●
Технические науки
338
№2 2016 Вестник КазНИТУ
Фигуралар келесі хабарларды алады: «салу», «жиек түсін өзгерту», «Өлшемін өзгерту»,
«Координаттарын өзгерту». Осы барлық хабарларды қолданушы командасына сәйкес монитор бастап
қозғайды. Монитор қолданушыдан «Аяқтау» командасын алып бағдарлама орындалуын тоқтатады.
Ескерту. Бір қарағанда процедуралықтан объектілік жол жасанды көрінгенмен, алынатын ар-
тықшылықтар жіберілген уақытты жеңеді.
Келесі мысал ретінде процедуралық декомпозицияда орындалатын «Қойын дәптер» бағдарла-
масына объектілік декомпозиция орындап көрейік. Бұрында белгіленгендей мұндай типтегі бағдар-
ламамен жұмыс істеу мәзір арқылы ыңғайлы болады. Қолданушының таңдауына байланысты ары
қарай «Кітапшаның» ашылуына, жазбаларды қосу немесе жазбаларды іздеуге жауапты бағдарлама-
ның бөліктері белсенділендіріледі (5-сурет).
Талдаудың бұл бөлігінде бағдарламаның орындалу кезінде өзара әрекеттесетін төрт дербес бө-
лігін белгілей аламыз: мәзір, кітапшаның ашылуы, жазбаларды енгізу, жазбаларды іздеу. Мәзірдің бір
бөлігі басқарушы болып табылады және бағдарламаның орындалу кезінде талап етілетін операция
орындалу үшін бағдарламаның қалған бөлігін белсенділендіреді.
Жұмыс кезінде сәйкессіздік табылғанда экранда пайда болатын, мысалы, кітапшаны ашқанда
белсенді болатын «Жазба кітапшасы табылмады» немесе жазбаларды іздегенде «Абонентте ақпарат
жоқ» тәрізді қолданушыға жіберілетін хабарлама ретінде жүйеге тағы бірнеше объект түрлерін енгі-
зейік (5-сурет).
5-сурет. Қолданушы интерфейсі жағдайының диаграммасы.
Мәзір, кітапшаның ашылуы, жазбаларды енгізу, жазбаларды іздеу объектілері жұмыс бары-
сында қолданушыдан ақпарат алулары және оған жұмыс нәтижесін хабарлап отыруы, және сәйкес
кейбір экрандық көрінісі болу керек. Мұндай экрандық көріністердің (формалардың) жиынтығы қол-
данушымен интерфейс құрайды.
Жүйеде, интерфейс объектілерінен басқа да, кем дегенде бір объект – енгізілген ақпараттарды
сақтау үшін қолданылатын жазбалар файлы болады. Бұл объект ашу, енгізу, іздеу хабар-
командаларынан сәйкес файлдың ашылуын, ақпаратты қосу және іздеуді алу керек. Ашу командасы
файлдың атымен, ақпаратты қосу тақырып атауы мен телефонмен, ал іздеу командасы тақырып
атауымен қоса жүру керек.
6-сурет. Қолданушы интерфейсі жағдайының толық диаграммасы.
“Ақпарат жоқ”
хабарламасы
“Кітапша табыл-
мады” хабарлама-
сы
Кітапшаның
ашылу режимі
Жазбаларды
қосу режимі
Жазбаларды
іздеу режимі
Мәзір
Жұмыс басы
Жұмыс соңы
Кітапшаның
ашылу режимі
Жазбаларды
қосу режимі
Жазбаларды
іздеу режимі
Жұмыс басы
Жұмыс соңы
Мәзір
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016
339
Мәзір объектісі мәзір тарауларын таңдауға, ашу, енгізу, іздеу формаларын шақыруға жауап бе-
реді.
Ашу формасы файлды ашу немесе құру керек. Ол файл атын енгізеді және ашу операциясы
орындалу үшін файл объектісін шақырады.
Енгізу формасы мәліметтерді (Аты-жөні, тегі және телефон) енгізуі қажет және осы ақпаратты
файл объектісіне сақтау үшін жібереді.
Іздеу формасы мәліметтерді (Аты немесе тегі немесе екеуін де) іздеу үшін енгізу және енгізіл-
ген мәліметтер бойынша телефонды іздеуді сұрауы қажет.
Файлдарға қатысты барлық операцияларды файл объектісі орындайды.
Жобаланып отырған объектілік декомпозицияның соңғы нұсқасы 7-суретте көрсетілген.
Осылайша, объектілік декомпозицияның орындалуы бойынша келесі сипаттамаларды тұжы-
рымдауға болады:
1. объектілік декомпозицияның күрделі жүйесі үшін кезең бойынша келесілер орындалу қа-
жет: бірінші кезеңде барлық жүйенің декомпозициясы, келесілерде ішкі жүйе объектілерінің деком-
позициясы.
2. жүйенің декомпозициясында толықтай объект ретінде екі типтің элементтері белгіленеді:
қолданушы интерфейсінің типі (мәзір терезесі, хабар терезесі, енгізу-шығару формасының терезесі);
мәліметтерді сақтау, ұйымдастыру және түрлендіру жабдықтары (мәліметтер қоры, протоколдар, мә-
ліметтер құрылымы және т.б.).
Сонымен қоса әрбір объекті үшін қабылданатын, жіберілетін хабарламалар жиыны және негізгі
сипаттамалары анықталуы қажет.
7-сурет. «Қойын дәптер» жүйесі объектілерінің диаграммасы.
3. Декомпозиция процесі жетерліктей қарапайым жүзеге асырылған, яғни құрылымы мен әре-
кеті анық анықталған объектілерді алуда тоқтатылады.
Студенттерге нақты жағдайларда өз білімдерін қолдана білулері, объектіге бағытталған прог-
раммалауды колдану мүмкін болатын аймақты кеңейтулері үшін прототиптері нақты бар объектілер
болатын объектілерге арналған есептерді және мазмұнды есептерді шешу ұсынылады. Сонымен, объ-
ектіге бағытталған программалауды оқыту барысында ол туралы түсініктерді қалыптастыруда, объ-
ектілік декомпозиция мен тәжірибеде объектіге бағытталған программалау артықшылықтарын мең-
геруде оқыту үрдісі заманауи талаптарға сәйкес әдістемелік ұсыныстарға сүйену маңызды.
ӘДЕБИЕТ
[1] Иванова Г.С., Ничушкина Т.Н., Пугачев Е.К. Объектно-ориентированное программирование: Учеб-
ник для вузов. - 3-е изд., стер. /Под ред. Г.С. Ивановой. - М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2007. - 368 с.
REFERENCE
[1] Ivanov G.S., Nichushkina T.N., Pugachev E.K. Object-oriented programming: Textbook for universities.
- 3rd ed., Sr. / Ed. G.S.Ivanova. - M .: Publishing House of the MSTU. N.E. Bauman, 2007. - 368 p.
Жазбаны
іздеу
Белсенді ету
Белсенді ету
Файлды
ашу
Бастау
Мәзір
Енгізу формасы
Іздеу формасы
Ашу формасы
Файл
Жазба қосу
Белсенді ету
Белсенді ету
Белсенді ету
“Ақпарат жоқ” формасы
“Кітапша табылмады” формасы
●
Технические науки
340
№2 2016 Вестник КазНИТУ
Кожебаева А.С.
Некоторые примеры для обучения объектной декомпозиции
Резюме. В статье представлены примеры для обучения объектной декомпозиции, которые рассматри-
вают основные механизмы объектно-ориентированного программирования. Описание выполняется чисто тео-
ретически, без учета особенностей конкретных реализаций объектных моделей в рассматриваемых языках
программирования. Процесс представления предметной области задачи в виде совокупности объектов, обмени-
вающихся сообщениями, называется объектной декомпозицией. Для того чтобы понять, о каких объектах и
сообщениях идет речь при выполнении объектной декомпозиции в каждом конкретном случае, следует вспом-
нить, что первоначально объектный подход был предложен для разработки моделей поведения сложных си-
стем.
Ключевые слова: объектный, очереди, сообщении, меню, программа, моделирование, алгоритмный, ко-
лонки, информация.
Kozhebaeyeva A.S.
Some examples of learning object decomposition
Summary. In this work presents some examples for learning object decomposition that is considered basic
mechanisms of object-oriented programming. Description is done theoretically, without features specific implementa-
tions of object models in these programming languages. The process of domain problems in the form of a set of objects
exchanging messages called object decomposition. In order to understand some of the objects and the messages in ques-
tion when the object decomposition in each case, it should be recalled that the original object land has been proposed
for modeling the behavior of complex systems.
Key words: object, queues, messages, menu, program, simulations, algorithms, column, information.
ӘОЖ 528.44: 528.3
Т. Қалыбеков, А.С. Әбен
(Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті,
Алматы, Қазақстан Республикасы, ardana_c_m@mail.ru)
ЖЕР ТЕЛІМІНІҢ ЖОБАЛАНҒАН ШЕКАРАЛАРЫН ЖЕР БЕТІНЕ ШЫҒАРУ ТӘСІЛДЕРІ
Аңдатпа. Мақалада жерге орналастыру жұмыстарындағы жер телімінің жобаланған шекараларын жер
бетіне шығару тәсілдері келтірілген. Жерге орналастыру жұмыстарында жер телімінің жобалық нүктелерінің
қателіктерін азайту мақсатымен координаталарын анықтау формулалары көрсетілген.
Түйінді сөздер: жер телімі, шекара, кадастр, жерге орналастыру, жер бетіне шығару.
Жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Рес-
публикасы заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысанды мақсаты, жерді
пайдалану мен оны қорғау режімі, жер телімдерінің шекарасы мен мөлшері туралы деректерді жер
құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы міндетті болып табылады [1]. Осында жер телімінде
топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да тексеру-
лер және ізденістер жұмыстары жүргізілуі қажет. Осының арқасында жер телімінің мүдделі меншік
иесінің немесе жер пайдаланушының өтініштері негізінде жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақ-
тық орган жүргізетін жерге орналастыру жұмыстары нәтижесінде олардың жерді мақсатты түрде
пайдалануға айқындалған құқықтары белгіленеді.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізгенде жер телімінің пландағы жобаланған орнының
жергілікті жердегі шекарасын ұқыпты түрде егжей-тегжейлі межелеуден тұрады. Жоба мәліметтерін
жер бетіне шығару үшін ең қарапайым, уақытты көп қажет етпейтін, экономикалық және техникалық
талаптарды қанағаттандыратын әдістерді таңдайды. Жер телімінің жергілікті жерде бекітілген жоба-
лық нүктелерінің орындары мүмкіндігінше есептелінген координаталарымен анықталуы қажет, олар
осы шаруашылықта келешекте топографиялық-геодезиялық ізденістерді орындағанда қосымша гео-
дезиялық негіздеме ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жер телімі жобасын жер бетіне шығарудың жер-
гілікті атқару органдары және жердің меншік иелері үшін маңызы зор, себебі жерді пайдаланушы өз
жерінің шекарасын анық білген жағдайда ауыспалы егісті және кез келген жерінің қандай мақсатта
тиімді пайдаланылуын ойдағыдай шешуіне мүмкіндік туады.
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016
341
Жерге орналастыру жұмыстарының аяқталу кезеңдерінде жергілікті жерге жер телімі жобада
көрсетілген параметрлеріне сәйкес шығарылғанда оның шекарасының және орналасу дәлдігі, қабыр-
ғаларының параллельдігі немесе перпендикулярлығы, жергілікті жердегі ауданының пландағыдан
айырмашылығының жоқтығы қамтамасыз етіледі.
Жер телімінің жобасын жасағанда жер кодексінің талаптарына және мемлекеттік жер кадас-
трының мәліметтеріне сүйенеді де, кадастрлық карталар, жер телімдері шекарасының планы және
кадастрлық планы, жер телімі шекараларының бұрылу нүктелері координаталарының каталогтары
дайындалады. Жер кадастрындағы жобаланған жер телімінің шекараларын жергілікті жерге шығару
үшін бөлулік сызбаларды жасау қажет. Осы сызбада бөлуге қажетті мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жер телімінің кеңістіктік орналасуы, бұрылу нүктелерінің координаталары және шекара нүктелері
арасындағы арақашықтықтар. Жер телімінің шекараларын жер бетіне шығару үшін бастапқы мәлі-
меттерді геодезиялық дайындау графикалық, аналитикалық және граф-аналитикалық тәсілдермен
орындалады [2].
Графикалық тәсіл планнан жер телімінің тікелей бөлу мәліметтері координаталарды, арақа-
шықтықтарды және бұрыштарды анықтаудан тұрады. Арақашықтықтар ұзындығын циркуль-өлшеуіш
және масштабты сызғыш, бұрыштарды геодезиялық транспортир арқылы айқындайды. Осы тәсіл бө-
лу жұмыстарының бастапқы мәліметтерге жоғары дәлдік талаптары қойылмаған жағдайда қолданы-
лады.
Аналитикалық тәсіл пландағы жер телімі нүктелерін тірек тораптарымен байланыстыратын
координаталарын, арақашықтықтарын және бағыттарды жобаның геометриялық сұлбасына сәйкес
аналитикалық анықтаудан тұрады. Осы тәсіл ең дәл болып саналады, сондықтан көптеген есептеу-
лерді орындауды қажет ететіндігіне қарамастан жерге орналастыру жұмыстарында мүмкіндігінше
жиі қолданылуы қажет.
Граф-аналитикалық тәсіл көп жағдайларда жер-кадастрындағы бөлу жұмыстарын дайындаған-
да мәліметтерді жедел жасауға мүмкіндік береді. Осы тәсілді пайдаланғанда жер телімдері шекара-
сының координаталары планнан графикалық түрде анықталады да, ал тірек торабы пункттерінің
координаталары каталогтан алынады. Бағыттардың дирекциондық бұрыштары және арақашықтықтар
кері геодезиялық есептің формулалары бойынша анықталады.
Жерге орналастыру жұмыстарында жер телімінің жобалық нүктелерінің қателіктерін азайту
мақсатымен координаталарын (1-сурет, А нүктесі) былайша анықтайды.
1-сурет. Бастапқы мәліметтерді дайынаудың граф-аналитикалық тәсілі
1. Жобадағы А нүктесі арқылы координаталық торлар қабырғаларына параллель сызықтар
жүргізіледі. План бойынша циркульдің және көлденең масштабтың көмегімен
х
/
және
х
//
,
у
/
жә-
не
у
//
кесінділері өлшелінеді.
●
Технические науки
342
№2 2016 Вестник КазНИТУ
2. А нүктесінің координаталарын мына формулалармен есептейді:
Х
А
= Х
/
А
+
x
x
x
S
; У
А
= У
/
А
+
y
y
y
S
, (1)
мұндағы, S – координаталық тордың квадрат қабырғасының теориялық ұзындығы; х
/
А
, у
/
А
– А
нүктесі орналасқан квадраттың оңтүстік-батыс бұрышының координаталары.
Осылайша В нүктесінің координаталары анықталады.
3. Жобадағы жер телімі А және В нүктелерінің анықталған координаталары бойынша тірек то-
раптары нүктелерінен ізделіп отырған нүктелерге дейінгі арақшықтықтарды, дирекциондық бұрыш-
тарды және тірек пункттеріндегі бөлу бұрыштарын есептейді:
A
tg
1
1
1
x
x
y
y
A
A
;
arctg
A
1
1
1
x
x
y
y
A
A
; (2)
A
A
A
A
x
x
y
y
d
1
1
1
1
cos
sin
;
А
= α
1-11
- α
1-A
.
Жобадағы нүктелерді жер бетіне шығару теодолит көмегімен
А
,
В
полярлық бұрыштарды құ-
ру және бастапқы А және В пункттерінен d
1-А
, d
11-В
полярлық арақашықтықтарды өлшеу арқылы жүр-
гізіледі.
Жергілікті жердің жағдайына, жер телімінің мөлшеріне және пішініне, геодезиялық негіздеме-
нің түріне және қажетті дәлдігіне байланысты жобалық нүктелер мен қашықтықтарды жер бетіне
шығару тікбұрышты және полярлық координаталар, бұрыштық және ұзындық қиылыстыру, жарма-
лық және жергілікті нысандардан бөлу тәсілдерімен орындалуы мүмкін.
Тікбұрышты координаталар тәсілінде жобалық нүктелерден 1 және 2 (2,а-сурет) екі тірек
пункттерін байланыстыратын АВ сызығына перпендикулярлар түсіріледі де, шартты жүйеде 1 (х
1
/
, у
1
/
)
және 2 (х
2
/
, у
2
/
) нүктелерінің тікбұрышты координаталары анықталады. Жергілікті жерде теодолиттің
және рулетканың көмегімен АВ сызығының жармасы бойымен С және D нүктелерін табады. Осы
нүктелерден 90
о
және ординаталарды у
1
/
және у
1
/
шығарады да ізделінген 1 және 2 нүктелерін жер
бетінде табады. Осы тәсілді азғана ойлы-қырлы ашық жергілікті жер жағдайында қолданған қолайлы
болып саналады. Жер телімінің бұрылу нүктелерінің орындарын аз қателікпен айқындау үшін теодо-
литті нүктеде мұқият центрлеу қажет, ал бастапқы сызықтың АВ мүмкіндігінше жер бетіне шығары-
латын нүктелерге жақын орналасқаны дұрыс болады.
2-сурет. Нүктелерді жер бетіне шығару сұлбалары
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016
343
Полярлық тәсілдің мәні жер телімінің бұрылу нүктелерінің (2,б-сурет) жергілікті жердегі
орындарын бұрыш және арақашықтық бойынша табудан тұрады. Осы тәсілді пайдаланғанда коорди-
наталары белгілі тірек пункті А және жер телімінің бұрылу нүктесі 1 бойынша кері геодезиялық есеп-
ті шешу арқылы жер бетіндегі ізделіп отырған 1 нүктесінің полярлық координаталарын геодезиялық
негіздің А нүктесіне қатысты айқындайды: β
1
– горизонталь бұрыш және d
1
- горизонталь арақашық-
тық. Жергілікті жерде 1 нүктенің орнын анықтау үшін теодолитті А пунктінде орнатады да, жұмыс
жағдайына келтіреді. Содан соң анықталған горизонталь бұрышты β
1
шығарады да, рулеткамен гори-
зонталь арақашықтықты d
1
өлшеп, жер бетінде жер телімінің бұрылу нүктесінің орнын табады. Осы-
ған ұқсас жұмыстарды орындау арқасында жер телімінің 2 нүктесінің орнын анықтайды. Орындалған
жұмыстардың дәлдігін бағалау мақсатымен γ
1
және γ
2
бұрыштарын өлшейді. Сонымен қатар 1 және 2
нүктелері арасындағы арақашықтықты рулеткамен жер бетінде өлшейді де, оны жобалық мәнімен
салыстырады. Осы жұмыстар нәтижесінде қателіктер теориялық шамалармен бірдей болған жағдайда
жер телімінің бұрылу нүктелері жер бетіне дұрыс шығарылды деген ұйғарым қабылданады. Осы тә-
сіл сызықтық өлшеулерді жүргізуге қолайлы, ашық жергілікті жерде қолданылады.
Бұрыштық қиылыстыру тәсілі жер телімі ойлы-қырлы жергілікті жерде орналасқан кезде және
тірек пункттерінен анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтықты тікелей өлшеуге қиындық туғыза-
тын жағдайда қолданылады. Жер телімінің С нүктесі (2,в-сурет) жергілікті жерде β
1
және β
2
бұрыш-
тарының мәндері бойынша табылады. Осы бұрыштарды анықтау мақсатында планнан С нүктесінің
координаталарын х
с
және у
с
анықтайды да, бұрыш мәндерін былай табады. Алдымен АС және ВС
қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын α
АС
және α
ВС
мына формулалардан анықтайды:
A
C
A
C
AC
X
X
Y
Y
, (3)
B
C
B
C
BC
X
X
Y
Y
.
Достарыңызбен бөлісу: |