Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

8.2 Мектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың 
ерешеліктері. Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына 
дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы
Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  оларға  қатысушылардың  өз 
беттілігін,  шығармашылдығын  бейнелейтін  өзіндік  ерекшеліктері  бо-
лады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың басты ерекшелігі, зерттеушілердің 
пікірінше,  оларды балалардың өздері жасайды,  ойын әрекеті жарқын 
бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады.
Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  өзі  жасаушылық  сипаты,  Д.  Б. 
Элькониннің пікірінше, «...балалар ойын тақырыбын өздері таңдайды,  
оны  дамыту  жолын  өздері  анықтайды,  рөлдерді  қалай  ашу  керек 
екендігін,  ойынды  қалай  қыздыратындығын  және  т.с.с.  шешеді». 
Басқаша айтқанда,  сюжеттік-рөлдік ойында балалар құбылыстардың, 
қатынастардың белсенді және өзгеше түрде қайталап көрсетеді.

133
Оның өзгешелігі балалардың қабылдау ерекшеліктерімен, қандай да 
бір фактілер мен құбылыстарды саналы түрде түсінуімен, тәжірибенің 
және тікелей сезімнің бар немесе жоқ болуымен байланысты.  
К. Д. Ушинский  сюжеттік-рөлдік ойындарда ең бастысы сол, бала 
өзі орындайтын рөлге өз көзқарасын, түсінігін, оқиғаға өзінің қатысын 
нақтылы түрде көрсетеді деп атап көрсеткен.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың шығармашылдық сипаты сол,  онда 
іске  асырылатын  ой  бар,  оны  орындау  баланың  өзін  қоршаған  дүние 
жөніндегі  әсерін  көрсете  білу  қабілетін  дамытумен  түйіндес  бола-
ды.    Сюжеттік-рөлдік  ойындарға  ойын  әрекетінің  негізгі  мынадай 
белгілері тән: эмоционалдық қанықтылық,  қызығушылық, өз беттілік, 
белсенділік, шығармашылдық, жарысушылық, кооперация.
Сюжеттік-рөлдік ойындар сипатына қарай – бейнелеуші іс-әрекет, 
бірақ  алынған  білімді, әсерді  бала  түрлендіріп,  тұлғалық  сипат  беріп 
және өзінің жеке тәжірибесін қосып, өз ой елегінен өткізеді.
Сюжеттік-рөлдік ойындар ойын әрекетінің жетекші түрі екендігін 
айта  келіп,  оның  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеудегі маңызын атап өту қажет.
Сюжеттік-рөлдік  ойындардың  дамытушылық  маңызы  әр  алуан. 
Ойында бала өзін қоршаған әлемді таниды, ойлау операциялары, сезімі, 
еркі жетіледі, құрбыларымен өзара қарым-қатынасы қалыптасады, өзін-
өзі бағалауы мен өзіндік санасы орнығады.
Ойынның педагогикалық маңызы жөнінде Р. И. Жуковская, Н. К. 
Крупская, С. И. Карпова, А. С. Макаренко, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин 
және басқа педагогтар мен психологтар жазды.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев және Д. Б. Эльконин  сюжеттік-
рөлдік  ойынның  психикалық  дамудағы  маңызын  ашып  берді.  Олар 
сюжеттік-рөлдік  ойында  тұлғаның  мотивациялық-сұраныстық  саласы 
дамиды: балада мазмұнына қарай іс-әрекеттің жаңа мотиві туындайды 
(үлкен болғысы келеді және солардың міндеттерін орындағысы келеді), 
үлкендердің қарым-қатынас жүйесінде өз орнының шектеулі екендігін 
түсінеді және солардай болу талабы пайда болады.  Сюжеттік-рөлдік 
ойында мотивтердің жаңа психикалық формасы пайда болады (тікелей 
қалау  түріндегі  мотивтен  қоғамдық  көзқарас  түріндегі  мотивтерге 
көшу) деп көрсетті.
Психологтардың (Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, Я. Л. Коломинский, 
С.  Л.  Новоселова,  Д.  Б.  Эльконин  және  т.б.)  зерттеулері  сюжеттік-
рөлдік  ойындарда  сананың  символикалық  (таңбалық)  функциясы 
қалыптасады, ол нақты заттардың орнына  олардың орынбасарларын 

134
пайдаланудан  тұрады  деген  тұжырым  жасайды.  Сыртқы,  нақтылы 
орынбасарларды пайдалану ішкі, бейнелік орынбасарларды пайдалану-
мен ауысады, ал бұл баланың барлық психикалық процестерін қайта 
құрады,  оған  ойша  шынайы  өмірдегі  заттар  мен  құбылыстар  туралы 
түсінігін қалыптастыруға, оларды әр алуан ойлау міндеттерін шешуде 
қолдануға  мүмкіндік туғызады.
А.  В.  Запорожец,    П.  Я.  Гальпериннің  ойлау  әрекетін  кезеңдеп 
қалыптастыру  теориясына  сүйене  отырып,  сюжеттік-рөлдік  ойын  
психикалық    процестерді  қалыптастыруда  өзінше  бір  материалдық 
кезең  болып  табылады,    ол  балаға  түсінікті  көрнекті-ықпалды  түрде  
(модельдеу),  эмоционалдық  түрде  тартымды,  бірақ  жас  ерекшелігіне 
байланысты әлі де шамасы келе қоймайтындай үлгілер жасауға  жағдай 
жасайды деген болжам  айтады. 
Д.  Б.  Элькониннің  жетекшілігімен  жүргізілген  зерттеулерде, 
кейбір  интеллектуалдық  операцияларды  қалыптастыру  мысалын-
да  ұжымдық  сюжеттік-рөлдік  ойындарда  балада  қарастырылатын 
объекті мен құбылысты объективті бағалау іске асуы мүмкін және оның 
интеллектуалдық  операцияларының дамудың жаңа деңгейіне (нақты-
операционалдық) көшуі мүмкін деп айтылған. Әртүрлі көзқарастарды 
үйлестіру  мүмкіндіктердің  пайда  болуы  балаларда  «шартты-
динамикалық»  көзқарасты  (нақты  және  «шартты»  көзқарасты  бір 
мезгілде табу) қалыптастыру есебінен  олардың әртүрлі ойын рөлдерін 
біртіндеп өздеріне алған жағдайда жүзеге асырылады.
Л.  А.  Венгер    сюжеттік-рөлдік  ойындардың  маңызын 
қалыптастыруда  балалардың  қабілеттері  басқа  адамның  пікіріне, 
заттарға солардың көзімен қарайды деп көрсетті.
Зерттеушілер  еркін  процестерді  дамыту  үшін  сюжеттік-рөлдік 
ойынның маңызын анықтауға үлкен назар аударды.
Л.  С.  Выготский  еркін  тәртіп  қалыптастыруды  аффективтік-
сұраныстық сфера тұрғысынан қарастырды. Оның пікірінше, баланың 
негізгі қалауын қанағаттандыру үшін – үлкендер сияқты әрекет істеуі, өз 
тәртібін ережелерге бағындыруы қажет. Ережелерді орындау - баланың 
жалпы аффектілерін орындау құралы.
А.  В.  Запорожецтің  зерттеуі  мектеп  жасына  дейінгі  балада  еркін 
есте  сақтаудың,  белгілі  бір  әрекетті  ұстаудың,  сюжеттік-рөлдік  ойын 
жағдайында  күрделі  қимылдарды  жасаудың  сапалық  және  сандық 
көрсеткіштері үлкендердің тура тапсырмаларын орындау жағдаяттардан 
әлдеқайда жоғары болады деп көрсетті.
Сюжеттік-рөлдік  ойындарды  зерттеушілердің  (Л.  С.  Выготский, 

135
А.  В.  Запорожец,  Д.  Б.  Эльконин)  пікірінше,  ойын  мотивациясы 
ерекшеліктерінің есебінен болатын танымдық және еріктік процестердің 
дамуы ең алдымен баланың өзіне алған ролін орындауымен байланы-
сты.
Л. А. Венгер, Л. С. Выготский, К. Д. Ушинский  сюжеттік-рөлдік 
ойындарда елестету дамиды деп көрсетеді. В. В. Давыдов  ойында бір 
заттың  функциясын  бұл  функцияларды  атқармайтын  (  бөрене  нанға 
айналады және т.с.с.) екінші затқа көшіру қабілеті дамиды. Осы еле-
стету қасиетінің арқасында В. В. Давыдовтың ойынша, балалар ойын-
да  заттар-орынбасарларды,  символикалық  амалдарды  пайдаланады. 
Ойында  заттар-  орынбасарларды  кеңінен  пайдалану  балаға  орнына 
қоюдың басқа да типтерін (модельдеу, схемалар, таңбалар және т.с.с.) 
меңгеруіне мүмкіндік береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың  баланы дамытуда жоғарыда аталған 
маңызынан  басқа  тұлғаның  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту  үшін 
маңызды екендігін айтуға болады (С.Н. Карпова, Н.К. Крупская, А.С. 
Макаренко  және  т.б.).  Сюжеттік-рөлдік  ойындар  арқылы  балалар 
моральдық  нормаларды  және  тәртіп  ережелерін  меңгереді.  Ойында 
қарым-қатынас    стилі,  балалардың  құрбыларымен  және  үлкендермен 
қатынасы қалыптасады, сезімі және талғамы тәрбиеленеді және т.с.с.
Сонымен, сюжеттік-рөлдік ойын – мектеп жасына дейінгі баланың 
жетекші іс-әрекеті. Ол мектеп жасына дейінгі бала ойынының негізгі 
қорын құрайды. Балалардың шығармашылық ойынының бұл түріне іс-
әрекет ретіндегі ойындардың ерекшеліктерінің барлығы тән. Сюжеттік-
рөлдік ойынның айрықша ерекшелігі ойынның негізгі ойы орындалатын 
елестету жағдаяттардың болуы. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың 
тұлғалық дамуы мен тәрбиеленуінің барлық жағына әсер етеді. Оның 
ерекше құрылымы болады. 
8.3 Сюжеттік-рөлдік ойындардың құрылымы. Құрылымдық 
элементтердің сипаты
Ойын – бала іс-әрекетінің түрі. Кез келген іс-әрекет сияқты ойынның 
құрылымы бар.  Оған іс-әрекет құрылымының барлық компоненттері 
тән:  мотив,  мақсат,  жоспарлау,  орындау  құралдары,  ойын  амалдары, 
нәтиже.  Сюжеттік-рөлдік  ойындар  шығармашылдық  бола  тұрып,  өз 
ерекшелігін құрылымдық компонентерге жүктейді.
Т.  А.  Куликова  сюжеттік-рөлдік  ойында  мынадай  құрылымдық 
компоненттерді анықтайды:  сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары.

136
Ойын  сюжеті  баланың  өмірдегі  қарым-қатынастарының  және 
айналасындағылардың  іс-әрекетіндегі  белгілі  бір  амалдардың, 
оқиғалардың  бейнесі.  Ойын  сюжеттері  әртүрлі:  тұрмыстық  ойындар 
- жанұя, балабақша; адамдардың кәсіби еңбегін көрсететін өндірістік  
ойындар;  аурухана,  дүкен  ойнау  және  т.б.,  қала  күнін  мерекелеуге 
арналған қоғамдық ойындар және т.с.с.
Сюжетті орындаудың негізгі құралдарының бірі ойын амалдары. В. 
И.  Логинова,  П.  Г.  Саморукова  ойын  амалдарының  екі  түрін  атайды: 
оперативтік және бейнелеу – «солай сияқты».
Педагогтар  мен    психологтардың  (Д.  В.  Менджерицкая,  П.  Г. 
Саморукова,  Д.  Б.  Эльконин)  көптеген  зерттеулері  сюжеттік-рөлдік 
ойындардың  негізгі  мазмұны  үлкендердің  әртүрлі  жағдайда  көрініс 
беретін қоғамдық өмірі: адамдардың заттарға амалы мен қатынастары, 
олардың  еңбектерінің  мазмұны,  адамдардың  тұрмыстағы,  еңбектегі 
және т.б. қарым-қатынастары деп көрсетті.
Рөл  -  сюжеттік-рөлдік  ойынның  негізгі  діңгегі  болып  табыла-
ды. Ойында рөлдің болуы бала санасында өзін қандай да бір адаммен 
теңестіреді  де,  ойында  соның  атынан  әрекет  жасайды,    соған  сәйкес 
қажетті  заттарды  пайдаланып,  басқа  ойыншылармен  түрлі  қарым-
қатынасқа түседі. 
Ойындағы  рөлді  дамыту  проблемаларымен  Д.  Б.  Эльконин 
шұғылданды.  Зерттеулер  негізінде  ол  ойында  бала  өзіне  алған  рөлді 
орындау  ең  басты  деген  қорытындыға  келді.  Даму  барысында  бала 
өзінің рөлін түсінеді,  өзінің  немесе жолдастарының ойнаған рөліне  
сыни көзбен қарайды немесе рөлдердің мазмұны өзгереді – амалдарды 
бейнелеуден  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  көрсетуге  ауыса-
ды.
В. И. Ядэшко, В. В. Сохин сюжеттік-рөлдік ойынның тағы да екі 
компонентін көрсетеді: ойынның түпкі ойы, ережелер.
Ойынның түпкі ойы – бұл балалар нені және қалай ойнайтындығын 
анықтау: дүкенді ме, балабақшаны ма және т.б.
Ойын  процесіндегі  ережелерді  балалар  өздері  қояды,  ал  кейбір 
ойындарда - үлкендер, олар ойнаушылардың тәртібі мен өзара қарым-
қатынасын  анықтайды  және  реттейді.  Олар  ойынға  ұйымшылдықты, 
беріктікті тілейді, мазмұнын бекітеді және ары қарай дамуын, қарым-
қатынас пен өзара қарым-қатынастың күрделіленуін анықтайды.
Проблема  бойынша  түрлі  әдебиеттерге  талдау  жасау  сюжеттік-
рөлдік ойындардың мынадай құрылымдық компоненттерін анықтауға 
мүмкіндік берді: ойынның түпкі ойы, сюжеті, мазмұны, ролдер, ойын 

137
амалдары,  ережелері.  Бұл  компоненттер,  балалардың  үлкендермен 
біріккен  іс-әрекетінде  мектепке  дейінгі  балалық  шақтың  барлық 
кезеңдерінде  балалар  өмірінде  маңызды  орын  алатын  көптеген 
сюжеттік-рөлдік ойындарда кездеседі.
8.4 Сюжеттік-рөлдік ойындарды дамытудың кезеңдері мен 
деңгейлері
Сюжеттік-рөлдік  ойындар  бала  іс-әрекетінде  бірден  пайда  бол-
майды.  Ол  дамудың    кезеңдерінен  өтеді.  Ойынды  даму  кезеңдерінде 
қарастырайық.
Т. А. Куликова ойын әрекетінің дамуын мынадай кезеңдерге бөледі, 
олар, оның ойынша, сюжеттік-рөлдік ойындардың алғышарттары бо-
лады.
Бірінші  кезең  –  таныстыру  ойыны.  Оның  мазмұнын  заттардың 
қасиеттері  мен  сапасын  тексере  отырып,  баланың  үлкендермен  бірге 
жасаған амал-манипуляция құрайды.
Ойын әрекетінің дамуының екінші кезеңінде бейнелеу ойындары 
пайда  болады,  онда  баланың  іс-қымылы  заттың  ерекше  қасиеттерін 
анықтауға  және  оның  көмегімен  белгілі  бір  эффектіге  қол  жеткізуге 
бағытталады. Бұл кезеңде бала назары ойыншықтардың қасиеттеріне 
ауады және оны соларға сәйкес әрекет жасауға үйретеді:  шарикті до-
малату,  ұсақ  ойыншықтарды  қорапшаға  салу;  заттарды  пішініне, 
физикалық қасиеттеріне қарай бөлуге үйретеді. Сюжеттік-рөлдік ойын-
дарды қалыптастыру үшін баланы амалдарды қорытуға, яғни үйренген 
амалдарын бір заттан екінші затқа көшіруді үйрету маңызды.
Үшінші  кезең  –  сюжеттік-бейнелеу  ойыны.  Ойынды  дамытудың 
бұл кезеңі бірішінің аяғына – өмірінің екінші жылының басына келеді. 
Балалар күнделікті өмірден алған әсерін белсенді түрде бейнелей ба-
стайды (қуыршақты әлдилейді, қонжықты тамақтандырады және т.с.с.).
3-7 жастағы балалардың сюжеттік-рөлдік ойындарын терең зерт-
теу негізінде Д. Б. Эльконин  ойынды дамытудың төрт деңгейін бөліп 
көрсетіп, оларға сипаттама берді, оның пікірінше, бұлар даму сатылары 
да болады.
Бірінші деңгей. Мазмұнды ойындар – бірге ойнаушыға бағытталған 
заттармен амалдар жасау.
Рөлдер  бар,  бірақ  олар  амалдарды  анықтамайды,  амалдардың 
сипатымен анықталады. Ережеге сай рөлдер айтылмайды.
Амалдар  біртекті  және  бірнеше  қайталанатын  операциялардан 

138
тұрады. Ойын амалдар жағынан тек қоректендіру актілерімен шектеулі, 
олар логикалық тұрғыда өзінің алдындағы амалдармен болғандағыдай, 
өзінен кейінгі амалдарға жете алмайды.
Екінші  деңгей.    Ойынның  мазмұны  –  заттар  арқылы  амалдарды 
орындау, бірақ ойын амалдарының шынайылыққа сәйкес болуы бірінші 
кезекте тұрады.
Рөлдерді балалар атайды. Функциялар бөлінеді. Рөлдерді орындау 
онымен байланысты амалдарды орындауға әкеледі.
Амалдарды орындау сапасы кеңейеді және амалдардың белгілі бір 
типінің шеңберінен шығады. Амалдар логикасы өмірдегі ретпен, яғни 
нақты шындық ретімен анықталады.
Үшінші деңгей. Рөлдің негізгі мазмұны рөлді және содан туындай-
тын амалдарды орындау болады, олардың ішінен басқа ойыншылармен 
қарым-қатынас сипатын беретін арнайы амалдар бөлініп шыға бастай-
ды.
Рөлдер  айқын  кезекке  қойылған  және  анықталған.  Балалар 
өздерінің рөлдерін ойын басталғанға дейін атайды және  іс-қимылын 
бағыттайды.  Амалдардың  логикасы  мен  сипаты  өзіне  алған  роліне  
қарай анықталады.
Амалдар  әртүрлі  болады.  Өзінің  және  жолдасының  ойындағы 
роліне байланысты жолдасына қаратып рөлдік сөз сөйлеу, бірақ кейде 
кәдімгі ойыннан тыс қарым-қатынас та үзіледі.
Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны рөлде  басқа балалар 
орындайтын басқа адамдарға қарым-қатынаспен байланысты амалдар-
ды орындау болады.
Рөлдер нақты белгіленген және айқындалған. Балалардың рөлдік 
функциялары өзара байланысты.  Сөйлеушінің сөзі оның өзі мен  ой-
найтын адамның ролімен анықталатын  рөлдік сипатта болады.
Балалар  сюжеттік-рөлдік  ойынын  қалыптастырудың  жоғары 
деңгейіне қол жеткізу үшін балалардың ойын білігі мен дағдыларын, 
білімін және үлкендер тарапынан алатын әсерін дамыту қажет.
  Т.  А.  Куликова,  П.  Г.  Саморукова  атап  көрсеткендей,  сюжеттік-
рөлдік ойындарды дамыту екі бағытта жүреді: ойынды әрекет ретінде 
қалыптастыру;  ойынды  балаларды  тәрбиелеу  және  балалар  ұжымын 
қалыптастыру құралы ретінде пайдалану.
Бірінші бағытты кеңірек қарастырайық. 
Мектепке  дейінгі  педагогикада  балалар  ойынын  басқарудың  бай 
тәжірибесі бар (Р. И. Жуковская, Н. Ф. Комарова, Д. В. Менджерицкая, 
Н. Я. Михайленко, П. Г. Саморукова және т.б.).  Қазіргі кезде «ойын-

139
ды басқару» термині мектеп жасына дейінгі балалар ойынын «дамы-
ту»  ұғымымен  ауыстырылған.    Ойын  –  балалардың  шығармашылық 
және өзіндік әрекеті екендігін түсіне отырып, педагогтар үлкендердің 
қатысуымен  балалардың  ойын  білігін  дамыту  қажеттілігін  түсінеді. 
Осы жағдайда ғана балалар ойыны қызықты, әр алуан, ал ойын әрекеті 
осы  жас  кезеңінде  балаларды  дамытуда  жетекші  әрекет  ролін  орын-
дайды. Сонымен бірге үлкендердің әсері балаларда жағымды эмоция 
туғызатындай әдепті,  сыпайы болуы тиіс.
Ойынды  дамытудың  авторлар  ұсынған  тәсілдерін  шартты  түрде 
екі топқа бөлуге болады: қосалқы әсер тәсілдері және ойын білігі мен 
дағдыларын дамытуға тура басшылық тәсілдері.
Тура  педагогикалық  тәсілдер:  ойынға  рөлдік  қатысу,  балалар 
келісіміне  қатысу,  ойын  амалының  үлгісін  көрсету,  ойынның  дайын 
сюжетін  ұсыну,  ойынның  дайын  тақырыбын  ұсыну,  ойын  барысында 
кеңес  беру,  түсіндіру,  алдағы  ойын  мазмұны,  ондағы  рөлдерді  бөлу  
жөнінде  әңгімелесу,  көмектесу,  ойыншықтар,  атрибуттар  таңдауға 
көмектесу, рөлдік істерге үйрету.
Басқарудың  аталған  тәсілдері  мақсатты  бағытты  түрде  ойынның 
мазмұнына, балалардың ойындағы қарым-қатынасына, ойыншылардың 
тәртібіне әсер етуге мүмкіндік береді.
Балалар ойындарына тікелей араласпайтын қосалқы әсер тәсілдері 
сан алуан: сабақта, серуенде, балалармен сөйлескенде, әңгімелескенде, 
кітап оқығанда, суреттер мен иллюстрацияларды қарағанда балалардың 
қоғамдық  өмір  туралы  білімін  байыту;  нақтылы  ойын  әрекетінің 
құрылымы,  оның  мақсаты,  құралдары,  амалдар  реті,  нәтиже,  еңбек 
процесінде  адамдардың  өзара  әрекеттері  мен  қарым-қатынастары,  өз 
араларында міндет бөлу туралы білімді қалыптастыру; ойыншықтарды 
пайдалану,  ойын  жағдайын  жасау;  балалардың  өткен  ойындардан 
көргендерін естеріне салу; ойынға ынталандыратын  бейнелеу, еңбек, 
конструктивтік іс-әрекетті ұйымдастыру.
Сюжеттік-рөлдік  ойынды  дамытудың  әдістері  мен  тәсілдерін 
таңдағанда  балалардың  белсенділігінің  артуына  қарай  қосалқы 
тәсілдерді  көбірек  пайдалану  керек  екендігін  ескеру  қажет.  Балалар 
неғұрлым кіші болса, солғұрлым педагог ойынды ұйымдастыруға назар 
аударуы керек.
С. А. Шмаков, педагог ойынды ұйымдастырғанда ұстанатын негізгі 
принциптерін  қарастыра  келіп,  ойынның  өзіне  тән  функцияларын 
орындауды қамтамасыз ететін негізгілерін анықтады. Бұл принциптер-
ге мыналарды жатқызды:

140

балалар  ойынға  кіріскенде  ешқандай  мәжбүрлеудің  болмауы; 
әміршілдік ойынның мәніне қайшы келеді, өзара сыйластықты қолдау 
маңызды. Балаларды ойынға ерікті түрде ғана қатыстыруды қарастыру 
керек;

ойын  динамикасын  дамыту  принципі  ойын  ережесі  арқылы 
орындалады, олар сюжеттің дамуына себепші болады; ойынды белсенді 
ететін ойын бастамасын мадақтау;

ойын атмосферасын туғызу принципі, келіспеушілік туғызатын 
сәттерге  жол  бермеу,  ойын  аксессуарларын  кеңейту,  сәтсіздіктерге  
тренингілер өткізу, бала ойындарының репертуарын кеңейту;

ойын  және  ойыннан  тыс  іс-әрекетті  өзара  байланыстыру 
принципі (балаларды дамытудың көптеген процестерін тездетуші бола 
тұрып,  ойын  құнды  әрекеттер  –  еңбек,  эксперименттеу  әрекеттеріне 
қарағанда ойын екінші кезекке қалуы тиіс; мектепке дейінгі мекемеде 
ойын – басқа әрекетке көшу құралы);

қарапайым  ойындардан  неғұрлым  күрделі  ойындарға  көшу 
принципі;  баланы  біржақты,  қарапайым  ойындар  аясында  ұстау 
қауіпті,    баланың  өзін-өзі  көрсете  алуына,  қарым-қатынас  орнатуына 
көмектесетін ойынның неғұрлым күрделі моделіне қарай ұмтылу қажет. 
8.5  Мектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойыдарды 
ұйымдастыру ( Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткованың әдістемесі)
Балалар  ойындарын    психологиялық-педагогикалық  зерттеу  кез 
келген әрекет сияқты сюжеттік-рөлдік ойын да балада аяқ асты пайда 
болмайтындығын, бұл әрекетті білетін басқа адамдардан берілетіндігін 
көрсетеді.  Педагогикалық  теория  мен  практикада  мектепке  дейінгі 
мекемеде  бала  ойынының  тиісті  деңгейге  жетпейтіндігі  жиі  айтыла-
ды,  ендеше,  ол  өз  функциясын  орындамайды.  Ойын  мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  өмірінен  кетеді,  оның  орнын  танымдық,  көркем-
эстетикалық іс-әрекет алады. Мұндай факт көптеген себептерге байла-
нысты. Жалпы «Балаларды ойнауға үйрету қажет» деген тұжырым бар. 
Дегенмен, мектепке дейінгі мекеменің күн тәртібінде арнайы сабақтар 
қарастырылмаған. Сондықтан, педагог балаларды жиі ойнауға үйретеді: 
тақырып береді, ойынды құрады, рөлдерді бөліп береді, сюжетті дамы-
тады,  балалардың  әрекеттерін  бағалайды.  Осылайша,  балалардың  өз 
беттілігі,  ынтасы  мен  шығармашылығы  үлкеннің  тікелей  ықпалымен 
ығыстырылады. Топта әрбір ойын үшін мұқият іріктелген атрибуттар 
комплектісі пайда болады, оның сценарийін педагог ойнайды,  балалар 

141
аздаған түзетулер енгізіп оны қайталайды. Мұндай ойындар баланың 
ықыласын  төмендетеді.  Оның  үстіне,  педагогтар  ойын  тақырыбын 
бергенде    жылдан  жылға,  көбінесе  уақыттың  өзгеруіне  байланысты 
баланың талғамын, мәдениетін ескермейді.
Қазіргі кезеңдегі баланың өмірі көпжақты, әртүрлі әсерлерге толы, 
олар педагог тарапынан тым қатаң жетекшілік болмаған жағдайда ой-
ында көрінеді. Балалар ойындарын зерттеген көптеген зерттеушілердің 
ойынша жалған барлық балалар бір уақытта бір ойынды ойнауы тиіс 
«ойынның ұжымдық сипаты» ұғымды сынға алды. Ойынның ұжымдық 
сипаты туралы бұл ұстанымды балалардың өз еріктерімен әрқайсысы 
үшін  өзінше  қызықты  іс-әрекет  деп  түсіну  керек.  Басқа  жағдайларда 
педагогикалық  процесті  дараландыру  балалардың  бос  уақыттарында 
белсенділік түрін өз еріктерімен таңдауына сәйкес іске асады.
Ойнап жүрген балалар әлеміне баланың өзі кіруі шынайылау бола-
ды. Бұл баланың әртүрлі жастағы және ойын тәжірибелері де әртүрлі 
балалардың  тобына  кіргенде  болады.  Мұндай  ортада  бала  біртіндеп 
ойын білігі туралы өз тәжірибесін жинақтай бастайды. Ол өзінен кіші 
балаларға ойынды жеткізуші болады. Мектепке дейінгі мекемеде әртүрлі 
жастағы балалар сирек кездеседі, жастары әртүрлі балалар  әрқашанда 
бөлектеніп жүреді. Мұндай жағдайда педагог балаға жетіспей тұрған 
ұжымды ауыстыруы қажет, балаға ойын білігін меңгеруге көмектесуі 
тиіс.
Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова осыған байланысты былай деп 
жазады: «Балаларға сюжеттік ойындарға қатысты сәйкес педагогикалық 
ықпал  жүргізу  үшін  оның  ерекшелігін  жақсы  түсіну  қажет,  оның 
дамытушылық маңызы жөнінде түсінік болуы тиіс, әрбір жас кезеңінде 
ол қандай болуы керек, сол сияқты мектепке дейінгі жастары әртүрлі 
балалармен  кәдімгідей ойнай білу керек».
Сюжеттік ойын кесте түрінде заттар мен шартты амалдар тізбегі 
сияқты құрылады; күрделі түрде – ерекше рөлдік өзара ықпал тізбегі, ал 
одан да күрделі түрде – әр алуан оқиғалар тізбегі. Ойын әрекетін бұлай 
күрделендіру балаларда тиісті ойын білігі бар болған жағдайда мүмкін 
болады.  Ендеше,  неғұрлым  баланың  әрекетінде  ойынды  құрудың 
барлық тәсілдері толығырақ болса, соғұрлым ойын білігінің реперту-
ары  кең,  балаларға    ұсынылған  мазмұн  әртүрлі,  балалардың  өздерін-
өздері көрсетуге мүмкіндіктері үлкен болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын әрекеті деңгейін бағалаудың 
негізгі  критерийі  ретінде  теорияның  авторлары    ойынды  құру  тәсілі, 
бұл тәсілдерді құрастыра алу мүмкіндігі, баланың ойынның түпкі ой-

142
ына сай заттар мен шартты амалдарды енгізу білігі, рөлдік диалогтар, 
әртүрлі  оқиғаларды  сабақтастыру  басымдық  алатын  ойын  білігінің 
даму деңгейі деп есептейді.
Ойынға  қатысты  педагогикалық  ықпалдың  мақсаты  білімді 
ұжымдық түрде жасау емес, балалардың өздігінен ойнауын қамтамасыз 
ететіндей ойын білігін қалыптастыру, мұнда олар әртүрлі көрсетілімдерді 
орындайды, кішігірім ойын бірлестігінде құрбыларымен өзара қарым-
қатынасқа түседі.
Н.  Я.  Михайленко,  Н.  А.  Короткова  мектепке  дейінгі  мекемедегі 
сюжеттік  ойындарды  ұйымдастыру  принциптерін  анықтады.  Сол 
принциптерді көрсетейік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет