Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген
тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін
фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге
асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол
материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін
оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау
рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі; қаласының Рейтинг. [1]
ЖАҢАША ОҚЫТУҒА –
ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
«Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім».
Мұхтар Әуезов.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім».
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде,
шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын
негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді
тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, Өскемен
қаласындағы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты» ұсынған оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық
негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру
курстарының» маңызы зор.
Қазақстанның 16 облысында 9 сәуір күні осындай бірінші Халықаралық
біліктілікті көтеру курстары ашылды. Барлық келген ұстаздар осы күннен бастап
қолдарына қалам алып партаға отырды. Осы курстардың барлық мазмұны мен күтілетін
нәтижесі жайлы біздің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының» директоры Байхонова Сауле Зайтанқызы мен тренир
Құрманова Жұпар Сақанқызы құлағдар етті. Бірінші күннен бастап курстан алған әсерім
мол. Қазақстандағы білім беру саласына үлкен өзгеріс енетінін, сол өзгерісті енгізудің
басында өзімнің болатыныма қуаныштымын. Бұл курсқа облыстың әр ауданынан алдын-
ала әңгімелесу арқылы жүргізілген сараптаудан өткен білікті де, білімді педагогтар
жиналған. Бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі
модулі түрінде берілген:
-
білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
-
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-
білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау;
-
білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
-
талантты және дарынды балаларды оқыту;
-
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
-
білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Курс барысында бізді қызықтыратын сұрақтар мен мәселелер өте көп.
Тындаушылар арасында қызу тартыс пайда болып кеткенде бір-бірімізге дес бермей,
қателерімізді тауып, оны дөп баса айтамыз. Осыған қарағанда өзгеден бұрын өзімізді
өзгертүіміз қажет. Бір қуантатын мәселе осы қызу тартыстың аяғы тренер Жұпар
Сақанқызының түзу айтылған уәжімен бағыт бағдары.
Оқудың жаңа мазмұнын игеру немесе жобалау процестерін дайындауда
әріптестермен шағын топтарда әрекеттесу арқылы орындалады. Топтық жұмыс
нәтижесінде ой білдіру, тұжырымдар мен ұстанымдарды, жобалау көзқарастарын,
үлгілерін ортаға салу психологиялық тұрғыдан жеңілірек екендігі байқалды. Осы курстың
мақсаты бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни
тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай
жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру. Менің түсінгенім
жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында
талмай жұмыс атқаруымыз керек. Бұл курс келген тындаушыларын осындай мақсатта
үйретіп жатыр.
ЖАҢАША ОҚЫТУҒА – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
«Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім».
Мұхтар Әуезов.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім».
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде,
шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын
негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді
тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, Өскемен
қаласындағы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты» ұсынған оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық
негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру
курстарының» маңызы зор.
Қазақстанның 16 облысында 9 сәуір күні осындай бірінші Халықаралық
біліктілікті көтеру курстары ашылды. Барлық келген ұстаздар осы күннен бастап
қолдарына қалам алып партаға отырды. Осы курстардың барлық мазмұны мен күтілетін
нәтижесі жайлы біздің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының» директоры Байхонова Сауле Зайтанқызы мен тренир
Құрманова Жұпар Сақанқызы құлағдар етті. Бірінші күннен бастап курстан алған әсерім
мол. Қазақстандағы білім беру саласына үлкен өзгеріс енетінін, сол өзгерісті енгізудің
басында өзімнің болатыныма қуаныштымын. Бұл курсқа облыстың әр ауданынан алдын-
ала әңгімелесу арқылы жүргізілген сараптаудан өткен білікті де, білімді педагогтар
жиналған. Бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі
модулі түрінде берілген:
-
білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
-
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-
білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау;
-
білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
-
талантты және дарынды балаларды оқыту;
-
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
-
білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Курс барысында бізді қызықтыратын сұрақтар мен мәселелер өте көп.
0
Тындаушылар арасында қызу тартыс пайда болып кеткенде бір-бірімізге дес бермей,
қателерімізді тауып, оны дөп баса айтамыз. Осыған қарағанда өзгеден бұрын өзімізді
өзгертүіміз қажет. Бір қуантатын мәселе осы қызу тартыстың аяғы тренер Жұпар
Сақанқызының түзу айтылған уәжімен бағыт бағдары.
Оқудың жаңа мазмұнын игеру немесе жобалау процестерін дайындауда
әріптестермен шағын топтарда әрекеттесу арқылы орындалады. Топтық жұмыс
нәтижесінде ой білдіру, тұжырымдар мен ұстанымдарды, жобалау көзқарастарын,
үлгілерін ортаға салу психологиялық тұрғыдан жеңілірек екендігі байқалды. Осы курстың
мақсаты бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни
тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай
жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру. Менің түсінгенім
жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында
талмай жұмыс атқаруымыз керек. Бұл курс келген тындаушыларын осындай мақсатта
үйретіп жатыр.
Нургуль Заирова, физика пәні мұғалімі, «М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-
бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ, Үржар ауданы,
Подготовила Р.Утепова
7.05.12
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
Тақырыптың жоспары:
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар.
3. Тексерудің әдістері.
4. Тексеруден диагностикаға көшу.
5. Білім, дағдыларды ізгілендіру.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау.
7. Баға қою.
8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары.
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу
материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр
түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің
білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып,
оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер
мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен
жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін
анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе,
онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң
өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік,
дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді.
Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты
жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер
ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды.
Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және
ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының
жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау
оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді
тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің
сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес
тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының
қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің
жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін
білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен
тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы
болуына көмектесуі.
3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім
оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және
дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін,
қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп,
мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып,
оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер
қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс
арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап,
материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша
тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады.
Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша
тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана
білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған
материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа
сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік
алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын
сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де
жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен
оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған
сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың
соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне
және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен
белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да
сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты
жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2-3
сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің
негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша
білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға,
карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың
қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға
болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия,
физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады,
картамен жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп
болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін
анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы
меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында
еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-
екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына
ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп,
оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі
тапсырмалар беріледі.
Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың
білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар
жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама,
рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру
Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға
құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу
жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба
жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері
мен дағдылары тексеріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып
бойынша өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін
алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті
құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады.
Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді,
тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге
бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге
жазып отырады.
Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының нәтижелеріне қарап
баға қойылады.
Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа әрпімен терілген
дәптерлерді, микрокалькуляторлар қолданылады. Шеберханадағы, оқу-өндірістік
бригадалардағы жұмыста оқушылардың тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде бақылауы.
Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондырғыларды дұрыс қолдану, мектеп жанындағы
учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу бағаланады.
Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтін жабдықтарды, материалдарды құралдарды өз бетімен
табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын ұйымдастыру, техниканы және технологияны
есептеу, қондырғыларды жинақтау және өзірлеу, экспериментке, жұмысқа керекті құралдар
әзірлеу, эксперимент өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек
гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек төртібі енеді.
Әр оқушының тегі, аты-жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған бағалары қойылады, әрбір
жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шығарылады. Мұғалім жұмыс кезінде жіберілген
кемшіліктерді айтып, әр оқушыға дер кезінде, нақты көмек береді.
Машинамен тексеру әдістері. Кейбір мектептерде білімді автоматты түрде тексеретін сыныптар
болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім
оқушының біліміндегі кемшіліктерді біліп отырады.
Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Машинада бірнеше сұрақтардың
жауаптары болады. Машина 3-5 жауаптың біреуінің дұрыс екенін хабарлап, оқушы қате жауап
берсе, белгі бермейді, немесе жауаптың қате екенін айтады. Оқу процесіне электрондық-
есептейтін техникалар, компьютерлер көптеп енгізілуде. Оқушы пәндер бойынша тақырыптарды
қалай меңгергенін тексере алады.
Өзін-өзі бақылау әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды
элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: Оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын
құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен
жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру – бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі
тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап,
оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету
енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі – оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру.
Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың
дәптерлерін кейде тексеруге болады. Кейде сабақтың соңында үй жұмысын тез тексеруге болады,
ол үшін оқушылар жаттығу жазып, немесе шағын өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған
дұрыс. Оқушылар тек дұрыс жауапты айтады, мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты
жетпейді. Сондықтан осындай тексеруден кейін нашар оқушылармен жұмыс істеледі.
Кейбір мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын бір-біріне тексертеді. Бұл тәсілдің екі нұсқасы
қолданылады: 1) оқушылардың бір-бірінің дәптерлерін тексеруі; 2) бір оқушының тақтаға үй
жұмысын жазуы (Бұл кезде сынып басқа тапсырмаларды орындайды: ауызша ережелерді
қайталайды, басқа тапсырмаларды тексереді). Оқушының тақтадағы жұмысына қарап, басқалары
өз жұмыстарындағы қателерді түзетеді.
Бастауыш сыныпты бітірер алдында басқа тәсілдер қолданылады. Жаппай сұрау арқылы
оқушылардың есептерінің нәтижелері анықталады.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып
үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады. Сұрақ-
жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың
білімдері тексеріледі.
Белгілі бір тақырып бойынша қосымша оқу ақпараттарын жинаған, оқу-тәжірибе учаскесінде
өсімдік өсірген, шеберханада бұйым жасаған, өтілген курс бойынша реферат жазған оқушыларға
сынақ қойылып, сапалы жұмыстар есептеледі. Жұмыстың түріне байланысты жеке оқушының,
топтық немесе ұжымның жұмыстарына баға беріледі. Мәселен топ және ұжымға оқу-тәжірибе
учаскесінен жақсы өнім алғаны үшін "есептелді" деген белгі қойылады.
Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім
беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін
қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып,
оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан емтихандар оқу
жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.
Емтихан жылы шырайлы жағдайда өту үшін барлық оқушыларға билеттің сұрақтары беріледі. Тек
қана практикалық тапсырмалардың, есептердің мазмұны туралы айтылмайды.
4. Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның
нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады.
Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.
Мектептегі диагностиканық міндеттері:
• оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі,
психикасының жұмысы, дамуы);
• оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім,
іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-
әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін,
адамгершілігін).
Неге тексеруден гәрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта
қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.
Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді
жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. "Енді
жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек.
"Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге
талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал
еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды.
Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы,
тексеру арқылы 3-сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады.
Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және мадақтады. Процесс те, нәтиже де жақсы
сияқты. Тек қана диагностика оқушының "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің
жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды.
Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.
Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы
оқушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар
айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және
әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі,
оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б.
зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте
қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны (сыныпты) жан-
жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-
қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың
мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық
мұғалімдер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы
ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп.
Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы
ақпараттар алудың тәсілі, мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру
жолдарын табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты алудың
қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.
5. Тексеруді ізгілендіру. Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру, бағалау педагогикалық
технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға
бола ма? Зерттеулер оқу жұмысының сапасы мадақтау әдісіне байланысты екенін дәлелдеп отыр.
Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және
бағалауды жетілдіруді талап етеді.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау.
Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы
кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің
ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру,
оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның
сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып
журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді.
Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға
әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми
әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны
тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап
қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында
өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған
оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім,
іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта
тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша
мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің
қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі
анықталады.
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан
тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау
үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының
оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт
кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің түрлері:
• Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
• Арнайы қабілетті тестілеу.
• Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.
• Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
• білім стандартына сәйкестігі;
• қате жауаптарды енгізу;
• дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
• дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
• бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге
байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды,
қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді
анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін
біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды
жасайды.
Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3
сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері
талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.
Тақырыптық бақылау үшін оның
жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды
қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін
мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы
жүйеленеді және талдап қорытылады.
Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі
кемшіліктер анықталады.
Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай анықтау мүмкін емес.
Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы
анықталмайды.
Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің
жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді әділ бағалайды, бірақ нашар оқушыға бір
балл артық, жақсы оқушыға бір балл төмен қоюға болмайды.
Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді. Мемлекеттік білім
стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскерлік, дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік
нұсқау жаңа оқу бағдарламаларында жазылған.
7. Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау
өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы);
• жеткілікті біледі (жақсы);
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
• білмейді (қанағаттанғысыз).
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп
қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл -
үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға
арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға
қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс,
ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы
теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама,
ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша
материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін
нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді
талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды
сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін
оқушыға қойылады.
8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер
бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу
материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті
жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес
беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді
ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға
абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге
деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-
жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық
сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге
ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау,
оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың
жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани
мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны
сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі
әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын
және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті
басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамнын
күні адаммен емес, «адамның күші адамзатпен және табиғатпен» деген анықтамаға лайықтап
құрып, оны төменедегідей бағыттарын анықтадық:
- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму
бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтатуына:
- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік
бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология,
халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша
энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана-сезімі мен
моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы
ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасына, ой-өрісінде жалпы
азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,
оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық
ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытқа дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық
психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |