БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ
МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ
Б.Б. ҚОЖАТАЙ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Жас ұрпақ– ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті оқушыларға сапалы білім, саналы
тәрбие беру. «Қыран тілегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстазшәкіртіне талап сыйлайды» деген
халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі –бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолын
да» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды
білімді ұрпақ даярлау міндеті күтіп тұр. Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңарып, оларды
технологиялық, педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттілігі туындауда. Білім беру сала сында озық
технологиялардың енуі мұғалімнің ойлау стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Сабақта озық тех но
логияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шы ғармашылық
қабілетін дамытады, дидактикалық мақсаттар іс жүзіне асырылады.
Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті
жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөйлеу, тыңдаптүсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарымқатынас
процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік,
сөздік, әлеуметтікмәдени білім, білік, дағдылар жоғарыдағы мысалға жауап бола алады.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және да мыту, оны
еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтікэконо мика лық, ғылыми
техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары.
Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікір та ластар, сонымен бірге ақпарат тық
технология, интернет, компьютер қолданылуда. Бұл жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін
бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бү гінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза,
ойлары биік адамдар қажетақ. Елбасымыз Назарбаев Нұр сұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007
жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жол дауында «Білім беру реформасы табысының
басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде
18
қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткі зуге тиіспіз» деп атап көрсетті.
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар дың
сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалог
тік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой
өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жанжақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу
үшін ұстаз алдында зор белес тұр.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып
отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық
технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қа
на ғаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көр
сетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телеком
муникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану
арқылы білім сапасын көтеру. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау
үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (ки но,
аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) екені бәрімізге аян.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық
ісәрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқутәрбие үрдісінде оқушының жеке
тұлғасын жанжақты қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асыратын оқытудың озық әдістәсілі десек
болады.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұр
мыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың ісәрекетіне толық, тиімді араластыру.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан
саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер білім жүйесіне сол өзге
рістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті виртуалды
интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған мақсатты дамытудың тиімді құралы
ретінде қараластырылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырыла
тын болғандықтан, білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін
құ рал дар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын
мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және
білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген
жүйешелер түрінде қосылады.
Шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтсек. Мысалы:
оқушылар Интернет желісінде берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай
алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубта
ры – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалармен
алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпарат тың кез келген
түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада
жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен
іздеу, сондайақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б. сол сияқты
Интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады.
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен
қарымқатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Демек, Интер нет өзінің барлық мүм
кіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып
табылады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық
құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты
техникалық құралдарды (бейнемагнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, ком
пьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен
көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына
19
көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование»
терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейнетаспаларды
тың дағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл
қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог
құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейнефильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз
тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып
отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау
қажет.
Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп,
дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі
материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады.
– оқытушының тәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті материалды таңдай алу мүм
кіндігі;
– дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
– желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы пікірталас өткізу мүмкіндігі;
– тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін
көрсететін идиомалар, мәтелдер және т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау
жүр гізу мүмкіндігі;
– тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөз
діктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі;
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педаго
гикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық
тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте
жоғары. Дегенмен басты мәселе – компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында
оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.
Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа
да көптеген адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың
әр түрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол
жеткізіп отырғаны белгілі. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтықтан
оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік
бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген
мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға,
олармен қарымқатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы
оқушылар тілдік қарымқатынасқа түсе алады. Сол сияқты тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу
іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет
өз қолданушыларын жанжақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Олар: электронды пошта (email),
телеконференция (usenet), бейнеконференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу (Chat).
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қайқайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық
жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау ( музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация
бейнеклиптер, слайдшоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсы ны
лымын, әр түрлі аудиторияға бір ғана оқу мәлеметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетіс
тіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және
лек сикалық оқу материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
20
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасауды игеруі мен бі лім
алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы хатха барлама ал
масу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Дегенмен де білім саласында әлі де болса озық технологиямен жабдықталу мәселесінде кемшін
тұс тар бар екені анық. Сондықтан да оқытудың озық технологияларымен білім салаларын толық қам
тамасыз ету болашақтың үлесінде. Қазақ бабаларымыздың сол кездердің өзінде болашақ үшін қам жеп,
ұрпақтарына «Жеті жұрттың тілін білген жеті жұрттың қамын жер» деген қанатты сөзді бекер айтпаған
болар.
Алайда есте ұстар жайт: жақсы меңгерген шет тілі өз ана тіліміздің абыройын асқақтату жолында
қызмет етуі керек.
Осы жоғарыда айтылған факторлар бүгінгі таңда жас тәуелсіз еліміздің әлемнің саяси аренасында
лайықты орын алуда шет тілін жетік игерудің өзектілігін көрсетіп отыр. Сондықтан да шет тілін игеру
еліміздің білім саласын дамытудың басым бағытының бірі болып қала бермек.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. – 2003. – № 4, 5.
2. Мыңбай Д. Білімнің мемлекетшіл қуаты // Сыр бойы. – Қызылорда, 2010. – № 45.
3. Нұрахметов Е.Н. Шетел тілін оқытудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың өзекті мә
селелері. – Қызылорда, 2007.
4. Рогова Ж.В. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. – М., 1983.
5. Амандықова Ж.Н. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. – Астана, 2007.
6. Шадманова Г.Х., Грамматиканы оқытудағы коммуникативтік білікдағдыны қалыптастыру //
Ағылшын тілі мектепте. – 2009. – №5.
Резюме
В статье рассматривается актуальность использования информационных технологий в образова
тельных учреждениях, что дает высокие результаты в преподавании иностранного языка. Автор под
робно излагает возможности информационных технологий в системе образования Республики Ка
захстан. Освещены проблемы в области образования, требующие решения с целью удовлетворения
потребности общества.
В использовании информационных технологий в процессе обучения иностранному языку особое
вни мание уделено обогащению словарного запаса, формированию грамматики и диалоговому обще
нию, правильному произношению звука, развитию навыков грамотного правописания. В данном слу
чае информационная технология дает студентам фундамент коммуникативной компетенции в иност
ранном языке.
Summary
Thе article touches upon the importance of information technology in raising the teaching a foreign
language to a high level at the educational institutions. The author shows the posibilities of information
technology in the educational system of the Republic of Kazakhstan. The solution of some problems in the
sphere of education in order to meet the requirements of information society are mentioned.
By using information technology in the process of teaching a foreign language the main attention is paid
to the enrichment of vocabulary, formation of grammar and dialogical speech, to the correct pronounciation
of sounds and development of writing skills. In this way information technology gives students the foundation
for communicative competence in a foreign language.
21
ӘОЖ 004.032.6:372.881.111.1
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
А.О. АЛИБЕКОВА, В.С. СКАКОВА,
магистранттар,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазіргі білім жүйесінде ақпараттық технологиялар мен компьютерлер кең көлемде пайдаланы
лып жүр. Оқытушы бұл жағдайда мәліметті таратушы ғана емес, сондайақ кеңесші, ақылшы, тіпті
оқушының әріптесі де болады. Мұндай жағдайда оқушы оқу үрдісіне белсене араласып, ойлануға, жеке
көзқарастарын білдіруге, ситуациялар құруға үйренеді.
Соңғы уақытта жаңа ақпараттық технологияны қолдану мәселесі жиі айтылуда. Бұл тек қана
жаңа техникалық құралжабдықтар ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа түрлері мен әдістері
болып табылады. Шет тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың коммуникативті мәдениетін
қалыптастыру және дамыту.
Өркениетті қоғам дамуының қазіргі кезеңі ақпараттандыру процесімен сипатталады.
Қоғамды ақпараттандыру – бұл ғаламдық әлеуметтік процесс, оның ерекшелігі – заманауи құрал
дардың негізінде ақпараттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, беру және пайдалану, сондайақ алуан түрлі
құралдардың негізінде ақпараттар алмасу. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз:
– қоғамның үнемі кеңейіп келе жатқан зияткерлік әлеуетін белсенді түрде қолдану;
– ақпараттық технологияның ғылыми, өндірістік интеграциясы, қоғамдық өндірістің барлық сала
ларының дамуы;
– ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, қоғамның әрбір мүшесінің шынайы ақпарат көз
деріне еркін қол жеткізуі.
Ашық ақпараттық жүйені қолдану басқару тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді, гуманистік
және демократиялық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді, халықтың әлауқатының жақсаруына
септігін тигізеді. Қоғамды ақпараттандырумен қатар жүріп жатқан процестер ғылымитехникалық
ілгерілеушіліктің жеделдеуіне, сондайақ жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуын қамтама
сыз ететін қоғамның сапалы, жаңа ақпараттық ортасын құруға ықпал етеді.
Заманауи қоғамның ақпараттандыру процесінің белді бағыттарының бірі – білім саласын ақпа
раттандыру, яғни білім жүйесіне жаңа ақпараттық технология құралдарын енгізу. Білім жүйесін ақ
параттандыру процесінің қарқынды дамуы жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану аясын
кеңейтуге әкеледі. Қазіргі кезде білім саласының жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану
бағыты белсенді дамып келеді. Олар:
– бағдарламалық құралдар мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
– сенсорлық мүмкіндіктер интеграциясы. Мұндай кешендерді қолдану зерттеліп отырған процестер
үлгілерін құруға және зерделеуге, тәжірибе қорытындыларын өңдеу процесін автоматтандыруға, оқыта
отырып зерттеу әдісін кең қолдануды қамтамасыз етуге, ғылым негіздерін меңгеру процесін өзектен
діру, зияткерлік әлеуеттің, шығармашылық қабілеттердің дамуына ықпал етеді.
– видеокомпьютерлік және мультимедиялық жүйелерді өңдеу барысына компьютер және әр түр
лі аудиовизуальды ақпараттарды беру құралдары мүмкіндіктерін интеграциялау. Бұл жүйелер мә
тін, суретті графика, слайдтар, әуез, қозғалмалы бейнелер, дыбыс видео тәрізді алуантүрлі ақпарат
түрлерін біріктіретін және пайдаланушының жүйелермен интерактивті диалогын жүзеге асыратын
бағдарламалары – ақпараттық құралдар болып табылады. Видеокомпьютерлік және мультимедиялық
жүйелерді кеңінен қолдану оқытудың қарқынды формалары мен әдістерін, өз бетінше оқу дағдысын
ұйымдастыруды жүзеге асырады, ақпараттарды әсерлене қабылдау деңгейінің жоғарылауына ықпал
етеді.
22
Білім жүйесін ақпраттандыру процесі және осыған байланысты жаңа ақпараттық технология
құралдарын пайдалану оқытудың әдісі мен ұйымдастыру формасын өзгертіп қана қоймайды, сондай
ақ оқытудың жаңа әдістерінің пайда болуына жол ашады.
Оқытушының міндеті – әрбір оқушының тілді практикалық тұрғыдан игеруге жағдай жасау, әр
бір баланың белсенділігін, шығармашылығын дамытатын әдістәсілдерді таңдау, шетел тілін оқыту
үрдісінде оқушының танымдық дағдысын қалыптастыру. Заманауи педагогикалық технологиялар,
атап айтсақ, жобалау әдістемесі, жаңа ақпараттық технологиялар, ғаламтор желісін пайдалану оқытудың
арнайы бағытталған тәсілін жүзеге асыруға көмектеседі, баланың қабілетіне байланысты жеке және
түрлі бағытта жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Ағылшын тілі сабақтарындағы компьютер бағдарламаларымен жүргізілетін түрлеріне мыналар
жатады: лексиканы үйрету, айтуды жаттықтыру, жұптық және жекедара сөйлеуге үйрету, жазуға үйре
ту, грамматикалық құбылыстарды игеру.
Ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге мәліметтер және оқудың формасын таңдауға,
сабақтарды айқын және қызықты, ақпаратқа толы, мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді. Ағылшын
тілі сабағында мультимедиялық бағдарламаны қолданудың негізгі өзегі – өзге тілдік мәдениеттің
барлық аспектілерін коммуникативті жолмен игеру. Олар: танымдық оқу, дамытушылық және тәрбиелік,
ал оқу аспектісіне барлық сөйлеу әрекеттері жатады, яғни оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу.
Мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдістемесінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі
сөйлеу түрлерін жаттықтыруға және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге,
лингвистикалық қабілеттерін қалыптастыруға, коммуникативті ситуацияларды құруға, тілдік және
сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар оқушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізуле ріне
мүмкіндік береді.
Таңдалған тақырып бойынша презентация жасағанда оқушы тақырып туралы ең қызықты
оқиғаларды, фактілерді іріктеп алады. Ортақ қызығушылықты туғызатын ең маңызды нәрсе – оқушы
көрнекілік, анимация, дыбыс, аутентикалық құрылғыларды қолданады. Оларға суреттер, хаттамалар,
маңдайша жазулары, жарнамалар, карталар, схемалар, таблицалар, диаграммалар, т.б. жатады.
Оқып жатқан ел тілінің мәдениетін өз елімен салыстырып, сараптама жүргізеді. Оқушылар өздерін
шетелдік оқушылар мен олардың өмір салтын салыстыру арқылы ұқсастығы мен өзгешелігін айыра
ды, басқа ел адамдарымен, дәстүрлерімен танысып, қарымқатынас жасауға ұмтылады.
Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәлімет береді. Пән бойынша сөйлеу проблемалық
сұрақтар төңірегінде құрылады. Өз ойын айту үшін презентация құрушы логикалық, тілдік, грам
матикалық жағынан дұрыс айтуға ұмтылады. Оқушы сыныпқа таныс емес мәліметтерді қалай түсінді
ріп жеткізу керектігін үйренеді, сондықтан оларда өз ойын айту стимулы қалыптасады. Слайдтағы
мәліметтті түсіндіріп қана қоймай, қосымша мәліметті кеңінен пайдалануына мүмкіндік туады.
Оқу – презентациямен жұмыс істеу кезіндегі ең негізгі дағдының бірі. Оқуға арналған
мәтіндер ең алдымен тақырып бойынша сәйкес келуі керек. Мәтіндер оқулықтан немесе қосымша
әдебиеттерден алынуы мүмкін. Презентацияға керекті мәліметтерді алу үшін оқушылар баспасөз
мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Презентациямен жұмыс кезінде оқушы анықтамалар
мен, энциклопедия және қажетті сөздіктермен жұмыс істейді.
Тыңдау оқытуда құрал және нысан ретінде презентацияда кеңінен қолданылады. Тыңдау дың ең
бірінші қызметі – презентация кезінде оқушының сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтер мен
танысады. Тыңдау барысында мәтіннің көптеген сөздері таныс емес болуы да мүмкін.
Ең маңыздысы – оқушы бір жағынан ең негізгі мәліметке ерекше назар аударуға, ал екінші жағы
нан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді жалпы түсінуге дағдыланады. Презентация ба
рысында мақалмәтелдерді, жұмбақтарды, әндерді пайдалану өте тартымды.
Презентация жасау оқушыны зияткерлікке жетелейді. Әр слайд қиындық тудыратын, ойлану ға
арналған тапсырмалар негізінде құрылады, ол оқушыдан интеллектуалды ізденісті талап етеді. Ағыл
шын тіліне әрі қарай қызығушылықпен талпындырады. Берілген тақырып бойынша презентация
ны дайындағанда әр түрлі сыныптардағы оқушылар алуан түрлі дерек көздерін пайдалана отырып,
мәліметтер мен ақпарттарды іздейді. Олар презентацияны түрліше өткізіп, қорғайды. Мұнда оқушыға
қиялдауға, шығармашылық тұрғыда ойлауға, өз ойын іркілмей айтуға көмектеседі.
23
Сабақта компьютерлік технологияны қолдану оқыту үрдісінде сапаны арттырады, оны пайдалы
әрі мазмұнды етеді. Презентация құрғанда оқушыларда әр түрлі мәліметтерді сараптау, ой елегінен өт
кізу қабілеті пайда болады.
Ақпараттық технология шетел тілін игеруге үлкен мүмкіншіліктер ашады, кең көлемді тапсырма
ларды жеңіл және ыңғайлы түрде орындауға септігін тигізеді, оқушыларға ағылшын тілін игеруге
қосымша мүмкіндік береді.
Презентацияға дайындалу барысында ғаламтор желісі пайдаланылады. Ғаламтор желісін
пайдалану мүмкіндіктері орасан зор. Жаһандық желі оқушыға және оқытушыға кезкелген қажетті
ақпарат тарды алуға мүмкіндік туғызады. Бұл елтану тақырыбындағы мәлімет, газет және журнал
материалдары, жастар өміріндегі жаңалықтар, қажетті әдебиеттер болуы мүмкін. Оқушылар түрлі
тесттерге, сұхбаттарға, сайыстар мен олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдің балаларымен хат
алысып, конференцияларға да қатыса алады.
Қазіргі заман шетел тілдерін практикалық жағынан күнделікті өмірде және кәсіби тұрғыда иге руге
жоғары талаптар қояды. Ақпараттар аясы кеңеюде. Ғаламтор желісін оқыту құралы ретінде қол дану
орасан зор мүмкіндіктер береді. Ағылшын тілі сабағында ғаламтор желісін пайдалана отырып, бір
қатар дидактикалық мәселелерді шешуге болады: оқушылардың оқу біліктілігі мен жазу қабілетін
дамытады, сөздік қорын байытады, оқушылардың ағылшын тілін білуге деген ынтасын одан әрі
арттырады. Мұнан басқа ғаламтор технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың ой
өрісін кеңейтеді, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі құрбылармен байланыстар орнатып, дамытуға
септігін тигізеді.
Оқу үрдісінде мультимедиялық бағдарламаларды ендіру оқытудың дәстүрлі әдістерін мүлде ығыс
тырып тастамайды, қайта олармен бірге оқытудың барлық кезеңдерінде үйлесіп, қатар қолда нылады.
Мультимедияны пайдалану оқытудың тиімділігін бірнеше есе арттыратыны сөзсіз.
Әдебиеттер:
1. Азимов Э.Г. Материалы Интернета на уроках английского языка // Иностранные языки в школе. –
2001. – №1.
2. Гаврилов Б.В. Плюсы и минусы компьютеризованного обучения иностранным языкам // http://
linguact.hypelinx.ru
3. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. – 2001. – №2.
4. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. – 2001. – №3.
5. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. – 2001. – №5.
Резюме
В настоящее время внедрение персонального компьютера, технологии мультимедиа и глобальной
информационной компьютерной сети Интернет оказывают влияние на систему образования, вызывая
тем самым значительные изменения в содержании и методах обучения иностранным языкам. Перед
современным учителем стоит проблема поиска нового педагогического инструмента. Учитывая
большую и серьезную заинтересованность учащихся информационными технологиями, можно
использовать эту возможность в качестве мощного инструмента развития мотивации на уроках
английского языка.
Summary
Integrating multimedia tools into teaching English supports the implementation of highquality instruction
and explores new issues in the educational system. It fosters the pedagogical orientation from instructor
centered to learnercentered instruction. Multimedia tools like audio software, power point presentation, flash
animation, and video are used in teaching English. The need for analysing these tools is becoming crucial
nowadays.
24
ӘОЖ 541.64
Достарыңызбен бөлісу: |