Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Балаларды мектепке жалпы және арнайы дайындау, олардың



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

9.3 Балаларды мектепке жалпы және арнайы дайындау, олардың 
өзара байланысы
Мектепте оқытудың тиімділігі, білім алудің жаңа сатысы жағдайына 
бейімдеудің  ойдағыдай  болуы  көбінесе  мектепке  дейінгі  дайындық 
деңгейіне  байланысты  анықталады.  Мектепке  дайындау  –  ересек  ба-
лалар топтарының ерекше рөлі, бүкіл педагогикалық процестің басты 
міндеттерінің және нәтижелерінің бірі.
Мектепке дейінгі заманауи педагогикада балаларды мектепке дай-
ындау мәселелерімен Ш. А. Амонашвили, Р. С. Буре, Л. А. Венгер, Н. 
И. Гуткина, З. М. Истомина, Р. И. Жуковская, А. В. Запорожец, Е. Е. 
Кравцова, Г. Г. Кравцова, В. И. Логинова, В. Г. Нечаева, Р. Б. Стеркина, 
Д. В. Сергеева, Т. В. Тарунтаева, У. Ульенкова, А. П. Усова және т.б. 
шұғылданды. Шетел педагогикасында балаларды мектепке дайындау, 
мектеп жасына жетілгендікті қалыптастыру  мәселелерімен Г. Гетцер, 
Я. Йирасек, А. Керн, С. Штребел шұғылданды.
Арнайы зерттеулер жастары өскен сайын мектепке дайындықсыз 
баратын  балалардың  саны  азайғандығын  көрсетеді:  5  жас 
шамасындағылар  80% маңайында; алтыжастықтар ішінде – 51%;  алты 
жарым жастағыларда «дайын еместер» әжептәуір аз - 32%. 7 жастағы 
балалардың ішінен мектепте оқуға дайын емесі - 13% .
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері мен мазмұнын 
оның негізгі екі бағыты анықтайды: жалпы және арнайы дайындық (С. 
А. Козлова, Т. А. Куликова).
Мектепке  арнайы  дайындық  –  негізгі  пәндер  (математика,  оқу, 
жазу, қоршаған әлем) бойынша бірінші сынып оқу материалы мазмұнын 
ойдағыдай меңгеруді қамтамасыз ететіндей баланың білім мен білікті 
меңгеруді жүзеге асыратын процесс.
Жалпы  дайындықтың  мақсаты  баланы  жан-жақты  үйлесімді  да-
мыту.  Бұл  процестің  нәтижесі  жеке  тұлғаның  дене,  мотивациялық, 
адамгершілік-еріктік,  интеллектуалдық,  коммуникативтік  аясын 
қалыптастыру және баланың барлық іс-әрекет түрлерін дамыту болып 
табылады.
Бұл екі бағыт бірлікте болуы қажет. Біртұтас дайындық процесін 
логикалық  тұрғыдан  екі  бөлікке  бөлу  арқылы  негіздеу  оны  жүзеге 
асырудың  педагогикалық  процестегі  мақсаты  мен  уақытша  шегінде 
ғана байланысты емес.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі балалық шақта барлық уақытта 
жүзеге асырылады. Барлық жас топтарында педагог тұлғаның әртүрлі 

158
жақтарын, бала іс-әрекетін дамытумен  шұғылданады. Қорытындысы – 
баланы жасына және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамыту.
Мектепке  дейінгі  ересек  жаста  оқу  пәндерін    меңгеруге  арнайы 
дайындық ары қарай оқу пәндерін мектепте меңгеруге негіз болатын-
дай материалды үйрену барысында жүзеге асырылады.  Бұл дайындық 
арнайы сабақтарда жүргізіледі. Білім мен білікті дамыту негіздерін ба-
лалар бұған дейін де алады. Дегенмен мектепке дейінгі ересек жаста 
сауаттылыққа үйрету, қоршаған ортаның ұғымдары мен заңдылықтарын 
меңгеруге ерекше назар аударылады, оқытудың сапасы мен нәтижесіне 
айрықша талаптар қойылады. Мектепке арнайы дайындаудың мақсаты, 
мазмұны түсінікті болады, мектепке дейінгі педагогикада шын мәнінде 
оның маңыздылығы мен жүзеге асыру мерзімінде қайшы пікірлер жоқ.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі педагогикада және психологи-
яда зерттеу пәні ретінде қарастырылады. Балаларды мектепке жалпы  
дайындаудың  анықтамасының  құрылымының  арнайы  дайындықтан 
айырмашылығы  онда  әртүрлі  көзқарастар  қарастырылады.  Осыдан 
жалпы  дайындық  бағыттарын  анықтауға  көзқарастардың  әртүрлі 
екендігін білеміз.
Жалпы  дайындық  туралы    айтылған  пікірлерді  жинақтай  келе, 
олардың мына төмендегі жағдайларға бағыттағандығын білдік:

баланың физикалық дамуына;

интеллектуалдық  аясының,  танымдық  процестердің  ойлау 
амалдарына, сөз сөйлеуіне;

тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік тәрбиесіне;

үлкендермен және балалармен өзара қарым-қатынас дағдыларын 
дамытуға;

мектеп,  оқудың  оқу-танымдық  және  әлеуметтік  мотивациясы, 
оқушының ішкі позициясы туралы білім қалыптастыруға;

болашақ  оқушының  басты  тұлғалық  қасиеттерін  дамытуға, 
ірілі-ұсақты 
 
моторикасының, 
графиктік 
дағдыларының, 
психикалық  процестердің,  емін-еркіндіктің,  оқу  мотивациясының, 
оқытылатындығының қалыптасқандығына;

тәртібі мен ісінде еркіндікті дамытуға;

оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына.
Баланың мектепте оқуға дайындығын оның мақсаттары анықтайды. 
Нәтиже  ретінде  дайындықтың  -  біртұтас  процестің  синтетикалық 
нәтижесі алынады.

159
9.4  Мектепте оқуға дайындық мектепке дейінгі мекемеде білім 
беру процесінің нәтижесі ретінде
Мектепке дайын болуды қалыптастыру – кешенді проблема, ол ма-
мандар мен мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының басты 
назарын талап етеді. Соңғы кездерде мектепте елеулі өзгерістер болды, 
жаңа  бағдарламалар  енгізілді,  мектептің  құрылымы  өзгерді.  Бірінші 
сыныпқа  баратын  балаларға  неғұрлым  жоғары  талаптар  қойылды. 
Мектепте  баламалы  әдістемелердің  дамуы  балаларды  неғұрлым 
қарқынды бағдарламалар бойынша оқытуға жағдай туғызды.
Мектепке  дейінгі  тәрбие  жүйесінің  басты  міндеті  бала  түлғасын 
жан-жақты  дамыту  және  оны  мектепке  дайындау.  Өмірдің  оқыту 
мен  тәрбиедеуді  ұйымдастыруға  жоғары  талап  қоюы  оқыту  әдістерін 
өмір  талабымен  сәйкестендіретіндей  неғұрлым  жаңа  психологиялық-
педагогикалық тиімді әдістерді іздестіруге итермелейді.
Бұл контексте балалардың мектепте оқуға дайын болуының ерек-
ше  маңызы  бар.  Мұнымен  мектепке  дейінгі  мекемеде  оқыту  мен 
тәрбиелеудің мақсаттары мен принциптерін анықталады.  Балалардың 
ары қарай мектепте оқуының жемісті болуы осы мәселенің шешілуіне 
байланысты.
Заманауи    психологтар  (А.  А.  Венгер,  С.  П.  Проскура  және  т.б.) 
интеллектің 80%-ы 8 жасқа дейін қалыптасады деп санайды. Мұндай 
қағида  мектепке  дейінгі  ересек  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуді 
ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды. Балаларды мектепке дайындау 
педагогика  мен  заманауи  білім  берудің  аса  көкейтесті  мәселелерінің 
бірі болып табылады.
Бала  тұлғасын  дамыту  міндеттерін  жемісті  шешу,  оқытудың 
тиімділігін арттыру, ыңғайлы кәсіби қалыптасу көбінесе, балаларды мек-
тепте оқуға дайындау деңгейінің қаншалықты дұрыс ескерілетіндігімен 
анықталады. Заманауи психологияда әзірге «дайын болу» немесе «мек-
теп жасына толу» ұғымдарына бірыңғай және нақты анықтама берілген 
жоқ.  Баланың  мектепке  дейінгіден  мектеп  өміріне  көшуі  психология 
мен педагогикада кеңінен зерттеліп жүрген өте үлкен кешенді пробле-
ма болып табылады.
 Психологияда балаларды мектепте оқуға дайындаудың мәнін Л. А. 
Венгер, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддьяков ашып берді. Педагогикада 
бұл  процестің  негіздерін    М.  М.  Безруких,  С.  П.  Ефимова,  В.  И. 
Логинова, П. Г . Саморукова, Т. В. Тарунтаева және т.б. қарастырды.  
Н.  И.  Гуткинаның,  Е.  Е.  Кравцованың,  Н.  В.  Нижегородцеваның,  В. 

160
Д.  Шадриковтың,  К.  Н.  Поливанованың,  Н.  Г.  Салминованың  және 
көптеген басқа да психологтардың зерттеулері күрделі феномен – мек-
тепке дайын болуды кеңінен талдауға арналды.
Бүгінгі күнге мектепте оқуға дайын болу  - көпкомпонентті білім 
беру, ол кешенді психологиялық және педагогикалық зерттеулерді та-
лап ететіндігі жалпы мойындалып отыр.
Мектепке дайын болу – мектепке дейінгі мекеме мен отбасының 
мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың 
маңызды нәтижесі, сол сияқты білім беру мекемесінің мектепке дейінгі 
ересек  балалар  топтарындағы  арнайы  жұмыс  нәтижесі.  Дайын  болу 
мектепке дейінгі мекеменің барлық жұмыстарының нәтижесі (жастары 
әртүрлі барлық топтарда, балаларды дамытудың барлық бағыттары бой-
ынша), мектепке дейінгі мекеменің ересек балалар топтарындағы мек-
тепте оқу пәндерін меңгеруге бағытталған арнайы іс-әрекет нәтижесі. 
Мектепке дайын болуға қол жеткізу тек қана білім, білік, дағды жүйесін 
меңгерумен  анықталып  қоймайды,  оқу  іс-әрекетін  ойдағыдай  бастау 
үшін қажетті баланың психологиялық қасиеттері де қалыптастырылады.
Балалар психологиясында балалардың мектепке дайын болу про-
блемаларын зерттеу мәселелері Л. И. Божовичтің, Д. Б. Элькониннің, 
Н.  Г.  Салминаның,  Е.  Е.  Кравцованың,  Н.  В.  Нижегородцеваның,  В. 
Д.  Шадриковтың  және  т.б.  жұмыстарында  бар.  Бұл  авторлар  Л.  С. 
Выготскийден кейін оқу өзінен кейін дамуды алып келеді, сондықтан 
оқуды  ондағы психологиялық функциялар жетілмей тұрып бастау ке-
рек деп есептейді. Оның үстіне, бұл зерттеулердің авторлары мектепте 
оқу жемісті болу үшін балалардың білім, білік және дағды жинағы емес, 
мектепте оқудың психологиялық алғышарты ретінде қарастырылатын 
оның тұлғалық және интеллектуалды дамуының деңгейі маңызды деп 
санайды.
Мектепке дайын болу – тұлғаның жан-жақты даму нәтижесі және 
мектепке  дейінгі  педагогикада  екі  бағытта  қарастырылады  –  жалпы 
және арнайы дайын болу. Дайын болудың аталған түрлерінің әрқайсысы 
мектепке дайындау бағыттарының тиісті нәтижесі болады.
Мектепке арнайы дайын болу – балада мектеп пәндерін (матема-
тика, қазақ тілі, жаратылыстану) оқып үйренуге қажетті арнайы білім, 
білік және дағдылардың болуымен анықталады.
Мектепке жалпы дайын болу – баланың мектепке барарда мектеп-
те оқудың жаңа жағдайына белсенді кірісе алуы үшін және оқу мате-
риалын саналы түрде меңгеру үшін қажетті негіз болатын физикалық, 
психикалық,  ақыл-ой,  адамгершілік,  еріктік,  коммуникативтік, 

161
эстетикалық  даму  деңгейіне  жетуінен  көрінеді.  Жалпы  дайын  болу 
бала  мектепке  барарда  қол  жеткізетін  белгілі  бір  психикалық  даму 
деңгейімен  сипатталады  және  тұтас  бір  диагностикалық  әдістеме 
кешенімен айқындалады.
Мектепке психологиялық дайын болу – ғалымдардың жалпы дайын 
болу құрамына енгізген дайын болудың түрі.
Мектепке  психологиялық  дайын  болу  проблемасын  талқылай 
келе, Л. И. Божович оның екі аспектісін қарастырады: тұлғалық және  
интеллектуалдық дайын болу. Мұнда  баланың психикалық дамуының 
мектепте  оқудың  жемісті  болуына    едәуір  әсер  ететін    бірнеше  
параметрлері айқындалады:

оқудың  танымдық  және  әлеуметтік  мотивтерін  қамтитын 
баланың  мотивациялық даму деңгейі;

еркін жүріс-тұрысының жеткілікті дамуы;

интеллектуалдық аясы дамуының белгілі бір деңгейі.
Мектепке  психологиялық  дайын  болудың  негізгі  критерийі  Л.  И. 
Божовичтің еңбектерінде жаңадан пайда болған «оқушының ішкі пози-
циясы», ол жаңа деңгейдегі үлкендермен қарым-қатынаста танымдық 
сұраныс  нәтижесінде  туындайтын  баланың  қоршаған  ортаға  жаңа 
көзқарасын білдіреді.
Д.  Б.  Эльконин  мектепке  дайын  болу  проблемасын  талдай 
келе,  бірінші  орынға  оқу  іс-әректін  меңгерудің  психологиялық 
алғышарттарының  қалыптасқандығын  қояды.  Аса  маңызды 
алғышарттарға ол баланың мынадай біліктерін жатқызды:

өз жұмысының іс-қимыл тәсілдерін жалпы түрде анықтайтын 
ережелерге саналы түрде бағындыру;

жұмыста ережелер жүйесіне бағдар ұстау;

үлкендердің нұсқауын тыңдау және орындау;

үлгі бойынша жұмыс істеу.
Барлық бұл алғышарттар мектепке дейінгі жастан мектептің кіші 
жастағы  оқушысына  көшу  кезеңіндегі  баланың  психикалық  даму 
ерекшеліктерінен  туындайды,  атап  айтқанда:  әлеуметтік  қатынаста 
тікелей  әрекеттің  жойылуы;  бағасына  байланысты  алаңдаушылығы; 
өзін-өзі бақылау ерекшеліктері.
Н.  Г.  Салмина  мектепке  психологиялық  дайын  болудың  негізгі 
көрсеткіші ретінде мыналарды бөліп көрсетеді:

еркінділік оқу іс-әрекетінің алғышарттарының бірі ретінде;

семиотикалық функцияның қалыптасқандық деңгейі;

қарым-қатынас  ерекшеліктерін,  қойылған  міндеттерді  шешу 
11–7463

162
үшін бірігіп жұмыс істеу білігін, эмоционалдық аясының дамуын және 
т.б. қамтитын тұлғалық мінездемесі.
Бұл көзқарастың ерекше белгісі семиотикалық функцияны баланың 
мектепке дайын болуының көрсеткіші ретінде қарастыруы, оның үстіне 
бұл функцияның даму дәрежесі баланың интеллектуалдық дамуын си-
паттайды.
  Е.  Е.  Кравцова  мен  Г.  Г.  Кравцовтың  жұмыстарында  баланың 
мектепке  дайын  болуын  сипаттағанда  негізінен  баланың  дамуының 
пороліне сүйенеді.   Үш сфера айқындалады – үлкенге, құрбысына және 
өзіне көзқарасы, бұлардың даму деңгейі мектепке дайын болу дәрежесін 
көрсетеді және оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттерімен 
үйлеседі. Бұл тұжырымдамада маңызды көрсеткіш баланың серіктестік 
және  кооперация  тұрғысынан  үлкендермен  және  құрбыларымен 
қатынасының даму деңгейі болады. Серіктестігі мен кооперациясының 
көрсеткіші  жоғары  балалар    интеллектуалдық  дамудың  да  жоғары 
көрсеткішіне ие болады деп есептелінеді.
Н.  Б.  Нижегородцева  мен  Н.  Д.  Шадрикова  мектепте  оқуға  жал-
пы (психологиялық) дайын болуды маңызды оқу сапаларынан (МОС) 
тұратын    құрылым  деп  санайды.  Әртүрлі  маңызды  оқу  сапалары 
мектептегі оқудың жемісті болуына әртүрлі әсер етеді дейді. Осыған бай-
ланысты  бағдарламалық материалды жемісті меңгерудің жемістілігіне 
едәуір  әсерін  тигізетін  МОС-ын  айқындап  көрсетеді.  Базалық  және 
жетекші МОС  оқудың басында бірінші сыныпта негізінен бірдей бола-
ды. Оларға жататындар:

оқу мотивтері;

көру арқылы талдау (бейнелеп ойлау);

оқу міндетін қабылдауға қабілеттілігі;

кірісу дағдылары;

графикалық дағды;

іс-әрекетін ретке келтірудегі еріктілігі;

үйренетіндігі.
Олар  екі  параметр  бойынша  бөлінеді.  Базалық  МОС-на  тағы  да 
жалпылау деңгейі жатады (логикалық ойлау алғышарттары), ал жетекші 
МОС-на  вербалды механикалық ес қосылады.  Болашақ оқушының оқу 
басындағы МОС құрылымы,  «старттық дайын болу» деп аталады. Оқыту  
процесінде оқу іс-әрекетінің әсерінен старттық дайын болуда мектепте 
екінші рет дайын болуға әкелетіндей өзгерістер болады, баланың ары 
қарай үлгеруі осыған байланысты болады. Авторлар бірінші сыныптың 
аяғына оқытудың жемісі старттық дайын болуға аса байланысты болмай 

163
қалады, өйткені білімді меңгеру процесінде старттық дайындыққа дейін 
болмаған жаңа МОС қалыптасады деп көрсетеді.
Зерттеулердің  барлығында  көзқарастардың  айырмашылықтарына 
қарамастан  бірінші сынып оқушысы оқытудың бастапқы кезеңі үшін 
кейін оқу процесінде дамытылатын және жетілдірілетін қажетті және 
жеткілікті сапаларды меңгерген жағдайда ғана мектепте оқыту тиімді 
деп саналады деген факті қабылданады.
Баланың  мектепке  психологиялық  дайын  болуын  мектепте  оқуға 
қажетті баланың психикалық даму деңгейімен анықтауға болады. Оның 
үстіне бұл білімнің көпкомпоненттілігін атап көрсеткен жөн. Мектепке 
дайын  болуды  талдауға  арналған  психологиялық  әдебиеттерде, 
көбінесе  психологиялық  дайын  болудың  мынадай  элементтері 
көрсетіледі:  интеллектуалдық,  жеке  тұлғалық  және  еріктік.  Қазіргі 
сәтке баланың мектепке дайын болу деңгейін анықтайтындай бірқатар 
психодиагностикалық әдістемелер жасалды (Л. А. Венгер, Г. Витцлак, 
Н. И. Гуткина, Е. Е. Кравцова және т.б.).
Мектепке  психологиялық  дайын  болу  мектепте  жақсы  оқу  
тұрғысынан  қарағанда  бірінші  сыныпқа  түскен  баланың  психикалық 
даму көрсеткіштерін жинақтайды. Психологиялық дайын болу мына-
ларды қамтиды:

оқуға  ұмтылып,  мектеп  оқушысы  болуды  қалайтын  мектепке 
мотивациялық дайын болу;

танымдық іс-әрекетінің жоғары деңгейі мен ойлау амалдарының 
жеткілікті дамығандығы;

  таңбалық-символдық  функциялары  туралы  түсінігінің  болуы 
және орнын басуға қабілеттілігі;

баланың оқу іс-әрекеті элементтерін меңгеруі;

еріктік және әлеуметтік дамудың белгілі бір деңгейі;

өз тәртібін еркін басқаруы;

мұғалімдермен 
еркін 
қарым-қатынас 
түрін 
орнату, 
құрбыларымен арақатынасын ретке келтіру.
Мектепте оқуға психологиялық дайын болу мәселелерін педагог-
тар, психологтар, дефектологтар: Л.  И.  Божович,  Л.  А.  Венгер, А.  Л. 
Венгер, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Керн, Е. Е. Кравцова, Г. Г. 
Кравцов, А. Р. Лурия, В. С. Мухина, С. Л. Рубинштейн, Е. О. Смирнова 
және басқалары қарастырды. Психологиялық дайын болу баланы сы-
нып ұжымына кіруге психологиялық алғышартты; оқу материалын са-
налы, белсенді меңгеруді; мектептегі көптеген міндеттерді орындауды, 
оқуға жауапты қарауды қамтамасыз етеді.

164
Балалардың  мектепке  жалпы  мазмұнын  анықтаудың  әртүрлі 
көзқарастарын қарастырайық.
 П. И. Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде  
мектепке дайын болуды дайындықтың мотивациялық, еріктік, ақыл-ой,  
коммуникативтік және сөйлеу түрлерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Мотивациялық  дайындық  –  оқуға  қоғамдық  маңызды  іс  сияқты 
қарау және білім алуға тырысу. Бұл компонентті дамытудың алғышарты 
мектепке баруға жалпы құлшынысының, білуге  құмарлығының болуы 
деп көрсетеді. 
Еріктік  дайын  болу  –  үлгіге  сәйкес  әрекет  ету  білігі  және  өзінің 
нәтижесін эталонмен салыстыру арқылы бақылау жасау. Үлгі үлкеннің 
әрекеті түрінде, ереже түрінде де болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың  (интеллектуалдық)  дайын  болуы  –  таным 
процестерінің дамуының жоғары деңгейіне жеткілікті қол жеткізу (са-
ралап  қабылдау,  еркін  назар,  мағыналық  есте  ұстау,  көрнекі-бейнелік 
ойлау, логикалық ойлауды меңгерудің бастапқы қадамдары).
Коммуникативтік  дайын  болу  –    үлкендермен  ерікті-контекстік 
қарым-қатынас және құрбыларымен кооперативтік-жарыстың болуы.
Сөйлеу  дайындығы  –  тілдің    грамматикасы  мен  лексикасын 
меңгеру, өз сөйлеген сөзін саналы түрде түсінудің белгілі бір дәрежесі, 
сөйлеу  формаларының  (сыртқы,  ішкі,  диалогтық,  монологтық)  және 
функцияларының  (қарым-қатынас,  жалпылау,  жоспарлау,  бағалау) 
қалыптасуы.
Л. И. Божович мектепте оқуға дайын болу ойлау әрекетінің қандай 
да  бір  деңгейінен,  танымдық  қызығушылықтан,  өзінің  танымдық  іс-
әрекетін еркін реттеу және оқушының әлеуметтік позициясына дайын 
болудан  тұрады  деп    көрсетеді.  Л.  И.  Божович  жалпы  дайындықтың 
екі аспектісін көрсетеді: тұлғалық және интеллектуалдық дайын болу.  
Мұнда баланың психикалық дамуының баланың мектепте жақсы оқуына 
неғұрлым маңызды әсер ететін бірнеше параметрлері қарастырылады. 
В. И. Логинова, П. Г. Саморукова, Г. М. Лямина, Л. А. Венгер, А. В. 
Запорожец, Т. В. Тарунтаева баланың мектепке дайын болуын жалпы 
және арнайы дайындықтың бірлігі деп қарастырады. Жалпы дайындық 
құрылымында  өз  кезегінде  бірқатар  компоненттер  анықталады: 
психологиялық,  физикалық,  адамгершілік-еріктік,  интеллектуалдық 
дайын болу.
Н.  В.  Нижегородцева,  В.  Д.  Шадриков  баланың  мектепте  оқуға 
жалпы  дайын  болу  құрылымы  физиологиялық  (бала  организмі 
функционалдық  жүйесінің  даму  деңгейімен,  денсаулық  жағдайымен  

165
анықталады),  әлеуметтік  (мектепте  оқу  жағдаяттарына  байланы-
сты  қарым-қатынастың  жаңа  түрлеріне,  қоршаған  орта  мен  өзіне 
көзқарастың жаңа түрлеріне дайын болу арқылы көрінетін - тұлғалық),  
психологиялық дайын болуды (МОС-ның қалыптасуымен анықталады) 
қамтиды деп көрсетеді.
Т. И. Бабаева мектепке дайын болуды эмоционалдық-мотивациялық 
(мотивтер,  сұраныс, мектепке эмоционалдық көзқарас) бірлігі арқылы, 
мазмұндық-мағыналық  (дүние  туралы  білімнің  болуы,  ой-өрісі, 
құндылық түсініктері), операциялық-әрекеттік (біліктің, дағдылардың, 
қабілеттің қалыптасқандығы), бақылау - реттеу (бағалауға қабілеттілік, 
әрекетті  коррекциялау,  еріктілік,    өзінділік,  жауапкершілік)  блоктар-
дан  тұрады  деп  қарастырады.  Петербург  мектебінің  көзқарасына  Н. 
Ф.  Алиеваның,  М.  А.  Галагузованың  көзқарасы  жақын,  олар  мектеп-
ке  дайын  болудың  құндылық-мотивациялық,  мазмұндық-мағыналық, 
қатынас-әрекеттік блоктарын анытап көрсетеді.
В. Г. Маралов мектепте оқуға дайын болудың үш блогын көрсетеді:

морфофункционалдық  даму  блогы  –    физикалық  даму  және 
денсаулық  дәрежесі,  дененің  жас    пропорциясы,  анализаторлардың 
дамуы,  физикалық  сапаларының  көріну  дәрежесі,  жүйке  жүйесінің 
типологиялық ерекшеліктері, сөйлеу және бұлшық ет аппараттарының 
дамуы;

интеллектуалдық  даму  блогы  –  қабылдау,  ойлау,  ес,  елестету 
және басқа танымдық процестердің қалыптасқандық дәрежесі;

тұлғалық даму блогы - мотивациялық-эмоционалдық аясының, 
баланың үлкендерге, құрбыларына, өзіне, қатынас жүйесі, жақсы оқу 
үшін қажетті тұлғалық қасиеттерінің болуы.
Р.  С.  Буре  мектепке  дайын  болудың  маңызды  компоненттері   
адамгершілік-еріктік  дайын  болу,  тұлғалық  позиция  және  оқуға 
құлқының  болуы,  жалпы  адамгершілік  тұрғыда  тәрбиеленгендігі, 
мұғаліммен сыйластық қарым-қатынас, құрбыларының ұжымына кіруге 
ұмтылысы,  олармен жағымды қарым-қатынаста болу деп есептейді.
Г. Гетцер, Э. Йирасек, А. Керн «дайын болу» және «мектеп жасына 
толу» ұғымдарын теңестіреді. Мектеп жасына толу құрылымында олар  
морфофункционалды  (физикалық  дамуды,  денсаулығын),  интеллек-
туалды  (таным  процестерінің  дамығандығын,  ойлау  операцияларын), 
эмоционалдық (еріктілігін, өзін-өзі реттеуін), әлеуметтік (құрбыларымен 
қарым-қатынас сұраныстарын, өз ісін балалар топтарының заңдарына 
бағындыра  білуін,  оқушының  рөлін  орындау  қабілетін)  жетілгендікті 
көрсетеді.

166
Н.  Н.  Поддьяков  мектепке  жалпы  дайын  болуды  балаларда 
сөйлеу  және  таным  іс-әрекетінің,  тәртіп  мәдениеті  элементтерінің 
қалыптасқандығымен, өзін-өзі тануға бағдарлануымен байланыстыра-
ды.
Сонымен, жалпы дайын болу құрылымына бірқатар компоненттер 
кіреді екен, олар балаға жаңа әлеуметтік ситуацияға кірігуге, жаңа іс-
әркект пен әлеуметтік позицияға бейімделуге мүмкіндік береді.
Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, біз мектепке жалпы дайын 
болу құрылымын түсінуде авторлық позицияны анықтадық. Біз оның  
құрылымына  физикалық,  мотивациялық,  интеллектуалдық,  тұлғалық, 
әлеуметтік дайын болуды енгіздік.
Баланың  мектепке  дене  дамуы  жағынан  дайын  болуының  жақсы 
оқу үшін үлкен маңызы бар. Организмнің дайын болуы морфологиялық 
және  функционалдық  дамуымен  анықталады.  Егер  бала  физикалық 
тұрғыда  әлсіз  болса,  оған  өз  денесін  ұстау  күрделі  болады,  парта-
да  отырғанда  тез  шаршайтындықтан  сабақта  жұмыс  істеу  қиынға 
соғады. Жазуды меңгеру үшін бұлшық еттерінің ұсақ топтары дамуы 
керек. Одан басқа балада бұлшық еттерінің ірі топтары да, жүгіргенде, 
секіргенде, өрмелегенде, лақтырғанда және т.с.с.  қозғалыс дағдылары 
дамыған болуы тиіс.
Баланың  мектепке  келуімен  байланысты  өмір  салтындағы 
өзгерістер -  күн тәртібінің өзгеруі, салауатты оқу, еңбегі, сабақтардың 
ұзақтығы, үй тапсырмаларын орындау баладан әжептәуір күш-жігерді 
талап етеді.
Мектепке  дене  дамуы    дайын  болу  көптеген  компоненттерді 
қамтиды:

баланың жақсы денсаулығы;

шыныққандығы;

ағзасының белгілі бір төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі;

ағзасының қарсы тұруының жоғары дәрежесі;

баланың үйлесімді физикалық  және жүйке-психикалық дамуы;

баланың морфологиялық және физиологиялық дамуының жас 
көрсеткіштеріне сәйкестігі;

моторикасының жоғары даму деңгейі;

баланың мәдени-гигиеналық дағдыларын меңгеруі;

жеке гигиена ережелерін сақтау әдетінің қалыптасқандығы;

мектеп жасына толуды қалыптастыру.
Интеллектуалды  дайын  болу  деп  баланың  оқу  әрекетіне  көшуін 
қамтамасыз  ететін  іштей  ойлауының  сәйкес  деңгейін  айтамыз. 

167
Балалардың мектепке интеллектуалды дайын болуына себепші болатын 
оқушының жетекші іс-әрекеті – балалардан ой еңбегін, қабілетін және 
таным әрекетін белсенділендіруді талап ететін  оқу. Баланың мектепке 
интеллектуалдық дайын болуы бірнеше өзара байланысты  компонент-
терден тұрады, оларға мыналар жатады:

баланың қоршаған дүниеге бағдар алуы;

жаңаны білуге құлқы;

білуге әуестігі;

бейнелеу түсінігінің дамуы;

қарапайым оқу дағдыларының қалыптасқандығы;

психикалық процестердің дамуы;

сенсорлық даму;

білім қоры – ой-өрісі;

білімнің сараланғандығы;

жүйелі меңгерілген білім;

танымдық іс-әрекеттің даму деңгейі;

ойлау  әрекетінің  жалпы  деңгейі  (жалпылау,  салыстыру, 
объектілерді  классификациялау қабілеті);

ойлау әрекетінің өзінділігі;

балалардың оқу әрекеті элементтерін меңгеруі;

қарапайым  математикалық  түсініктерді,  ана  тілін,  сауаттың 
алғашқы негіздерін меңгеруде  білім, білік, дағдылардың аясының кең 
болуы.
Е.  Н.  Ращикулина  ойлау  процесінің  тұтастық  идеясын  және 
ойлаудың вербалдық компоненттерін (Р. Арнхейм, Л. М. Веккер, Л. А. 
Венгер және т.б.), сол сияқты ойлау принциптері – табиғатбейнелеушілік, 
мәдениетбейнелеушілік  және  толықтырушылық  принциптерін  негізге 
алып мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін атап 
көрсетті. 
Одан  басқа,  мектепте  оқуға  интеллектуалдық  дайын  болу 
көрсеткіштерін  жасағанда  ол  Н. Н. Поддьяковтың бала ойлауының 
өзіндік даму идеясын ескерді.  Бала ойлауының өзіндік даму идеясы, 
біріншіден,  әрбір  ойлау  қадамы  қандай  да  бір  нәрсені  түсіндіргенде, 
жаңа,  тиянақты  нақты  білім  берген  жағдайда,  екіншіден,  білім  жаңа 
диффуздық,  «анық  емес»,  танылатын  объектінің  аса  белгілі  емес 
жақтарын  көрсететін  интуитивтік  білімнің  туу  негіздері  болған 
жағдайда болады. 

168

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет