ҥшін рахат – асыл қасиетке жетуде [47]. Біздің ойымызша кәсіп иесінің
еңбекте биіктерге жетуі оны ӛмірдің ләззатын сезіну, қанағаттану сияқты
сезімдерге бӛлейді. Сондықтан да жоғарыда келтірілген ойлар педагогикадағы
адамтану, оны жетілдірудегі тұлғаның күрделі әрі қызықты, шым-шытырығы
мол
ішкі
әлеміне,
рухани
жан-дүниесіне
үңіле білу арқылы оқыту мен тәрбиелеуде табысты болуға қол жеткізетін
жоғары мектеп оқытушылары үшін аса маңызды пікірлер деп санаймыз.
Cонымен қатар, қазақ зиялысы, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев адам
тәрбиесіне, оның ӛсіп келе жатқан жас бала мен жастардың жетілуіне аса мән
беру керектігін айтып, жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуы үшін қажетті
қасиеттерін дамыту туралы жазады: «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда
толық боласың елден бӛлек; ӛзіңе сен, ӛзіңді алып шығар, енбегің мен ақылың
екі жақтап» [48].
Жоғарыда келтірілген философиялық ойлардың қай қайсысында
болмасын болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіне деген жоғары талаптың
болғандығы кӛрсетіледі, сондықтан олар бүгінгі болашақ маман дайындаумен
айналысатын адамдар үшін бағдарламалық пікір болуы тиіс деп санаймыз.
Mаман дайындау мәселесі кӛптеген ғалымдардың назарын аударған
психология мен педагогикаға, әлеуметтану мен ортақ мәселе болып табылады.
Мысалы психологтар болашақ маман дайындауды тұлға қалыптастыру, әрекет
теориясы тұрғысынан қарастырады. Енді сол бағыттағы еңбектерге талдау
жасай кетейік.
Т.Тәжібаев [49], М.Мұқанов [50]; Қ.Б. Жарықбаев [51] этнопсихологиялық
теориялар негізінде тұлғаның іс-әрекетке дайындығын оның ұлттық
психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін дамыту тұрғысынан қарап жеке
тұлғаның жан-жақты дамыту қажеттілігін атап кӛрсетсе, С.Қ. Бердібаева
шығармашылық
іс-әрекеттің
этнопсихологиялық
ерекшеліктерін
[52]
қарастырған. Бұл еңбектерді болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың
19
ұлттық ерекшеліктерін жалпы әлемдік мәселемен ұштастыра жүргізуде
басшылыққа алуға болады.
Х.Т. Шерьязданова болашақ мамандарды психологиялық тұрғыда
дайындаудың жеке үдеріс ретінде ұйымдастырылуына кӛңіл бӛліп, оқыту
мазмұны және әдістемелерінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескеруді
ұсынған. Ол болашақ педагог-психологтарды біртұтас жүйе тұрғысынан кәсіби
дайындаудың алғаш рет психологиялық үлгісін жасаған ғалым. Бұл үлгі қарым-
қатынас психологиясының теориялық және практикалық мәселелеріне
негізделеді.
Ғалымның
пікірінше,
психологиялық
дайындау
психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттағы жұмыстарды
қамтиды. Психологиялық осы білімнің топтастырылған сипаттағы дәрістері
және білім алушыларды меңгертілген психологиялық, академиялық білімді
тәжірибеде қолдана білуі кәсіби дайындаудың басты шарты деген пікір
білдіреді [53].
Болашақ мамандарды даярлауда С.М. Жақыповтың «бірлескен-диалогтік
танымдық іс-әрекет» тұжырымдамасының маңызы зор. Ол педагогикалық
психология саласы бойынша «оқу іс-әрекеті» және «оқыту іс-әрекеті»
категорияларының психологиялық мазмұнын қарастыру барысында арнайы
ұйымдастырылған оқыту жағдайларында адамның таным іс-әрекетінің
бірыңғай жүйесіне таным процестерін синтездеудің шарттары мен тетіктерін
анықтайды. Оның пікірінше, оқыту үдерісі ерекше психологиялық құбылыс
ретінде таным процестердің ӛзара әрекеттесуін және бұрынғы жинақталған
жүйесіне жаңа білімнің қосылуын қамтамасыз ететін субъектінің когнитивтік
тәжірибесін түрлендіру үшін қажетті жағдайларды жасайды [54]. Ғалымның
бұл ойларын біз тарқата келе, таным тәжірибесін қайта құру индивидтің бүкіл
ӛмірін қайта қарауды және оған тиісті қатынасының ӛзгеруін талап етеді,
осылайша адамның тұлғалық қасиеттерінің ӛзгеруі іске асады деген болар едік.
Ал тұлғаны тек тұлға ғана қалыптастырады.
Tұлғаның қалыптасуындағы субъектілік мәселелерін отандық ғалымдар
Ж.Ы. Намазбаева [55], А.Р. Ерментаева [56] және ресей ғалымдары Б.Г.
Ананьев [57], С.Л. Рубинштейн [58], Б.Ф. Ломов [59], К.А. Абульханова-
Славская [60] қарастырған. Ол еңбектерді зерделеу бізге болашақ
мамандардың акмеологиялық дайындығының мәнін ашуға ықпал етті.
A.Р. Ерментаева тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселелерін
жоғарыдан кейінгі білім беру саласы жағдайында қарастырудың
маңыздылығын сӛз етеді. Осыған байланысты ол «ӛзіндік даму», «ӛзіндік
жетілу»,
«дербестік»,
«белсенділік»
сияқты
тұлғаның
субъектілігін
сипаттайтын ұғымдарды қолдану қажеттілігін айтады [61]. Ал Ресей ғалымы
Б.Г. Ананьев «субъектілік қасиеттердің ең жоғарғы интеграциясы
шығармашылық болып табылады» [62] деп, «субъектілік ұстаным болашақ
мамандардың тіршілік әрекетінде инновациялық және шығармашылық
әлеуеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады» деген тұжырымын айтқан.
Бұл тұжырым біздің зерттеуіміздің теориялық негізін құрайды.
Oсы тұрғыдан ресейдің психолог-зерттеушісі А.Н. Леонтьев «іс-әрекетке
20
даярлық» категориясын тұлғаның бағыттылығын, білімдер мен біліктерді және
қасиеттерді біріктіретін біртұтас құбылыс ретінде анықтап, іс-әрекет моделінің
тұжырымдамасы негізінде тұлға іс-әрекетінің құрылымындағы ӛзара
байланысты: қажеттілік, мотив, мақсат, әрекеттер, операциялар, шарттар
сияқты компоненттерді айқындайды [63].
C.Л. Рубинштейн субъект категориясы үздіксіз, «жоғарыға қарай» үдемелі
жетілуді, дамуды білдіретіндігін атап кӛрсетеді. Тұлғаның субъект дәрежесіне
жету үшін үнемі әрекет жағдайында болуы, белсенділік кӛрсетуі қажет екендігі
басты шарт ретінде алға шығарылады [64]. Рубинштейннің еңбектерінде
субъектіліктің ӛзектілену жағдайы мен тетіктері нақтыланған: адамның даму
сатысына сай ішкі ахуалы сыртқы себептермен ғана анықталмайды, оның ӛзі
сыртқы ӛзгерістердің негізі болатындығында. Oсыған орай, оның
пайымдауынша, тұлғаның даму, тану, тұлғалық ерекшеліктеріне қарай
психологиялық даярлығы: субъектілік –анықтауыш, психологиялық тетік және
қажетті шарт сипаттарымен түсіндіріледі.
K.А. Абульханова іс-әрекет субъектісі бола алған тұлғаның сапалық
ӛзгерістерін қарастырып, адам бойында ӛтетін ӛзгерістердің үш түрін
ажыратып кӛрсетеді [65]:
- 1-ден, психикалық процестер, қасиеттер, қабілет, кейіп тұлғаның ӛмірдегі
тірлігі мен іс-әрекетін қамтамасыз ету құралы ретінде қолданылады;
- 2-ден, психикалық процестер, қасиеттер, қабілет, кейіп тұлғаның іс-
әрекетіне бағынышты болатын жеке-даралықтың композициясын құрайды;
- 3-ден, тұлға субъект болған соң бойындағы ӛз шамасына, қабілеттері мен
мүмкіндіктеріне қарамастан ӛмірдегі және іс-әрекеттегі ӛз стратегияларына ӛзін
бағыттайды.
K.А. Абульханованың осы пікірінен, біз әрбір субъект шығармашылық іс-
әрекетке даяр болып, ӛзін-ӛзі жетілдіруге, кемелденуге ұмтылуға тырысады,
яғни үйлесімді тұлға болып қалыптасады, деген қорытынды жасаймыз.
Жоғарыда қарастырылған субъектілік мәселелері туралы ғалымдар
пікірлерінің ортақ ерекшелігі тұлғаның іс-әрекетке даярлығына субъектілік
қасиеттердің ықпал етуімен түсіндіріледі. Білім алушылардың психологиялық
даярлығын ерекше құрылымдық қасиет ретінде мақсатқа сай дамитыны,
олардың психологиялық даярлығын қалыптастыруда негізгі құрал ретінде
субъектілігін дамыту болып табылатыны біздің зерттеуіміз үшін маңызды
тұжырым.
Cонымен бірге, кәсіби педагогтарды дайындау мәселесіне педагог-
ғалымдар ӛздерінің кӛптеген еңбектерін арқау етті. Мысалға, ұлы педагог Я.А.
Коменский, болашақ мұғалімдерді дайындауда ең бастысы олардың терең
ойлауын дамыту, ӛзі ісін сүюге тәрбиелеу қажеттігін айтады. Оның пікірінше,
болашақ мұғалімнің білім, білік-дағдылары, жалпы кәсіби дайындығы
мектептегі оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің сапасын қамтамасыз етеді [66].
K.Д. Ушинский мұғалімнің қоғамдағы орнын ерекше атап ӛтіп, оның
бойында педагогикалық әдеп мәдениетінің болуы тиіс деген, ол әр кезеде ӛзін
жетілдіріп, педагогика мен психологияны тиянақты түрде оқып, білуге ұмтылу
21
керек. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптарды К.Д. Ушинский
«Мұғалімдер семинариясының жобасы» деп аталатын еңбегінде сипаттаған
[67].
Aл ӛз заманында А.С. Макаренко мұғалімдерді даярлаудағы кәсіби
жұмыстың сапасын кӛтеру үшін педагогикалық жоғары оқу орындары мен
техникумдардың бағдарламасын қайта қарау керектігін мәлімдеген.
Педагогикалық жоғары оқу орындарын бітіруші білімдердің кең ауқымын
игеруге тиіс, оның пікірінше; «жоғары оқу орындарында оқу барысында
студент тек арнайы білім игеріп қоймай, сонымен бірге арнайы тәрбиелену
керек, яғни мәдениетті, зиялы, ұйымдастыру қабілеті жоғары дамыған, ӛзін-ӛзі
басқара білетін және ӛз ісіне баға бере алатын маман болып шығуы тиіс» [68].
Mінекей, қай заман болмасын, болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесі
оларға деген жоғары талаптың болуымен сипатталынады.
Педагогика ғылымында мамандар дайындау мәселесі ХХ ғасырдың 40-50-
ші жылдарынан бастап жан-жақты зерттеле бастап, үздіксіз білім теориясы
тұрғысынан талданады. Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас
педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасын Н.Д. Хмель [69], А.А.
Бейсенбаева [70], Қ.К. Жампеисова [71], Б.Ә. Әбдікәрімов [72] және т.б.
еңбектерінде қарастырылады.
K.С. Мусин болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуын [73], Г.К. Ахметова
(магистерлік бағдарламалардың мазмұнын жүзеге асырудың ерекшеліктері)
[74] педагогикалық білім берудің теориялық негіздерін жасап, үздіксіз білім
беруді заманауи әрекеттегі білім беру мекемелерінің жүйесі ретінде
қарастырып, ондағы білім беру мазмұны мен технологияларының
сабақтастығын қамтамасыз ету мәселесін алға қояды.
Yздіксіз педагогикалық білім беру мәселесінің теориялық және
әдіснамалық қырлары мен әр елдердегі үздіксіз педагогикалық білім беру
жүйесінің даму жолдарын А.К. Құсайынов [75], Б.К. Момынбаев [76], Ш.Т.
Таубаева [77], Е.Ш. Қозыбаев [78] және т.б. салыстырмалы түрде жан-жақты
талдайды.
Ғалымдардың зерттеулерінде үздіксіз білім беруге келесі сипаттама
беріледі: қоғам мен жеке адамның қажеттіліктері мен тілектерін ескеретін,
оларға жалпы білім беретін, кәсіби даярлаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз
ететін мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің шынайы әрекеттегі жүйесі.
Яғни үздіксіз білім беру жүйесі тұлғаның ӛмір бойы оқуына, білімін ӛздігінен
тәжірибемен тиімді ұштастыруға және ӛз ӛміріндегі әрекет субъектісі ретіндегі
дамуына мүмкіндік беретін жүйесі болып табылады.
Жоғары оқу орнының қызметі болашақ педагогты кәсіби әрекетке
мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық қызметке әзір
болуға дайындаумен тікелей астасып жатуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің
жалпы мәдени, әдіснамалық, әдістемелік пәндерді меңгеру арқылы қамтамасыз
етіледі. Мамандықты меңгеру барысында олардың ішкі ашылмаған
мүмкіндіктері іске қосылып, жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары,
қабілеттері жетіледі. Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер қатарына болашақ
22
педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне арналған Л.М.
Нәрікбаева [79], болашақ маманның біліктілігін, шығармашылық әлеуетін
дамытуды қарастырған Б.А. Тұрғынбаева [80] еңбектерді жатқызамыз.
Соңғысының пікірінше, педагогика маманы АКМЕ жағдайға бірден жоғарылай
қоймайды. Ол алдымен шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан
ӛтуі тиіс. Бұл ойлар біздің зерттеуіміздің пропедевтикалық бағыттылығын
айқындайды.
Жоғарыдан кейінгі білім беру жағдайында магистранттар мақсатты түрде
ғылыми педагогикалық маман ретінде қалыптасады. Қоғамның ілгерілеуі
ғылымның жетістігімен, ғылыми қызметкерлердің жасаған жетістіктері
арқылы жүзеге асады десек, дәл осы саладағы мамандардың шығармашылығы
жоғары болуы тиіс. Біртұтас педагогикалық үдеріс магистранттардың кәсіби
дүниетанымын, кәсіби мәнді қасиеттерін және жалпы педагогикалық
мәдениетінің дамуына, ӛз мүмкіндігін бағалай білуінің қалыптасуына, тұлғалық
тұрғыда білімдену – даму траекториясын магистранттың ӛзінің ұйымдастыра
білуіне мүмкіндік туғызуға бағытталады. Oсы бағытта Ш.Т. Таубаева
педагогика магистрлерінің әдіснамалық даярлықтарының құралы ретінде
логикалық-құрылымдық
сұлбалар
құрастырып,
студенттер
мен
магистранттардың ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыбын негіздеу және
оны бағалау туралы білімнің құрылымы мен мазмұнын ашып кӛрсетеді [81].
Жоғары оқу орнындарында мамандарды «дайындау» мәселесін отандық
ғалым Г.К.Нұрғалиева зерделеп, қазіргі білім беру жүйесінде мамандарды
дайындау сапасын арттыруды алға қояды[82]. Бұл айтылғандар біздің еңбегіміз
үшін маңызды ойлар болып табылады.
Aкмеологиялық тұрғыдағы кәсіби әрекетке дайын маман бойында болуға
тиісті тұлғалық қасиеттердің міндетті минимумына мына тӛмендегілер
жатқызылады: ӛзге адамды оң қабылдау; серіктесті белсенді эмпатиялық
тұрғысынан қабылдау; ӛз сезімдері мен эмоцияларын шынайы білдіру; ар-ұят;
шыншылдық; толеранттылық; шығармашылық белсенділік; азаматтылық деген
болар едік. Тек осындай ізгілік қасиеттері бар педагогтар басқаны тӛмендетпей,
ӛз биігіне кӛтеріле алады, биікте тұрып басқаларға шарапатын шашады.
Бұл ойларымызды жоғарғы оқу орнында болашақ мамандарды рухани-
адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қарастырған Г.А. Омарова, Р.А.
Mукажанова еңбектерінен де кӛруге болады. Олар білім беруді ізгілендіру
тұрғысынан бес ұстанымды ұсынады:
-
жалпы адамзаттық құндылықтар ұстанымы;
-
ғылыми-зерттеу іс-әрекеті барысында тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуы
ұстанымы;
-
бірыңғайлық ұстанымы;
-
әлеуметтік ӛзара-әрекеттесу немесе қоғамға қызмет ету ұстанымы;
-
мәдени тұрпаттылығы ұстанымы [83].
Oсы аталған ұстанымдар жоғары оқу орнынан кейінгі білім жағдайында
рухани-адамгершіліктік және интеллектуалдық дамуын интеграциялауда басты
назарға алынуы тиіс.
23
A.А. Бейсенбаеваның еңбектеріндегі негізгі түйінді ойлар жоғары оқу
орны мен одан кейінгі білім беруде болашақ маманның тұлғалық сапаларын
қалыптастыру мәселесін ізгіліктілік идеясына бағындыру және гуманистік
қасиеттерді білім мазмұны арқылы оқу құралдарының тәрбиелік компоненті
арқылы жүзеге асыру болып табылады [84].
Болашақ маманды кәсіби еңбекке дайындау олардың тұлғалық, зияткерлік
және кәсіби маңызды қасиеттерін, шығармашылық қабілеттері мен
құзырлылықтарын дамытумен анықталынады. Болашақ магистрлердің кәсіби
дайындығының нәтижесі – бұл кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті
білімдер мен біліктерді қамтитын бітірушінің құзырлылықтары болып
табылады. Магистрдің құзырлылығы құрамында магистратура бітірушісінің
дайындық сапасын қамтамасыз ететін зерттеушілік іс-әрекетке даярлығының
қалыптасу деңгейімен анықталатын зерттеушілік құзырлылық қарастырылады.
Магистерлік білім беру бағдарламаларында «зерттеушілік іс-әрекет»
магистратура деңгейінде кең мағынадағы ұғым ретінде қарастырылып, оқу-
зертеушілік және ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттердің синтезін құрайды.
Б.Ш. Баймухамбетова магистранттардың зерттеушілік іс-әрекетке
даярлығын зерттеп, осы іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін, кәсіби-
маңызды тұлғалық қасиеттер, мотивациялық-құндылықтық қатынасты
қамтитын магистранттың ішкі интеллектуалдық және тұлғалық дамуының
нәтижесі мен қатынасын бейнелейтін біртұтас тұлғалық жаңақұрылым - деп
анықтайды. Ғалым магистранттардың «зерттеушілік іс-әрекетін» ғылыми
танымның әдіснамасын игеру бойынша және зерттеуге қатысты ізденісін
жүргізудегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет – деп түсіндіреді [85]. Әрине,
болашақ маман педагогикалық қызметкер ретінде жетістіктерге жетуі үшін
туындаған мәселелердің шешімін табуда ғылыми еңбектерге ден қояды, оның
зерттей алу қабілеті еңбекте табысты болуды қамтамасыз етеді.
Cонымен, педагогикалық теорияларда жоғары оқу орнынан кейін білім
беруді ұйымдастырудың ерекшелігі оның мамандырылған сипатымен
түсіндіріледі. Ең бастысы еліміздегі жоғары оқу орынынан кейінгі білім
жағдайында білімнің, дағды - біліктің жиынтығын меңгеріп қана қоймай, білім
алушыны субъектілік жағдайға қоятын, оның еркіндігі мен дербестігін есепке
алатын, ӛз бетінше ізденіп, ӛзін-ӛзі жетілдіруге мол мүмкіндік беретін,
шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқытудың кредиттік жүйесі.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында мамандар дайындау мәселесінің
әртүрлі аспектілеріне жақын шет елдік ғалымдар еңбектерін арнаған. Мысалы
Г.А. Бордовский кӛпсатылы жүйенің моделі бойынша педагогикалық ЖОО-
нын дамытудың басты бағыттары арасында заманауи педагогикалық білім
беруді іргелендіру мен педагогтың жалпы мәдени дайындығының кеңеюіне
бағдарлану қажеттігін атап ӛтеді. Білім беру үдерісі сапасының педагогикалық
тұрғыда қамтамасыздануының түрлі аспектілерін қарастырды. Жоғары білім
берудің кӛпсатылы жүйесінің идеяларын жүзеге асыру шеңберінде дамитын
білімгерлердің ұтқырлылығы қалыптасқан, кез келген жағдайға бейімделетін
және жаңашылдықты игеруге дайын болатын мамандарды даярлауға
24
бағытталуы тиіс екендігіне тоқталған. ЖОО-да білім беру қызметтерінің
сапасын қамтамасыз ететін тетіктерді жасауды қарастырады. ЖОО-да
мамандарды кәсіби дайындаудың сапасын қамтамасыз ететін білім беру жүйесі
қабілеттілігін тиімді ету жолдарын қарастырып, еңбек нарығына қажетті
біліктілігі бар мамандарды дайындауды ұсынған [86]. Шынында да қазіргідей
жылдам ӛзгеретін қоғамда тек шапшаң, шалт қимылдап, уақыттан оза алатын
ұтқырлардың табыс биігінен кӛріну мүмкіндіктері бар.
E.В. Бондаревская жоғары білімнің сапалы жаңаруының ӛзекті мәселелерін
қарастыра келе, оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеп, кӛпсатылы
оқыту жағдайында білім алушылардың дайындығын бағалаудағы амалдардың
тиімділігін зерттейді [87].
Ю.С. Мануйлов жоғары оқу орындарында мамандар дайындауда білім
беру кеңістігінің сипаттамалық анықтамасын тұжырымдайды. Ол оны
тұлғаның ішкі кеңістігімен салыстырады, себебі білім берудің мәні
педагогикалық университет бітірушінің бейнесін ӛздігінен құрудың жолдарын
қарастырады деп есептейді. Ғалым кеңістіктік-ортаны жобалауды келесі
түрлерде қарастырады: ортаның шешуші мүмкіншіліктерін жобалау; ортаның
қажетті мәндерін құрастыру; ортаға қажетті мағыналық мәндерді
қалыптастыру үшін ортаны құрудың стратегияларын модельдеу; анықталған
стратегияларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды жоспарлау [88].
Автор ұсынған кеңістіктік-орта амалы білім беру жүйелерінің процессуалдық
сипаттамасы мен жобалаудан сызықтық ұстанымдарына негізделген білім беру
іс-әрекеті субъектілерінің ӛзара әрекеттесудің сызықтық емес тәсілдеріне ӛтуге
мүмкіндік береді.
Mагистранттардың
акмеологиялық дайындығын
қалыптастыруда Ю.С. Mануйлов ұсынып отырған тұжырымдарды басшылыққа
алу істі нәтижелі етеді деп санаймыз.
ХХ ғ. соңында психологияда белгіленген акмеологиялық бағыттылықтың
мәнін құрайтын тұлғаның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үдерісіндегі
кәсіби шығармашылыққа қол жеткізудің жолдары ғалым
Л.М. Митина
еңбегінде анықталады, білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамыту
үдерістерін біртұтас қарастырады. Ол кәсіпқой адам мен маман арасындағы
айырмашылықтарды ажыратып, кӛрсетеді: кәсіпқой адам маманға қарағанда
кәсіби іс-әрекеттің субъектісі болады, ал маман – білімдер мен біліктердің
тасымалдаушысы деген сипаттама береді [89].
Талдаған келесі еңбек И.А. Зимняяның жұмысы. Ол жоғары басқышта
оқытудың жетекші бағдары мен ӛлшемі ретінде білім берудің әр сатысындағы
бейінді ғылыми-зерттеу немесе қолданбалы салалардың ӛзекті сұраныстарына
сәйкес игерілетін жалпы және арнайы құзыреттер жиынтығын сипаттайды [90].
Mагистрлік білім алу мәселесінің кейбір астарларын мына тӛмендегі
ғалымдар да қарастырған: жоғары білімнің біртұтас европалық білім беру
кеңістігіне енудің тиімді шарттарын, жалпы әлемдік тенденцияларды ескере
отырып, кәсіптік білім беру модернизациялаудың стратегиялары мен
тактикасын В.И. Байденко [91]; магистратура деңгейінде білім алуды кәсіби
алға жылжу, кәсіби ӛсу, адамның кәсібилікке ұмтылудың кезеңі ретінде
25
сипаттайтын Н.В. Кузьмина [92]; магистратурада оқыту үдерісін ұйымдастыру
ерекшеліктерін С.С.Витвицкая зерделеген [93]. Бұрынғы кеңестік мемлекеттер
үшін жаңа білім сатысы болып табылатын магистрлік білім жайлы бұл
зерттеулер осы деңгейдегі оқу тәрбие жұмыстарын жетілдіруге ықпалы зор деп
санаймыз.
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды, магистранттарды
дайындау үдерісін жетілдіру мен дамытудың сауалдарын В.А. Козырев [94]
А.Ф. Аменд [95], А.М. Новиков [96] зерттеген. Мысалы, В.А. Козырев
заманауи қоғамдағы кәсіби білім беруді жаңартудың негізгі бағыты ретінде
оқыту үдерісінде болашақ мамандардың іс-әрекеттік ұстанымын қалыптастыру
жолдарын табу деп анықтаған. Оның пікірінше, бұл ұстаным кәсіби іс-әрекетті
жүйелі, біртұтас кӛрінісін бақылау тәжірибесін қалыптасуына, ондағы
әрекеттердің жүйелілігін, жаңа проблемалар мен міндеттердің шешімдерін
табуға ықпал етеді [97].
Aл В.С. Сенашенко жоғары мектептің білім берудің құзырлылық модель
ретіндегі жаңа стандарттарына кӛшудегі объективті қиындықтарды
қарастырып, дидактикалық мәселелерді шешудегі «құзыреттілік амалдың»
сипатын береді [98]. А.Ф. Аменд болашақ мамандардың ӛзіндік жұмысы
барысында ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың технологияларын жүзеге
асырудың шарттарын анықтап, жүйелілік, іс-әрекеттік және тұлғаға бағдарлану
амалдары тұрғысынан теориялық негіздерін жасаған. Ресейдің білім беру
саласын модернизациялаудан бұрын болашақ мамандарға экономикалық білім
берудің нақты тәжірибелік жолдарын ұсынған [99].
Mагистерлік
бағдарламалардың
мазмұнын
жүзеге
асырудың
ерекшеліктерін Ресей ғалымы А.М. Новиков педагогикалық университетте
ғылыми мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыру және сабақтастығын
қамтамасыз
ету
мақсатында
бакалаврлардың,
магистрлердің
және
аспиранттардың ғылыми зерттеу құзырлықтарының мазмұнын нақтылауға
арналған маңызды зерттеулер жүргізді [100]. Сонымен бірге ғылыми кадрларды
дайындау және ғылыми зерттеу құзырлылықтарын қалыптастыруға қатысты
жұмыстарды В.А.Мазилов жүргізіп, педагогикалық жоғары оқу орындарында
білім алушылардың инвариантты ғылыми зерттеу құзырлылықтарын анықтады.
Сонымен бірге құзырлылықтардың кӛрсеткіштері мен оларды оқыту үдерісінде
қалыптастырудың шарттарын тұжырымдап, сипаттады. Нәтижесінде ғылыми
зертттеу құзырлықтарын кезеңмен, тізбектей қалыптастырудың әмбебап
моделін жасады [101].
Mагистерлік
бағдарламалардың
мазмұнын
жүзеге
асырудың
ерекшеліктерін Е.А. Деревянченконың еңбектерінен кӛруге болады [102]. Ол
мәдениаралық ӛзара әрекеттесудің теориялық негіздерін педагогика
магистрлерін дайындаудың аспектісі ретінде қарастыра отырып, бұл үдерістің
тӛмендегідей шарттарын ұсынады:
- әдіснамалық және тілдік деңгейлерде отандық және шет елдік білім беру
жүйелері мен педагогикалық парадигмалардың мәдени айырмашылықтарын
кӛрсете отырып, мәдени аралық ӛзара әрекеттесуге магистранттар
26
дайындығының мазмұнын анықтау;
- жоғары мектептің мәселесін бейнелейтін, орыс және шет ел тілдеріндегі
мәтіндер осы айырмашылықтардың формасы ретінде ұсыну;
- ұйымдастырушылық шарттар: шет ел әріптестерімен іскерлік хат алысу,
халықаралық конференцияларға сырттай қатысу, шет ел әдебиеттерімен жұмыс
жасау және сыни тұрғысынан талдау жүргізіп, оларды ресей білім беру
жүйесіне бейімдеу. Әрине, біз қарастырып отырған түйткілді мәселені шешуде
де бұл айтылған ойлардың алар орыны ерекше.
Ю.В. Соляниковтың жұмыстарында магистранттардың зерттеу іс-
әрекетінің ерекшелігі айқындалады. Ғалым білім сапасын қамтамасыз ету
факторларының бірі ретінде магистранттардың зерттеу құзырлылықтарын
бӛліп қарастырады. Оның осы тұжырымдамалық зерттеуі магистратурада
мамандар дайындау жұмыстарының негізі бола алады. Ғалым педагогикалық
университет магистранттарын ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне дайындаудың
сапасын қамтамасыз ету мәселесін қарастырып, магистранттардың ғылыми-
зерттеу жұмысы олардың зерттеу біліктерінің жүзеге асуы үшін ықпалын
тигізетінін айтқан. Осындай ғылыми зерттеу жұмыстары олардың ғылыми
интуициясын, ӛз бетінше әрекет ету қабілетін дамытып, шығармашылық іс-
әрекеттің әр түрін игеру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар
ұжымда жұмыс жасау біліктерін тәрбиелейді – деген пікірін білдірген [103].
Mагистранттың іс-әрекеті зерттеушілік сипатта болуы тиіс. Сондықтан да
магистратура деңгейінде зерттеушілік іс-әрекетке (ЗІ) даярлық кәсіптік
дайындаудың маңызды және жүйелілік факторы болып табылады, ӛйткені ол
магистрант тұлғасын тиімді дамытудың мақсаты мен құралы ретінде
анықталады. Осылайша, ғалым ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың
әдістері мен техникасын игеру мен пайдаланудың бірізділігі мен жан-
жақтылығын, курстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының сабақтастығын,
ғылыми шығармашылықтың әдістері мен түрлері, формаларының күрделенуі
логикасын сипаттайды. Бұдан шығатын қорытынды магистратурадағы білім
берудің сапалы нәтижелері білім берудің мәселелерін шешуге бағытталған
зерттеу жағдаяттардың контекстінде магистранттардың іс-әрекет тәжірибесі
қалыптасуын анықтайтын педагогикалық шарттардың екі тобының
(дидактикалық және ұйымдастырушылық) орындалуымен қамтамасыз етілуі
тиіс деген тұжырым жасауға болады.
Aл А.В.Райцев жоғары оқу орындарында білім алушылардың ғылыми-
зерттеушілік жұмысы тиімділігінің шарттары ретінде келесі қағидаларды
қарастырады [104]:
1) білім алушылардың алдында оқу-ғылыми мақсаттарды қою, ғылыми
жұмысқа оң кӛзқарасын және қызығушылығын қалыптастыру;
2) теориялық білімнің және ғылыми жұмыстың амал-тәсілдерін
практикалық тұрғыдан игерудің үйлесімділігі;
3) оқу барысында ғылыми-танымдық жұмысты ұйымдастырудың әдістері
мен мазмұнының және ӛндірістік (педагогикалық) тәжірибе мен аудиториядан
тыс жұмыстың ӛзара байланысы;
27
4) зерттеу жұмысын ұйымдастырудың түрлерін және әдістерін,
мазмұнынын жүйелі және тізбекті күрделендіру;
5) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және дайындық деңгейін
ескеру, проблемалық және эвристикалық тапсырмалардың саралануы.
Oсы шарттардың сақталуы мамандар дайындау үдерісінің тиімділігін
қамтамасыз етеді. Бұл тиімділік теория мен практиканың арасындағы
байланыстың болуымен анықталынады.
Mагистранттарды дайындау үдерісінің сапалы нәтижесін қамтамасыз ету
мақсатында ӛз кезегінде П.И. Пидкасистый ӛзіндік жұмыстардың жіктемесін
ұсынады. Осы жіктеме бойынша ӛзіндік жұмыстар репродуктивті,
конструктивті вариативті, эвристикалық (жекелей ізденушілік) және
шығармашылықтық зерттеулер болып, бӛлінеді [105].
Pепродуктивті ӛзіндік жұмыс үлгі бойынша тапсырмалар мен әртүрлі
жаттығуларды орындауды кӛздейді. Бұл деңгейде оқу ақпараттарын меңгеру
жүзеге асады. Бұл репродуктивті жұмыс материалды меңгерумен байланысты
болғаныменде шығармашылық белсенділікті арттырмайды.
Kонструктивті-вариативті ӛзіндік жұмыс білімнің функционалдық сипатын
ғана емес, оның құрылымын қайта жаңғыртуды, алынған білімді басқа бір
мәселені, проблеманы, жағдаятты шешуге пайдалануды кӛздейді. Зерделеніп
отырған құбылысты ой елегінен ӛткізу және түсіну жүзеге асады.
Эвристикалық (жекелей ізденушілік) ӛзіндік жұмыс дәрістерде, семинар
сабақтарында, зертханалық жұмыстарда, практикалық сабақтарда берілген
сұрақтардың, мәселелердің шешімімен байланысты. Ол мәселені кӛру, оның
туындау себептерін ӛз бетінше анықтай алу, шешу жоспарын жасау біліктерін
қалыптастыруды кӛздейді. Сонымен бірге, құбылыстар мен үдерістерді терең
түсіну жүзеге асырылып, шығармашылық іс-әрекет басталады. Бұл деңгейде
ақыл-ой іс-әрекеті барысында магистранттардың зияткерлік әлеуеті мен
шығармашылық қабілеттері кӛрініс береді, олардың зерттеушілік қабілеттері
іске қосылады. Ӛзіндік жұмыстың кӛрсетілген түрлерін шығармашылық іс-
әрекет барысында магистранттар қабілеттерінің барынша жоғары деңгейіне
жету үшін бірнеше кезеңдерден ӛтуі тиіс .
Oсыған орай, ӛзіндік жұмыстардың жіктемесіне сәйкес магистранттардың
дайындық деңгейін сатылап кӛрсетуге болады. Олардың барлығы
магистранттың шығармашылық іс-әрекетке бағыттылығымен, яғни оның
мүмкіншіліктерімен сипатталынады.
Mагистратура
жағдайында
болашақ
мамандарды
дайындаудың
ерекшеліктерін Н.И. Мачинская талдап тармақтаған. Ол магистранттардың
зерттеушілік құзырлылығын дамыту мақсатында олардың ӛз бетіндік жеке
жұмыстарын оқу үдерісінің негізгі құрылымдық компоненті ретінде
қарастыруды ұсынады. Ол ӛз бетіндік жеке жұмыстарды ұйымдастыруға
қойылатын келесі талаптарын топтастырады:
-
интернет торабының іздестіру жүйесінің барлық түрлерін пайдаланып,
магистранттардың үнемі жүйелі түрде жаңа ақпарат алу мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету;
28
-
cабақ беру үдерісінде түрлі ынталандыру шараларын пайдалану, оқыту
және әрбір білім алушыны дамыту үдерісіндегі ӛз бетінше жұмыстарын,
бастамашылдықтарын қолдап отыру;
-
шығармашылыққа
және
орындаушылық
кәсіптік
іс-әрекетке
қабілеттілікті дамыту мақсатында іс-әрекетке ерекше назар аудару;
-
шығармашылық ойлаудың дамуын және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын
игеруін ӛз деңгейінде қамтамасыз ететін ӛзіндік жұмыстарға арналған
тапсырмалардың түрлерін қалыптастыруда даралау және саралау әдіс
тәсілдерін пайдалану және т.б[106].
Ӛз бетіндік жеке жұмыстарын жасау барысында магистранттардың
ізденімпаздығы дамуының үш деңгейін С.О.Сысоева бӛліп кӛрсетеді [107]:
- жоғары деңгей, бағалау критерийі: тұлғалық қасиеттердің үнемі кӛрініс
беруі, ӛз пікірін дәлелдей алуы, пікір айту мен әрекет етуде бір жақты шешім
қабылдай алуы,бӛгде адамдардың кӛмегінсіз әрекет ете алу;
- oрташа деңгей, бағалау критерийі: ӛз пікірін айтуда бір жақты пікір айта
алмауы, күмәндануы, бӛгде адамдардың кӛмегімен ӛз пікірін дәлелдеуі, ересек
адамдардың қолдауымен шешімді әрекет ете алуы;
-
тӛменгі деңгей, бағалау критерийі: айналасындағы адамдарға
бағдарлануы, магистранттың іс-әрекетіне ересектердің тікелей араласуы.
Oсы деңгейлерді талдай отырып, магистранттың жеке тапсырмаларды
орындаудағы белсенді ұстанымы, мотивациялық дайындығын қалыптастыру
кӛп жағдайда әртүрлі оқыту әдістерін пайдалану тиімділігіне тәуелді
болатынын байқаймыз. Магистранттар ӛзіндік жұмыстарының әдістерін
дәрістерде, семинар сабақтарында, практикалық сабақтарда пайдаланылуы
мүмкін. Бұл жағдайда да магистранттың ӛзіндік жұмысы оқытушының
жетекшілігімен орындалады. Ал егер ӛзіндік жұмыс аудиториядан тыс
орындалатын болса, онда оны магистранттар ӛз бетінше орындайды.
Осылайша құзырлылықты, жауапты және тиімді іс-әрекетке қабілетті, жоғары
білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, оларды кәсіби ӛсуге және
шығармашылық белсенділікке ынталандыру ӛзіндік жұмыстардың рӛлін
арттыру арқылы жүзеге асырылады екен.
Жоғарыда қарастырылған ғалымдардың зерттеулерін талдай отырып, біз
келесі тұжырым жасаймыз: магистранттардың ӛз бетіндік жұмыстары олардың
қабілеттерін, ғылыми зерттеу жұмысын және шығармашылық іс-әрекеттерін
дамыту арқылы ашылмаған мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жағдай
жасауды кӛздейтін оқу үдерісін ұйымдастыру формасы болып табылады. Ӛз
бетіндік жұмыстар олардың ойлау үдерісінің даму сипатымен, білім мен
біліктердің деңгейімен, жұмыс қабілеттілігімен, танымдық және тәжірибелік
ізденімпаздығымен, ерік жігерінің даму ерекшеліктерімен байланысты. Олай
болса, магистратурада мамандар дайындау ісінде білім алушылардың ӛзіндік
жұмыстарына басымдық беру оларды акме деңгейіне дейін дамытудың негізгі
бағыты ретінде қарастыруға әбден болады.
Жоғарыдан кейінгі білім беру жағдайында магистрантарды даярлау
дегеніміз – бұл белгілі бір кәсіби бағыт бойынша мамандықты тереңдетуге,
29
мамандық бойынша берілген білімді шығармашылық деңгейде меңгеруге
мүмкіндік
беретін,
ғылыми-зерттеу
іс-әрекетіне
магистранттарды
дайындаудың жоғары кәсіптік білім беру сатысы. Ал оның қорытынды
нәтижесі – болашақ маманның жалпыадамзаттық идеялары, тұлғаның кәсіби-
құндылықтық бағдарлары мен қасиеттері, сонымен бірге танымның әмбебап
тәсілдері мен педагогикалық іс-әрекеттің ізгіліктік технологиялар жүйесін
құрайтын кәсіби мәдениетінің қалыптасуы және болашақ кәсіби әрекетте
шеберлік танытуға даяр болуын қамтамасыз ету болып табылады
Жалпы елімізде де, алыс жақын шет елдерде де жоғарыдан кейінгі білім
беру жағдайында мамандар дайындау мәселесі бойынша бірқатар зерттеулер
жүргізілген. Алайда, оларда мамандарды дайындаудың акмеологиялық
ерекшеліктері қарастырылмаған. Сондықтан жоғары кәсіптік білім беру
деңгейінде магистранттардың дайындығын «акме» деңгейіне дейін жеткізуге
бағыт-бағдар бола алатын акмеологиялық амал әдіснамалық негіз ретінде
келесі параграфта сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |