№2(78)/2015 Серия педагогика


Оқушыларда экологиялық мəдениет қалыптастырудағы қазақ халық



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата31.03.2017
өлшемі4,99 Mb.
#10744
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

Оқушыларда экологиялық мəдениет қалыптастырудағы қазақ халық 
педагогикасының тəрбиелік əлеуеті 
Мақалада ұлттық сананың өсуі, мəдени жəне рухани дəстүрлердің жаңғыруы жағдайында, жастарға өз 
халқының  рухани  құндылықтарымен,  оның  ұлттық  мəдениетімен,  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрлерімен 
арнайы, тереңінен танысу  қажеттігі туындайды. Осы аталған мəселелерді оқу-тəрбие үдерісінде іске 
асыру ұсынылды. 

Воспитательный потенциал народной… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
113 
A.A.Kalybekova, I.A.Kornilko, А.B.Aitzhanova 
Educational potential of the national pedagogics of the kazakhs in formation 
of ecological culture of schoolchildren 
In conditions of growth of the national consciousness, revival of cultural and spiritual traditions and language 
there is a necessity of thorough, deeper acquaintance of youth with cultural values of the nation, with its na-
tional culture, customs and traditions. The article is devoted to consideration of the ways of realization of the-
se issues in teaching and educational process. 
 
 
References 
1  Nazarbayev N.A. In a history stream, Almaty: Atamura, 2003, p. 267, 286. 
2  Ushinskiy K.D. Native word. Student’s book, in 2 volumes, Moscow: Pedagogics, 1974, 2, 314 p. 
3  Kazakh proverbs and sayings, transl. from Kazakh by N. Grebnev, Alma-Ata: Zhazushy, 1987, 129 p. 
4  Zhailauova M.K. Pedagogical education and science, 2001, 5, p. 57–58. 
5  Baiytanayev B.A., Divaev A.A. The life and activity essay, Shymkent, Almaty, 2004. 
6  Kosherbayeva A. The institute of higher education of Kazakhstan, 1997, 3, p. 124–128. 
7  Kazakh national fairy tales / Authored by G.I. Daurenbekov, Alma-Ata: Znanie, 1979, 415 p. 
8  Turmanzhanov U. Kazakh proverbs and sayings, Alma-Ata: Znanie, 1980, 83 p. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 37.01 
К.Ж.Бұзаубақова, Ж.Н.Күмісбекова, С.А.Əубəкірова 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
(E-mail: dinkaz73@mail.ru) 
Педагогикалық кадрларды дайындауда дуалды оқыту  
жүйесін енгізу жəне жүзеге асыру 
Мақалада Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік 
мектебінің  ынтымақтастық  байланыс  аясында  педагогикалық  кадрлар  дайындауда  дуалды  оқыту 
жүйесін  енгізу  жəне  жүзеге  асыру  алғаш  рет  қарастырылды.  Бəсекеге  қабілетті  педагогикалық 
кадрларды дайындауда жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды енгізу жолдары  
ашылды. 
Кілт  сөздер:  дуалды  білім  беру,  Назарбаев  Зияткерлік  мектеп,  интегративті  əдіснама,  əдістемелік 
желілік  байланыс,  инновациялық  іс-тəжірибе,  оқытудың  Кембридж  əдісі,  ақпараттық  банк  қоры, 
ынтымақтастық, инновация,  технология. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, 
бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында: «Барлық  дамыған  елдердің  сапалы 
бірегей  білім  беру  жүйесі  бар.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді 
ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  əдістемелерін, 
білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев 
Зияткерлік мектептеріндегі (НЗМ) оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне 
ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нəтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс 
пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс», — деп  атап  көрсеткендей,  жоғары  білім 
беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындауда [1]. 
Əлемдік бəсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды 
оқытуды  ендіру  қажеттілігі  туындауда.  Дуалды  оқыту  барысында  теорияның  практикамен 
ұштастырылуы жүзеге асады. Дуалды оқыту алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды 

К.Ж.Бұзаубақова, Ж.Н.Күмісбекова, С.А.Əубəкірова 
114 
Вестник Карагандинского университета 
оқыту  жүйесінің  кəсіби  мамандар  даярлауда  тиімділігі  мен  нəтижелілігі  зор  екендігі  əлемдік 
тəжірибеде дəлелденген (Германия, Австрия, Швейцария т.б).  
Кəсіби мектеп пен өндірістің өзара тиімді байланысын, өндірістегі кəсіби оқыту экономикалық 
рентабельділігін    У.Грайнерт,  Ф.Кюберт,  Ф.Липцмайер,  Г.Пуэтц  А.Шелтен,  Г.Шмидт,  К.Штратман 
зерттеген.  Кəсіби  білім  берудің  дуалды  формасының  даму  тарихын  қарастырғандар:  Р.Ф.Хенсен, 
У.Хиппэх-Шнайдер,  Г.Вланкертц,  Д.  Бунк,  Г.Абел,  Г.Бланкерц,  У.Грайнерт,  Д.Грюнер,  К.Койниг, 
К.Куэмелл, А.Липцмайер, П.Мюнч, Г.Шнайдер, К.Штратман, С.Тиссен. 
Дуалды  оқыту  жүйесі  ТМД  елдерінде  де  кеңінен  зерттеліп,  кəсіби-техникалық  білім  беру 
процесінде ендірілуде [2–8]. 
Еліміздің  педагогикалық  жоғары  білім  беру  жүйесіне  дуалды  білім  беруді  енгізу  бойынша 
алғашқы  қадамдар  жасалуда.  Себебі  қазіргі  таңда  республикада 16 Назарбаев  Зияткерлік  мектебі 
ашылғанымен,  ешбір педагогикалық жоғары оқу орындары Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы 
маман дайындап жатқан жоқ.  
Сондай-ақ  орта  мектептерде  жұмыс  жасайтын  дарынды  мұғалімдер  НЗМ-не  ауысуынан    білім 
беру сапасының төмендеуі, білікті педагог кадрлардың тапшылығы орын алуда. 
Қазіргі  кезеңде  бəсекеге қабілетті  педагог  кадрларды  даярлау  үшін  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу қажеттілігі туындауда:  
1. Жоо барлық мамандықтар бойынша көптілді маман даярлануы тиіс.   
2. Білім  сапасын  арттыру  үшін  болашақ  маман  оқытудың  заманауи  технологияларын  тек 
теориялық  тұрғыдан  емес,  НЗМ  базасында  тəжірибеден    сынақтан  өте  отырып,  кəсіби  біліктілікті 
меңгеруі тиіс. 
Елімізде  дуалды оқыту жүйесі техникалық, ауылшаруашылық, көлік, мұнай жəне газ, химиялық 
өндіріс  мамандарын  дайындайтын  оқу  орындарында  ендіріле  бастады.  Жалпы 2014–2015 оқу 
жылында  көптеген  кəсіптік-техникалық  оқу  орындары  дуалды  оқыту  жүйесіне  көшті.  Бірақ 
Қазақстанның бірде-бір педагогикалық жоо-да дуалды білім беру жүйесі ендірілмеген. 
Шет  елдерде  дуалды  оқыту  жүйесіне  бөлетін  инвестициялық  қаржысы  таң  қалдырады. 
Германияның көптеген өндірістерінде оқытудың дуалды жүйесі өскелең ұрпақтан резерв дайындауда 
ажырамас  бөлігі  болып  тұр.  Өндірістің  бұл  бағытта  көрсететін  белсенді  əрекеті  көпқырлы,  кең 
көлемді жəне берік: жыл сайын кəсіби білім беру жайлы жарты миллионға жақын келісім жасалады.  
Осындай  өзекті  мəселені  шешу  үшін  «Жоғары  педагогикалық  білім  беру  жүйесін  жетілдіру: 
педагогикалық  кадрларды  дайындауда  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институты  мен  Тараз 
қаласындағы НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастығы негізінде дуалды оқытуды ендіру жəне жүзеге 
асыру» қанат қақты жобасы қолға алынды.  
Жобаның  мақсаты  —  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институты  мен  Тараз  қаласындағы 
НЗМ-нің  инновациялық  ынтымақтастық  байланысы  негізінде  білікті  педагогикалық  кадрларды 
дайындауда    жоғары  педагогикалық  білім  беру  жүйесіне  дуалды  оқытуды  ендіру  жəне  жүзеге 
асырудың теориялық-əдіснамалық негіздерін анықтау, əдістемесін жасау. 
Жоғары  педагогикалық  білім  беруде  дуалды  оқытуды  жүйесін  ендіру  жағдайында  «Мектеп — 
ЖОО — Зияткерлік мектеп» интегративті байланысын орнату үшін  жоғары оқу орнының базасында 
«Педагогикалық  шеберлік»  орталығы  ашылады, «Жоғары  оқу  орнында  дуалды  білім  беру  жүйесі» 
3 + 1  білім  беру  бағдарламасы  жасалынады.  Болашақ  педагогтар  жоғары  білім  берудің  бакалавр 
деңгейінің 1–3 курстары теориялық білім алуға, соңғы курсы толықтай практикаға арналады. 
Жобаны  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  төмендегідей  əдістер  пайдаланылады:  тұлғаны 
дамытуға бағытталатын оқытудың  Кембридж  əдісі,  интерактивті əдіс, рефлексия, миға шабуыл, 
психологиялық-педагогикалық тренингтер.  
Жобаның міндеттері: 
1. «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» білім беру бағдарламасын жасау; 
2. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы НЗМ-нің  инновациялық 
ынтымақтастық  байланысының  моделін  жасау,  интегративтік  əдіснамасын  айқындау  жүзеге  асыру 
тетіктерін анықтау. 
3. Жоғары  оқу  орнының  базасында  дуалды  білім  беру  жүйесін  ендіру  арқылы  Назарбаев 
Зияткерлік  мектебі  базасында    инновациялық  іс-тəжірибесін  үйрену,  зерттеу,  ендіру,  қолдану, 
насихаттау  жəне  орта  білім  беретін  мектептерде  НЗМ-нің  озат  іс-тəжірибесін  пайдаланудың 
жолдарын ашу; «Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» əдістемелік-желілік байланысын орнату. 
4. Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  беруде  дуалды  оқыту  жүйесін  ендіру  мен  оны 
жүзеге асырудың əдістемесін жасау. 
 

Педагогикалық кадрларды дайындауда… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
115 
Күтілетін нəтижелер:   
1. Педагогикалық  жоғары  оқу  орны  мен  НЗМ-нің  инновациялық  ынтымақтастық 
байланысынының интегративтік теориялық-əдіснамалық негіздері анықталады. 
2. Жоғары  оқу  орнының  базасында  дуалды  білім  беру  жүйесін  ендіру  арқылы  НЗМ  базасында  
инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру жəне орта білім беретін мектептерде НЗМ-нің 
озат  іс-тəжірибесін  тиімді  пайдалану  үшін  «Жоғары  оқу  орнында  дуалды  білім  беру  жүйесі»  білім 
беру бағдарламасы жасалынады. 
3. НЗМ-нің  іс-тəжірибесін  енгізуге  арналған  аймақтық  «Педагогикалық  шеберлік»  орталығы  
ашылады.  
4. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы НЗМ-і базасында  
инновациялық  іс-тəжірибесін  үйрену,  зерттеу,  ендіру,  қолдану,  насихаттау  жəне  орта  білім  беретін 
мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектебінің озат іс-тəжірибесін пайдаланудың жолдары ашылады; 
«Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» əдістемелік-желілік байланысы орнатылады. 
5. Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  беруде  дуалды  оқыту  жүйесін  енгізу  мен  оны 
жүзеге  асырудың  əдістемесі  жасалынады.  Осы  жобаны  жүзеге  асыру  барысында  педагогикалық 
жоғары  оқу  орнының  студенттері  мемлекеттік  практиканы  НЗМ  базасында  өтеді,  оның  теориялық 
бөлімін  НЗМ  оқытушылары  дəріс  оқып,  НЗМ-нің  іс-тəжірибесін  енгізуге  арналған  аймақтық 
«Педагогикалық шеберлік» орталығы  ашылады.  
Жоо-ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады; 
екіншіден,  болашақ  педагогтар  теорияда  алғанын  НЗМ-нің  тəжірибесінен  өткізе  алады;  үшіншіден, 
осы  дəріске  жоо-ның  мұғалімдері  мен  жалпы  орта  білім  беретін  мұғалімдері  де  қатыса  алады; 
төртіншіден, On-line режимінде  өзара  əдістемелік  көмек,  ақпарат,  тəжірибе  алмасуға  толықтай 
мүмкіндік  туады;  бесіншіден,  болашақ  мұғалімдер,  жоо-ны  оқытушылары  шетелдік  ғалымдармен 
бірлесе  білім  сапасын  арттыруда  инновациялық  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  жол 
ашылады. 
Қойылған  мақсат-міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  төмендегідей  əдіс-тəсілдер  пайдаланылады. 
Зерттеу нəтижелерін өлшеу, анықтау жəне тіркеу үшін эмпирикалық əдістер қолданылады. Ол үшін 
хронометраж  бақылау,  алынған  фактілер  мен  жағдаяттарды  талдау,  əңгімелесу  жəне  сұхбаттасу, 
педагогикалық  құжаттарды  талдау  жəне  іс-əрекет  нəтижесін  бағалау,  педагогикалық  тəжірибиені 
жалпылау,  салыстырмалы  педагогикалық  жəне  əлеуметтік  педагогикалық  əдістер,  педагогикалық 
тестілеу, педагогикалық  эксперимент жəне т.б. əдістер  пайдаланылады.  
Сондай-ақ  жоба  аясында  алынған  мəліметтерді  өңдеудің  статистикалық  əдісі  пайдаланылады: 
сапалық ранжирлеу, корреляциялық əдіс, факторлық анализ,  математикалық-статистикалық əдістер, 
бағалау,  диагностикалау  жəне  сапалық  жүйелеу,  топтастыру,  синтездеу,  бағалау,  педагогикалық 
талдау жəне т.б.  
Осы  аталған  əдістердің  ең  тиімдісі  интерактивті  əдістері:  рефлексия,  өзіндік  рефлексия,  миға 
шабуыл,  оның  ішінде  психологиялық-педагогикалық  тренингтер,  себебі  креативті  тұлғаны 
қалыптастыру мəселесі жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Ұсынылған əдістеменің артықшылығы 
сол — қойылған мақсатқа жету үшін отандық жəне шетелдік педагогиканың қол жеткен жетістіктерін 
озық тəжірибелерін пайдаланған жөн. Атап айтқанда, тұлғаны қалыптастыру процесі заман талабына 
сəйкес  өзара  бірлікте  өзгеріп  отырады  жəне  бұл  процесс  ұдайы  өзгерісте  болады.  Осыған  сəйкес 
оқытудың  əдіс-тəсілдері  де  өзгереді.  Сондықтан  дəстүрлі  əдіс-тəсілдерді  қолдану  нəтижесінде    қол 
жеткен  əдіс-тəсілдер инновациялық бағытта үнемі жетілдіруді  қажет етеді. 
Жобаның ұлттық жəне халықаралық деңгейдегі маңыздылығы жоғары, себебі, біріншіден, жоо-
ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады; екіншіден, 
болашақ педагогтар теорияда алғанын НЗМ-нің тəжірибесінен өткізе алады; үшіншіден, осы дəріске 
жоо-ның  мұғалімдері  мен  жалпы  орта  білім  беретін  мұғалімдері  де  қатыса  алады;  төртіншіден, 
онлайн-режимінде  өзара  əдістемелік  көмек,  ақпарат,  тəжірибе  алмасуға  толықтай  мүмкіндік  туады; 
бесіншіден, болашақ мұғалімдер, жоо-ны оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесе білім сапасын 
арттыруда инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылады. 
Əлеуметтік  сұраныс  жəне  (немесе)  жобаны  жүзеге  асырудағы  экономикалық  жəне 
индустриалды қызығушылықты жəне оның нəтижесін алу: 
 НЗМ-і арнайы дайындалған білікті педагогтарға жоғары сұранысқа ие болып отыр; 
 болашақ педагогтар бакалавр дипломымен қоса кəсіби біліктілік дəрежесін (сертификат) алып 
шығады; 
 НЗМ-дер педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі; 
 ең бастысы, «МЕКТЕП – НЗМ – ЖОО»-да білім сапасы артады. 

К.Ж.Бұзаубақова, Ж.Н.Күмісбекова, С.А.Əубəкірова 
116 
Вестник Карагандинского университета 
Ғылым мен технологияның дамуына алынған нəтижелердің əсері  
жəне күтілетін əлеуметтік жəне экономикалық əсер: 
 білікті маман дайындауға жұмсайтын уақыттың көлемін азайтып, бөлінетін қомақты қаржыны 
анағұрлым дəрежеге дейін үнемдей аламыз; 
 қоғамның  бүгінгі  сұранысын  қанағаттандыратын  бəсекеге  қабілетті,  инновациялық 
технологияларды тиімді пайдалана алатын жоғары білікті маман даярланады. 
Дуалды  оқыту  жүйесінде,  бір  жағынан,  кəсіптік  мектеп  немесе  жоғары  оқу  орны,  екінші 
жағынан, білім беретін мекеме, өндіріс орындары бірлесе жұмыс жасайды. Екі мекеме де бір-біріне 
тəуелсіз серіктес бола алады. Ең бастысы, дуалды оқыту жүйесінде білім алған студенттер өндірістік 
практикадан өткен мекемеде жұмысқа қалдырылады.  
Дуалды оқыту жүйесі бойынша əлемде Германия көш бастап келеді. Германияның оқыту жүйесі 
өмірлік  тəжірибе  арқылы  дəлелденген  жəне  Еуропалық  одақта  үлгі  ретінде  қабылданған.  Дуалды 
оқыту жүйесін практикаға алғаш ендірген мемлекет ретінде танылған Германияда Еуроодаққа кіретін 
мемлекеттерге  қарағанда,  жастардың  ішінде  жұмыссыздық  деңгейі  өте  төмен  жəне  экономикасы 
жоғары дамыған.  
Оқыту  мерзімінің 2/3 бөлігі  өндірістік  (мектептік)  практикаға,  қалған 1/3 бөлігі  кəсіптік-
теориялық білім алуға жұмсалады. Бұл оқытудың дуалды жүйесі тек қана Германияда емес, Австрия 
мен  Швейцария  мемлекеттерін  де  тиімді  жүзеге  асырылуда.  Ал  Швейцарияның  жұмысшы  күшінің 
мониторингтік сапа, Халықаралық институтының бағалауынша, Германия кəсіптік білім беру жүйесі 
кадрлардың біліктілік деңгейі бойынша көшбасшы мемлекет ретінде танылады. 
Оқытудың оқу бағдарламасы жұмыс берушінің сұранысы бойынша жасалынады, пəн бойынша 
оқу  материалының  көлемін  бір  мамандық  шеңберінде  қарастыруға  мүмкіншілік  бар.  Оқытудың 
практикалық  жəне  теориялық  бөлімдеріне  бірдей  уақыт  бөлінеді.  Дуалды  оқытудың  германдық 
бағдарламасының мерзімі 2-ден 3,5 жыл аралықты қамтиды.  
Германияның  дуалды  оқыту  жүйесі  негізінен  өндірістік  жəне  технологиялық  секторға 
бағытталған, ал гуманитарлық бағытта қарастырылмайды.  
Ал,  біздің  ұсынатын  жобаның  ерекшелігі — дуалды  оқыту  жүйесін  гуманитарлық  бағытта, 
оның ішінде педагогикалық мамандықтарға қатысты қарастыру. 
Жобаның ұлттық жəне халықаралық деңгейдегі маңыздылығы жоғары:  
 жоо-ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады;  
 болашақ педагогтар теорияда алғанын НЗМ-нің тəжірибесінен өткізе алады; 
 НЗМ базасында шетелдік ғалымдар оқитын дəріске жоо-ның мұғалімдері мен жалпы орта білім 
беретін мұғалімдері де (тегін) қатыса алады; 
 онлайн-режимінде  өзара  əдістемелік  көмек,  ақпарат,  тəжірибе  алмасуға  толықтай  мүмкіндік 
туады;  
 болашақ  мұғалімдер,  жоо-ны  оқытушылары  шетелдік  ғалымдармен  бірлесе  білім  сапасын 
арттыруда инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылады; 
 мемлекет  педагог  кадрларды  дайындауға  жəне  олардың  біліктілігін  арттыруға  жұмсайтын 
уақыт көлемін, оған бөлінетін қомақты қаржыны анағұрлым дəрежеге дейін үнемдейді; 
 қоғамның  бүгінгі  сұранысын  қанағаттандыратын  бəсекеге  қабілетті,  инновациялық 
технологияларды тиімді пайдалана алатын жоғары білікті маман даярланады; 
 жоғары  педагогикалық  білім  беру  жүйесіне  дуалды  оқыту  жүйесін  ендіруде  болашақ 
педагогтар  ТарМПИ-де  ашылатын  «Педагогикалық  шеберлік»  орталығында  біліктілікті 
арттырудың  бірінші деңгейін  тегін  игеріп, болашақта  білім  сапасын  арттыра  алатын,  өзін-өзі 
жетілдіретін креативті құзыреттілігі қалыптасады.  
Назарбаев  Зияткерлік  мектебі  мен  педагогикалық  жоғары  оқу  орнының    бірлескен  мақсаты — 
бəсекеге  қабілетті  жаңа  тұрпатты  мұғалім  даярлау.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  Назарбаев 
Зияткерлік  мектебінің  ғылыми-əдістемелік  бірлестігі  мен  педагогикалық  жоғары  оқу  орнының 
ғылыми-əдістемелік кеңесі бірлескен ғылыми-əдістемелік кеңес құруы қажет (сур. қара). 
НЗМ  базасында  орналасқан  педагогикалық  шеберлік  орталығы  осы  мектептің  базасында 
тəжірибеден  өтіп  жатқан  болашақ  мұғалімдер  мен  олардың  тəлімгерлері-педагогикалық  жоо 
оқытушыларының  біліктілігін  арттыратын  инновациялық  зертхана  төмендегідей  бағыттар  арқылы  
жұмыс жасауы қажет: 

 оқу-əдістемелік жұмыс; 

 ғылыми-зерттеу жұмыс; 

 ғылыми-эксперименттік жұмыстар. 

Педагогикалық кадрларды дайындауда… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
117 
Инновациялық  зертханада  ғалым-оқытушылар    НЗМ  мұғалімдерімен  бірлесе  отыра  элективті 
курстардың  оқу  бағдарламасын  жасайды;  авторлық  бағдарлама  ұсынады;  оқулық,  оқу-əдістемелік 
құрал даярлайды жəне т.б. 
Инновациялық  зертхана  мүшелері  білім  сапасын  арттыру  бойынша  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізеді, авторлық инновациялық технологияларды сынақтан  өткізеді. 
Инновациялық  зертхана  мүшелерімен  педагогикалық  оқу,  педагогикалық  семинарлар 
конференциялар,  дөңгелек  үстел,  теориялық-əдіснамалық  семинарлар,  инновациялық  жоба 
тұсаукесер жасалынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет. «Педагогикалық жоғары оқу орны — Назарбаев Зияткерлік мектебі» кешенінің  
бірлескен  инновациялық жұмыстар жүйесі 
НЗМ педагогикалық жоғары оқу орнының эксперименттік алаңы болуы керек: 
 ғалым-оқытушылар  өз  зерттеулерін,  ашқан  жаңалықтарын  алғаш  рет  өз  эксперименттік 
алаңында зерттеуден сынақтан өткізуі қажет; 
 ғалым-оқытушылар  өздері  ашқан  инновациялық  технологияларын  өздері  сабақ  беріп,    НЗМ 
мұғалімдеріне тəжірибе  жүзінде көрсетулері керек; 
Оқытудың Кембридж жүйесін жете 
меңгерген болашақ маман 
Назарбаев 
Зияткерлік мектебі 
Педагогикалық 
жоо 
Ғылыми-
əдістеме-
лік кеңес 
Ғылыми 
кеңес 
Мұғалім 
Инновациялық зертхана 
Оқытушы 
Оқу-əдістемелік 
жұмыстар 
Ғылыми-зерттеу  
жұмыстар 
Ғылыми-эксперименттік 
жұмыстар 

  Оқыту мен оқытудағы 
жаңа тəсілдер. 

  Сын тұрғысынан 
ойлауға үйрету. 

  Оқыту мен оқуда 
АКТ-ны пайдалану. 

  Талантты жəне 
дарынды балаларды 
оқыту. 

  Оқытуды басқару 
жəне көшбасшылық. 

  Оқу үшін бағалау 
жəне оқуды бағалау 

  Білім сапасын арттыру 
бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  жүргізу. 

  Оқу-тəрбие процесіне 
инновациялық технологияны 
ендіру бойынша зерттеу 
жүргізу. 

  Талантты жəне дарынды  
балалармен  зерттеу жұмысын 
жүргізу 

  Мектептің оқу-тəрбие 
процесіне оқытудың  
Кембридж жүйесіне 
негізделген  
инновациялық 
технологияларды 
ендіру бойынша  
эксперимент жүргізу. 

  Авторлық 
инновациялық 
технологияларды 
сынақтан өткізу 
Бірлескен 
ғылыми- 
əдістемелік 
кеңес 

К.Ж.Бұзаубақова, Ж.Н.Күмісбекова, С.А.Əубəкірова 
118 
Вестник Карагандинского университета 
 педагогикалық  жоғары  оқу  орны  ғалымдары  тікелей  НЗМ-не  келіп,  мектеп  мұғалімдерімен 
ынтымақтастықта  жұмыс  жасауына,  мектептің  бүгінгі  күнгі  өзекті  проблемаларын  шешуге
бірлесе ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге атсалысады. 
Сондай-ақ  педагогикалық  жоо-ның  ғалымдары  үшін  НЗМ  базасында  жұмыс  жасап  жатқан 
шетелдік ғалымдармен бірлесіп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. 
Педагогикалық жоғары оқу орнының инноватор-ғалымдары НЗМ-нің əдістемелік кеңесінің белді 
мүшесі болуы қажет: 
 НЗМ педагогикалық ұжымы педагогика саласындағы заманауи  технологияларды таныстырып, 
өз  іс-тəжірибесімен  бөлісіп,  теориялық  жəне  практикалық  семинар,  педагогикалық-
психологиялық тренингтер, педагогикалық оқулар өткізіп тұруы қажет; 
 болашақ  мамандар  НЗМ  қабырғасында  педагогикалық  практика  барысында  оқытудың 
Кембридж əдістерін меңгеруге толықтай мүмкіндігі болады.  
Нəтижесінде  білім сапасын арттыруға үлесін қосатын технологиялар мен  ғылыми жобалар  оқу 
үрдісін басқа қырынан қарауға мүмкіндік туғызады. 
Жоғары  педагогикалық  оқу  орны  мен  НЗМ  сапалы  маман  дайындау  үшін  бірлесе, 
ынтымақтастықта жұмыс жасағаны жөн. Ал бұл өз кезегінде жалпы білім беретін мектептің сапасыз 
мамандар  үшін  жоо-нын  кінəлауды  болдырмайды  жəне  кейбір  орын  алатын  кемшіліктерін    дер 
кезінде жоюға, алдын алуға жол ашады жəне кері байланыстың болуын толықтай қамтамасыз етеді. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы – 2050: Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: poslanie-prezidenta kazakhstan 2014-g 
2  Грайнерт В.Д. Организаторская модель и концепции в высшем образовании. — Штутгарт, 2001. 
3  Корнетов  Г.Б.  ГФР  дуалды  кəсіби  білім  беру  жүйесінде  білім  алушы  персоналды  дайындау  мен  оқытудың 
педагогикалық ерекшеліктері. — Екатеринбург: Академия, 2001. — 210-б.  
4  Корягина Е.В. Образование: идеалы и ценности (историко-теоретический аспект). — М.: Просвещение, 2002. — С. 139. 
5  Савина М.С. Образование: идеалы и ценности (историко-теоретический аспект). — М.; Ростов н/Д., 2003. — С. 150. 
6  Федотова  Е.Е.  Оқушылардың  кəсіби  талғамын  қалыптастыруда  мектеп  пен  жанұяның  байланысының 
педагогикалық негіздері. — М.; Ростов н/Д, 2001. — 146-б. 
7  Федотова  О.Д.  ҒТП  жағдайындағы  ГФР  мен  Швейцарияда  жастарға  кəсіби  дайындық  беру. — М.:  Просвещение, 
2003. — 120-б. 
8  Германия мен ГФР педагогиканың теориялық-əдістемелік негіздері (XX ғ. аяғы мен XX ғ. 90 жж.). — М.: Просвеще-
ние, 2001. — 145 б. 
 
 
К.Ж.Бузаубакова, Ж.Н.Кумисбекова, С.А.Аубакирова  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет