Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,18 Mb.
#10930
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

Жанат Асқарқызы Мамитова, 
Құқық қорғау органдары академиясының докторанты, құқық магистрі
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттарды жіктеу туралы
Мамитова Жанат Аскаровна, 
докторант Академии правохранительных органов, магистр права
К вопросу о классификации международных антикоррупционных документов
Mamitova Zhanat Askarovna, 
PhD student of  Academy of law enforcement agencies, master of law
On the classification of international anti-corruption documents
● ● ● ● ●

161
ЗАМАНАУИ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ 
ҚАҒИДАЛАРЫНА САЙ ОТАНДЫҚ ЗАҢНАМАДА 
КІНӘ ҰҒЫМЫН БЕКІТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Уалиева Жанна,
«Неофит-Рильский» Оңтүстік-Батыс университеті 
(Благоевград, Болгария),  Құқық және тарих факультеті
PhD докторанты
Қылмыстылықпен  күрестің  негізгі  бағыты 
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 
жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат 
тұжырымдамасына  сәйкес,  елдегі  заңдылық 
режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын, 
сонымен  қоса  қолданыстағы  Конституция 
шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын 
қамтамасыз  ететін  жүйелі  шараларды  қажет 
етеді.
Қазақстан  Республикасы  егемен  мемлекет 
ретінде 
халықаралық 
құқықтың 
дербес 
субъектісіне  айналғанына  ширек  ғасырдан 
астам  уақыт  ғана  өткен.  Мыңдаған  жылдарға 
созылатын  адамзат  тарихы  үшін  бұл  мерзім 
теңіздегі  тамшыдай  ғана  болсада  біздің  еліміз 
үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер 
мен  қайта  құруларға  толы  жылдар  болғандығы 
белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта 
құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің 
ең  басты  міндеттерінің  бірі  осы  өзгерістердің 
құқықтық  базасын  жасақтау  болып  табылады. 
Осы  бағытта  Қазақстан  Республикасында 
мемлекеттік  маңызы  бар  көптеген  шаралар 
жасақталып  жүзеге  асырылды.  Құқықтану 
тарихының  дәлелдеуі  бойынша  қоғамдық 
құбылыс  ретіндегі  құқықтың  қайнар  көздері 
болып:  өзінің  мақсаттары,  қажеттіліктері  және 
іс-әрекеттерімен  адам  және  тұлғаның  көрініс 
беру  өрісі  ретінде  қоғам  танылады.  Адам 
өмірінің  барлық  үрдісіндегі  құқық  нормалары 
адам,  қоғам  мен  мемлекет  арасындағы  әртүрлі 
қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен 
міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін 
ажыратады. 
Елімізде 
жүзеге 
асырылып 
жатқан 
экономикалық және саяси салалардағы түбегейлі 
өзгерістер  қоғамдағы  дағдарыс  құбылыстарын 
тежейтін,  тиісінше  жағдайға  сәйкес  құқықтық 
инфрақұрылым құруды талап етеді.
Қазақстанның  тәуелсіздігі  жылдары  ішінде 
демократиялық  және  құқықтық  мемлекеттің 
сұранысына  сай  келетін  құқық  қорғау 
жүйесі  қалыптасып,  тиімді  қызмет  саласын 
қалыптастырды. 
Дегенмен, 
мемлекеттің 
құқық  қорғау  қызметі  одан  әрі  дамытуды 
және  жетілдіруді  талап  етеді.  Осыған 
байланысты  бұл  қызметтегі  басты  басымдық 
мыналар  болуға  тиіс:  қылмысқа  қарсы  күрес, 
заңдылықты  және  қоғамдық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету,  азаматтардың  құқықтары 
мен  бостандығын  қорғау,  мемлекеттің  кез 
келген  құқық  бұзушылыққа  жауап  әрекетінің 
бұлтартпаушылығын 
қамтамасыз 
ету, 
қылмыстарды  жылдам  әрі  толық  ашу,  қылмыс 
істеген адамдарды әшкерелеу және қылмыстық 
жауаптылыққа  тарту,  құқық  бұзушылықтардың 
алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен 
бірігіп жүргізу [1].
Қылмыстық  жауаптылықты  бекітетін  заңды 
дәл  әрі  тиісінше  қолдану  –  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты  дұрыс  саралау,  жауапкершілікті 
даралау  және  істеген  қылмыстық  құқық 
бұзушылық үшін әділ жаза тағайындау жолымен 
қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының 
қылмыстық  заңымен  тұлғаны  қылмыстық 
жауапкершілікке  тартудың  негізі  –  қылмыстық 
құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері 
бар  әрекет.  Қылмыстық  құқық  бұзушылық 
құрамы  жөніндегі  ілім  тұлға  әрекетінде  нақты 
қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық құрамы 
бар-жоғын  анықтау  негізі,  яғни  әрекетті  дұрыс 
саралаудың теориялық базасы болып табылады.
Объективтік  айыптауға  жол  берілмейтіндігі 
жөнінде  қылмыстық  заңда  бекітілген  ереже 
істелген  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың 
кінәсінің,  ниеті  мен  мақсатының  мазмұнына 
Трибуна молодого ученого

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
162
толық  әрі  терең  талдау  жасауды  меңзейді.  Бұл 
талаптарға  қарамастан  тергеу  және  әділсот 
органдарының  қызметінде  кінә  белгілерін 
анықтау кезінде жіберетін қателіктер аз емес. 
Қылмыстық  жауаптылыққа  тартуға  негіз 
болатын  категория  –  тұлғаның  субъективтік 
кінәсі  төңірегіндегі  сұрақтарды  қылмыстық 
кодекстің  19  бабы  реттеген.  Заңда  кінәнің 
анықтамасы ұсынылмаған. Отандық қылмыстық 
кодекс  кінәнің  анықтамасын  бекітпегенімен, 
кейбір  елдердің  қылмыстық  заңнамасынан 
кінәнің  анықтамасын  кездестіруге  болады. 
Беларусь Республикасы қылмыстық кодексінің 21 
бабының 1 бөлімінде «кінә - қасақаналық немесе 
абайсыздық  нысанында  өрнектелген,  тұлғаның 
өзі істеген қоғамға қауіпті әрекетіне психикалық 
қатысы» [2] деген анықтама бекітілсе, Украина 
қылмыстық  заңының  23  бабында  «кінә  деп 
қасақаналық  немесе  абайсыздық  нысанында 
болатын,  қылмыстық  заңда  көзделген  әрекет 
немесе  әрекетсіздікке  және  оның  зардаптарына 
психикалық қатысы танылады» делінген [2].
Бұл  елдердің  қылмыстық  заңы  кінәні 
тұлғаның  өз  әрекетіне  психикалық  қатысы  деп 
анықтаса,  қылмыстық  заңнамасында  кінәнің 
анықтамасын бекіткен тағы бір ел Түркменстан 
қылмыстық кодексінің 26 бабының (1) бөлігіне 
сәйкес «кінә - қасақаналық немесе абайсыздық 
нысанында  болатын,  тұлғаның  өзі  істеген 
қылмысына саналы-ерікті психикалық қатысы» 
[2].  Бұл  елдің  заң  шығарушысы  психикалық 
қатысы ұғымының мазмұнын ашатын, «саналы-
ерікті» психикалық қатыс тіркесін негізге алады. 
Түркменстан  саналылық  белгісінің  арқасында 
абайсыздықтың  анықтамасында  тұлғаның  өз 
әрекетінің қоғамға қауіптілік белгісін сезінетінін 
немесе сезінбейтіндігіне тоқталған. 
Кінәнің заңи анықтамасын тұлғаның әрекеті 
мен  зардаптарына  психикалық  қатысы  деп 
бекіткенімен,  Беларусь  Республикасы  мен 
Украина  Түркменстан  заңымен  салыстырғанда, 
абайсыздықтың анықтамасында тұлғаның әрекет 
пен зардапты ұғынуы туралы ештеңе айтпаған. 
Біздің  қылмыстық  заң  кінәнің  нысандары 
қасақаналық  пен  абайсыздықтың  түрлерінің 
белгілерін сипаттаумен ғана шектелген. Кінәнің 
мазмұнын,  мәнін,  нысанын  және  дәрежесін 
ашатын  белгілерді  заң  шығарушы  бекітпей 
тұрып,  оның  нысандарына  түсініктеме  беру 
батыл  қадам.  Өйткені  кінәнің  белгілерін, 
мәнін  ашатын  заңи  қалыптасқан  анықтаманың 
болмауы  қылмыстық  құқық  бұзушылықты 
саралаудың  маңызды  сатысы  қасақаналық 
пен 
абайсыздықтың 
түрлерін 
анықтау 
кезінде  айтарлықтай  қиындықтар  туғызады. 
Демек,  қылмыстық  жауаптылық  институтын 
жетілдірудің  алғашқы  қадамын  кінә  ұғымы, 
оның мағынасы, мәні, нысандары, кінәнің белгісі 
ретінде сана, ерік сұрақтарынан бастау қажет.
ҚР ҚК-нің 19 бабы «кінә» деп аталғанымен, 
оның мазмұны кінәнің анықтамасын ұсынбайды. 
Қылмыстық  кодекстің  19б  1б  «Адам  өзінің 
кiнәсi  анықталған  қоғамға  қауіпті  іс-әрекеттері 
(әрекеттері  немесе  әрекетсіздігі)  және  оның 
қоғамға  қауіпті  зардаптарының  туындауы  үшiн 
ғана қылмыстық жауаптылыққа жатады» - деген 
тұжырымдаманың  бойынан  біз  тек  кінәлілік 
қағидасын  бекіту  жолын  көреміз.  Көптеген 
елдердің:  Ресей  Федерациясы  [2],  Өзбекстан 
Республикасы  [2],  Азербайжан  Республикасы 
[2],  Қырғыз  Республикасы  [2],  Тәжікстан 
Республикасы  [2],  Армения  Республикасы  [2] 
қылмыстық  кодекстері  бұндай  қағиданы  жеке 
қағидалық нормамен бекіткен.
Қылмыстық  кодекстің  19  бабының  2  бөлімі 
кінәсіз  жауаптылыққа  жол  берілмейтінін, 
жауаптылық  субъективтік  кінәлілік  қағидасы 
бойынша  туындайтынын  анықтайды.  Осы 
баптың үшінші бөлімі, кінәнің түрлерін бекітеді, 
кінәның ұғымын бұл ережелерге қарап анықтау 
мүмкін емес деп ойлаймыз. Кінәнің әр түріне тән 
өз қасиеттері және істеген қылмысына деген түрлі 
психикалық  қатыстылығы  болғандықтан  кінә 
нысандарын ғана анықтап кінәнің ұғымын ашуға 
болмайды. Кінәнің анықтамасын қалыптастыру 
қылмыстық  құқық  теориясының  үлесіне 
тигендіктен, біз бүгінгі күнге дейін қылмыстық 
құқық  теориясында  қалыптасқан  кінә  ұғымын 
ашатын 
көзқарастарды 
ыждағаттылықпен 
зерделеу қажет деп шештік.
Қалыптасқан  тәжірибе  бойынша  кінәнің 
қолдау  тапқан  анықтамасы  психологиялық 
теорияға  негізделеді.  Кейбір  зерттеушілер 
кінәні  «тұлғаның  істеген  әрекеті  үшін  кінәсі 
оның  қауіптілігінде,  әрекет  қауіпті  жағдайдың 
өнімі»  деп  түсінетін  қауіпті  жағдай  теориясын 
артық  көрді.  Бұл  теорияның  қасында  кінәнің 
әлеуметтік  мәніне  көңіл  бөлген  авторлардың 
пікірлері елеусіз қалса жөнсіз болар. 
Ғалымдардың арасында кінәнің анықтамасын 
бағалық  концепцияға  орай  түсіндірумен 
әуестенгендер  болды.  Өткен  ғасырдың  орта 
шенінде  кінәнің  «психологиялық»  теориясын 
қолдаушылар  мен  «бағалық»  теориясын 
жақтаушылар  арасындағы  даулар  шиеленісі 
жоғары  нүктесіне  жеткен.  Бағалық  теорияны 
қолдаушы авторлардың бірі «кінә - тұлғаның өз 
іс-әрекеті  (әрекетсіздігі)  жалпыға  бірдей  мінез-

163
құлық ережесін бұзатынын немесе қоршағандарға 
зардап келтіруі мүмкін іс-әрекетті (әрекетсіздік) 
істеу  кезінде  қауіпсіздік  шараларына  салғырт 
қарауын  сезіну  дәрежесіне  және  қылмыстық 
заңмен  қорғалатын  мүдделерге  зардап  келтіру 
мүмкіндігі  барын  болжау  дәрежесіне  соттың 
бағасы» [3, 71] деген пікір білдірген. Автордың 
ойынша  соны  Қазақстанның  тәуелсіз  елдер 
ынтымақтастығы  жүйесіне  интеграциялану 
заманында  тұрақтанған  ұғымдар  қайтадан  ой 
елегінен өткізуді талап етеді. Н.С. Балтыбекова 
нық орныққан кінәнің психологиялық теориясын 
сынай отыра, келесі тұжырымдаманы ұсынады. 
Психологиялық  теория  бойынша  тұлға 
қылмыс  істеу  барысында  реттелген  немесе 
реттелмеген  ережелерді  бұзғанын  сезіну  керек. 
Бірақ  бұндай  субъективтік  процестерді  тікелей 
ешкім  бақылай  алмайды,  мазмұнын  ешқандай 
заңтанушы,  психолог  анықтай  алмайды,  кінәні 
субъективті  құбылыс  ретінде  тек  істелген 
әрекеттің  объективтік  жағдайларын  талдау 
және бағалау жолымен бекітуге болады [3, 69]. 
Сондықтан бұл теорияны қолдаушылар істелген 
қылмыстық  әрекеттің  субъективтік  қасиеттерін 
талдау  бойынша  ақиқатқа  жету  біріншіден, 
жинақталған  әрі  дәлелдеме  түрінде  ресми 
тіркелген  объективтік  фактілерге,  екіншіден, 
құқыққолданушы,  оның  тәжірибесі,  біліктілігі 
және  субъективтік  ерекшеліктеріне  тәуелді  деп 
шешкен. 
Аталған концепцияны қолданушылардың ең-
бектеріне көз сала отыра, кінә бағаланушы   ұғым, 
кінәні  бағалау  әділсотты  жүзеге  асырушының 
және  нақты  қылмыстық  іс  бойынша  жиналған 
дәлелдемелерді  бағалауға  қатысатындардың 
құзыретінде  деген  қорытындығы  келдік.  Біздің 
бағытымыз  кінәні  құқыққолданушылардың 
санасынан  тыс,  объективті  ақиқат  ретінде 
ұсынатын  психологиялық  теория,  өйткені 
кінәнің  психологиялық  концепциясы  оны 
саяси, әлеуметтік және ізгілік тұрғысынан баға 
беруден  арылтады.  Кінәні  сот  тарапынан  баға 
беріп  бекіту  объективті  айыптауға  бет  бұру. 
Психологиялық  концепция  соттан  кінәлілікті 
ішкі нанымы бойынша жазғыру емес, тұлғаның 
істегеніне шынайы психикалық қатысын бекітуді 
талап етеді. 
Осы  пікірді  ұстанатын  авторлардың  бірі 
В.А.  Нерсесянның  анықтамасында  «кінә 
сәйкес  нысандармен  анықталатын,  тұлғаның 
қылмыстық  заңмен  көзделген  қоғамға  қауіпті 
әрекетіне  психикалық  қатысы  деп  танылады 
[4,  59].  Бұл  анықтамалардың  бір  жақтылығы, 
кінәні  тұлғаның  өз  әрекетіне  тек  психикалық 
қатысы  деп  қарау.  Кінәға  мұндай  тар  мағына 
беру,  қылмыстың  анықтамасына  қайшы  келеді. 
Қылмыстың  міндетті  белгісі  ретінде  кінәні 
тек  қылмыскердің  өз  әрекетіне  психикалық 
қатысымен  қиындастыру  мүмкін  емес.  Қоғам 
мен мемлекет тарапынан зиянды мінез-құлықты 
сөгудің  негізі  болатын  қылмыстың  міндетті 
белгілерінің  бірі  ретінде  танылғандықтан, 
кінә  -  әлеуметтік  категория  [5,  27]  деген 
автордың пікірін қолдаймыз. Сондықтан кінәнің 
анықтамасына  негіз  болатын  оның  мазмұны, 
мәні,  нысаны,  дәрежесі  сынды  категорияларды 
ой  елегінен  өткізу  абзал.  Мұндай  зерделеудің 
арқасында, даулы болып отырған кінә жөніндегі 
проблемаға байланысты тартыстар конструктивті 
шешілер еді.
Тұлғаның  өз  әрекеті  мен  одан  туындайтын 
зардабына  психикалық  қатысын  сана  мен 
ерік  өрнектейтіндіктен,  ол  әрекеті  мен  одан 
туындайтын  зардаптың  әлеуметтілік  және 
құқықтық  жақтарын  сезінеді  немесе  сезіну 
мүмкіндігіне  ие  болады.  Істелгеніп  отырған 
әрекетінің  сипатын  сезіну  элементі  тұлғаны 
қылмыстық жауаптылыққа тарту сұрағын шешуде 
маңызды  роль  ойнайды,  өйткені  тұлға  еркінің 
бағытын  анықтауға  дәйек  болады.  Сонымен 
барлық  қылмыстық  құқықбұзушылықтарда 
кінәлі  әрекетінің  және  одан  туындайтын 
зардаптың қоғамға қауіпті мәнін сезінеді немесе 
сезінуі  мүмкін.  Қасақаналық  анықтамасында 
ескерілген  мұндай  ереже  абайсыздықтың 
анықтамасында кенже қалған.
Абайсыздықтың  түсінігінде  тұлғаның  өз 
әрекетіне  психикалық  қатысы  аталмағанымен, 
кінәнің  бұл  түрлерін  анықтау  кезінде  ол 
белгі  есепке  алынбайды  деген  сөз  емес, 
өйткені  кінәлінің  тек  әрекетінен  туындайтын 
зардаптарына  қатысы  бойынша  жауаптылықты 
бекіту 
орынсыздығын 
заң 
шығарушы 
да  мойындайды.  Осыны  ескере  отыра, 
зерттеуіміздің  мақсаты  –  кінә,  қасақаналық 
және  абайсыздық  институтарын  анықтайтын 
нормаларды логикалық бірізділікке келтіру.
Кінәнің  мазмұны  қылмыстық  қолсұғу-
шылықтың  объективтік  белгілеріне  ғана  емес, 
заңдағы  қылмыстық  құқықбұзушылықтың 
құрамының  құрылымына  да  тәуелді.  Заң 
шығарушы  үшін  елеусіз  қалған  қылмыстық 
құқықбұзушылықтың қоғамға қауіптілік сипаты 
мен дәрежесін анықтайтын көптеген жағдайлар, 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  құрамының 
шегінен  тыс  қалғандықтан,  кінә  мазмұнының 
сыртында жатыр. Бірақ, біз әр қолсұғушылықтың 
кінәсі  өзінің  объективтік  белгілері,  кінәні 
Трибуна молодого ученого

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
164
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлардан 
тұратыны  туралы  біліміміз  әр  бір  нақты 
қылмыстық  қолсұғушылық  құрамындағы  кінә 
мазмұны  кінәнің  нысанын,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың  субъективтік  жағын  ашатын 
басқа  белгілерін,  субъектінің  психикалық 
қатыстылығын 
анықтайтын 
объективтік 
белгілерді  көздеу  жолымен  анықталады  деп 
пайымдауға мүмкіндік береді.
Талдауға  жатарлық  пікірлердің  бірі  қылмыс 
істеген тұлға тек әрекеті мен оның зардаптарына 
ғана  белгілі  бір  психикалық  қатыстылық 
танытпайды,  сонымен  қатар,  заңда  бекітілген 
қосымша объективтік белгілерге де қатыстылық 
білдіреді деген ой. В. Ткаченко «кінәні тұлғаның 
істеген  объективтік  белгілеріне  психикалық 
қатысы»  -  деп  анықтаған  [6,  23].  Әйтседе, 
кінәнің психологиялық сипатымен тым әуестену 
қажетсіз  деп  санаймыз.  Біздіңше  автор  дәлдеп 
отырған  объективтік  белгілер,  қылмыстық 
құқықбұзушылық  істеген  тұлғаның  сезінетін 
әрекеттің  қоғамға  қауіптілігі  белгісімен 
қамтылған. Анықтама бірбүйірге ұқсайды. 
Сонымен  кінәні  нысандарға  бөлудің  негізі 
психикалық  мазмұны  оның  мәнін  анықтаудың 
келесі  қадамы.  Кінәнің  мәні  әлеуметтік-саяси 
сипатқа ие болады және оның қоғамдық өмірдегі 
ролімен тығыз байланысты. Оның мәнін ашатын 
сұрақтар бойынша әдебиетте түрлі көзқарастар 
кездеседі.  Әрекеттің  қоғамға  қауіптілігі  мен 
әлеуметтік  қасиеттерін  сезіну  немесе  сезіну 
мүмкіндігі  кінәнің  әлеуметтік-психологиялық 
(материалдық)  мазмұнын  құраса,  субъектінің 
қылмыстық  құқықпен  қорғалатын  социалистік 
қоғам  құндылықтарына  теріс  қатыстылығы 
кінәнің – мәні [7, 3] деген пікір айтылған.
К.А. Бакишевтің ойынша кінәнің әлеуметтік 
мәнін  (біз  тұлғаның  бойында  қоғамға  жат 
көзқарастар,  қағидалар  мен  дағдылар  барын 
түсінетін)  қоғамға  қайшылық  немесе  тұлғаның 
істеген  қылмыстық  әрекеті  мен  оның  зиянды 
зардаптарына  жеткілікті  көңіл  бөлмеуі  немесе 
тиісінше  қарамауы  құрайды.  Кінәні  бұлай 
түсіну бір жағынан тергеу және сот органдарына 
субъектінің ойлау сипаты мен ағымын, осының 
нәтижесінде қабылдаған шешімін, оның санасына 
түрлі жағдайлардың әсер ету күшін ұғыну және 
оларды  сәйкесінше  бағалау  мүмкіндігін  берсе, 
екіншіден, тұлғаның деструктивті мінез құлқына 
мемлекет  атынан  құқыққорғау  органдарының 
негативті  бағасын  білдіреді  [5,  28-29].  Ғалым 
кінәнің  мәнін  тұлғаның  қоғамға  жағымсыз 
қатысы санайтын жоғарыдағы автордың пікірін 
жеткіліксіз деп есептейді. Оның ойынша абайсыз 
қылмыстардың  себебін  тек  тұлғаның  қоғамға 
қайшылық бағдарымен түсіндіру жеткіліксіз.
Әрекеттің  қоғамдық  қауіптілігіне  қатысы 
арқылы  субъектінің  ұстанымын  байқаймыз. 
Қасақана  қылмыс  жасаған  субъекті  тікелей 
өзінің  санасы  мен  еркін  қылмыстық  нәтижеге 
жету  үшін  бағыттай  отыра,  құқыққорғау 
объектілері  мен  қоғам  мүдделеріне  тым 
жағымсыздық  көрсетіп,  өзін  саналы  түрде 
қоғамға  қарсы  қояды.  Сондықтан  оның 
жауаптылығы  абайсыздықпен  салыстырғанда 
аурырақ.  Абайсыздық  нысанында  әрекетін 
жүзеге  асырып  отырған  субъект  оның  мүмкін 
болатын зардаптары туралы ойланбайды немесе 
осы зардаптарға тосқауыл болатын жағдайларды 
теріс  бағалауының  салдарынан  қоғамға 
қауіптілік  сипатын  сезінбейді.  Субъектінің  еркі 
қоғамның  мүдделеріне  тікелей  бағытталмайды, 
бірақ  ол  осы  мүдделерге  қатысты  зейінсіздік, 
алаңғасарлық, ұқыпсыздық танытады. 
Кінәнің  мәнін  терең  пайымдай  отыра,  біз 
заманауи  құқықтық  саясат  талабына  жақын 
анықтаманы К.А. Бакишевтің ойларынан таптық. 
Автор  ҚК  19  бабын  «кінә  тұлғаның  істеген 
әрекетіне  немесе  оның  жеке  тұлға,  қоғам  әрі 
мемлекет үшін зиянды зардаптарына қылмыстық 
заңмен  көзделген  қоғамға  жат  саналы-ерікті 
немесе немесе тиісті емес психикалық қатысы» 
редакциясында  ұсынады  [5,  29].  Мәнін, 
нысандарын,  психикалық  мазмұнын  ашатын 
белгілерді топтастырған кінәнің мұндай түсінігі 
оның  нысандары  бойынша  жауаптылықты 
бекітуге қолайлы.
Халықаралық  қылмыстық  сотының  Рим 
статутының  23бабында  бекітілген  «сотпен 
кінәлі  деп  танылған  тұлға  осы  статуттың 
ережелеріне  сай  жазаланады»  (nulla  poena  sine 
lege)  заңдылық  қағидасы  кінәлі  жауаптылық 
қағидасымен  ұштасып  жатқанын  көре  аламыз. 
Мазмұны бойынша бұл қағиданы толықтыратын 
пастулаттар  осы  ережелердің  30  бабында 
(мental  element)  сана  элементі,  32  бабында 
(мistake of fact or mistake of law) фактідегі қате, 
құқықтағы  қате  бекітілген  [8].  Осы  Жарғының 
30  бабындағы  бекітілген  ережеге  сүйенсек, 
тұлға  соттың  қарастырылуындағы  қылмыстық 
әрекетінің  материалдық  белгілерін  ұғынып, 
оны  саналы  түрде  істегені  әрі  осы  әрекетті 
істеу  пиғылы  болғандығы  үшін  жауаптылыққа 
тартылады  және  жазаланады.  Ереженің 
мағынасы  а)істелген  әрекетке  қатысты  және  b) 
тұлғаның істеген әрекетінен қалыпты жағдайда 
туындайтын  зардаптарына  қатысты  пиғылды 
білдіреді. Айтылып отырған баптың 3 бөліміне 

165
Трибуна молодого ученого
көз  салсақ,  бап  тұлға  әрекетіндегі  саналылық  - 
жағдайдың  ақиқат  екенін  және  осы  жағдайда 
зардап  туындайтынын  сезінуді  анықтау 
мақсатында  қолданылады,  ал  пиғыл  бекер 
емес  деп  түсіндіріледі.  Сонымен  қатар,  Рим 
статутының 32б 1б бойынша қылмысының тиісті 
субъективтік элементтерін фактідегі қате жоққа 
шығарса,  тұлғаны  қылмыстық  жауаптылықтан 
босатуға негіз болды. 
Олай  болса,  фактіден  жаңылысу  барысында 
тұлға  өз  әрекетiнiң  (әрекетсiздiгiнiң)  қоғамға 
қауiптiлiгiн  ұғынбаған  болса  және  iстiң  мән-
жайлары  бойынша  ұғына  алмаған  болса  не 
қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы мүмкiн 
екенiн  алдын  ала  болжап  білмеген  болса  және 
iстiң  мән-жайлары  бойынша  оларды  алдын 
ала  болжап  білуге  тиiс  болмаса  немесе  біле 
алмаған  болса,  қоғамға  қауiптi  зардаптардың 
туындауын алдын ала болжап білген, жеткiлiктi 
негiздерде  оларды  болғызбауға  болады  деп 
есептеген не өзiнiң психикалық-физиологиялық 
қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына 
немесе  жүйке-психикалық  ауыртпалықтарға 
сәйкес  келмеуi  салдарынан  осы  зардаптарды 
болғызбауға шамасы келмеген болса, кінәсіз деп 
танылып, жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
Біз  сөз  қылып  отырған,  халықаралық 
қылмыстық 
соттың 
Рим 
статутының 
«Қылмыстық  құқықтың  жалпы  қағидалары» 
деп  аталатын  3  Бөлімінде  бекітілген  жалпы 
танылған  ережелер  кез  келген  мемлекеттің 
өзі  тарапынан  қоғамдық  құндылықтары  мен 
мүдделерді  қылмыстық  құқықбұзушылықтан 
қорғау,  қылмыстық  жауаптылықтың  негізін 
анықтау,  қылмыстық  қудалау,  қылмыстылықты 
алдын 
алудың 
халықаралық 
құқықтық 
нормаларын  жүзеге  асыру,  мемлекеттің 
келісімдік  міндеттемелерін  орындаудың  кепілі 
болғандықтан,  осы  ережелердің  отандық 
заңнамада танылып, бекітілуі кепілді іс қылудың 
амалы.
Халықаралық жалпы танылған қағидалардың 
меңзеуінше  тұлғаның  істеген  әрекетіне,  одан 
туындаған  зардапқа  деген  пиғылы  мен  ұғынуы 
болғанда  ғана  жауаптылықтың  негізі  бар. 
Біздің  заң  тек  қана  кінә  нысандарын  сипаттау 
бырысында  осы  ережелерді  ұстанады.  Дұрысы 
отандық  қылмыстық  заңда  алдымен  кінәнің 
ұғымына, 
оның 
мазмұнына 
түсініктеме 
берген  болар  еді.  Одан  соң  осы  түсініктеменің 
белгілеріне лайық кінә нысандарының мазмұнын 
берген абзал.
Олай  болса,  жоғарыда  келтілірген  ойлар 
келесі  қорытынды  шығаруға  дәлел  болып 
отыр.  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық 
кодексінің  кінә  деп  аталатын  19  бабында 
заң  шығарушы  кінәнің  түсінігі  емес,  кінәлі 
жауаптылық қағидасының анықтамасын берген. 
Оның  орнына,  Қазақстан  Республикасының 
қылмыстық кодексінің 19б. 1б. – «кінә тұлғаның 
істеген іс-әрекеті мен одан туындаған зардабына 
психикалық қатысы» дей отыра, одан әрі мәтін 
бойынша құрастырылса деген ой білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет