6.6 Мектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері
туралы ұғым
Оқыту нәтижелері - оқыту процесінің маңызды компоненті. Ол
оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай болады және төмендегілерге
тәуелді:
•
мазмұнды таңдау мақсатынан, түрлерінен, әдістерінен және
құралдарынан;
•
мектепке дейінгі мекеменің жағдайынан (ұйымдастырушылық,
педагогикалық, психологиялық, кадрлық, ғылыми әдістемелік,
материалдық-техникалық және т.б.);
•
педагогикалық ұжымның біліктілігінен;
•
балалардың мотивациясынан, белсенділігінен және жеке
тәжірибесінен;
•
педагогтың, балалардың, ата-аналардың өзара ықпалдастық си-
паттарынан;
•
педагогтардың қорытынды нәтижені ғана емес, оқыту процесін
де бақылауға және бұл процестегі істерге уақтылы түзетулер енгізуге
дайындығынан;
101
•
барлық балалардың дидактикалық мақсаттарға қол жеткізулері
үшін даралап оқыту мүмкіндіктерінен.
Приоритетті педагогикалық мақсаттарды анықтауға қарай оқыту
нәтижесі де анықталады. Мақсат әлеуметтік тәжірибе мазмұнының
қандай да бір көлемін меңгерумен анықталуы мүмкін; берілген жас
үшін қажетті білім, білік, дағды жүйесі болуы мүмкін немесе негізгі
білім беру нәтижелері ретінде жеке тәжірибесі бар тұлға болуы мүмкін;
мектепке дейінгі мекемені бітірушілердің мектепте оқуға тұтастай
дайындығы ретінде болуы мүмкін. Бұлардың әрқайсысы мектепке
дейін білім беру жүйесінің қазіргі кезеңінде орын алып, бағдар және
педагогикалық процестің нәтижелілігін бағалау критерийі болып отыр.
Оқыту мақсаттары қоғамның әлеуметтік тапсырыстарына қарай
қойылады; мектепке дейін білім беру жүйесіне; мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартына қарай қойылады. Олар білім беру
бағдарламаларында нақтыланады және ішкі және сыртқы жағдайларды
ескере отырып мектепке дейінгі мекеме мамандары дербестендіреді.
А. П. Усова оқыту нәтижесі - балалардың білім, білікті, дағдыларды
меңгеру, оқытудың әсерінен бала тұлғасы бойындағы өзгерістер фактісі
деп түйіндейді. Мұнда баланың өзі қол жеткізген нәтиже және таным
процесіндегі педагогикалық ереже ретінде үлкендердің көмегі маңызды.
Баланың өз еңбегі, жігер күші және оның бойындағы өзгерістер құнды
болып есептеледі. Бала ойында, басқа істерде жаңа нәрселерге үйренеді,
бірақ мақсатты түрде оқыту еріктік, еркіндік, баланың мақсатты күш-
жігері оны мектепте оқуға дайындайды.
Бүгінгі таңда мектепке дейін білім беруде тұлғалық-бағдарлық па-
радигма аясында оқыту мен тәрбиелеудің негізгі нәтижелері тұлғалық
өзгерістер, жетістіктер, ары қарай дамудағы даралық пен сұраныс.
Меңгерілетін білім мен білік тұлғаның құрылымын және мектеп жа-
сына дейінгі баланың жеке тәжірибесін қалыптастыру құралы болып
табылады.
Балаларды оқыту нәтижесі мектепке дейін білім берудің кешенді
бағдарламаларының
әрқайсысында
анықталған.
Мақсаттарға
қол жеткізу және оның нәтижеге сәйкес болуы оқыту процесінің
тиімділігінің негізгі критерийлері болады. Оқыту процесінде мақсат
пен нәтиженің бірдей үйлесуі міндетті емес. Мақсат толығымен немесе
ішінара алынған нәтижемен сай келуі де, келмеуі де мүмкін.
102
6.7 Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі
мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды
нәтижесі ретінде
Мектепке дейінгі ересек жасқа келе бастағанда бала көп нәрсені
біледі және істей алады. Бұл кезеңде балалар жаңа жас кезеңіне көшуге
дайындалады (кіші мектеп жасы), оларда жаңа әлеуметтік көзқарас
– мектеп оқушысы көзқарасы пайда бола бастайды. Мектеп жасы-
на дейінгі баланың оқыту процесінде алған ең маңызды нәрсесі оқу
іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі болады (танымдық мотива-
ция, мақсат қою, жоспарлау, оқу білігі мен дағдылары, оқу-танымдық
белсенділік нәтижелерін бағалау қабілеті). Бұл компоненттердің
кіші мектеп жасында қалыптастырылуы жалғасады. Олардың
қалыптастырылғандық нәтижесі мектепте оқудың жаңа жағдайына
балалардың бейімделгендігінің көрсеткіші және маңызды шарты болып
саналады.
П. И. Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөзді-гінде
оқу іс-әрекеті - белгілі бір білім көлемін меңгеру, жалпы оқу білігі мен
дағдыларын алу, өздігінен білім алу (тану) қабілеті және оны алынған
білімді практикада қолдану іс-әрекеттерінің бір түрі ретінде көрсетіледі.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс-әрекеттерінің негізгі
түрі - ойын. Оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасында жетекші рөл атқарады.
Сонымен бірге мыналарды түсіну керек: егер мектепте алдыңғы жас
кезеңінде іс-әрекет компоненттерін қалыптастыру үшін жағдай жасал-
маса, ол қайдан пайда болды. Оқу-танымдық іс-әрекет тікелей балалар
ойынынан тумайды. Ол мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық
процесінде орын алуы тиіс. Тәрбиеші балаларды оқытқанда мақсатты
бағытты түрде оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыру және
көрсету үшін алғышарт жасайды.
Әрине, мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде уақытпен
мөлшерленген сабақтарда балалар оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі.
Балабақшада педагог еркіндікті дамытады, тыңдауды, жауап беруді,
сұрақ қоюды, оқу тапсырмасын қабылдау және орындауды, өз жұмысын
жоспарлауды, жұмыс орнын дайындауды және жинауды, нұсқау бойын-
ша және жоспар бойынша жұмыс істеуді үйретеді. Бұл білік біртіндеп
күделікті сабақтарда қолдану процесінде жинақталады. Бұл сабақ – бала-
ларды оқытудың мектепте оқытатын сабаққа жақын түрі. Сабақтың бұл
түрі педагогтарға оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыруға,
ал балаларға – таным процесі барысында өздерін көрсете алуына
103
мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде
сабақтастық орнайды, білім алудың келесі сатысына көшуге дайындай-
ды. Педагогикалық практика көрсеткеніндей, мектепке дейінгі мекеме-
де балаларды жасына сай ұйымдастырылған, мақсатты, бағытты оқыту
қажет. Бұл бірінші жағынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруға,
балалардың тұлғалық жеке тәжірибесін байытуға жағдай жасаса,
екінші жағынан – оқыту мектепке, «мұғалім – оқушы» жүйесінде өзара
әрекеттестіктің жаңа типіне дайындайды.
Үйрету – ұйымдастырылған сабақтарда қалыптастырылатын ерек-
ше іс-әрекет. Барлық оқу міндеттерін ойын түрінде шешуге болмай-
ды, өйткені оқыту мазмұны мен меңгеру түрінің арасында қайшылық
туады. К. Д. Ушинский ойынды үйретуден бөлудің маңыздылығын
көрсеткен. Оқу іс-әрекеті баланың ерекше психологиялық ұстанымын,
шынайы өмірге танымдық қатынасын талап етеді. Оқу іс-әрекетінде
бала қоршаған орта туралы білім негіздерін меңгереді, білім, білік,
дағды, тәжірибе алудың жалпы тәсілдеріне үйренеді, осылайша бала
тұлғасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерінің
қалай қалыптасатындығын, мектепте оқыту аяғында педагогтар қандай
нәтижеге келуі тиіс екендігін қарастырайық.
Оқу іс-әрекетінің мұны басқалардан ажырата алатындай ерекше
құрылымы болады (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л.
Рубинштейн және т.б.). Оқу іс-әрекеті өзіне мынадай компо-ненттерді
қамтиды: мотивация, оқу міндеті, оқу амалдары, өзін-өзі бақылауға
көшетін бақылау, өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау.
Мотивация – іс-әрекетті туғызатын әртүрлі қозғаушылар жиынтығы
(сұраныс, сезім, мүдде). Оқу іс-әрекетінде - танымдық мотивация
(жаңаны білгім келеді), бағалау мотивтері (үлкендердің құптауына ие
болу), әлеуметтік мотивтер (әкем сияқты дәрігер болу үшін оқимын),
жетістікке жету мотивтері (бәрінен артық болу үшін), сыртқы мотив
(мектепте оқудың сыртқы атрибутикасының тартымдылығы) болады.
Оқу міндеті алынатын нәтиже туралы түсінік береді. Белгілі бір оқу
ситуациясында – белгілі бір тапсырма түрінде беріледі, яғни қайталап
айтып беруді, қағаздан құрастыруды, заттарды өлшеуді үйрену.
Оқу амалдары – оқу міндеттерін шешу тәсілдері; білім алушылардың
ғылыми ұғымдарды алу және табу амалдары, сондай-ақ оларды нақты
міндеттерді шешуге қолдану, ситуацияны талдау амалдары, модельдеу
амалдары, эксперимент жүргізу, классификация.
Өзін-өзі бақылауға ауысатын бақылау – оқу амалдары нәтижелерін
104
қорытуға бағытталған амалдар және оларды берілген үлгілермен салы-
стыру. Компонент функциясы – меңгеру нәтижелерін бақылау.
Өзін-өзі бағалауға ауысатын бағалау. Бағалау амалдары білімді
меңгерудің соңғы сапасын, міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін
тіркейді. Бағалау функциясы – іс-әрекет қорытындысын шығару.
Оқу іс-әрекетінің барлық компоненттері өзара байланысты. Мектеп
жасына дейінгі балалар оқыту процесінде оқытудың мектеп сатысына
көшу кезеңінде барлық компоненттерді меңгереді. Оқу іс-әрекетінің
мақсаты мен нәтижесі білімді және іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдерін
(кез келген іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны) меңгеру – оқу, санау,
міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдау және т.с.с.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті таза күйінде көрінбейді. Біз
оқу танымдық іс-әрекет туралы айтып тұрмыз. Оның өзіндік даму және
көріну ерекшелігі бар.
Мектепке дейінгі оқытуда оқу міндеттерінің ерекшеліктері
Оқытудың алғашқы кезеңінде (кіші мектеп жасы) – оқу іс-әрекетіне
оқу және практикалық міндетерінің бірігуі тән (үй салу – геометриялық
кескіндердің көмегімен салу). Оқу міндетін бала практикалық жағынан
қабылдайды. Тапсырма іс-әрекетті шешу ретінде қабылданады,
тақырыптың мазмұнынан алыс екендігі байқалады. Мұны балалардың
көпшілігі қабылдай алмайды, олар іс-әрекет кезеңінде нұсқауды
естімейді. Оқу міндетін қабылдау білігі біртіндеп бөлшек тапсырмалар
түрінде іс-әрекет барысында немесе байқау, әңгіме барысында нақты
сұрақтар түрінде қабылданады.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (өнімді
сабақтарда);
іс-әрекет нәтижесін бағалау (өнімді сабақтарда);
сұрақтың, тапсырманың зерттелетін немесе өзгертілетін амал-
дармен үйлесуі («Қағазды умажда, қандай екендігін... айт;
сұрақтың қабылдайтын объектінің нақты көрінісімен үйлесуі
(құсты бақылау: ол не істеп тұр, қашан шоқиди, - баланың назары амал
сәтіне ауады).
Мектепке дейінгі жаста орта есеппен оқу және практикалық
міндеттер біртіндеп саралана бастайды, бірақ байланыс айқын. Оқу
міндеттерінің мазмұнына тапсырма, іс-әрекет тәсілдерін меңгеру (ба-
лалар артынан қайталап айтып беру үшін әңгімені мұқият тыңдайды)
енгізіледі. Сабақтың басында балалар оқу тапсырмасын қабылдайды,
бірақ сабақ барысында оны бірқатар нақты тапсырмаларға, сұрақтарға
105
бөлшектеу керек болады. Балалар оқу міндеттерін соған ұқсас күнделікті
жағдаяттары ауыстыруды үйренеді.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: оқу
және практикалық міндеттердің байланысы; оқытудың баланың жеке
тәжірибесімен байланысы.
Ересек мектеп жасында оқу міндеттері айқын оқу-танымдық си-
патта болады (біз схеманы пайдаланып сөйлем құруды үйренеміз).
Мұнда білім меңгеруде ақыл-ой әрекетінің өнімді тәсілдерін меңгеру
негізгі орын алады, шығармашылық, проблемалық сипаттағы тапсыр-
малар пайдаланылады.
Балаларға сабақ бойы барлық оқу тапсырмаларын есте ұстау қиын
болады. Сондықтан біртіндеп оқу тапсырмалары күрделілендіріледі.
Педагог оқу тапсырмаларын, олардың логикасын, көлемін жекелеген
тапсырмалардан жүйеге көшіреді. Оқу тапсырмаларында балалардың
меңгеруіне тиісті ақыл-ой және практикалық іс-әрекетті айқын көрсету
қажет. Педагог оқу әректін талдайды, оны оқу тапсырмаларын
түсінгендігі мен іс-әрекеттің берілген тәсілдермен арасында байланыс
орнатады. Оқу тапсырмасы сабақ барысында қосымша тапсырмалар-
мен толықтырылады. Оқу тапсырмаларын орындағанда балалардың
жеке тәжірибесіне, танымдық қызығушылығына сүйенген маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекеттерінің
ерекшелігі
Мектепке дейінгі жаста балалар біртіндеп оқу жұмысын жоспар-
лауды үйрене бастайды: жұмысты орындауға қажетті құралдарды және
тәсілдерді таңдау, амалдарды орындау ретін анықтау сияқты. Балалар
жұмыс орнын дайындайды, оқу тапсырмаларын орындау барысында
тыңдауды, жауап беруді, сөйлеуді, өзара қарым-қатынас жасауды, тал-
дауды үйренеді.
Мектепке дейінгі кіші және орта жаста әрекетін жоспарлау және
басқа көптеген оқу жұмыстары тәрбиешінің көрсетуімен жасалады.
Кейін педагог балаларды жоспарлауға қатыстырады.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар іс-әрекетінің өнімді түрлерін
жақсы меңгереді (сурет салу, жабыстыру, құрастыру). Олар күрделі
емес қарапайым әңгімелерге жоспар құра алатын болады. Сабақта жо-
спар жасауды үйренгеннен кейін бұл білігін күнделікті жұмыстарында
қолдануға үйренеді.
106
Оқу-танымдық іс-әрекетте бақылаудың, бағалаудың, өзін-өзі
бақылаудың және өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері
Бұл компонентті дамытуда балалардың оқу тапсырмасын орын-
дау нәтижесін берілген соңғы нәтиженің үлгісімен салыстыра
білуі маңызды. Мектеп жасына дейінгі балаларда компоненттерді
қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
педагогтың тапсырмаларды орындау барысы мен сабақ соңында
алған нәтижелермен салыстыруы;
балалардың алдына өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау
міндеттерін қою;
балалардың өз нәтижелері мен үлгіні (эталонды) салыстыру
тәжірибесі;
педагогтың әр баланың оқу жұмысын саралап бағалауы, барлық
жұмысты бірігіп талдау, анықталған критерийлер бойынша бағалау
(кіші және орта мектепке дейінгі жаста).
Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекетінің мотивтерінің
ерекшелігі
Мектепке дейінгі кіші және орта жаста сабақтың мазмұнына, зат-
тармен жұмыс істеу процесіне эмоционалдық көзқарас мотиві басым
болады. Материалдың динамикалылығы, жарқындығы, оның жаңалығы
танып білуге ынталылық танытады. Практикалық, ойын іс-әрекеті
(ойыншық жасау үшін желімдеп үйрену) мотивтері, артықшылық
мотивтері («Мен бәрінен де жақсы жасаймын»), сыртқы (жұмыстың
өзінің тартымдылығы) мотиві. Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай
әлеуметтік, танымдық, бағалаушылық мотивтер пайда бола бастайды.
Оқу білігі мен дағдыларын меңгеру ерекшелігі
Мектепке дейінгі балалық шақта балаларда оқу тапсырмаларын
орындау үшін қажетті оқу білігі мен дағдылары қалыптасады. Бұл білік
шартты түрде екі топқа бөлінеді – жеке оқу-танымдық білік және оқуда
құрбыларымен өзара әрекет білігі.
Жеке оқу-танымдық білік (сенсомоторлық, сөйлеу, интеллектуалдық
істер), олар білімді меңгеруді, практикалық білім мен дағдыларды
қамтамасыз етеді. Оларға: байқау білігі; перцептивтік, тексерушілік
білік; іздестіру амалдары; түрлендіру амалдары; салыстыру, жалпы-
лау, сериация, классификация амалдары; үлкеннің сөзін қабылдау және
түсіну (есту зейіні, дыбысқа назар қою білігі, оларды саралау білігі);
көркем сөзді қабылдау және түсіну білігі; ауызша нұсқау бойынша іс
істеу білігі; өз сөзінде танымдық іс-әрекет нәтижелерін анық көрсету
107
білігі жатады. Бұл білік пен дағдылар тұрақты емес және жаттығулар
жасалмаса болмай қалады.
Оқуда құрбыларымен өзара әрекет білігі.
Оларға:
- барлық балаларға берілген тапсырманың өзіне де қатысты
екендігін түсіну білігі. Кіші жаста жалпы тапсырманы жекелендіреді
– барлығы қардың суретін салады: Айгерім, Әлихан, Расул, Малика,
Рустам және т.б.;
- басқа балалардың сөзін тыңдау және есту, оны түсіну білігі
(тәсілдері: сөйлеп тұрған баланың сөзін толықтыру, қателерін түзету,
бір-бірінің сөзін жалғастыру, қайталау және т.с.с.);
- оқу тапсырмасын орындауды бірге жоспарлау білігі;
- жалпы қарқында, ырғақта жұмыс істеу, бәрімен бірдей үлгеру
білігі (бұл біліктердің болмауы көбінесе үлгірмеушілікке себеп болады.
Сонымен, мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті компоненттерінің
қалыптасуы жүреді. Оқу іс-әрекеті тікелей ойыннан тумайды. Ол мек-
тепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде жүріп отырады.
Балалардың оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту олардың бұл әрекетке
әртүрлі жағдайда араласуы процесінде болады. Мектеп жасына дейінгі
баланың оқу-танымдық іс-әрекетінің анық құрылымы бар (кез келген
жас топтарына бірдей. Сонымен бірге балалардың оқу іс-әрекеттері
компоненттері және оларды оқыту процесінде қалыптастырудың
өзіндік ерекшелігі бар. Оқу танымдық іс-әрекет бүкіл мектепке дейінгі
кезеңде тәрбиешілердің балалармен сабақтарда мақсатты бағытты
педагогикалық жұмыс ұйымдастырған жағдайда қалыптасады. Бұл
процестегі сабақтастық мектепте оқуда жаңа жағдайға бейімделуін
тездетеді. Оқу танымдық іс-әрекет компоненттерінің қалыптасқандығы
мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың басты нәтижесі бола-
ды.
Балабақшада мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды оқыту
процесінің нәтижелері туралы тақырыпты қорыта келе, оқыту нәтижесі
– бұл процестің орындалған мақсаты. Осы мақсаттар педагогикалық
процеске қатысушылардың біріккен бағытты мақсатты іс-әрекетінің
оқытудың көзделген нәтижесіне қол жеткізілгендігін көрсетеді.
Қойылған педагогикалық мақсаттар мен қорытынды нәтижелердің
бірдей болуы оқытудың тиімділігінің айқын критерийі болады. Оқыту
нәтижесі балалардың білімді, білікті, дағдыларды меңгеру, оқытудың
әсерінен болған жеке басындағы өзгерістер фактілері. Бұл өзгерістердің
барлығы үлкендермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынаста,
108
уақытпен мөлшерленген оқыту процесінде және еркін, өз бетінше
әрекет ету, күнделікті өмірде пайда болады.
6.8 Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижесін бағалау
Оқыту процесінің нәтижелерін бағалау оның мінетті компоненті
болып табылады, оқытудың барлық кезеңдерінде орын алады. Мектепке
дейінгі мекемеде кешенді бағалау жылдың басында, ортасында және
соңында жүргізіледі. Білім беру ісінің тиімділігін ағымдық байқауды
педагог балалармен күнделікті жұмыс барысында жүргізеді. Бағалау
стандартқа сәйкес балалардың білім мазмұнын меңгергендік дәрежесін
білу үшін, педагогикалық процестің нәтижелілігін, әр баланың даму
динамикасын білу үшін маңызды.
Оқыту нәтижелерін бағалау үш бағытта жүргізіледі.
1. Объективті диагностика – мектепке дейінгі мекеме маман-
дарының жұмысын бақылаудың түрлері мен әдістерінің арнайы
жүйесінің көмегімен жүргізіледі.
2. Оқыту барысында және оның нәтижелеріне бойынша бала-
лардың оқу-танымдық жұмыстарын бағалау.
3. Оқыту процесінде балалардың өзін-өзі бағалауы.
Оқытудағы бағалау бағыттарының әрқайсысына жеке-жеке
тоқталайық.
Педагогикалық диагностика – балалардың білім беру
бағдарламасын меңгеру деңгейін, білім алғандық, дамығандық және
тәрбиеленгендік деңгейін өлшеу. Оның нәтижелері педагогикалық
процестің, педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін, әр баланың
даму сипатын көрсетеді. Бақылау және диагностика басқару функ-
циялары болады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтары білім беру
нәтижелерін және оқыту процесін бағалауда қиындық көреді.
Заманауи білім берудің кешенді бағдарламаларының авторлары бұл
қиындықтарды жеңілдетуде педагогтар үшін мектепке дейінгі білім
мазмұнын меңгеру деңгейін объективті бағалау мақсатында оларды
диагностикалық құралдар ретінде пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесіндегі диагности-
ка бірнеше функциялар орындайды: диагностикалық, дидактикалық,
тәрбиелеушілік, дамытушылық. Оқыту функциялары диагностикалық
тұрғысынан дұрыс, өйткені оның әдістері (тестілер, практикалық тап-
сырмалар, жұмыс нәтижелерінің өнімдері және т.с.с.) оқытуға ұқсас,
бірақ сонымен бірге диагностикалық функция атқарады. Ол жетекші
рөл атқарады.
109
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесі нәтижелерін диагности-
калау әртүрлі бақылаулар арқылы жүзеге асады.
Ағымдық бақылау – оқытуда балалардың әлеуметтік тәжірибені
меңгергендігін жүйелі түрде тексеру (білім, білік, дағды, шығармашылық
тәжірибесі, айналасындағылармен қарым-қатынас тәжірибесі). Ол
икемді, шапшаң, ретті, түрлері, әдістері және құралдары жағынан
әрқилы.
Кезеңдік бақылау білім беру бағдаламасының ірі тақырыптарын,
бөлімдерін аяқтағанда, ұзақ мерзім оқу қорытындысында жүргізіледі.
Мұнда ағымдық бақылау мәліметтері ескеріледі.
Қорытынды бақылау оқу жылының аяғында өткізіледі (ма-
мыр). Оның мақсаты – жыл бойғы оқытуды қорыту, баланың білім
алғандығын, ондағы өзгерістерді білу. Бағдарламаны меңгеру деңгейін,
ары қарай оқытудағы күтілетін мүмкін болатын жетістіктерді бағалау
жалпы педагогикалық процесті бағалауға негіз болады.
Бақылаудың барлық түрлерінің мағлұматтарына сүйеніп
қорытынды, ұсыныстар жасалады, жөндеу міндеттері, балалармен
істелетін жеке жұмыс түрлері, педагогтардың өздік білім алу мәселелері,
ата-аналармен жұмыс бағыттары анықталады.
Оқыту нәтижелерін жүйелі диагностикалау мысалы ретінде Б.
Блумның кестесін алуға болады. Оқыту процесінің нәтижелілігінің
критерийлері ретінде ол мыналарды көрсетеді: бала біледі, түсінеді,
қолданады, талдайды, қорытады, бағалайды. Бұлар тексеруге жатады,
сол сияқты балалардың әлеуметтік және жалпыпсихологиялық дамуы
бағаланады. Бағалау аясы – когнитивтік, әлеуметтік, психологиялық.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқыту процесінің
нәтижелерін бағалау өзіндік ерекшеліктері бар әдістермен жүзеге
асырылады. Бақылау әдістері – оқытудың табыстылығы жөнінде
мағлұмат алу мақсатында онымен кері байланыс орнатуға ықпал ететін
диагностикалық іс-әрекет тәсілдері. Балаларды оқыту нәтижелерін
бақылау әдістерін шартты түрде ауызша және жазбаша бақылау әдістері,
практикалық тапсырмалар орындау, байқау, арнайы жасалған, ғылыми
негізделген диагностикалық әдістер деп бөлуге болады.
Ауызша бақылау әдістері. Оның негізі – баланың монологиялық жа-
уабы немесе сұрақ-жауап жүйесі. Әдістер жеке, топтық, жаппай жалпы
түрде қолданылуы мүмкін. Бұл әдістерге айтып беру, әңгіме, түсіндіру,
қайталап айтып беру, балалардың көргендерінен хабарлама жасау.
Құралдар – дидактикалық ойындар, карточкалар, суреттер, сұрақтар,
оқытудың техникалық құралдары, заттар, суреттер сериялары.
110
Жазбаша бақылау әдістері. Классикалық түрде мектепке дейінгі
мекемеде балалармен жұмыста бұл әдіс пайдаланылмайды. Мектепке
дейінгі ересек жаста балаларға арнайы тапсырмалар – баспа әріптерін
жазу, графикалық диктанттар, заттардың контурын сызу, штрихтау және
т.б. берілуі мүмкін. Бұл әдістер бағалау балалардың тапсырма бойынша
жұмыс істеу – сурет салу, штрихтау білігін бағалауға жағдай туғызады.
Практикалық жұмыстар мен тапсырмалар балалардың
практикалық білікті меңгеру деңгейін, қабылдау және тапсырманы
орындау, жоспарлау, үлгі бойынша және онсыз жұмыс істеу, өз жұмысын
және басқалардың жұмыстарын бағалау қабілеттерін анықтайды.
Бұл математикалық амалдарды, тәжірибелерді, еңбек амалдарын,
дидактикалық ойыншықтар мен материалдармен амалдар орындау.
Білім беру бағдарламасының бөлімдерін меңгеру деңгейін бағалау
мақсатында балалардың іс-әрекетін бақылау. Педагог баланы табиғи,
еркін және өздігінен іс-әрекет жасап жүрген жағдайда бақылайды.
Баланың алған тәжірибесін қолдану қабілеті, оны күнделікті өмірге
шығармашылықпен бейімделуі, баланың әртүрлі іс-әрекетінде білім
мен білікті пайдалануы, баланың өздігінен және өзара оқуға қабілеті
бағаланады.
Арнайы жасалған диагностикалық әдістер психикалық процестердің,
ойлау операцияларының, оқу іс-әрекеті компоненттерінің, меңгерілген
білімнің, қабілеттің көлемінің, толықтығының және беріктігінің даму
деңгейін анықтайды.
Бұл әдістер объективті нәтижелер алу және оқыту процесіне дер
кезінде түзетулер енгізу мақсатында өзара байланыста қарастырылады.
Педагогтың оқыту процесінде балалардың іс-әрекетін бағалауы
бірқатар міндеттерді орындауды көздейді:
•
балалардың танымдық белсенділігін арттыру;
•
оқыту процесінде мадақтау және балалар үшін жетістік ситуа-
цияларын жасау арқылы жайлы жағдай туғызу;
•
балалардың іс-әрекетті бағалау білігін қалыптастыру.
Оқыту процесінде бала үшін олардың істерін құптауы, ынтасы мен
талаптарын мадақтауы, тапсырмаға және жұмыс сапасына сәйкес оның
дұрыстығына талдау жасау сияқты үлкендердің бағалауы аса маңызды.
Педагог бала жұмысының нәтижесін тапсырмамен, үлгімен, жасына
қарай осы жұмысты орындау талаптарымен салыстырады.
Бағалау түрі маңызды. Мысалы, «суретте үй дұрыс салынбаған» -
мұндай баға дұрыс емес. Неге? Оқыту процесінде баланың іс-әрекетін
бағалауға ұсыныстарды бөліп көрсетейік.
111
Бағалауда алдымен жағымды, содан кейін жағымсыз жақтар
көрсетіледі, олар жөндеуге келетіндей болуы мүмкін. Бағалау баланың өзіне
емес, оның іс-әрекет нәтижесіне сай болуы тиіс. Ол сөз түрінде, таңбалау
түрінде де болуы мүмкін (белгі, түс, фишка және т.б.). Балаларда өздерінің
кемшіліктері мен нақты емес жұмыстарына дұрыс, конструктивті көзқарас
қалыптастыру қажет. Оқытудың нәтижелілігі мәселесі балалардың
нақтылы мүмкіндіктерімен байланыстырылады. Педагог балалардың оқу-
танымдық іс-әрекетін және оның нәтижесін дұрыстығы мен амалдардың
реттілігі, нәтиженің талапқа сәйкестігі тұрғысынан бағалауы тиіс.
Баланың жұмысын формалды қарауға болмайды.
Оқытудың нәтижелілігінің көрсеткіші оқытудың бағдарламалық
мазмұнын барлық балалардың меңгеруі, бала тұлғасындағы оның
шығармашылық және коммуникативті тәжірибесіндегі өзгерістер бо-
лып табылады. Балалардың оқыту мақсатына жету дәрежесі әртүрлі,
өйткені бұл баланың бастапқы жеке тәжірибесіне, оның қабілеттеріне,
мектепке дейінгі мекемеден тыс жердегі даму жағдайына байланысты.
Оқытудың сабақтағы нәтижелерін балалар іс-әрекеттің басқа
түрлерінде пайдаланады (ойында, еңбекте, қарым-қатынаста), өйткені
нәтиженің әрқашанда практикалық маңызы бар. Балалардың оқытуда
алған тәжірибесін пайдалану қабілеті оқытудың жемісті болғандығының
тағы да бір көрсеткіші болып табылады.
Нәтиже алу фактісі балаларға тәрбиелік ықпал етеді. Оларды про-
цесс қана емес, нәтиже де қызықтырады. Балалар 4 жастан бастап өз
жұмысы мен оның нәтижесі мен білім көзін байланыстыра бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |