Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Айтылым 
 
4-тапсырма. 
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
1) Еңбек өнімділігінің төмендеуі неге әкеледі? 
2) Мемлекет пен адамдардың әл-ауқатын көтерудің басты индикаторы не? 
3) Еңбек өнімділігімен байланысты міндеттерді табысты шешу үшін не 
қажет? 
4) Еңбек өнімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадамдар қандай? 
5) Г.Форд еңбек өнімділігін ұлғайту үшін жұмысшыларға қандай жағдай 
жасады? 


46 
Жазылым 
 
5-тапсырма. 
Ойды толықтырыңыз. 

Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру – нарықта өнім өндірудің негізгі
шешуші факторларының бірі. -------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------ . 
Оқылым. Айтылым 
 
6-тапсырма. 
Мәтінді түсініп оқыңыз. 
 
Еңбек тәртібі – 
қызметкер 
мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек 
қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның 
қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық 
категория. Еңбек тәртібі 
жұмыс беруші мен қызметкерлердің 
ішкі еңбек 
тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі 
өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек тәртібі 
сендіру
және 
мәжбүрлеу 
сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін 
қолдану кызметкерлердің талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек 
тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі 
қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына 
әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны 
көтермелеу 
шаралары
болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті 
нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін 
бұзғаны үшін қолданылатын 
тәртіптік жазалау шаралары 
болып табылады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет