Спортшыларды интеллектуалды-психологиялық
дамыту тұжырымдамасы
Мақалада спортшылардың спорттық шеберлігінің өсуі, таңдаған спорт түрін тиімді игеруі мен
жарыстағы жетістіктерге жетуінде спортшылардың интеллектуалды-психологиялық дамуы өзіндік
орын алады. Спортшыларды жүйелі дайындауда негізінен дене сапаларын дамыту, моторлық
дағдысын қалыптастыру жолдары көрсетілген. Бірақ спортшыға интеллектуалды-психологиялық
дамусыз жоғары спорттық жетістікке жету мүмкін емес. Мақала авторлары спортшылардың
интеллектуалды-психологиялық дамуын ашатын концептуалдық ережелерді ұсынған.
G.D.Babushkin, N.R.Ramashov, K.M.Suleyeva
Concept of the intellectual and psychological developments of athletes
In становлении the sportsman the significant place borrows (occupies) the intellectual and mental develop-
ment promoting successful development by an elected kind of sports and performance (statement) on compe-
titions, growth of sports skill. The existing system of preparation of the sportsman basically assumes devel-
opment of physical qualities, formation of impellent skills. However to reach (achieve) high sports results
without the intelligence-psychological development sportsman it is impossible. In clause the conceptual rules
(situations) revealing intelligence-psychological development of the sportsmen are submitted.
References
1 Grandmother's G.D., Wild K.V. Intellectual and psychological training of the athlete, Omsk: SibGUFK, 2013, 240 p.
2 Gorbunov G.D. Psychopedagogy's humpbacks of sport, Moscow: Sov. sport, 2014, 328 p.
3 Grandmother's G.D., Salakhov R.E. Psychopedagogics in law enforcement agencies, 2009, 4, p. 49–51.
4 Grandmother's G.D., Kulmametyev E.S., Niyasova N.S. Activization of physical self-education of school students, Omsk:
SibGUFK, 2014, 234 p.
5 Ivanov A.A. Psychology of the champion: Work of the athlete on itself, Moscow: Sov. sport, 2012, 112 p.
6 Ponomaryov P.L. Hypnosis in an elite sport, Moscow: Sov. sport, 2010, 293 p.
7 Pezeshkian N. Training of a resolution of conflicts: Psychotherapy in everyday life, Moscow: Institute of positive psycho-
therapy, 2006, 296 p.
8 Kekho Dzh. Subconsciousness can do everything, Minsk: Popourri, 2007, 176 p.
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
135
ƏОЖ 373.5 (100)
М.Т.Баймұқанова, Т.М.Омашева
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: marber_96@mail.ru)
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге
көшудің қазіргі ерекшеліктері
Мақалада Қазақстандағы 12 жылдық білім беру мəселелері қарастырылған. Кейінгі жылдары білім
беру жүйесі біршама ілгері қадам басты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын
жасау мен енгізуге, вариативті оқытуға, білім беру сапасының өлшемдерін жетілдіруге мүмкіндік
жасалды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу білім беру, ғылым саласындағы орасан зор
жаңашылдық болды. Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектептер кейінгі жылдары жаңа
сипатқа қол жеткізді. Соның ішінде жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын жасау жəне енгізу,
несиелік технология негізінде үш деңгейлі жоғарғы білім беру моделін енгізу, вариативті оқытуға,
білім беру сапасының өлшемдерін жетілдіру мықтап қолға алынды.
Кілт сөздер: 12 жылдық білім беру, бастауыш сынып, тұлға, отандық жəне əлемдік тəжірибеден
алынған сандық мəліметтер, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, бейінді оқыту,
əлеуметтендіру, əлеуметтік-педагогикалық қызмет, бейіналды оқыту.
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі
əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім
берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда
ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр
түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа
кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.
Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала
алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге
мейлінше ұмтылудамыз.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады.
Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы
адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік
қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы жасалып отыр.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге
икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа
бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік,
дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық
ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар,
психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің
дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:
1-саты — жалпы бастауыш білім беру ( 1–4-сыныптар — бастауыш мектеп).
Оқуды бастау жасы — 6 жас.
Оқу мерзімі — 4 жыл.
Негізгі міндеті — баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз
бетінше білім алуы жəне оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері,
коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары
қалыптастырылады.
2-саты — негізгі орта білім беру (5–10-сыныптар — негізгі мектеп).
Оқу мерзімі — 6 жыл.
М.Т.Баймұқанова, Т.М.Омашева
136
Вестник Карагандинского университета
Негізгі міндеті — адамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның
біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми
таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.
3-саты — жалпы орта білім беру (11–12-сыныптар — жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы — 2 жыл.
Негізгі міндет — бейінді оқыту
Бейінді оқыту — жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы
мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына
ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік
оқытуды іске асыруға жағдай жасау [1].
Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:
1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне
сəйкестігі.
2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне
көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.
4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу
деңгейін байқау.
5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен
байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу
шеберлігі.
7. Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспауы.
8. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.
9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар
мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мəселелерге ерекше көңіл бөледі: жаңа
білім технологияларының енгізілуі; оқытудың дəстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың
танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру
моделіне көшуі; терең жəне белсенді кəсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; оқушы жастарға
азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мəдениеттілік, денсаулық сақтау жəне экологиялық
тəрбие беру рөлінің күшейтілуі; өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет
жағдайда түзету жəне жаңадан жасау; білім мекемелерінің оқушыны əлеуметтендірудегі рөлінің
артуы.
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мəселелердің шешілуін талап етеді:
1. Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі.
2. Бағдарламалық-əдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар).
3. Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау.
4. Жалпы жəне орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі.
5. Санитарлық-гигиеналық норма жəне негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу.
6. Мектепке дейінгі бастауыш, орта жалпы жəне жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың
болуы.
7. Білім саласын елдің тарихи дəстүріне, мəдениетіне бейімдеу [2].
Əлем елдері тəжірибесінде əр мемлекеттің өзіне тəн орта білім беру жүйесі, мектеп үлгісі жəне
орта мектептерде қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ-
та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл,
Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда — 12 жыл.Тек
экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10–11 жылдық. 1983 ж. АҚШ
Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім
саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді. АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды
дайындауға көп назар аударылады. Жалпы орта білімнің құрылымы 6 + 3 + 3, оқу мерзімі 6 жастан
18 жас аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді.
АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші жəне жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7–9 сыныптарда
жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10–12
сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пəндері жəне практикалық, академиялық бағыттағы бейіндік пəндер
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
137
берілген. Оқушылар 9-сыныптан бастап міндетті 5 пəнге қоса келешектегі мамандығына жақын
бейінді пəндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы бағалармен бітіргендері грантқа ие
болады. Мектептегі сабақ 9 айға созылып, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік
жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. Мектептегі
оқушының білімін бағалаудағы басты əдіс — тест. Қазіргі таңда көбіне тестердің дұрыс жауаптары
көрсетілмейтін əдісті көп қолданады.
Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80-жж. бұл
ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен. Жалпы орта білім алу 12
жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу міндетті, өйткені одан əрі
балалар өз қалаулары жəне қабілеттеріне қарай оқуларын кəсіптік мектептерде жалғастыра алады.
Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6-бабына сəйкес барлық мектептік білім беруді
мемлекет қадағалайды. Мемлекеттегі міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады.
Білім алу 3 баспалдақты құрылымды болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу
6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1–4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі
мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5–10 сыныптарда) 50%-ға жуығын жасөспірім
оқушылар құрайды, олар əрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін,
кəсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кəсіби-
практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер
мен басқа да академиялық пəндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта жəне содан
кейін арнайы жоғары кəсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13
сыныптар) толық орта білімді береді жəне университеттік үлгідегі жоо түсу құқына ие болады.
Гимназиядағы міндетті пəндер: неміс тілі мен əдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене
тəрбиесі, музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты əр түрлі
нұсқада оқу бағдарламалары жасалған. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пəндер
блоктарға сəйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл–əдебиет–өнер», «əлеуметтік білімдер», «əлеуметтік–
экономикалық» жəне т.б. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар
міндетті пəндерден басқа да пəндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара
ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пəндерден басқа тілдік, əдеби-көркем, қоғамдық-
ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми пəндерін меңгере алады. Негізгі мектепті
аяқтау 4 пəн бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады. 12 жəне 13 жылдық мектепті сəтті
аяқтаған оқушылар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез
келген бейінді оқуға жолдама болып табылады. Жоо-ға түсуде оқушының аттестаты, яғни орташа
ұпайы, негізгі рөл атқарады. Сонымен, Германияда он, он бір, он екі жылдық мектептер арасында
жүйеліліктің сақталғаны көрінеді.
Францияда ХХ ғасырдың ортасында білімді қаржыландыру 14 есеге өсіп, ақысыз оқу мен
ақылы оқудың ара қатынасы 80 бен 20 пайыз болған. Бұл мемлекет мектепке дейінгі балалар
тəрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады. Онда «Аналық мектебі»
жəне «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. Францияда 12 жылдық білім беру жүйесі
бекітілген. Онда орта білім беру 10 жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақысыз, ал 12 жылдық мектеп
міндетті емес. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім беретін
4–5 жылдық колледждерде жалғастырады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті
колледж бастауыш сынып негізінде құралған. Бітірушінің кəсіби мамандығына сəйкес (бакалавр)
дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие болады. Бастауыш жəне орта мектеп деңгейінде
оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда арнайы екі шкаланы қолданады. Мектепті
тəмамдағаннан кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сəйкес емтихан тапсырады.
Англия жəне ағылшын тілді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді 4 түрлі мектеп түрі
қызмет етеді. Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан кейін балалар мектептің берген
сертификатымен жұмысқа орналасуларына болады. Шетел мектептерінде жоғары мектепке
оқушылар оқу үлгіріміне қарай жəне мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік
комиссияның шешімімен қабылданады. Оқушылардың үлгірім деңгейлеріне қарай оқуларын əрі
қарай жалғастыруға болатын мемлекеттер қатарына Германия, Франция, Жапония сияқты елдер
жатады.
Əлемдік тəжірибе мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығуымен бірге білім саласын
қаржыландыру қатар жүргенін көрсетеді. Мəселен, 1955 пен 1985 жж. аралығында Жапонияда білімді
қаржыландыру 20 есе артқан. Бұл елде мектептің жоғары сатысы (10–12 сыныптар) 5 түрлі
М.Т.Баймұқанова, Т.М.Омашева
138
Вестник Карагандинского университета
техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапонияда
балабақшалар білім берудің маңызды бөлімі емес. Балалар балабақшаға ата-аналарының қалауымен
4 жаста да баруы мүмкін. Жапон елінде 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6 + 3 + 3
(6 жылдық бастауыш мектеп — чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп — чугако, 3 жылдық жоғары
орта мектеп — като-гакко). Бастауыш сыныптарда негізгі сабақтар жапон тілі, арифметика, қалған
сабақтар — жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тəрбиесі, өнер, қолөнер өтіледі. Кіші орта
мектепке — емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тəсілі
— жазбаша тест. Бастауыш жəне орта мектепте 5 дəрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте
жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар).
Монғол елінде 12 жылдық білім беру жүйесіне 2006 жылы көшірілу басталып, кейбір аймақтар
мен аудандарда эксперимент жүргізілген. 12 жылдықтың алғашқы түлектері 2014–2015 аралығында
бітіреді. Балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. Монғолияда 12 жылдық білім беру жүйесі
6 + 3 + 3 сатыларынан тұрады.
Қытайда 1990 жж. аяғында жаппай білім беруге байланысты 9 жылдық білім беру енгізілді. Ал
жалпы орта білім беру 12 жылдықты құрайды, бірақ бұл барлығына міндетті емес. Қытайда мектепке
дейінгі білім беру 3-6 жас аралығын қамтиды. Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды,
бастауыш, орта толық емес, толық орта білім беру жатады. Қытай білім беру конституциясында
жалпы білім беру ұзақтығы 9 жылдық мерзім бекітілген. Оқу бағдарламасында бастапқы 1–2 сынып,
негізгі бастауыш 4 жыл (3-сыныптар), бастауыш орта 3 жыл (7–9 сыныптар). Бастауыш сыныпта
енгізілген жаңа пəн «Адамгершілік жəне өмір». Бұл пəн орта бастауыш сыныпта (3-6 сыныпта)
«Адамгершілік жəне қоғам» болып күрделенеді де «Ғылым пəні» деп оқытыла бастайды. Бұл пəн
балаларды ғылыми жұмыстың негізгі əдістерімен таныстыра отырып, олар жас ерекшелігіне
қарай ғылыми жобалар даярлайды. ҚХР мектептерінде тест арқылы педагогикалық бақылау
жасалынады.
Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру жəне тəрбиеден басталады. Орта
білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп жəне жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп, 2 жылдық
колледжге түсе алады. Одан «А» дəрежесіндегі сертификат алып, əрі қарай білімдерін жалғастыруға
болады. 12–13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқушылар жоо-ға түсе алады.
Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшерін 18 жас туралы № 9 заңда енгізілген
болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік білім беру жөнінде № 30 заңда өзгертулер
енгізген. 2001–2002 оқу жылына сəйкес мектептік білім берудің екі дəрежесі енгізілген: базалық
мектеп (1–7 сыныптар) жəне толық орта мектеп (8–12 сыныптар). Базалық мектепке 6 жастағы
балаларды бастауыш мектепке қабылдайды.
Канадада 12 жылдық білім беру əр аймақта өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Балалар
мектепке 6 жастан барады. Басқа елдердегідей Канадада білім беру бастауыш, орта жəне жоғарғы
сыныптардан тұрады. Оқу жылы қыркүйекте басталып, келер жылдың маусым айында аяқталады.
Оқу мерзімі əр түрлі көп аймақтарда (Квебек провинциясында ғана оқу 11 жылдық) 12 жылдық білім
беру орын алған, тек Онтарио провинциясында 13 жылдық білім алу бекітілген əрі арнайы емтихан
тапсырумен аяқталады. Канададағы мектептегі білім берудің құрылымы мынадай: бастауыш 1–6
сыныптар, жалпы орта білім 7–9 сыныптар, толық орта білім 10–12 сыныптар. Міндетті білім беру 16
жасқа дейін деп бекітілген. Толық орта білімді жас ерекшеліктеріне сəйкес оқушылардың 90 %
бітіреді. Бастапқы кəсіби білім беру орта мектептің жоғары сатысындағы 11–12 сыныптарында
жүзеге асырылады. Мектептегі білім беру ағылшын жəне француз тілдерінде жүргізіледі. Мектептегі
білім алу ақысыз жəне он жылдық оқу міндетті, кейін оқушылар өз білімдерін 11–12 (13) сыныптарда
жалғастыруы мүмкін, болмаса колледжге барып оқуға құқығы бар.
Финляндиядағы білім жүйесі сəтті жəне дер кезінде реформалау нəтижесінде талай
жетістіктерге жетті: экономиканың өсуіне, елдің əлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми
зерттеулерде инновациялық пəрменді саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда əлемнің ең озық
өркениетті елдері қатарынан көрінуде. Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды жұмылдырды,
мемлекеттік қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінді, мұғалімдердің айлық жалақысы 2–3 мың евроға
өсті, оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындалды, оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро
бөлінеді. Оқушылардың денешынықтыруы, денсаулығына қамқорлық жасау, үй тапсырмасын азайту,
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
139
салауатты өмір салтын қолдау, білім берудің ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен
кіріктіру, оқу үдерісін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізуде [3].
Дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы
анықталды, олар:
1. Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру, білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың
барлық азаматтарға мүмкін болуы.
2. Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын
ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ əр
оқушының жəне қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен
оқытуға, тəрбиелеуге, дамытуға жəне жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.
3. Оқушының отбасылық экономикалық-əлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық
мəртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан, оның қабілетін барынша дамыту көзделген.
4. Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол
сілтеу болып табылады.
5. Əрбір оқушыда сол социумға сəйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным
жəне мəдени құндылықтарының таратылуы жəне бекітілуі.
Жоғарыда аталған əлемдік əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу
Қазақстан мектептерін:
1. Əлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.
2. Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.
3. Кəсіптік білім береді.
4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Қорыта келгенде, əр елдің білім беру жəне тəрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен
артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға
білім беру мен тəрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек
оң жəне тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны
елдің тарихи дəстүріне, мақсатына, өндірісі мен мəдениет сұранысына бейімдеу керек.
Əдебиеттер тізімі
1 Смагулова Г.К. 12-летнее образование в других странах // Вестн. КазНУ им. аль-Фараби. — Алматы, 2012. — С. 9.
2 Карибаева А.А. 12-летнее образование в странах с переходной экономикой // Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки
народов мира. — 2006. — № 1 (8). — С. 87–89.
3 Дружинский А.Н. Международный опыт 12-летнего среднего образования: Сб. Междунар. науч.-практ. конф.
«Научное обеспечение функционирования 12-летнего среднего образования». — Алматы, 2007. — Ч. 1. — С. 45–49.
М.Т.Баймуканова, Т.М.Омашева
Достарыңызбен бөлісу: |