Корпоративтік журналы Қазкоммерцбанк



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата31.03.2017
өлшемі3,63 Mb.
#10924
1   2   3

КОЛЛ-ОРТАЛЫҚТЫҢ НӨМІРІ:  

7111


(МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС ТЕГІН)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА:

CALLCENTER@KKB.KZ

SKYPE (ТЕК ҚОҢЫРАУ ҮШІН, ХАБАРЛАМА 

МӘТІНДЕРІНЕ БАНКТЕ ЖАУАП БЕРІЛМЕЙДІ): 



CARDS_KKB

 (КАРТА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША), 



HOMEBANK_KKB



ONLINEBANK_KKB



   ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР: 

• 

FACEBOOK

 — FACEBOOK.COM/KKB.KZ

   ЖӘНЕ FACEBOOK.COM/HOMEBANK.KZ

• 

TWITTER

 — TWITTER.COM/KAZKOM_BANK

• 

ВКОНТАКТЕ

 — VK.COM/KAZKOM_BANK

• 

YOUTUBE

 — YOUTUBE.COM/USER/KAZKOMTV

ЕШҚАНДАЙ 

жағдайда ешкімге, 

тіпті танысыңызға да 

картаны, PIN-код-ты

оның нөмірін, қызмет 

көрсету мерзімін, 

CVV2/CVC2-код-тарды

 

айтушы, беруші, 

көрсетуші болмаңыз

КАЗКОМНЫҢ

 қауіпсіздік қызметі ұрылардың ақшаны 

интернетте ойын-сауыққа, көңіл көтеруге жұмсағанын 

анықтады. Ал бұл кезде Жазираның ұлы ауыр дерт 

құшағында қиналып жатыр еді…

А

ЛАЯ

ҚТ

ЫҚ

 


16

17

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

Өз ақшамызды мобильді 

басқаруға машықтанамыз

Жеке, өз ақшаңның есебін жүргізуге арналған ТОП-8 тегін қосымшалар — 

тегін бағдарламалардың қайсысын ұялы телефонға көшіруге болады?

ЕҢ ҚАРАПАЙЫМЫ — 

ӘМИЯН

МИНИМАЛИСТІК пішінде жасалған ең қарапайым 

қосымша. Өте ыңғайлы әрі жеңіл қолданасыз. Ақша түсті 

ме — «плюсті» басамыз және қажет соманы жазамыз, 

ақшаны ұстадыңыз ба — «минусты» таңдайсыз. Ортадағы 

сома осы есеп-шот бойынша нәтиже болып есептеледі. 

Мұндай есеп-шотты қалауыңызша жасауға болады. Бұл 

бағдарлама мобильді қосымшаны енді ғана пайдалана 

бастағандарға аса қолайлы.

ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ пароль арқылы қорғалған

+ шығыс пен кірістің есебі жылдам орындалады

+ фотосурет, аудио және мекенжайды (тұрған жеріңді) қосу 

мүмкіндігі бар

+ түрлі категория мен тізімдер

+ көрнекі қорытынды баланс

КЕМШІЛІГІ

- қаржы құралы әр күнге бөлінбеген

-  Толық статистика мен кестелер жоқ

- iOS-қа ғана қолжетімді,

   Android нұсқасы жоқ



БҰЛ ҚОСЫМША төлемдерді жоспарлай 

алады, бюджетті жасайды және қаржылық 

мақсат қоя біледі. Басқаларынан басты 

ерекшелігі банктерден келген sms-ті 

таниды.

ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:



+ банктерден келген sms-хабарламаларды 

таниды, қолмен транзакцияларды енгізуге 

болады

+ Webmoney және «Yandex.Деньги» 



сияқты электронды ақша жүйелерімен 

біріктірілген

+ офлайн жұмыс істей алады, өзгерістерді 

желіге қосылғаннан кейін жүктеуге болады

+ «маған қарыз» және «мен қарызбын» 

деген категориялары бар

КЕМШІЛІГІ:

-  «статистика» деген қосымша бетте 

ағымдағы күнге кеткен жалпы шығынды 

көрсетпейді

ЕҢ ОЗЫҒЫ — 

EASYFINANCE



БҰЛ ҚЫЗМЕТ түрі бірнеше есеп-шот жүргізуге мүмкіндік 

береді, оларды банктік картаға «тіркей» алады. Категориялар 

тізімін және валютаны реттей алады. Қаржылық мақсат қоюға 

мүмкіндік береді («пәтер», «көлік», «демалыс») және олардың 

жүзеге асуын бақылай алады: жоспарланған ірі сатып алуға 

(саудаға) ақшаны анда-санда бір салсаңыз, саған ескертпе 

жібереді.

ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ транзакцияларды СМС арқылы автоматты түрде 

синхрондайды

+ бюджет пен мақсатты қолайлы түрде жоспарлайды

+ оффлайн-режимде операциялар жүргізе аласыз

+ «кредиттер» деген қосымша беті бар

КЕМШІЛІГІ:

- пайдалы қызметтердің көбі ақылы

- көп қолдануға арналған режим жоқ



АНИМАЦИЯЛАНҒАН ең әдемі қосымша, 

пайдаланбас бұрын әмиянның демо-

нұсқасымен танысуға мүмкіндік береді, 

бұл қосымшаны енді ғана пайдаланып 

отырғандарға аса қолайлы. Танымал 

категориялары басым, бірақ өзіңдікін де 

жасауға болады.

ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ есеп-шоттардың шектеусіз саны

+ мәліметтер экранында ағымдағы кезеңге 

жылдам шолу жасайды

+ деректерді ашуға пароль арқылы қорғаныс 

жасайды (touch ID қорғанысы)

КЕМШІЛІГІ:

- категорияларды және категория асты 

жасауды толық бақылауға алады

ЕҢ ТҮЙСІКТІСІ — 

АҚША ҚАЙДА

ЕҢ ҚАМҚОРШЫСЫ — 

ДЗЕН-МАНИ



Ж

АҢАР

ТПА

ЛАР

18

19

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫСЫ — 

BUDGET

БҰЛ ҚОСЫМШАНЫҢ басқалардан ерекшелігі бір айға 

арналған кірісті көрсете алады. Әрі тұрақты және жоспарлы 

төлемдерді есепке алып, қалған соманы көрсетіп береді. Бір 

күнге арналған ақша шығыны көбейіп кетсе, қалған ақшаға 

есеп жүргізіледі. Соған сәйкес бір күнге арналған сома 

азаяды. Өте көрнекі жасалған. Тәуліктік бюджет есебінен 

шығып кетпеуге тәрбиелейді.

ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ артық ештеңе жоқ, қосымшаның ауыртпашылығы жоқ

+ бір күнге қанша қалғаны айқын көрінеді

+ бір айға арналған шығыстың бәрін енгізуге мүмкіндік бар, 

қосымша бәрін автоматты түрде оқиды

+ еске салуды жіберіп тұрады

КЕМШІЛІГІ:

- жалақы түсу датасын орналастыруға мүмкіндік бермейді

ЕҢ КӨРНЕКТІСІ — 

M8 — MY MONEY

БОЛМАЙТЫН нәрсеге күніне жүздеген теңге 

шығындауға әдеттеніп кеткенсіз бе? Осы қосымшаны 

қолдану арқылы, мысалы, шоколадқа ақша 

жұмсамай, одан да өзіңе анағұрлым қажетті бір 

затты сатып алуға дағдыланасың. Көзге көрінбейтін 

шығындардың үлкен сомасы көрсетіледі. Өз 

кірістеріңнің көп бөлігін қайда жұмсайтыныңыз 

дөңгелек диаграмма арқылы көрсетіледі: мәселен, 

көлікке ме, әлде азық-түлікке ме, соны айқын көре 

аласыз.


ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ әрі түсінікті, әрі қарапайым интерфейс

+ шығыстарға арналған көптеген категориялар

КЕМШІЛІКТЕРІ:

- өткен айдың шығынын көрсететін опция жоқ

- кірістерге арналған есеп жүргізілмейді, тек 

шығындарға жүргізіледі

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫСЫ — 

TOSHL

ТЕГТЕР ЖҮЙЕСІ бойынша шығыстарды категориялар 

негізінде қарап отыруға болады. Қосымшада үшкөзді 

жатжұрттық адам бар, ол пайдалы кеңестер беріп тұрады. 

Әсіресе ақшаны көп жұмсап жіберген кезде «Ақша жетпей 

қалуы мүмкін! Есіңді жи!» деген ақыл-кеңес беруге қауқарлы.

ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ белгілі бір уақытқа бюджет жоспарлау туралы еске салады, 

оны өзің орнатып алуға мүмкіндік береді

+ әдемі графика, қызықты кейіпкерлер

+ деректерді экспорттай алады

КЕМШІЛІГІ:

- тіркелу керек, бірақ ол барынша қарапайым әрі жылдам 

жүзеге асады

- тегтер қолмен жүзеге асырылады

- көптеген қосымша қызметтері ақылы

ЕҢ ОЙЫНЫ — 

COINKEEPER

ЖЕКЕ АҚШАҢНЫҢ есебін жүргізуге арналған бұл 

қосымша түрлі бояулармен боялған әдемі, үлкен суреттермен, 

қолайлы статистикалық кестелермен және түсінікті жасалған 

интерфейстермен ерекшеленеді. Шығыстар мынадай 

үлгіде жүргізіледі: экранда тиынды бір алаңнан екінші бір 

алаңға орналастыру қажет. «Автоматты бюджет» қызметі 

бағдарламаға бір айға арналған шығынды есептеуге мұрсат 

береді.


ЖАҚСЫ ЖАҒЫ:

+ қайталанатын шығыстар туралы еске салуды орнатуға 

болады

+ бірнеше қондырғыдан отбасылық қолжетімділік



+ еске салу жөнінде ескертпе жібереді

+ әдемі статистика, ашық түсті және көрнекі диаграммалар

+ армандап жүрген затыңа жинақ жасауға көмектеседі

КЕМШІЛІГІ:

- бір қарағанда, интерфейсі күрделі көрінеді

Ж

АҢАР

ТПА

ЛАР


20

21

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016



СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ 

кино саласы жақсы дамып жатқаны баршаға белгілі, ал төл тіліміздегі дүниелердің саны 

да күн өткен сайын артып келеді. Мұның өзі қуанышты жайт. Айтпақшы, кинолардың көрерменнің көңілінен шығуы басты 

рөлдерді сомдайтын актерлерге де көп байланысты, өнері, шеберлігі, тіпті олардың ел арасында танымалдылығы да қазіргі 

кезде қатты әсер ететіні сөзсіз. Жақында біз басты рөлдерді танымал актер Берік Айтжанов пен әнші Жанар Дұғалова 

сомдайтын кино (әзірге құпия) жайлы естіп, бірден қос өнерпаздан қаражат, қайырымдылық тақырыбында сұхбат алуға 

ұмтылдық. Ендеше қос жұлдыздың «жұлдызды» сәттерінде алған жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз

«Трендке бола қыруар ақша 

   

жұмсағанды түсінбеймін»



керек дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

— Қиналған кезде артық шығынға 

жол бермеу керек деп ойлаймын. 

Осындай дағдарыс уақыттарына алдын 

ала дайын болу керек. Мүмкіндік 

болған кезде, пассивті табыс алып 

келетін нәрселерге ақша салу керек.

—  Қандай жағдайда ақша аямайсыз?

— Ағайын-туыстарымнан, отбасымнан 

ақша аямаймын.

—  Қандай жағдайда, керісінше, 

ақшаны үнемдесіз?

— Сапасы сұраған ақшасына 

тұрмайтын қымбат киім-кешекке 

—  Банкке жиі барып тұрасыз ба?

— Менде де әр адамда іспеттес 

бірнеше карта болған соң, банкке 

қажеттілік туындаған кезде барып 

тұрамын.

—  Банкке барған кезде, бірінші 

кезекте, не нәрсеге көңіл бөлесіз?

— Бірінші кезекте банк 

қызметкерлерінің түр-әлпетіне, 

сондай-ақ, қызмет сапасына көңіл 

бөлемін. Алдыңнан өз жұмысын 

білетін, жарқын адам шықса, өзің де 

қуанып қаласың.

—  Өзіңіз ақшаны көп жұмсайтын 

адамсыз ба әлде, керісінше, әр 

тиынның қайда кеткенін санап 

отыратын адамсыз ба?

— Ақшаны адамдар оны жұмсау үшін 

ойлап тапты. Сондықтан әр тиынымды 

жинаймын деп айта алмаймын. 

Керісінше, көп жұмсаймын.

—  Ақшаны көп жұмсаймын дейсіз, 

ал ақшадан қиналған сәттерде, неге 

кішкене үнемшіл болмадым деп 

өкінген күндеріңіз болды ма?

— Құдайға шүкір, ондай күндерім 

болған жоқ.

—  Ақшаңызды көбейту үшін 

депозиттің көмегіне жүгінесіз бе?

— Жоқ


—  Сіз үшін ақша — бұл…?

— Мен үшін ақша — ол табыс көзі, 

басымның еркіндігі, отбасымның 

қамтамасыз болғаны.

—  Ал өзіңіз ақшаны көп жұмсайтын 

адамсыз ба әлде тырнақтап жинап 

жүресіз бе?

— Әрине, жұмсағанды жақсы көремін.

—  Қазір ақша жинап жүрген, алайда 

әзірге орындалмаған материалдық 

арманыңыз бар ма?

— Бар, бірақ бұл құпия болып қалсын.

—  Депозит ашып көрдіңіз бе?

— Жоқ, өмірімде ашқан емеспін.

—  Дағдарыстың әсерін сезіндіңіз бе?

— Шынымды айтсам, ай сайын 

төленетін қызметтердің ақысын 

төлеу, үйге керек-жарақты алу 

сияқты сұрақтардың барлығымен 

әйелім не болмаса сенімді адамдарым 

айналысады. Сондықтан мен 

дағдарыстың салдарын аса сезінген 

емеспін. Менің міндетім — жұмыс 

істеу, ал материалдық сұрақтардың 

барлығын сенімді адамдарым 

шешеді.


—  Адамдардың басым 

бөлігі дағдарыс кезінде, 

осындай қиындықтар 

туындаған кезде, жаңа 

салаларды меңгеріп, 

білім алуға тырысу 



Қ

АР

ЖЫ

 С

А

УА

ТТЫЛЫҒЫ

—  Дағдарыстың әсері тиді ме?

— Менің өз бизнесім, қомақты 

ақшам болғанда, мүмкін, әсерін 

сезер едім. Алайда ондай ақшам 

болмағандықтан, дағдарыстан 

зардап шектім деп айта алмаймын.

Алайда күнделікті тауарға 

бағалардың өскенін байқадым. 

Айлық табыстары орташа 

адамдардың қиналып жүргенін де 

көріп жүрмін.

—  Дағдарыстан шығудың жолы 

не деп ойлайсыз? Дағдарыс кезінде 

біліп алып, өз біліміңді жетілдіру 

керек деп пікірлер көп айтылып 

жүр…

— Әр жамандықтың бір жақсылығы 



бар. Сондықтан жақсылыққа сену 

керек. Позитивті болу керек. Жақсы 

күндер әлі алда екенінен үміт үзбеу 

керек. Ал білім алуға келетін болсақ, 

менің ойымша, кез келген уақытта 

білім алуға ақша аямаған дұрыс.

—  Әзірге қол жеткізе алмай жүрген 

материалдық арманыңыз бар ма?

— Уақыт машинасын сатып алғым 

келеді (күледі)

—  Қайырымдылық акцияларына 

жиі қатысып тұрасыз ба?

— Әнші, актриса болған соң 

мені акцияларға жиі шақырып 

Байлығыңнан не пайда, 

егер басқа адамдарға 

көмектесе алмасаң?!

«Періште» жобасына қос жұлдыз 

да өз үлесін қосты. Басты мақсаты 

елімізде ана мен бала өлімін азайту болып табылатын жоба түрлі 

медициналық мекемеге 204 млн теңгеге жуық түрлі заманауи 

жабдықтарды сыйлады. Ашылған 15 мың қайырымдылық картаның

8 мың данасы қолданыста

ақша шығарғым келмейді. Қазіргі тілмен 

айтсақ, тренд деп айтады ғой. Сол бір трендке 

бола қыруар ақша жұмсағанды түсінбеймін. 

Әйтеуір, тренд дегенге қызықпаймын. 

Қазақтар «ысырап» деп айтады ғой, сол 

ысырапқа жол бермеу керек деп ойлаймын.

—  Сіз үшін қайырымдылық деген не?

— Қайырымдылық — бұл садақа беру. Өмірде 

қиналып жүрген жандарға көмектесу. Бірақ 

қайырымдылық — ол тек қана ақшалай 

көмек емес. Кейде, мысалы, адамның қиналып 

тұрғанын көрсек, оған ақыл-кеңесімізбен 

демеу боламыз. Жалпы өзіміз көмекке зәру, 

ақшаға мұқтаж адамдарға, отбасыларға қол 

ұшын созып тұрамыз.

—  Қайырымдылық акцияларына қатысып 

тұрасыз ба?

— Өзімді белсенді адам деп айта алмаймын, 

өйткені көп жағдайда уақытым да бола 

бермейді. Сондықтан тікелей жеке адамдар 

мен отбасыларға көмектесеміз.

—  Ал балаларыңызға қаражатты жұмсау, 

ақша табу — еңбек екенін немесе көмекке 

мұқтаж жандарға қол ұшын беру керек екенін 

айтып тұрасыз ба?

— Негізі, мен отбасымда ақша туралы сөз 

қозғамаймын. Қайырымдылық туралы 

да айта берудің қажеті жоқ деп 

ойлаймын. «Балаңды тәрбиелегенше, 

өзіңді тәрбиеле. Бала сенен көргенді 

істейді» деген сөз бар. Сондықтан 

көп сөйлегеннен гөрі, балаға игі 

істеріңді іс жүзінде көрсеткенің 

дұрыс деп ойлаймын.

№6 (151)


тұрады. Қарап тұрсаңыз, расында 

да байлығыңнан не пайда, егер 

мұқтаж адамдарға көмектесе 

алмасаң?! Жалпы, біреуге қолғабыс 

болып, көмекке зәру жандарға 

көмегім тиіп, олардың аз да болса, 

бір мұқтажын орындай алсам — 

бұл мен үшін үлкен бақыт!



22

23

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Booking.com

-дағы өзіміздің адам

Booking.com-да

 жұмыс істейтін алғашқы қазақстандық онда жұмысқа 

қалай орналасқаны жөнінде, өзінің мойнында қандай міндеттемелері 

барын және қай банктің картасы арқылы онлайн-брондауға жеңілдік 

алуға болатыны жөнінде айтып берді

ҚАЗАҚСТАНДА

 

жерлестеріміздің шекара 



асып, шетелге барғанда 

қол жеткізген табыстары 

жөнінде айтып, көпшілікке 

насихаттау үрдісі бұрыннан 

бар. Әсіресе қазақстандық 

бағдарламашылардың табысы 

бәрімізді қуантады. Павлодардың 

тумасы Әлібек Датбаев 

саяхатшыларға өте тиімді ұсыныс 

жасайтын әлемдегі әйгілі, ірі 

Booking.com қонақ үйлерді 

интернет-брондау қызметін 

көрсететін компанияның бас 

кеңсесінде жұмыс істейді. Егер сіз 

брондаудан кейін дәл сол қонақ үйді 

анағұрлым арзан бағаға табатын 

болсаңыз, онда Booking сізге ақша 

айырмасын қайтарып береді.

Компанияның штаб-пәтері 

Амстердамда орналасқан, The 

Priceline Group деп аталатын 

туристік онлайн-сервис қызметін 

көрсететін америкалық провайдерге 

тиесілі.


Қолдағы мәліметтерге қарағанда 

Booking.com-ның бас кеңсесінде 

Әлібек Датбаевқа дейін ешбір 

қазақстандық жұмыс істемепті. «Чех 

филиалында бір қазақстандықтың 

жұмыс істейтінін білемін. Бірақ 



Қ

Альберт АХМЕТОВ



ҚОЛДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРГЕ 

қарағанда

Booking.com-ның бас кеңсесінде Әлібек 

Датбаевқа дейін ешбір қазақстандық 

жұмыс істемепті

ТАБЫС

 Т

АР

ИХЫ

24

25

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

оның міндетіне қонақ үйлермен 

жұмыс істеу қызметі кіреді», — дейді 

Әлібек.


— Бірақ мен онымен сырттай 

ғана таныспын. Жақында мен 

Қазақстаннан бір-екі баланы жұмысқа 

алу жөнінде кепілдеме бердім, олар 

таныстырылудың бар түрінен өтті. 

Тіпті оның біреуі жұмысқа кірісіп те 

кетті, таяу күндері келіп қалатын 

шығар, — дейді біздің кейіпкеріміз.

Әлібек Датбаевтың лауазымы 

Software Developer деп аталады. Ол 

қолдау қызметімен айналысатын 

департамент агенттеріне қолжетімді 

брондау жүйесі басқармасының 

қызметіне жауапты бөлімшеде жұмыс 

істейді. Қазір «техниканың жеткен 

жері» — клиент қолдау қызметіне 

телефон соқса болды жүйе оның 

брондау тарихын түгел шығарып 

береді.

Booking.com-ға жұмысқа орналасу 



үшін біздің қазақстандық жігіт 

белгілі бр іріктеуден өткен. Ол 

Hackerrank алаңында бағдарлау 

бойынша онлайн-жарысқа қатысты. 

Мұнда ІТ-компаниялар өздеріне 

бағалы, қажетті кадрларды іздейтіні 

белгілі. Осындай бір байқаудан кейін 

Әлібекпен рекрутер байланысқа 

шығып, скайп арқылы сұхбаттасады. 

Осыдан кейін Booking.com біздің 

жерлесімізді Амстердамдағы бас 

кеңсеге межелік әңгімелесуге 

шақырады, жолы мен қонақ үй 

құнын өздері төлеп береді. Осыдан 

кейін компания Әлібекке бас кеңседе 

жұмыс істеуге ұсыныс жасайды.

Бұған дейін Әлібек Датбаев 

АҚШ-та, Калифорнияда екі жыл 

стартаптардың бірінде жұмыс 

істейді. Оның келісім-шарты біткен 

соң Әлібек үйіне оралады. Туған 

жеріне келген соң ол еуропалық 

компаниялардың бәріне түйіндемесін 

жібере бастайды. Өткен жылдың 

күзінде ол 120 әңгімелесуден 

өтіпті. Міне, Әлібектің осындай 

«қайтпайтын» қайсар мінезі бар екен.

Шетелге шыққанға дейін Әлібек 

өз елімізде ІТ саласында еңбек етті. 

Біздің кейіпкеріміз алғашқы кәсіби 

тәжірибесін ҚБТУ қабырғасының 

соңғы курсында жүріп-ақ алады. 

Әлібек өзі білім алған оқу орнының 

сайтын жасауға қатысады. Одан 

кейін «Ирбис» қаржы-ақпараттық 

агенттігінде жұмыс істейді. Уақыт 

өте келе Алматыда Yvision.kz (2010) 

блог-тұғырнамасында looloo.kz-

ке мейрамханалар мен тамаққа 

тапсырыс беретін онлайн-брондау 

сервисін жасауға атсалысады. 

Қазақстанда алғашқылардың бірі 

болып Әлібек Датбаев Instagram-ның 

қабілет-қарымын көре білді, ол кезде 

бұл қосымша сәнге енді кіріп келе 

жатыр еді. Шыңғыс Әлекеновпен 

және оның әпкесімен бірге Әлібек 

insta_kz-те аккаунт ашты. Осы жерде 

ұйымдастырылған түрлі байқаулар 

арқылы олар танымал бола бастады. 

Қазақстанның көркем табиғатын 

суретке түсіріп оны қабырғаға іліп, 

пост жазып, үлкен танымалдылыққа 

ие болды. Соның нәтижесінде белгілі 

бір аудитория қалыптасты. Мұнымен 

бірге телефондардың қабын сататын 

BestCases жобасы жұмыс істеді. 

Әлібек пен Шыңғыс гүл жеткізіп 

беретін Cvety.kz (бұрын БукетРоз 

деп аталатын) сервисін жасайды. 

Дәл осы тұсқа келгенде Әлібекке 

АҚШ-тан ұсыныс түседі. «Мен 

жасауға қатысқан ІТ-жобалар маған 

eCommerce және SMM жүйесінде мол 

тәжірибе жинақтауға мүмкіншілік 

берді; мен аз уақыттың ішінде 140 000 

аккаунтты айналдыруды үйрендім. 

Ал Америкада ІТ саласындағы жаңа, 

соңғы жұмыстарға қатысып, басқа 

тәжірибе жинағым келді», — дейді 

Әлібек.

Біздің кейіпкеріміз Әлібек бұрын-



соңды үлкен компанияларда жұмыс 

істеген жоқ еді, сондықтан Booking.

com-ға жұмысқа орналасқаннан 

кейін өзінің қызметіне аздап түзету 

енгізуге тура келді. «Стартапта 

жұмыс істеген кезде алдыңда көп 

жұмыс тұрғанын түсінесің және соны 

істейсің, ал үлкен компанияларда 

мұның бәрі жасалып қойған, 

сондықтан бұл жерде тек идея 

айтып қана қоймай, әлгі жасалған 

дүниені үнемі жетілдіріп, дамытып 

отырасың».

Әлібектің айтуына қарағанда, 

Booking.com-да кез келген 

қызметкердiң өзінің батыл идеясын 

жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

«Бізде ай сайын хакатон 

ұйымдастырылады. Бұл компания 

қызметкерлерінің арасындағы идея 

байқауы. Ең бастысы, сенің ұсынатын 

идеяң өміршең болуы тиіс. Егер 

қызметкер өзінің жобасы компанияға 

пайдалы екеніне басшылықтың 

көзін жеткізсе, онда өз жобасының 

жүзеге асуына қажетті қорды 

ала алады. Жұмысберуші мұндай 

жобаларды қуана қолдайды: егер 

идеяң әрі өміршең, әрі компанияға 

пайдасын тигізер болса, онда жоба 

компанияның даму жоспарына 

енгізіледі», — дейді біздің бүгінгі 

кейіпкеріміз.

Booking.com-да өз адамымыз 

болғаннан кейін біз әрине 

қазақстандықтар бұл сайт арқылы 

қаншалықты брондау жасайды және 

олар қандай банктің карталарын 

қолданады, — деп сұрауға міндетті 

едік. Дегенмен, Әлібек бізге 

инсайдерлік ақпаратты ашып 

айтпады, әйтсе де өзі қандай 

карталар пайдаланатынын айтып 

берді.


— Менде бірнеше банктік 

картам бар. Онлайн-төлем жасауға 

арналған жергілікті голландық 

және америкалық карталарды 

пайдаланамын. Қазақстанда болған 

кезімде мен Қазкоммерцбанктің 

картасын қолданамын. Маған 

түрлі қызмет көрсететін Хоумбанк 

аса ұнайды. Бұған қоса, көптеген 

қазақстандық сайттар e-pay 

жүйесіне енгізілген. Казкомда 

маған тағы бір ұнайтыны, мұнда 

аудармаларды еркін жасай аласың. 

Оның ішінде бір картадан екінші 

бір банктің картасына ақша 

аударғанда ешқандай кедергі жоқ, 

тіпті карталарға ақша аударғанда 

оны PayPal жүйесі арқылы қолма-

қол ақшаға айналдырып алуға 

да мүмкіндік бар. Бұл өте жақсы 

әрі ыңғайлы бөлім. Бұған қоса, 

Казкомның біздің Booking.com 



ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ШАРТЫ БОЙЫНША

 Казкомның картасы 

бар кез келген адам Go! бонустар (1Go! бонус =1 теңге) брондау 

сомасы арқылы брон жасаған кезде 7% көлемдегі ақшасын қайтарып 

ала алады. Мысал үшін айтайық, егер клиент Booking.com арқылы 

қонақ үй брондайтын болып, Казкомның картасы арқылы 150 000 

теңге төлейтін болса, онда банк бонус ретінде оның картасына 10 500 

теңгені қайтарып береді. Одан кейін бұл ақша серіктестер желісінде 

Go! бонустар бағдарламасына қатыса алады. Қазақстан бойынша 600 

сауда-саттық пен қызмет көрсететін кәсіпорын.

сервисінің серіктес-банкі екенін жақсы 

білемін, — дейді Әлібек Датбаев бізбен 

әңгімесінде.

ТАБЫСҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ 

ЖӘНЕ ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ҚАЛАЙ 

ЖЕТІЛДІРУГЕ БОЛАДЫ

Вooking.com-дағы қызметінен басқа 

Әлібек Датбаев үнемі кәсіби және 

жеке жоспарында жаңалыққа құмар 

әрі қандай да бір жетістікке жетіп 

отырады. Біздің кейіпкеріміз жобаны 

жүзеге асыру жауапкершілігін мойнына 

алып отыр. Біз мұны бәрімізге үлгі 

болсын деген ниетпен жазып отырмыз. 

«Өзіңнің қолыңнан шыққан өнімді 

мыңдаған адамдар пайдаланады және 

сен оған интерфейс құрастырасың 

әрі қандай да бір фишка жасайсың. 

Өзімнің жұмысымның осы бір тұсы 

маған ерекше қуат береді. Сен 

адамдардың өмірін жеңілдетуге ықпал 

етіп жатқаныңды сезінгенде кеудіңді 

қуаныш кернейді», — дейді жерлесіміз 

Әлібек Датбаев.

Біздің кейіпкеріміз Әлібек 

Кремний алқабында бағдарламашы 

болып жұмыс істейтін ағасын үлгі 

тұтатынын айтты. «Мектепте оқып 

жүргенде ол информатика пәнінен 

Павлодар облысы бойынша облыстық 

олимпиадаларда жетістікке жетіп 

жүрді. Одан кейін Республикалық 

көлемде ұйымдастырылатын 

байқаулардың жеңімпазы болды. 

Бүкіләлемдік олимпиадада күміс 

жүлде алғаны және бар. Ағамның 

осындай жетістіктері әрине мені де 

ынтықтырды», — дейді ол ағынан 

жарыла.


Біздің кейіпкеріміз өзін ата-

анасының, жарының, бауырларының 

қолдайтынын мақтанышпен жеткізді. 

Ол сондай-ақ, Рио олимпиадасында 

біздің жерлестеріміздің қол жеткізген 

табыстарына өте қуанышты, бұл оның 

ІТ-саласында қандай да бір жетістікке 

жетуіне күш-жігер береді. Болашақта 

өзінің бай тәжірибесінің жемісін көру 

үшін Әлібек өзінің жеке бизнесін 

ашуды көздейді. Біз оның сол биіктен 

көрінуіне тілектестік ниеттеміз. 



ОНЫҢ ІШІНДЕ 

бір картадан екінші бір банктің 

картасына ақша аударғанда ешқандай кедергі 

жоқ, тіпті карталарға ақша аударғанда оны  

PayPal жүйесі арқылы қолма-қол ақшаға 

айналдырып алуға да мүмкіндік бар

ӘЛІБЕК ДАТБАЕВТЫҢ 

лауазымы Software De-

veloper деп аталады. 

Ол қолдау қызметімен 

айналысатын 

департамент 

агенттеріне қолжетімді 

брондау жүйесі 

басқармасының 

қызметіне жауапты 

бөлімшеде жұмыс 

істейді

ТАБЫС

 Т

АР

ИХЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет