабдықтаудағы үдерісті жалпы пайдаланудағы заманауи
процедуралы бағдарламалық тілдер туралы біліктілікті өңдеушіден талап етпей-ақ, жеделлете алады.
Бұдан
басқа,
SCADA-жүйелері
енгізу-шығару
аппаратурасы
бар
арнайыланған
механизмдерінің жиыны арасында мәлімет алмасу және енгізу-шығару қондырғыларын ішкі қолдауы
болады, ол нысанадағы қолдауды жеңілдетеді [2].
SCADA-жүйелері автоматтандырылған үдерістерді өңдеуде кең таратылған. SCADA жүйесі
қазіргі кезде үдерістерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйесінің ажырамас бір бөлігі
болып табылады. 20-шы ғасырдың басында кең таралған ол автоматтандыру нысанында SCADA
жүйесін орнатусыз мүмкін емес. SCADA жүйесін ендіру ірі объектілерде екінші ретті
қондырғыларды пайдалануда арзаншылығына АРМ әдіскерінің пультіне технологиялық ақпараттың
жинақталуына әкеледі.
SCADA жүйелерінің нарықтағы үлкен айырмашылықтарына қарамастан, олардың көбісінің ТҮ
АБЖ жоғары деңгейіне қойылатын негізгі талаптарын орындай алатындай бірдей жинақты
функционалдық мүмкіндіктері болады. SCADA жүйелерінде қалыпты функциялар жиыны
автоматизаия жүйелерін өңдеуде жалпы шеңберлі есепке негізделеді. Автоматизация бойынша
толықтай жобаны орындай алатын негізгі функциялардың құрамын анықтаймыз.
Қандай да болсын SCADA жүйесінде технологиялық үдерісті құру мен бейнелеу есебін
жеңілдетуге мүмкіндік беретін интерфейсі болады. Графикалық бөліміне технологиялық үдерістегі
объектілерді жеңілдетілген немесе графикалық бөлшектей бейнелеу мүмкіндігін,технологиялық
объектілердің физикалық параметрлерін өлшеу құралдарын жатқызуға болады. Бұдан басқа, ол
батырмалар, индикаторлар, сілтемелі немесе цифрлық индикаторлар панелдерін, регуляторларды
және басқа да автоматизациялау панелінде орналасқан екінші қондырғыларды бейнелей алады.
SCADA жүйесінің графикалық панелінде өңдеушілердің графикалық ақпараттарын шығаруға
мүмкіндік беретін суреттер мен бейне материалдар кітапханаларына қолдау жасауға мүмкіндік
береді.
SCADA жүйесі уақытша тренд терезесіндегі ақпараттың өзгерісін бейнелейтін өзгерістер,
оқиғалар мен апаттық жағдайлар мұрағаттарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Математикалық есептеулердегі ТҮ басқарудың алгоритмдерін құрудың жеңілдетілген тілі.
SCADA жүйесімен келісілген жұмысында қондырғылардың драйверлері ҮБ АБЖ төменгі және
орташа деңгейлерінде орналасады.
Жоғары деңгейдегі басқа да бағдарламалау тілдеріне қолдау жасалады (Visual C++, VBA, VB).
SCADA жүйесінің негізгі функцияларының бірі файлдар мен компоненттерге санкцияланбаған
рұқсат етілуді қорғау құралы.
ТҮ АБЖ нарығында SCADA жүйесінің үлкен таңдауы тұрады, өте танымал және SCADA
ұсынғандарын қарастыруға тырысамыз.
TRACE MODE – өнеркәсіптік өндірісті басқарудағы бірінші итегралданған ақпараттық жүйесі,
ол түгелдей SOFTLOGIC-SCADA / HMI-MES-EAM-HRM класс өнімі. SCADA жүйесі TRACE MODE
1992 жылы жасалып шықты және қазіргі уақытқа дейін ТҮ АБЖ қазіргі уақытта нысандарды көп рет
ендіру жүргізілді. Қазіргі сәтте өзекті нұсқасы TRACE MODE 6 жүйесінде SCADA болып табылады.
TRACE MODE қорында жасалған жобалар энергетикалық, металлургиялық, атомдық, мұнайлы,
газдық, химиялық, космостық және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданысқа ие.
TRACE MODE® 6 [4,5] құрал-жабдық жүйелерінен (құрал-жабдықталған ортасы) және
орындаушы модульдер жиынынан тұрады.
TRACE MODE® орындаушы модульдер арқылы АБЖ жобасы нақты уақыт ішінде орындалуда
іске қосылады. TRACE MODE жобаны бірнеше орындаушы модульдер – жоба түйіндері үшін
жобаны бірден құруға мүмкіндік береді.
Құрал-жабдық жүйесі ТҮ АБЖ өңдеу құралдарының толық жиынын береді, ал дәлірек
айтқанда құру құралдары:
- операторлық интерфейс (SCADA/HMI);
- таратылған басқару жүйесі (РСУ);
●
Технические науки
№2 2014 Вестник КазНТУ
158
- нақты уақыт ішіндегі өнеркәсіптік мәліметтер қоры;
- өнеркәсіптік бақылаушылар үшін арналған бағдарлама (SOFTLOGIC), ал сонымен бірге
өндірістегі бизес үдерістерді басқару құралдары;
- қондырғыны негізгі қорлар мен техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесі (EAM);
- персоналды басқару жүйесі (HRM);
- өндірісті басқару жүйесі (MES).
ТҮ АБЖ мен ҮАБЖ үшін орындаушы модульдер әртүрлі. ТҮ АБЖ үшін модульдер
(SOFTLOGIC және SCADA/HMI кластары) TRACE MODE® жиынына кіреді, ал ҮАБЖ үшін
орындаушы модульдер (EAM, HRM, MES класы) - T-FACTORY.exe™ жиынына кіреді.
TRACE MODE® және T-FACTORY™ орнына технологиялық үдерістер мен өндірістік бизнесті
нақты уақыт аралығында комплексті басқару үшін шешімді береді, ол өндірісті басқаруды
интегралданған платформасын құрады.
TRACE MODE® 6 қарапайым және қолдануға ыңғайлы. Дегенмен, жүйенің сәулеті он
мыңдаған сигналдардың корпоративті деңгейдегі ірі АБЖ құруға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Анзимиров Л.В. 2005–2006: Развитие технологий TRACE MODE. // Материалы XII Международной
конференции «Управлние производство в системе TRACE MODE» – М.: «AdAstra Research Group», Ltd, 2007.
2.
Нестеров А. Л. Проектирование АСУТП. Методическое пособие. Книга 1. – СПб: «ДЕАН», 2006.
– 552 с.
3.
Ганжерли А.П. Как избежать ошибок при подборе программного обеспечения SCADA TRACE MODE
6 для проекта АСУТП. // Материалы XIII Международной конференции «Управлние производство в системе
TRACE MODE» – М.: «AdAstra Research Group», Ltd, 2007.
4.Глухов Ф.В. Новые графические возможности TRACE MODE 6. // Материалы XII Международной
конференции «Управлние производство в системе TRACE MODE» – М.: «AdAstra Research Group», Ltd, 2007.
5. Глухов Ф.В. Новые технологии разработки операторского интерфейсав SCADA TRACE MODE 6.
// Материалы XI Международной конференции «Управлние производство в системе TRACE MODE» – М.:
«AdAstra Research Group», Ltd, 2007.
6.Trace Mode 6. Руководство пользователя. Интегрированная SCADA/HMI-SOFTLOGIC-MES-EAM-
HRM-система для разработки АСУ ТП, АСКУЭ и систем управления производством. 8-е изд. – М.: «AdAstra
Research Group», Ltd, 2006. – 619 с. ил.
7.Деменков Н. П. SCADA-системы как инструмент проектирования АСУ ТП: Учеб. пособие. – М.:
«МГТУ им. Н. Э. Баумана», 2004. – 328 с.: ил.
8.Клюев А.С., Глазов Б.В., Дубровский А.Х. Проектирование систем автоматизации технологических
процессов. – М.: Энергия, 1980. – 512 с.
9. Клюев А.С., Минаев П.А. Наладка систем контроля и автоматического управления. – Л.:
«Стройиздат», 1980. – 208 с.
10. Куцевич Н. А. SCADA-системы и муки выбора// Мир компьютерной автоматизации. 1999. № 1. с. 72-78.
Қоңырбаев А.С.
Жобалау мен басқарудың интегралданған жүйесі
Түйіндеме. Өндірістік үдерістері бар басқарудың заманауи әдістері компьютерлік технологиялар
негізінде әр түрлі ірі өндіріс салаларындағы үлкен өндіріс мекемелерінде кеңінен тарала бастады. SCADA (от
Supervisory Control And Data Acquisition) басқаруы мен деректердің жиыны қазіргі уақытта күрделі
динамикалық жүйелер мен процестерді автоматтандырылған басқарудың негізгі әдістері болып табылады.
Басқару принциптері өндірісте, энергетикада, көлікте, космоста, түрлі мемлекеттік құрылымдар мен жеке
мекемелерде ірі автоматтандырылған жүйелер құрылады.
Негізгі сөздер: автоматты басқару, динамикалық
жүйелер, құрал жабдықталған ортасы.
Конирбаев А.С.
Автоматизация различных видов производств
Резюме. Автоматизация различных видов производства является важным направлением научно-
технического развития общества. Автоматизация ведет к повышению производительности труда, устранению
человека из производственного процесса, к повышению качества процесса и к более полному удовлетворению
потребностей общества.
Достарыңызбен бөлісу: |