Корпоративтік журналы Қазкоммерцбанк



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата31.03.2017
өлшемі3,63 Mb.
#10924
  1   2   3

Қыркүйек

2016


КЛИЕНТТЕР 

ҮШІН ҮЗДІК 

КОРПОРАТИВТІК

ЖУРНАЛ 2016

КАЗКОММЕРЦ

 NEWS


№ 6 (151) 

Корпоративтік журналы

ҚАЗКОММЕРЦБАНК 

ЭКСПО-2017 ресми 

серіктес банкі

• БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ •



Журнал 2003 жылдан бері айсайын шығарылады

Таралымы 30 000 дана

Жеке меншік иесі және баспагер: «Айелет» ЖШС

Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде тіркелген

2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 4587-Г куәлігі

Алғаш тіркеуге алынған нөмері мен күні:

2003 жылғы 12 маусымдағы № 3971-Г нөмiрі

Қазақ тілді басылымның редакторы Меруерт Бердыбаева

Редакцияның мекенжайы: Алматы қ.,

Әл-Фараби даңғылы, 34, 5 қабат

«КазкоммерцNews»

Корпоративтiк журналы



Тел: +7 (727) 2585 465; e-mail: press@kkb.kz

Арт-директоры: Давид Джубаев [www.nebolondona.org]

Беттелуі және дизайн — Иваненко ЖК

Басып шығарған баспахана: «Print House Gerona» ЖШС-гі,

Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30А/3, 124 кеңсесі, тел. 250–47–40

Материалдардан дәйексөздер алынған кезде 

«КазкоммерцNews» корпоративтік журналынан алынды деген 

сілтеменiң көрсетілуі міндетті

Жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты

МАЗМҰНЫ

Кұрметпен,

Меруерт Бердыбаева

ЖАҢАЛЫҚТАР



04

 «Х» күні жақындап келеді

КОРПОРАТИВТІК ЖАҢАЛЫҚТАР

06

 Казком жобаларды қаржыландырып қана қоймай,  

      сонымен бірге бизнесті жетілдіруде 

      көмек көрсетуге дайын



07

 Амансың ба, Астана!

ТОП-МЕНЕДЖЕРМЕН СҰХБАТ

08 

Дәурен Сартаев: «Біздің мақсатымыз — 

      жүйелі іс-қимыл арқылы өсу»

БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕР



10

 Мұнайлы өлкенің тәтті күлшесі

АЛАЯҚТЫҚ

12 

Картаңызға сақ болыңыз, ұры-қары аямайды!

ЖАҢАРТПАЛАР

16

 Өз ақшамызды мобильді басқаруға машықтанамыз

ӨНІМДЕР

19

 Homebank.kz арқылы депозитті қалай 

      ашуға болады?

ҚАРЖЫ САУАТТЫЛЫҒЫ



20

 Берік Айтжанов: «Трендке бола қыруар 

      ақша жұмсағанды түсінбеймін»

      Жанар Дұғалова: Байлығыңнан не пайда, 

      егер басқа адамдарға көмектесе алмасаң?!

ТАБЫС ТАРИХЫ



24

 Booking.com-дағы өзіміздің адам



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН, БАНК КЛИЕНТІ! 

Сіздермен кезекті рет амандықпен жүздесіп, назарыңызға 

қаржы нарығының, Казкомның жаңалықтарымен бөлісіп 

отырғаныма қуаныштымын. 

Қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар көңілге саяды. 

Оның ішіндегі бір жаңалық салымы бар клиенттердің 

көңілінен шығатыны сөзсіз. Өйткені жақын күндері теңгедегі 

салымдарыңызға девальвацияға байланысты өтемақы 

төленетін болады. Ал Казком өз клиенттеріне 1 пайыздық 

(ЖТСМ 1,01% бастап) несие ұсынады. Керемет емес пе, 1 пайыз! 

Апта сайын Қазкоммерцбанкте экспресс-кредитті ашқан 

немесе қаражатын қайта қаржыландырған әр банк клиенті 

аталған мөлшерлемедегі үш кредиттің біріне қол жеткізе 

алады. Асығыңыз саны шектеулі!

Клиентке бағдарланған сервисті және сапалы 

қызметтерді ұсыну, сондай-ақ жаңа шешімдерді енгізу Казком 

басшылығының басым көрсеткіштері болып қала бермек. Банк 

сервисті, ашықтықты көтеруге және клиенттердің пікірлерімен 

ұдайы санасатын жұмысын тұрақты жалғастырады.

Ендеше клиенттің көңілінен шығу мақсатында және 

ыңғайлылықты ұсыну үшін Казком Homebank.kz қаржы 

порталында онлайн арқылы депозитті ашып, толықтыруға, 

жалпы салымдарды басқаруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті 

ұсынады.  

Соңғы уақыттары қаржы қызметтері нарығында алаяқтық 

өршуде, ұрылардың тұзағына түскен клиенттерімізден 

келіп түскен арыздар да жиілеп кетті. Сол себепті біз өз 

тарапымыздан банк карталарына қойылатын торлардың 

түрлеріне тоқталып, қажетті ескертуді айтуды жөн көріп 

отырмыз. Тырнақтап жинаған қаражатыңыз бір мезетте-ақ жоқ 

болып кетуі мүмкін сол үшін өте сақ болғаныңыз абзал!

Асқар шыңдарды

бірге бағындырайық!


4

5

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

«Х» күні


 жақындап келеді

Кредиттер бойынша 

комиссия саны 11-ге дейін 

қысқарды


Төлем және төлем 

жүйесі туралы 

заңға қол қойылды

   Банктердің қоржынында 

«токсинді» несиелер үлесі азаюда

Өз несие тарихыңды төменде біз беріп отырған тәсілдер 

арқылы тексеруге болады:

Қазақстанның Ұлттық банкі банктер мен шағын 

несие ұйымдарының өз клиенттерінен ұстап 

қалатын комиссия санын барынша 11 түрге 

дейін азайтты

Мемлекет басшысы «Төлем және төлем жүйесі 

туралы» заңға қол қойды

2016 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның ірі банктері 

өздерінің активтерін сауықтыруға оралды

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

 

девальвацияға байланысты 



теңгедегі банк салымы бойынша 

БІР ЖЫЛДЫҢ 

ішінде топ-10 банктің 

арасында 2 банк (Казком және 

ForteBank) токсинді несие үлесін 

барынша азайтқанын байқатты. 

Бір жылдың ішінде Казком өзінің 

несиелерінің сапасын токсинді 

14,3%-дық деңгейден 8,6%-ға дейін 

жақсартты. Мұндай деректі ranking.kz. 

келтіріп отыр. 

Соңғы 1,5 жылдың ішінде 

банктік секторда балансты түбегейлі 

тазалау басталғалы Қазақстан 

банктерінің алғашқы ондығы өз 

несие қоржынының сапасын едәуір 

жақсартты. Токсинді несиелер 

деңгейі (төлеу мерзімі 90 күннен асып 

кеткен) топ-10-дықтың жинақ ссуда 

қоржынында 13,6%-дан 8,6%-ға дейін 

төмендеді. 

Қазақстанның банктік секторының 

несие қоржынының сапасына 

негізінен бөлшек сегментіндегі төлеу 

мерзімі кешіктірілген несиелердің 

қысымы әсер етуде. 2015 жылдың 

басынан 2016 жылдың алғашқы жарты 

жылдығында жеке тұлғаларға берілген 

несиелердің ішінде жұмыс істемейтін 

несиелер деңгейі айтарлықтай 

өзгерген жоқ. Атап көрсетер болсақ, 

барлық бөлшек қоржынның 10–11% 

деңгейінде құбылып тұрды. 

Осы жерде банктік кредит 

сапасының жақсаруы корпоративті 

несие нарығындағы мерзімі өтіп 

кеткен несиелер деңгейінің төмендеуі 

есебінен жүзеге асып жатқанын айта 

кету орынды. Қарастырып отырған 

кезең ішінде заңды тұлғаларға 

берілген несие қоржынындағы жұмыс 

істемейтін заемдар белсенді түрде 

төмендеген. Сөйтіп, бірінші жарты 

жылдық соңында көрсеткіш 7%-ды 

құрады.

БҰҒАН ДЕЙІН 



кейбір 

банктер 40-тан астам 

комиссия мен басқа 

да төлемдерді ұстап 

қалатын.

Ұлттық банктің 

таратқан мәліметіне 

қарағанда, барлық 

банктер мен шағын несие 

ұйымдары үшін комиссия және басқа да төлемдер 

тізімін тек санына қарай емес, сонымен бірге атауы 

бойынша және оларды мазмұнына қарай бірдей етіп 

белгілеу мақсатында қолға алынып, бекітіліп отыр.

«Банктер мен шағын несие ұйымдарына арналған 

мұндай бірыңғай талап несиелеу кезінде заем 

алушыдан бекітілген тізімге енген комиссия мен 

төлемдерді ұстап қалуға кепілдік береді», — дейді 

реттеуші орган өкілдері.

БҰЛ ЗАҢНЫҢ

 негізгі мақсаты — 

қаржы қызметін пайдаланатын 

тұтынушы құқығын қорғау. 

Банк клиенттерінің шоттарына 

мемлекеттік құрылымдар ұсынатын 

үшінші тараптың қолжетімділігінің 

шектелуімен олар барынша қорғала 

түседі.

Бұған қоса, банктік шот иесінен 



нотариустың депозитіне аударылатын 

мемлекеттік бюджет және әлеуметтік сақтандыру 

мемлекеттік қорынан, тұрғын үй төлемдерінен, азаматтар 

ақшасынан жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер 

есебінен қарызды өтеп алуға және бұғалық салуға шектеу 

қою қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ, бұл заң жобасы банктердің комиссиясы 

мен пайыздық мөлшерлемесін аударуда ашық саясат 

ұстауды көздейді. Қаржы құрылымдары кез келген 

транзакция жүргізбес бұрын барлық өзгерістер туралы өз 

клиенттеріне хабарлауы тиіс.

Өз несие тарихыңның деректерін 

қалай даулап алуға болады?

 



www.egov.kz 

электронды үкімет порталы арқылы 

   (электронды-цифрлы қолыңыз бар болған жағдайда (ЭЦҚ)

 Бірінші кредиттік бюро порталында (БКБ) 



www.1cb.kz

   (ЭЦҚ болған жағдайда)

 ХҚКО бөлімшелерінде (ҚР бойынша 80 бөлімше);



 БКБ кеңсесінде, мекенжайы: Алматы қаласы,

    Самал-3 ықшам ауданы, 25 үй (жеке басты куәландыратын 

    құжатты көрсеткен жағдайда).

өтемақыны 2016 жылғы 1 қазанда, 1 

қарашада және 1 желотқсанда — үш 

транш арқылы алатын болады, деп 

мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің қаржы 

нарығындағы әдістер департаментінің 

директоры Нұрлан Әбдрахманов.

Аталған өтемақы жинақталған 

қаражаты арнайы шот ашылғаннан 

бір жыл бойы сақталған 

салымшыларға тиесілі.

Өтемақы сомасын есептеу үшін 2015 

жылғы 18 тамызда Астана уақытымен 

ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕ ОТЫРЫП,

 

Ұлттық банк мамандары «қара тізім» 



деген түсініктің жоғын атап өтті. 

Әр банктің сенімсіз қарыз алушы 

туралы қалыптасқан өз түсінігі бар. 

Ол қайдан шыққан? Мұндай мәлімет 

заем алушының несие тарихында 

көрсетілген ақпараттан алынады.

Егер заем алушылар өз несие 

тарихымен келіспесе, онда оны 

«Қазақстан Республикасындағы 

Кредиттік бюролар және кредиттік 

тарихты қалыптастыру туралы» 

заңының 31 бабына сәйкес даулауға 

құқылы.

Бұл үшін бюроға немесе банкке 



төлемдерді уақтылы төлегені туралы 

түбіртектерді дәлел ретінде тіркеп, 

дауласу жөніндегі өтініш бересіз.

Кредиттік бюро немесе банк 

өтініш түскеннен кейін 15 жұмыс 

күні ішінде өтінішті қарауға міндетті. 

Егер тексеріс сіздің дұрыстығыңызға 

көз жеткізсе, онда несие тарихыңыз 

өзгертіледі.

Егер сенімсіз, жауапсыз несие 

алушы ретінде жағымсыз ақпарат 

қалыптасса, онда өзіңіздің «ақ-адал 

атыңызды қайтарып алу үшін» ең 

алдымен мерзімі өтіп кеткен төлемді 

төлеп, бұдан былай кесте бойынша 

төлемді уақытында төлеп тұру 

жеткілікті.

сағат 11–00 жағдай бойынша 

«Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың 

таңертеңгі (негізгі) сессиясында 

қалыптасқан ұлттық валютаның 

(теңгенің) АҚШ долларына орташа 

мөлшерленген биржалық бағамы 

және 2016 жылғы 30 қыркүйекте, 

2016 жылғы 31 қазанда және 2016 

жылғы 30 қарашада қалыптасқан 

ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ 

долларына нарықтық бағамы 

пайдаланылады.

Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР


6

7

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

Қазкоммерцбанк жаңа бизнес-стратегиясы аясында аймақтағы 

белсенділігін арттыруда. Банктің мүддесі — бизнеске қолдау 

көрсету, жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, 

жұртшылыққа қызмет көрсетуде жаңа технологияны дамыту

КАЗКОМ жобаларды қаржыландырып 

қана қоймай, сонымен бірге бизнесті 

жетілдіруде көмек көрсетуге дайын

Амансыз ба, 

Астана! 


К

КАЗКОМНЫҢ 

жаңа 

басқарма төрағасы Марк 



Хольцман бастаған топ-

менеджерлері екі күндік 

сапармен банктің Ақтөбе филиалында 

болып қайтты.

Облыс әкімшілігінде Ақтөбе 

облысының әкімі Бердібек 

Сапарбаев пен Марк Хольцман өзара 

ынтымақтастық жөніндегі екіжақты 

меморандумға қол қойды.

Ақтөбеде банктің топ-

менеджерлері банктің ірі корпоративті 

клиенттерінің бірі — «Ақтөбе хром 

қосындылары зауыты», аймақтағы 

ең ірі мұнай өндіруші компания, 

қытайлық СНПС– Ақтөбемұнайгаз 

басшылықтарымен кездесіп, келіссөз 

жүргізді.

Одан кейін корпоративті 

клиенттермен кездесулер Ақтөбе 

филиалының кеңсесінде жалғасты. 

«Лучшее решение» компаниялар 

тобының Ақтөбе қаласында 

«Дана» атауымен ірі супер және 

гипермаркеттер желісі жұмыс істейді. 

Ал «Актеп» компаниялар тобы 

ет және сүт өнімдерін өндірумен 

айналысады және қазір бұл компания 

аймақтағы заманауи ет комбинатын 

салып жатыр. Кәсіпорынның бұл өнімі 

толықтай экспортқа шығарылмақшы.

—  Бұл аймақтың энергетикалық 

және ресурсты қор саласында 

ерекше маңызға ие екені әмбеге 

аян. Біз етті қайта өңдеуден өткізетін 

ауыл шаруашылығы кешенін салып 

жатқан іскермен кездестік. Бизнестің 

бұл түрін озық деуге әбден болады, 

өнімді Таяу шығысқа экспорттау 

үшін қазір келіссөздер жүргізіліп 

жатыр. Ақтөбе аймағы Қытайға ет 

экспорттауды жоспарлауда. Біз тек 

жобаларды қаржыландырып қана 

қоймай, сонымен бірге бизнесті өсіріп, 

дамытуға көмектесеміз, себебі бұл 

жақта еңбексүйгіш әрі іскер халық өмір 

сүреді, — деді Марк Хольцман.

Бұл күндері қалада банк үшін аса 

маңызды шаралардың бірі — Ақтөбеде 

Казкомның колл-орталығының 

ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл 

банктің клиенттерінен түскен 

қоңырлауларды өңдейтін 

Алматыдан тыс өңірде ашылып 

отырған алғашқы колл-орталығы. 

Қазір мұнда қазақ, орыс және 

ағылшын тілінде кеңес бере 

алатын 10 адам жұмыс істейді. 

Кейбір қызметкерлер түрік және 

қытай тілдерін меңгерген.

Болашақта бұл колл-орталықта 

100-ден аса қызметкер жұмыс істейтін 

болады.


Банк басшысының Ақтөбе 

қаласында тағы бір маңызды ісі бар 

еді — ол медициналық және балаларға 

арналған әлеуметтік орындардың 

жұмысымен танысып қайту.

Нәтижесінде, Ақтөбе 

облыстық ауруханасы «Құс Жолы» 

қайырымдылық қорынан жаңа туылған 

сәбилердің өкпесін жасанды жолмен 

желдетуге арналған жабдықтарға 

қолданылатын қымбат материалдарды 

сыйға алды. Бұл жансақтау 

терапиясында қолданылатын өте 

қымбат материалдар. Хольцман мырза 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек 

Сапарбаевқа жалпы сомасы 1 млн 220 

мың теңге тұратын сертификатты 

тапсырды. Сертификат тыныс алу 

жолында көп рет қолданылатын 

«Babylog-8000+»-тің екі данасын 

сатып алуға арналған.

Тұрмысы төмен отбасылардың 

балаларына арналған екі 

балабақшаға барғанда 

Қазкоммерцбанктің басшысы 

өзінің жеті жасар қызы Аваның 

дизайны бойынша қазақстандық 

бүлдіршіндерге арнайы тігілген, 

ұйықтағанда киетін киім жиынтығын 

барлық бөбектерге тарту етті.

ҚАЗКОММЕРЦБАНКТІҢ 

басқарма төрағасы 

Марк Хольцман банк 

филиалдарына жұмыс 

сапары аясында тамызда екі күндік 

сапармен Астанада болды. Сапар 

барысында үкімет мүшелерімен, 

ұлттық компания басшыларымен, 

шағын және орта бизнес өкілдерімен, 

банк клиенттерімен кездесулер мен 

келіссөздер ұйымдастырылды.

Астана қаласының басшысы, 

бұрынғы ҚР Инвестициялар және 

даму министрі Әсет Исекешев 

астананы дамытуға арналған жақын 

болашақтағы жоспарларымен 

бөлісті. Келер жылы ЭКСПО-2017 

көрмесі өтеді, Казком көрменің 

серіктесі екенін көпшілік жақсы 

біледі. Сондықтан Астана қаласының 

басшысымен кездесу бір жағынан 

алып қарағанда — заңдылық.

Әсет Исекешев қаланың 

инфрақұрылымын дамыту үшін 

заманауи технологияны енгізу аса 

маңызды екенін атап өтті. Бірыңғай 

көлік картасы, ақылы паркинг жүйесі, 

қолма-қолсыз төлем жүйесі — осының 

бәрі заманауи Астана үшін ауадай 

қажет.


Банктің басқарушы 

директоры Нұрлан Жағыпаров 

Қазкоммерцбанктің Алматыда жүзеге 

асырған шешімдерін пайдалануды 

ұсынды.

Ал «Назарбаев университеті» 



басшылығымен арада болған 

кездесуде тараптар байланысты одан 

әрі арнайы студенттік карта шығару 

аясында жетілдіруге келісті. Банк 

төлем карталары, студенттік билет

өткізу қағаздары жиынтық қызмет 

түрлерін бірдей көрсететін шешімді 

ұсынуды жөн санап отыр.

Астанада болған екі күндік жұмыс 

сапарында бірнеше аса маңызды 

кездесулер болып өтті. Соның 

нәтижесінде банк үшін және оның 

клиенттері үшін көптеген маңызды 

шешімдерге қол жеткізілді.

Алдағы уақытта 

Қазкоммерцбанктің басқарма 

төрағасы банк жұмысымен жергілікті 

жерде танысу үшін Казкомның 

филиалдарына жұмыс сапарын 

жалғастырмақшы.



Қ

Банктің атынан басқарма төрағасы 

қайырымдылық көмек ретінде бұл 

балабақшаларға қосымша теледидар, 

балалар ойнайтын төбешік пен құм 

салғыш сыйлады.

«Мен Қазкоммерцбанк пен «Құс 

жолы» қайырымдылық қоры атынан 

осындай әлеуметтік қызметтердің басы-

қасында жүргеніне өте қуаныштымын. 

Үш баланың әкесі ретінде мен кішкентай 

бөбектерге, оның үстіне әлеуметтік 

тұрмысы төмен отбасылардың 

перзенттеріне үлкендер тарапынан 

мейірім мен қамқорлық аса қажет екенін 

түсінемін. Сондықтан банктің ұжымы 

атынан және акционер Кеңес Ракишевтің 

жеке атынан осынау сый-сияпатты жасай 

отырып мен біздің тартуымыз осында 

келетін балалардың өмірін шуақтандыра 

түсетініне сенемдімін», — деп мәлімдеді 

Хольцман мырза.



К

ОР

ПОР

АТИВ

ТІК

 Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР

М.Хольцман, Б.Сапарбаев қол қою сәтінде

М.Хольцман балабақшада

М.Хольцман банк клиенттерімен



8

9

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

  Дәурен Сартаев:

«Біздің мақсатымыз — жүйелі іс-қимыл арқылы өсу»

Кез келген табысты экономиканың негізі — аяғынан мығым тұрған мықты шағын және орта бизнес. Мұны жақсы 

түсінген Казком ШОБ-ты қолдап, дамытуға ниетті. Осыған орай КазкоммерцNews таяуда Казкомның жаңадан сайланған 

басқарушы директоры Дәурен Сартаевпен жолығып, алдағы уақытта банкті және оның клиенттерін қандай өзгерістер 

күтіп тұр, акционерлер мәлімдеген қаржы институтының жаңа стратегиясы қалай жүзеге асады, осы және басқа 

сауалдар төңірегінде әңгімелескен еді. Естеріңізге сала кетейік, Дәурен Сартаев 2016 жылдың маусымынан банктің 

филиалдық желісін және ШОБ-ты дамытуға бағытталған корпоративті несиелеу ісіне жауапты

ТАҒЫЛЫМГЕРДЕН 

БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНА 

ДЕЙІН

Бір қызығы, Дәурен Сартаев 

өз кәсіби мансабын 2003 жылы 

Қазкоммерцбанктің Павлодардағы 

филиалынан қатардағы 

тағылымгерден (стажер) бастаған еді. 

Ал 2009 жылы Алматы филиалының 

ШОБ-ты несиелеу басқармасының 

бастығы ретінде қызметінен 

босайды. Одан кейін Темірбанкте, 

Ксеll-де басшылық қызметте Өскемен, 

Шымкент, Алматы филиалдарын 

басқарады. Сондай-ақ, Ernst 

&Young халықаралық аудиторлық 

компаниясында бизнестің тиімділігін 

арттыру бөлімінде менеджер болып 

қызмет атқарған. Дәурен Сартаевтың 

өмір жолы өнегелі, өйткені ол 

қатардағы маманнан басқарушы 

директорға дейінгі лауазымға 

өзінің ақ-адал еңбегі арқасында қол 

жеткізді.

— Дәурен, 2004 жылы сіз алғашқы 

кезде Қазкоммерцбанктің Павлодар 

филиалында сынақ мерзімін өтеуші 

едіңіз. Арада 12 жыл өткенде 

басқарушы директордың орынтағына 

отырдыңыз. Бұл ұсынысты қалай 

қабылдадыңыз?

— Кез келген мансап ісіндегідей, 

менің жағдайымда да сәттіліктің үлесі 

бар деген ойдамын. Мен өзім осыған 

сенемін.

Нарықта өте білімді кәсіби 

мамандар көп, бірақ ұсыныс маған 

түсті. Бұл мен үшін үлкен ұсыныс 

және зор жауапкершілікті жүктейді. 

Казком — бұл ірі жүйеқұрушы 

институт, сондықтан оның қоғам 

олардың жұмысын қалай жақсарту 

қажет деген тұрғыда қарауға әрі 

өзіме сеніп тапсырылған істе банктің 

қызметін жетілдіруді көздеймін. 

Сондай-ақ, бұл қызметімде өзім де 

жаңашылдықтың не екенін ұғынуға 

мүмкіндік алып отырмын, әрі кәсіби 

деңгейімді одан әрі дамыта түсуге 

деген ыждаһаттылық бар.



БАСЫМЫЗДЫ ТАУҒА ДА, ТАСҚА 

ДА ҰРЫП НАРЫҚТЫҢ ҮЛЕСІН 

САТЫП АЛМАЙМЫЗ

— Сізге қандай міндеттер қойылды?

— Тарихи жағынан алып қарағанда 

корпоративті бизнес Қазкоммерцбанк 

үшін басымды бағыт болды. Мен мұны 

ШОБ-та жұмыс істеп жүрген кезде 

байқадым. Банктің жаңа стратегиясы 

бөлшек бизнес пен ШОБ-ты жетілдіруді 

көздейді. Менің алдыма қойылып 

отырған басты міндет — корпоративті 

бизнестен бастау алған іс-әрекетті, 

озық тәжірибені енді шағын және орта 

бизнеске әкелу.

Ең алдымен біз қызмет көрсетудің 

сапасын арттырып, жаңа сервистерді 

ұсынатын боламыз.

Екіншіден, біздің кеңесшілеріміздің 

бағалауынша ШОБ саласының 

нарықтағы үлесі бойынша Казком 

екінші орын алады, бұған қоса 

ҚКБ — еліміздегі нөмірі бірінші банк. 

Демек, біз стратегиялық жағынан 

басымдылықты ШОБ пен бөлшектік 

бизнеске бағыттап, бар күш-жігерімізді 

жетілдіруге жұмылдырсақ, онда 

біз осы бағыттағы нөмірі бірінші 

банк болуымыз шарт. Осыған 

орай, басымызды тауға да, тасқа 

да соғып, нарықтағы үлесті сатып 

алуға мүдделілік танытпаймыз. Біз 

алдымызға мұндай міндет қойып 

отырған жоқпыз. Осы жерде айта 

кеткім келетіні, біз әрі үлесті де өсіруді, 

әрі кірісті де жоғалтпайтындай дұрыс, 

даңғыл жолды табуды ойластырып 

жатырмыз. Акционерлердің негізгі 

мақсаты — банктің қаржылық 

жағдайын жақсарту.

Біз кейбір аймақтарда нарықтағы 

ШОБ үлесі бойынша көшбасшымыз. 

Ал келесі бір аймақтарда кенже қалған 

тұсымыз бар, соларды жетілдіруге 

тиістіміз. Демек, біз өсім бағасын 

түсінуге міндеттіміз. Қазір осы міндет 

бойынша филиал жетекшілері белсенді 

жұмыс атқаруда.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет