45
инвесторлардың
біздің
мамандар
мен
түрлі
деңгейдегі
басқарушыларымыздан «сапасыз адами капитал» ретінде сырт айналуына
себеп болады.
Осылайша, еңбек өнімділігі
мен еңбекақының өсу қарқыны
экономикалық көрсеткіштің негізгі көзі және мемлекет пен адамдардың әл-
ауқатын көтеруде басты индикатор болып табылады. Бұл өзекті мәселе нақты
әрі ақылға қонымды шешім мен әрекетті талап етеді. Яғни, қолға алынатын
экономикалық шаралар тек дағдарыстың ықпалын бұғаттау немесе азайту
функцияларымен шектелмей, мемлекеттің экономикасын толыққанды
дамытуды қарастыруы тиіс.
Еңбек өнімділігімен байланысты міндеттерді табысты шешу үшін
негізгі үш фактор: еңбек, шикізат және капитал қажет екендігі белгілі. Ал
олардың бірінің тапшылығы өндірісті ақсатады.
Кәсіпорындарды оңтайландыру мен стандарттау және ондағы
еңбеккерлерді жаппай қайта аттестаттау –
еңбек өнімділігін арттыру
бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Сәйкесінше, еңбекақы
деңгейі – жұмыс күшінің бағасын сипаттайды
және жұмыс орындарының
сапа индикаторларының бірі ретінде қарастырылады.
Біздің білетініміздей, 1914 жылы АҚШ-та инженер-механик Генри
Форд капитализм идеяларын іс жүзінде ауқаттылық ретінде жүзеге
асырғандардың бірі болды. Ол сол заман үшін
анағұрлым радикалдық
шешімдерді белгіледі: жұмысшылардың еңбекақысы күніне –110$; оқытуға
кететін шығыстар азайып, еңбек өнімділігі артты; 40 сағаттық жұмыс аптасы
қысқарды. Г.Форд еңбек өнімділігі мен еңбекақының өсім қарқынының ара-
қатынасын сақтай отырып, еңбек өнімділігін ұлғайтуға жағдай жасады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, еңбек
өнімділігін арттырудың бір
шарты еңбекақының жоғарылығы болып табылады. Еңбек өнімділігінің,
еңбекақының төмен деңгейі кез келген экономикалық құрылысты тежейді,
сәйкесінше,
бұл
тетіктердің
себеп-салдарын
жоймай,
мемлекет
экономикасын толыққанды сауықтыру мүмкін болмайды.
(
С. Мұқанов. http://tengemonitor.kazgazeta.kz/news/19320)
Достарыңызбен бөлісу: