Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Балаларды мектепке дайындаудын  психологиялық-



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

9.7 Балаларды мектепке дайындаудын  психологиялық-
педагогикалық проблемалары
Балаларды мектепке дайындау аспектісінде бірқатар проблемалар 
бар. Бұл проблемалар мен қайшылықтарды шешу отбасы мен мектепке 
дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындаудың 
теориясы  мен  практикасын  қалыптастыруды  дамытудың  қозғаушы 
күші болады. Проблемаларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: 
ұдайы,  білім  беруді  дамытудың  кез  келген  кезеңіндегі  өзекті  пробле-
ма, мұны шешу педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде жүзеге 
асырылып отыруы тиіс; ситуациялық сипаттағы проблемалар, олар өз 
шешімдерін нақты уақытша ситуацияларда татбуды талап етеді. 
Бірінші топтың кейбір проблемаларын көрсетейік.

Мектепте оқуға көшу үшін оңтайлы жас кезеңін анықтау про-
блемалары.

Баланы мектепке нәтижелі бейімделуді қамтамасыз ету пробле-
малары  (биологиялық, әлеуметтік).

184

Мектепте  және  балалар  бақшасында  баланы  жалпы  және  ар-
найы дайындау сапасын көтеру проблемалары.

  Мектепке  дейінгі  мекемеге  бармайтын  балаларды  мектепке 
білім беру мекемелерінің (орталықтар, қысқа мерзімді топтар) балама-
лы балабақшаларында дайындау проблемалары. 

«Балабақша - мектеп» жүйесінде дайындаудың сабақтастығын 
қамтамасыз ету проблемалары.

Баланы мектепке дайындаудың барлық түрлерін кешенді диагно-
стикалауды қамтамасыз ету проблемалары (кезеңділік, толыққандылық, 
жан-жақтылық).

Мектепке  жалпы  және  арнайы  дайындауды  жүзеге  асырудағы 
педагогикалық  кадрлар    проблемалары;  тәрбиешілер  мен  бастауыш 
мектеп мұғалімдерінің жұмысының сабақтастығын жүзеге асыру про-
блемалары; бұл аспектідегі баламен жұмыстың отбасымен өзара әрекеті 
проблемалары.

Балаларды 
мектепке 
дайындағанда 
олардың 
жеке 
ерекшеліктерінен  туындайтын  проблемалар  («солақай»  балалар,  да-
муында  ауытқулары  бар  балалар,  дарынды  балалар,  алты  жасарлар, 
физикалық және психикалық даму ерекшеліктері бар балалар).

Баланы  мектепте  оқуға  дайындағанда  оның  қандай  да  бір 
компоненттерінің болмауымен немесе жеткіліксіз қалыптасқандығынан 
туындайтын проблемалар.

 Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындағанда ата-
аналар мен педагогтардың теориялық және әдістемелік материалдардың 
көптігінен оларды дұрыс таңдай білу қажеттілігімен байланысты про-
блемалар;  дайындау  процесі  ретіндегі  нәтиже  ретіндегі  мектепке 
дайындықтың мәнін ашатын көзқарастардың әртүрлілігімен байланы-
сты проблемалар.
Бұл  проблемалар  кешенін  жалғастыра  беруге  болады.  Бұлардың 
әрқайсысынан  дербес  проблемалар  бөліп  алуға  болады.  Бұл  тізім 
педагогикалық  процестің  нақты  ішкі  және  сыртқы  шарттары-
на  негізделген,  отбасы  жағдайының  ерекшеліктеріне  және  басқа 
да  факторларға  байланысты  дайындықтың  жеке  проблемаларымен 
толықтырылуы мүмкін.
Тақырыпты  аяқтай  келе,  оны  ашуды  толық  аяқтадық  деп  айтуға 
болмайтындығын атап көрсетеміз. Тақырып ауқымды, оның қосымша 
өз бетімен зерттеуді және мектепке дейінгі мекемелер мамандарының 
саналы  түрде  ойлануын  қажет  ететіндей  көптеген  аспектілері  бар. 
Ұсынылған  әдебиеттермен  өзіндік  жұмыстарды,  практикалық  тап-

185
сырмаларды  орындау  бұл  тақырыпты  терең  түсінуге,  алған  білімді 
практикалық  сабақтарда  қолдануға,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жүргізгенде,  білім  беру  мекемелеріндегі  педагогикалық  қызметінде, 
ата-аналармен жұмыс жүргізуде көмек болады.
Өздік жұмыс үшін тапсырмалар
1.  Сөздікті  жаңа  терминдермен  толықтырыңыздар,  олардың 
арасындағы байланысты анықтаңыздар.
2.  Балалар  психологиясы  курсынан  мектеп  жасына  дейінгі  ере-
сек  балалардың  даму  ерекшеліктерін  көрсетіңіздер.  Баланы  мектепке 
дайындау  тиімді  болу  үшін  оларды  қалай  пайдалану  керек  екендігін 
түсіндіріңіздер.
3. Базалық балабақшадағы дайындық тобына барыңыздар. Видео 
немесе  фотокамераның  көмегімен  топтағы  ортаның  толық  бейнесін 
құрыңыздар.  Оқу  аймағы  тұрғысынан  ортаны,  оның  толықтығын, 
мектепке  дайындаудың  әр  түрлерін  қалыптастыратындай  қолда  бар 
құралдарын  бағалаңыздар.  Сабаққа  қатысыңыздар  және  баланы  мек-
тепке  дайындаудың  педагогикалық  әдістері  мен  тәсілдерін  бөліп 
көрсетіңіздер.
4.  «Баланы  мектепке  дайындауда  бала  іс-әрекетінің  әр  түрінің 
әлеуеті» атты кесте құрыңыздар. Оны ұсынылған әдебиеттерді пайда-
ланып толтырыңыздар.
5. «Отбасы жағдайында баланы мектепке дайындауды ұйымдастыру. 
Отбасы  мен мектепке дейінгі мекеменің байланысы» тақырыбына ата-
ана  жиналысына  баяндама  мәтінін  дайындаңыздар.  Кіші  топта  бұл 
тақырып бойынша көшпелі папкалар жасаңыздар.
6. Баланы мектепке дайындауда мектепке дейінгі мекеме мен ба-
стауыш  мектептің  өзара  іс-әрекет  мүмкіндіктерінің,  бұл  жұмыста 
сабақтастықты  қамтамасыз  ету  кестесің  жасаңыздар.  Кестенің  атын 
қойып,  олардың  байланыстарын  бағдар-сызықтармен    көрсетіңіздер. 
Кестені құру үшін мына әдебиеттерді пайдаланыңыздар: Дошкольная 
педагогика / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. – б.2. т.7. 
Формы связи детского сада и школы.
7. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс процесіндегі 
мектепке дейінгі мекеме мамандары мен мектептің өзара іс-әрекетінің 
жылдық жоспарын жасаңыздар, бұл процесті ата-аналармен байланы-
сты көрсетіңіздер.
8.  Базалық  балабақшада  педагогтардың  баланы  мектепке  дай-
ындауды  диагностикалау  үшін  пайдаланатын  материалдарымен 

186
танысыңыздар.  Бұл  мәселені  өздіктеріңізден  теориядағы  орнын 
қарастырыңыздар. Тапсырманы орындау үшін диагностикаға байланы-
сты әдебиеттерді пайдаланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. Айзман Р. И., Жарова Г. Н. и др. Подготовка ребенка к школе. – 
М., 1991.
2. Божович Л. И. Отношение дошкольников к учению как психоло-
гическая проблема // Вопросы психологии школьников. – М., 1951.
3. Буре Р. С. Готовим детей к школе. – М., 1987.
4. Вазина В. Я. Воспитание целеустремленности поведения у детей 
в игровой деятельности. – Горький, 1985.
5. Готовность к школе/ Под ред. И. В. Дубровиной. – М., 1995.
6. Коломинский Я. М., Панько Е. А. Учителю о психологии детей 
шестилетнего возраста. – М., 1988.
7. Кравцова Е. Е. Психологические проблемы готовности детей к 
обучению в школе. – М., 1991.
8. Максименко С. Д. Изучение учителем психологического разви-
тия шестилетних учащихся. – Киев, 1984.
9. Нижегородцева Н. В., Шадриков В. Д. Психолого-педагогическая 
готовность ребенка  к  школе. – М., 2002.
10. Подготовка детей к школе в семье / Под ред. Т. А. Марковой, Ф. 
А. Сохина. – М., 1976.
11. Психолого-педагогический словарь/ Под ред. П. И. Пидкасистого. 
– М., 1999.

187
10-ТАРАУ
ДАМЫТУШЫ ОРТА ЖӘНЕ ОНЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 
МЕКЕМЕДЕ ЖОБАЛАУ
Жоспар
10.1 «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы» ұғымдарының 
мазмұны.
10.2  Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс-
әрекетінде ортаның маңызы.
10.3 Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы ортаның 
негізгі сипаттары.
10.4 Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала үшін 
оны құру принциптері.
10.5 Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы ортаны құрудың зама-
науи тұжырымдамалары. 
10.6 Шетелдерде мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды да-
мыту ортасын  жобалау.
10.1 «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы» 
ұғымдарының мазмұны
Заманауи  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мектеп-
ке  дейінгі  мекемеде  мектепке  дейінгі  балалық  шақ  түсінігі  адамның 
өмірінің негізін қалаушы және басты кезеңі ретінде байланыстырылады; 
қарым-қатынасты гуманизациялау жүйесі «бала-қоршаған әлем»; білім 
беруді мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық даму жағдайларын 
қамтамасыз етуге бағдарлау, олардың бұл сатыда жеке тәжірибе алуы.
Мектепке  дейін  білім  беруге  әлеуметтік  сұраныс  пен  жүйенің 
бүгінгі  жайының  арасындағы,  мектепке  дейінгі  мекемедегі  қазіргі 
жағдай  мен  ол  жөніндегі  балалардың,  педагогтар  мен  ата-аналардың 
идеалды  түсінігінің  арасындағы  қайшылықтар  мамандарды  балалар-
ды әртүрлі іс-әрекет субъектісі ретінде дамытуға жетектейтін мектеп-
ке дейін білім беруді жүзеге асыру технологияларын іздестіруге себеп 
болды.
Бұл ізденістер контекстіндегі маңызды аспект мектепке дейінгі ме-
кемеде, жанұяда, бүтін социумда баланы дамыту ортасын оңтайландыру 
проблемасын  шешу  болып  табылады.  Баланы  дамытуға  әжептәуір 

188
деңгейде  тұқым  уалаушылық,  орта,  тәрбие  және  басқа  да  факторлар 
әсер етеді. Дегенмен бала өмірінің алғашқы күнінен бастап қоршаған 
ортасы  ынталандырады,  тежейді  немесе  физикалық,  психикалық, 
әлеуметтік, тұлғалық дамуы бейжай дәрежеде болады.
Психологтардың (Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьев, 
С. Л. Рубинштейн және т.б.) деректерінше, орта адам дамуының күшті 
факторы болып табылады, адамды қоршаған кеңістік, индивидтің да-
муы мен ісінің  тікелей белсенділік аймағы деп қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық  сөздік  ортаға  мынадай  анықтама 
береді:  «Орта  –  адамды  қоршап  тұрған  және  онымен  организм  мен 
тұлға  ретінде  өзара  ықпалдастықта  болатын  жағдайлардың  жиы-
ны». Орта ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қоршаған орта – адам-
ды қоршап тұрған ортаның түрі, ол физикалық және әлеуметтік болып 
бөлінеді. Ішкі орта организмнің күйімен анықталады және организмнің, 
жеке тұлғаның түрлі жүйелерінің өзара тәуелділігінде көрінеді. П. И. 
Пидкасистый,  тұлғаның  ортамен  өзара  әрекетінде  оның  өзгерістері 
ортаның өзгерістеріне тәуелді екендігін, тәрбие процесінде ескеруді та-
лап ететіндей қайшылықтар туғызатынын атап көрсеткен.
Дамытушы орта дегеніміз не? Осы ұғымның мазмұнын ашайық.
В. А. Петровскийдің анықтамасы бойынша дамытушы орта – ар-
найы ұйымдастырылған баланың өздігінен білім алуына және дамуына 
жағымды әсер етуге қабілетті баланы қоршаған кеңістік. 
М.  Н.  Полякова  дамытушы  орта  –  табиғи,  өте  жайлы,  ыңғайлы, 
тиімді  ұйымдастырылған,  әртүрлі  сенсорлық  қоздырғыш  және  ойын 
материалдарымен толтырылған жағдай деп көрсетеді.
«Дамытушы  заттық  орта,  -  деп  көрсетеді  С.  Л.  Новоселова,  - 
бұл    баланың  рухани  және  физикалық  бейнесінің  даму  мазмұнын 
функционалды  модельдейтін  іс-әрекетінің  материалдық  объектілер 
жүйесі. Байытылған орта баланың түрлі іс-әрекетін қамтамасыз етудің 
әлеуметтік және табиғи құралдарының бірлігін көздейді». Бұл ортаның 
негізгі  элементтеріне  С.  Л.  Новоселова  архитектуралық-ландшафтық 
және  табиғи-экологиялық  объектілерді;  көркемдік  студияларды, 
ойын, спорттық алаңдарды және олардың жабдықтарын; ірі габаритті, 
баланың бойына сай конструкторларды; ойыншықтардың тақырыптық 
жиынтықтарын, құралдарды; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалдық 
және ақпараттық құралдарын жатқызды.
Р. Б. Стеркина баланы дамыту ортасын  материалдық-техникалық, 
санитарлық-гигиеналық,  эстетикалық,  эргономикалық  (эргономи-
ка  –  адам  іс-әрекетін  затта  жобалауды  қамтамасыз  ететін  және  және 

189
оның  функционалдық  қасиеттері  туралы  ғылым)  кешені  ретінде 
қарастырады;    эргономиканың  деректерінің  негізінде  мектепке  дейін 
білім беру мекемесінде балалар мен үлкендердің өмірін ұйымдастыруды 
қамтамасыз  ететін  психологиялық-педагогикалық  жағдайларды 
дизайнерлік жобалау жүзеге асырылады. Айтылған жағдайлар адамның 
өмірлік  сұранысын  қанағаттандыруға,  оның  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етуге, өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Одан басқа олар 
рухани және әлеуметтік сұраныстарына – танымдық, эстетикалық, жал-
пы мәдениеттік, басқа адамдармен қарым-қатынастағы сұраныстарына 
бағдарланған.
В.  А.  Ясвин,  баланың  оқуы  мен  дамуына  ортаның  әсерін  тал-
дай  келе,  «білім  беру  ортасы»  ұғымына  осы  біз  айтқан  пікірге  ұқсас 
түсінікке келеді. Ол: «Білім беру ортасы – бұл тұлғаның берілген үлгі 
бойынша қалыптасуына әсер мен жағдайлар, сол сияқты оның дамуы 
үшін әлеуметтік және кеңістіктік заттық ортада болатын мүмкіндіктер 
жүйесі»  деп  жазды.  Бұл  анықтама  «дамытушы  орта»  ұғымымен 
мөлшерлес келеді. Бірақ тұлғаның   әлеуметтік берілген  «үлгі бойын-
ша»  даму  мағынасы  көбінесе  бұл  ортаға  енген  субъектінің  өзіндік 
даму  мағынасының  айырмашылықтарын  жояды.  Дамытушы  ортаның 
мағынасы оның баланың іс-әрекетін ынталандыруда, белсенділендіруде 
тұлғаға  заттардың,  ойыншықтардың,  жағдайдың  және  т.б.  қосалқы 
әсерінде. Бұл ортаның мақсаты (динамикалық, белсенді, тәрбиелеуші, 
үйретуші)  –  баланы  өзіне  тән  іс-әрекетінің  субъектісі  ретінде  дамы-
ту, айналасындағы адамдармен және  айналаны танып білу үшін өзін 
қоршап тұрған заттар әлемімен өзара ықпалдастық субъектісі ретінде 
дамыту.  Ол  әсердің  тура,  «көзге  ұрып  тұрған»  пайдасын  бермейді, 
жағдай  жасау  арқылы түрлі  іс-әрекетті  жеделдендіреді.  Бұл  мектепке 
дейінгі  баланың  физикалық,  психикалық  және  тұлғалық  дамуы  үшін 
басты  шарт  болып  табылады.  П.  Ф.  Лесгафтың  зерттеулері  ортаның 
баланың  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  генетикалық  көрсеткіштерін 
реттейтін іргелі жүйелі фактор ретінде жүретіндігін көрсетті.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді белсенділендіру білім 
беру мекемелері мен жанұяда дамытушы орта құрудың теориясы мен 
практикасы саласында 20 ғасырдың 60-шы жылдарымен байланысты. 
Әрине, неғұрлым ертерек кезеңде оқытуды, тәрбиелеуді және дамыту-
ды оңтайландыру жағдайларын негіздейтіндей мектепке дейінгі педа-
гогикада  зерттеулер  болған  жоқ  деу  қате  болар  еді  (К.  Д.  Ушинский, 
Е. И. Тихеева, Е. И. Флерина, Е. В. Водовозова, Н. К. Крупская, А. В. 
Запорожец, А. П. Усова).

190
«Заттық-дамытушы  орта»  термині  педагогтардың  сөздігінде  20 
ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды, бірақ зерттеу проблемала-
ры аясында одан әлдеқайда ертеректеу жүргізіле бастады.  1960 жылы 
мектепке  дейін  тәрбие  беру  ҒЗИ-ты  ашылды,    1968  жылы  осында 
дидактикалық  құралдар,  ерте  жастағы  балаларға  (С.  Л.  Новоселова)  
және  мектепке  дейінгі  балаларға  (Н.  Н.  Поддьяков)  арналған 
ойыншықтар жүйесі жасалады.  Мектеп жасына дейінгі балалар үшін 
ойыншықтарды,  мебельдерді  жобалау  жұмысы  1970  жылдарда  мек-
тепке  дейінгі  тәрбие  ҒЗИ-ты  мен  БОҒЗИ-мен,  МВХПУ-дың  мебель 
кафедрасымен  және  т.б.  бірігіп  жалғастырылды.  Дамытушы  ортаның 
көрнекті  компоненттерімен  қатар  оны  отбасы  мен  мектепке  дейінгі 
мекемелерде  қалыптастырудың  жаңа  принциптері  жасалды  (Н.  Н. 
Поддьяков, Л. А. Парамонова, С. Л. Новоселова, Н. Т. Гринявичене, Е. 
В. Зворыгина). 1980-ші жылдардың екінші жартысында «Компьютерлік 
ойын кешенінің» тұжырымдамасы мен жүйесі құрылды. Мектепке дейін 
білім  беру  практикасына  енген  жаңа  ақпараттық  технологиялар  бұл 
жастағы балалардың мүмкіндіктері мен сұраныстарын зерттеуге назар 
аударуды,  дамытушы  жүйе  ретінде  заттық  орта  құрудың  нұсқаларын 
іздестіру қажеттілігіне алып келді.
Еуропалық Батыста, Т. В. Фуряеваның деректері бойынша, заттық-
дамытушы  орта  құрудың  жаңа  нұсқаларын  іздестіру  20  ғасырдың 
70-80  жылдарына  келеді.  Бірінші  іздестіру  моделі  профессорлар  Х. 
Эрлер және  Л. Эрлердің инициативасымен құрылған «Иесвекан» экс-
перименталды балабақшасы болды. Ол кәсіптік білім алатын студент-
тер  үшін  педагогикалық  шеберхана  ретінде  құрылды.  Осы  мекемеде 
жасалған топтарды құру және балалар үшін басқа да орындарды жасау 
жөніндегі  көптеген  жаңалықтар  Германияның  және  басқа  да  Европа 
елдерінің балабақшаларының практикасында қолданыс тапты. 1980-ші 
жылдардың ортасында ғалымдар, профессорлар В. Мальке, Н. Шварте 
балабақшасын  барынша  кеңінен  жабдықтау  тұжырымдамасын  жаса-
ды.  Бүгінде  дамытушы  ортаны  жобалағанда  батыс  мамандары  мына-
дай идеядан бастау алады: балабақша – балалардың өмірлік кеңістігі, 
онда аз топтарда ойын үшін жағдай жасауды, күн тәртібінде қозғалыс 
белсенділігін арттыруды, белсенді жағымды-эмоционалдық көңіл-күй 
жасауды қамтамасыз ету қажет.
Мектепке дейін білім берудегі заманауи жағдаяттар мамандардың  
мектепке дейінгі жаста баланы дамыту ортасын құрудың маңыздылығын 
жеткілікті түрде түсінуімен сипатталады, оны ұйымдастырудың түрлі 
тәсілдері мен принциптері анықталған (О. Артамонова, С. Л. Новоселова, 

191
В.  А.  Петровский,  Н.  Н.  Поддьяков,  М.  Н.  Полякова  және  т.б.).  20 
ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында дамытушы заттық ортаның 
тұжырымдамасы жасалды, ол оны жасаудың маңыздылығын және мек-
тепке  дейінгі  балалық  шақтың  әртүрлі  жас  кезеңдері  үшін  жобалау 
мүмкіндіктерін негіздеді. Бұл бағыттағы ғылыми ұсыныстар мектепке 
дейінгі білім беру мекемелері, жанұя және тұлғаны әлеуметтендірудің 
басқа  да  институттары  жағдайында  бұл  проблеманың  практикалық 
шешу жолдарын іздестіруді өзекті мәселе етіп қойды.
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамытуда  заттық  ортаның 
маңыздылығын көрсетейік, сол сияқты әртүрлі авторлардың анықтаған 
қажетті сипаттамалары мен принциптеріне тоқталайық.
10.2 Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс-
әрекетінде ортаның маңызы
Педагогика  мен  психологияда  дамытушы  ортаның  әсеріндегі 
адам  танымдық  және  тұлғалық  дамудың  жоғары  деңгейін  меңгереді 
деген  сөзсіз  қағида  бар.  Толыққанды  үйлесімді  даму  үшін  балалар 
үлкендердің назарының, мейірімді және мазмұнды қарым-қатынастың 
қажеттілігіне  мұқтаж  болып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  баланың 
алған  тәжірибесін  бекітуді  қамтамасыз  ететіндей  заттық  ортаны  да 
қажет етеді. Әрбір іс-әрекет қандай да бір сұранысты қанағаттандыруға 
қызмет етеді (өмірлік, танымдық, қоғамдық). Бұл үшін балаға қызықты 
мақсаты бар объектілер керек (бас қатыру ойындары, кедергілер жолағы, 
компьютерлік  дидактикалық  бағдарлама  және  т.с.с.).  «Дамытушы 
орталардың  басты  белгісі  оның  проблемалылығы  болып  табылады», 
-  деп  көрсетеді  С.  Л.  Новоселова.  Бала  орта  объектілерімен  жұмыс 
істейді, бірқатар практикалық міндеттерді қояды және шешеді. Жақсы 
дамытушы  ортада  бірден  табылмайтын  ақпараттар  толық  болмайды, 
баладан ізденісті, шығармашылық белсенділікті талап етеді. Даму орта-
сы жүйелі болуы керек, яғни балалардың жасына, іс-әрекет мазмұнына, 
тәрбиелеу  және  оқыту  мақсаттарына,  жобалық  мәдениеттің  негізгі 
принциптеріне сай болуы керек.
Арнайы  ұйымдастырылған  орта  іс-әрекетке  белсенділік  әсерін 
көрсетуге, өздігінен оқуға ықпал етуге, түрлі іс-әрекет субъектісі ретінде 
баланың қалыптасуын жетілдіруге, аяғынан тұруды қамтамасыз етуге, 
өз  іс-қимылын  еркін  таңдай  және  бағыттай  білуге  қабілетті.  Мұндай 
орта өз әлеуетін көрсетіп бағалай білуге мүмкіндік береді, мақсаттылық 
пен  бағыттылықты,  жинақылықты,  өз  ісі  мен  әрекетінің  нәтижелері 

192
үшін жауапкершілікті қалыптастырады, шығармашылық қабілетті аша-
ды, дамудың қазіргі сәтіндегі мүдделер мен сұраныстарға қарай әрекет 
етуге  мүмкіндік  туғызады.  Түрлі  іс-әрекеттерге  қатыстыру,  түрлі  ма-
териалдармен  таныстыру,  өз  инициативасымен  бос  кезінде,    педагог 
шектемеген  уақыт  көптеген  тәртіптік  проблемаларды  шешеді,  жанұя 
мен  балаға  мектепке  дейінгі  мекемеде  уақытының  мазмұнды  өтуіне 
кепілдік береді.
Сонымен, орта тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, сол сияқты 
оған  тән  іс-әрекет  түрлерінің  қозғаушы  күші  рөлін  атқарады.  Ол 
қабілеттің, мектеп жасына дейінгі баланың субъективтік қасиеттерінің 
жан-жақты  қалыптасуына  ықпал  етеді,  оның  даралығын  көрсетеді, 
белсенділік түрлерін жеделдетеді, топта жағдайлы психологиялық аху-
ал  туғызады.  Дамудың  лайықты  ортасының  болуы  мектепке  дейінгі 
білім берудің тұлғалық-бағдарлық моделінің қажетті шарты болып та-
былады.
10.3 Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы 
ортаның негізгі сипаттары
Заманауи мектепке дейін білім беру мекемесі, егер олар бұл саты-
да  мамандардың  жұмысын  реттейтін  негізгі  нормативтік  құжаттарға 
қайшы келмесе, білім беру бағдарламаларын таңдауда, балаларды да-
мыту  жағдайын  жасағуда  ерікті.  Сонымен  бірге  балалардың  сапалы 
білімге құқығын қамтамасыз ету үшін дамытушы ортаның негізгі сипат-
тарын анықтау қажет, олар мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық 
ұжымының  жеке  даралығына  және  оны  «идеалды»  мектепке  дейінгі 
мекеме деген түсінікке қарамастан қарастырылуы керек.
М.  Н.  Полякова  «Балалық  шақ»  бағдарламасын  жасаушылар 
тұрғысынан мынадай сипаттарды бөліп көрсетеді.
Жағдайдың жайлылығы мен қауіпсіздігі.
Қамтамасыз ету жолдары: үй жағдайының тиімділігі; балалардың 
белсенділігі аумақтарының арасындағы шекараны  болдырмау (ойын, 
оқу,  театралдық);  кеңістікті  балалардың  өзінің  өзгерту  мүмкіндігі; 
баланың іс-әрекет үшін орын таңдау мүмкіндігі; орынды түрлі жарықпен 
безендіру; жайлы орналасу үшін кілем жапқыштардың болуы және ды-
бысты сіңіру; балалардың басқа бөлмелерде өздігінен жұмыс жасауы 
үшін орын дайындау (ұйықтайтын бөлмеде, қабылдау бөлмесінде, сту-
дияларда, кітапханада).

193
Сенсорлық әсерлердің байлығын қамтамасыз ету.
Қамтамасыз  ету  жолдары:  түстің,  түрдің,  шамасының, 
материалының көптүрлілігін бейнелейтін заттарды іріктеу. Бұл контек-
сте тұрмыстық заттар, табиғи заттар, жай материал, ойын үшін табиғи 
заттар, костюмдер, түрлі бағыттағы конструкторлар болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік даралық іс-әрекетін 
қамтамасыз ету.
Қамтамасыз  ету  жолдары:  кеңістікті  баланың  ортаға  кіруіне 
мүмкіндік  беретін  арнайы  іріктелген  материалмен  толтыру,  әртүрлі 
әрекетті,    материалдарды  таңдау,  қызықты  объектінің  айналасы-
на  басқа  балалармен  және  педагогпен  бірігу.  Мұның  нәтижесі  іспен 
шұғылданғандық,  берілгендік,  ұйымдасқандық,  шығармашылдық  ат-
мосферасын туғызу.
Зерттеу, үйрету мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Қамтамасыз ету жолдары: заттармен эксперимент жасау үшін, өз 
бетімен  және  педагогтың  жетекшілігімен  тәжірибе  қою  үшін  жағдай 
жасау,  осылар  арқылы  әртүрлі  жағдайда  заттардың  қасиеттерін,  са-
пасын, ерекшеліктерін танып білу; орта объектілерінің ішіндегі және 
инициативаны  дамытушы  проблемалық  элементтердің  болуы,  таным 
процестері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі.
Топтағы  барлық  балалардың  таным  іс-әрекетіне  қатысу 
мүмкіндіктері.
Қамтамасыз  ету  жолдары:  толық  және  балалардың  жас 
ерекшеліктеріне,  білім  беру  процесінің  мақсаттары  мен  міндеттеріне 
және  басқа  да  факторларға  қарай  өзгертіліп  отыратын  жеткілікті 
мөлшерде түрлі заттық материалдардың, белсенділік зонасының болуы 
(ойын, қозғалғыш, танымдық, көркемдік, еңбек).
Топта дамыту ортасын жасағанда педагог мыналарды орындауы тиіс:

нақты 
түсінген 
тұжырымдамалық 
психологиялық-
педагогикалық  идеяларға  сүйену,  дамытушы  орта  компоненттерін 
қалыптастырудың заманауи тұжырымдамаларын білу;

мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
әдістемесін меңгеру;

мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі қолданыстағы  дамыту орта-
сына, оның негізгі мақсаттарына, мазмұнына, жетекші түрлеріне және 
оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістеріне  сәйкес  белгілі  бір  талаптар  қоятын 
білім беру бағдарламасын ескеру;

балалардың  жас  және  жеке  ерекшеліктері  мүмкіндіктеріне, 
бейіміне, даму деңгейіне қарай бағдарлау;
13–7463

194

өздерінің қабілеттерін, бейімін, мүддесін пайдалану;

топ  ортасын  жобалағанда  және  құрғанда  балалар  мен  ата-
аналардың мүмкіндіктерін және талап-тілектерін қарастыру.
Ортаның  ұсынылған  сипаттарының  болуы  оны  жобалағанда  
педагогтың  еркіндігі  мен  шығармашылдығын  шектемейді,  мектепке 
дейінгі  мекеме  бейнесін  жасауда  бағдар  болады,  бұл  процесс  негізгі 
тұжырымдамалық позицияларды анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет