Aкме-тренингтердің мақсаты: педагог-психолог мамандығы бойынша
магистранттардың шығармашылық әлеуетін дамыту мен кәсіби ӛсуге
ұмытылысын дамыту.
Mіндеттері:
- магистранттардың креативті ойлауын дамыту;
- болашақ мамандықтарына қажетті кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту
және ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛзектілендіруге дайын болуға ықпал ету;
- ӛзінің педагогикалық кӛзқарастары мен ұстанымдарын талдауға, тұлға
және кәсіби маман ретінде ӛзінің жеке қасиеттерін ескеруге дайын болу
мотивациясын қалыптастыру және олардың кәсіби іс-әрекеттің дамуына әсерін
тигізетінін ұғыну, мамандыққа деген қатынасындағы маңызды ӛзгерістерді
ӛндіру қабілеттерін қалыптастыру;
- ӛзін-ӛзі тану мен дамытуда белсенді позициясын ұстануға бағдарлау және
рефлексиялық ойлауын дамыту.
Aкме-тренингті
құрастыру барысында ізгіліктік, дамытушылық,
субъектілік ұстанымдар басшылыққа алынды. Технологиялық үдеріс бірізді,
жүйелі түрде ұйымдастырылды, оның барысында тренингтік сабақтардың
ережелері сақталынды.
Эксперимент
барысында
қатысушылар
алдымен
акмеологиялық
тренингтердің негізгі бағыттарымен танысты, соның ішінде болашақ маманның
кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту жолдарын зерттеп, оның әдіс-тәсілдерін
игерді. Нәтижесінде акмеологиялық әсер ету маңыздылығын ұғынып,
оқытушының басқаруымен акме-тренингтердің жоспарын әзірледі. Бұл акме-
тренинг құрылымында бірнеше тақырыптар қамтылған:
122
1.
«Ӛзінің Менін ұғыну».
2.«Командалық даму».
3.«Креативтілік туралы пікір қалыптастыру».
4.
«Креативтілік туралы пікірді дамыту».
5.
«Тұлғалық ӛсу».
6.
«Кәсіби ӛсу».
7.
«Эмпатияны дамыту».
8.
«Эмоциялық тұрақтылықты дамыту».
Әр тақырып бойынша магистранттар белгілі бір кәсіби-маңызды
қасиеттермен танысып, педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі олардың
маңыздылығын ұғынды.
Aкме-тренинг бағдарламасы 9 бӛлімнен тұрады. Әр бӛлімнің мақсаты –
магистранттың белгілі бір кәсіби маңызды қасиетін дамыту.
Бірінші бӛлім «Ӛзінің Менін ұғыну». Осы бӛлімнің жаттығулары
магистрантқа ӛзінің әлсіз және мықты қасиеттерін ұғынуға кӛмектеседі, оларды
біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді, ӛз мінез-құлығының түрткілерін
анықтауға, оларды түсінуге ықпал етеді.
Eкінші бӛлім «Командалық даму». Осы бӛлімнің жаттығулары топта
бірлесе жұмыс жасауға, ӛзгенің пікірін қабылдауға және оны тыңдай білуге
үйретеді, сонымен бірге ынтымақтастықта жұмыс істеу стилімен танысады.
Yшінші
және тӛртінші бӛлімдер «Креативтілік туралы пікір
қалыптастыру мен дамыту». Осы бӛлім шығармашылық үдерістің кезеңдерін
және креативтіліктің кӛрініс беруіне теріс ықпал ететін кедергілерді ұғынуға
ықпал етеді. Тренингтегі жаттығулар тұлғаның қасиеті ретінде
қарастырылатын креативтіліктің белгілі бір жақтарын дамытуға бағытталған:
ӛзгешелік, танымалдық, қиял, интуиция, ойлау жылдамдығы, тапқырлық,
бақылағыштық және т.б.
Бесінші бӛлім «Тұлғалық ӛсу». Бұл бӛлімнің жаттығулары жаңа тәжірибені
сезіну, ӛз құндылықтарын ұғыну, бақылағыштық қасиетін дамыту және
шығармашылық қиялын оятуға бағытталған, таным іс-әрекетіне жалпы
қабілеттілігін дамытуға, кез-келген іс-әрекетте тұлғаның жетістігін қамтамасыз
етуге кӛмектеседі.
Aлтыншы бӛлім «Кәсіби ӛсу». Жаттығулар кәсіби сана сезімді дамыту,
біліктерін ұғыну, кәсіби қабілеттеріне сенімділігін арттыруға бағытталған.
Кәсіби міндеттерді саналы түрде ұғыну арқылы тұлғалық жауапкершілік
сферасын ұғынады, ӛз жауапкершілігіне сәйкес әрекет ету механизмдерін
игереді., сонымен қатар болашақ мамандығы бойынша кәсіби нормаларды
орындаудың маңыздылығын түсінеді.
Жетінші және сегізінші бӛлім «Эмпатияны дамыту».«Эмпатия»
ұғымымен таныстыру. Жаттығулар магистрантқа ӛзінің сезімдері мен
сезінулерін ұғыну, психологиялық бақылағыштықты дамыту, партнердің
вербалды емес белгілерін «оқу» дағдыларын қалыптастыру, партнердің
сезімдерін түсіну дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар
рефлексиялық ойлауды дамытып, ӛз іс-әрекетінің нәтижелерін ӛзіндік бағалау
123
тұрғысынан қарастыру дағдыларын жаттықтырады. Рефлексияның дамуы
барлық жаттығулардың аяқталуымен сұрақтар арқылы анықталынады.
Рефлексияның дамуы ӛз ойлары мен сезінулерін үнемі айтып беру арқылы
жүзеге асады, олар кері байланыспен толықтырылып тұрады.
Tоғызыншы бӛлім «Эмоциялық тұрақтылықты дамыту». Осы бӛлімнің
жаттығулары арқылы магистранттар ӛзін-ӛзі басқару тәсілдеріне үйренеді,
кәсіби бейімделу барысында болашақ маманның эмоциялық тітіркенуін
болдырмауға бағдарланған жаттығуларды, стрестік жағдайлардағы ӛзін-ӛзі
басқару дағдылары мен мінез-құлық ережелерін игереді.
Tренингтік сабақтарда кәсіби-маңызды қасиеттерді дамыту бойынша
жаттығулармен таныстыру ұсынылды, тұлғалық және кәсіби ӛсу мотивациясы
дамытылды, сонымен бірге тұлғаның қасиеті ретіндегі креативтіліктің кейбір
жақтарын дамытуға арналған тапсырмалар кіріктірілді.
Cолардың бірі «Ӛзін-ӛзі басқару тәсілдерін» үйрету, «Эмоциялық
тұрақтылықты дамыту» тақырыбындағы 2 сағаттық тренингтер. Осы
тренингтің негізгі міндеті болашақ оқытушыларға ӛздерінің кәсіби бейімделуі
барысында арнайы жаттығулар арқылы болашақ маманның эмоциялық
тітіркенуін болдырмауға дағдыландыру.
Mагистранттар
аудиторияда
ӛздеріне
кішігірім
мастер-класс
ұйымдастырып, тренингтік сабақтар барысында ӛз тәжірибелерімен бӛлісті.
«Эмоциялық тұрақтылықты дамыту» тренингі.
Tренингтің мақсат-міндеттері:
1.Ӛзін-ӛзі басқару тәсілдеріне үйрету.
2.Кәсіби бейімделу барысында болашақ маманның эмоциялық тітіркенуін
болдармауға бағдарланған жаттығуларды игеру.
Қолданылатын әдістер кешені:
Тапсырма №1: Менің эмоцияларым.
Тапсырма №2: «Сезінушіліктер мен эмоциялық күй» кестесін толтыру.
Тапсырма №3: Жағдаяттар.
Тапсырма №4: Бақылау тәжірибесі.
Тапсырма №5:Әңгіме құрастыру.
Тапсырма №6: Дәйек сӛз бен қанатты сӛздер.
Тапсырма №7: Ӛзін-ӛзі басқару тәсілдері.
Кҥтілетін нәтиже: Ӛзін-ӛзі басқару қабілеті.
Tренингтің барысы:
Tапсырма №1: Менің эмоцияларым.
Сұрақтарға жауап беру:
1.Қарым-қатынаста мен ӛзімнің эмоцияларымды қалай басқарамын?
2. Қоршаған адамдарға мен қалай кӛрінемін – эмоционалды немесе
ұстамды және суық адам?
3. Адамдармен қарым-қатынаста қандай эмоциялар басым болады?
4. Менің сезімдерімді ӛзге адамдар оңай сезініп, түсіне ме?
5. Басқа адамдармен қарым-қатынас барысында мен ӛз эмоцияларыма ерік
беремін бе?
124
6. Ӛз эмоцияларым арқылы басқа адамдардың мінез-құлқын басқаруға
тырысамын ба, мысалы, нашар кӛңіл күймен және ренішпен? Мен басқа
адамдарға ӛзімнің ойлағанымды істете аламын ба?
7. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында эмоционалды болу
керек пе?
8. Басқа адамдар менімен қарым-қатынасқа түскенде эмоционалды болса,
мен қалай жауап беремін?
9. Ӛзге адамдарда қандай эмоциялар маған ұнайды? Қандай эмоциялар
жағымсыз және үрей тудырады?
10. Ӛзгелер эмоциясын білдірмегенде мен не істеймін?
Mагистранттар осы сұрақтарға ӛздерінің ойларына сәйкес жауаптарын
берген соң, болашақ мамандыққа сәйкес маңызды кәсіби қасиеттердің
құрылымындағы эмоциялық құраушылардың дамуының бағыттылығы туралы
қорытынды жасады.
Tапсырма №2: «Сезінушіліктер мен эмоциялық кҥй» кестесін толтыру
Жағымды
Бір мағыналы емес
Жағымсыз
Қуаныш
Шаттану және т.б.
Мұң
Күдіктену және т.б.
Ашу
Реніш және т.б.
Tапсырма №3: Жағдаяттар
Бӛлек бланктерде үш түрлі жағдаятты еске түсіріп, жазу. Оларда жақын
адамымыз ӛз қылығымен сізге жағымды әсер қалдырады; үш жағдаят жақын
адамның ӛз қылығымен Сізді ренжіткені, ызаландырғаны туралы болу керек.
Tапсырма №4: Бақылау тәжірибесі
Бір апта бойына ӛзіңіздің және жақын адамдарыңыздың сезімдерін
бақылау. Сезімдерді білдіру, оларға жауап беру білігін кӛрсету. Бланктың
келесі бетінде жағдаятты сипаттап жазу, болуы мүмкін кедергілер мен
қиындықтарды кӛрсету.
Tапсырма №5: Әңгіме қҧрастыру
«Шындыққа ұласатын бақытты күн» тақырыбында әңгіме жазу. (Онда
ӛзінің ӛмірлік сценарийін жазып шығу).
Tапсырма №6: Дәйек сӛз бен қанатты сӛздер
Ӛзінің сенімділігін арттыратын дәйек және қанатты сӛздердің мысалдарын
келтіру (5 мысалдан кем болмау керек).
Tапсырма №7: Ӛзін-ӛзі басқару тәсілдері
Ӛзін-ӛзі басқарудың үш тәсілін мысал ретінде келтіру, оларды тренинг
қатысушыларына ұсыну.
Білім алушылардың шығармашылық ойлауы мен елесін дамытуға
бағытталған «Креативтілік туралы пікір қалыптастыру мен дамыту»
тақырыбындағы тренингте тұлғаның ішкі ресурстарын жұмылдыруға, оның
креативтілігін дамытуға бағытталған акмеологиялық тренинг қолданылды.
Aкме-тренингтің негізгі міндеттері: креативтіліктің кедергілерін ұғыну мен
125
болдырмаудың амалдарын жасау, кедергі келтіретін кәсіби стереотиптерді
жою. Тренингке қатысушылар тренермен қатар оқу үдерісінде белсенді рӛл
атқарып, ӛзіндік тәжірибесін қайта ұғынып, жүйеледі. Тренингтің міндетті
атрибуттары: рӛлдік ойындар, сахналау ойындары, жаттығулар мен
тапсырмалар.
Тренингтің
ӛтілу
реті
тренингке
қатысушылардың
белсенділігінің кӛрініс беруіне ықпал етті: физикалық (түрлі суреттер
салынды, схемалар мен түрлі қимыл-қозғалыстар жасады және т.б.);
коммуникативтік (сұрақтарды талқылап, сұхбатқа түсті, топтық жұмыста
қатынастар
орнатып,
идеяларды
ұсынды
және
т.б.);
танымдық
(интеллектуалдық): қосымшалар мен түзетулер, ӛз пікірлерін білдірді, ӛз
тәжірибесімен бӛлісті, проблеманың себебін анықтады; креативтілік: жеке
немесе топпен бірге идеяларды ӛндірді, оларды талдап, дәйектемелер келтірді.
Cонымен қатар, креативтілікті дамытуға арналған тренингтерді жүргізу
барысында магистранттар оқытушымен бірге ӛз креативтілігін сезінуге
дағдыланды. Ол үшін тренер-оқытушы оларға жеке немесе ұжымдық
міндеттерді шешу вариантарының кӛптүрлілігін кӛру қабілеттілігін дамытуды
ұсынды. Магистранттарға кәсіби, яғни оқытушылық жағдайға байланысты
мәселелерді шешу тапсырмалары берілді. Оның барысында магистранттар
мәселе шешілуінің кӛптүрлі жолдарын ұсынып, ең тиімдісін анықтады.
Осылайша магстранттардың креативті қасиеттерін дамыту үшін, олардың ойлау
жылдамдығын,
тапқырлығын,
бақылағыштығын,
қиялын
дамытуға
бағдарланған психологиялық жаттығулар ұсынылды . Мысалы, «шатасу»
жаттығуы барысында креативті шешімді талап ететін топта проблемалық
ситуацияны моделдеді. Топтағы идея генераторын, орындаушысын және
ұйымдастырушысын анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен, қатар «Ой-толғау»
жаттығуы барысында жағымды ойлау негізінде ӛзінің күшті қасиеттерін «STOP
кадр» ойыны магистранттардың экспрессиялық дағдыларын дамытып, ӛмірлік
жағдайларға ӛзінің қатынасымен басқа қырымен қарауға мүмкіндік берді.
Tренер оқытушы креативтіліктің маңызын магистранттарға түсіндіру
үшін, біріншіден, оның сипаттамасымен таныстырды, одан кейін тұлғаның
шығармашылық қабілеттерін дамытуда креативті ортаның ерекшеліктерін
магистранттармен бірге зерттеді. Осындай тренингтік сабақта магистранттар
топ болып, арнайы шығармашылық ортаны құру барысындағы міндетті түрде
келесі қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету керектігін түсініп, қорытынды
жасады:
-
орта ізгіліктік ұстаным негізінде құрылады;
-
шығармашылық ортада әр тұлғаның ерекшеліктері ескеріледі;
-
шығармашылық жұмыс барысында тұлғаға ӛз шығармашылық әлеуетін
жүзеге асыруға еркіндік берілді. Нәтижесінде, бірлескен шығармашылық
әрекет магистранттардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты
адами қасиеттерді ұғынуына ықпал етеді, олардың ӛз күшіне, ӛзінің қабілеттері
мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін арттырды, жауапкершілікке,
дербестілікке тәрбиелейді.
126
Жүргізілген осындай тренингтік сабақтардың ерекшеліктері: тренингтік
сабақта субъект-субъектілік қатынастар орнатылады, тренер мен тренингке
қатысушылар арасындағы байланыстар субъектілік кӛзқарас тұрғысынан
құралады (магистратура оқытушысы мен магистранттар).
Cонымен акмеологиялық тренингті жүргізу барысында ең бастысы – білім
алушылардың танымдық әрекеттен болашақ мамандығы аясында ӛзін-ӛзі
жетілдіруге, ӛзінің акмеге қарай ұмтылыстарын қалыптастыру бағытында
кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің элементтерін орындауға және сол іс-
әрекетке дайындық барысындағы ӛзінің әрекеттеріне баға беруге, оларды
талдауға бағытталды.
Oсылайша мамандар дайындауды технологияландыру, инновациялау
нәтижесінде акме орта құрылып, ол магистранттардың болашақта зерттеу
барысында қарастырылып отырған сапа деңгейінде жұмыс жасау мотивтерін
арттырады.
Tәжірибелік эксперименттік жұмысымыздың келесі бір бағыты болашақ
мамандар үшін арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жатады. Сондай бір тиімді
іс-шара «Мамандықтың үздік магистранты» деп аталды.
Mагистранттар арасында конкурс ұйымдастырудың негізгі міндеті -
шығармашылықпен ізденетін магистранттарды анықтау, магистранттардың
кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру. Байқауға
қатысушылар ӛздерінің педагогикадан, психологиядан және әдістемеліктен
білімін, жоғары мәдениеттілігін, тәжірибе жүзінде инновациялық технология
бойынша жоғары білім деңгейін кӛрсетуі қажет. Cайысқа екі жылда 25
магистрант қатысты. 2014 жылы ақпан айында ұйымдастырылған байқаудың
алғашқы турына қатысқан 14 магистранттың 6 соңғы турға жетті. Байқау 3
кезеңнен тұрды.
Aлғашқыда
«үй тапсырмасы» ретінде белгіленген магистрант
портфолиосын жинақтап тапсыру міндеті тұрды. Сайыскерлер жасаған
портфолиоларын ұйымдастыру комитетіне тапсырған соң екінші турға
қатысуға мүмкіндік алды. Екінші кезеңде қатысушылар ӛз қалаған пәндері
бойынша ашық сабақтар ӛткізді. Ол сабақтарды талдаудың критерийлері
тӛмендегідей:
-
ӛз пәнін жетік білуі, эрудициясы;
-
педагогикалық және әдістемелік шеберлігі;
-
оқытудың қазіргі технологиясын пайдалануы;
-
шешендік шеберлігі;
-
сабақтың мақсатын таңдау негіздемесі және технологиясы;
-
дамыта оқытуға бағытталуы.
Қазылар алқасы белгіленіп, сабақтарға қатысып, бағаланды.
3 кезеңде магистранттардың қорытынды сайысы ұйымдастырылды.
(қосымша Л). Сайыстың шешуші кезеңі 4 турдан тұрды. Олар:
1.
Ӛзін-ӛзі таныстыру (визит картасы, 3-5 мин).
2.
Ұстаз шеберлігі – ұлылық негізі (Педагогикалық жағдаяттарды шешу 7-
10 мин).
127
3.
Шешендік ӛнер (берілген тақырыпты қорғау).
4.
Ӛз ӛнерін кӛрсету(10 мин).
Ӛзін-ӛзі таныстыру турында магистранттар берілген уақыт аралығында ӛздерін
таныстырды. Бұл таныстырулар ӛлең түрінде, балалар бақшасының
тәрбиеленушілерінің қатысуымен кӛрініс арқылы т.б. формада кӛрсетілді. Бұл
сайыстың бағалау критерийлері: таныстыру формасы, әртістік шеберлігі,
сыртқы бейнесі, орындау шеберлігі.
«Ұстаз шеберлігі – ұлылық негізі» турында магистранттар берілген
тақырыптар бойынша педагогикалық жағдаяттарды шешті. Педагогикалық
ситуацияларды шешуде мына критерийлер басшылыққа алынды: жауаптың
тапқырлығы, жылдамдық және нақтылығы.
Oт ауызды орақ тілді, нақты шешендік ӛнерлерін паш ететін «шешендік
ӛнер» сайысында сайыскерлер интерактивті тақтадан ұяшықтарды таңдап, сол
ұяшықта берілген тақырыптарды қорғады. Шешендік ӛнер кезеңінде
сайыскерлеріміз: «Менің университетім- менің тағдырым», «Педагогика .....
ғылым ретінде», «Адалдық пен әділдік», «Жаңа форматты мұғалім»
тақырыптары бойынша сӛз сӛйлеп, оларды ашуға тырысты. Бұл сайыстың
барысында тазалығы мен сауаттылығы, ойдың тереңдігі, қызықты фактілердің
болуы, дикция, тыңдаушыға әсер етуі, тиімділігі есепке алынды .
«Ӛз ӛнерін кӛрсетуі» сайысында сайыскерлеріміз ӛздерінің бойындағы
қасиеттерін, ӛнерлерін әсем әнмен, мың бұралған биімен, алтын қолды қол
ӛнермен және сахналық қойылымдармен кӛрсетті. Бұл сайыстың бағалау
критерийлері: сахна мәдениеті, орындау шеберлігі, сыртқы келбеті, техникалық
жабдықталуы.
Oсы конкурстың нәтижесінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен
әдістемесі»мамандығының магистранты Жұмабаева Жазира Аманжолқызы
«Үздік магистрант 2014» байқауының жеңімпазы атанып, тағайындалған
ақшалай және заттай сыйлыққа ие болды.
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінен кейін осы эксперименттің
бақылау кезеңі ұйымдастырылып, ӛткізілді. Оның мақсаты – тәжірибелік
жұмыстың нәтижесін талдау, ұсынылған зерттеу міндетінің тиімді шешімдерін
тексеру, магистранттардың акмеологиялық дайындығының сапалық және
сандық ӛзгерістері пайда болу деңгейін анықтау.
Mагистранттардың мамандық таңдаудың негізгі мотивтерінің сапалық
және сандық ӛзгеруін анықтау мақсатында бақылау кезеңінде Е.М.
Павлютенковтың әдістемесін, Т.И. Ильинаның жоғары оқу орындарында оқу
мотивациясын зерделеу әдістемесін, А.Мехрабианның «Білім алушының
жетістік мотивациясын зерттеу әдістемесін», Е.И. Роговтың «Шығармашылық
әлеуеті мен креативтілігін диагностикалау» тестісін, Xоллдың «Эмоциялық
интеллект EQ», А.В. Карповтың тұлға рефлексиясын диагностикалау
әдістемесін екінші рет пайдаланып, қолдандық.
Кесте 8 - Тәжірибенің бақылау кезеңінде анықталған магистранттардың
әлеуметтік және беделділік мотивтерінің кӛрсеткіштері мен деңгейлері
128
Бақылау тобы
Тәжірибелік топ
№
Әлеуметтік
мотивтер
Беделділік
мотивтер
№
Әлеуметтік
мотивтер
Беделділік
мотивтер
кӛрсет
кіш
деңгей
кӛрсет
кіш
деңг
ей
кӛрсет
кіш
дең
гей
кӛрсет
кіш
дең
гей
1
7
О
7
О
1
10
Ж
9
Ж
2
6
О
8
О
2
10
Ж
10
Ж
3
6
О
6
О
3
9
Ж
9
Ж
4
7
О
8
О
4
9
Ж
9
Ж
...
...
...
....
...
...
...
...
....
...
148
8
О
6
О
150
10
Ж
9
Ж
978:14
8=6,6
О
1169:
148=7,9
О
1440:150=
9,6
Ж
1395:150=
9,3
Ж
Ескерту - 8,5-10 ұпайлар – 85%-100% (жоғары деңгей); 5-8,4 ұпайлар – 60%-84%
(орташа деңгей); 5 ұпайдан тӛмен – 0%-59% (тӛменгі деңгей)
Бақылау және тәжірибелік топтардағы магистранттардың акмеологиялық
дайындығының мотивациялық-құндылықтық компонентінің құраушылары –
әлеуметтік және беделділік мотивтерінің айырмашылықтары айтарлықтай
ӛзгерген. Мысалы, бақылау тобындағы әлеуметтік мотивтердің орташа мәні –
6,6 ұпайға тең болса, тәжірибелік топтағы магистранттардың әлеуметтік
мотивтері – 9,6 ұпай. Ал беделділік мотивтер бақылау тобындағы – 7,9 ұпай,
тәжірибелік топта – 9,3 ұпайға тең. Бұл айтарлықтай, екі топтың арасындағы
үлкен айырмашылықты білдіреді.
Кесте 9 - Тәжірибенің бақылау кезеңінде анықталған магистранттардың
танымдық және шығармашылық мотивтерінің кӛрсеткіштері мен деңгейлері
Бақылау тобы
Тәжірибелік топ
№
Танымдық
мотивтер
Шығармашыл
ық мотивтер
№
Танымдық
мотивтер
Шығармашылық
мотивтер
Кӛрсет
кіш
Деңгей Кӛрсет
кіш
деңге
й
кӛрсетк
іш
деңге
й
Кӛрсет
кіш
деңге
й
1
8
О
7
О
1
8
О
10
Ж
2
7
О
9
Ж
2
8
О
10
Ж
3
8
О
5
О
3
8
О
9
Ж
4
7
О
8
О
4
10
Ж
10
Ж
...
148
8
О
6
О
150
10
Ж
9
Ж
157:21
=7,4
127:21=6,1
182:21
≈8,7
195:21=9,3
Ескерту - 8,5-10 ұпайлар – 85%-100% (жоғары деңгей); 5-8,4 ұпайлар – 60%-84%
(орташа деңгей); 5 ұпайдан тӛмен – 0%-59% (тӛменгі деңгей)
Бақылау және тәжірибелік топтардағы магистранттардың танымдық және
шығармашылық мотивтерінің дамуында да ӛзгерістер бар. Бақылау тобындағы
танымдық мотивтерінің кӛрсеткіші - 7,4 ұпай, ал тәжірибелік топта – 8,7 ұпай,
шығармашылық мотивтер –6,1 ұпай, тәжірибелік топта – 9,3 ұпай. Бұл
129
кӛрсеткіштер де бір бірінен ажыратылады.
Oсыдан
тәжірибелік
топтағы
магистранттардың
акмеологиялық
дайындығындағы мотивациялық-құндылықты компонентінің дамуында ұлғаю
жағына қарай ӛзгерістердің болғанын байқаймыз.
Бақылау тобындағы магистранттардың акмеологиялық дайындығының
мотивациялық-құндылықты компонентін сипаттайтын әлеуметтік, беделдік,
танымдық және шығармашылық мотивтерінің деңгейі орташа деңгейде,
анықтау кезеңіндегі кӛрсеткіштермен салыстырғанда 3-7 аралығындағы
пайызға ӛскен, себебі бұл топтарда қалыптастырушы тәжірибелі жұмыстар
жүргізілмесе де, магистранттардың білім беру стандарттарына сәйкес барлық
пәндер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырлған, яғни осы пәндердің
әсері болған. Бұл нәтижелердің диаграмма түріндегі бейнесін 12 суреттен
кӛруге болады.
Сурет 12 - Бақылау тобындағы магистранттардың тәжірибеге дейінгі және
тәжірибеден кейінгі мотивтерінің даму кӛрсеткіштері
Tәжірибелік топтағы магистранттардың акмеологиялық дайындығының
мотивациялық-құндылықты компонентін сипаттайтын әлеуметтік, беделдік,
танымдық және шығармашылық мотивтерінің деңгейі орташа деңгейден
жоғары деңгейге кӛтерілген. Ӛйткені осы тәжірибелік топта қалыптастырушы
кезңінде жоспарланған барлық жұмыс түрлері ұйымдастырылған. Бақылау
кезеңінде магистранттардың әлеуметтік мотивтері – 4,9 ұпай, беделділік
мотивтері – 4,7 ұпай, ал танымдылық – 4,9 ұпай, шығармашылық – 4,7 ұпайға
тең болды. Қалыптастырушы тәжірибелік жұмысы ұйымдастырылғаннан кейін
тәжірибелік топтағы магситранттардың барлық мотивтері ӛзгеріске ұшырады:
әлеуметтік – 9.6, беделділік – 9,3 ұпай, танымдық – 8,7 ұпай, шығармашылық –
9,3 ұпай. Бұл нәтижелердің диаграмма түріндегі бейнесін 13 суреттен кӛруге
болады.
беделдік
әлеуметтік
танымдық
шығармашылық
Достарыңызбен бөлісу: |